| МАЗМҰНЫ
|
|
БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ ………………………………………………………………...
|
4
|
КІРІСПЕ...... ……………………………………………………………………………………..
|
6
|
1
|
ҚАЗІРГІ КЕДЕйШІЛІК ЖАғдайын ТАЛДАУ...................
|
7
|
|
1.1.
|
Облыстағы кедейшілік деңгейінің анықтау жəне өлшеу ..…………………………….
|
7
|
|
1.2.
|
Экономиканың даму деңгейі жəне кедейшілік..……………………………
|
8
|
|
|
1.2.1.
|
Экономикалық өсу жəне кедейшілік ………………………………
|
8
|
|
|
1.2.2.
|
Жұмыспен қамту жəне жұмыссыздық………………………………
|
10
|
|
|
1.2.3.
|
Шағын бизнес ………………………………………………………….
|
11
|
|
|
1.2.4.
|
Қоғамдық жұмыстар....………………………………………………
|
12
|
|
|
1.2.5.
|
Кəсіби дайындық жəне қайта дайындау................. ………………
|
12
|
|
|
1.2.6.
|
Шағын қаржыландыру ………………………………………………..
|
13
|
|
1.3.
|
Əлеуметтік сала ...……………………………………………………………….
|
14
|
|
|
1.3.1.
|
Демография жəне көші-қон...……………………………………
|
14
|
|
|
1.3.2.
|
Халықтың денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз етілуі
|
16
|
|
|
1.3.3.
|
Білім алуға қол жетімділік.... …………………………………………….
|
17
|
|
|
1.3.4.
|
Аз қамтамасыз етілген халық тобына арналған мемлекеттік əлеуметтік көмек жүйесі
|
18
|
|
1.4.
|
Кедейшіліктің инфрақұрылымдық аспектісі…………………………………
|
19
|
|
|
1.4.1
|
Халықты тұрғын – үймен жəне коммуналдық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету.........................................................................
|
19
|
|
|
1.4.2.
|
Тұрғындарды сумен, оның ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз ету
|
20
|
|
|
1.4.3.
|
Халықты жолмен, көлікпен, байланыс қызметімен қамтамасыз ету.......................................................................
|
20
|
|
1.5.
|
Кедейшіліктің аймақтық жəне экологиялық аспектілері ..………………
|
21
|
|
|
1.5.1.
|
Кедейшіліктің аймақтық ерекшеліктері……………………………
|
21
|
|
|
1.5.2.
|
Кедейшіліктің экологиялық аспектісі.………………………
|
22
|
|
1.6.
|
Халықтың кедейшілік деңгейін төмендетудегі қоғамдық институттардың ролі....................................................................... …
|
23
|
|
|
1.6.1.
|
Халықтың кедейшілік деңгейін төмендетудегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі . ........……………………………
|
23
|
|
|
1.6.2.
|
Кедейшілікті төмендетудегі үкіметтік емес және кəсіподақтық ұйымдарының ролі..………………………………………………
|
24
|
2.
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖƏНЕ БАСЫМДЫҚТАРЫ................................................................................... …………
|
24
|
|
2.1.
|
Бағдарламының мақсаты жəне міндеттері …………………………………
|
24
|
|
2.2.
|
Кедейшілікті төмендетуге арналған басымдықтар ………………………
|
25
|
|
2.3.
|
Бағдарламаның іске асыру көрсеткіштері...…………………………
|
25
|
3.
| КЕДЕЙШІЛІКТІ КЕМІТУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ…………………... |
27
|
|
3.1.
|
Мақсатты топтардағы кедейлікті тазайту мақсатында қолданылатын шаралар.………
|
27
|
|
3.2.
|
Халықтың кедейшілік деңгейін төмендету жөніндегі шаралар..…………
|
28
|
|
|
3.2.1.
|
Экономиканы дамыту жəне кедейшілікті төмендету………………
|
28
|
|
|
3.2.2.
|
Жұмысбастылықты арттыру және жұмыссыздықты азайту.…
|
29
|
|
|
3.2.3.
|
Шағын кəсіпкерлікті дамыту…………………………
|
30
|
|
|
3.2.4.
|
Қоғамдық жұмыстардың тиімділігін арттыру ........………………..
|
31
|
|
|
3.2.5.
|
Кəсіби дайындық пен қайта дайындауды жақсарту ..……………
|
31
|
|
|
3.2.6.
|
Шағын несиені ұлғайту шаралары ……………
|
32
|
|
3.3.
|
Əлеуметтік сала ......………… ………………………………………………
|
33
|
|
|
3.3.1.
|
Кедейшілікке демографиялық жəне көші-қон факторларының əсерін жеңілдету жөніндегі шаралар..........……………………
|
33
|
|
|
3.3.2.
|
Халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуін жақсарту жөніндегі шаралар...……………………………………
|
33
|
|
|
3.3.3.
|
Халықтың білім алу қызметтеріне қол жеткізуін жақсарту ...…
|
34
|
|
3.4.
|
Халықты инфрақұрылым қызметтерімен қамтамасыз етуді жақсарту...…...
|
34
|
|
|
3.4.1.
|
Халықты тұрғын-үймен жəне коммуналдық қызмет көрсетулермен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар
|
34
|
|
|
3.4.2.
|
Халықты сумен, оның ішінде ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар ................................................
|
35
|
|
|
3.4.3.
|
Халықты жолмен, көлікпен, байланыс қызметімен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар ....................…
|
35
|
|
3.5.
|
Кедейшілікті аймақтық деңгейде төмендету жəне кедейшілікке қолайсыз экологиялық факторлардың əсері....…………………………
|
35
|
|
|
3.5.1.
|
Аймақтық деңгейде кедейшілікті төмендету жөніндегі шаралар
|
35
|
|
|
3.5.2.
|
Халықтың кедейшілігіне әсерін тигізетін экологиялық факторларды азайту шаралары.........................................
|
36
|
|
3.6.
|
Халықтың кедейшілік деңгейінің төмендетугі қоғамдық институттардың қызметтерін жақсарту жөніндегі шаралар……………………………
|
36
|
|
|
3.6.1
|
Кедейшілік деңгейін төмендетудегі мемлекеттік орындардың қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар ..…………………………
|
36
|
|
|
3.6.2.
|
Кедейшілік деңгейін төмендетудегі үкіметтік емес ұйымдардың жəне кəсіподақтардың жұмысын жетілдіру шаралар
|
37
|
|
|
3.6.3.
|
Кедейшілік деңгейін төмендетуде жеке секторлардың қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар..............……………………
|
37
|
|
|
3.6.4.
|
Шешім қабылдау үдерісінде кедей халықты тарту жөніндегі шаралар ……………………………………………………
|
37
|
4.
|
БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ.................................................
|
38
|
5.
| ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ.....…. |
38
|
6.
|
БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НƏТИЖЕЛЕР………...
|
38
| БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Əзірлеу үшін негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 24 сəуіріндегі № 470 “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы” Қаулысы жəне Қазақстан Республикасы Премьер-Мнистрінің 2002 жылғы 6-наурыздғы кедейшілікті төмендету жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында берілген тапсырмасын орындау үшін.
|
Негізгі əзірлеуші
|
Алматы облысының экономика комитеті, басқа да облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттермен бірлесе отырып.
|
Мақсаттары
|
Облыста экономикалық өсуге, еңбекпен қамтудың тиімділігіне жəне халықтың кірісін көбейтуге жағдай жасау арқылы кедейшілікті азайту. Халықты еңбекпен қамтудың түрлерін кеңейтуге, атаулы əлеуметтік көмекті көтеруге, халықтың мақсатты топтарын қолдауға, əлеуметтік, демографиялық, экологиялық жəне инфрақұрылымдық факторлардың кері əсерінің азаюына бағытталған шаралар кешенін іске асыру. Халықтың денсаулық сақтау жəне білім беру қызметтеріне қол жеткізуін жақсарту.
|
Міндеттері
|
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделіп отыр:
халықты жұмыспен қамту үшін жағдай жасау, жұмысшы күшінің сапасын жəне бəсекеқабілеттілігін көтеру, жұмыссыздарды жұмысқа орналастырылу деңгейін көтеру, жұмыссыздық деңгейін қысқарту;
ақылы қоғамдық жұмыстарды, кəсіби оқуды дайындау, жұмыссыздардың біліктілігін көтеру жəне қайта даярлау жұмыстарын одан əрі дамыту жəне ұйымдастыруды жетілдіру;
атаулы əлеуметтік көмек көрсету тетігін жəне халықтың аз қамтамасыз етілген тобының табыс деңгейін бағалау əдісін жетілдіру;
шағын кəсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, аз қамтамасыз етілген азаматтар тобына басымды несие беруді қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау, білім беру салаларында мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін жəне қол жеткізуін көтеру.
|
Негізгі басымдықтар
|
Кедейшілікті азайтудың негізгі басымдықтары мыналар болып табылады:
экономикалық өсуді одан əрі қамтамасыз ету;
еңбекпен қамтуды өсіру үшін жағдай жасау жолымен жұмыссыздықты төмендету;
атаулы əлеуметтік көмек көрсетуде оған мұқтаж отбасыларды анықтау жөнінде учаскелік комиссиялардың жұмысын жандандыру;
халықтың кедей тобының еңбек əлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
халықтың базалық білім, алғашқы медициналық көмек алуына, таза ауыз сумен, коммуналдық қызметтермен, көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуіне қол жеткізуін арттыру;
мемлекеттік əлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын күшейту;
қайырымдылық жəне демеушілік көмек көрсету үшін қайырымдылық, мəдени, діни жəне үкіметтік емес ұйымдармен, жеке сектормен жұмысты жандандыру;
еңбек рыногында бəсеке қабілетсіз азаматтар санатын, халықтың кедей тобын əлеуметтік қолдау.
|
Қаржыландыру көздері
|
Алматы облысында 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламаны қаржыландыру көзі, республикалық, облыстық, аудандық жəне қалалық бюджеттердің, халықаралық донорлық ұйымдар мен демеушілердің қаржылары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңымен тыйым салынбаған қаржыландыру көздері болып табылады.
|
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нəтижелер
|
Халықтың кедей тобының үлесін 3,9 пайызға азайту.
Жұмыссыздар санын 9,7 ден 9,3 пайызға қысқарту.
Кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдар санын 2005 жылы 102000 адамға жеткізу немесе 2002 жылмен салыстырғанда 36,2 пайызға азайту көзделеді.
2003 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төменгі халық үлесі 29 пайызды құрайды немесе 2005 жылы 25,5 пайызға дейін азаяды.
5-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамтамысыз ету деңгейі 2002 жылдан бастап 2005 жылға дейін 19 пайызға дейін өседі, жетім балаларды жəне аз қамтамасыз еілген отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету сəйкес 31,7-ден 70 пайызға дейін арттыру.
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген халықтың үлесі 5,6-дан 0 пайызға дейін қысқарады.
|
Іске асыру мерзімі
|
2003-2005 жылдар
|
Кіріспе
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 24 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларының жоспары туралы» №470 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы 2003-2005 жылдарда кедейшілікті төмендету Бағдарламасы жобасына ұсыныстарды ескере отырып, əзірленді. Ол 2000-2002 жылдарға арналған кедейшілік және жұмыссыздықпен күрестің облыстық Бағдарламасына еңгізілген негізгі бағыттарды дамытады және толықтырады. Бағдарлама Алматы облысының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, 2002-2003 жылдарға арналған Кешенді Бағдарлама және облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған индикативтік жоспары, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту жəне басқа да әлеуметтік мəселелерді шешуге бағытталған мақсатты бағдарламалар негізінде əзірленді.
Экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуіне қарамастан, кей жерлерде әлеуметтік көрсеткіштердің төмендігі, кедейшілік жəне жұмыссыздық деңгейінің едəуір орын алуына байланысты Кедейшілікті төмендетудің аймақтық Бағдарламасын əзірлеу қажеттілігі туындап отыр.
Бағдарлама объективті себептерге байланысты халықтың құптауға болатын өмір салтын өз бетінше қамтамасыз ете алмайтын тобын əлеуметтік қорғаумен байланыстыра отырып, азаматтарды материалдық қолдаудың негізі ретінде, еңбектің тиімділігін жəне өнімділігін жаппай қолдауға бағытталған, сондай-ақ жұмыссыздық пен кедейшілікті төмендету жөніндегі шаралар жəне оларды тудыратын жағдайлар мен себептерді талдаудан тұрады.
Кедейшілік деңгейінің өсуінің негізгі себебі еңбек рыногында жұмысшы күшіне деген сұраным теңгерімінің дұрыс болмауы нәтижесінде туындайтын жұмыссыздық болып табылады; еңбекақы, зейнетақы жəне жәрдемақы мөлшерінің төмен болуы; алыс елді мекендерде тұратын халықтың кедей тобын әлеуметтік жатсынуға әкелетін физикалық инфрақұрылымдардың нашар болуы; тегін білім беру және тегін медициналық көмек көрсетуге қол жеткізудің аздығы; халықтың кедей тобына берілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігінің төмендігі.
Аймақтық бағдарламаға кедейшілікті төмендетудің негізгі жолдары енгізілген, олар мыналарды ескереді: халық кедейлігі себептерінің көп қырлылығы; кедейліктің гендерлік аспектісі; адамдар мен аз қамтамасыз етілген азаматтардың өмір сүру деңгейіне əсер ететін экологиялық жағдайлар; кедейшіліктің аймақтық ерекшелігі, сондай-ақ жұмысы тоқтап тұрған қала құрушы кәсіпорындары мен шағын қалалардағы және тоқырауға ұшыраған ауылдық аудандардағы кедейшілік.
Сонымен қатар, кедейшілік мəселесін шешу үшін қоғамның барлық институттары: мемлекеттік органдар, жеке сектор, үкіметтік емес ұйымдар, бірлестіктерді, кəсіби одақтарды қоса алғанда, белсенді қатысуы мен өзара іс-қимылы көзделеді.
Бұдан басқа, халықтың кедей тобын дәстүрлі қамтып отырған - көп балалы отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер жəне т.б. əлеуметтік кедейшіліктен басқа, экономикалық кедейшілік кездеседі. Ол айлық жалақы мөлшерінің төмендігінен, оның уақтылы төленбеуінен, жасырын жұмыссыздық салдарынан жұмысқа қабілетті азаматтардың əлеуметтік құптауға болатын тұрмыс деңгейін қамтамасыз ете алмауына себеп болады.
Қазіргі уақытта облыста 6 аймақтық және салалық бағдарламалар бар. Олардың құрамына кедейлердің жағдайын жақсартумен тікелей байланысты: облысты əлеуметтік-экономикалық дамытудың 2002-2003 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы, 2001-2002 жылдарға арналған Жастар саясатын дамыту, облыс аумағында қылмыскерлікпен күрес, кәмелетке толмағандар жəне жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, маскүнемдік және алкоголизммен күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы және басқа да халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту мен әлеуметтік мəселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар кіреді.
Халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге тікелей бағытталған негізгі Бағдарлама, облыс Әкімінің 2000 жылғы 21 ақпандағы №2-53 шешімімен бекітілген Кедейшілік және жұмыссыздықпен күрестің 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы болып табылады. Осы бағдарлама қоғам дамуының осы кезеңі үшін көкейкесті мəселелер мен басымдықтарды ескере отырып əзірленді. Бағдарламада кедейшілікпен күрес жөніндегі шаралар, негізінен, жаңа жұмыс орындарын ашу есебінен халықты жұмыспен қамтуды өсіруге, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларын жүзеге асыруға және аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы əлеуметтік көмек көрсетуге қол жеткізеді.
ҚАЗІРГІ КЕДЕЙШІЛІК ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
1.1. Облыстағы кедейшілік деңгейін анықтау және өлшеу.
Кедейшілік – халықтың ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтылуы біршама төмен деңгейде тұрған, сонымен қатар өзінің табиғи –физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін төмен деңгейде қанағаттандыратын бөлігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Табыс жағынан кедейшілік ең төменгі күнкөріс деңгейімен, кедейшілік шегінің өлшемімен, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халық бөлшегімен және де басқа көрсеткіштермен өлшенеді.
Ең төменгі күнкөріс, 70%- азық-түлік, 30%- азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерден тұратын минималды тұтыну кәрзеңкесінің негізінде есептелінеді. Нормативтік құқықтық актімен белгіленген кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2001 жылы 38% , 2002 жылы - 40% құрастырды. Бұл көрсеткіш ең алдымен мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі экономикалық мүмкіндіктерін сипаттайды.
|
өлшеу бірлігі
|
2000 жылдың
есебі
|
2001 жылдың
есебі
|
2002 жылғы
бағалау
|
2002 жыл 2000 жылға қарағанда % есебімен
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Ең төмен күнкөріс деңгейі (орташа жылдық)
|
Теңге
|
3895
|
4446
|
4895
|
125,7
|
Кедейшілік шегіі (орташа жылдық)
|
Теңге
|
1480
|
1689
|
1958
|
132,3
|
Кедейшілік шегінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне қарағандағы ара қатынасы
|
%
|
38
|
38
|
40
|
|
Облыста соңғы жылдары халықтың тұрмыс деңгейінің біртіндеп жақсарғаны байқалады. Сонымен, ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері, орташа бағалағанда, 2002 жылы 2000 жылдың деңгейінен 25,7 пайызға артады.
Сонда да болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерлері мен кедейшілік шегінің мөлшерлері, халықаралық тәжірибеге қарағанда бір деңгейде болу керек болғанымен, бұл көрсеткіштердің арасы әлі азаймаған.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен төмен табысы бар халықтың бөлігі 2000 жылы 44,2 пайыздан 2001 жылы 40,4 пайызға төмендеп; ал 2002 жылы 35,2 пайыз деңгейінде болмақ деп болжамдалуда.
2000 жылы облыста аз қамтамасыз етілгендердің саны 267,3 мың болды, олардың ішінде тұрмыс жағдайы кедейшілік шегінен төмендер (1480 теңге) –83,0; 2001 жылы олардың саны 35,6 пайызға азайып 172,2 мың адам болды, соның ішінде кедейшілік шегінен төмен тұратындар (1689 теңге) –77,8 мың адамды (7,2 пайызға азайған) құрады. Алдын-ала алынған деректерге қарағанда аз қамтамасыз етілгендердің саны, 2001 жылмен салыстырғанда 7,1 пайызға азайып, 2002 жылы 160,0 мың адам болды.
Табысы кедейшілік деңгейінен төмендердің үлес салмағы азайып, 2001жылы 11 пайыз, биылғы жыл –10% құрады.
Биылғы жылдың басында, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен 160 мың адамның 54 пайызы - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер ,18,5 пайызы - жұмыспен қамтылмағандар, 17,9 пайызы - жұмыс істейтін азаматтар, 6,8, пайызы - көп балалы отбасылар, 1,7 пайызы - зейнеткерлер және1,1 пайызы – мүгедектер. Жоғарыда аталғандардан басқа кедейлер санатына баспанасыздар, көшпенділер және босқындар жататын болды.
Осымен бірге, кедейшілік дегеніміз – жұмыссыздық, және базалық әлеуметтік әл-ауқат пен қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігінің төмендігі, медициналық қызметті пайдаланудың шектеулігі, ауылдық елді мекендерде мектептердің және медициналық мекемелердің жетіспеуі, білім беру деңгейінің төмендігі және адамдардың басқа да жағдайларды пайдалану мүмкіншілігінен айыру.
1.2. Экономиканың даму деңгейі жəне кедейшілік
1.2.1. Экономикалық өсу жəне кедейшілік
Кедейшілікті төмендетудің маңызды шарты экономиканы дамыту болып табылады. Облыс экономикасының тұрақты өсуі туралы соңғы жылдардағы көрсеткіштер дəлел. Жалпы ішкі өнімдердің нақты өсуі 1998 жылдан бастап 2001 жылды қоса алғандағы мерзім ішінде 67,9% құрады, бұл жылына орта есеппен 17 пайыз. Осы мерзім ішінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 13,4-тен 10,2 пайызға дейін төмендеді, немесе жалпы ішкі өнім өсімінің əрбір пайызы жұмыссыздық деңгейін 0,06 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізді.
Алматы облысы аграрлы-индустриалды аймаққа жатады.
Облыстың өнеркəсіп саясатының негізгі бағыты өнеркəсіп кешенін тұрақты дамыту жəне ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту болып табылады. Машина жасау кəсіпорындарын жəне металл өңдеу салаларын дамыту үшін жеткілікті əлеует бар. Қант, ет, сүт, темекі бұйымдары, жүзім шараптары, аккумуляторлардың тауарлы рыногы дамуда.
Облыста соңғы жылдары өнеркəсіп өнімін өндіруді өсірудің оңды тенденциясы сақталуда. 2002 жылы өнеркəсіп өнімінің көлемін 100,9 млрд. теңгеге дейін, физикалық көлемнің индексін - 113 пайызға жеткізу көзделді.
Өндірісті өсіру жұмыс істеп тұрған кəсіпорындардың қуаттылығын арттыру жəне жұмысы тоқтап тұрған кəсіпорындардың қызметін жаңарту, 98 жаңа өндіріс орындарын, учаскелер, цехтарды пайдалануға беру есебінен қамтамасыз ету көзделеді. Осындай шаралардың есебінен қосымша 3 мың жұмыс орнын құру жоспарланады.
Ағымдағы жылы пайдалануға берілген ең ірі объектілер арасында: Қарасай ауданындағы «Қазақстан қағазы» ЖАҚ-ы 350 жұмыс орнын, «Екафарма БК» ЖШС-гі 27 жұмыс орнын, Іле ауданындағы «Райымбек-Агро» 79 жұмыс орнын, Жамбыл ауданындағы «Рахат су» ЖШС-гі 52 жұмыс орнын, Талдықорған қаласындағы жылына қуаттылығы 750 мың дана қазіргі заманғы импорталмастыратын аккумулятор батареяларын шығару жөніндегі «БМ Енерджи Компания» ЖАҚ зауыты 180 жұмыс орнын ашты.
Жыл басынан бері 10 жұмысы тоқтап тұрған кəсіпорындар қызметі қалпына келтірілді, оның ішінде ең ірілері: «Қазақаккумулятор» АТАҚ-ы - 160 жұмыс орнымен, «Голд Продукт Компаниасының» «Арсенал АМЗ» - 100 жұмыс орнымен, «Талғар тігін фабрикасы» ЖШС-гі - 80 жұмыс орнымен іске қосылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 21 жұмысы тоқтап тұрған өнеркəсіп кəсіпорындарының қызметін қайта жаңарту жоспарланып, оның есебінен қосымша 600-ден астам жұмыс орындары құрылатын болады.
ТМД елдеріне: «Хамле компания ЛТД» ЖШС-гі – печенье, шарап зауыттары – табиғи жүзім шараптарын, «Қайнар» ААҚ-ы – электр аккумуляторларын, «Үркер косметик» - косметикалық өнімдері жеткізіледі.
Облыс экономикасын дамытудың басымды бағыттарының бірі ауылшаруашылығы өндірісін тиімді дамыту үшін жағдай жасау, жер, су, ғылыми əлеуетті ұтымды пайдалану жəне ауыл тұрғындарының əлеуметтік проблемаларын шешу болып табылады.
Ауылшаруашылығы өндірісінде 36 мыңнан астам шаруашылық субъектілері шұғылданады, оларда 96,6 мың адам жұмыс істейді.
Жыл сайын, 1997 жылдан бастап ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі орта есеппен 15 пайызға көбейеді. 1997 жылдан бастап мал басын өсіру тұрақтанып, өндірістің құлдырауы тоқтатылды.
2001 жылы ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 66,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2000 жылға қарағанда 4,8 пайызға артқан, биылғы жылдың жарты жылдығында – 26,6 млрд. теңге немесе 2001 жылдың сəйкес кезеңіне110,2 пайыз.
Реформаны тереңдету, өндірісті тұрақтандыру жəне ауылшаруашылығы өнімдерімен базарларды толтыру үшін жұмыс жүргізілуде.
Өсірілген өнімді өткізу облыста жұмыс істейтін базарлар арқылы жүзеге асырылады. «Облыстық сауда-саттық компаниясы» ЖАҚ-ы, аудандар мен қалалардағы бөлімшелерімен ауылшаруашылығы өнімдерін сатып алуды жүзеге асыру, басқа дайындалған өнімді сақтау жəне қайта өңдеу үшін өз базаларын құру жөнінде жұмыс жүргізеді.
Соңғы үш жылда аграрлық сектор ішінде МТС -дың санын көбейту, жұмыс істемейтін ауылшаруашылығы өндірісін жаңалау жəне қалпына келтіру, басқа да атқарылған шаралардың нəтижесінде 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды.
Бұдан басқа, облыста туризмді дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Мұның басты игілігі - олар əр түрлі бірегей табиғатты жерлер, перспективасы мол туристік маршруттар, мəдени, тарихи жəне табиғи ескерткіштер болып табылады. Қазіргі уақытта облыста 100-ден астам туристік жəне санаториялық сауықтыру объектілері орналасқан, оларда 2000-нан астам қызмет етеді.
Соңғы 1,5 жылда өнеркəсіпте жұмыс істейтіндер саны (2 мың. адамға), құрылыста (1,1 мың. адамға) көбейді. Жалдалмалы жұмыскерлер саны білім саласында (27,4% жалпы саннан), ауыл жəне орман шаруашылығында (18,5%), өнеркəсіпте (17,1%), денсаулық сақтау саласында (10,5%) ең үлкен үлеске ие болды.
Шағын кəсіпкерлікте жұмыс істейтіндер санының өскендігі байқалды. 2002 жылдың 1 шілдесінде өз бетінше жұмыс істейтіндер саны 1997 жылға қарағанда 1,5 есеге көбейіп, бұл көрсеткіш азаматтардың өз проблемаларын шешуде белсенділігінің артқандығын дəлелдеді.
2002 жылдың 1 маусымында орташа айлық номиналды жалақы облыс бойынша 14323 теңгені құрады жəне былтырғы жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда 16,8 пайызға өсті.
Мемлекеттік бюджетке түсім көлемі өсуде. 2002 жылдың қаңтар-мамыр айларында ірі жəне орта кəсіпорындар бойынша 2411 млн. теңге сомада табыс алынды. Рентабельділік деңгейі 11,1 пайызды құрады.
Жоғарда белгіленген экономикалық өсу халықтың өмір сүру деңгейінің жақсаруын қамтамасыз етті, ол мемлекет халқының ақшалай табыс көрсеткіштерінің динамикасы мен күнкөріс деңгейі көлемінің өсуінен болды. 2001 жылы жан басына шаққандағы номиналдық табыс бір айда 4477 теңгені құрады жəне күнкөріс деңгейінің көлемі 0,7 пайыздан асты. Номиналдық табыс мөлшерінің ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен артуы 2002 жылы да сақталып, оның артуы мамыр айында 10,9 пайызды құрады. Алайда, облысты экономикалық дамытуға жасалған талдау халықты жұмыспен қамтуды көтеру үшін облыста əлі де болса пайдаланылмай отырған резервтердің бар екендігін көрсетті.
1.2.2. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық
Кейінгі жылдары еңбек рыногындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейінің төмендегені, жұмыс күшінің секторлар мен экономика салаларында мемлекеттік емес секторлар пайдасына қайта бөлужалғасын тауып келе жатқаны, өз бетімен жұмыспен қамтылған халық санының өсуі, сонымен қатар жалданып жұмыс істейтіндер санының азаюы байқалады.
Облыстық статистика басқармасы өткізген халықты ішінара тексеру деректері бойынша 2001 жылы жұмыспен қамтылмағандардың көбісі 15-39 жастағы адамдар (57,1%), жастар (16-24 жас) арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі 22,8 %.
Экономикалы тұрғыдан іскер халық арасындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2002 жылдың басында 10,4 % құрады, бірінші жартыжылдықтың аяғына 9,1%-ға азайды. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданында 6,4 %-дан, Ақсу ауданында 15,4 %-ға дейін өзгереді. Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша 2001 жылдың 1-ші шілдесіне қарағандағы жұмыссыздардың жалпы саны 71124 адамды құрады, бұл, былтырғы жылғымен салыстырғанда орташа алғанда 3858 адамға, немесе 5,1 %-ға аз деген сөз.
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының қабылдануына байланысты, басқа жылдарға қарағанда, 2002 жылы жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны әжептеуір көбейді. Уәкілетті органдарға қатынасқандардың саны 1996-1997 жылдардағы деңгейге жақындайды, ол кезде жұмыспен қамту қызметіне 45 %, яғни 41 мың жұмыссыз азамат қатынасқан.
2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында 31020 адам жұмыссыздар ретінде тіркелген, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,5 есеге көбейгенін көрсетеді.
2002 жылдың 1-ші қыркүйегіне жұмыссыздық деңгейі 2,0%-дан 2,8 %-ға өсті.
Еңбек рыногында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың квалификациялық-кәсіби құрылымдарының сәйкессіздігі орын алған Жоғары кәсіби жұмыс күші, әсіресе жоғары білімді мамандар, білікті жұмысшы кадрлар кеткендіктен лайықты дайындығы жоқ адамдардың саны артады. Сонымен қатар инженерлік кадрларға, көпшілік кәсібінің жоғары білікті жұмысшыларына тұрақты сұраныс қалыптасады. Сондай ақ, юрист, экономист, мұғалім, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешісі сияқты жекелеген мамандықтар бойынша жоғары және орта кәсіби мамандық иелерінен құралған жұмыссыздардың потенциалы қажет болмай қалуда.
2002 жылдың 1-ші шілдесінен есепте тұрған жұмыссыздардың ішінде 1170 адам (4,7%) - жоғары білімді, 14619 (59,2%) - орта білімді, 4016 адам (16,3%) - орта кәсіби білімді.
әлі де болса, ауылдық елді мекендерде жұмыспен қамту проблемасын шешу қалаға қарағанда қиындық келтіреді. 2002 жылдың 1-ші тоқсанында, орта есеппен алғанда, облыс бойынша әрбір бесінші жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылса, ауыл тұрғандарының арасынан әрбір жетіншісі қамтылады.
Біліктілік талаптарының жоғарылауына байланысты, кәсібі және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жастардың жұмысқа орналасу мүмкіншілігі төмендейді. 2001 жылы жастардың арасынан әрбір төртінші жұмысқа орналасса, 2002 жылы әрбір алтыншы ғана орналасатын болады.
Жұмыс орындары жетіспеген жағдайда, еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеті төмен мүгедектердің проблемасы қиындай түседі. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген мүгедектердің саны аз болғанмен, 2001 жылғы 15 адамнан 2002 жылдың алты айында 43 адамға дейін көбею тенденциясы байқалады.
әдеттегідей, біліксіз жұмыс күші болатын репатрианттарды (оралмандарды) жұмысқа орналастыру деңгейі төмен: 2001 жылы 4,6% - ғана, 2002 жылы - 12% құрады.
Шағын қалаларда және ауылдық жерлерде әсіресе әйелдерді жұмыспен қамту проблемасы күн тәртібінен түспей тұр. 2002 жылдың алты айы аралығында жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарға өтініш жасаған әйелдердің жалпы санының -56,3% ауылдық жерлердің тұрғындары. Жұмыссыз әйел, жанұя мүшелерін күтумен қатар қосымша табыс көздерін іздеуге мәжбүр болады.
Зейнеткерлік жасқа таяп қалған адамдарды, әсіресе әйелдерді, жұмысқа қабылдау кезінде жасы және жынысына байланысты кемсіту мәселенің шешілуін қиындата түседі. Зейнеткерлік жасқа таяп қалғандар, еңбек рыногында мүмкіншіліктері төмен болғандықтан, жұмыспен қамтуға уәкілетті органдарда тіркелуден бас тартады. Мәселен, халықтың осы санатынан, 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында жұмысқа орналасуға көмектесу жөнінде 152-ғана адам, оның ішінде 88 әйел өтініш жасады.
Жұмысқа тұру, дұрыс табыс табу мүмкіндігі болмағандықтан ер адамдардың отбасындағы асыраушы ретіндегі статусы төмендейді. Дұрыс жұмыс табысы жоқ және бұрынғы әлеуметтік статусқа сай келмейтін жұмыстан, ер адамдардың көбісі бас тартады. Нәтижесінде жұмыссыздар құрамында маргинализация жүреді, уәкілетті органдарда көбінесе жұмыспен қамту мәселелері жөнінде тек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тіркелетін бәсекеге жарамсыз азаматтардың үлесі көбейе түседі.
Облыстың еңбек рыногына әсер ететін проблемалардың бірі ТМД қатысушы-мемлекеттерінен келетін жасырын еңбек көші-қоны. Қазақстандық кәсіпкерлердің көбісі, шетелдік жұмыс күшінің арзандығына байланысты, біліктілігі төмен, жасырын еңбек босқындарын жалдайды. Бұл бейресми секторлардың және заңсыз жалдаудың кеңеюіне соқтыратын әділетсіз бәсеке тудырып, жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етеді.
1.2.3. Шағын бизнес.
Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау кəсіпкерлік саласындағы жұмыстарға халықтың əлеуметтік - кедей тобын тарту жолымен кедейшілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін аймақтық саясат бағыттарының бірден-бір жолы болып табылады.
Соңғы жылдары шағын кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмыстар жандандырылды. Жыл сайын шағын кəсіпкерлік субъектілерінің, оларда жұмыс істейтіндер саны өсуде. Соңғы үш жылда бұл кəрсеткіштер 50 пайыздан астам артты, олармен өндірілген өнім көлемі 1,5 есеге өсті.
Шағын кəсіпкерлік субъектілері негізінен: саудамен 45,9%, түрлі қызмет көрсетулермен-17,2%, өнеркəсіп өнімдерін өндірумен – 15,1%, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеумен – 9,1% айналысады.
Облыста 2002 жылғы 1- шілдеге шағын кəсіпкерлік субъектілерінің 3887 заңды тұлғалары болды, оларда – 35149 адам жұмыс істеді. Фермер жəне шаруа қожалықтарының саны 31253, оларда жұмыс істейтіндер саны 100241 адам, жеке кəсіпкерлікте 14778 субъект тіркелген, оларда 31981 адам жұмыс істеді. Олармен өндірілген өнім (жұмыстар, қызмет көрсетулер) көлемі 17,8 млрд.теңгені (2001 жылғы 128,9%) құрады.
Алайда, негізінен бастапқы капиталдың жоқтығынан, халықтың жеке бизнес жүргізуге дайын еместігіне байланысты шағын кəсіпкерлік ауылдық жерлерге қарағанда қалалық жерлерде анағұрлым дамығандығын атап айту қажет.
1.2.4. Қоғамдық жұмыстар
Жұмыс орындары жетіспеген және нағыз жұмыссыздық деңгейі жоғарылаған жағдайда еңбек рыногындағы шиеленісуді жұмсартудың маңызды жолдарының бірі ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдаудың белсенді түрі ретіндегі қоғамдық жұмыстардың, уақытша жұмыс, пайда табуға және жұмыссыз азаматтардың кәсіби дағдылары мен еңбекке деген уәждарын сақтау мен дамытуға мүмкіндік беретін жолындағы ролі жыл сайын артуда.
Бос жұмыс орындары жетіспеген жағдайда жұмыссыздардың көпшілігіне, әсіресе ауыл тұрғындарына, аз қамтамасыз етілген азаматтарға, зейнеткерлік жасқа таяп қалған адамдарға, қоғамдық жұмыстар табыс табудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады.
Егер 2000 жылы қоғамдық жұмыстарға 7030 жұмыссыз азамат қатысса, 2001 жылы - 9430, 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында - 8596 адам қатысты.
Бұрынғыдай, жұмыссыздардың басым көпшілігі елді мекендерді көркейту – (39%), экологиялық тазарту және көгалдандыру (43,8 %) сияқты қоғамдық жұмыстарға қатысады.
Әйелдерге, жастарға, арнайы білім иелеріне арналған қоғамдық жұмыс түрлерінің кеңеюі, оның беделін арттыруда. 2002 жылда қоғамдық жұмыстардың 17 түрі ұйымдастырылды.
1.2.5. Кәсіби дайындау және қайта дайындау.
Еңбек рыногында өзін-өзі ақтайтын реттеу технологиясының бірі - жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту, біліктілігін арттыру және қайта дайындау. Кәсіби оқыту курсынан өткен жұмыссыздардың үлес салмағы 2001 жылы 13,7 % болса, 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында – 8,2 % құрады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер санының көбеюіне байланысты жұмыссыздарды кәсіби дайындықтан өткізу төмендей түседі. Облыста халықты жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру, оқу-материалдық базасын жақсарту және инженер-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен жұмыссыздарды оқыту, мемлекеттік кәсіби мектептерді (лицейлерді) орталық ретінде кеңінен қолдану, шаралары ұйымдастырылуда. Облыстағы 39 оқу орынының базасында 60-тан астам мамандық, кәсіп бойынша жұмыссыз азаматтарды оқытудың мүмкіншілігі ашылады. Кәсіпорын базаларын кадрларды қайта дайындауға пайдалану мақсатында олармен байланыс қалыптасуда. Аймақтық шашыраңқылыққа, көлік қатынасының нашарлығына, бірнеше аудандарда бәсекеге қабілеті бар мамандық бойынша оқу базасының болмауына байланысты кәсіби курстарды ұйымдастыру қиындайтын ауылдық жерлерде, қайта оқыту үшін жұмыссыздардың тұрғылықты жерінде көшпелі оқыту тәжірибесі іске асырылуда. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оқуға жіберілген ауылдық жұмыссыздардың үлесі 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында 45,0 % құрады. Алайда, жұмысшылар мен инженерлік-техникалық кадрлар және жастардың керекті мамандықтарды алуға деген уәжінің төмендігін анықтау әдісінің рынокта жоқтығына байланысты, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысберушілер сұранысына, әсіресе жаңа технологияны талап ететін (дәнекерші, машинист, фермер, құрылыс мамандықтары және т.б.) мамандықтар бойынша мезгілінде жауап беруге кейде мүмкіндігі болмайды. Еңбек қорын толтыру көзі жастар деп есептелетініне қарамастан, оқығандардың ішінде жастардың үлес салмағының біраз төмендегені байқалады (2001 жылы- 59,5%-дан 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында 44,0%-ға дейін).
Достарыңызбен бөлісу: |