14. Сұрыптайтын магниттер – машинаға орната отырып дайындау. 15. Түтікшелі манометрлер – жөндеу. 16. Бөлу құны 0,01 мм микрометрлер – микробұрама, табан тегістігін, гайкаларды бөлшектеу, жетілдіру; сондай-ақ тегіс параллельді ұштық өлшемдер және интерференционды шынылар бойынша құрастыру және тексеру. 17. Барлық жүйедегі жазатын машинкалар – ағымдағы және орташа жөндеу. 18. Потенциометрлер кинематикалық тәсімдерді бөлшектеу, тазалау, құрастыру. 19. Қысымды және дәлдіктің барлық класының бәсеңдігін өлшеуге арналған құралдар - тексеру. 20. Қажетті аппараттардың көмегімен В2, В3 типіндегі кернеуді өлшеуге арналған құрал – тексеру. 21. Физикалық-химиялық өлшеу аспаптары (ареометр, спиртометр, шарикті және капилярлы вискозиметрлер және т.б.) – тексеру. 22. Бұйымдарды бақылауға арналған аспаптар: штангенқұралдар, бұрама калибрлер және т.б. – тексеру. 23. Электроөлшеу, электромагнитті және электродинамикалық жүйе аспаптары – күрделі жөндеу. 24. Призмалар – күрделі емес жіберетін сызықтарды шыңдағаннан кейін жетілдіру. 25. Шығын өлшегіштер, уақыт релесі, механикалық жүзетін механизмдер – жөндеу және реттеу. 26. Стереоұзақтық өлшегіш, командирлік трубалар – жөндеу және түзету. 27.Тахометрлер – жөндеу. 28. Термобулар – орнату. 29. Тартпалар мен ағын өлшегіштер – жөндеу. 30. Электрлік шынжырлар – сылдырлату. § 94. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКА ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электромагнитті, электродинамикалық, жылу өлшеу, оптико-механикалық, есептік, автоматты, пиротехникалық және басқа да аспаптарды бөлшектер мен тораптарды қиыстырып және жетілдіре отырып жөндеу, реттеу, сынау, түзету, монтаждау және тапсыру. Релелік қорғау, электроавтоматика, телемеханика құрылғыларын теңшеу және баптау. Жөнделетін аспаптардың ақауларын айқындау және оларды жою. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және тісті және ирекше құрамаларды құрастыру. Құрамалардың күрделі тәсімдерін құрастыру және монтаждау. Аспаптарды тексеру және сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы қателіктерді есептеу. Ақаулық ведомостерді құрастыру және аспаптар мен автоматтардың паспорттары мен аттестаттарын толтыру. Білуге тиіс: жөнделетін және түзетілетін күрделі аспаптардың, механизмдердің, аппараттардың құрылымы, жұмыс істеу принциптері мен баптау тәсілдері; бақылау-өлшеу және бақылау-түзету аспаптарының қызметі мен баптау тәсілдері, аспаптар мен аппараттарды реттеу және градуирлеу тәсілдері мен оларды сынау кезінде сипаттамасын алу ережесі; кедергілерді есептеу ережесі; күрделі құрамалардың тәсімдері; аспаптарды тексеру және сынау кезіндегі абсолютті және салыстырмалы қателіктерді есептеу ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; орындалатын жұмыс көлемінде механика, радиотехника, жылу техникасы, электр техника және электроника негіздері. Жұмыс үлгілері 1. Автореттегіштер – қолданыстағы жабдықты тексеру және баптау. 2. Кинопроекциялы аппаратура - тораптар мен бөлшектерді ауыстыру. 3. Дәлме-дәл талдау таразылары – жөндеу, реттеу.Арифмометрлер мен барлық жүйедегі жазатын машиналар – күрделі жөндеу және қалпына келтіру. 4. Бункерлі элеватор таразылар – ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу, түзету және тексеру. 5. Жылжымалы және стационарлық кесілген тауар таразылары – ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу, монтаждау, түзету, тексеру. 6. Есептеу, платформалы, аспалы, ІІІ разрядты үлгілі, автоматты, вагонды таразылары – тексеру. 7. Таразылық көрсеткіш аспаптары бар тауар және автомобиль таразылары – күрделі жөндеу. 8. Шекті жүктемесі 20 мг және жоғары торзионды таразы – тексеру 9. Циферблатты көрсеткіш аспапты шкалалы тауар және автомобиль таразылары – күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу. 10. Нысаналар – жөндеу, түзету. 11. Барлық жүйедегі және құдықтардағы барлық диаметрлі су өлшегіштер – басқа диаметрлерге қайта қоса отырып орнату, орташа жөндеу орындау. 12. Түзеткіштер – ревизия және жөндеу. 13. Өзі жазатын гальванометрлер мен логометрлер – бөлшектеу және жөндеу. 14. Талдамалы және техникалық гирлер және І класс таразылары – тексеру 15. Кино және фотоаппаратура – синхронизаторларды жөндеу; баяулату механизмдері диафрагмалары, ұзындық өлшегішті түзету. 16. Тісті дөңгелектер – оське отырғыза отырып шпонды пазды жетілдіру. 17. Магнитті контакторлар, теңіз орындауындағы жібергіштер – орташа жөндеу. 18. Манометрлер мен индикаторлар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу. 19. Барлық мүмкін болған аспаптардың сағат механизмдері (манометрлер, жетек өлшегіштер және т.б. ) – бөлшектерді жасай отырып, күрделі жөндеу және реттеу. 20. Микроскоптар – бөлшектерді жетілдіре отырып жөндеу және түзету. 21. Электрлік көпірлер – жөндеу. 22. Көлденең және тігінен оптиметрлер – қалпақтарды, серіппелер мен орындықшаларды жасай отырып пиноль турбиналарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және түзету. 23. Түтікшелі осьтер – жетілдіре отырып түпкілікті өңдеу. 24. Перископтар – жөндеу және түзету.
25. Өлшеу шегі 2000о дейін ішінара сәулелендіру, радиациялы және оптикалық пирометрлер – тексеру, күрделі жөндеу.
26. Барлық жүйедегі жазатын машиналар – күрделі жөндеу, қалпына келтіру.
27. Автоматтық электронды потенциометрлер және реттейтін әрі өзі жазатын бір нүктелі мостылар – тексеру.
28. Сызықты және бұрышты өлшемдерді өлшеу аспаптары (рычагты–тісті қралдар, бұрыш өлшегіштер, нутроөлшегіштер және т.б.) – тексеру.
29. Қысым мен сиретілуді өлшейтін үлгілі және арнайы мақсаттағы аспаптар– жетілдіре отырып түпкілікті өңдеу.
30. Оптикалық механикалық аспаптар (полярископ, сағаттық типтегі проекторлар, интерферрометрлер, поляриметрлер және т.б.) – тексеру.
31. Радио өлшегіш аспаптар (В4, В5, В7 типтік кернеуді өлшеуге арналған; Г2, Г3 типті өлшеу генераторлары; ионды вакууметр; Л2 типтік жартылай өткізгіш аспаптардың парамтерлерін өлшеу) – тексеру.
32. Электромагнитті жүйе аспаптары – кинематика және жылжымалы жүйені бөлшектеп жөндеу.
33. Электронды реттейтін аспаптар – жөндеу.
34. Полярленген реле – ревизия, жөндеу және реттеу.
35. Аспаптардың жылжымалы жүйелері – теңгеру.
36. Кернеу стабилизаторы – ревизия, жөндеу.
37. Монтаждау үстелі – ағымдағы жөндеу.
38. Қаттылық өлшегіштер және барлық типтегі ажыратқыш машиналар – тексеру.
39. Ультрадыбысты, электромагнитті қалыңдық өлшегіштер – орташа жөндеу.
40. Барлық типтегі электржетектер – монтаждау және баптау.
41. Бір фазалы және үш фазалы электр шоттар, кедергі магазиндер – тексеру.
§ 95. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКА ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жылу өлшеу, оптикалық-механикалық, электродинамикалық, есептік, автоматты және басқа да аспаптарды бөлшектер мен тораптарды сомалайтын механизмі және көрсеткіштерін қашықтықтан жіберетін автоматты реттеу механизмін орната отырып, жөндеу, реттеу, сынау, түзету, монтаждау, баптау және тапсыру. Аспап жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, зертханалық аспаптарды жасау. Шкала, торларды сызу және күрделі эскиздерді құрастыру. Электрлік аспаптарды басқа өлшеу шектеріне қайта есептеу. Барлық жүйедегі жылу және электрлік бақылау-өлшеу аспаптарын, автореттегіштер мен қоректендіру автоматтарын квалитеттер бойынша реттеу және тексеру.
Білуге тиіс: жөнделетін күрделі және дәлме-дәл аспаптардың құрылымдық ерекшеліктері мен оларды реттеу және түзету тәсілдері; дәлме-дәл өлшеу құралдарының құрылғысы; аспаптар мен автоматтардың жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою; барлық үлгідегі өзі жазатын аспаптардың кинематикалық тәсімі, күрделі аспаптар мен автоматтарды тексеру және түзету ережесі және талап етілетін дәлдікке кепіл беретін базисті бетін таңдау ережесі; арнайы аппаратураның, блоктардың, жұмыс істеу режимі және оны реттеу тәсілдері; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника, жылу техникасы, радиотехника және оптика негіздері.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
1. Автоматтық электронды потенциометрлер және реттейтін әрі өзі жазатын бір нүктелі мостылар – тексеру.
2. Қоректендіру, қысым және температура автоматтары – жөндеу, тексеру және түзету.
3. Электронды және жартылай өткізгіш тәсімді автореттегіштер мен басқа да аппаратура – жөндеу және қайта құру.
4. Автореттегіштер мен аспаптар – монтаждау, баптау, орнату жерінде және жөндеуден алдын ақаулықтарды айқындау үшін қарау.
5. Кинопроекциялық аппаратура – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу.
6. Таразылық циферблатты және көрсеткіш аспаптары бар вагон және автомобиль таразылары – монтаждау, түзету, тіректерді, алаңшалардың кронштейндерін тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |