Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (8-шығарылым)



жүктеу 3,5 Mb.
бет5/14
Дата25.05.2018
өлшемі3,5 Mb.
#17183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Білуге тиіс: таза асыл металдар мен олардың тұздары өндірісінде барлық технологиялық жабдықтардың құрылысы мен өндіру технологиясы, коммуникация сұлбасы, технологиялық жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуінің себептерін жою әдістері, слесарлық іс.

Жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен орындаған кезде - 4-разряд.

60. Асыл металл өндірісінде жабдықтарды реттеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қайталама шламдарды өңдеу процессін жүргізу. Кептіру пештеріне қаңылтыр табаға салынған шламды енгізу. Пештегі температура мен реттеу. Пештен қаңылтыр табаны алу. Шламды ұсақтау және себу, оларды орау және белгі соғу. Вакуум-кептіру пештеріне, дөңгелек диірмендерге, торлар мен басқа да көмекші жабдықтарға қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: шламдарды өңдеу үшін техникалық жағдай, шламдардың сапасына қойылатын талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін, аспаптар мен құралдарды пайдалану ережесі.

Қалып табақтарын өңдеуші
61. Қалып табақтарын өңдеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары өңдеушінің басшылығымен қалып негіздерді кесу және түзету, құлақшаларын кесу, құлақшаларды бекіту, станокқа негіздерді ілу. Өнімді сорттау, қоймаға салу және тасымалдау.

Білуге тиіс: катод табақтарына қойылатын талаптар, табақтарды тиімді пайдалану және ашу.

62. Қалып табақтарын өңдеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Катодтар мен катод табақтарға арналған қалып негіздер мен алюминий штангаларды белгілеу, кесу және түзету. Құлақшаларды катод негізге бекіту. Катод табақтарын сорттау, қоймаға салу және тасымалдау. Штангаларды күйдіргіш натриймен және азот қышқылымен химиялық өңдеу. Суық дәнекерлеу прессінде түйіспелерді дәнекерлеу, оларды механикалық өңдеу және күйдіру. Қайшыларға, қадау станоктары мен катод негіздерін түзетуге арналған валиктерге қызмет көрсету. Катод негіздерін станокқа ілу, оларды жүктелетін серияға тасымалдау. Престі тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: қайшылар мен престің шекті жүктемесі, металл, қышқыл, сілтінің негізгі қасиеттері, катодтар мен катод табақтардың сапасына қойылатын талаптар мен стандарттар, материалдарды тиімді пайдалану тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықтарды пайдалану ережесі, орнатылған құлақшалардың көлемі.

Сынапты шыңдау
63. Сынапты шыңдау 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынапты шыңдау машиналарында немесе қазандықта түю. Келіні науадан алу, оны шыңдау бөлімшесіне тасымалдау. Келіні шыңдау машиналарына немесе қазандықтарға өлшеулі мөлшерде әк қоса отырып салу. Келіні әкпен араластыра отырып жуу. Келінің сапасын айқындау. Шыңдалған сынапты баллонға ағызу және қоймаға тапсыру. Қойыртпақты жекелеген түйіршектерге тарту. Шыңдау машинасын, реторлы пештердің конденсациясы жүйесін басқару. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу. Пешкөмей мен сужиманы тазалау.

Білуге тиіс: келінің сапасы мен сынапты шыңдауға қойылатын талаптар, сынапты шыңдау үшін қажетті әктің сапасы, тасымалдау кезінде келіні сақтау ережесі, арту машинасын, электрокар және келіні тарту сорғыларын басқару ережесі.

Алюминий өндірісі автоматтандырылған процессінің операторы
64. Алюминий өндірісі автоматтандырылған

процессінің операторы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Микроклиматы реттелетін жабық үй-жайдың ішінде орналасқан басқарудың автоматтандырылған жүйесі пультімен басқарылатын желіде алюминий өндірісі және күйдірілген анод дайындау технологиялық процессін жүргізуге қатысу. Бастапқы шикізат пен материалдарды дайындау. Шихтаны пешке немесе миксерге салу. Шихта мен байланыстырушы материалдарды араластыру. Пештегі немесе миксердегі температураны, металл деңгейі мен металл қалып пен кристаллизаторға металдың тең түсінің бақылау. Металл сапасын талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу. Пешті, миксерді, шөмішті, сифонды, өңделген анодты (тұқылды), анод ұстағыштарды қатып қалған электролиттен, тұнбалар мен шламнан механикалық тазалау. Біліктілігі анағұрлым жоғары алюминий өндірісі автоматтандырылған процессі операторының басшылығымен электрод өнімін престеу. Құймаларды белгіленген көлем бойынша кесу. Құйымдар мен құймаларды пакеттерге салу және белгі соғу. Көтергіш-көліктік жабдықтың көмегімен металл, кокс, анод, дайын өнім, шикізат, материалдарды тасымалдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидаты және оны пайдалану ережесі, металл сынамаларын іріктеу ережесі, қызмет көрсетілетін көтергіш-көліктік жабдықтар мен тетіктердің құрылысы, жұмыс істеу қағидаты мен пайдалану ережесі, төгілетін, дара жүктер мен сұйық күйіндегі металды тасу ережесі, құймаларды аралау ережесі, қызмет көрсетілетін жүк көтергіш механизмдер мен шынжырлардың шекті жүк көтергіштігі, жүкті көтеру және орнын ауыстыру ережесі.

65. Алюминий өндірісі автоматтандырылған

процессінің операторы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Микроклиматы реттелетін жабық үй-жайдың ішінде орналасқан басқарудың автоматтандырылған жүйесі пультімен басқарылатын желіде алюминий өндірісі және күйдірілген анод дайындау технологиялық процессін жүргізу. Сазтопырақ пневмокөлігі мен газ тазалау үздіксіз процессін жүргізу. Вайербарс, құйма, әр түрлі профильді және көлемді құйымдарды жартылай үздіксіз және үздіксіз құю процессін жүргізу. Қоспалаушы құрылғыларды басқару. Электрод өнімді престеу процессін басқару. Біліктілігі анағұрлым жоғары алюминий өндірісі автоматтандырылған процессі операторының басшылығымен электродтарды күйдіру пештерінде күйдіру. Анод бұрандалы түтікті ұяшықтарды құю. Анод блоктары мен анод ұстағыштарын орнату және орталықтау. Металлургиялық өндірістің негізгі және қосымша жабдықтарына қызмет көрсету. Пештегі, миксердегі және кристаллизатордағы температура мен металл және ваннадағы электролит деңгейін бақылау. Металды вакуум шөміштен бөліп құятын шөмішке ауыстырып құю. Көтергіш-көліктік жабдықтың көмегімен металл, кокс, анод, дайын өнім, шикізат, материалдарды тасымалдау. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, электролизер мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықты күрделі жөндеуге дайындау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың көрсеткіштеріне есеп жүргізу.

Білуге тиіс: мата сүзгілер, радиалды желдеткіштер, пештер, миксерлер, кристаллизаторлардың құрылымдық ерекшеліктері, автоматика құралдары, бақылау-өлшеу аспаптары, және автоматтандырылған желіні басқару пультінің мақсаты және жұмыс істеу қағидаты, қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері мен оларды жою әдістері, алюминий балқымалары алюминийінің физика-химиялық және механикалық қасиеттері, газбен тазалаудың, құю өндірісінің орындалатын жұмыс көлеміндегі негізгі технологиясы, қызмет көрсетілетін жабдықтың көрсеткіштеріне есеп жүргізу, орындалатын жұмыс көлеміндегі слесарлық іс.

66. Алюминий өндірісі автоматтандырылған

процессінің операторы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Микроклиматы реттелетін жабық үй-жайдың ішінде орналасқан басқарудың автоматтандырылған жүйесі пультімен басқарылатын желіде алюминий өндірісі және күйдірілген анод дайындау технологиялық процессін жүргізу. Сазтопырақ гирокөлігі, газ тазалау, әр түрлі құрылымды ванналарда балқытылған ортада алюминий электролизі процессін жүргізу. Газ тазалау жабдығы мен радиалды желдеткішті басқару. Металлургиялық өндірістің негізгі және қосымша жабдықтарына қызмет көрсету. Электролизерлер мен индукциялық пештерді дайындау және бастапқы шикізатты салу. Мата сүзгілерді орнату және ауыстыру. Көмір электродтары мен вибропрестерді жасау. Электродтарды күйдіру пештерінде күйдіру. Электродтың бетін тазалау. Монтаждау кезінде анодты орнату және орталықтау. Анод рамасын тарту. Катодты резина планкамен жабдықтау. Коксты кептіру және себу, шихтаны қыздыру және араластыру жөніндегі жабдыққа қызмет көрсету. Технологиялық құю, гомогенизацияның барысын реттеу және түзету. Индукциялық пештерде шойынды балқыту процессін жүргізу. Белгіленген режим бойынша балқыту барысын реттеу. Технологиялық жабдықты қосу және тоқтату. Сынамаларды іріктеу және кокс шихтасының түйіршектелген құрамын тексеру. Электродтарды орнату және алу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: алюминий электролизінің технолгиялық процессін жүргізу тәртібі, электролиздер, сазтопырақ гирокөлігі, газ тазалау жабдығының құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты, радиалды вентилятор, мата сүзгілердің құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты, электродтарды жасау тәртібі және оларды орнату және алу тәсілдері, күйдіру пештерінің, престер мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

67. Алюминий өндірісі автоматтандырылған

процессінің операторы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Микроклиматы реттелетін жабық үй-жайдың ішінде орналасқан басқарудың автоматтандырылған жүйесі пультімен басқарылатын желіде алюминий өндірісі және күйдірілген анод дайындау технологиялық процессін жүргізу. Көпфункционалды жүк көтергіш машинада электролизерлерге қызмет көрсету дің регламенттелген операцияларын орындау. өңделген газ қалдықтары бойынша регламентті орындау. Сазтопырақ гирокөлігі, газ тазалау процессін бақылау. Вайербарс, құйма, әр түрлі профильді және көлемді құйымдарды жартылай үздіксіз және үздіксіз құю, электродтарды орнату және алу және дайын өнімді шығару процессін бақылау. Электролит пен металл температурасы мен деңгейін бақылау. Металға спектральдық талдау жүргізу үшін сынамаларын іріктеу. Технологиялық параметрлердің сақталуын бақылау. Көлік құралдары мен тетіктерінің жұмысын бақылау. Индукциялық пештерде шойынды балқыту процессін балқыту режимін түзете және таңдай отырып жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты ауысым басында қабылдау және соңында тапсыру. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысының көрсеткіші есебін жүргізу.

Білуге тиіс: алюминий және анод өндірісінің технологиясы мен технологиялық режимі, сазтопырақ гидрокөлігі, газ тазалау жүйесінің технологиясы мен технологиялық режимі, автоматика құралдары, бақылау жүйені, алюминий және анод өндіру процессін, көлік және сазтопырақты, газ тазалауды басқару қалқанының мақсаты мен жұмыс істеу қағидаты, көп функционалды жүк көтергіш машинаның құрылысы мен пайдалану ережесі, орындалатын жұмыс көлемінде металлургия негіздері, қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану ережесі және күтімі, қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері, пайдаланылатын шикізат пен жартылай дайын өнімдердің физика-химиялық және механикалық қасиеттері, өндіріс қалдықтарына қойылатын экологиялық талаптар, қызмет көрсетілетін жабдық жұмысының көрсеткіші есебін жүргізу ережесі.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

68. Алюминий өндірісі автоматтандырылған

процессінің операторы 8-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алюминий өндірісі және күйдірілген анод дайындау технологиялық процессін басқарудың автоматтандырылған жүйесіне микроклиматы реттелетін жабық үй-жайдың ішінде орналасқан басқарудың автоматтандырылған жүйесі пультімен қызмет көрсету. Технологиялық процестің деректері мен параметрлерін желі автоматикасының жадылық құрылғысына енгізу. Дайын өнімнің сапасын тексеру. Электролиз процессі сипаттамасымен шартталған электролит құрамының өзгерісін бақылау. Электролизерлердің энергетикалық режимін бақылау және реттеу. Электролиттің құрамын сыртқы белгілері немесе талдау мәліметтері бойынша анықтау. Түйіспелердегі кернеудің толқуын өлшеу процессін бақылау. Көп функционалды жүк көтергіш машинадағы электролизерлердің электролизіне қызмет көрсетудің регламенттелген операциясын орындау. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою шараларын қабылдау. Қызмет көрсетілетін учаскелер жабдықтарының жұмысын бақылау. Алюминий өндірісінің автоматтандырылған процессінің операторларының жұмысын ұйымдастырушыны қызмет көрсетілетін жабдық жұмысында және дайын өнімнің сапасында анықталған барлық кемшіліктер туралы, есептік құжаттаманы жасай отырып хабардар ету.

Білуге тиіс: алюминий және анод өндірісінің технологиясы мен технологиялық режимі, технологиялық процестің деректері мен параметрлерін желі автоматикасының жадылық құрылғысына енгізу тәртібі, көп функционалды жүк көтергіш машинаның, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою тәсілдері, электролиз процессінде электролиттің өзгеру сипаты, алюминий алудың негізгі технологиялық параметрлері, шығарылатын өнімге мемлекеттік стандарт, техникалық жағдай және технологиялық параметрлер, түйіспелердегі кернеудің толқу нормалары, орындалатын жұмыс көлемінде электроника және электрохимия негіздері, қызмет көрсетілетін жабдық жұмысының, дайын өнім сапасы көрсеткішінің есебін жүргізу ережесі, есептік құжаттама толтыру ережесі.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Мырыш тозаңы өндірісіндегі пешші


69. Мырыш тозаңы өндірісіндегі пешші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мырыш құйымдарды пеште қайта балқыту процессін жүргізу. Мырыш құйымдарды жеткізу және оны пешке бірқалыпта енгізу. Мырыш тозаңын бункерлер мен камералардан шығару, дростарды алу, тозаңды тозаңдандыру және оны металл банкаларға салу. Тозаңды пневмо- және вакуум көлікпен тасымалдау. Пешке, қабылдау ыдыстарына және басқа да қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу. Пешті, газ өтетін жүйені, бункерлерді, камераларды, рекуператорларды, баған тұрақтарын тазалау және оларды тексеру.

Білуге тиіс: мырыш құйымдарды пеште қайта балқыту технологиясы, пештер мен қызмет көрсетілетін қосалқы жабдықтың құрылысы, мырыш пен оған серіктес басқа металдардың қасиеті, пештегі температураны реттеу тәсілдері, мырыш тозаңын орап түю ережесі, бағаналардың бітеулері мен тұрақтарын тексеру, пневмо- және вакуум көліктердің сұлбасы мен құрылысы.


70. Мырыш тозаңы өндірісіндегі пешші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен бақылау өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша белгіленген іріліктегі тозаң камераларында (бағаналарда) мырыш тозаңын алудың технологиялық процессін жүргізу. Тозаң бағаналарының балқытылған мырышпен тегіс сіңдірілуі. Балқыту форсункаларының жұмысын бақылау және оларды ауыстыру. Газ өтетін жүйені ажырату, газ өткізгіштерді тазалаған кезде агрегаттарды сұйық отынға ауыстыру және оны тазалағаннан кейін жүйені газға қайта қосу. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою және оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: мырыш тозаңы өндірісіндегі технологиялық процесс, тозаң бағаналарының, тозаңдандыру және от жағу форсункаларының құрылысы, газ және сұйық отынмен жұмыс істейтін агрегаттарға қызмет көрсету ережесі, мырыш тозаңына қойылатын талаптар.


71. Мырыш тозаңы өндірісіндегі пешші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бақылау өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша белгіленген іріліктегі тозаң камераларында (бағаналарда) мырыш тозаңын алудың технологиялық процессін жүргізу. Пештегі температураны және мырышты тозаңдандыру үшін ауа жіберуді реттеу. Мырыш тозаңы сапасын айқындау. Жабдық жұмысы көрсеткіштерін жазу. Келесі ауысым үшін жұмысты қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері, жұқа мырыш тозаңын алу шарттары мен режимі.

Иодидті тазаларту пешшісі
72. Иодидті тазаларту пешшісі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұру станоктары мен пешке тазарту аппараттарын орнату. аргон, су, сумен суытқыштың берілуі. Қақпақ пен шыбықты демонтаждау. Аппаратты суыту, өндірістік суды тазалау, жинау. Аппаратты, пресс өнімін тасымалдау. Вакуумдық сорғылар мен арматураны жөндеуге және ауыстыруға қатысу.

Білуге тиіс: иодидті тазарту аппараттары, вакуумдық сорғылар қызметінің қағидаты, процесс параметрлері, бақылау өлшеу аспаптары, жүк көтергіш тетіктер, қорғаныш құралдары, тығыз ауасы бар баллондарды пайдалану ережесі, оларды тасымалдау ережесі мен сақтау тәртібі, ІІ біліктілік топ көлеміндегі электр құрылғысын пайдаланған кездегі техникалық қауіпсіздік ережесі.

73. Иодидті тазаларту пешшісі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен иодидті тазарту процессін жүргізу. Мойнақты губка немесе жоңқа күйінде салу. Бункерді жинақтау, престеу, оны иодпен толтыру, вакуумдау және аппаратқа орнату. аппаратты вакуум блокқа жалғау және вакуумдау. Аппаратқа ауаның өтуін тексеру. Вакуумдық және бустерлік сорғыларға қызмет көрсету, олардағы жұмыс сұйықтығын ауыстыру, олардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Технологиялық параметрлерді бақылау және жазу. Бастапқы жіпті, ток өткізгіштер мен оқшаулағыштарды монтаждауға қатысу.

Білуге тиіс: иодидті тазарту аппаратының құрылысы, аппаратта болатын химиялық-металлургиялық процестер, талдау мәліметтерін, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін, қорғаныш құралдарын пайдалану ережесі.

74. Иодидті тазаларту пешшісі 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Иодидті тазарту процессін жүргізу. Параметрлерді түзету. Вакуум жүйесін ретке келтіру, престеу, аппарат бөлшектерін жарамсыз ету және оларды жөндеу. Ауысым қызметкерлерін қажетті құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету. Шикізат, материал, дайын өнімді есепке алу. өнім сапасын талдау қорытындылары немесе бақылау өлшемдері бойынша анықтау. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Аппараттарды монтаждау, демонтаждау, ток өткізгіштерді, бастапқы жіпті, оқшаулағыштарды монтаждау жұмыстарын басқару.

Білуге тиіс: иодидті тазарту аппаратының құрылымдық ерекшеліктері және оларды пайдалану ережесі, аппараттарды сумен қамсыздандыру, электрмен қоректендіру тәсімі, шикізат, материал шығыны нормалары, дайын өнімнің, монтаждалған аппараттың сапасына қойылатын талаптар, жабдықтың істен шығу себептері және оларды ретке келтіру тәсілдері.

Титан мен сирек металдарды қалпына келтіру және тазартудағы пешші
75. Титан мен сирек металдарды қалпына

келтіру және тазартудағы пешші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Хлорлы магнийді аппараттан арнайы шөмішке кезең-кезеңімен құю және оны түсіру пунктіне немесе миксерлік учаскеге біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен тасымалдау. Майды құю, вакуумдық сорғы багын жуу және таза май толтыру.

Білуге тиіс: көлік құралдары, ағызу құрылғысы, вакуумдық сорғы, өлшеу аспаптарының, шөміштердің құрылысы және оларға қызмет көрсету ережесі және шөмішті қыздыру құрылғысы, хлорлы магний ағынының толықтығы дәрежесі, ерітіндіні тасымалдау және шөмішті ілмектеу ережесі, шартты сигнализация.

76. Титан мен сирек металдарды қалпына

келтіру және тазартудағы пешші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен аппаратқа сұйық магний құю процессін және атмосферада аргонды қалпына келтіру және терең вакуумда тазарту процессін жүргізу. Монтаждалған және герметикалығы тексерілген қалпына келтіру және дистилдеуаппаратын пешке орнату. Аппаратты вакуум-блокқа қосу, аппаратты вакуумдау, герметикалығын тексеру. Пешті тығыз ауамен үрлеу. Мойнақ корпусын жерге қосу. Аппаратты қыздыру мен ағызуға қосу. Сумен суытқышты қосу және оның мойнақтың қақпағы мен фланеціне беру. Мойнақтың ағызу құбырынан қақпақты алу және ағызу құрылғысын монтаждау. Аппаратты процесс аяқталысымен магистральді желіден ағыту. Ағызу құрылғысын демонтаждау және қақпақты орнату. Аппаратты пештен алу, қажетті температураға дейін салқындату үшін тоңазытқышқа орнату. аппаратты монтаждау учаскесіне беру.

Білуге тиіс: қалпына келтіру, дистилдеу пештерінің және тоңазытқыштың құрылысы, аппарат және коммутация желісінің сұлбасы, химиялық реакция және сирек металдарды қалпына келтіру және дистилдеу процессінің негіздері, қалпына келтіру және дистилдеу процессі аяқталуының белгілері, жүк көтергіш механизмдерде қысым кезінде аппараттармен жұмыс жүргізу ережесі, талдау деректері және бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерін, қорғаныш құралдарын пайдалану ережесі, өндірістік-техникалық оқыту мектептері бағдарламасының шегінде химия, электротехника негіздері, сирек металдардың негізгі қасиеттері мен оларды қолдану.

77. Титан мен сирек металдарды қалпына

келтіру және тазартудағы пешші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аппаратқа сұйық магний құю процессін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен атмосферада аргонды қалпына келтіру және терең вакуумда тазарту процессін жүргізу. Процесс барысында қысым мен температураны бақылау және реттеу. Сумен сулау аппаратына әперу. Барлық желілерді ажырату. Қабылдау және шығару бактарына шикізатты толтыру. Сынамаларды талдау үшін іріктеу. Шикізатты герметикалық орталықтан тепкіш сорғымен бастан айналмалы желі мен дистилдеу аппаратына жіберу. Артық шикізатты қабылдау багына ағызу. Сорғыларды тоқтату. Өңделген майды ағызу. Сорғыны жуу және бакты таза маймен толтыру. Хлорлы магнийдің толық ағуын тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою. Режимдік құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: талдауды, сорғыны, өлшеу құралдарын, тығыз газы бар баллондарды пайдалану ережесі, аппаратта болатын химиялық-металлургиялық процестер, қалпына келтіру және дистилдеу өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар мен техникалық шарттар, шығарылатын өнімнің сапасына қоспалардың әсері.

78. Титан мен сирек металдарды қалпына

келтіру және тазартудағы пешші 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Атмосферада аргонды қалпына келтіру және терең вакуумда тазарту процессін жүргізу. Процесс барысын бақылау, режим параметрлерін реттеу және оларды процесс барысында түзету, өнім дайындығын соңғы рет тексеру. Жабдық жұмысы көрсеткіштерін жазу. Ауысым қызметкерлерін қажетті құралдар мен материалдармен қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: пештердің, тоңазытқыштардың құрылымдық ерекшеліктері, мойнақ-пеш қысымының ауыспалылығы, газ, шикізат, материалдар, дайын өнімнің қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар, талдау деректері мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін пайдалану ережесі.

Вельц-пештердегі пешші
79. Вельц-пештердегі пешші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық режимді сақтай отырып шикіқұрамды вельц-пештерге салу. Түсіргіштегі материал қабаты қалыңдығын реттеу. Толтыру құбыры мен бункерді қоқым мен кокс ұнтағынан тазалау. Шикіқұрам компоненттері сынамаларын іріктеудің дұрыстығын бақылау. Пештерді жөндеген кезде – материалдары мен шоғырмағын жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың әрекет қағидаты, шикіқұрам құрамы, шикіқұрамның берілу жылдамдығы, бункерлердің орналасу сұлбасы, олардың сиымдылығы, қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.

80. Вельц-пештердегі пешші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен шлактарды, қоқым, мырыш қалдығы және басқа да полиметалл қалдықтарды мен металлургиялық өндіріс қалдықтарын вельцтеу процессін жүргізу. Материалдарды вельц-пештерге салу процессін температуралық және тарту режимдерін бақылау, оларды реттеу және белгіленген технологиялық режимді сақтау. Пештегі шоғырмақты тазалау және ұшырып түсіру. Кері материалдарды (тотықтың ірі фракциясы) пешке пневмоқұрылғылармен немесе басқа құралдармен жіберу. Пештің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Вельцтеу өнімдері сынамаларын іріктеу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: вельц-пештің, толтыру құбырының, кері материалдарды жіберу пневмоқұрылғыларының, қосымша тетіктердің, реттеу құрылғыларының, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының құрылысы, шламдың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері.


81. Вельц-пештердегі пешші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген температуралық және тартылыс режимдерін сақтай отырып, металлургия өндірісінің полиметалл қалдықтарын: шлактар, қоқым, мырыш қалдығы және вельц-пештегі басқа да материалдарды вельцтеу процессін жүргізу. Шикіқұрамның пеште болу уақытының конусын реттеу. Шығатын клинкердің сапасын көзбен шолып айқындау. Шикіқұрамның арақатынасын, пешке кері материалдың берілуі. Пешті және қосымша жабдыққа қызмет көрсету. Шламды пеште күйдіру. Пешті тоқтатқаннан кейін қыздыру және қайта қосу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымдық ерекшелігі, металлургия негіздері, вельцтеу технологиялық процессі, тотықтандыру және металды қалпына келтіру режимі, технологиялық процестің бұзылу себептері, коммуникация сұлбасы, отын түрлері және олардың негізгі сипаты, алынатын металл тотығы сапасына қойылатын талаптар.

82. Вельц - пештердегі пешші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мырыш тотығын вельц-пеште бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша белгіленген технологиялық режимге және түсетін клинкердің сапасына сәйкес төте булау процессін жүргізу. Екінші ауа, оттегі, табиғи газдың пешке берілуін реттеу. Вельц-пештердің жоғарғы бастарындағы тарту режимін бақылау. Пештерді қыздыру және қосу, оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: мырыш тотығын төте булау технологиялық процессі, мырыш, кадмийдің тотықта еруінің нашарлауының алдын алу тәсілдері, пешкөмей/газ өткізгіштердің, ауа өткізгіштер мен қара май өткізгіштердің орналасу сұлбасы, оттегі және табиғи газбен қауіпсіз жұмыс ережесі, химия, физика негіздері, слесарлық іс.

Мырыш купоросын алудағы пешші
83. Мырыш купоросын алудағы пешші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін мырыш купоросын алу технологиялық процессін жүргізу. Дайын өнімді ыдысқа салу және тапсыру. Пешке және қосымша жабдыққа қызмет көрсетуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық жұмысының қағидаты, дайын өнімді ыдысқа салу тәсілдері мен ережесі.

84. Мырыш купоросын алудағы пешші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін мырыш купоросын алу технологиялық процессін жүргізу. Температураны, пеш жинағында және газ өткізу жүйесінде сиретуді, ауаны жұмсауды, ерітіндіге күкірт қышқылын жіберуді реттеу. Алынатын купоростың сапасын айқындау. Пештің жұмысын есепке алуды жүргізу, қызмет көрсетілетін жабдық жұмысының ақаулықтарын анықтау және жою.

Білуге тиіс: қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін пештің, газ өткізгіш жүйе мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы, физика, химия, вакуумдық техника негіздері, қолданылатын материалдардың қасиеттері, алынатын купоростың сапасына қойылатын талаптар, коммуникация сұлбасы.

Никель ұнтағын қалпына келтіруші пешші
85. Никель ұнтағын қалпына келтіруші пешші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен электр пештерінде никель шала тотығын қалпына келтіру арқылы; жалпақ реакциялық пештерде генераторлық газбен белсенді никель ұнтағын алу процессін жүргізу. Шикізат пен материалды қабылдау, елеу және тасымалдау. Шикіқұрамды белгіленген құрам бойынша дайындау және оны пешке салу. Жабдықты іске қосу және тоқтату. Никель шала тотығын генераторлық газбен қалпына келтіру температуралық режиміне сәйкес материал, газ, ауаның берілуін реттеу. Пештегі температураны бақылау. Сынамаларды іріктеу. Экспресс-аспаптардың көмегімен өнім сапасын айқындау. Электр пештерінен ұнтақты алу, кептіру және оны ыдыстарға салу. Пешке қызмет көрсету. Жалпақ реакциялық пешті жұмысқа дайындауға қатысу, ұнтақты салу. Пештің оттығының жағдайын, газ ілмек аппаратурасының дұрыстығын, сорғыш білтенің, желдеткіштің тартуын тексеру. Газ бен ауа қажеттігін есептеу. Жалпақ пештерді, шаң ұстағыштарды бөлшектеу және тазалау, оттықтары мен арналарын ауыстыру. Көтеріп тасымалдау тетіктерін басқару. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою, оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін пештердің, қосымша жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, жұмыстың технологиялық режимі және техникалық нұсқаулық, технологиялық процестің физикалық-химиялық негіздері, шикізат пен генераторлық газдың (компоненттерінің құрамы, жарылу шегі, салыстырмалы салмағы, жылыту қасиеті, қасиеттерін қалпына келтіру, улағыштығы және т.б.) физикалық-химиялық қасиеттері, материалдарды жұмсау нормасы, бақылау-өлшеу аспаптарын және талдау деректерін пайдалану ережесі, шикізат пен белсенді никель ұнтағының сапасына қойылатын талаптар, автоматика және сигнализация сұлбасы, газ, ауа, бу және су коммуникациясының сұлбасы, пешті жоспарлы және апатты жағдайда қосу және тоқтату тәртібі, газдалған атмосферада өзін-өзі ұстау тәртібі және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.

86. Никель ұнтағын қалпына келтіруші пешші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпақ реакциялық пештерде никель шала тотығын генераторлық газбен қалпына келтіру процессін жүргізу. Пештерді жұмысқа даярлау. Шикізаттың, газдың, ауаның үздіксіз түсуін, реакциялық және қайтушы газдың белгіленген температурасын, пештің ішкі температурасын қамтамасыз ету. Ұнтақты жалпақ реакциялық пештерден түсіру. Технологиялық процестің температуралық және газ режимін, газ қысымын, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ауаны автомат құрылғылардың көмегімен немесе қолмен реттеу. Пеш тетіктерінің жұмысын, су, газ, ауаның жұмсалуын, газ жанғыштардың жұмысын бақылау. Тиек арматурасын ауыстыру. Газ және ауа коммуникациясына, желдеткіштерге, бақылау-өлшеу аспаптарына және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу. Газдың кемуін тоқтату. Жарылу қаупі бар газ-ауа қоспасының қалыптасуын болдырмау. Ықтимал апат, өрт, жарылыс, уланудың пайда болуының алдын алу және оларды тоқтату үшін тиісті шаралар қабылдау.

Білуге тиіс: никель шала тотығын генераторлық газбен қалпына келтіру арқылы никель ұнтағын алудың технологиялық тәсімі, никельдің генераторлық газбен шала тотығуы тәсімі, процесті реттеу тәртібі, пештің өндірушілігін арттыру, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту тәсілдері, апатты тоқтату жоспары, газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесі, жарылу қаупі бар газ-ауа қоспасы қалыптасуының алдын алу тәсілі.

Термиялық тәсілмен қалпына келтіруші пешші
87. Термиялық тәсілмен қалпына келтіруші пешші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен престелген шикіқұрамның кесектерін термиялық қалпына келтіру, алғашқы айдауды (қара металды) дистилдеу, тесу процессін жүргізу. Шикіқұрамды белгіленген арақатынаста қалпына келтіру үшін дайындау, тесу жабдығына қызмет көрсету, қайталама өнімдерді қайта өңдеу. Брикеттерді пешке салуға дайындау, пешті тазалау, төте буланбаған қалдықтарды шығару. Жоғары кернеулі индукциялық көп зоналы пештерді басқаруға қатысу. Сұлба пішінін және генератордың қозу тогын іріктеу. Материалдарды тасымалдау. Сынамаларды іріктеу. Вакуум сорғылардың майын ауыстыру және оларды жұмысқа дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін пештердің және басқару аспаптарының мақсаты мен жұмыс қағидаты, материалдарды жұмсау нормалары, коммуникация сұлбасы, шығарылатын өнім сапасына қойылатын талаптар, электротехника, химия негіздері, материалдарды салу, түсіру және тасымалдау ережесі.

88. Термиялық тәсілмен қалпына келтіруші пешші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Термиялық қалпына келтіру, алғашқы айдауды дистилдеу, тесу технологиялық процессін жүргізу. Доғал пештерде балқыту. Индукциялық коп зоналы пештерді, вакуумдық пештерді, вакуумдық сорғыларды, жапқыштарды басқару. Термобу лампаларын орнату және оларды тексеру. Пештің зоналары бойынша температураны және ондағы вакуумды реттеу. Пештің жекелеген тораптарын салқындату сапасын, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау және оларды жазу. Пештің зоналары бойынша температураны өлшеу үшін аспаларын сыналастыру, конденсаторларды орналастыру. Пештерді толтыру және түсіру, өнімді сапасына қарай іріктеу. Химиялық бақылау жоспары бойынша сынамаларды іріктеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін пештердің, вакуум сорғылардың және басқару аспаптарының құрылысы, электр сұлбасы, қалпына келтіру және дистилдеу технологиялық процессін жүргізудің режимі және әдісі, шикізатқа, аралық өнімдерге және тауар өнімінің сапасына қойылатын техникалық шарттар мен талаптар, химия, электротехника және вакуумдық техниканың негіздері, бақылау өлшеу аспаптары мен олардың көрсеткіштерін пайдалану ережесі.

89. Термиялық тәсілмен қалпына келтіруші пешші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен жоғары кернеулі индукциялық көп зоналы вакуумдық пештерде сирек топырақты және қиын балқығыш металдарды термиялық тәсілмен престелген ұнтақтан жасалған брикет түрінде қалпына келтіру технологиялық процессін жүргізу. Жабдықтың герметикалығы жағдайын тексеру, термобу лампаларын орнату. Вакуумдық жапқыштарды, пештің зоналары бойынша температураны және ондағы вакуумды реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін, генераторды салқындату үшін судың түсуін, салқындату сапасын бақылау. Процестің аяқталу уақытын белгілеу. пешті толтыру, өнімді толтыру және сапасы бойынша іріктеу. Индуктор-қыздырғышты ауыстырған кезде пештің жұмысын ретке келтіру. Тұғыр мен индукторды пеш осіне қатысты орталықтау. Пеш жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жоғары кернеулі индукциялық көп зоналы вакуумдық пештердің, жоғары жиілікті генераторлардың, вакуумдық сорғылар мен жапқыштардың құрылысы, электр сұлбасы, қалпына келтіру процессін жүргізудің режимі және әдісі, сирек топырақты және қиын балқығыш металдардың негізгі қасиеттері, шикізат пен шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын техникалық шарттар мен талаптар.

90. Термиялық тәсілмен қалпына келтіруші пешші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары кернеулі индукциялық көп зоналы вакуумдық пештерде сирек топырақты және қиын балқығыш металдарды термиялық тәсілмен алу технологиялық процессін жүргізу. Жабдық және аппаратураның белгіленген жұмыс режимін сақтау. Шикізат, материалдар мен шығарылатын өнімнің жұмсалу нормаларына есеп жүргізу. Пеш зоналары бойынша температураны және ыдырату деңгейін реттеу. Пештің вакуумдық жүйесін ретке келтіру. Шығарылатын өнімнің сапасын талдау мәліметтері және процестің аяқталу уақыты бойынша айқындау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу. Аппарат пен пештердің технологиялық желі бойынша өзара әрекетін қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: пештер мен қосымша жабдықтың құрылысы мен жұмысының өзара байланыстылығы, процестің химиялық-металлургиялық негізі, электр және вакуумдық жабдықты пайдалану ережесі, сирек топырақты және қиын балқығыш металдардың қасиеттері мен құрылысы.

Құрамында титаны бар және сирек топырақты материалдарды қайта өңдеу жөніндегі пешші
91. Құрамында титаны бар және сирек топырақты

материалдарды қайта өңдеу жөніндегі пешші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен құрамында титаны бар және сирек топырақты материалдардан жасалған брикеттерді өнімділігі 45 т/тәулік дейінгі кокстау пештерінде кокстау және қож бен қалдықты хлорлау процессін жүргізу. Шикізатты тесу, ұсақтау, тарту. Материалды пешке, кюбельге және шығыс бункерлеріне салу. Материалдарды бір учаскеден екіншісіне, шламды - үйіндіге тасымалдау. Пешті, хлорлауыштарды, конденсаттау жүйесін, бак аппаратурасын тазалау; жуу, майсыздандыру, бөлшектер мен тораптарды кептіру. Хлорлауыштар мен тозаң камераларының астындағы кюбельдерді ауыстыру. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен 4-разрядта көзделген ілмектеу және жекелеген жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: материалдар мен қалдықтарды арту және тасымалдау ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты және жұмыс қағидаты, электр жабдықтарымен жұмыс істеу ережесі, кокстау және хлорлау процессі туралы негізгі түсінік, қолданылатын материалдардың түрлері, оларды жұмсау нормалары, шартты сигнализация.

92. Құрамында титаны бар және сирек топырақты

материалдарды қайта өңдеу жөніндегі пешші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрамында титаны бар және сирек топырақты материалдардан жасалған брикеттерді өнімділігі 45 т/тәулік дейінгі кокстау пештерінде кокстау және қож бен қалдықты хлорлау процессін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша процесс барысын бақылау. Температураны, ыдырауды, газдың түсуін реттеу. Кокс брикеттерін пештен түсіру және оларды салқындату орындарына беру. Брикеттерді салқындату. Брикеттерді таселекте жіктеу. Кюбельдерді брикеттермен толтыру және өлшеу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысында технологиялық режим нормасынан ауытқу себептерін және ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу. Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, брикеттерді кокстау технологиялық процессінің аяқталу уақыты, отынды үнемдеп жағу тәсілдері, брикеттер мен қождың сапасына қойылатын талаптар, қызмет көрсетілетін жабдық жұмысында технологиялық режим нормаларынан ауытқулар мен ақаулықтардың пайда болу себептері, кокстау және хлорлау технологиялық процестері, оларды реттеу тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптары, қорғаныш құралдары, таразы, құралдарды пайдалану ережесі, коммуникация сұлбасы, шикізаттың, жартылай өңделген өнімнің, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттері.

93. Құрамында титаны бар және сирек топырақты

материалдарды қайта өңдеу жөніндегі пешші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен брикеттерді өнімділігі 45 т/тәулік артық үздіксіз кокстау пештерінде кокстау және құрамында титаны бар және сирек топырақты материалдарды хлорлау, бу-газ қоспасын конденсаттау, хлорид ерітіндісін қоюлату, сүзгілеу процессін жүргізу. Шахталық электр пештерін, хлорлауыштарды, бағаналар мен қосу аппаратурасын дайындау. Кокс брикеттерін, тетрахлоридті, хлоридті қойыртпақты қабылдау, есепке алу және пешке, буландырғыштарға, аппаратураға салу. Пештер мен аппараттағы температураны, пешке, хлорлауыш пен аппараттарға хлор мен құрамдас заттардың түсуін реттеу. Пештегі, аппараттағы, бағаналар мен хлорлауыштардағы температура мен газ режимін және суымен салқындату жүйесін бақылау. Пештегі – брикеттер, аппараттағы – тетрахлоридтер, пеш шахтасындағы - балқыма деңгейін өлшеу. Хлорлау және тетрахлорид пен хлоридті қойыртпақты фракциялық айдау процессінде хлорид ерітіндісін, оксихлоридтердің пештік тұқылын, кремний, алюминий, темір және басқа да газды элементтердің тотығын және бу-газ қоспасын алу. Бу-газ қоспасынан қатты хлоридті, бөлу және айдау, оларды аппаратта тұндыру. Сынамаларды іріктеу. Хлоридтерді одан әрі өңдеу үшін қоюлатқыштардан алу. Пештегі, бағаналар мен аппараттағы технологиялық процестерді бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау. Хлорлау пештеріне, хлорлауыштарға, бағаналар, аппараттар конденсаттау жүйесіне, газ тазалау құрылғысына, коммуникацияға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету, оларды жөндеуге, тазалауға қатысу. Жабдықты қосу және тоқтату. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: пеш, хлорлауыш, бағаналар, конденсатор, қоюлатқыштар, скруббердің құрылысы және олардың мақсаты, аппараттар мен коммуникациялардың технологиялық сұлбасы, титан тетрахлориді мен қатты хлоридті қойыртпақтарды фракциялық айдау, қайтушы газды ұстау және залалсыздандыру шарттары, дистелденген заттың, хлоридтер мен басқа да залалсыздандырылған газдардың сапасына қойылатын талаптар, хлор, брикет, электролит және басқа да бөліктерін жұмсау нормалары.

94. Құрамында титаны бар және сирек топырақты

материалдарды қайта өңдеу жөніндегі пешші 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Брикеттерді өнімділігі 45 т/тәулік артық үздіксіз кокстау пештерінде кокстау және құрамында титаны бар және сирек топырақты материалдарды хлорлау, бу-газ қоспасын конденсаттау, хлорид ерітіндісін қоюлату, сүзгілеу, ректификаттау процессін жүргізу. Технологиялық процесс барысын, температуралық режимді бақылау, олардың өлшемдерін реттеу және түзету. Аспаптың көрсеткіштерін технологиялық журналға жазу. Жабдыққа қызмет көрсету, жабдықтың істен шығу себебін айқындау оны ретке келтіру.

Білуге тиіс: хлорлау пештерінің, конденсаторлар, суландырылатын скубберлердің құрылымдық ерекшеліктері және олардың мақсаты, химиялық-металлургиялық процестердің негізі, бейорганикалық химияның негізі, материалдар шығыны нормасы, жабдықтың істен шығу себебі және оны ретке келтіру ережесі.

Сүрме үштотығын өндіруші пешші
95. Сүрме үштотығын өндіруші пешші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өте таза сүрме үштотығын алу үшін электр пештерінде металды тотықтандыру процессін жүргізу. Ток кернеуін, пеш температурасын, пешке түсетін ауаның жылдамдығы мен көлемін реттеу. Металл тотығын (дайын өнімді) шығаруды бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу. Алғашқы өнім шығынын, салу уақытын, аспаптың көрсеткіші мен шығарылатын өнімді жазу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін электр пештерінің құрылысы, пеш жұмысының режимі, газ, металл және отқа төзімді заттардың негізгі қасиеттері, шығарылатын өнімге қойылатын техникалық шарттар мен талаптар және қоспалардың оның сапасына әсері, өндірістік техникалық оқыту мектептері бағдарламасының жүктемесіндегі электротехника және химия негіздері, химиялық реакциялар және металдың тотығу процессінің негізі.

Жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен орындаған кезде – 4-разряд.

Барий электролитін балқытушы


96. Барий электролитін балқытушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барий электролитін балқыту процессін жүргізу. Электролит шикіқұрамы мен анод балқымасын белгіленген құрамда дайындау. Қаданы ванна-маткаға салу және электролитті балқытып қаптастыру. Металды салу және анод балқымасын балқытып қаптастыру. Температураны, катод жүктемесі мен кернеуді реттеу. Ванна-маткадан өнімді шығару. Ванна-маткаға және қосымша жабдыққа қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: электролит шикіқұрамы және анод балқымасының құрамы, өнім сапасына қойылатын талаптар, шикіқұрамды балқыту және анод балқымасын балқыту температурасы, балқыту барысында жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері, аспаптарды, құралдарды, бақылау-өлшеу аспаптарын және олардың көрсеткіштерін пайдалану ережесі.


Электронды-сәулемен балқытушы


97. Электронды-сәулемен балқытушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен жоғары кернеулі жеделдетілген электрондар көзі бар құрылғыда өте таза сирек топырақты және қиын балқығыш металдар мен олардың балқымасын алу процессін жүргізу. Кристаллизаторлар мен ысырмаларды орнату. Тартудың вакуумдық жүйесін, мөлшерлеу және әперу құрылғыларын басқару. Электрон көздерін ауыстыру және түзету. Құрылғыны қосу, кристаллизатордың белгіленген диаметрі және балқытудың технологиялық режимі негізінде белгіленген жұмыс режимін сақтау. Құйманы вакуумда немесе инертті ортада суыту. Құрылғыны тоқтату, құймаларды шығару. Вакуумдық сорғыларды, ысырма вакуумдық арматураны, электрон көзінің сәуле өткізгішін жөндеу. Механикалық жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін электронды-сәуле құрылғыларының, сорғылардың, ысырма вакуумдық арматуралардың құрылысы, физика, химия, электротехника, вакуумдық техника негіздері, электр және вакуумдық өлшемдер, вакуумдық құрылғылар мен жекелеген учаскелерді айдау әдістері, сирек топырақты және қиын балқығыш металдардың негізгі қасиеттері.

Жоғары кернеулі жеделдетілген электрондар көзі бар құрылғыда алғаш балқыту және қиын балқығыш металдар мен балқымаларды алу процессін жүргізу кезінде – 4-разряд.

98. Электронды - сәулемен балқытушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары кернеулі жеделдетілген электрондар көзі бар құрылғыда өте таза сирек топырақты және қиын балқығыш металдар мен олардың балқымасын алу процессін жүргізу. Белгіленген технологиялық режим негізінде құрылғыны басқару. Тұтас жабдықтың, аспаптар мен автоматика жұмысының оңтайлы параметрлерін таңдау. Электрон көздері жұмысын бақылау. Электрон көзін түзету, режим таңдау, электронды-магниттік және иондық фокустағаннан кейін электронды буданы алғашқы тарту. Кристаллизатор диаметрі және өңделетін металл мен балқыманың түріне байланысты сәуле амплитудасын және ашылу формасын айқындау.

Ток пен бағыттың арасындағы қатынасты қуаттың қажеттілігіне байланысты айқындау. Қорғаныш және блоктау әрекетін тексеру. Автоматика жүйесі жұмысына ену және олардың қызметінің дұрыстығын соңғы рет бақылау. Қолмен басқару режиміндегі құрылғылар мен сорғылардың желдеткіші. Алғашқы материалдарды қабылдау, олардың сақталуын бақылау. Белгіленген физика-химиялық қасиеттері бар металдар мен балқымаларды алу.

Білуге тиіс: автоматика, сумен салқындату тәсімі, электр және күш қолдану сұлбасы, металдар мен балқымаларды балқыту режимі мен әдістері, шығарылатын өнім мен шикіқұрамға қойылатын техникалық шарттар мен талаптар, қайта өңделетін металдар мен балқымалардың физикалық-химиялық қасиеттері, электр, вакуумдық және гидравликалық жабдықтарды пайдалану ережесі, электронды-сәулемен балқытудың теориялық негіздері.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Бағалы металдар мен шикізатты қабылдаушы
99. Бағалы металдар мен шикізатты қабылдаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты, жартылай өңделген өнімді, дайын өнімді, ыдыстарды қабылдау, алдын ала өлшеу. Шикізатты, жартылай өңделген өнімді ұнтақтау, ұсақтау. Ыдысты бөліп орау үшін дайындау. Шикізатты, жартылай өңделген өнімді, дайын өнімді орау және ыдыстарға салу. Уатқышқа, тесу пештеріне, диірменге, шикізатты сынау аппараттарына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: дайын өнім мен ыдыстың номенклатурасы және техникалық шарттары, шикізатты, жартылай өңделген өнімді, дайын өнімді қабылдау, есепке алу және сақтау нұсқаулығы, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, шикізатты, жартылай өңделген өнімді, дайын өнімді тасымалдау ережесі.

100. Бағалы металдар мен шикізатты қабылдаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты, қожды, жартылай өңделген өнімді, ломдағы металды, қалдықтарды, дайын өнімді қабылдау, сынауға дайындау және сынау. Металдар мен балқымалардың түрі бойынша кейінгі шикізатты сорттау. Бағалы металдар балқымасын сапалы спектральдық талдау. Шикізатты, жартылай өңделген өнімді, дайын өнімді, ыдыстарды өлшеу және қайта өлшеу. Шикізатты сынау және алдын ала сынауға дайындау тәсімін белгілеу. дайын өнімді тааңбалау және өлшеп орау. Шикізат пен дайын өнімді қабылдау және беру құжаттамасын ресімдеу. Есептік құжаттаманы жүргізе отырып қорлық бағалы металдарды беру және қабылдау.

Білуге тиіс: шикізат, жартылай өңделген өнім, дайын өнім, реактивтердің мемлекеттік стандарты және оларға қойылатын техникалық шарттар, сынау тәсілі, шикізат пен жартылай өңделген өнімді оңтайлы сынау, бағалы металдарды қабылдау, есепке алу және сақтау жөніндегі нұсқаулық, бақылау-өлшеу аспаптары және таразыны пайдалану ережесі, бухгалтерлік есеп негіздері, құжаттаманы ресімдеу ережесі.

Конвертер пультшісі
101. Конвертер пультшісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конвертершінің басшылығымен балқыту барысында конвертерге оттегінің түсуін реттеу. Үрлеу және металды шығару процессінде конвертер еңісін басқару. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау. Балқыту режимін журналға және технологиялық картаға жазу. Қызмет көрсетілетін механизмдердің дұрыстығын тексеру. Басқару пульті жабдығын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: металдың конвертерде балқу технологиялық процессінің негізі, конвертердің, қосу аппаратурасының және пульт жабдығының әрекет ету қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптары, вакуумдық құрылғылардың мақсаты және әрекет ету қағидаты, слесарлық іс.

Титан кеуекті бөлуші
102. Титан кеуекті бөлуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Титан кеуегін алғашқы бөлшектеу бөлімшесінен қабылдағаннан кейін оны әр түрлі құрылысты престер мен уатқышта қайталап бөлшектеу. Кеуекті престің қабылдау үстеліне және уатқышқа салу. Кеуекті жарамсыз ету. Сынамаларды іріктеу. Кеуекті контейнерлер мен бөшкелерге салу, өлшеу. Фракциялар бойынша титан губкасының партиясын құру. Престер, уатқыштар, қоспалаушыларға қызмет көрсету және оларды таза күйінде ұстау. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және оны пайдалану ережесі, кеуекті титанға қойылатын техникалық шарттар, жол берілетін ауытқулар, қысымның ауыспалылығы, бөлшектердің мөлшері, өнімдегі компонентердің құрамы, кеуектің жануының алдын алу ережесі, жұмысты орындау процессінде қолданылатын бақылау-тіркеу және реттеуші аспаптардың құрылысы.

103. Титан кеуекті бөлуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қожтемірді алғашқы бөлшектеу. Престі және қосымша жабдықты басқару. Сорттары бойынша бөлшектенген кеуекті жарамсыз ету. Бөлушілердің және кеуекті қайта өңдеу учаскелері жұмысшыларының жұмысын басшылыққа алу.

Білуге тиіс: өнім сапасына қойылатын техникалық шарттар мен талаптар, кеуекті бөлудің оңтайлы тәсілдері, реакциялық массаның химиялық құрамы, химия, физика негіздері.

Сынапты құюшы
104. Сынапты құюшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынапты қазандықтарға ағызу және баллондарға құю. Сынапты конденсаттаушылар мен ұрғылаушылардан қабылдау. Сынап пен баллонды шаң мен кірден тазарту. Тұтынушыларға жөнелту үшін баллондарды өлшеу және тығындау. Автоматты мөлшерлеуішті басқару. Өнімді тапсыру.

Білуге тиіс: сынапты тазарту тәсілдері, баллондарды тығындау ережесі, автоматты мөлшерлегішті, таразыны, аспаптар мен құралдарды пайдалану ережесі, сынаппен уланудан сақтану шаралары.

Түсті металдар мен балқымаларды құюшы
105. Түсті металдар мен балқымаларды құюшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен металдар мен балқымаларды құю. Әк ерітіндісін дайындау. Құю жабдығын дайындау. Металл қалып, сифон және науаларды толтыру. Металл бетінен қағы мен тотыққан қабатын алу. Құйылған металды тасымалдау. Анодтағы, құймалардағы және металл қалыптардағы ақаулықтарды құйғаннан кейін жою. Дайын өнімді өңдеу, таңбалау және түсіру. Шөмішті, сифонды ыдысты, науаны және шығаратын тесікті тазалау, шликерді алу. Құю жабдығы жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, істен шыққан металл қалыптарды ауыстыру.

Білуге тиіс: құю және тасымалдау жабдығының жұмыс қағидаты, металл сапасына қойылатын талаптар, шартты сигнализация, науа мен металл қалыптарды толтыру үшін пайдаланылатын материалдардың нормасы, қасиеті және құрамы, пеш тоқтаған кезде сифонды сақтау шаралары, металл қалыптардың жарамсыздығы түрлері, олардың алдын алу және жою тәсілдері, дайын өнімді вагондарға арту тәсімі.

106. Түсті металдар мен балқымаларды құюшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металдар мен балқымаларды құю. Әр түрі құрамды құю немесе қож құюшы машиналарды, миксерді басқару. Қара металды сифон және металл қалып арқылы пештен шығару. Құю науасындағы шөміш құрылғысын және құю машинасының қозғалысын, сифондағы металл биіктігін реттеу. Металды миксерден құю қасығы арқылы металл қалыпқа шығару. Металл ағысының біркелкілігін және металл қалыптардың толуын бақылау. Металл сынамаларын іріктеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу. Ілмектеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: құю жабдығының құрылысы, металл және балқыма алу технологиялық процессі және олардың негізгі қасиеттері, дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, металл қалыптар мен құйма ақаулықтарының түрлері, құю жабдығының жол берілетін шекті жылдамдығы, металлы бар шөміштер мен тигельдерді тасымалдау және ілмектеу ережесі.

Сыйымдылығы 200 т артық пештерден анодтар мен вайербарстар үшін металды құйған кезде, анодтарды құю салмағы бойынша дәлдіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету кезінде – 6-разряд.

Дистильдеу пештерінің мырышқалдықтаушысы


107. Дистильдеу пештерінің мырышқалдықтаушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ыстық мырышқалдық пен конденсаторлық сынықтарды бункерлерден кюбельге түсіріп арту және оларды вагонға арту. Ыстық мырышқалдықты, қож бен конденсаторлық сынықтарды сумен ылғалдандыру, оларды түсіргенге дейін тазалап жинау және тасымалдау, вагондардан түсіру. Мырышқалдықтау қоқым және конденсаторлық тұйықтарды тазалықта ұстау. Көлік құралдары жұмысындағы анықтау және жою. Темір жолды тазалау.

Білуге тиіс: вагондарды тіркеу және тіркемеден шығару тәртібі, шартты сигнализация.

Жүк артылған вагондарды мотовозбен сырғытқан және оны басқарған кезде – 4-разряд.

Сынапты тазартушы


108. Сынапты тазартушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары тазартушының басшылығымен сынапты тазарту процессін жүргізу, пештен тазартылған сынапты шығару және оны ыдысқа құю. Төмен маркалы сынапты тазарту пештеріне құю. Сынамаларды іріктеу. Жабдыққа қызмет көрсету және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қоспалардың сынап қасиетіне әсері, тазарту өнімдерінің сапасы, реагенттерді жұмсау нормасы, қызмет көрсетілетін жабдықтың әрекет ету қағидаты.

109. Сынапты тазартушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынапты тазарту пештерінде тазарту процессін жүргізу. Температура мен инертті газ шығынын жұмсалуын реттеу. Пештен тазартылған сынапты шығару. Ыдысқа құю. Негізгі және қосымша жабдыққа қызмет көрсету. Өндірісті төмен маркалы сынаппен, материалдармен және құралдармен қамтамасыз ету. Жабдық жұмысы көрсеткіштерін жазу және материалдардың шығынын есепке алу.

Білуге тиіс: тазарту пештерінің құрылысы, тазарту процессін химияландыру, тазарту өнімдері сапасына қойылатын талаптар, газды жұмсау нормалары, бақылау - өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

Қойыртпақты сұйылтушы
110. Қойыртпақты сұйылтушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тұзды айыру үшін сода және алюминий тотығы гидратының қойыртпағы ерітіндісін дайындау және оны айдау. Сода және гидратты қойыртпақ ерітінділерінің температурасы мен концентрациясын бақылау. Сынамаларды іріктеу. Қойытпақ сұйылтқышқа, сорғыға, элеваторға, тасымалдағышқа қызмет көрсету. Шикізаттың, ыдыстың шығынын есепке алу және берілген ерітіндінің мөлшері. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, тексеру және ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: соданы, гидратты және ерітіндіні сақтау ережесі және олардың сапасына қойылатын талаптар, шикізатты жұмсау нормалары, сода және қойыртпақ ерітіндісін дайындау технологиясы.

Қож және кері материалдарды тазалау
111. Қож және кері материалдарды тазалау 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Балқыту өнімдері мен кері материалдарды бұзу, тазалау және тасымалдау. Шөміштердің қатып қалған қабаттарын шығару және оларды бұзу. Материалдарды сорттау және қоймаға салу. Бункердің маңына, подъезд жолдарынан және скипті ордан төгілген балқыту өнімдерін тазалау. Ыстық қожы бар шөміштер мен ыдыстардың ішіндегіні төгіп алу. Тұндырғышты итеру немесе қожы бар қауғаны сужимадан көтеру. Шөміш пен тостағанды көлбеулеу құрылғысын басқару. Материалдарды үйінділерге тасымалдау және түсіру. Тиейтін ыдысты әк ерітіндісімен майлау. Электр шығыр мен тельферге қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: балқытудың түрліөнімдерінің сыртқы белгілері мен қасиеттері, қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану және оның жүк көтергіштігі, ыстық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері, шартты сигнализация.

112. Қож және кері материалдарды тазалау 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тұндырмаларды бөлшектеу және оларды қатып қалған қож массасынан босату. Тұндырманың қабырғалары мен түбін тазалау және оны жинау. Қожды қайта балқыту үшін сорттау. Электрмен қыздырылатын тұндырмаларға қызмет көрсету кезінде электродтарды өсіру және қайта қосу. Қожды тұндырмада қыздыруды бақылау: жүктемені бақылау-өлшеу аспаптары бойынша реттеу.

Білуге тиіс: тұндырмаларды бөлшектеу, тазалау, жинау, тасымалдау тәсілдері, қож құймаларды бөлшектеу, электрмен қыздырылатын тұндырмалардың электр сұлбасы.

Құймаларды фрезерлеуші
113. Құймаларды фрезерлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Магний және қола құймаларды және сақиналарды әшекей қола ұнтағын алу үшін жоңқаға фрезерлеу. Құралды ауыстыру, толтыру және қайрау. Станок жұмысы режимін айқындау. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: бөлу ұшының құрылғысы; фрез геометриясы, ұнтақ пен жоңқаның негізгі қасиеттері және сапасына қойылатын талаптар, мемлекеттік стандартқа сәйкес ұнтақ құрамы және оның бөлшектерінің ықтимал көлемі, аспаптарды, құралдарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен оның көрсеткіштерін пайдалану ережесі.

Станокты ретке келтірген кезде – 3-разряд.

Хлорлаушы


114. Хлорлаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алюминийді хлорлау процессін жүргізу. Ыстық металлы бар шөмішті хлор камерасына кіргізу. Ерітіндіні газ тәрізді хлормен үрлеу. Хлордың шөмішке берілуін хлор камерасының желдеткішін реттеу. Хлорлағанға дейін және одан кейін металл бетінен қожды алу. Шөміштегі металл температурасын өлшеу. Дайын өнімді ағызу. Стеллаждарға сұйық хлоры бар баллондарды орнату. Келуші алюминий ерітіндісін өлшеу және есепке алу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және оны пайдалану ережесі, хлормен жұмыс істеу тәсілдері және хлорлы алюминий сапасына қойылатын талаптар, арту және тасымалдау ережесі, материалдардың түрі және оларды жұмсау нормалары, шартты сигнализация.

115. Хлорлаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары хлорлаушының басшылығымен карналлит, шлам және құрамында титаны бар қожды хлорлау процессін жүргізу. Материалды хлоратордың балқытқышына салу. Хлоратор құрылғысын басқару. Хлораторды қосуға дайындау. Карналлит, шлам және құрамында титаны бар қожды хлорлау процессін реттеу. Аспаптарды бақылау және хлорлау процессі кезінде технологиялық көрсеткіштерін алу. Сынамаларды іріктеу. Хлорлау процессі кезінде сусыз карналлит пен төрт хлорлы титан алу. Бу-газ қоспасын конденсаттау және және қатты хлоридтерді бөлу процессін жүргізу. Шөміш пен кюбельге ерітінді мен шламды құю. Төрт хлорлы титанды тазарту торабына жиналмалы ыдысқа тасымалдау. Хлоратордағы электр және газ режимдерін бақылау және реттеу. Хлораторды, коммуникацияны, аппаратураны және қызмет көрсетілетін учаскедегі басқа да жабдықты тазалау. Ерітінді мен шламды ағызу үшін шөміш пен кюбельдерді дайындау және жеткізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: хлоратор, конденсатор және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, олардың мақсаты мен пайдалану ережесі, аппараттар мен коммуникация желісінің сұлбасы, қайтушы газдарды ұстау шарттары, хлоридтердің сапасына қойылатын талаптар, хлорды жұмсау нормалары, сусыз карналлит пен төрт хлорлы титан алудың негізгі технологиялық параметрлері, хлорлау процессін жүргізудің негізі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, химия мен электротехника негіздері, шикізатты арту және дайын өнімді ағызу графикасы.

116. Хлорлаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Карналлит, шлам және құрамында титаны бар қожды хлорлау процессін жүргізу. Хлораторды материалмен, хлормен және электр энергиясымен жабдықтауды реттеу. Бөлу және конденсаттау процессін бақылау және реттеу. Қайтушы газды тазалауды бақылау. Жабдық жұмысы көрсеткіштерін жазу, оған қызмет көрсету және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: сусыз карналлит пен төрт хлорлы титан өндірісінің технологиясы, соңғы өнімдердің техникалық шарттары және оларды өндірудің технологиялық өлшемдері, жабдықтың өнімділігін арттырудағы негізгі бағыттар және олардың жұмыстағы беріктігі.

Екі хлорлы қалайы дайындау жөніндегі хлорлаушы
117. Екі хлорлы қалайы дайындау жөніндегі хлорлаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары хлорлаушының басшылығымен қалайы шламды хлорлау және екі хлорлы қалайыны алу процессін жүргізу. Материалдарды электр пешке салу. Қалайыны балқыту және түйіршектеу. Қалайы мен тұз қышқылын ыдыстарға құю, еріту, буландыру, тазалау, кристалдандыру, центрифугалау. Температура мен кристаллизаторға судың түсуін реттеу. Бу қысымын және ыдыстағы температураны бақылау. Сорғыларға қызмет көрсету. Дистилденген су алу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қышқыл өткізгіштер мен құбырлардың орналасу сұлбасы, технологиялық процестегі тұз қышқылының қасиеттері мен рөлі, тұз қышқылымен жұмыс істеу ережесі, ерітінділер мен екі хлорлы қалайының сапасына қойылатын талаптар, химикаттар мен басқа материалдарды жұмсау нормасы, шартты сигнализация.

118. Екі хлорлы қалайы дайындау жөніндегі хлорлаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалайы шламды хлорлау және екі хлорлы қалайыны алу процессін жүргізу. Газ күйіндегі хлордың түсуін реттеу. Ерітіндінің құрамындағы хлорлы қалайыны, еріту процессінің аяқталу уақытын, өнімнің булануы мен кристалдануын және оның сапасын айқындау. Пешті қосу және тоқтату. Жабдық жұмысы көрсеткіштерін жазу.

Білуге тиіс: химия негіздері, хлорлы қалайының қасиеттері, оның ерітіндінің құрамында болуы және еріту мен буландыру кезіндегі жай-күйі, ерітінді, реагенттердің қасиеттері және оларға қойылатын талаптар, дайын өнімнің құрамы, осы талдауды пайдалану ережесі.

Цементтеуші
119. Цементтеуші

Жұмыс сипаттамасы. Нитратты ерітіндіні бұзу, цементтеу, буландыру және оларды сүзгілеу арқылы цементат, тұз, мыс губка және басқа да өнімдерін алу процессін жүргізу. Реактивтерді белгіленген концентрацияда дайындау және мөлшерлеу. Реагент ерітіндісін айдау. Өнімдерді цементтегішке, тесу пештеріне, буландыру аппараттарына және басқа жабдықтарға салу. Өнімдерді жуу, тесу, кептіру, ұсақтау, себу. Сынамаларды іріктеу. Дайын өнімдер мен аудару ерітінділерін түсіру (шығару). Дайын өнімді ыдыстарға салу. Цементтегішке, буландыру аппараттарына, тесу пештеріне, кептіру шкафтарына, сүзгілерге және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету және оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; коммуникацияның, газ өткізгіштердің, сырма қақпақтардың орналасу сұлбасы; процестердің химизмі және нитрит ерітінділерінің бұзылу мақсаты, металдардың ерітінділер мен тұнбаларда жойылуының алдын алу тәсілдері; ерітінділер, өнімдер, реактивтердің құрамы мен қасиеттері және олардың техникалық шарттары; материалдарды жұмсау нормалары, бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерін және құралдарды пайдалану ережесі.

Біліктілігі анағұрлым жоғары цементтеушінің басшылығымен жұмыс істеген кезде – 3-разряд;

Күкірт - қышқыл ерітінділерін және тұзды аралас ерітінділерді цементтеген кезде – 4-разряд;

Нитрат және күкірт-қышқыл ерітінділерін цементтеген кезде - 5-разряд.

Электролит ванналарын шламдаушы
120. Электролит ванналарын шламдаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ванналардан шлам мен скрапты алу, оларды сорттау және жуу. Шлам қойыртпақтың ванналардан шлам цехтарына жіберу. Ванналардан шламды алу және шлам қойыртпағын және қосымша жабдықты басқару. Анодтарды, ванналарда және борттық оқшаулағышты шламнан, тұздан және бөтен заттардан тазарту. Шламды тасымалдау. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: электролит ванналарының, науалар мен құбыр өткізгіштердің орналасу тәсімі, өндірістік-техникалық оқыту мектептері бағдарламасы аясындағы электротехника және химия негіздері, токтың түйісуін жойылуының және қорғасын қабаттағы өскіндердің алдын алу тәсілдері, шлангаларды, қорғаныш құралдарын аспаптар мен құралдарды пайдалану ережесі, шартты сигнализация.

Су ерітінділерін электролиздеуші
121. Су ерітінділерін электролиздеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Циркуляция құрылғыларына, ток өткізгіш шиналарға, жұмыс орнына қызмет көрсету және тазалықта ұстау.Электролит циркуляциясы жылдамдығын бақылау және реттеу. Электролиттің ағуын тоқтату. Электролитті сүзгілеу. Сүзгілеу матасын ауыстыру. Электролитке қажетті шартты сақтау. Электролитке реагенттердің бірқалыпты түсуін дайындау және қамтамасыз ету. Циркуляция құрылғыларын жөндеу және ауыстыру.

Білуге тиіс: ванналарды серияға қосу тәсімі, электролит циркуляциясы және сүзгілеу жүйесі.

122. Су ерітінділерін электролиздеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ванналардан жыланшықтарды алу, тазалау, жарамсызын алу және оларды ванналарға орналастыру. Магистральдерді бөлшектеу, тазалау, жөндеу және жинақтау. Бумен үрлеу арқылы жыланшықтар мен құбырларды тексеру. Қолданылған электролиттің жинақтау коллекторларына ағуын бақылау, магистральдегі ақаулықтарды анықтау және жою.

Ванналар, науалар мен құбырлардың оқшаулағышын тексеру және тазалау. Ерітіндінің ағып кететін жерді анықтау және бітеу. Ерітіндіні сужимадан, шлам қойыртпағын бактардан айдау. Тұбырлардың аспаларын жөндеу. Электролит цехтары жеркепелерін жинау.

Тазаланатын немесе жөнделетін учаскелерде ерітінділер мен судың циркуляциясын тоқтату және қосу. Электролит ванналарын арту және түсіру. Ванналарды ауыстырып қосуға, құралды дайындауға, борт оқшаулағышын ауыстыруға қатысу.ванналар мен анодтарды шламнан тазарту, шламды жинақтауышқа тасымалдау. Катод металлын, анод қалдығын,штангалар мен ломиктерді жуу. Электродтарды орналастыру және жуу. Жуу ванналарына немесе машиналарға қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысының көрсеткіштерін жазу. Дайын орамаларды орау. Көтергіш көлік құралдарын басқару және ілмектеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен мақсаты, ванналар, науалар, құбырлар, тұндырмалар, сужималар, магистральдердің орналасу тәсімі, ерітінділердің циркуляциясы тәсімі, ванналардың оқшаулағышы, магистральдерді, жыланшықтарды, ванналар оқшаулағышын жөндеу және тазала жұмыстарын орындау тәсілдері, магистральдер мен жыланшықтарды тазалау кестесі, құбыр аспаларын тексеру және жөндеу ережесі, ванналарды ауыстырып қосу тәсілдері, электролит ванналарының сарқырамасы коммуникациясының электр сұлбасы, электролиз кезінде қолданылатын шикізат пен қосымша материалдардың түрлері, қышқылдар, сілтілер, ерітінділер дің қасиеттері, орнатылған сигнализация, құрылыс жұмыстарын және көтергіш көлік құралдарымен жасалатын жұмыстарды орындау ережесі.


123. Су ерітінділерін электролиздеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары электролизшінің басшылығымен мыс, никель, кобальт, мырыш, фольга және су ерітінділерден шыққан басқа да металдарды электролиздеу процессін жүргізу. Электролиз әдісі арқылы металл ұнтағын алу. Электролит, матрикалық ванналарға, регенерациялау ванналарына және қосымша жабдықтарға қызмет көрсету. Электролитті дайындау және оған реагентті енгізу. Ваннаны қосар алдында оны ерітіндімен толтыру. Электродты ваннаға салу, оны түсіру және бұрын қолданылғанын ауыстыру. Ванналар мен ванналар сериясын қосы және сөндіру, электролиз процессінде электролитті аударыстыру. Ток күші мен тығыздығын, электродтар арасындағы қашықтықты реттеу. Температураны, циркуляция жылдамдығын, электролит деңгейін, ваннадағы кернеуді бақылау. Сынамаларды іріктеу. Қосу алдында бейтарап ерітінділердің айналымын қамтамасыз ету. Ерітінділерді ваннадан ағызу. Металдарды катодтардан алу. Фольга өндірісінде – құрылғылардағы фольгаларды тотықтандыру, тотық қабатының қалыңдығын айқындау. Электролиттің және электролиз өнімдерінің сапасын айқындау. Қысқа тұйықталуларды жою. Шиналар мен түйіспелерді бумен үрлеу. Ванналар жұмысы көрсеткіштерін жазу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу. Диафрагмаларды жасау және жөндеу.

Білуге тиіс: ерітінді сапасының электролиз процессіне әсер ету дәрежесі, су ерітінділерінің электролизі технологиялық процессі, өндірістік-техникалық оқыту мектептері бағдарламасы ауқымындағы химия, физика, электрохимия негіздері, аспаптар мен реттеу құрылғыларының тәсімі, олардың жұмыс істеу тәсілі, ақаулықтардың түрлері, себептері және олардың алдын алу және жою тәсілдері, тотықтандыру туралы түсінік, қолданылатын материалдардың химиялық және физикалық қасиеттері, электролит құрамы мен температурасы, металдың ток арқылы шығуына әсер ететін факторлар, электролит, реактивтер және электролиз кезінде қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар, электродтарды орнату және электролитті ванналарға құю тәртібі, металды катод негізден ажырата тәсілі, электролит ванналары кернеуінің теңгерімі туралы түсінік, электролит ванналарының қоректену режимі, металдық ток арқылы өтуіне электродаралық қашықтықтың әсері, бақылау-өлшеу аспаптары мен олардың көрсеткіштерін пайдалану ережесі.

124. Су ерітінділерін электролиздеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мыс, никель, кобальт, мырыш, фольга және су ерітінділерден шыққан басқа да металдарды электролиздеу процессін жүргізу. өзара байланысты жүзеге асыру және тұтас электролиз процессінің жұмысына басшылық ету. Токтың ағып кетуін тоқтату. Реагенттерді мөлшерлеуді айқындау. Электролит құрамы мен ток тығыздығын түзету. Катод тұнбасының сапасын, қызмет көрсетілетін жабдық пен коммуникацияның дұрыстығын, электродтардың ванналарға дұрыс артылуын тексеру. Жабдық жұмысы көрсеткіштерін жазу. Электролиз, реагент өнімін және электролиз кезінде қолданылатын басқа да материалдарды жұмсауды есепке алу.

Білуге тиіс: электролит ванналарының құрылысы, ванналарды серияға біріктіру тәсімі, электролит, электрод және шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, электролиттің айналым тәсілі, катодтарда зиянды қоспалардың тұну себептері, материалдың ток арқылы шығу тәсілдері, химия, физика, электрохимия, электротехника негіздері, электр энергиясының салыстырмалы шығысын төмендету жолдары.

Ерітілген тұздарды электролиздеуші
125. Ерітілген тұздарды электролиздеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электролиздеу және алюминий, магний, титан және сирек металдарды электролитті тазарту процессін жүргізуге қатысу. Электролитті электролизерлерден іріктеу. Электролитті және шламды көлік құралдарына арту. Алғашқы шикізат пен материалды дайындау. Қызмет көрсетілетін өндірістік тораптардың жұмыс учаскелерін өнімдер мен өндіріс қалдықтарынан тазалау.

3-разрядта көзделген жекелеген жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары электролизшінің басшылығымен орындау.

Білуге тиіс: электролитті іріктеу тәсілдері, пайдаланылатын жабдыққа қызмет көрсету және артып-түсіру жұмыстарын орындау ережесі, шартты сигнализация.

126. Ерітілген тұздарды электролиздеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электролиздеу және алюминий, магний, титан және сирек металдарды электролитті тазарту процессін жүргізуге қатысу. Ерітілген тұздар мен металдарды тасымалдау бойынша көлік құралдары мен механизмдерін басқару. Ерітілген тұздарды электролизерлерге құю. Металл бетіне флюс себу. Тұздарды электролиттік тазартуға дайындау. Бөліп құю шөміштері мен вакуум-шөміштерді тазалау. Ілмектеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: көлік құралдары мен механизмдерді басқару ережесі мен тәсімі, әуе және вакуум-желілердің дұрыстығын, вакуум-шөміштердің герметикалығын тексеру ережесі, вакуум-шөміштердің құрылысы, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарға қызмет көрсету ережесі, электролизерлерді қоректендіру тәсілі, электролиз технологиясы, электролитті тазарту машиналарына анод металлын арту ережесі, бастапқы шикізаттың сапасына қойылатын талаптар, ілмектеу жұмыстарын орындау ережесі.

127. Ерітілген тұздарды электролиздеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электролиздеу және алюминий, магний, титан және сирек металдарды электролитті тазарту процессін жүргізуге қатысу. Сазтопырақ электролизерін, фторлы тұз және электролиттің басқа да элементтерін жеткізу және арту. Электролиттің орнын ауыстыру. Өте таза алюминий өндірісінде - анод балқымасы мен электролитті электролизерлерге құю. Сынамаларды іріктеу және таңбалау. Анод балқымасының деңгейін өлшеу. Электролитті өлшеу және оңтайлы деңгейін сақтау. Өздігінен жүретін машина-бункерлерді ванналарға бастапқы шикізатты салған кезде басқару. Электролизерлер мен вакуум-шөміштерді металды ағызуға дайындау. Металдар мен электролитті ваннадан вакуум-шөмішке құю, металды вакуум-шөміштен бөліп құю шөміштеріне бір ұяшықтан екіншісіне қайта құю. Бортты биіктету, шиналық арналарды жапқышын орналастыру.тазарту ванналарының катодтарын ауыстыру және тазалау, ваннаның тиеуші қалталарын өңдеу. Катодты шығарып алу және алмау арқылы қақты, шламды жою. Электролизерлерді бүру. Инертті газды тазалау құрылғысына қызмет көрсету. Электролизерлер конструкциясын, шиналық арналарын, нөлдік белгілерін тазалау. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: электролиттің ластануы мен карбидтелуінің алдын алу және жою шаралары, массаның ағуы, қысқа тұйықталулар мен басқа да өндірістік ақаулықтардың белгілері, электролизердегі металл мен электролиттің деңгейі, шламның пайда болуымен күресу шаралары, токтың кернеуі мен күші, электролиттің температурасы мен құрамы, металл шығару кестесі, металл, шлам, электролитті арту, тасымалдау, іріктеу үшін қолданылатын тетіктерді басқару ережесі.

128. Ерітілген тұздарды электролиздеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары электролизшінің басшылығымен электролиздеу және алюминий, магний, титан және сирек металдарды балқытылған ортада, әр түрлі конструкциялы ванналарда электролиттің қабырғасын тесе (бұза) отырып, электролитті тазарту процессін жүргізуге қатысу. Электролизерге, электролиттің қабырғасын тесу жөніндегі әр түрлі конструкциялы машиналарға, шөмішке, сорғыларға және басқа да қосымша жабдықтарға қызмет көрсету. Ретке келтіру жұмыстарын орындау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау. Электродтарды орнату. Электролитті балқытылған күйге ауыстыру және оның орнын ауыстыру. Электролиттің құрамын оның сыртқы белгілеріне немесе талдаудың қорытындысы бойынша айқындау. Электролиттің температурасын және ваннадағы кернеуді, анод әсерінің пайда болуын бақылау, оны жою және алдын алу. Электролизерлердегі жұмыс кернеуін реттеу және тіркеу. Металдың бетінен көмір тозаңын және қожды түсіру. Электролит, металл, анод қорытпасының деңгейін өлшеу. Магний өндірісінде - полюс аралық қашықтықты өлшеу және оны реттеу. Электролизерлерді қосу және сөндіру жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: электролизерлердің үздіксіз қысымды қоректендіргіш қорегіндегі тәсім құрылғысы, электротехника мен электрохимия негіздері, анод тиімділігінің маңызы, электролиз процессіне әсер етуші факторлар, шикізат, электролит және алатын металл сапасына қойылатын талаптар, электролизердегі металл, электролит және анод қорытпасының деңгейі, ток және энергия бойынша металлдың шығуын арттыру тәсілі, электролит қабығын тесу жөніндегі әртүрлі конструкциялы бақылау-өлшеу аспаптарын және машиналарды пайдалану ережесі.


129. Ерітілген тұздарды электролиздеуші 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электролиздеу және алюминий, магний, титан және сирек металдарды электролитті тазарту процессін жүргізу. Электролит құрамын тексеру жүргізу. Электролиздер мен қондырғылардың жұмыс көрсеткішін жазу. Электролизердің жұмыс кеңестігінің қалыпты жағдайын, металл мен электролит деңгейін қамтамасыз ету. Электролиттің ваннадағы жағдайын реттеу. Электролизер мен сериялардың энергетикалық режимін, катодты металл сапасын, анод қорытындысы мен электролиттің химиялық құрамын бақылау. Катодтарды орнату және оларды шиноқұбырға қосу, катод көтермесінің биіктігін реттеу. Электролизерлерді қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: әртүрлі типтегі электролиздердің конструктивтік ерекшелігі, электролиздің технологиялық процессі, металл алудың негізгі технологиялық параметрлерді.

«Түсті, сирек металдар мен түсті металдардан ұнтақ өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың 1969 және 1975 жылдары шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (8-шығарылым) 3-бөлімінің 4-қосымшасында келтірілген.
Кәсіптердің, бөлімдердің өзгертілген атауы және олар енгізілген шығарылым нөмірлері көрсетілген БТБА-ның қолданыстағы «Түсті, сирек металдар мен түсті металдардан ұнтақ өндірісі» бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптерінің тізбесі БТБА-ның (8-шығарылым) 3-бөлімінің 5-қосымшасында келтірілген.



  1. жүктеу 3,5 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау