Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (8-шығарылым)



жүктеу 3,5 Mb.
бет8/14
Дата25.05.2018
өлшемі3,5 Mb.
#17183
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Электродты өнімдер өндірісі

Күйдіру және графиттеу пештерінің тиеуші-түсірушісі


1. Күйдіру және графиттеу

пештерінің тиеуші - түсірушісі 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы материалдарда электродты өнімдердің дайындамаларын пештерге беру. Түсірілген өнімді алаңдарға қалау және оны тасымалдау. Көлікті механизмдерге қызмет көрсету және оны жөндеуге қатысу. Пештердің күмбезіне құм себу. Стропальдық жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: электродты өнімнің дайындамасын күйдіру және графиттеудің технологиялық процессінің мәні, сусымалы және жылу оқшаулау материалдардың түрлері, олардың күйдіру және графиттеу процессіндегі рөлі, электродты өнімді қалау, тасымалдау ережесі, строптау ережесі.


2. Күйдіру және графиттеу

пештерінің тиеуші - түсірушісі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары теуші-түсірушінің басшылығымен күйдіру және графиттеу пештеріне электродты өнімнің дайындамаларын тиеу және оларды пештерден түсіру. Пештерді тиеуге дайындау. Пештерге сусымалы және жылу оқшаулау материалдарын тиеу және түсіру. Пештерге, тиеу механизмдеріне қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтар мен механизмдердің құрылғысы; пештерді салқындату жүйесі, сусымалы және жылу оқшаулау материалдардың құрамы, түрі, күйдіру және графиттеу процессіндегі олардың рөлі, өнім сапасына зиянды қоспалардың әсері, электродты өнімнің дайындамаларын, олардың мөлшеріне қарай тиеудің белгіленген тәсімі, камераларға дайындамаларды тиеу және түсіру тәсілдері, сусымалы материалдарды тиеу тәсілі және ережесі, өлшеу құралдарын және аспаптарын пайдалану ережесі.


3. Күйдіру және графиттеу

пештерінің тиеуші - түсірушісі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электродты өнім дайындамаларын күйдіру және оймалау пештеріне тиеу және оларды пештерден түсіру. Белгіленген электродты өнім дайындамаларын тиеу тәсіміне сәйкес Электродты өнім дайындамаларын пештерге тиеу және түсіру дұрыстығын тексеру. өнім және сусымалы материалдардың сапасын белгілеу. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтар мен тиеу механизмдерінің конструктивтік ерекшелігі, газқұбырларының гидравликалық жапқыштардың тәсімі, электродты өнім дайындамаларын тиеудің белгіленген тәсімі, тиелетін және түсірілетін өнімнің сапасына, дайындамаларды тиеуге қойылатын талаптар, және тиеу сапасының күйдіру және графитациялау процессіне әсері, күйдіру және графиттеудің технологиялық процессін жүргізу ережесі.

Піспе – балқытушы
4. Піспе - балқытушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары піспе-балқытушының басшылығымен піспені балқыту және сусыздандыру процессін жүргізу. Піспені піспе-балқытуларға тиеу. Битум тасушылардан піспені төгу. Піспені балқытудың температуралық режимін бақылау. Піспені өндірістің келесі учаскелеріне тапсыру. Піспе-балқытуларға, сорғыларға және піспе коммуникацияларына қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықты анықтау және жою. Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың қызмет принципін, булы, ауалы, және піспе коммуникацияларының тәсімі, піспенің негізгі компоненттері, піспені піспе-балқытуларға тиеу нормалары, балқыту температурасы және піспе сапасына қойылатын талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.

5. Піспе – балқытушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Піспені балқыту және сусыздандыру процессін жүргізу. Піспені балқытудың температуралық режимін реттеу. Балқыту процессінің аяқталуын белгілеу. Автоматика жұмысын бақылау. Піспені келесі өндірістік учаскелерге уақытында тапсыруды бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы, жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері, піспе-балқытуларға піспені тиеу нормалары, орнатылған сигнализация және автоматика тәсімі.

6. Электродты өнімді баспалаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары баспалаушының басшылығымен қауттылығы 1500 тс дейін баспақтарда электродты өнімді баспалау процессін жүргізу. Таптау машиналарына және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету. Миксерге массаны тиеу және түсіру, оны араластыру. Массаны баспақ цилиндріне тиеу. Массаны таптау және термостаттау. Өнімнің баспақтан шығуын бақылау. Баспаланған өнімді салқындату және тасымалдау. Анодты баспақтарға ниппельді орналастыру және түсіру. Мундштукты және матрицаны ауыстыруға және қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін баспақтардың қызмет принциптері, миксердің құрылғысын, массаны тиеу, түсіру және салқындату ережесі, араласқан массаның сапасына қойылатын талаптар, баспалауға жататын массаның салмағы және көлемі.

7. Электродты өнімді баспалаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаттылығы 1500 тс дейін баспақтарда электродты өнімді баспалау процессін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғары баспалаушының басшылығымен қуаттылығы 1500 тс-тен 3000 тс дейін баспақтарда электродты өнімді, қуаттылығы 3500 тс дейін баспақтарды арнайы өнімді баспалау процессін жүргізу. Баспақтарға және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету. Белгілі өлшемдегі бұйымдарды баспалау үшін баспақтарды реттеу және оңдау. Баспалаудың температуралық режимін таңдау және реттеу. Өнімнің шығуын қадағалау және баспалау сапасын бақылау. Мундштук пен матрицаны ауыстыру. Мундштукта берілген меншікті қысымды сақтау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулықты анықтау және жою. Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін баспақтар мен қосалқы жабдықтардың құрылғысы, баспалау процессінің физикалық мәні, баспаланатын массаның илемділігіне әсер ететін факторлар және оны арттыру тәсілдері, масса шығысының нормалары, ақау түрлері және оның алдын алу және жою тәсілдері, баспалау кезіндегі қажетті қысым, өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалану ережелері, баспалаудың температуралық режимін реттеу тәсілдері, масса мен баспаланған өнім сапасына қойылатын талаптар.

8. Электродты өнімді баспалаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаттылығы 1500 тс-тен 3000 тс дейін баспақтарда электродты өнімді, қуаттылығы 3500 тс дейін баспақтарды арнайы өнімді баспалау процессін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғары баспалаушының басшылығымен қуаттылығы 3500 тс-тен жоғары баспақтарда электродты өнімді, діріл қалыптастырудың көлікті-технологиялық желісінде ірі габаритті анодты блоктарды баспалау процессін жүргізу. Анодты блоктардың діріл қалыптастыру көлікті-технологиялық желісінің жекелеген агрегаттарын басқару. Белгілі өлшемдегі бұйымдарды баспалау үшін баспақтарды реттеу және оңдау. Баспалаудың температуралық режимін таңдау және реттеу. Баспақтардан өнімнің шығуын қадағалау және баспалау сапасын жедел бақылау. Таңбалау блоктарын орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін баспақтар мен ірі габаритті анод блоктарының діріл қалыптастыру көлікті-технологиялық желісінің жекелеген агрегаттарының құрылғысы, анодты блоктарды салқындатудың көлікті-технологиялық тәсімі және массаны діріл баспалау қондырғыларына беру, масса мен баспаланған өнім сапасына, сондай-ақ баспалау технологиясына және баспаланған арнайы өнімнің сапасына қойылатын талаптар, автоматты және қолмен істеу режимінде анодты блоктардың діріл қалыптастыру көлікті-технологиялық желілерінің агрегаттарын басқару ережесі.

9. Электродты өнімді баспалаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаттылығы 3500 тс-тен жоғары баспақтарда электродты өнімді, діріл қалыптастырудың көлікті-технологиялық желісінде ірі габаритті анодты блоктарды баспалау процессін жүргізу. Баспалаудың технологиялық процессін таңдау және сақталуын бақылау: қысым, температура және масса салмағы, баспалау уақыты және діріл тазалығы. Діріл баспалаудың температуралық режимін реттеу. Желі жұмысын және дайын өнімнің шығуын қадағалау. Ең жоғары тығыздықпен индукцияны алуға діріл баспақтарының қондырғыларын оңдау. Баспаланған өнім сапасын бақылау. Электр тәсімдердің, автоматика тәсімдерінің және сигнализацияның, аспирация мен желдеткіштің жүйелерін қарау және тексеру. Желі және оның жекелеген агрегаттарының жұмысында ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: автоматты және қолмен істеу режимінде анодты блоктардың діріл қалыптастыру көлікті-технологиялық желілерінің құрылғысы және киниматикалық тәсімі, басқару ережесі, діріл баспалау қондырғыларының технологиялық сипаттамасы, діріл баспалау параметрлері және өнім сапасына әсері, температуралық режимді реттеу және оны бақылау тәсілдері, масса мен шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Электродты өнім слесарі
10. Электродты өнім слесарі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі графитті бөлшектер мен бұйымдарды слесарлық өңдеу және металл кесуші станоктарды пайдалана отырып, 11-13 квалитеттер (4-5 дәлдік классы) бойынша электродты өнім бұйымдарын жинау. Қарапайым кескінді слесарлық және кескіш құрал-саймандарды қайрау және толтыру. Қызмет көрсететін жабдықты цементтеуге қатысу.

Білуге тиіс: өңделетін электродты материалдардың қасиеті және оларды өңдеу тәсілдері, рұқсаттар мен қондырулар, қарапайым және орташа күрделі сызбалар мен нобайларды оқу, өңделетін бұйымдарға қойылатын талаптар, слесарлық, кескіш және бақылау-өлшеу құрал-саймандарының міндеті және пайдалану ережесі.

11. Электродты өнім слесарі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Графитті бөлшектер мен бұйымдарды слесарлық өңдеу және 7-10 квалитеттер (2-3 дәлдік классы) бойынша электродты өнім бұйымдарын жинау. Силицирленген бөлшектерді слесарлық өңдеу. өзара өлшемдер мен геометриялық параметрлермен байланған шаблондар бойынша күрделі кескінді бұйымдарды ойып кесу және егеу. Бірнеше бейінді және өлшемді орташа және күрделі кескінді кесуші құрал-саймандарды қайрау және сапаландыру.

Білуге тиіс: рұқсат беру және қондыру жүйесі, күрделі сызбалар мен нобайларды оқу, өңделетін бұйымдарға қойылатын талаптар, слесарлық, кескіш және бақылау-өлшеу құрал-саймандардың құрылғысы және қолдану ережесі, бөлшектерді белгілеу тәсілдері мен ережесі.


12. Электродты өнім слесарі 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Лекалалар бойынша 5-6 квалитеттер (1-2 дәлдік классы) бойынша графиттің бағалы маркаларынан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды слесарлық өңдеу. Гермотығындау алдында жауапты тораптар мен бұйымдарды жинау, реттеу, сынау және тапсыру.

Білуге тиіс: техникалық оқу, лекалалы жұмыстарды жүргізу тәсілдері, геометрия мен тригонометрия негіздері, өңделетін электродты өнімнің қасиеті мен технологиясы.

Электродты өнімді механикалық өңдейтін станокшы
13. Электродты өнімді механикалық өңдейтін станокшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық талаптарға сәйкес токарлы, фрезерлік, ажарлау және басқа да металл кесуші станоктарда, жартылай автоматтарда, дискілі және таспалы араларда қарапайым шағын габаритті бөлшектерді өңдеу. Кесу режимдерін өңдеу жүйелілігін сақтау. Цилиндр бетін қайрау және қыру. Тікбұрышты, сыртқы және ішкі радиусты, кемерлерді, саңылауларды және жырашықтарды фрезерлеу. Қызмет көрсететін станоктарды жөндеу және оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: станок жұмысының принципі, өнімді өңдеудің ұтымды режимдері, өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиеттері, кең таралған құралдардың, қалыпты және арнайы кесу құрал-саймандарының құрылғысы және қолдану шаралары, кесу бұрыштары, кескіштерді, бұрғыларды, фрездерді, дискілі және таспалы араларды қайрау және орнату ережесі, қарапайым бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарының міндеті және қолдану шарттары, қарапайым сызбалар мен нобайларды оқу, өнімді өңдеу кезіндегі ақаулардың себебі және оларды алдын алу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері:


  1. Дисктер, фланецтер диаметрі 350мм дейін – кесу;

  2. Қайықшалардың төсеніш орталығы және қақпақтары графитті – дайындау;

  3. Өзекшелер диаметрі 150 мм дейін – өңдеу;

  4. Әртүрлі диаметрлі түтіктер және қимасы 200 х 200 мм дейін квадратты блоктар – өңдеу.

14. Электродты өнімді механикалық өңдейтін станокшы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өлшеуші кесу құрал-саймандарды және арнайы құралдарды қолданумен токарлы, фрезерлік, ажарлау және басқа да металл кесуші станоктарда, жартылай автоматтарда, дискілі және таспалы араларда сыртқы диаметрі бойынша ірі габаритті электродтарды және орташа күрделі шағын габаритті бөлшектерді өңдеу. Конустық бетін қайрау және қыру. Әртүрлі кескінді сыртқы және ішкі жазықтарды фрезерлеу. Станоктарды оңдау, технологиялық жүйелілікті және кесу режимдерін белгілеу. Екі жазықта салыстырумен әртүрлі құралдарда бөлшектерді орнату және бекіту. Станоктарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін станоктардың құрылғысы, өңделетін материалдардың түрлері және негізгі қасиеттері, арнайы құралдардың құрылғысы және қолдану шарттары, қалыпты және арнайы кесуші құрал-саймандарды қайрау және орнату ережесі, орташа күрделі бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарының міндеті және қолдану шарттары, орташа күрделі сызбалар мен нобайларды оқу, өнімді өңдеудің ұтымды режимдері, рұқсаттар мен қондырулар, майлау жүйесі және станоктарды күту ережесі.

Жұмыс үлгілері:


  1. Графиттелген анодтар – шөрке төсеу және ажарлау;

  2. Ниппельдер – шөрке төсеу;

  3. Қимасы 200 х 200 мм жоғары квадратты блоктар – өңдеу;

  4. Саңылаулар – фрезерлеу;

  5. Конусты патрондар, графитті қайықшалар – токарлы және фрезерлі өңдеу;

  6. Отбақыраштар диаметрі 350 мм дейін және муфельдер – толық токарлық өңдеу;

  7. Өзекшелер диаметрі 150 мм жоғары – өңдеу;

  8. Графиттелген дайындамалардан жасалған термопарларға арналған қаптар – токарлық өңдеу;

  9. Электродтар – токарлы станоктар мен жартылай автоматтарда қайрау.

15. Электродты өнімді механикалық өңдейтін станокшы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Токарлы, фрезерлік, ажарлау және басқа да металл кесуші станоктарда бұрандаларды қырып және кесіп, жұқа қабырғалы бөлшектерді, күрделі кескінді шағын габаритті бөлшектерді, ірі габаритті электродтарды өңдеу. Сызбалар немесе нобайлар бойынша 8-11 квалитеттер (3-4 класс дәлдігі) бойынша өткелдердің көп санымен бөлшектерді дайындау. Қатты қорытпаларды өндіру үшін графитті бұйымдарды дайындау. Әртүрлі әмбебап және арнайы аспаптар мен тексерілген құрал-саймандарды қолданумен бірнеше жазықтарда дәлдік салыстырумен күрделі бөлшектерді орнату. Үлгілі бетін қайрау. Станокты жөндеу және бөлшектерді өңдеудің технологиялық жүйелілігін және анықтамалар мен станоктың паспорты бойынша ұтымды режимдерді белгілеу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті станоктардың конструктивтік ерекшеліктерін, олардың негізгі тораптарының конструкциясы және өңделетін материалдардың дәлдігін, қасиетін тексеру ережесі, әмбебап және арнайы құралдардың құрылғысы және қолдану шарттары, қалыпты және арнайы кесу құрал-саймандарды қайрау және сапаландыру ережесі, геометриясы, кесу режимдерін анықтамалар мен станоктың паспорты бойынша белгілеу ережесі, күрделі бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптардың құрылғысы мен міндеті, рұқсаттар мен қондырулардың, квалитеттердің жүйесі және кедір-бұдыр параметрі (өңдеу дәлдігі мен тазалығының кластары) .

Жұмыс үлгілері:


  1. Күрек секілді және сынапты түзеткіштердің анодтары – өңдеу.

  2. Домна блоктары – фрезерлеу.

  3. Графитті дайындамалар – бөлшектерді өңдеу.

  4. Цилиндрлі ұялы электродтарға арналған дайындамалар - трапецеидалды бұранданы кесумен ниппельдерде өңдеу.

  5. Графитті пештер мен минералокерамика конустары, визуалды түтіктер, баспа-нысандардың қақпақтары, баспа-нысандардың қыздырғыштары, стакандары – токарлық және фрезерлік өңдеу.

  6. Отбақыраштар диаметрі 350 мм дейін – толық токарлық өңдеу.

  7. Цилиндрлік ұялы электродтар – трапецеидалды бұранданы қайрау және кесу.

16. Электродты өнімді механикалық өңдейтін станокшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конустық жанасқан барлық диаметрлі электродтардың аса күрделі кескінді бөлшектерін өңдеу. Трапецеидалды бұрандалы кесу электродтары үшін биконикалық ниппельдерді дайындау. Электродтар мен ниппельдерді өңдеу. 7-9 квалитеттер (2-3 класс дәлдігі) бойынша құрамдасқан бекітуді және бірнеше жазықта мұқият салыстыруды талап ететін әртүрлі өткелдер, қондырғылардың көп санымен бөлшектерді дайындау. Сыртқы және ішкі қисық бетін және қисық бетімен цилиндрлік жанасқан бетін қайрау. Тікбұрышты және әртүрлі модульді және қадамды трапецеидалды бұрандаларды кесу. Станоктарды, жартылай автоматтарды және көшіргіш құралдарды оңдау. Бөлшектерді өңдеудің технологиялық жүйелілігін және анықтамалар мен станоктың паспорты бойынша кесудің ұтымды режимдерін белгілеу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті станоктар мен жартылай автоматтардың құрылғысы, кинематикалық және электрлік тәсімі, берілген өңдеу дәлдігіне және тазалығына жету тәсілдері, кесу теориясының негіздері, аса күрделі бақылау-өлшеу құрал-саймандарының құрылғысы, аса күрделі және жауапты жұмыстарды орындаумен байланысты есептер.

Жұмыс үлгілері:


  1. 4,7,10 ұялы, штабикті, графитті баспақ-нысандары – токарлық, фрезерлік өңдеу.

  2. Электродтар – шеттерді қайрау, кесу; конустық жанасқан трапецеидалды бұрандаларды қайрау және кесу.

17. Электродты өнімді механикалық өңдейтін станокшы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі станоктарды 5-8 квалитеттер (1-2 класс дәлдігі) бойынша арнайы бағалы маркалы графиттен жасалған эксцентрлік және сфералық беті іштей жанасқан жұқа қабырғалы және жауапты бөлшектер дайындау. Дәлдік координаттық өлшемдерді және желілік, бұрыштық өлшемдерге рұқсатты қамтамасыз ету үшін аса күрделі технологиялық жарақтарды қолданумен әртүрлі типті станоктарды оңдау. Есептерді қолданумен жетуі қиын орындарды әмбебап немесе бірегей дәлдік өлшеу құрал-саймандарымен өлшеу. Станоктарды күрделі көшіруге дайындау кезінде

Білуге тиіс: әртүрлі типті станоктар мен жартылай автоматтардың құрылғысы, кинематикалық және электрлік тәсімі, берілген өңдеу дәлдігіне және тазалығына жету тәсілдері, кесу теориясының негіздері, аса күрделі бақылау-өлшеу құрал-саймандарының құрылғысы, аса күрделі және жауапты жұмыстарды орындаумен байланысты есептер.

Жұмыс үлгілері:


  1. 4,7,10 ұялы, штабикті, графитті баспақ-нысандары – токарлық, фрезерлік өңдеу.

  2. Электродтар – шеттерді қайрау, кесу, конустық жанасқан трапецеидалды бұрандаларды қайрау және кесу.

Текшеші
18. Текшеші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Текше мен қондырғыларда электродты өнімдерді сынаушы. Агрегат қондырғыларына өнімдерді тиеу және түсіру. Алдын ала бақылау тексерумен және бақылау тақта мен текшеде қиюластырумен әрбір конструктивті элементке блоктарды жинақтау. Түрлері, өлшемі және тәсімі бойынша сұрыптау, таразылау, электродты өнім тәсімі бойынша таңбалау, тасымалдау және қалау. Өнімді, көтеру-тасымалдау құралдарын сынау үшін қондырғылар мен текшелерге қызмет көрсету және оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: электродты өнімдер мен көтеру-тасымалдау құралдарын сынау үшін қондырғылардың және текшелердің құрылғысы, электродты өнімдердің түрлері мен өлшемі, оның сапасына қойылатын талаптар, электродты өнімді тиеу, қалау және түсіру тәсімі, бақылау - өлшеу құрал-сайманы, белгіленген сигнализация.

Электродты арнайы өнімді сынау кезінде – 4-разряд.

Электродты массаны қалыптаушы


19. Электродты массаны қалыптаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен қалыптаушы машиналарда брикеттерге немесе блоктарға электродты, анодты және қалың массаларды қалыптау. Массаларды машинаның бункеріне немесе қалыптарға тиеу. Қалыптардан брикеттер мен блоктарды таңдау, тасымалдау және қатарлап қалау немесе кюбельдерге, себеттерге тиеу. Қалыптаушы машиналарға, көлік құралдарына қызмет көрсету және оларды жөндеуге қатысу. Стропты жұмыстар.

Білуге тиіс: массаларды қалыптастыру кезінде қолданылатын қызмет көрсететін жабдықтардың, құралдардың және құрал-саймандардың жұмыс принципі, қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері, электродты массаның қасиеті мен құрамы, механизмдерді майлау жүйесі, белгіленген сигнализация; строптау ережесі, электродты, анодты, қалың масса және қалыпталған өнім сапасына қойылатын талаптар.


20. Электродты массаны қалыптаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыптаушы машиналарда брикеттерге немесе блоктарға электродты, анодты және қалың массаларды қалыптау. Қалыптаушы машиналарды, көлік құралдарын, салқындату құрылғысын оңдау және жұмысын реттеу, оларды жөндеуге қатысу. Брикеттер шығарудың есебін жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін қалыптаушы машиналардың құрылғысы, электродты массаны байланыстыратын компоненттердің құрамы, олардың физикалық-химиялық қасиеті және міндеті, әртүрлі маркалы электродты массаны дайындау технологиясы, температуралық режим, салқындату жүйесі, автоматтау және блоктау жүйесі, шығарылатын өнімді есепке алу нысаны.

Электродты өнімді хлорлаушы
21. Электродты өнімді хлорлаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары хлорлаушының басшылығымен электродты өнімді хлорлау процессін жүргізу. Өнімді хлорлау кезіндегі температура мен қысымды бақылау. Цехтық тарату пунктінен хлорлауды тапсыруды реттеу. Хлор құбырларына ниппельді орнату. Иілгіш шлангтарды қосу және сөндіру. Хлор құбырларын тазалау, оларды қысымда сумен немесе ауамен байқау. Хлор салынған ыдысты тасымалдау және оның сақталуын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтауға және жоюға қатысу.

Білуге тиіс: хлор құбырлары мен құбырлар коммуникациясының тәсімі, хлордың негізгі қасиеттері мен шығыс нормалары, хлорды қосу кестесі, хлор беруді реттеу ережесі, хлорды сақтау және тасымалдау ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережесі.

22. Электродты өнімді хлорлаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электродты өнімді хлорлау процессін жүргізу. Хлорды орталық басқару пунктінен беруді реттеу және оның пешке біркелкі келуін қамтамасыз ету. Сұйық хлорды теміржол цистерналарынан танкке құю. Газсыздандыру ерітіндісін дайындау және оның қосылымдарын белгілеу. Хлорлы коммуникация жүйесіне шлангтарды қосу. Ыдыста қалған хлор қалдығын жою. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу. Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы, хлорлау процессінің барысын реттеу тәсілдері, хлордың қасиеті және оның бұйымға әсері, ыдыста қалған хлор қалдығын жою тәсілдері, бейтараптандырушы ерітінділердің және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Электродтарды қатарлаушы
23. Электродтарды қатарлаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электродты өнімдерді өңдеуден, тазалаудан және ассортимент бойынша сорттылыққа ақаусыздандырудан кейін қатарлау. Электродты өнімді қатарлау бойынша алаңды тазалау және дайындау. Вагондардан түсіру және қатарлап қалау. Өңдеу, тазалау және сынамасын алу үшін электродты өнімдері станоктарға беру. Меншікті электр кедергіні өлшеу үшін күйдірілген дайындаманы қалау және көлемді салмағын айқындау. өнімді таңбалау және оларды вагондарға тиеу. Ақау өнімдерді цехтан шет орындарға жинау. Стропты жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: электродты өнімнің ассортименті мен сорттары, электродты өнімді сыртқы түрі бойынша ажырату, өнімдерді алаңдарда, үстелде және басқа да құралдарда қатарлап қалау тәсілдері, белгіленген сигнализацияны, жүк қармаушы құралдардың түрлері, жүктерді строптау ережесі.

Электродшы
24. Электродшы 2-разряд


жүктеу 3,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау