|
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығыПалубалық стрингерлер – саңылау бұрғылау
|
бет | 64/108 | Дата | 24.12.2017 | өлшемі | 6,41 Mb. | | #5663 |
| 6. Палубалық стрингерлер – саңылау бұрғылау. 7. Аз магнитті болат – диаметрі 12 мм-ге дейінгі саңылау бұрғылау. § 79. БҰРҒЫЛАУШЫ - ПНЕВМАТИК 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға диаметрі 35 мм-ден жоғары саңылауларды бұрғылау, ұңғылау. Жоғары кедергіліктегі болаттарда түрлі диаметрдегі саңылаулар тесу. Диаметрі 22 мм-ден асатын саңылаулардан ойық жасау. Білуге тиіс: түрлі үлгідегі пневматикалық және электр бұрғылау машиналарының құрылысы және дәлдігін тексеру ережесі; барлық түрдегі арнайы кесетін аспаптың геометриясы, қайрау және жеткізу ережесі; түрлі әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы; шектеулер мен отырғызу жүйесін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері. Жұмыс үлгілері 1. Ахтерштевнялар – бұрғылау. 2. Бөлшектер мен тораптар – барлық жағдайдағы белгісі бойынша және кондукторлар бойынша саңылауларды бұрғылау және ұңғылау. 3. Иллюминаторлар – айлабұйымдарды орнату және саңылау тесу. 4. Көлемді жинақтау секцияларының каркастары – түпкілікті саңылауларды бұрғылау. 5. Коллекторлар – саңылау тесу. 6. Кеменің сыртын қаптау – саңылау тесу. 7. Аз магнитті болат – диаметрі 12 мм-ден асатын саңылау бұрғылау. 8. Штевнялар – саңылауларды бұрғылау. § 80. СЛЕСАРЬ-АСПАПШЫ 2-разряд Жұмыс сипаттамасы. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу; қарапайым айлабұйымдарды, кесетін және өлшейтін аспапты құрастыру және жөндеу. Қарапайым аспаптарды шыңдау. Термиялық өңделмеген шаблондарды, даяр үлгіні және қапсырмаларды 12 квалитеттер бойынша жасау және жеткізу. Белгілегіштер және плашкалы ойықтарды калибрлер бойынша тексере отырып тесу. Анағұрлым жоғары білікті слесарь – аспапшының басшылығымен арнайы технологиялық жарақтар мен шаблондарды пайдалана отырып орташа күрделіктегі аспаптар мен айлабұйымдарды жасау және слесарлық өңдеу. Білуге тиіс: слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері және оларды сызбаларда белгіленуі; бұрғылау және егеулеу станоктарының жұмыс істеу принципі; термиялық өңдеудегі металдық бұзылуын есепке ала отырып одан әрі жеткізу үшін әдіптерді орнату ережесі. Жұмыс үлгілері 1. Металл өңдейтін станоктарға арналған диаметрі 60 мм-ге дейінгі, ұзындығы 1000 мм-ге дейінгі борштангілер – тік бұрышты саңылауларды тесуге жеткізу. 2. Шығырлар –слесарлық толықтай өңдеу. 3. Ауыспалы төлкелер – терезелерді механикалық өңдегеннен кейін белгілеу, бұрғылау және аралау. 4. Түрлі тұтқыштар, қарапайым кондукторлар мен айлабұйымдар, белгілегіштер мен плашкаларды ұстағыштар – жөндеу. 5. Түрлі айлабұйымдар мен штампылардың бөлшектері – бұрыштық, сызғышпен және кондуктор бойынша кесу, паздарды аралау, ойықтарды белгілегіш және плашкалармен кесу. 6. Клуппалар мен тұтқыштар – слесарлық толықтай өңдеу. 7. Гайкалы жабық, кесік және арнайы кілттер – станоктық өңдеуден кейін шаблон бойынша тексере отырып тілін кесу. 8. Болттар мен гайкаларды штампылауға арналған матрицалар мен пуансондар – жөндеу. 9. Нутромерлер – жасау және жөндеу. 10. Бұрғыларға арналған қысқыш патрондар (қарапайым) – құрастыру. 11.Қарапайым шыңдалған кескіштер – шаблон бойынша жеткізу. 12. Дәнекерленген пластиналы серіппелі бұрғылар – тез кесетін платинаны кесу. § 81. СЛЕСАРЬ-АСПАПШЫ 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Тік сызықты және фигуралы сызықты орташа күрделіктегі аспаптар мен айлабұйымдар (фасондық кескіштер, жинақтама фрездер, ашылатын қашаулар, штангенциркульдер, штампылар, кондукторлар мен шаблондар) жасау және жөндеу. Арнайы техникалық жарақтар мен шаблонды пайдалана отырып күрделі және дәл аспап пен айлабұйым жасау. Әмбебап жарақты пайдалана отырып 8-11 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Фигуралық бөлшектерді (бұйымдарды) белгілеу және сызу. Аспапты жетілдіру және жасалатын бұйымдарды тегістеу. Анағұрлым жоғары білікті слесарь аспапшымен бірлесіп күрделі аспаптар мен айлабұйымдар жасау. Білуге тиіс: қарапайым геометриялық және тригонометриялық тәуелділік және техникалық сызу негіздері; қолданылатын металл өңдеу кесу және жетілдіру станоктарының құрылымы; жеткізу материалдарын пайдалану ережесі, түрлі маркадағы аспапты және конструкциялық болаттың қасиеті, бақылау-өлшеу аппаратурасы мен аспаптардың құрылымы мен пайдалану ережесі; бөлшектің температурасына өлшеу дәлдігінің әсері; аспапты және конструкциялы болатты термиялық өңдеу тәсілдері; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; термиялық өңдеу езінде металдың бұзылуын ескере отырып жетілдіру әдіптерін. Жұмыс үлгілері 1. Нөмірлі аппараттар - штифтер, бұрандамалар, костылькалар жасау. 2. Диаметрі 60 мм-ден асатын және ұзындығы 1000 мм-ден жоғары борштангілер, кескіш ұстағыштар, бұрғылау станоктарына арналған патрондар – толықтай слесарлық өңдеу. 3. Тегіс ойық тарақшаларына арналған күрделі ұстағыштар – ойық тарақ бойынша құлыптарды шақтап белгілеу. 4. УСП бөлшектері – ойықты белгілеу, бұрғылау және тесу. 5. Бұрамалы көтергіштер, фрезерлік қалпақтар – бөлшектерді слесарлық өңдеу және құрастыру. 6. Қол бұрғылары мен зырылдауықтар – жөндеу. 7. Пневматикалық құралдар – слесарлық өңдеу және құрастыру. 8. Тік төртбұрышты және шпонды калибрлер – жетілдіру. 9. Жай кондукторлар – жасау және құрастыру. 10. Таңбалар – жасау. 11. Алты қырлы, жабық басты жұлдызшалы кілттер – уату операцияларынан кейін шаблондар немесе калибрлеу бойынша кесу. 12. Түрлі мөлшердегі тегіс жылжымалы плашкаларға арналған клуппалар мен күрделі емес копирлер – жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|