ұсынады.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар
81. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру еңбек белсенділігі мен атаулы әлеуметтік
көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған.
Осы мақсатта шартты әлеуметтік көмекті енгізу көзделуде. Ол атаулы қолдаудың шартсыз
нысанынан «өзара міндеттемелер» (отбасыны жандандырудың әлеуметтік келісімшарт жүйесі)
қағидатына өтуді болжамдайды.
Отбасын жандандырудың әлеуметтік келісімшарты еңбек әлеуетін жандандыру және қолда бар
ресурстарды тиімді пайдалану, екі тараптың өзара міндеттемелерін, әрекеттерін көрсете отырып,
әлеуметтік және кәсіптік бейімдеу бойынша қызметтер көрсету есебінен отбасының өмірлік қиын
жағдайлардан шығуының жеке жоспарын қамтитын болады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықты жұмыспен қамту
орталықтарымен бірлесе отырып, азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарын орындауына
бақылау жүргiзедi және ұсынылған көмектiң тиiмдiлiгiн бағалайтын болады.
Құрамында еңбекке жарамды жастағы мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен
ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
туралы» Қазақстан Республикасының
сәйкес берiлетiн болады.
Заңына
Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру
82. Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның
құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі
өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық
маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.
83. Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:
республикалық деңгейде:
1) ВАК;
2) Бағдарлама операторы;
облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру
жөніндегі өңірлік комиссия және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;
аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық)
комиссия, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен халықты жұмыспен қамту
орталықтары;
кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің
әкімдері жүзеге асырады.
84. ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Бағдарлама бағыттары мен өңірлер бойынша қаржыландыру лимиттерін және қаражаттың
бөлінуін келіседі;
2) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды, орталық және жергілікті
атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын
құру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен
аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты
мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі
бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін, сондай-ақ
өңірлер бөлісінде қаржыландыру көлемін қарайды және келіседі.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
85. Бағдарлама операторы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып:
1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге
асырады;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде ВАК-пен
келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қаржыландыру лимиттерін белгілеу
және қаражаттарды бөлу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
3) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді;
4) жалпыұлттық дерекқорды қалыптастыру тәртібін және ағымдағы бос жұмыс орындары, орталық
мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қажет ететін мамандықтар туралы мәліметтерді беру
үшін нысандарды әзірлейді;
5) өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың,
жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтініштерінің
(хабарламаларының) нысандарын әзірлейді және бекітеді;
6) Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
7) Өңірлердің жұмыспен қамту картасын, Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді
жоспарын, сондай-ақ Жұмыстан босатылу және жұмыс орындарын құру картасын құру тәртібін
әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 85-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
86. Өңірлік комиссиялар:
1) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын келіседі;
2) Бағдарламаны бағыттары бойынша аудандар мен қалалар бөлінісінде қаржыландыру
лимиттерін келіседі;
3) уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік
серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін келіседі;
4) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша ең жоғары жылдық тиімді пайыздық
мөлшерлеменің мөлшерін келіседі;
5) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде бір ауданнан басқа
ауданға, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға
қатысушылардың құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді;
6) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің оқу
орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын келіседі;
7) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың
Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды;
8) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың
алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды;
9) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі
бөлігін уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін, сондай-ақ
кәсіпорындар арасындағы қаржыландыруға қаражат бөлуді қарайды және келіседі.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
87. Аудандық (қалалық) комиссиялар:
1) Бағдарламаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен
құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті
ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді;
2)
алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде бір аудан шегінде қоныс аударатын
адамдарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы
ұсынымдар әзірлейді;
4) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың
алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
88. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:
1) аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобалар
мен іс-шаралардың жоспарларын келіседі;
2) Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктерін қаржыландыру лимиттері жөніндегі ұсыныстарды
өңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына енгізеді;