Білуге тиіс: жиналатын тораптардың, механизмдер мен станоктардың құрылысы және жұмыс істеу принципі, оларды құрастыруға техникалық шарттар; өңделетін металдардың механикалық қасиеттері мен оларға термиялық өңдеудің әсері; тойтарма жіктер мен дәнекер қоспалардың және олардың төзімділігін қамтамасыз ету шарттарының түрлері; баяу және тез балқитын дәнекерлердің, флюстардың, протравтардың құрамы мен оларды әзірлеу тәсілдері, орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың құрылымы; слесарлық аспапты қайрау және жетілдіру ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; орташа күрделіктегі бөлшектерді белгілеу тәсілдері. Жұмыс үлгілері 1. Автомашиналар - кабиналар, кузов, артқы мост құрастыру. 2. Автошлагбаумдар - білік бойынша секторды аралау. 3. Тоңазытқыш агрегаттары - сыртқы қабырғасы бойынша монтаждау. 4. АКМ-400 үлгісіндегі және оған ұқсас амортизаторлар - толықтай түпкілікті құрастыру. 5. Қол жетегі, тісті берілісі бар барлық мөлшердегі және үлгідегі кеме арматурасы – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру. 6. Механикалық ұстара барабандары - тісті кесік және радиалды соғысын құрастыру, тексеру. 7. Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – дәлдіктің берілген сыныбының шегінде саңылауларға ойық жасау және соңғы құрастырудың алдында гидравликалық қысымда сығымдау. 8. Іштен жанатын қозғалтқыштардың иінді біліктері – бос саңылауларда ойықтарды қолмен кесу. 9. Біліктер – төлкелерді, маховиктерді, муфталарды сығымдау. 10. Барлық диаметрдегі вентильдер – клапандарды ысқылау және гидравликалық сынау. 11. Желдеткіштер, моторлар – құрастыру, реттеу. 12. Жапсырмалар, стакандар, орындықтар, дәнекерленген және басқа да бөлшектер – өтпелі және тесіп өтетін диаметрі 2 мм-ге дейін және 24-тен жоғары 42 мм-ге дейінгі ойық кесу. 13. Ауа ажыратқыштар – жалпы құрастыру. 14. Барлық үлгідегі және мөлшердегі қол жаппалар – құрастыру. 15. Карданның қалпағы мен сақиналары – кондукторда кейіннен шикіқұрамдай отырып құрастыру, бұрғылау. 16. Жылжымалы есіктер – жасау. 17. Құлыптардың бөлшектері – жасау. 18. Қуаты 73,6 кВТ (100 л.с.) іштен жанатын қозғалтқыштар – жалпы құрастыру. 19. Ротор, компрессор, турбиналардың дискілері – белгілеу, слесарлық өңдеу. 20. Ілінісу дискілері, тежегіш жапсырмалар – құрастыру, желімдеу. 21. Фальді құрамалы вагон құлыптары, жолаушы вагондарының тамбур есіктері – бөлшектерді қиыстыру және құрастыру. 22. Барлық үлгідегі және мөлшердегі қол жетекпен дроссельді қалқалағыштар – құрастыру және сынау. 23. Мотовоз бен дрезина қораптары тісті дөңгелектерінің тістері – аралау. 24. Диффузиялық пештердің қыздыру камералары, вакуумды құрылғыларды салқындату жүйелері – құрастыру. 25. Прицепті құрылғы картерлері – түтікшелерін қиыстырып орнату. 26. Жоғары қысымды және маневрлі құрылыс клапандары – ысқылау. 27. Ауа және су құбырларының клапандары мен крандары – ысқылау. 28. «Клинкер» аспабымен су өлшегіш колонкалар – құрастыру, сынау, тапсыру. 29. Күрделі құрылымдағы қорғау қаптары – құрастыру. 30. Қаптауға арналған қаптар – жасау. 31. Поршеньді сақиналар – құлыпты кесу және қырып тегістеу. 32. Бекіту сақиналары –белгілеу, бұрғылау, қиыстыру. 33. Компенсаторлар – құрастыру және сынау. 34. Май контроллерлер – құрастыру және реттеу. 35. Беріліс қораптары – құрастыру және сынау. 36. Тарату қораптары – толықтай жасау (монтажсыз). 37. Блокты жәшіктердің корпустары – жасау. 38. Мөлшері 500х500х700 мм түрлі материалдардан жасалған пісірілген корпустар мен каркастар – ұстап құрастыру, түзету. 39. Корпустар, кронштейндер – қырып тегістеу. 40. Компрессор корпустар – құрастыру. 41. Қақпақ корпустары – паздарды және олардың сыналарын қырып тегістеп қиыстыру. 42. Аспап корпустары –корпусқа бөлшектер орнату, құлып, ілмек, шектеулегіштерде қаптары мен қалпақтарын қиыстыру. 43. Газ крандар – коникалық беттерін ысқылау. 44. Механикалық жетекті көтергіш шығырлар – құрастыру және сынау. 45. Лифтілер – құрастыру. 46. Тарту механизмдері, манипуляторлар, кіру люктерінің қақпақтары, бекіткіш, зәкір арқан жетектері, ұсақ руль жетектері – құрастыру, сынау, тапсыру. 47. Сымды бекітуге арналған шыбық көпірлер – жасау, орнату. 48. Поршенді сорғылар – құрастыру және сынау. 49. Ернеушелер – фланецпен құрастыру. 50. Икемді тіректер – құрастыру, қырып тегістеу. 51. Механикалық нөмірленген аппараттардағы осьтер, артқы бұрамалар, серіппелер мен тізгіндер – ауыстыру. 52. Тұғырлар, панельдер, тақтайлар – түрлі жазықтықтағы саңылауларды аралау, белгілеу, бұрғылау, ойық кесу. 53. Шарик мойынтіректердің саңылаулары – жетілдіру. 54. Құйылған күректер дестесі – дәнекерлеуге құрастыру және қиыстыру. 55. Күрделі құрылымдағы панельдер – жасау. 56. Резина өткізгіштер – жасау. 57. Тексеру тақтайлары – қырып тегістеу. 58. Дара тарелкалардың астындағы тұғырлары – құрастыру, реттеу. 59. Диаметрі 300 мм-ге дейінгі сырғыма мойынтіректер – қырып тегістеу. 60. Тіреу және сүйеу кемелік мойынтіректер – 0,05 мм-ге дейінгі дәлдікте жанасатын бетін сипап тексеріп қосымша қиыстырмай корпус және қақпақ төсемдеріне жапсырмаларды қалау. 61. Сыртқы диаметрі 500 мм-ден асатын бір қатарлы шарик және радиалды, шарикті радиалды сферикалық, екіқатарлы мойынтіректер – жинақтау және құрастыру. 62. Поршендер – шатунмен құрастыру және поршенді сақинаны қиыстыру. 63. Редуктор, диірмен және шнек жетектері – құрастыру. 64. Мойынтіректердің жартылай муфталарын, сақиналарын шешуге арналған айлабұйымдар – құрастыру. 65. Гофрленген төсемдер – сызба бойынша жасау. 66. Асбестті толықтырғышты жез төсемдер – жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |