Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
54. Кәсіптік бағдарлау кәсіпті саналы түрде таңдау үшін 50
жастан асқан адамдарды қоса
алғанда, үміткерлердің бейімділіктерін, қабілеттерін айқындауға бағытталған. Кәсіптерді таңдау
Жалпыұлттық дерекқордағы мәліметтерді ескере отырып жүзеге асырылады.
55. Кәсіптік бағдарлауды халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз
топтары, орта білім беру ұйымдарының 9, 11-сыныптарының оқушылары арасында білім беру
саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.
56. Кәсіптік бағдарлауды жүргізуді жұмыспен қамту орталықтары, оның ішінде мемлекеттік
сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес
тартылатын жеке жұмыспен қамту агенттіктері және (немесе) үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады
.
57. Кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтер «Еңбек нарығы»
автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне орналастырылады.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
58. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, кәсіптік қайта даярлауды және біліктілікті
арттыруды қамтиды.
59. Оқуға үміткерлерді жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушылар қатарынан да, Бағдарламаның
тиісті критерийлеріне сәйкес келетін, жеке жұмыспен қамту агенттіктері және бос жұмыс орындары
жәрмеңкелері арқылы өз бетінше іздеу негізінде тартылатын басқа да үміткерлер қатарынан да
іріктейді.
Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы
Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалымен бірлесіп
айқындаған кадрларға қажеттілікке сәйкес кәсіптік оқу түрін және білім беретін ұйымды таңдайды.
Оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдау, тізбесі Бағдарлама операторының,
Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының,
сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органның және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурсына орналастырылған
ұйымдардың және жұмыс берушілердің оқу орталықтарының қатарынан жүргізіледі.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
59-1. Қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру кезінде жұмыстан босатылған
қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға, сондай-ақ 18-ден 24 жасқа
дейінгі жастар қатарындағы жалдамалы қызметкерлерге басым құқық беріледі.
Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға
қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді үміткерлерді таңдауда жұмыс берушілердің
қатысуын талап етпей-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.
Ескерту. Бөлім 59-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
60. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту кәсіптік даярлық деңгейін бағалау жөніндегі
біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) берілген
жағдайда не «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру
ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдемдесу кезінде
жүзеге асырылуы мүмкін.
Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальді моделі қағидаттарында жүргізілуге тиіс.
Жалдамалы қызметкерлерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастағы жастарды өндірістен
қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға
қатысушының жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге асырылады
.
Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
61. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды мемлекеттік білім беру тапсырысы
шеңберінде Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады және ол оқу курсының мазмұнына қарай ұзақтығы:
1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан аспайды;
2) қайта даярлау кезінде – алты айдан аспайды;
3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспайды.
62. Жергілікті атқарушы органдар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік
оқыту құнын жыл сайын білім беру процесіндегі шығыстарды есепке ала отырып, оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне байланысты белгілейді.
Жұмыс берушілердің оқу орталықтарындағы кәсіптік оқыту құнын халықты жұмыспен қамту
орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен және өңірлік комиссиямен
келісу бойынша оқу орталығы айқындайды.
63. Кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға
қатысушыларды жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жібереді.
Бағдарламаға қатысушы жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына орналасудан немесе жұмыс беруші
Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, төленген материалдық көмек
және стипендия сомаларын қоса алғанда, оқыту шығыстары жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
орталық уәкілетті орган айқындаған шарттарға сәйкес бюджетке қайтарылады.
Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
64. 2013 жылға дейін кәсіптік даярлауға қабылданған адамдардың оқуын қаржыландыруды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көрсетілген адамдар оқуын толық аяқтағанға
дейін жүзеге асыратын болады.
64-1. Өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың білікті қызметкерлерін біліктілігін
арттыруға және қайта даярлауға жіберу үшін 2016 жылдан бастап жұмыс берушілерге мемлекеттік
грант беру көзделеді.
Гранттар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және
біліктілік деңгейіне қарай оқу процесі шығыстарын есептей келе білім беру саласындағы
жергілікті атқарушы органдар белгілеген біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарының
құнынан жұмыс берушілердің бір адамға кететін шығынының 80 %-ы, бірақ 100 айлық есептік
көрсеткіштен аспайтын мөлшерде беріледі.»;
Жұмыс берушілерге біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік гранттар беру
шарттары жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына
жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларында айқындалады.
Ескерту. Бөлім 64-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына
жіберу және ішінара субсидиялауды ұйымдастыру
тәртібі
Ескерту. Кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
65. Оқуды аяқтағаннан кейінгі үш жыл ішінде бітірушілер қатарындағы жастар практикасына
қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан асырмай жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, субсидия мөлшері айына 18
айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек
демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жастар практикасына жіберілген жеке
тұлғалардың еңбекақысын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыруға жол беріледі.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын
мемлекеттің ішінара субсидиялауы жұмысқа орналасқан күннен бастап 12 ай ішінде жүзеге асырылады
.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысына
берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке
алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына