21. Планетарлы тісті беріліс жетекпен клапандар, клинкеттер мен ысырмалар – құрастыру, реттеу, тапсыру. 22. Қашықтықтан басқарылатын бу клапандар – құрастыру. 23. Сервомоторы бар қосарланған, реттейтін және қосарланған жүйесі бар рычагтарымен клапандар – құрастыру, реттеу. 24. Шартты өтпесі 875 мм-ден асатын бөлек сыналы клинкеттер – құрастыру, тапсыру. 25. Сандық және литерлі дөңгелектер – ауыстыру. 26. Диаметрі 400 мм-ден асатын поршенді сақиналар – құлыпты қиыстыру. 27. Диаметрі 550 мм-ден асатын поршенді сақиналар – кесіктерін қырып тегістеу және поршенге қиыстыру. 28. Бу кранының алты тонналық поршенді сақиналары – егеулеу. 29. Қысымы 230 кГс/кв.см –ден 400 кГс/кв. см-ға дейін газ беретін компрессорлар мен кептіру блоктары – сынау кезінде пайда болатын ақауларды монтаждау (стенділік аспаптарды, клапандарды, датчиктер мен т.б. іске қосу), анықтау және жою. 30. Күрделі металл конструкциялар: стандартты емес тәжірибелік технологиялық жабдыққа арналған панельдер, салдар, тақтайлар және т.б. – жасау. 31. Вакуумды бұрамалар мен сорғылардың, химиялық аппаратура құрылғыларының корпустары – құрастыру. 32. Секциялардан тұратын негізгі және орталық аспаптардың корпустары – механизм орындарын өңдей отырып өз арасында секцияларды біріктіру және құрастыру. 33. Түрлі материалдардан тұратын күрделі аспаптардың корпустары – жекелеген элементтерді жасай отырып құрастыру. 34. Диаметрі 750 мм-ден асатын тегістеу шеңберлері – құрастыру, сынау, теңдеу. 35. Қақпақтар – турбина корпусына қиыстыру. 36. Нөмірленген аппараттағы сандардың сызықтары – құрастыру және жөндеу кезінде қиыстыру және түзету. 37. Катерлерден басқа кеменің барлық үлгідегі білік жолдарының сызықтары – станокқа (стендіген) орнату, саңылауларды өрістету, болттарды қиыстыру, құрастыру, тапсыру. 38. Терең баспа машиналары – құрастыру. 39. Қысымының күші 20 МН-ге дейін көлденең соғатын машиналар –жалпы құрастыру. 40. Ауыл шаруашылығындағы өзі жүретін машиналар – түпкілікті құрастыру. 41. Бицилиндрлік барабаны бар шахта көтергіш машиналар – жалпы құрастыру және сынап реттеу. 42. Қосалқы кеме механизмдері – пайдалануға беру. 43. Электрлік, пневматикалық және гидравликалық сервожетекті корабль және кем жүйелерін қашықтықтан басқару механизмдері мен арматурасы - ысқылау, құрастыру және реттеу. 44. Көтергіш зәкір механизмдері – құрастыру, сынау және тапсыру. 45. Жиынтықты егін соққыштар – сынау, дөңгеленту және тапсыру. 46. Бу балғалары – мысқал бу таратқыш және клапандарды, поршень жүрісін басқару механизмін құрастыру, тексеру. 47. Кеме біліктерінің муфталары мен жартылай муфталары – конусты қырып тегістеу, шпонды паздарды калибр бойынша бөлу. 48. Негізгі білік жолдарының эластикалық муфталары – құрастыру, теңгеру. 49. Ұзындығы 340 мм-ге дейінгі үш бұрышты шыңдалған пазды бағыттайтындар – 300 мм параллельдікке +/- 0,01-0,02 шекте ысқылау. 50. Түрлі тағайындалған және түрлі өнімділіктегі алтылық сорғылар – құрастыру, сынау, тапсыру. 51. Бос күрекшелер дестесі – құрастыру, қиыстыру. 52. Фланецті бірікпемен руль қауырсыны мен баллер – фланецтің бетін қырып тегістеу, бірікпелерді құрастыру, осьтік желіні тексеру, саңылауларды өрістету. 53. Баллерлі рульдің қауырсыны – конустар мен шпонды паздарды қырып тегістеу, қиыстыру, құрастыру, тапсыру. 54. Тегістіктер, жұдырықшалар – мөлшерлерін паспорттай отырып 1 сыныптық дәлдікпен өңдеу. 55. Тегістіктер – жапсырмаларды қайрап, қырып тегістеу және түзету. 56. СПУ-20 үлгісіндегі пневмотартпалар, ГПУ-80 үлгісіндегі пневмо-гайкабұрамалар – құрастыру. 57. Компенсатор фланецтінің беті – кв. см-ге кемінде 2 нүктелік дәлдікпен қырып тегістеу. 58. Тербету және құрама мойынтіректер – құрастыру. 59. Гидравликалық күші 30-дан жоғары 100 МН-ге дейінгі сығымдағыштар – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру. 60. Басқару пульттары мен басқа да күрделі автоматты станциялар – толықтай жасау және (монтажсыз) құрастыру. 61. Күрделі кескіндегі алмас роликтер – теңдеу. 62. Роторлар – бандажды бекітпелі күректерді құрастыру. 63. Роторлар – статикалық және динамикалық теңдеу. 64. Роторлар, турбиналар – құрастыру, тіреу-сүйеу ішпегін орнату. 65. Сервомоторлар – блоктауды құрастыру. 66. Қиғаш фрезерлі және басқа да станоктардың станиналары – су деңгейі бойынша тексере отырып, башпақтарына және оптикалық аспаптың шегіне орнату. 67. Бірегей және прецизионды станоктардың станиналары – бағыттағыштарды қырып тегістеу. 68. Прецизионды токарлық станоктар – каретканы және суппортты қырып тегістеу. 69. Токарлық-бұрама тесетін станоктар – станокты баптап және реттей отырып сынау, ақауларын реттей, баптай және түзете отырып дәлдігін сынау. 70. Тәжірибелік құбыр компрессорлары, ауа және оттегі компрессорлар – түпкілікті құрастыру, реттеу және тапсыру. 71. Ірі кемелердің тораптары, механизмдері, құрылымдары – пластмассаны пайдалана отырып монтаждау. 72. Соққымен әрекет ететін пневмокөтергіштердің тораптары – құрастыру, баптау. 73. Күрделі тораптар, агрегаттар мен тәжірибелік құрылым машиналары – құрастыру және сынау. 74. Жоғары сыныпты жеңіл машиналардың күрделі тораптары мен агрегаттары – құрастыру, реттеу, сынау. 75. Газтурбиналық құрылғылар – құрастыру. 76. Рульді бұру құрылғысы – құрастыру, реттеу, тапсыру. 77. Перфореттейтін құрылғы – шыңдағаннан кейін кіретін бөлшектерді түпкілікті өңдеу, мөлшерлерін 0,01 мм-ге дейінгі шекте сақтай отырып матрицалар бойынша пуансондардың ортасын дәлдеу. 78. Центрифугалар – роторлы білікті және тығыздағыш сақинаны ысқылап тегістеу, құрастыру, реттеу және сынау. 79. Кран шатуны мен реттегіші, сумен қоректендіру сорғысының корпусы, көтергіштер – құрастыру. 80. Жиынтықтағы тісті дөңгелектер – статикалық және динамикалық теңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |