Жұмыс бағдарламасы пән: Биологиялық статистика Пән коды: bio 3214 Мамандық: 5В110400- «Медициналық-профилактикалық іс»



жүктеу 12,01 Mb.
бет1/73
Дата19.01.2020
өлшемі12,01 Mb.
#27089
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор

__________________________

(аты-жөні, тегі)

«_____» ___________ 20___ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Биологиялық статистика

Пән коды: bio 3214
Мамандық: 5В110400- «Медициналық-профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 (2 кредит)
Курс: 3
Семестр: 6


2014 жыл
«Медициналық биофизика, информатика және математика» кафедрасының «Биостатистика» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «26» қазан 2011 ж. №734 бұйрығымен бекітілген 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Жұмыс бағдарламасы «Медициналық биофизика, информатика және математика» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.


Хаттама № ___ «____» _____________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., профессор ____________ Құдабаев Қ.Ж.

«____» ____2014 ж. Жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды.
Хаттама №___

Төраға, профессор _______________ Патсаев А.Қ.


«____» _____ 2014 ж. Әдістемелік Кеңесте бекітілді.
Хаттама № ___
2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін анықтау және жою мақсатында әртүрлі аймақтардағы эпидемиялық жағдайларды зерттеу және талдаудың ғылыми және тәжірибелік маңызы зор. Эпидемиялық үрдістің заңдылығы және оны тудыратын факторларды біле отырып, бұл үрдістің әрі қарай даму барысы жөнінде тұжырым жасауға болады. Болжау нәтижелерін тәжірибеде қолдану тұрғындардың жұқпалы аурулармен ауыруының алдын-алу шараларын аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлау және оларды басқаруға ғылыми тұрғыдан қараумен байланысты.

Эпидемиологияда талдаудың статистикалық әдістерін қолдану қажеттілігі тіпті бір аймақтағы эпидемиялық үрдістердің пайда болу көрсеткіштері жылішілік және жыларалық жағдайда айтарлықтай өзгеріп отыруымен байланысты. Статистикалық талдау эпидемиялық үрдістердің пайда болуларының өзгерулері жөніндегі ақпараттың шыңайылығын, кейбір шарттардың, оның ішінде антропогендік ластанудың оған ықпалын бағалауға, және сол аймақ үшін нақты факторлардың ролінің маңыздылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан эпидемиологияның дамуының қазіргі замандағы кезеңі әртүрлі статистикалық әдістерді, олардың эпидемиологиялық диагностикада қолданылу шекараларын білуді талап етеді.

Статистика принциптерін білу денсаулық сақтаудағы әртүрлі жағдайлар мен ағымдарды бағалауға арналған зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және талдау, сонымен бірге медициналық биология, клиника және денсаулық сақтау салаларындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін, заманауи медициналық басылымдардағы хабарламаларды түсіну және сыни көзбен бағалау үшін аса қажет.

Биостатистика – медицина, денсаулық сақтау және эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді өңдеу және қолдануға негізделген ғылыми сала. Тәжірибеге дәлелді медицинаның принциптерін ендіру медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері үшін биостатистиканы түсіну қажеттілігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындап отыр.

Биостатистика пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаға биологиялық статистика теориясының негіздері, таңдама тәсіл, статистикалық жорамалдарды тексеру, стандарттау әдісі, дисперсиялық, регрессиялық, корреляциялық талдаулар негіздері, зерттеулерді ұйымдастыру теориясы мен тәжірибені жоспарлау негіздері енгізілді.

Теориялық зерттеулерде болсын, сол сияқты қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушысының тәжірибелік қызметінде болсын, медициналық және биологиялық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігінің туындауы, ең алдымен, деректерді бейнелеу мен жүйелеу мәселелерін компьютерлік құралдармен іске асырудың заманауи жетістіктерімен түсіндіріледі.

Студентке SAS, SPSS статистикалық кәсіптік, Statistica әмбебап қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді дәл түсіндіре білу ерекше маңызды.


2.2 Пәннің мақсаты: биологиялық статистиканың теориялық негіздерін оқыту және статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
2.3 Пәннің міндеттері:

  • қазіргі заманғы медициналық деректер мен биологиялық өңдеудің статистикалық әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру;

  • медициналық және биологиялық деректерді өңдеу үшін қазіргі заманғы статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру


2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:


Дескрипторлар

ОҚМФА дайындаған мамандықтың компетенциялары

Пәнді оқытудың нәтижесі

(ЖМББС) Концепция бойынша оқытудың нәтижесі



Зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу

Жаратылыстану және арнаулы ғылымдар аясындағы құзіреті

Биологиялық статистиканың мақсаты мен міндеттері және оны кәсіби қызметінде қолдану болашақ мамандықтар үшін пәннің белгілі бір маңызын береді.

Р2

Медицина-биологиялық зерттеулерде қолданылатын ғылыми терминдерді біледі.

Компьютерлік және ақпараттық құзірет

Статистикалық ақпаратты өңдеуге, талдауға және түсіндіругет арналған арнайы қолданбалы бағдарламаларды біледі.

Медицина-биологиялық зерттеулер үдерісінде әртүрлі ақпараттар көздерімен жұмыс істеуді (деректер қоры, қағаз және электронды журналдар, анықтамалар мен нормативті құжаттар және т.б.), медициналық ақпараттарды іздеу негіздерін біледі.

«Денсаулық

адвокаты» құзіреті



Медициналық және экспериментальді зерттеулерді жүргізуге қажетті әдеп және құқық нормаларын біледі.

Р10

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті

Деректердің түрін және оларды ұсыну түрін біледі.

Өлшеу шкалаларының түрлерін біледі.

Сәйкестік және келісім белгілерін біледі.

Жүйелік қателіктің түрлерін және оның зерттеулердегі бағасын біледі.

Белгілердің қалыпты үлестірілген заңының қасиеттерін біледі.

Дисперсиялық талдау жүргізудің әдісін біледі.

Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентінің және Спирменнің шендік корреляция коэффицентінің көмегімен корреляциялық тәуелділікті анықтауды біледі.

Болжамды тексерудің параметрлік емес белгісін біледі.

Стьюдент t-белгісін біледі.

Эпидемиологиялық көрсеткіштерді, эпидемиологиялық талдаудың негізгі белгілерін біледі.

Медицина-биологиялық эксперименттің кезеңдерін, жоспарлауды біледі.

Statistica 10. ҚБП біледі

Кәсіпкерлік конпетенциясы

Медициналық зерттеулер жүргізуде негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін математикалық аппараттарды қолдануды біледі.



Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу.

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті

Деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдануды біледі.

Биостатистикада өлшеудің анықтылығы мен сенімділігін бағалауды, айырмашылықтың статистикалық маңыздылығын анықтауды біледі.

Таңдама жиынтық үшін бірлікті таңдауды біледі.

Статистикалық үлестірім қатарын анықтауды және үлестірімнің теориялық заңымен сәйкестігін, нақтылығы мен сенімділігін бағалауды біледі.

Қуаттылық белгісі, сандық сипаттамасы бойынша сенімділік аралығын анықтауды біледі.

Бір факторлы дисперсиялық талдаудың негізгі әдістерін қолдануды біледі.

Статистикалық болжамды тексеруді біледі.

Таңдаманың корреляция коэффициентін есептеуді біледі.

Нәтижесімен кесте алуды біледі.

Алынған нәтижелерді түсіндіруді біледі.

Statistica 10. ҚБП жұмыс істеуді біледі.

«Коммуникативті дағдылар» құзыреті


Іздеу мен өңдеу үдерісінен алынған ақпараттарды басқа тұтынушыларға жеткізе алады.

Компьютерлік және ақпараттық құзірет


Ғылыми басылымдарға сынай талдау жасай алады.

Библиографиялық көрсеткіштерін қолдана отырып каталогтардан, картотекалардан, электрондық берілгендер қорынан, Интернет ресурстарынан ғылыми ақпаратты іздеуді жүргізе алады.

Арнайы қолданбалы бағдарламалардың көмегімен статистикалық материалды өңдей алады.



Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы мәселелерді шешу

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті

Ғылыми зерттеулердің мақсаты мен міндеттерін қоя алады, ғылыми зерттеулердің мақсаты мен міндетіне жауап беретін жоспар құра алады.

Р2

Материалдар жинауды жүргізеді.

Ақпараттық технология және статистикалық талдау әдістерін қолданып материалды талдайды және өңдейді.

Статистикалық зерттеу нәтижесінде алынған деректерді жалпылайды және талдайды.






Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру

Компьютерлік және ақпараттық құзірет

Statistica 10. ҚБП көмегімен алынған деректердің нәтижесін түсіндіруді біледі.

Түрлі құжаттарды сауатты рәсімдейді және зерттеу нәтижелерін баяндайды.

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті



Ғылыми мақалаларды жазуда статистикалық талдау нәтижелерін қолдана алады.

Жоғары оқу орны ішіндегі студенттердің ғылыми конференцияларында және аймақтық, республикалық, халықаралық конференцияларда баяндама жасайды.



Ақпаратты, идеяларды, мәселелерді және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді

«Коммуникативті дағдылар» құзыреті


Студенттерге /оқытушыларға/емтихан алушыларға медициналық, биологиялық және фармацевтикалық ақпараттарды өңдеуде, тұрғындардың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты талдау мен жинауда алған дағдылары мен өз білімдерін жеткізе алады, бақылаған фактілері мен алынған нәтижелерін түсіндіреді.

Пікірталасқа және оппоненцияға қатысуға қабілетті.

«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті

G-Global көпқырлы платформада өз идеясын бөлісуге қабілетті.




Өздігінен оқуды әрі қарай жалғастыру бейімділігі




Дәлелдеулі медицина аясында жаңа дағдылар алуды меңгереді.

Р3

Ескерту:

Р2 – Кәсіптік қызмет аясында информациялық технологияларды қолдануды біледі, заманауи техникамен жұмыс істеу дағдыларына ие.

Р3 – Күнделікті кәсіби іс әрекеттерінде және магистратурада оқуын жалғастыруда жаң білімге ия болу дағдыларын меңгерген.

Р10 – Заманауи ақпараттық ағындарға қалыптаса алады және әлемдік экономикадағы үдерістер мен динамикалық өзгеретін жағдайларға бейімделеді.


2.5 Пререквизиттер: математиканың мектеп курсы, информатика, медициналық биология, генетика, радиобиология.
2.6 Постреквизиттер: эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен.
2.7 Тақырыптық жоспар: (тақырып, өткізу түрі, сабақтың ұзақтылығы) дәрістің, тәжірибелік сабақтың және студенттің өзіндік жұмысының.
Дәрістердің тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат саны

1 КРЕДИТ

1.

Кіріспе. Биостатистика негіздері.

Кіріспе. Биостатистика пәні және міндеттері. Ф.Гальтон, Р. Фишер және К.Пирсонның биометриканың дамуындағы рөлдері. Мәліметтерді жинау, топтау және ұсыну. Өлшеу шкалаларының түрлері.



Шолу дәрісі

1

2.

Статистикалық болжамды тексерудің негізгі теориясы.

Биостатистикалық зерттеулерге қолданылатын статистикалық болжамдар. Сенімділік ықтималдылығы, маңыздылық деңгейі, белгінің қуаттылығы. Статистикалық болжамдарды тексерудің реті. Колмогоров – Смирнов, Пирсонның χ2 келісім белгілері.

Биомедициналық берілгендерді талдау үшін Стьюденттің t-белгісі. Болжамды тексерудің парамерлік емес белгісі.


Мәселелік дәріс

1

3.

Медицина мен денсаулық сақтау саласындағы дисперсиялық талдау.

Дисперсиялық талдаудың негізгі түсініктері және әдістері. Бір факторлы дисперсиялық талдау. Жалпы, факторлық және қалдық дисперсиялар. Бір факторлы дисперсиялық талдау. Екі факторлы дисперсиялық талдау.



Мәселелік дәріс

1

№2 кредит

4.

Эпидемиологиялық талдаудағы статистикалық әдістер. Эпидемиологиялық талдаудың негізгі белгілері. Эпидемиологиялық көрсеткіштер. Орташа шамалар, олардың өлшемдері және белгілердің сандық қатынастары. Қауіп қатер факторы бойынша аурушаңдықты талдау.

Мәселелік дәріс

1

5.

Регрессиялық талдау.

Регрессиялық талдау: негізгі түсініктері. Регрессияның түрлері. Ең кіші квадраттар әдісі. Регрессия теңдеуінің маңыздылығы туралы болжамын тексеру.



Мәселелік дәріс




6.

Статистикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру.

Медицина-биологиялық эксперименттің кезеңдері. Деректерді өңдеуде статистикалық әдісті таңдау. Биостатистикада заманауи ақпараттық-есептеу техникасын қолдану. Статистикалық пакеттердің жіктелуі және оларға қойылатын заманауи талаптар.



Мәселелік дәріс

1

Барлығы:

6 сағат

жүктеу 12,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау