Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтер белгілеу жөніндегі


Орындаушылардың жұмыс уақытының, жабдықты пайдалану уақытының шығындарын зерттеу және бақылау нәтижелерін өңдеу



жүктеу 1,97 Mb.
бет13/15
Дата17.11.2017
өлшемі1,97 Mb.
#841
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
11. Орындаушылардың жұмыс уақытының, жабдықты пайдалану уақытының шығындарын зерттеу және бақылау нәтижелерін өңдеу
Жұмыс уақытының және жабдықты пайдалану уақытының шығындарын зерттеу еңбек процестерінің құрылысын және жұмыс уақытының шығындарын айқындау, еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру, нормаларды орындамау, жұмыс уақытын оңтайлы пайдаланбау себептерін анықтау, еңбек процессі элементтерін орындау, нормалар мен нормативтердің сапасын бағалау материалдарын әзірлеу үшін жұмсалатын уақытқа әсер ететін факторлар туралы деректерді алу, сондай-ақ бірқатар басқа міндеттерді шешу үшін жүргізіледі.

Зерттеу мақсатына байланысты бақылаудың мынадай түрлері қолданылады: жұмыс уақытының фотографиясы, жабдықты пайдалану уақытының фотографиясы, хронометраж, фотохронометраж.

Бақылау екі әдіс арқылы жүргізіледі: уақыт шамасын тікелей өлшеу әдісі және сәттік бақылау әдісі.

Уақыт шамасын тікелей өлшеу әдісі жұмыстың әрбір элементінің немесе жұмыстағы үзілістің уақыт шығынының ұзақтығын өлшеуді, ал сәттік бақылау әдісі жұмыс және жұмыстағы үзілістерді уақытты өлшемей есепке алуды көздейді

Бақылаулардың түрлеріне байланыссыз олардың әрқайсысын жүргізу мынадай кезеңдерден тұрады: бақылауға дайындау, бақылауды жүргізу, бақылау мәліметтерін өңдеу, нәтижелерді талдау және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру немесе нормалар мен нормативтерді белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Бірінші кезеңде жұмыс орындарында еңбектің ұйымдастырылуы зерттеледі. Бұл ретте бақылаушы өндірістің қалыптасқан технологиясын, жабдықтың жұмыс өлшемдерін жұмыс орнының ұйымдастырылуын және оған қызмет көрсетілуін зерттеуі керек және жұмысына бақылау жүргізілетін орындаушыны немесе бақылаудың басқа нысандарын таңдауы керек.

Нормалар мен нормативтерді әзірлеу мақсатында бақылау жүргізу кезінде оларды бастағанға дейін анықталған кемшіліктерді жою керек.

Бақылауға дайындау кезеңінде зерттелетін еңбек процессін оның құрамдас бөліктеріне бөліп және соған сәйкес фиксаждық нүктелерді (сәттік бақылау жүргізген кезде тек фиксаждық пункттер ғана белгіленеді) айқындап алу қажет.

Бақылауға дайындау кезеңінде сондай-ақ бақылаулардың немесе сәттік (сәттік бақылау кезінде) қажетті саны айқындалады.

Дайындаудың маңызды элементі бақылау жүргізген кезде жұмысшыны таңдау болып табылады, осының негізінде нормалар мен нормативтер белгіленеді. Бұл ретте мыналарды ескеру қажет. Нормалар мен нормативтер тиімді еңбек әдістері мен тәсілдерін ескере отырып есептелуі қажет. Еңбектің қарқындылығы оларды қолданған кезде психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр жұмысшыда әр түрлі болады, ал норма еңбектің тиімді тәсілдері мен әдістерін игерген жұмысшы еңбегінің орташа қарқындылығын қарастыруы қажет. Осыған сәйкес жұмысшылардың біліктілігі осы жұмыс түрі бойынша нормаларды орындаудың шамамен нормаларды орындамайтын жұмысшыларды ескермей есептелген орташа пайызы бар жұмыс разрядына сәйкес келетін жұмысшыларға бақылау жүргізу ұсынылады.

Бақылдаудың қалған кезеңдерінің мазмұны бақылаудың түрлеріне байланысты және оларды сипаттаған кезде баяндалады.

11.1. Жұмыс уақытының фотографиясы
Жұмыс уақытының фотографиясы мынадай:

еңбекті және өндірісті ұйымдастыруда уақыттың тікелей жоғалуына және жұмыс уақытының тиімсіз шығынына, сондай-ақ жабдықтардың тоқтап тұруына әкеп соғатын кемшіліктерді анықтау және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу;

дайындау-қорытындылау уақытының, жұмыс уақытына қызмет көрсету уақытының, демалуға және жеке қажеттілік уақытының, бір немесе ұсақ сериялық өндірістегі әртүрлі жұмыстарға жұмсалатын уақыт нормативтерін, әзірлеу үшін бастапқы деректерді алу;

қызмет көрсету және жұмысшылар саны нормаларын белгілеу;

жекелеген жұмысшылардың жұмыс (уақыт) нормасын орындамауы немесе әжептәуір асыра орындау себептерін анықтау мақсатымен жүргізіледі.

Жұмысшылардың, зерттелетін уақыт шығындарының санына қарай жұмыс уақытының фотографиясы жеке, топтық және жаппай болып бөлінеді. Жұмыс орнының фотографиясы түрлерінің біреуі өзін өзі фотоға түсіру болып табылады.




    1. Жұмыс уақытының жеке фотографиясы

Жұмыс уақытының жеке фотографиясы кезінде бір жұмысшының ауысым немесе жұмыс уақытының өзге кезеңі ішіндегі жұмыс уақытын пайдалануы зерттеледі.

Қадағалуды бастау алдында жұмысшыны қадағалаудың мақсатымен таныстыру қажет.

Еңбекті ұйымдастырудың жай-күйі қадағалау парағында тіркеледі, оған орындаушының барлық іс-әрекеті мен жұмыстағы үзілістер олардың болу тәртібімен жазылады. Қадағалаушы уақыт шығынының осы немесе өзге санатына жатқызу үшін, жұмысшының болмау себептері мен оның әрекетсіздігі себептерінің барлығын дәл белгілеуі қажет.

Уақыт нормалары мен нормативтерін әзірлеу үшін қадағалауды әртүрлі орындаушыларды кемінде 6, ал жұмысшылардың және қызмет көрсету саны нормативтерін әзірлеу кезінде - кемінде 3 қадағалау көлемінде өткізу қажет.

Егер қадағалаулар жұмысшылардың және қызмет көрсету саны нормативтерін әзірлеу үшін жүргізілген болса, онда алынған нәтижелер бойынша жұмыс уақытының жиынтық нақты балансы жасалады. Тиімсіз шығындар мен жұмыс уақытының тікелей жоғалуларын алып тастағаннан кейін жұмыс уақытының қалыпты (жобаланатын) шығыны балансы жасалады (2-қосымша, 2-кесте).




    1. . Жұмыс уақытының топтық фотографиясы

Жұмыс уақытының топтық фотографиясы жұмысты бір топ қызметкерлер орындаған кезде жүргізіледі.

Егер жұмысшылар тобы 2-4 адамнан тұрса, онда олар қадағалаушының назарында болады да, қадағалау тікелей өлшеу әдісімен жүргізіледі. Қадағалауды жүргізудің тәртібі жеке қадағалаудағы сияқты, бірақ жұмыс уақытының шығынын жазу қадағаланатын әр жұмысшы бойынша кезекпен жүргізіледі.

Бір атаулы уақыт шығындарының кестесі, олардың себептері мен жұмыс уақытының балансы көрсетіле отырып, жұмыс уақыты фотографиясының картасында әр жұмысшы бойынша жасалады.

Төрт жұмысшыдан артық болған кезде, егер қадағалаушы әр жұмысшының орындайтын іс-әрекеттерін тіркеуге үлгере алмаса, онда жұмыс уақытының шығынын зерттеу теңдей уақыт аралығын (2-5 мин.) сақтай отырып, ағымдық уақыт ішіндегі әр жұмысшының іс-әрекетін тіркеу аралап өту жолымен жүргізіледі. Жұмысшылардың іс-әрекеттері қадағалау парағының тиісті бағанына индекстер түрінде жазылады, олардың үстіңгі жағында жұмысшыға берілген реттік нөмір көрсетіледі.

Қадағалау нәтижелерін өңдеу әр жұмысшы бойынша бір атаулы индексті жазбалардың санын сомалау және сомасын интервал шамасына көбейту жолымен басталады. Бұдан кейін жұмыс уақытының нақты жалпы балансы жасалады.

Егер топтық фотографияның мақсаты ауысым ішіндегі жұмысшылар тобының жұмыс уақытын зерттеу болып табылатын болса, онда ол сәттік қадағалау әдісімен жүргізіледі.


    1. Сәттік қадағалау әдісі

Сәттік қадағалау әдісі еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, сондай-ақ жұмысшылардың саны мен қызмет көрсету нормативтерін әзірлеу мақсатымен, жұмысшылардың үлкен тобының (топтың, бригаданың, құрылымдық бөлімшенің және т.б.) жұмыс уақытын пайдалануын зерттеу кезінде жүргізіледі.

Фотография кезінде жұмыс уақытының тікелей жоғалуы мен тиімсіз шығындары анықталады, сондай-ақ жұмысты тиімді ұйымдастыру кезіндегі ауысым ішінде жұмысшылардың қамтылу коэффициенті айқындалады. Мұндай коэффициент мәселен, сипаты мен қайталануы жағынан тұрақты емес, атап айтқанда көмекші жұмысты орындайтын жұмысшылар санының нормативтерін әзірлеу үшін қажет болады.

Әдістің мәні мынада, уақыт ұзақтығын үздіксіз және дәйекті тіркеу қадағаланатын жұмыс сәттерін, жұмысшының жұмыс уақытындағы үзілістері мен жабдықтардың тоқтап тұруын сандық есепке алумен алмастырылады. Бұл орайда, қадағалаулар жұмыс орындарын дәйекті аралау әдісімен жүргізіледі және жұмысшылардың іс-әрекеттерді орындау сәттері қадағалау парағында ағымдық уақытты немесе жұмыс уақытының ұзақтығын жазылмай тіркеледі. Қадағалау нәтижелерінің дұрыстығы мен белгілі бір дәлдігі үшін қадағалау көлемін, яғни қадағалау кезінде тіркеу қажет сәттердің санын алдына ала белгілеу керек.

Қадағалаудың мақсатына қарай, жұмыс уақытын зерттеу жүргізілетін шығындар санаттарының тізбесі қадағалау парағына түсіріледі. Жұмыс орындарының орналасу жоспарына сәйкес қадағалаушы жұмыс орындарын аралаудың ең қысқа бағытын айқындайды және тіркеу пункттерін белгілейді. Жұмыс орындарын аралау ауысым ішінде кездейсоқ таңдап алынған уақыт аралығы арқылы жүргізіледі. Жұмыс орнына (тіркеу пунктіне) қатарласқан қадағалаушы сол сәтте жұмысшының немен айналысып жатқанын айқындайды және нәтижені қадағалау картасына түсіреді.

Жазба қадағалау картасына қадағаланатын уақыт шығынына қарсы нүктелер мен сызықтар қою әдісімен жүргізіледі. Алғашқы төрт белгі шаршы контурын құрайтындай етіп, нүктемен, кейінгі белгілер оның диагональдері мен шеттерін құрайтын сызықтармен қойылады. Диагоналі бар шаршы белгілердің саны онға жеткенде құрылады. Белгілеудің айтылған тәртібі қайталана береді.

Қадағалау нәтижелерін өңдеу жұмыс уақыты шығындарының әр түрі бойынша сәттердің санын есептеуден басталады. Кейін уақыт шығындарының барлық түрлері бойынша сәттердің сомасы есептеледі және олардың әр түрінің пайыздық мәні айқындалады.
11.5. Жұмыс уақытының өздік фотографиясы
Өздік фотографияны жұмысшының өзі жүргізеді. Бұл орайда, жұмыс уақытының жоғалуы мен өнімсіз жұмыс шамасы мен олардың туындау себебі ғана зерттеледі. Бұл жұмысқа кедергі келтірмей, қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

Қадағалау картасына жұмысшы жұмыстағы үзілістердің себебін және өнімсіз уақыт шығынының туындау себептерін, оладың бастау және аяқталу уақытын жазады, өзінің ескертулері мен ұсыныстарын береді (4-қосымша, 4-нысан).

Алынған материалдардың сапасы өздік фотография міндеттерін түсіндіру жөніндегі даярлық жұмыстарының қаншалықты дұрыс жүргізілуіне және жұмысшылардың қадағалау картасын толтыру бойынша нұсқаулықтан өтуіне байланысты болады.

Қадағалау карталарын өңдеу барлық жұмыс уақытының жоғалуы мен өнімсіз жұмыс шамасын жүйелеу, олардың туындау себебі мен жұмысшы ұсынған ұсыныстарды жинақтаудан тұрады.

Өздік фотография нәтижелері жұмыс уақытының жоғалуын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге пайдаланылады, сондай-ақ қызметкерлердің саны мен қызмет көрсету нормативтерін әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.


    1. Жабдықтың пайдаланылу уақытының фотографиясы

Жабдықтың пайдаланылу уақытының фотографиясы оның барлық жұмыс істеу элементтерін және ондағы үзілістерді қадағалауды білдіреді. Жұмыс уақытының фотографиясы кезіндегідей жабдықтың пайдаланылуын зерттеу екі әдіспен: уақытты тікелей өлшеу және сәттік қадағалау әдісімен жүргізіле алады. Қадағалауларды жүргізу техникасы мен нәтижелерді өңдеудің жұмысшылардың жұмыс уақытын суретке түсіруден көп айырмашалығы жоқ. Айырмасы тек қана мынада, бұл жағдайда қадағалау бір жабдық бірлігінің жұмысын жеке суретке түсіру кезінде, ал топтық - бір топ жабдықтың жұмысын қадағалау арқылы жүргізіледі. Жабдықтың пайдаланылу уақытының фотографиясы кезінде де жұмыс уақытының фотографиясы кезіндегі бланкілер қолданылады.


11.7. Хронометраж
Хронометраж кезінде үзіліссіз және уақытты таңдау өлшеу жолымен еңбек процесінің элементін орындауға арналған уақыт шығынының ұзақтығын тікелей өлшеу жүзеге асырылады.

Үзіліссіз тәсіл кезінде өлшеу операцияның басталған сәтінен бастап оның аяқталған сәтіне дейінгі барлық элементтер ағымдағы уақыт бойынша жүзеге асырылады.

Таңдау өлшеу тәсілі кезінде олардың орындалу тәртібіне қарамастан, операцияның жекелеген элементтерін орындауға арналған уақыт шығыны өлшенеді.

Хронометраждық қадағалауларды ауысым ішінде екі рет: бірінші рет жұмыс басталғаннан бастап 45-60 минуттан кейін және екінші рет – жұмыс ауысымы аяқталғанға дейін 1,5 -2 сағат қалғанда жүргізу ұсынылады. Әрбір ауысымдық өлшеудің саны ауысымға түгел ұсынылатынның жартысына теңесуге тиіс. Бұл ретте, қадағалауды тек күндізгі ауысымда ғана емес, бұл жұмыстардың басқа ауысымдарда болмауы немесе зерттелетін операцияның сирек қайталануына байланысты басқа ауысымдарда жасау мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, басқа да ауысымдарда жүргізу қажет.

Операцияны элементтерге бөлгеннен, фиксаж нүктелерін белгілегеннен және қадағалау нысанын айқындағаннан кейін хронометраждық картаның оң бетінде жұмысшы, жабдық, құрал, еңбек құралы, сондай-ақ, жұмыс орнының ұйымдастырылу және қызмет көрсетілу жай-күйі туралы негізгі деректер жазылады.

Бір қадағалау кезінде жүзеге асырылуға тиіс уақыт өлшеудің қажетті саны анықталады. Бір өлшеу операцияның уақыт нормативін белгілеу талап етілетін элементінің орындалу уақытының біржолғы тіркелуін білдіреді.

Тікелей хронометраж басталар алдында қадағалаушы қадағалаудың басталуын белгілейді және оны хронокартада тіркейді.

Операцияның бірінші элементін орындау аяқталғаннан кейін қадағалаушы ағымдық уақыттың тіркелген сәтін жазады. Бірінші өлшеуден кейін операцияның барлық элементтері үшін ағымдық уақыт жазылғаннан кейін екінші өлшеуді жазуға кіріседі және қадағалау парағының келесі бағандары толтырылады.

Хронометраж жүргізу кезінде, операция элементтерін орындау әдістерін, тәсілдерін зерттеумен қатар, қадағалаушы жабдық жұмысының, жұмысты ұйымдастырудың белгіленген параметрлерінен ауытқу жағдайларын да белгілеуге, сондай-ақ жүргізу кезінде кездейсоқ себептердің еңбек процесінің қалыпты өтуіне әсері тиген немесе қадағалаушының кінәсінен қателер жіберілген өлшеулерді де атап көрсетуге міндетті.

Егер ағымдық уақыт бойынша хронометраж кезінде жұмыс циклінде қысқа үзілістер болса, олар жеке тіркеледі. Олардың (аралық ұзақтығы) ұзақтығы олар орын алған жұмыс бөлігінің (өлшеудің) орындалу уақытына қосылмайды.

Әр операция бойынша жекелеген элементтердің орындалу ұзақтығын айқындап, ақаулы өлшеулерді – белгіленгеннен ерекше жағдайларда жүргізілген және жүргізу кезінде қадағалаушы қателер жіберген өлшеулерді алып тастау қажет. Өлшеулердің ақаулығы қадағалау жүргізу кезінде белгіленеді. Өңдеу кезінде олардың ақаулығы туралы белгі қадағалауды жүргізу кезінде жасалған өлшеулерден ғана алынып тасталады.

Ақаулы өлшеулерді операцияның жекелеген элементтерінің орындалу ұзақтығынан алып тастағаннан кейін хронометраждық қатар жасалады. Хронометраждық қатарды операция элементтерінің орындалу ұзақтығын олардың өсу тәртібімен орналасатындай етіп жасау керек.



Хронометраждық қадағалау кезінде алынған материалдардың сапасы хронометраждық қатар мәнінің ауытқу шамасымен айқындалады. Хронометраждық қатарды сипаттауға және бағалауға болатын көрсеткіш тұрақтылық коэффициенті, яғни хроноқатардың оның шамасына барынша жоғары мәнінің қатынасы болып табылады:
= ,

Мұнда - хроноқатардың тұрақтылық коэффициенті: t- хроноқатардың ең жоғары мәні; t - хроноқатардың ең төмен мәні.

Қадағалау нәтижелерінің сапасын және алынған хроноқатардың жарамдылығын анықтау тұрақтылық коэффициентін осы хроноқатардың нормативтік коэффициентімен салыстыру жолымен жүргізіледі (1-кесте).



2-кесте

жүктеу 1,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау