Жұмыс бағдарламасы пән: Биологиялық статистика Пән коды: bio 3214 Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»



жүктеу 16,64 Mb.
бет1/60
Дата24.12.2017
өлшемі16,64 Mb.
#5691
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор

__________________________

(аты-жөні, тегі)

«_____» ___________ 20___ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Биологиялық статистика

Пән коды: bio 3214
Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Оқу сағатының көлемі (кредит): 45 (1 кредит)
Курс: 3
Семестр: 6

2014 жыл
«Медициналық биофизика, информатика және математика» кафедрасының «Биологиялық статистика» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «29» сәуір 2009 ж. бекітілген 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Жұмыс бағдарламасы «Медициналық биофизика, информатика және математика» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.


Хаттама № ___ «____» _____________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., профессор ____________ Құдабаев Қ.Ж.

«____» ____2014 ж. Жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды.
Хаттама №___

Төраға, профессор _______________ Патсаев А.Қ.


«____» _____ 2014 ж. Әдістемелік Кеңесте бекітілді.
Хаттама № ___
2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Денсаулық сақтау мен клиникалық медицинада клиникалық диагноз, тұрғындардың белгілі бір тобында қандай да бір бағдарламаның мүмкін болатын нәтижелерін болжау, науқастың сырқаттанушылығының ағымын болжау, халықтың белгілі бір тобы немесе белгілі бір науқас үшін емдеу түрін таңдау сияқты мәселелер бойынша шешім қабылдау және т.б. барысында әртүрлі статистикалық тұжырымдамалар жиі қолданылады. Статистика күнделікті зертханалық тәжірибеде қолданыс табуда. Статистиканы білу қазіргі заманғы медициналық басылымдарды түсіну үшін және оларды сын көзбен бағалай білу үшін де өте маңызды. Сондықтан, статистиканың принциптерін білу жоспарлауға, денсаулық сақтаудағы әртүрлі жағдайлар мен үрдістерді бағалауға арналған зерттеулерге талдау, жүргізу және медициналық биология, клиника және денсаулық сақтау салалары бойынша ғылыми зерттеулер орындау үшін қажет.

Биостатистика – медицина, денсаулық сақтау және эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді өңдеу және қолдануға негізделген ғылыми сала. Тәжірибеге дәлелді медицинаның принциптерін ендіру медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері үшін биостатистиканы түсіну қажеттілігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындап отыр.

Теориялық зерттеулерде болсын, сол сияқты қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушысының тәжірибелік қызметінде болсын, медициналық және биологиялық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігінің туындауы, ең алдымен, деректерді бейнелеу мен жүйелеу мәселелерін компьютерлік құралдармен іске асырудың заманауи жетістіктерімен түсіндіріледі. Студентке SAS, SPSS статистикалық кәсіптік, Statistica әмбебап қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді дәл түсіндіре білу ерекше маңызды.


2.2 Пәннің мақсаты: биологиялық статистиканың негіздері бойынша теориялық білімдерін, статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын және қолдабалы бағдарламалармен жұмыс істеу, ғылыми талдау дағдылары мен оны тәжірибеде қолдануды қалыптастыру.
2.3 Пәннің міндеттері:

  • қазіргі заманғы медициналық деректер мен биологиялық өңдеудің статистикалық әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру;

  • медициналық және биологиялық деректерді өңдеу үшін қазіргі заманғы статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру.



2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:


Дескрипторлар

ОҚМФА дайындаған мамандықтың компетенциялары

Пәнді оқытудың нәтижесі

(ЖМББС) Концепция бойынша оқытудың нәтижесі



Зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу

Жаратылыстану және арнаулы ғылымдар аясындағы құзіреті

Биологиялық статистиканың мақсаты мен міндеттері және оны кәсіби қызметінде қолдану болашақ мамандықтар үшін пәннің белгілі бір маңызын береді.

Р2

Медицина-биологиялық зерттеулерде қолданылатын ғылыми терминдерді біледі.

Компьютерлік және ақпараттық құзірет

Статистикалық ақпаратты өңдеуге, талдауға және түсіндіругет арналған арнайы қолданбалы бағдарламаларды біледі.

Медицина-биологиялық зерттеулер үдерісінде әртүрлі ақпараттар көздерімен жұмыс істеуді (деректер қоры, қағаз және электронды журналдар, анықтамалар мен нормативті құжаттар және т.б.), медициналық ақпараттарды іздеу негіздерін біледі.

«Денсаулық

адвокаты» құзіреті



Медициналық және экспериментальді зерттеулерді жүргізуге қажетті әдеп және құқық нормаларын біледі.

Р10

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті

Деректердің түрін және оларды ұсыну түрін біледі.

Өлшеу шкалаларының түрлерін біледі.

Сәйкестік және келісім белгілерін біледі.

Жүйелік қателіктің түрлерін және оның зерттеулердегі бағасын біледі.

Белгілердің қалыпты үлестірілген заңының қасиеттерін біледі.

Дисперсиялық талдау жүргізудің әдісін біледі.

Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентінің және Спирменнің шендік корреляция коэффицентінің көмегімен корреляциялық тәуелділікті анықтауды біледі.

Болжамды тексерудің параметрлік емес белгісін біледі.

Стьюдент t-белгісін біледі.

Эпидемиологиялық көрсеткіштерді, эпидемиологиялық талдаудың негізгі белгілерін біледі.

Медицина-биологиялық эксперименттің кезеңдерін, жоспарлауды біледі.

Statistica 10. ҚБП біледі

Кәсіпкерлік конпетенциясы

Медициналық зерттеулер жүргізуде негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін математикалық аппараттарды қолдануды біледі.



Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу.

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті

Деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдануды біледі.

Биостатистикада өлшеудің анықтылығы мен сенімділігін бағалауды, айырмашылықтың статистикалық маңыздылығын анықтауды біледі.

Таңдама жиынтық үшін бірлікті таңдауды біледі.

Статистикалық үлестірім қатарын анықтауды және үлестірімнің теориялық заңымен сәйкестігін, нақтылығы мен сенімділігін бағалауды біледі.

Қуаттылық белгісі, сандық сипаттамасы бойынша сенімділік аралығын анықтауды біледі.

Бір факторлы дисперсиялық талдаудың негізгі әдістерін қолдануды біледі.

Статистикалық болжамды тексеруді біледі.

Таңдаманың корреляция коэффициентін есептеуді біледі.

Нәтижесімен кесте алуды біледі.

Алынған нәтижелерді түсіндіруді біледі.

Statistica 10. ҚБП жұмыс істеуді біледі.

«Коммуникативті дағдылар» құзыреті


Іздеу мен өңдеу үдерісінен алынған ақпараттарды басқа тұтынушыларға жеткізе алады.

Компьютерлік және ақпараттық құзірет


Ғылыми басылымдарға сынай талдау жасай алады.

Библиографиялық көрсеткіштерін қолдана отырып каталогтардан, картотекалардан, электрондық берілгендер қорынан, Интернет ресурстарынан ғылыми ақпаратты іздеуді жүргізе алады.

Арнайы қолданбалы бағдарламалардың көмегімен статистикалық материалды өңдей алады.



Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы мәселелерді шешу

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті

Ғылыми зерттеулердің мақсаты мен міндеттерін қоя алады, ғылыми зерттеулердің мақсаты мен міндетіне жауап беретін жоспар құра алады.

Р2

Материалдар жинауды жүргізеді.

Ақпараттық технология және статистикалық талдау әдістерін қолданып материалды талдайды және өңдейді.

Статистикалық зерттеу нәтижесінде алынған деректерді жалпылайды және талдайды.





Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру

Компьютерлік және ақпараттық құзірет

Statistica 10. ҚБП көмегімен алынған деректердің нәтижесін түсіндіруді біледі.

Түрлі құжаттарды сауатты рәсімдейді және зерттеу нәтижелерін баяндайды.

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті



Ғылыми мақалаларды жазуда статистикалық талдау нәтижелерін қолдана алады.

Жоғары оқу орны ішіндегі студенттердің ғылыми конференцияларында және аймақтық, республикалық, халықаралық конференцияларда баяндама жасайды.



Ақпаратты, идеяларды, мәселелерді және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді

«Коммуникативті дағдылар» құзыреті


Студенттерге /оқытушыларға/емтихан алушыларға медициналық, биологиялық және фармацевтикалық ақпараттарды өңдеуде, тұрғындардың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты талдау мен жинауда алған дағдылары мен өз білімдерін жеткізе алады, бақылаған фактілері мен алынған нәтижелерін түсіндіреді.

Пікірталасқа және оппоненцияға қатысуға қабілетті.

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті

G-Global көпқырлы платформада өз идеясын бөлісуге қабілетті.




Өздігінен оқуды әрі қарай жалғастыру бейімділігі




Дәлелдеулі медицина аясында жаңа дағдылар алуды меңгереді.

Р3

Ескерту:

Р2 – Кәсіптік қызмет аясында информациялық технологияларды қолдануды біледі, заманауи техникамен жұмыс істеу дағдыларына ие.

Р3 – Күнделікті кәсіби іс әрекеттерінде және магистратурада оқуын жалғастыруда жаң білімге ия болу дағдыларын меңгерген.

Р10 – Заманауи ақпараттық ағындарға қалыптаса алады және әлемдік экономикадағы үдерістер мен динамикалық өзгеретін жағдайларға бейімделеді.


2.5 Пререквизиттер: математика, информатика.
2.6 Постреквизиттер: қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология.
2.7 Тақырыптық жоспар: (тақырып, өткізу түрі, сабақтың ұзақтылығы) дәрістің, тәжірибелік сабақтың және студенттің өзіндік жұмысының.
Дәрістердің тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат саны

1 КРЕДИТ

1.

Кіріспе. Биостатистика негіздері.

Кіріспе. Биостатистика пәні және міндеттері. Ф Биометриканың дамуына Ф. Гальтон, К. Пирсон, Р. Фишердің қосқан үлесі.

Мәліметтерді жинау, ұсыну және топтастыру.

Өлшеу шкалаларының түрлері.



Мәселелік дәріс

1

2.

Статистикалық болжамды тексерудің негізгі теориясы.

Биостатистикалық зерттеулерде қолданылатын статистикалық болжамдар. Сенім ықтималдығы, маңыздылық деңгейі, қуаттылық белгісі. Статистикалық болжамды тексерудің реті.

Колмогоров – Смирнов, Пирсонның χ2 келісім белгілері. Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюденттің t-белгісі. Болжамды тексерудің парамерлік емес белгісі.


Мәселелік дәріс

1

3.

Медицина мен денсаулық сақтау саласындағы дисперсиялық талдау.

Дисперсиялық талдаудың негізгі түсініктері мен әдістері. Жалпы, бір факторлы және екі факторлы дисперсиялар. Бір факторлы дисперсиялық талдау. Екі факторлы дисперсиялық талдау.



Мәселелік дәріс

1

4.

Эпидемиологиялық талдаудағы статисти-калық әдістер. Эпидемиологиялық талдаудың негізгі белгілері. Эпидемиологиялық талдаулар. Орта шамалар, олардың өлшемдері және белгілердің мөлшерлік қатынастары. Қауіп-қатер факторлары бойынша аурушаңдықты талдау. Сырқаттың дамуындағы қауіп факторларының сандық бағасы.

Мәселелік дәріс

1

5.

Статистикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру.

Медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдері. Деректерді өңдеудің статистикалық әдісін таңдау. Биостатистикада заманауи ақпараттық-есептеу техникасының қолданылуы. Статистикалық пакеттердің түрлері және оларға қойылатын талаптар.



Мәселелік дәріс

1

Барлығы:_____5_сағат____Тәжірибелік_сабақтардың_тақырыптық_жоспары'>Барлығы:




5 сағат


Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат саны

1 КРЕДИТ

1.

Деректерді статистикалық топтау және көрсету. Бас жинақтың параметрлерін таңдап алу тәсілінің көмегімен бағалау. Статистикалық бақылаудың қателері. Сенімділік аралығы.

Зертхана-лық жұмыс

1

2.

Статистикалық болжамдарды тексеру. Қалыпты үлестірілген жинақтардың параметрлері туралы болжамдарды тексеру.

Зертхана-лық жұмыс

1

3.

Стьюдент белгісі: қолданылуы, есептеу мен шектеу үшін формула. t-белгісінің критикалық мәндерінің кестесі. χ2-белгісі: қолданылуы. есептеу мен шектеу үшін формула. Талдау тізбесі. χ2 белгісі мәндерінің кестесі.

Зертхана-лық жұмыс

1

4.

Дисперсиялық талдау Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық болжамдар. Жалпы, факторлық және қалдық дисперсиялар. Бір факторлы дисперсиялық талдау әдісі. Фишердің F-белгісі.

Зертхана-лық жұмыс

1


5.

Statistica ортасында дисперсиялық талдау.

Тәжірибе

1

6.

Эпидемиологиялық зерттеулердегі статистикалық әдістер. Қауіп қатер факторы бойынша аурушаңдықты талдау.

Зертхана-лық жұмыс

1

7.

Корреляция-регрессиялық талдау. Параметрлерді ең кіші квадраттар әдісі бойынша бағалау. Сызықтық регрессия теңдеуі.

Зертхана-лық жұмыс

1

8.

Шендік корреляция. Спирменнің шендік корреляция коэффициенті. Statistica ортасында корреляциялық-регрессиялық талдау.

Тәжірибе

1

9.

Стандартталған коэффициенттер. Стандарттаудың тікелей әдісі.

Зертхана-лық жұмыс

1

10.

Динамикалық қатарларды талдау. Динамикалық қатардың түрлері. Динамикалық қатардың көрсеткіштерін есептеу.

Зертхана-лық жұмыс

1

Барлығы:

10 сағат

жүктеу 16,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау