Жоба қазақстан республикасының заңЫ



жүктеу 398,23 Kb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата13.01.2020
өлшемі398,23 Kb.
#26528
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

19 

 

2-тармақта: 



1)  тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 

«1)  профилактика  жүргізу,  өндірістік  жабдықтар  мен  технологиялық 

процестерді  неғұрлым  қауіпсіз  түрлерімен  ауыстыру  арқылы,  ғылыми-

техникалық  ілгерілеуді  есепке  алып,  кәсіби  тәуекелдерді  бағалауды  жүргізіп 

және оларды азайту және алып тастау жөніндегі шараларды қабылдауға;» 

мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын: 

«1-1) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.»; 

«1-2) ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс 

істеуін бақылауды жүзеге асыру.»; 

3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 

«3) жұмыс берушінің актісімен бекітілген тізімге сәйкес, еңбек жөніндегі 

уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге 

асыратын ұйымдарда үш жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен басшылар 

мен  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғауды  қамтамасыз  етуге  жауапты 

адамдарды  еңбек  қауіпсіздігін  және  еңбекті  қорғау  мәселелері  бойынша 

оқытуды және олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға; 

4)  жұмыскерлерге  қажетті  санитариялық-гигиеналық  жағдайлар  жасауға, 

еңбек  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  орган  белгілеген  нормаларға  сәйкес 

жұмыскерлердің  арнайы  киімі  мен  аяқкиімін  беруді  және  жөндеуді,  оларды 

профилактикалық  өңдеу,  жуу 

және  дезинфекциялау  құралдарымен, 

медициналық  қобдишамен,  сүтпен  немесе  бірдей  тамақ  өнімдерімен,  не 

диеталық  (емдік  және  профилактикалық)  тамақтануға  арналған  арнайы 

өнімдермен,  жеке  және  ұжымдық  қорғаныш  құралдарымен  жабдықтауды 

қамтамасыз етуге.»; 

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 

 «13)  өндiрiстiк  объектiлердi  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттау 

нәтижелерiн  еңбек  инспекциясы  жөнiндегi  тиісті  жергілікті  органға  бiр  ай 

мерзiмде әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (ӘЕС БАЖ) 

арқылы ұсынуға.»; 

59) 183-бап мынадай редакцияда жазылсын: 

«183-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау 

1.  Өндірістік  объектілер  еңбек  жағдайлары  бойынша  міндетті  мерзімдік 

аттестатталуға жатады. 

2.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттау  бес 

жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізіледі. 

3.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  мерзімді  міндетті 

аттестаттаудан  өткізу  тәртібін  еңбек  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  орган 

айқындайды. 

4.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттауды 

жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және 

өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттау  жөніндегі 




20 

 

құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау 



комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады. 

5.  Аттестаттау  комиссиясының  құрамына  басшы  не  оның  орынбасары, 

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және келісу бойынша өзге 

де бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ жұмыскерлердің өкілдері кіреді. 

Жұмыскерлер  өкілдерінің  аттестаттау  комиссиясына  қатысудан  бас 

тартуы  өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттауды 

жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды. 

6.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттау 

аяқталғаннан  кейін  өндірістік  объектілерді  аттестаттауды  жүргізу  жөніндегі 

мамандандырылған  ұйым  оның  нәтижелері  туралы  мәліметтерді  еңбек 

жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен күнтізбелік он 

күн ішінде жібереді. 

7.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттау 

нәтижелері оны орындау бойынша жұмыс берушінің актісі шығарылған сәттен 

бастап күшіне енеді.»; 

60) мынадай мазмұндағы 183-1 баппен толықтырылсын: 

«183-1  бап.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша 

аттестаттауды жүргізетін мамандандырылған ұйым 

1.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттауды 

өндірістік  объектілерді  аттестаттауды  жүргізу  жөніндегі  мамандандырылған 

ұйымдар жүргізеді. 

2.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттауды 

жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым мына талаптарға сәйкес келуі тиіс: 

1)  ұйымның  жарғылық  құжаттарында  негізгі  қызмет  түрі  немесе  оның 

қызмет  түрлерінің  бірі  ретінде  ндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары 

бойынша аттестаттауды жүргізуді көрсету;  

2) ұйымда еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін және еңбек қауіпсіздігі 

және  еңбекті  қорғау  бойынша  оқудан  және  білімін  тексеруден  өткені  туралы 

сертификаты  бар  жұмыскерлердің,  оның  ішінде  гигиенист-эпидемиолог 

мамандығы бойынша жоғары білімі бар кемінде бір қызметкердің болуы; 

3)  Қазақстан  Республикасының  сәйкестікті  бағалау  саласындағы 

аккредиттеу  туралы  заңнамасына  сәйкес  аккредиттеу  жөніндегі  органмен 

аккредиттеген  және  аккредиттеу  саласы  өндірістік  ортаның  зиянды  және 

(немесе)  қауіпті  факторларына  зерттеулер  (сынақтар)  мен  өлшемдер  жүргізу 

және  еңбек  процесін  бағалау  болып  табылатын  сынақ  зертханасының 

(орталығының) болуы. 

3.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттау 

нәтижелері  өндірістік  объектіні  аттестаттау  актісі  шығарылған  сәттен  бастап 

күшіне енеді.»; 

61) мынадай мазмұндағы 183-2 баппен толықтырылсын: 

 «183-2  бап.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша 

аттестаттау жүргізу тәртібінің сақталуына бақылау 




жүктеу 398,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау