Жұмыспен қамту 2020 жол картасы



жүктеу 472,39 Kb.
Pdf просмотр
бет4/14
Дата01.01.2020
өлшемі472,39 Kb.
#25600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 

 



орташа  айлық  жалақы  мөлшерінің  күтілетін  көрсеткіштерін  қоса  отырып, 

Бағдарлама операторына жібереді. 

15.  Бағдарлама  операторы  өңірлік  даму  мәселелері  жөніндегі  орталық 

уәкілетті орган ұсынған құрылатын жұмыс орындары санының, орташа айлық 

жалақы  мөлшерінің  күтілетін  көрсеткіштерін  ескере  отырып  жобаларды 

қарайды. 

16.  Жергілікті  атқарушы  органдар  инфрақұрылымдық  жобаларды  іске 

асыру шеңберінде: 

1) жаңа жұмыс орындарын құруды

2)  халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарының  жолдамалары  бойынша 

инфрақұрылымдық  жоба  іске  асырылатын  ауданда  (қалада)  тұратын,  оның 

ішінде  уақытша  тіркелген  Бағдарламаға  қатысушыларға  құрылыс  кезінде  – 

жұмыс  орындарының  кемінде  30  %-ын,  күрделі,  ағымдағы  жөндеу  және 

абаттандыру  кезінде  жұмыс  орындарының  кемінде  50  %-ын  ұсынуды 

қамтамасыз етеді. 

Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік және салалық бағдарламалар, 

аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде 

халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарының  жолдамалары  бойынша 

инфрақұрылымдық  жоба  іске  асырылатын  ауданда  (қалада)  тұратын,  оның 

ішінде  уақытша  тіркелген  Бағдарламаға  қатысушыларға  құрылыс  кезінде  – 

жұмыс  орындарының  кемінде  30  %-ын,  күрделі,  ағымдағы  жөндеу  және 

абаттандыру  кезінде  жұмыс  орындарының  кемінде  50  %-ын  ұсынуды 

қамтамасыз етеді. 

Инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) қажетті еңбек 

ресурстары  болмаған  кезде  аудандардың  (қалалардың)  жұмыспен  қамту 

орталықтарының  жазбаша  келісімі  болған  жағдайда  оны  сырттан  тартуға  жол 

беріледі. 

17. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру бойынша бюджет 

қаражаты  үнемделген  жағдайда  жергілікті  атқарушы  органдар  өңірлік  даму 

мәселелері  жөніндегі  орталық  уәкілетті  органмен  келісу  бойынша  көрсетілген 

қаражатты  Бағдарламаның  осы  бағыты  бойынша  іске  асырылатын  өзге  де 

жобаларға  немесе  жобалардың  түпкілікті  нәтижелерінің  көрсеткіштерін 

жақсартуға жұмсай алады. 

18.  Жергілікті  атқарушы  органдар  ай  сайын,  есепті  айдан  кейінгі  айдың 

10-күніне  өңірлік  даму  мәселелері  жөніндегі  орталық  уәкілетті  органға  – 

инфрақұрылымдық  жобаларды  іске  асыру  және  абаттандыру  бойынша, 

денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік-еңбек  саласындағы  орталық  уәкілетті 

органға  ауылдық  жерлерде  фельдшерлік-акушерлік  пункттер,  дәрігерлік 

амбулаториялар салу бойынша есептерді ұсынады. 

Есептерде: 

1)  басталған  (аяқталған)  жобалардың  саны,  жобалар  бөлінісінде 

орындалған жұмыстардың көлемі; 




10 

 

 



2)  құрылған  жұмыс  орындарының  саны  және  халықты  жұмыспен  қамту 

орталығының  жолдамасы  бойынша  жұмысқа  орналастырылған  Бағдарламаға 

қатысушылардың  саны,  сондай-ақ  олардың  орташа  айлық  жалақысының 

мөлшері; 

3)  бөлінген  нысаналы  трансферттердің  игерілуі,  уақтылы  игерілмеудің 

себептері және төмен тұрған бюджеттен қаржыландыру көлемдері; 

4)  жіберілген  бұзушылықтар  және  оларды  жою  бойынша  қабылданған 

шаралар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. 

Облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалаларының  әкімдері  Бағдарлама 

операторына  басталған  (аяқталған)  жобалардың  саны,  құрылған  жұмыс 

орындары  мен  халықты  жұмыспен  қамту  орталығының  жолдамасы  бойынша 

жұмысқа  орналасқан  Бағдарламаға  қатысушылардың  саны,  олардың  орташа 

айлық жалақысының мөлшері туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 

19.  Өңірлік  даму  мәселелері  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган 

жобалардың  іске  асырылуына  мониторинг  жүргізеді  және  ай  сайын,  есепті 

айдан  кейінгі  айдың  15-күніне  Бағдарлама  операторына  Бағдарламаның          

18-тармағы  1),  2),  3)  және  4)  тармақшаларының  талаптарына  сәйкес  есептер 

ұсынады. 

Инфрақұрылымдық жобаларға қатысу тетігі. 

20. Іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасуға ниет білдірген 

және  мүмкіндігі  бар  Бағдарламаға  әлеуетті  қатысушылар  халықты  жұмыспен 

қамту  орталықтарына  Бағдарламаға  қатысуға  өтінішпен  жүгініп,  мынадай 

құжаттарды қоса береді: 

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

2)  тұрақты  тұрғылықты  жері  бойынша  тіркелгенін  (мекенжай 

анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын 

құжаттың көшірмесі; 

3) болған жағдайда, білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, 

диплом)  және/немесе  оқу  курстарынан  өткенін  растайтын  басқа  да  құжаттар 

(куәлік, сертификат). 

21.  Халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  жұмыс  берушілердің  еңбек 

ресурстарына қажеттілігін есепке ала отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға 

қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске 

асырылып  жатқан  инфрақұрылымдық  жобалар  шеңберінде  құрылатын  жұмыс 

орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді. 

22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға 

қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Жұмыспен қамту 2020 

жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады. 

23.  Өңірлік  даму  мәселелері  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  мен 

Бағдарлама  операторы  өз  құзыреттері  шегінде  Бағдарлама  шеңберінде  іске 

асырылатын  инфрақұрылымдық  жобалардың  іске  асырылуына  мониторинг 

жүргізеді. 

 



11 

 

 



Екінші бағыт: 

кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру 

және тірек ауылдарды кешенді дамыту 

 

24.  Екінші  бағыт  жеке  ісін  ұйымдастыру  немесе  кеңейту  арқылы 



кәсіпкерлікті  ынталандыруды  және  экономикалық  белсенділікті  арттыруды, 

тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді. 

 

 

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру 



 

25.  Кәсіпкерлік  бастаманы  ынталандыру  әкімшілік  бағыныстылығына 

қарамастан,  даму  әлеуеті  орташа  және  жоғары  ауылдарда,  шағын  қалаларда, 

қалалық әкімшілік бағыныстылық аумағындағы кенттерде жүзеге асырылады. 

26.  Кәсіпкерлік  бастаманы  мемлекеттік  қолдауды  іске  асыру  үшін  тірек 

ауылдық елді мекендер басым елді мекендер болып табылады. 

27.  Бағдарламаға  қатысушыларға  мемлекеттік  қолдаудың  мынадай 

түрлері ұсынылады: 

1)  жол  жүруге  және  тұруға  материалдық  көмек  ұсына  отырып, 

кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту және бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу

2) микрокредиттер беру

3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік 

қызметтер  (маркетингтік,  заңдық,  бухгалтерлік  және  басқа  да  қызмет  түрлері) 

көрсету; 

4)  500  мың  теңгеге  дейінгі  сомаға  микрокредиттер  алған  адамдарды 

қоспағанда,  Бағдарламаға  қатысушылар  іске  асыратын  жобалар  үшін,  оның 

ішінде  жайылымдық  мал  шаруашылығын  дамыту  үшін  инженерлік-

коммуникациялық 

инфрақұрылым 

объектілерін 

дамыту 

және/немесе 



жетіспейтіндерін салу және/немесе жабдықтар сатып алу. 

28.  Қатысу  және  Бағдарламаға  қатысушыларға  мемлекеттік  қолдау 

шараларын  ұсыну  шарттары  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  орталық 

уәкілетті  орган  бекітетін  Жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің  белсенді 

шараларына  қатысатын  адамдарға  кәсіпкерлікті  дамытуға  мемлекеттік  қолдау 

көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен айқындалады. 

29.  Конкурсты  ұйымдастыру  және  өткізу  тәртібі,  микроқаржы 

(микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерді іріктеу және кредит 

ресурстарын  беру,  Бағдарламаның  осы  бағыты  шеңберінде  бөлінген  кредит 

ресурстарының  мақсатты  пайдаланылуын  мониторингтеу  жұмыспен  қамту 

мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдары 

мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларымен 

айқындалады. 

30. Микрокредит беру шарттары: 




жүктеу 472,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау