Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
| Өткізілу түрі | Сағат саны |
1.
|
Үлестірімнің аралық статистикалық қатары. Стерджес формуласы. Аралық статистикалық қатардың сандық сипаттамалары. Полигон және жиіліктерді гистограммасы.
|
жеке тапсырма
|
1
|
2.
|
Таңдаманың сипаттамалы статистикасын есептеу және Statistica 10 ортасында деректердің сызбалық көрінісі.
|
жеке тапсырма
|
1
|
3.
|
Статистикалық болжамды тексерудің параметрлік әдістері: үлестірімнің қалыптылығын тексеру туралы негізгі болжам.
|
жеке тапсырма
|
1
|
4.
|
Statistica 10 ортасында үлестірімнің қалыптылығы туралы статистикалық болжамды тексеру.
|
жеке тапсырма
|
1
|
5.
|
Статистикалық болжамды тексерудің параметрлік емес әдістері: таңбаның белгісі.
|
жеке тапсырма
|
1
|
6.
|
Statistica 10 ортасында статистикалық болжамды тексерудің параметрлік емес әдістері.
|
жеке тапсырма
|
1
|
7.
|
Бірфакторлы дисперсиялық талдаудың әдісі. Жалпы, факторлық және қалдық дисперсияларды есептеу.
|
жеке тапсырма
|
1
|
8.
|
Statistica 10 ортасында дисперсиялық талдау
|
жеке тапсырма
|
1
|
9.
|
Сызықтық корреляция. Пирсонның корреляция коэффициенті.
|
жеке тапсырма
|
1
|
10.
|
Шендік корреляция әдісі: Спирменнің корреляция коэффициенті.
|
жеке тапсырма
|
1
|
11.
|
Регрессия және корреляция арасындағы байланыс. Корреляцияның статистикалық маңыздылығы.
|
жеке тапсырма
|
1
|
12.
|
Statistica 10 ортасында корреляциялық-регрессиялық талдау.
|
жеке тапсырма
|
1
|
13.
|
Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюденттің t-белгісі. Тәжирібеге дейінгі және кейінгі бақылау.
|
жеке тапсырма
|
1
|
14.
|
Көпше салыстыру. Бонферронидің түзетуімен Стьюдент белгісі.
|
жеке тапсырма
|
1
|
15.
|
Келсім белгісі. Келсім белгісін қолданудың тәжірибелік мысалы (Мендель заңы).
|
жеке тапсырма
|
1
|
16.
|
Бірфакторлы дисперсиялық талдаудың параметрлік емес баламасы: Крускал-Уоллис белгісі.
|
жеке тапсырма
|
1
|
17.
|
Екі факторлы дисперсиялық талдау әдісі.
|
жеке тапсырма
|
1
|
18.
|
Корреляцины бағалаудың параметрлік емес әдісі.
|
жеке тапсырма
|
1
|
19.
|
Көпше регрессия.
|
жеке тапсырма
|
1
|
20.
|
Ауруларды қауіп-қатер факторлары бойынша талдау.
|
жеке тапсырма
|
1
|
21.
|
Уақытқа тәуелді қатарларды талдау.
|
жеке тапсырма
|
1
|
22.
|
Болжаудың статистикалық әдістері.
|
жеке тапсырма
|
1
|
23.
|
Статистикалық зерттеулерді ұйымдастыру.
|
жеке тапсырма
|
1
|
24.
|
Өлшеудегі қателіктер. Прибордың шкаласындағы қателікті және жүйелі қателікті ескеру.
|
жеке тапсырма
|
1
|
25.
|
Медицина және биологиялық берілгендерді статистикалық талдауда SPSS ҚБП-ларын қолдану.
|
Жеке тапсырма, G-Global платформасында жұмыс істеу (қарап шығу, оқытушымен бірге пікір беру)
|
1
|
26.
|
Медицина және биологиялық берілгендерді статистикалық талдауда SАS ҚБП-ларын қолдану.
|
жеке тапсырма
|
1
|
27.
|
G-Global коммуникативтік платформасында «Инфрақұрылым, инновациялар, инвестииялар», «Қазақстанның ІТ-саласындағы инвестициялық хал-ахуалдың проблемалары мен перспективалары» проблемаларын талқылау.
Медицина және биологиялық берілгендерді статистикалық талдауда Statistica ҚБП-ларын қолдану.
|
Нұсқауымен мақаланы қарап шығу, оқытушымен бірге пікір беру
|
1
|
28.
|
«Кіріспе. Биостатистика негізі», «Статистикалық болжамдарды тексерудің теориялық негіздері» тақырыптары бойынша №1 аралық бақылау
|
Тесттік тапсырмалар,
әңгімелесу
|
1
|
29.
|
«Медицина мен денсаулық сақтауда дисперсиялық талдау», «Корреляциялық-регрессиялық талдау», «Статистикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыптары бойынша №2 аралық бақылау.
|
Тесттік тапсырмалар,
әңгімелесу
|
1
|
30.
|
Қорытынды сабақ
|
тесттік тапсырма
|
1
|
|
Барлығы:
|
30 сағат
|
Ескерту: *Жеке тапсырмалардың түрлері: өз бетінше есеп шығару, реферат, көрме.
2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері (шағын топтар, пікірталас, ситуациялық тапсырмалар, өзіндік жұмыс, жұптасып жұмыс істеу, жаттығу, электронды оқыту, тест, көрме, кейс-стади және т.б.)
Дәрістер: мәселелік, шолу, ақпараттық.
Тәжірибелік сабақ: жеке тапсырмаларды жазбаша орындау, тест тапсырмаларын орындау, SAS, SPSS, STATISTICA компьютерлік бағдарламаларын қолданып деректерге статистикалық өңдеулер жүргізу.
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ситуациялық тапсырмаларды шешу, берілген бағдарлама бойынша деректерді статистикалық өңдеу, компьютерлік бағдарламаларды қолданып статистикалық талдау жасау, нақты материалда көпфакторлы дисперсиялық талдау жүргізу.
Студенттің өзіндік жұмысы - оқулықтармен және қосымша әдебиеттермен, ақпараттарды электронды тасымалдағыштармен жұмыс істеу; есептерді өз бетімен шешу, өзіндік жұмыстың тақырыбы бойынша дайындық деңгейін өзіндік бағалау, SAS, SPSS, STATISTICA компьютерлік бағдарламаларды қолданып деректерге статистикалық өңдеулер жүргізу, тақырыптық рефераттарды дайындау және қорғау.
2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:
«Биологиялық статистика» пәнін оқытуды аяқтағанда студенттердің білімі мен дағдысын бағалау үшін бағалаудың рейтингті және бағалардың жинақталған жүйесі қолданылады. Аудиториялық сабақта студент пәннің күрделілігіне қарай бөлінген тақырыптарға, тапсырмалардың және тәжірибелік жұмыстарды орындағанына қарай бағаланады. Сабақтың тақырыбы, сабаққа қатысты тапсырмалар мен өзіндік жұмыстың тапсырмалары студентке алдын-ала беріледі және осылардың орындалуы жоғары баға алуларына мүмкіндік береді.
Ағымдық бақылау – бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силабусына сәйкес күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда тест тапсырмаларын орындау, ауызша және жазбаша сұрақтарға жауап беру, жаттығулар орындау, модульмен жұмыс орындау, көрмелер дайындау, т.б.) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған орта балымен есептеледі.
Аралық бақылау – бір оқу пәнінің шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет СОӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 7-8 және 14-15 апталары) жүргізілетін бақылау. Бұл тақырыптар тәжірибелік сабақ пен СӨЖ тақырыптары бойынша коллоквиум түрінде жүргізіледі.
Қорытынды бақылау: (емтихан) тест түрінде жүргізіледі.
Қосымша материалдармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету:
Құрал-жабдықтар: компьютерлер, мультимедиялық проекторлар, интерактивті тақта, экран.
Қосымша материалдар: компьютерлік бағдарламалар пакеті және мультимедиалық оқу құралдары, тестілік тапсырмалар жиынтығы мен ситуациялық есептер, кестелер және оқу бейнефильмы, арнайы статистикалық кестелер, математикалық кестелер жиынтығы, Интернет-ке кіру.
2.10 Ұсынылатын әдебиет:
Қазақ тілінде:
1. Ахметқазиев А.А, Кельтенова Р.Т. Математикалық статистика, Алматы «Эканомика», 2002
1. Бектаев Қ.Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы: «Рауан», 1991
Орыс тілінде:
1. Жидкова О.И. Медицинская статистика (конспект лекций). – М. «Эксмо», 2007.
2. Савилов Е.Д,Мамонтова Л.М идр.Применение статистических методов в эпидемиологическом анализе. – М. «МЕД пресс-информ», 2004.
3. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М:Изд РУДН, 2002.
4. Реброва О.Ю. Статистический анализ медицинских данных. Применение пакета прикладных программ STATISTICA. М, Медиасфера, 2002.
1. Жижин К.С. Медицинская статистика. -Высшая школа. Феникс. Ростов-на-Дону, 2007.
2. Банержи А. Медицинская статистика понятным языком. М., Практическая медицина, 2007.
3. Сергиенко В.И., Бондарева И.Б. «Математическая статистика в клинических исследованиях». М., «ГЭОТАР-Медиа», 2006.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
Достарыңызбен бөлісу: |