Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6,41 Mb.
бет2/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
§ 12. ҚАЙРАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қайрау станоктарында 1-8 квалитет бойынша, қайралатын беті көп, күрделі конфигурациялы, бірнеше орын ауыстыруды және дәл салыстыруды қажет ететін әр түрлі типті күрделі және эксперименталды кескіш құралдарды қайрау және жетілдіру. Алмас құралдарын және бағалы қаттылығы жоғары қорытпалардан жасалған құралды қайрау және жетілдіру. Қажетті есептеулерді орындап, қайрау станоктарын баптау.

Білуге тиіс: конструктивтік ерекшеліктерін және әр түрлі типті қайрау станоктарын дәлдікке тексеру тәсілдерін; күрделі құралды қайрау және айналдыру ережесін; қаттылығы жоғары қорытпалардың физикалық-механикалық қасиетін; бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Жылдам фрезерлеу үшін қатты қорытпалар пластинкалары бар кескіш қалпақшалар – қайрау.

2. Алмасты құрал – қайрау және жетілдіру.

3. Құрамды тіскескіш қалпақшаларының оймакілтекті, модульдық, пішінді тартқыштары – қайрау және жетілдіру.

4. Қатты қорытпа пластинкалары бар диаметрі 250 мм артық құрамды фрезерлер – қайрау.

5. Спиральді тісі бар саусақты фасонды фрезерлер – тісті қолмен қайрау.

§ 13. Тіс кесуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған бір типтік тіс кескіш станоктарда цилиндрлік тістегершіктердің сыртқы тік тістерін, тісті доңғалақтарды алдын ала кесу.

Білуге тиіс: бір типтік тіс кескіш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, оның маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін; едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; қалыпты кесетін құралды орнату ережесін; өңделетін материалдардың атауын және таңбалануын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1. Тісті муфталар – тістерді фрезерлеу.

2. Қарапайым пішінді тісті секторлар – тістерді фрезерлеу.

3. Барлық модульді тістегершіктер – арнайы бір-екі шпиндельді тісті жұмырлағыш станоктарында тістерді жұмырлау.


§ 14. Тіс кесуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір типтік тіс кескіш станоктарында, оларды өздігінен баптап, 8-9 дәлдік дәрежесі бойынша фрезерлеу, қайрау, көшіру және домалату әдісімен цилиндрлік және конустың тістегершіктердің сыртқы әрі ішкі тік тістерін кесу. Белгі бөлшектерді өңдеу үшін жасалған және бапталған арнайыландырылған жартылай автоматты немесе автоматты станоктарда тіс тістегершіктерін кесу. Көтергіш-көлік жабдықтарын басқару. Жүкті көтеру, ауыстыру, салу үшін ілмектеу және байланыстыру.

Білуге тиіс: бір типтік тіс кескіш станоктардың құрылғысын және баптау ережесін; жоғары білікті тіс кесушімен бірлесіп қызмет көрсетілетін ірі габаритті станоктарды басқару ережесін; өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиетін; ауысымдық тістегершіктерді есептеу ережесін; кесетін құралдың едәуір кең тараған әмбебап және арнайы аспаптарының құрылғысын; бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Тік тісті тістегершікті біліктер – тістерді сүргілеу.

2. Тік тісті тістегершікті біліктер – тістерді домалату әдісімен және кескіш құралмен ойыстарды көшіру әдісімен кесу.

3. Тісті доңғалақтар – сыртқы тістерді қайрау және фрезерлеу.

4. Тік тісті цилиндрлік және конустық тістегершіктер – тістерді сүргілеу.

5. Тік тісті ішкі ілініс тістегершіктері –тістерді қайрау.


§ 15. Тіс кесуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типтік тіс кескіш станоктарда 7-8 дәлдік дәрежесі бойынша әр түрлі пішінді және қадам тістегершіктерінің, секторлары мен бұрамдықтардың және оймакілтек біліктерінің тістерін кесу. Станоктарды өздігінен баптау, тиісті есептеулерді жүргізу және кесу режимін айқындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті тіс кескіш станоктардың құрылғысын және кинематикалық тәсімін; әмбебап әрі арнайы құралдардың құрылғысын және қолдану шарттарын; кесу құралының геометриясын және қайрау, жетілдіру, орнату ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; шақтамалар мен қондырмалар жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Тістегершіктер блоктары – тістерді кесу және қашау.

2. Оймакілтек білектері және шеврон тістегершіктері – оймакілтектерді фрезерлеу және тістерді кесу.

3. Спиральді тісі бар тістегершік білектері – тістерді кесу.

4. Ұзындығы 1000 мм артығырақ шпиль мен брашпильдер біліктері – тісерді кесу.

5. Көбірек кіретін бұрамдық – тістерді соңғы рет кесу.

6. Көп кіретін бұрамдық бұрандаларға арналған тістегершіктер – тістерді кесу.

7. Диаметрі 4000 мм дейін тістегершіктер – тістерді кесу.

8. Шеврон тістегершіктері – тістерді сүргілеу.
§ 16. Тіс кесуші

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және модельді тіс кескіш станоктарды күрделі бөлшектерге әр түрлі пішінді және қадамда тістерді кесу. Тиісті есептеулерді жүргізе отырып, станоктарды баптау. Құрамдалған бекіткіші бар бөлшектер мен құралдарды, индикатор әрі басқа да өлшеу аспаптары бойынша дәл орнату.

Білуге тиіс: әр түрлі типті және модельді тіс кескіш станоктардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру тәсілдерін; әмбебап және арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу ережесін; кескіш құралдың геометриясын, қайрау және жетілдіру ережесін; станоктың анықтамасы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 800 мм дейін қосарланған спиральді тісі бар тістегершік біліктері – тістерді кесу және тісқыру.

2. Конустық доңғалақтар – тістерді сүргілеу.

3. Диаметрі 2000 мм дейін білікпен жиынтықталған редуктор доңғалақтары – шеврон тістерін соңғы рет кесу және тісқыру.

4. Глобоидалды бұрамдықтар – айналымдарды соңғы рет кесу.

5. Диаметрі 4000 мм артық спиральді тісі бар цилиндрлік тістегершіктер – тістерді кесу.


§ 17. Тіс кесуші

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және модельді тіс кескіш станоктарда 6 дәлдік дәрежесі бойынша күрделі бөлшектерге әр түрлі пішінде және қадамда тістерді кесу. Күрделі пішінде және әр түрлі модельді тістерді кесу үшін қажетті есептеулер жүргізіп, станокты баптау. Орнатылатын бөлшектерді бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тексеріп, күрделі аспаптар мен кескіш құралдарды орнату. Станоктың анықтамасы мен паспорты бойынша дәлдік дәрежесіне, модульіне, тістердің санына және ілініс бұрышына байланысты кесудің пайдалы режимін таңдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін тіс кескіш станоктардың конструкциясын, тәсілдерін және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың, жабдықтардың конструкциясын және қолдану шарттарын; өңделетін бөлшектер мен құралды орнату тәсілдерін; әр түрлікесетін құралдың геометриясын, қайрау және жетілдіру ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 800 мм артық қосарлы спиральді тістері бар тістегершіктер біліктер – тістерді кесу және тісқыру.

2. Диаметрі 2000 мм артық білікпен жиынтықталған редуктор доңғалақтары - шеврон тістерін соңғы рет кесу және тісқыру.
§ 18. ТІСАЖАРЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған бір типті тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш станоктарда 8 дәлдік дәрежесі және Ra 1,25 0,63 параметрі бойынша цилиндрлік және конустық тістегершіктердің әрі тістегершік білікшелерінің тік және қисық тістерін ажарлау. Бапталған тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш станоктарда 8-9 квалитет бойынша диаметрі 100 мм біліктердегі оймакілтектерді ажарлау.

Білуге тиіс: бір типті тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, олардың маңызды бөліктерінің атауын және міндетін; едәуір таралған әмбебап және арнайы құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; ажарлағыш шарықтастың түйіршіктілігі, байламдығы, қаттылығы туралы негізгі түсініктерді, оларды қолдану шарттарын және түзету ережесін; өңделетін материалдардың атауын және таңбалануын; ілініс жүйесі мен тістерді өлшеу тәсілдерін; шақтамалар мен қондырмалар жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық квалиттетер мен параметрлерін; салқындататын және майлайтын сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.


§ 19. ТІСАЖАРЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір типтік тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш станоктарда, оларды өздігінен баптап, 8-10 квалитет бойынша ірі біліктердегі оймакілтектерді, сондай-ақ 8 дәлдік дәрежесі және Ra 1,25 - 0,63 параметрі бойынша тістегершіктердің тік және қисық тістерінің пішінін ажарлау. Бапталған тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш станоктарда 7-10 квалитет бойынша диаметрі 100 мм біліктердегі оймакілтектерді ажарлау.

Білуге тиіс: бір типтік тісажарлағыш станоктардың құрылғысын және баптау ережесін; едәуір кең таралған құралдардың құрылғысын; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; ажарлағыш шарықтастар сипаттамасын және олардың өңделетін беттің сапасына әсерін; ажарлағыш шарықтастарды орнату және түзету тәсілдерін; ажарлау кезінде температураның бөлшек өлшеміне әсерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.


§ 20. ТІСАЖАРЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тісажарлағыш станоктарда 7 дәлдік дәрежесі бойынша әр түрлі пішінді және модульді тістегершіктердің тістерін және 7-8 квалитет бойынша біліктердегі оймакілтектерді, оларды пішіндеу шарықтастарымен жиектеу әдісімен ажарлау. Станокты баптау, қажетті есептеулерді жүргізу және өңдеудің пайдалы режимінің жүйелілігін айқындау. Бөлшектерді аса дәлдікпен орнату.

Білуге тиіс: әр түрлі типті тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш станоктардың құрылғысын және кинематикалық тәсімін; әр түрлі құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын және қолдану шарттарын; тістерді өңдеу сапасына қойылатын талаптарды; тіс ілінісітердің түрлерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.


§ 21. ТІСАЖАРЛАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 5-6 дәлдік дәрежесімен әр түрлі пішінді және модульді, ассиметриялық пішінді, бұрыштық түзетілген эвольвенттік тісті доңғалақтардың, түзетілген және ауыспалы қисық бұрандалы тісі бар тістегершіктердің, ең төмен бүйір саңылауларын және тістерді байланыстырудың ең жоғары алаңын жасай отырып, тісті қосақтардың тістерін ажарлау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті және модельді тісажарлағыш станоктардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру тәсілдерін; әмбебап және арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу ережесін; кедір-бұдырлықтың берілген квалитеттері мен параметрлеріне жету тәсілдерін; ілініс түрлерін; станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша ажарлау режимін айқындау ережесін.

§ 22. ТІСАЖАРЛАУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 4-5 дәлдік дәрежесімен әр түрлі пішінді және модульді, жоғары түзетілген эвольвенттік доңғалақтардың, түзетілген және ауыспалы қисық бұрандалы тісі бар тістегершіктердің, ең төмен бүйір саңылауларын және тістерді байланыстырудың ең жоғары алаңын жасай отырып, тісті қосақтардың тістерін ажарлау. 5 квалитеті және RA 0,32 - 0,04 параметрі бойынша бөлшектерді өңдеу үшін күрделі тісажарлағыш станоктарды баптау. Бөлшектерді бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, құрамды бекітуді және оларды әр түрлі жазықтықта дәл бұрап алуды қажет ететін арнайы құралдарға орнату.

Білуге тиіс: әр түрлі типті және модельді күрделі тісажарлағыш станоктардың, әмбебап және арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін, оларды өңдеу дәлдігіне тексеру тәсілдерін; ажарлағыш шарықтастардың құрылымын және олардың байламының беріктігіне байланысты рұқсат етілетін жылдамдықты: температураның өңдеу дәлдігіне әсерін.


§ 23. Станок және слесарлық жұмыстарды бақылаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрастыру операциясынан, механикалық және слесарлық өңдеуден кейін бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын: табақты құрастырылатын шаблондарды, бұрышты лекалолы сызғыштарды, штангенциркульдерді, штангенрейсмустарды, индикаторларды, қуыс бұрғыларды, кронциркульдерді, құралбіліктерді, ішпекті кондукторларды қолдана отырып, қарапайым бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды бақылау және сызбалар мен техникалық шарттар бойынша қабылдау. Құрастыру учаскесіне берілетін бөлшектердің сапасын және техникалық шарттарға сәйкестігін анықтау. Тораптар мен конструкцияларды оларды құрастырғаннан немесе орнатқаннан кейін тексеру. Қабылданған және бракқа шығарылған өнімнің құжаттамасын рәсімдеу.

Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды механикалық, слесарлық және құрастыру операциясынан кейін қабылдаудың техникалық шарттары; механикалық өңдеудің негізгі түрлеріне және құрастыруға келіп түсетін бөлшектерге арналған шақтамалардың өлшемін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, міндетін және қолдану шартын; тура сызықты және қисық сызықты бетті қуыс бұрғылармен, сырға арналған штихмассаларды тексеру әдістерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Вагон доңғалақтарының бандаждары – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

2. Болттар, бұрандалар мен гайкалар – фрезерлеуден кейін бақылау.

3. Шапқылар, керндер, тесіктер, сызғыштар – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

4. Ашалар – ажарлаудан кейін бақылау.

5. Қуаттылығы 25000 кВт дейін турбиналарға арналған редуктор мен тірек мойынтіректерінің біліктері – алдын ала өңдеуді және ажарлау бойынша өңдеуді бақылау.

6. Айналтұтқалар мен бұрандакескіш тұтқалар – слесарлық өңдеуден кейін бақылау..

7. Айналтұтқалар – токарлық өңдеуден кейін бақылау

8. Төлкелер, кронштейндер, келтеқұбырлар, күпшектер, үштіктер, фланецтер – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

9. Есік құлыптары, ішкі – қиюластырғаннан кейін бақылау.

10. Түйме ілгектері, ілгектер, тізбектер, топсалар – слесарлық өңдеуден кейін.

11. Медициналық құрал, тіс және топсалы – механикалық өңдеуден кейін бақылау және қабылдау.

12. Шетжақ кілттері, сыртқы және ішкі – токарлық өңдегеннен кейін бақылау.

13. Ауа-су құбырларының крандары – корпус бойынша тығынның ысқылануын бақылау.

14. Көтергіш шығырлар – құрыстырғаннан кейін бақылау.

15. Турбина қалақтары – фрезерлеуден кейін бақылау.

16. Матрицалар – токарлық өңдегеннен кейін бақылау.

17. Ауа және су құбырлары – құрастыруды бақылау.

18. Бәсеңдетілген сорғыш магистралда жұмыс істейтін сорғылар – гидравликалық бөлігінің қосылу нығыздығын және герметикалығын бақылау.

19. Сырты – құрастырудан кейін бақылау.

20. Қарапайым кондукторлар, құрылғылар – құрастырудан кейін бақылау.

21. Өтпелі және тілімдейтін, біржақты дискілі кескіштер және оймакілтекті фрезалар, цилиндрлік үңгілер мен үңгіштер – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

22. Роторлар, дискілер және турбинаның басқа да бөлшектері – сыдырудан кейін бақылау.

23.метал өңдейтін станоктарға арналған фигуралық тұтқа сап – токарлық өңдегеннен кейін бақылау.

24. Токарлық станоктардың құралкүймешіктері – құрастыруды бақылау.

25. Жылжымалы крандар механизмдерінің трансмиссиялары – құрастыруды бақылау.


§ 24. Станок және слесарлық жұмыстарды бақылаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа бөлшектерді механикалық және слесарлық өңдегеннен кейін, конструкция тораптары мен жұмыс механизмдерін құрастыру операциясынан кейін бақылау және сызбалар мен техникалық шарттарға сәйкес қабылдау. Құрастыру кондукторлары мен әмбебап құрылғыларды: плиталарды, призмаларды, бұрыштықтарды, бұрандама қысқыштарды, домкраттарды қолдана отырып, тораптарға, конструкцияларға және машинаның бөліктеріне сынақтар жүргізу. Қажетті бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен стендте жекелеген агрегаттарды тексеру және сынау. Қызмет көрсетілетін учаскеде ақауларды түрлері бойынша сыныптау, оның туындау себептерін белгілеу және оны жоюға уақытылы шаралар қабылдау. Сынау журналын жүргізу, қабылданған және бракқа шығарылған өнімдердің сапасы мен саны бойынша есеп жүргізу және есеп беру.

Білуге тиіс: құрастыру жұмыстардың технологиясын; бөлшектерді қабылдаудың технологиялық шарттарын және слесарлық-құрастыру операцияларынан, механикалық-слесарлық өңдеуден кейін күрделілігі орташа тораптар мен конструкцияларға сынау жүргізу; тік сызық бетін оптикалық аспаптармен, лекалолармен, шаблондармен, су айнабетінің, көмегімен, шекпен, микроскоппен және индикатормен тексеру әдістерін; бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану шарттарын; құрастырылатын кондукторлардың, аспаптардың, сынау аппаратуралары мен құралдардың құрылғысын; қызмет көрсетілетін учаскеге келіп түсетін негізгі материалдар мен жартылай дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар; құрастыру кезінде көтеру және ауыстыру бөлшектеріне арналған аспаптардың құрылғысын (бұрылатын немесе көпірлі крандар, пневматикалық көтергіштер, блоктар және т.б.); шақтамалар мен қондырмалар жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Су құятын бактар, есіктер, жолаушы вагондарының төбелері мен рамалары, ауыспалы алаңдар, жылу құбырлары – құрастыруды бақылау.

2. Кран, көтергіш машиналар және экскаваторлардың барабандары – толық өңдегеннен кейін бақылау.

3. Жер шаруашылығы және балшық илеуші сырғымалар – күрделі жөндеуден кейін бақылау.

4. Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – толық құрастыру алдында гидравликалық қысыммен престеді бақылау.

5. Қуаттылығы 25000 кВт артық турбиналарға арналған редукторлар мен тірек мойынтіректерінің біліктері – алдын ала өңдеуді және ажарлау бойынша өңдеуді бақылау.

6. Үлестіруші біліктер - өңдеуден кейін бақылау.

7. Бір рет кіретін және екі рет кіретін өткір ұшы мен тік ұшы бар бұрамалы бұрандалар – толық токарлық өңдеуді бақылау.

8. Шарикті және роликті мойынтіректі бөлшектер – құрастыру кезінде бақылау.

9. Бұрандалы домкраттар – токарлық өңдеуден кейін бақылау.

10. Вагон қос доңғалақтар – айналдыра жазу бойынша таза жұмырлауды бақылау.

11. Поршенді сақиналар мен саусақтар – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

12. Кондукторлар, көшіргіштер – бақылау.

13. Матрицалар – ажарлаудан кейін бақылау.

14. Барлық жүйеде жазатын машинкалар – стендте және мәтінді теруді тексеру.

15. Домна пеші мен кранның металды конструкциясы - қабылдау.

16. Тістехникалық төстер – токарлық өңдегеннен кейін қабылдау және бақылау.

17. Осьтер – дүрсілді, параллелдігін, біліктестігін, перпендикулярлығын тексеру.

18. Үш жұдырықшалы патрондар – фрезерлеуден кейін бақылау.

19. Дөңгелек плашкалар – ажарлаудан және қашап өңдеуден кейін бақылау.

20. Фундамент плиталары – сүргілеуден кейін бақылау.

21. Токарь станоктары – жөндеуден және құрастырудан кейін жекелеген тораптары бақылау.

22. Бу турбиналары – бір цилиндрлі – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

23. Турбосорғыларды реттеу тораптары, редукциялық клапан, жылдамдық редукторы – саңылауларды тексеру.

24. Үшжақты дискілі, шетжақты фрезерлер – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

25. Цилиндрлік тістегершіктер – токарлық өңдеуден кейін бақылау.

26. Сыртқы тістері және оймакілтекті тесіктері бар цилиндрлік тістегершіктер – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

27. Құрамдалған шапқыш штампылар – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

§ 25. Станок және слесарлық жұмыстарды бақылаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі әмбебап бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, дайындау және құрастыру дәлдігіне тексерумен күрделі бөлшектерді механикалық және слесарлық өңдеуден кейін, сондай-ақ тораптарды, жиынтықтар мен конструкцияларды соңғы құрастырудан кейін бақылау және қабылдау. Күрделі пішінді шекті, өлшейтін және кесетін құралды тексеру. Қабысатын бөлшектердің өзара жай-күйін, бетінің жанасуын және механизмнің шусыз жұмыс істеуін тексеру. Қабылданған өнім бойынша есеп жүргізу және есеп беру.

Білуге тиіс: бөлшектерді механикалық өңдеудің түрлері; күрделі бөлшектерді қабылдаудың, күрделі бөлшектерді құрастыру мен сынаудың техникалық тораптарын; бөлшектерді қабылдау кезінде өлшеу үшін қажетті координат нүктелерін есептеу ережесін; бақылау-өлшеу құралдарының, аспаптарының және сынау аппаратураларының құрылғысын; құрастыруға келіп түсетін бөлшектер үшін шақтамалар өлшемдерін; құрастырудың ақаулары; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; күрделі бөлшектерге белгі қоюдың ережесін және тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Иінді біліктер – магнитті дефектоскоптың көмегімен жарықшақтарға, қылшықтарға бақылау.

2. Тірек біліктері – ажарлаудан кейін бақылау.

3. Төрт рет кіретін бұрамасы бар, ұзындығы 4000 мм дейін бұрандалар, көп қолданылатын – бақылау.

4. Ішпектер – қашап өңдеуден және паспорт жасағаннан кейін бақылау.

5. Газды генераторлар – құрастыруды бақылау.

6. Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) дейін іштен жанатын қозғалтқыштар – жалпы құрастыруды бақылау.

7. Реттығын, барлық түрлері – токарлық, қырнау және ажарлау операцияларынан кейін бақылау.

8. Картерлер – бұрыштық және ұзындық шамаларын тексеру.

9. Турбина клапандары – стендте құрастыруды және сынауды бақылау.

10. Ұзындығы 12000 мм дейін гидравликалық пресстің колонналары – таза өңдеуді бақылау, тірек бұрамаларын жылтырату және кесу.

11. Бір иілгіш бүктегіш машина – бақылау, сынау және қабылдау.

12. Метал кесетін станоктардың мойынтіректері – бақылау.

13. Поршеньдер – ысқыланған құрастыруды бақылау.

14. Электрлік, булы және гидравликалық пресстер мен балғалар – құрастыру мен монтажды бақылау.

15. Әмбебап құрастыру аспаптары – құрастырудан кейін бақылау.

16. Пуансондар – шаблондар бойынша бақылау.

17. Роторлар мен статорлар – токарлық өңдегеннен кейін бақылау.

18. Роульстер – токарлық және слесарлық операциялардан кейін бақылау, сынау.

19. Оймакілтек біліктері мен тістегершіктерді біріктіру – бақылау.

20. Тоқыма станоктары – құрастыруды бақылау.

21. Үштіктер мен төрттіктер – токарлық өңдеуден кейін бақылау.

22. Турбиналар, турбосорғылар – орталықтандыруды тексеру және стендте тексеру.

23. Тіректер – фрезерлеуден кейін бақылау.

24. Жиынтық фрезалар, құрамдалған үңгіштер, бұрамалы, радиусты, модульды фрезалар – бақылау.

25. Төсемдерге орнатылған қосымша механизмдердің фундаменттері – қондырғыны тексеру, координаттарды өлшеу, эскиздерді құрастыру.

26. Тістегершіктер және тістегершік блоктары - әмбебап аспаптарында орталық аралық арақашықтықты және іліністің бір қалыптығын тексеру.

27. Бұранда тістері бар конустық тістегершіктер – бақылау.


§ 26. Станок және слесарлық жұмыстарды бақылаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі-түрлі арнайы және әмбебап бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, қарастырылған барлық техникалық шарттарды орындаумен күрделі бөлшектерді, бұйымдарды механикалық және слесарлық өңдеуден кейін, сондай-ақ тораптарды, механизмдерді, жиынтықтар мен конструкцияларды тұтастай толық құрастырғаннан кейін бақылау және қабылдау. Күрделі және арнайы кесетін құралды бақылау. Станоктарды өңдеу дәлдігіне жүктемесіз және жүктемемен тексеру. Арнайы стендтерде құрастырылатын объектілердің сипаттамаларының паспорт деректеріне сәйкестігін тексеру. Өңдеуге келіп түсетін материалдардың зертханалардағы талдаулар мен сынаулар бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкестігін айқындау. Құрастырылған тораптар мен конструкцияларды қабылдаудың және тексеруің тәртібін белгілеу.

Білуге тиіс: күрделі бөлшектер мен бұйымдарды механикалық өңдегеннен кейін, сондай-ақ тораптарды, механизмдерді, жиынтықтар мен конструкцияларды толық құрастырғаннан кейін қабылдаудың техникалық шарттарын; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу ережесін; цехта немесе қызмет көрсетілетін учаскеде жүргізілетін өңдеулердің барлық түрлеріне арналған әдіптер; геометриялық параметрлерін (абсолюттік, салыстырмалы, тура, жанама) бақылау әдістерін; қабылданатын тораптардың, механизмдер мен конструкциялардың тәсілдерін және сынау тәртібін; жазықтықты аса дәл тексеру үшін бақылаудың интерференционды әдістерін.

Жұмыс үлгілері

1. Ахтерштевень – қашап өңдегеннен кейін бақылау.

2. Реттеу блоктары және турбина қорғандары – құрастыруды бақылау және стендте сынау.

3. Автомобиль және трактор қозғалтқыштарының иінді біліктері – толық өңдеуді бақылау.

4. Иінді біліктер – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

5. Жүрдек біліктер – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

6. Кемелік ескек біліктері – таза қашап өңдеуді және мойынды ажарлауды бақылау.

7. Төрт рет кіретін бұрамасы және көп рет кіретін бұрамасы бар ұзындығы 4000 мм артық бұрандалар, көп қолданылатын – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

8. Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) артық іштен жанатын қозғалтқыштар – жалпы құрастыруды бақылау.

9. Калибрлер, 6 квалитетті арнайы шаблондар – қабылдау.

10. Жылдамдық қорабының картерлері – қабылдау.

11. Қисық сызықты тістері бар және өлшемі әр түрлі шевронды тісті доңғалақтар - толық өңдеуді бақылау.

12. Ұзындығы 12000 мм артық гидравликалық престердің колонналары – таза өңдеуді бақылау.

13. Жоғары қысымды турбина корпустары – таза қашап өңдеуді бақылау.

14. Желдеткіш қақпалары – құрастырудан және сынаудан кейін бақылау.

15. Жүк шығырлары - құрастырудан және сынаудан кейін бақылау.

16. Қысым бойынша құюға арналған машиналар – бақылау, сынау және қабылдау.

17. Сырғақтар – фрезерлеуден кейін бақылау.

18. Көлемді секциялар – құрастыруды бақылау.

19. Метал кесетін станоктардың станиналары – толық механикалық өңдегеннен кейін қабылдау.

20. Токарлық-револьверлік, домалатып ажарлаушы, жазықтай ажарлаушы станоктар, барлық модельді бір шпиндельді автоматтар – бақылау, сынау, қабылдау.

21. Кен тарту диірмендерінің шетжақ қабырғалары – механикалық өңдеуден кейін бақылау.

22. Күпшек – токарлық өңдеуден кейін бақылау.

23. Жолаушы вагондарының тежегіштік жүйесі – құрастыруды бақылау және сынау.

24. Тракторлар – орталықтауды тексеріп, моторды орнатуды бақылау және сынау.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау