3) өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік атқарушы органымен келісу бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен,
орташа және жоғары елді мекендердің, тірек ауылдық елді мекендердің тізбесiн айқындайды,
Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын бекітеді.
4) Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарына қоныс аудару
, тұрғын үй беру және мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 88-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
89. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:
1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды хабардар
ету және консультациялық қызметтер көрсету, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң
қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында оларға консультация беру, үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға
мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;
2) Бағдарламаға әлеуеттi қатысушыларды, олардың мәртебесiне, кәсіптері мен әлеуметтiк
қолдауға мұқтаждығына қарай санаттар бойынша iрiктеу және бөлу;
3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қою, оның орындалуына
мониторингті жүзеге асыру және заңнамаға сәйкес оның талаптары орындалмаған жағдайда санкция
қолдану;
4) жергілікті еңбек нарығында кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізу және оны айқындау
;
5) мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде
іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналасуға жолдама беру.
Ескерту. 89-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
90. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны iске асыру
мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке меншiк жұмыспен қамту
агенттiктерiмен өзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын өкiлдiктерi, бөлiмшелерi (немесе
мамандары) болуы мүмкiн.
Бағдарламаны ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету
91. Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету мынадай бағыттар
бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
2) тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін әзірлеуді қоса алғанда, жұмыспен қамту
орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету;
3) Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрi – ӘЕСБАЖ), оның
ішінде нақты уақыт режимінде жалпыұлттық дерекқорды пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде
орындалатын бизнес-процестерді автоматтандыру базасында Бағдарламаның іске асырылуына кешенді
мониторинг жүргізу; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау үшін өтініш берген
адамдарды, оның ішінде Бағдарламаға қатысушыларды автоматтандырылған есепке алуға өзгерістер
енгізу; Бағдарламаға қатысушылардың табысын айқындау үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталық» РМҚК тиісті дерекқорын пайдалану, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз
пайдаланылуын болғызбайды;
4) «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталын және «Жұмыс» ақпараттық
порталын қолдау;
5) Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы, сервистік
қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдар, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат
Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының
жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті органның және халықты жұмыспен қамту орталықтарының
интернет-ресурстарында орналастырылады;
6) халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында елді мекендердің даму әлеуетін
айқындау жөніндегі зерттеу;
7) дайындық бейініне сәйкес оқыту орталықтары арқылы әдістемелік қамтамасыз етуді ескере
отырып, нысаналы топтың қаржылық сауаттылығының деңгейін арттыру.
Бағдарлама операторының көрсетілген бағыттарды іске асыруы үшін Бағдарламаны
ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым айқындалатын
болады.
92. Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы, сервистік
қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдар, көрсетілетін қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы
ақпарат Бағдарлама операторының, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның,
Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген
бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты
жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
6. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
93. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2015 жыл,
екінші кезең – 2016 – 2019 жылдар.
Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
94. Бiрiншi кезеңде пилоттық режимде үшiншi бағытта (экономикалық өсу орталықтарына және
әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) қызметтік тұрғын үйлерді
сатып алу және қоныстандыру жұмыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында
қалаларда және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен жұмыс
орындарын жедел құру шаралары пысықталады.
Үміткерлерді кәсіптік бағдарлау тетіктері пысықталатын болады.
Ескерту. 94-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
95. Екінші кезеңде: 2016 – 2019 жылдары – өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып,
Бағдарламаның негізгі құрамдас бөліктері әзірленетін, келісілетін болады және орындалуға
қабылданады; еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға
жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негізінде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен
2020 жылға дейін бір жарым миллион адамға дейiн қамтылатын болады.
Жұмыспен нәтижесiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнiмдiлiгi
, сондай-ақ халықтың табысы артады.
Ескерту. 95-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
7. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
96. Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджетте 2015 жылға көзделген 37,3 млрд. теңге
мөлшеріндегі қаражат шегінде іске асырылады.
1) 2015 жылға – 37,3 млрд. теңге қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Келесі жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын жылға арналған
тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
97. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мемлекеттің
қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын 1 ақпанға дейін алдағы үш жылға
арналған қаржыландыру лимиттерін айқындайды және қаражатты өңірлер бойынша бөлу жөнінде ВАК-қа
ұсыныстар енгізеді.
Қаржыландыру лимиттері өңірлер арасында статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері
бойынша бөлу алдындағы тоқсандағы жағдайға сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың
санына барабар бөлінетін болады.
Жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығының көрсеткіштеріне қарай қаражатты
Бағдарламаның бағыттары арасында дербес бөледі.
Бұл ретте Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар халықты
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың қолайлы деңгейін сақтау қажеттілігіне
байланысты жеткізілген лимиттің жалпы сомасының 70 %-ына дейін ауылдық жерлерге жіберуге тиіс.
Өңірлерге бөлінген қаржыландыру лимиттерін нақтылау және түзету экономикалық тұрғыдан
белсенді халықтың санын есепке алмай жүзеге асырылады.
Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ы жергілікті
бюджет есебінен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.
Көппәтерлі тұрғын үйді, сондай-ақ жеке, екі (үш және одан көп) пәтерлі тұрғын үйлерді
салу және сатып алу кезінде жұмыс беруші тұрғын үйдің жалпы сметалық құнының кемінде 10 %-ы
мөлшерінде қоса қаржыландыруды жүзеге асырады.
Қызметтік тұрғын үйлер мен жатақханалар салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес айқындалатын жалға берілетін (
коммуналдық) тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құнының мөлшерін негізге ала отырып, республикалық
бюджеттен жүзеге асырылады. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалған
құннан асатын шығыстар жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Ескерту. 97-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
; 22.07.2016
№
421
қаулыларымен.
98. Жергілікті атқарушы органдар белгіленген лимиттерді негізге ала отырып, Бағдарламаның
негізгі параметрлері бойынша күтілетін нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) түсіндірме жазбада
көрсетіп, Бағдарламаның бағыттары, бюджет заңнамасында белгіленген нысандар бойынша алдағы
қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады және жыл сайын 15 сәуірге дейінгі
мерзімде тиісті орталық мемлекеттік органдарға ұсынады.
Тиісті орталық мемлекеттік органдар Бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша күтілетін
нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) түсіндірме жазбада көрсете отырып, Бағдарлама операторына
бюджет заңнамасында белгіленген нысандар бойынша бюджеттік өтінімдерді жыл сайын 1 мамырға
дейінгі мерзімге ұсынады.
Бағдарлама операторы жыл сайын 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерді бюджетті
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
99. Облыстық бюджеттерге, төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер мен
нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлуді қоса алғанда, Бағдарламаның іс-шараларын іске
асыруға республикалық бюджетте тиісті кезеңге көзделген қаражатты республикалық бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде
жүзеге асырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы нысаналы
трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін төмен тұрған бюджеттерге аударуды бюджет
заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өңірлер бөлінген және (немесе) бөлінетін қаражаттан бас тартқан, сондай-ақ инвестициялық
және инфрақұрылымдық жобаларға тиісті құжаттаманы ұсынбаған жағдайда, Бағдарлама операторы
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті құжаттама қоса берілген қосымша өтінімдерінің
негізінде экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны бойынша критерийлерді есепке алмай,
ВАК-тың қарауына қаражатты қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоғарыда көрсетілген рәсімдер сақталады,
бюджеттік өтінімдерді ұсыну мерзімін Бағдарлама операторы белгілейді.
Ескерту. 99-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
100. Лимит бойынша ұсынылған қаражатты мақсатты пайдалануды және Бағдарламада көзделген
нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы
мен жергілікті атқарушы органдар арасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары
шеңберінде мынадай негізгі параметрлер бойынша меморандумдар жасалады:
1) жұмыссыздық деңгейі;
2) жұмысқа, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылғандардың саны;
3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың
үлесін ұлғайту;
4) атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік балалар жәрдемақысын еңбекке қабілетті
алушылар есебінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған адамдардың үлесін көбейту;
5) жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтуды кеңейту;
6) әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға
қатысушылардың саны;
7) кәсіптік оқытудан өткендер қатарындағы жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға
қатысушылардың саны.
Ескерту. 100-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
8. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
қаулысымен.
№ 1029
р
/
с
№
Атауы
Өлшем
бірлігі
Орындау
мерзімі
Аяқталу
нысаны
Жауапты
орындаушылар
Оның ішінде жылдар бойынша
2015 2016 2017 2018 2019 Барлығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
13
Мақсаты. Халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру, әл-ауқатының артуына жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту
Нысаналы индикатор
1 Жұмыссыздық деңгейі
%
2015-
2019
статистикалық
есеп, тоқсан
сайын
ҰЭМ, ДСӘДМ,
ЖАО
5,0
5,0 5,0 5,0 5,0
2
Әйелдер арасындағы
жұмыссыздық деңгейі
%
2015-
2019
статистикалық
есеп, тоқсан
сайын
ҰЭМ, ДСӘДМ,
ЖАО
5,7
5,5 5,5 5,5 5,5
3
Жастар арасындағы
жұмыссыздық деңгейі
(15-28 жас)
%
2015-
2019
статистикалық
есеп, тоқсан
сайын
ҰЭМ, ДСӘДМ,
ЖАО
4,7
4,6 4,6 4,6 4,6
1-міндет. Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту
Нәтижелер көрсеткіші
1
)
Бағдарламаға қатысу
мәселесі жөнінде
өтініш білдіргендер
қатарындағы оған
қатысушылардың
құрамына енгізілген
азаматтардың үлесі
%
2015-
2019
есеп, ай
сайын, айдың
10-күніне
ДСӘДМ, ЖАО
79,0 92,0 92,0 92,0 92,0
2
)
Бағдарламаға қатысу
мәселесі жөнінде
өтініш білдіргендер
қатарындағы оған
қатысушылардың
құрамына енгізілген
әйелдердің үлесі
%
2015-
2019
есеп, ай
сайын, айдың
10-күніне
ДСӘДМ, ЖАО
44,6 44,6 44,6 44,6 44,6
3
)
Бағдарламаға қатысу
мәселесі жөнінде
өтініш білдіргендер
қатарындағы оған
қатысушылардың
құрамына енгізілген
%
2015-
2019
есеп, ай
сайын, айдың
10-күніне
ДСӘДМ, ЖАО
43,5 43,5 43,5 43,5 43,5
29 жасқа дейінгі
жастардың үлесі
4
)
Өзін-өзі жұмыспен
қамтығандардың жалпы
санындағы нәтижелі
жұмыспен
қамтылғандардың үлесі
%
2015-
2019
есеп, ай
сайын, айдың
10-күніне
ДСӘДМ, ЖАО
62,5 64,5 65,5 66,5 66,5
Іс-шаралар
1
)
Инфрақұрылымды және
тұрмыстық-коммуналдық
шаруашылықты дамыту
есебінен жұмыспен
қамтуды қамтамасыз
ету
млрд.
теңге
2015-
2019
есеп, ай
сайын, айдың
10-күніне
ДСӘДМ, ҰЭМ,
АШМ, БҒМ,
Қаржы-мині,
МСМ, ЭМ,
ЖАО
13,8
-
-
-
-
2
)
Кәсіпкерлікті дамыту
арқылы жұмыс
орындарын құру
млрд.
теңге
2015-
2019
есеп, ай
сайын, айдың
10-күніне
ДСӘДМ, ҰЭМ,
АШМ,
Қаржы-мині,
ЖАО
10,2
-
-
-
-
3
)
Жұмыс берушінің
қажеттілігі
шеңберінде оқыту
және қоныстандыру
арқылы жұмысқа
орналасуға жәрдемдесу
млрд.
теңге
2015-
2019
есеп, ай
сайын, айдың
10-күніне
ДСӘДМ, ҰЭМ,
БҒМ,
Қаржы-мині,
ЖАО
9,0
-
-
-
-
4
)
Бағдарламаны іске
асыру шеңберінде
мемлекеттік қолдау
шаралары туралы
халыққа насихаттау
және хабардар ету
млн.
теңге
2015-
2019
есеп, ай
сайын, айдың
10-күніне
ДСӘДМ, ЖАО 273,9
-
-
-
-
2-міндет. Кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 –
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін дамыту
Нәтижелер көрсеткіші
1
)
Бағдарлама шеңберінде
ағымдағы жылы
кәсіптік оқуды
аяқтағандардың
қатарындағы жұмысқа
орналасқандардың
үлесі
%
2015-
2019
ДСӘДМ-ге
ақпарат
ДСӘДМ, ЖАО
69,5 70,0 70,5 71,0 71,0
Іс-шаралар
1
)
Ағымдағы бос жұмыс
орындарының
жалпыұлттық
дерекқорын
қалыптастыру
-
2015-
2019
дерекқор
ДСӘДМ, ЖАО
-
-
-
-
-
2
)
Бағдарлама шеңберінде
кәсіптік оқудан
өтетін адамдарға
млрд.
теңге
2015-
2019
ДСӘДМ-ге
ақпарат
ДСӘДМ, БҒМ,
ЖАО
3,7
мемлекеттік қолдау
көрсету
3-міндет. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру
Нәтижелер көрсеткіші
1
)
Атаулы әлеуметтік
көмек алушылардың
құрамындағы еңбекке
жарамды халықтың
үлес салмағы
%
2015-
2019
ДСӘДМ-ге
ақпарат
ДСӘДМ, ЖАО
30,0 30,0 30,0 30,0 30,0
Іс-шаралар
1
)
Халықты жұмыспен
қамтуды қамтамасыз
етуге және атаулы
әлеуметтік көмекті
көрсетуге
бағытталған
заңнаманы және
бағдарламалық
құжаттарды жетілдіру
-
2015-
2019
ДСӘДМ-ге
ақпарат
ДСӘДМ, ЖАО
-
-
-
-
-
2
)
Халықты жұмыспен
қамту мәселелері
бойынша халықтың
хабардарлығын
арттыру
млн.
теңге
2015-
2019
халық
арасында
ақпараттық
түсіндіру
жұмыстарын
жүргізу
ДСӘДМ, ЖАО 273,9
-
-
-
-
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ҰКП – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
РБ – республикалық бюджет
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |