Жұмыс бағдарламасы пән: Биологиялық статистика Пән коды: bio 3214 Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»



жүктеу 16,64 Mb.
бет26/60
Дата24.12.2017
өлшемі16,64 Mb.
#5691
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60

6. Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Ахметқазиев А.А, Кельтенова Р.Т. Математикалық статистика, Алматы «Экономика», 2002

2. Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы: «Рауан», 1991

3. Жидкова О.И. Медицинская статистика (конспект лекций). – М. «Эксмо», 2007.

4. Савилов Е.Д,Мамонтова Л.М идр. Применение статистических методов в эпидемиологическом анализе. – М. «МЕД пресс-информ», 2004.

5. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М:Изд РУДН, 2002.
7. Бақылау:


  • Тесттер

4 Сабақ


1. Тақырыбы: Дисперсиялық талдау. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық болжамдар. Жалпы, факторлық және қалдық дисперсиялар. Бір факторлы дисперсиялық талдау әдісі. Фишердің F-белгісі.
2. Мақсаты: бір факторлы дисперсиялық талдаудың әдістемелік негізін үйрету.
3. Оқыту мақсаты: бір факторлы дисперсиялық талдаудың дағдысын қалыптастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Дисперсиялық талдау қолданудың мақсаты қандай?

  2. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін нөлдік болжам қалай тұжырымдалады?

  3. Факторлық және қалдық дисперсиялардың арасындағы айырмашылық неде?

  4. Бір факторлы дисперсиялық талдау қандай жағдайда қолданылады?

  5. Бір факторлы дисперсиялық талдауды жүргізу әдісі қандай?

  6. Фишердің F-белгісі не үшін қолданылады?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
жеке тапсырмаларды жазбаша орындау.

  • Тапсырма:

1 тапсырма.

Әрбір төрт деңгейдегі F факторының әрқайсысына бес сынау жүргізілді. Барлық төрт таңдама дисперсиялары бірдей қалыпты жиынтықтан алынған деп ұйғарылған.

Сынау нәтижесі және топтық орташасы кестеге енгізілген.


Сынау нөмері, i

F факторының деңгейі

F1

F2

F3

F4

1

2

3



4

5


36

47

50



58

67


56

61

64



66

66


52

57

59



58

79


39

57

63



61

65




51,6

62,6

61,0

57,0

болғандағы дисперсиялық талдаудың көмегімен топтық орташаның теңдігі туралы болжамды тексеру.
2 тапсырма.

Әрқайсысында 10 жануардан болатын ақ тышқандардың екі тобына биопрепараттар егілді. Бірінші топтағы жануарларға «N/10» жүрек лизаты, ал екінші топтағы жануарларға «10 бұлшықет экстракты егілді.

86 күн өткеннен кейін жануарлар өлтірілді және жүрек салмағының жалпы салмаққа қатынасы анықталынды. Барлық үш таңдама дисперсиялары бірдей қалыпты жиынтықтан алынған деп ұйғарылған.

Тәжірибенің берілгендері кестеде көрсетілген:



Сынау нөмері, i

F факторының деңгейі

F1 (жүрек лизаты) N/10

F2 (бұлшықет экстраты) 10N

F3 (бақылау)

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

0,46

0,48


0,45

0,49


0,47

0,50


0,44

0,48


0,46

0,43


0,47

0,46


0,48

0,50


0,51

0,48


0,52

0,45


0,50

0,49


0,55

0,58


0,60

0,62


0,61

0,57


0,60

0,59


0,58

0,56


болғандағы дисперсиялық талдаудық көмегімен топтық орташаның теңдегі туралы болжамды тексеру.

3 тапсырма.

Егер босану кезінде аналық жатыр мойны ұзақ ашылмаса, онда босану ұзақтығы артады және кесер тілігін жасау қажет. Ғалымдар Е2 простагландин гелінің әсерінен аналық жатыр мойнының ашылу жылдамдығын анықтамақшы болды.

Зерттеуде босанатын 2 топ қатыстырылды. Бірінші топтағы босанушылардың аналық жатырының мойнына Е2 простагландин гелінің, ал екінші топтағы босанушыларға плацебо гелін енгізді. Екі топтағы 21 босанушының жастары, бойы және босану уақыттары шамамен бірдей.

Простагландин гелін алған топтағылардың босану уақыты орташа 8,5 сағатқа (орташа ауытқуы 4,7 сағат), ал бақылау тобындағылар 13,9 сағат (орташа ауытқу 4,1 сағат) созылды.

Е2 простагландин гелі босану ұзақтығын қысқартады деп тұжырым жасауға бола ма?
4 тапсырма.

Жоғары тығыздықтағы липопротеидті холестериннің төменгі деңгейі (ЖТЛПХ) - жүректің ишемиялық ауруының дамуын туғызады. Кейбір зерттеулер денеге жүктеме түсіргенде ЖТЛПХ-нің деңгейінің артатындығын көрсетті.

Әр топта 70 адамнан тұратын алысқа жүгіретін, баяу жүгіретін және спортпен айналыспайтын адамдар жүгіргендегі ЖТЛПХ-нің деңгейі зерттелді. Спортпен айналыспайтын адамдарда ЖТЛПХ орташа деңгейі шамамен 43,3 мг% (орташа ауытқу 14,2 мг%), баяу - 58,0 мг% (орташа ауытқу 17,7 мг%) және алысқа жүгіретіндердікі - 64,8 мг% (орташа ауытқу 14,3 мг%) құрады.

Топтар арасындағы айырмашылықтың маңыздылығын бағалаңыз.




  • Қысқаша теория


Дисперсиялық талдау – бұл ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы ағылшын математигі және генетигі Р.Фишердің жасаған статистикалық әдістерінің тобы.

Берілгендер: X1, X2,…, Xk бас жиынтық келесі шарттармен берілген:

  • бас жиынтықтағы барлық «k» қалыпты үлестірілген;

  • бас жиынтықтың барлық дисперсиялары бірдей.

Осы шарттар мен берілген «р» маңыздылық деңгейінде орташалардың теңдігі туралы нөлдік болжамды тексеру талап етіледі, яғни H0: .

Бас жиынтықтың кез келгеніне, оның орташа мәнін өзгерте алатын, тәжирібеге енетін бір немесе бірнеше сапалы фактор әсер етуі мүмкін.

Соңғы нәтижеге әсерін тигізетін көрсеткішті фактор деп атайды. Фактордың нақты іске асуын фактор деңгейі деп атайды. Өлшенетін белгінің мәнін фактордын әсеріне берілетін жауап (үн қату) деп атайды.

Дисперсиялық талдау үшін берілгендерді негізінде кесте түрінде бейнелейді.



Дисперсиялық талдаудың негізгі мақсаты таңдамалы дисперсияны екі құрамдас бөлікке бөлу:

  • біріншісі – бұл орташа мәндердің өзгеруіне әсерін тігізетін факторге сәйкес келетін факторлық дисперсия;

  • екіншісі – бұл кездейсоқ себептер әсерінен пайда болатын, орташалардың өзгергіштігіне әсерін тигізбейтін қалдық дисперсия.

Зерттелетін факторды сандық жағынан бағалау үшін осы құрамдас бөліктерді Фишер критериімен салыстыру қолданылады.

Факторлық дисперсия (S2факт) – бұл фактордың әсерінен таңдамалының орташа шамаларының өзгеруіне сйкес келетін дисперсия:

,

мұндағы SSфакт - орташа квадраттық ауытқулардын факторлық қосындысы, k - фактор деңгейлерінің саны; r - әр топтағы мәндер саны; - жалпы орташа; хтоп - топтық орташа.

жүктеу 16,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау