8. Байланыс ақпараты:
ОҚМФА биохимия, биология және микробиололгия кафедрасы. Кафедраның орналасқан жері: Әл-Фараби алаңы – 1, e-mail: medakadem@rambler.ru бас оқу ғимараты, 3-қабат (301,303-1,305,307,308-1,308-3,310 ауд.)
9 Пәннің саясаты
Студент түзілген кестеге сәйкес дәріс және тәжірибе сабақтарына қатысуы міндетті,
сабаққа кешікпеу;
сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпак);
сабақты жібермеу, ауырған жағдайда анықтаманы көрсету;
жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;
оқу процесіне белсенді араласу;
академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;
үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын өз уақытында және нақты орындау;
тапсырмалар орындалмаған жағдайда және дәріске себепсіз қатыспаған айып балы 0,66%-дан аспайды және ол жіберілу рейтінгісінен алынады( қатыспаған сағат саны көп болған жағдайда айып балы келесі жолмен есептеледі:жіберілген дәріс сабағының саны х 0,66) және зертханалық сабақтарында қорытынды баға төмендетіледі;
оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;
кафедра мүлкіне ұқыппен қарау.
2.Бағдарлама:
1. Кіріспе.
Микробиология жалпы биологиялық ғылым ретінде бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың, қарапайымдылардың құрылымын, тіршілігін және экологиясын зерттейді.
Медициналық микробиология тығыз байланысатын инфекциялық иммунология өзін қорғау механизмін зерттейтін ғылым, тануға және инфекциондық агенттерді жоюға бағытталған.
Микробтар инфекциялық, инфекциялық емес патологиядағы ролі және маңызы туралы студенттерге білім қалыптастыру, оларға аурулардың даму механизмін (аурулардың патогенезі), оларға диагноз қоюдың, алдын алудың емдеудің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Микробиологиядан білім болмай адамдардың инфекциялық ауруларын, шартты-патогенді микроорганизмдер қоздырған ауруханаішілік инфекцияларды азайту және жою, олардың арнайы алдын алу және емдеу мәселелерін шешу мүмкін емес.
2. Пәннің мақсаты: студенттерге адамның инфекциялық және инфекциялық емес патологиясында микроорганизмдердің ролі, клиникалық диагнозды дәлелдеуіне микробиологиялық әдістер мүмкіндіктері, инфекциялық процестердің антимикробтық терапия мен арнайы алдын алу принциптері туралы заманауи білімдерді қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаттары:
патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің жіктелуі және биологиялық қасиеттері туралы түсінік беру;
макро-және микроорганизм әрекеттестігінің молекулярлық механизмдері туралы түсінік қалыптастыру;
инфекциялық агенттерден қорғану негізі механизмдері және иммунологиялық реакциялардың типтеріне сипаттама беру;
микробтар қоздырған аурулардың патогенезі, инфекциялық иммунитеттің қалыптасуы, арнайы профилактика принциптері және ауруларды емдеу туралы түсінік беру;
зерттеу материалынан микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін, идентификациялау принциптерін, микроорганиздердің микробтарға қарсы қолданатын препараттарға сезімталдығын-төзімділігін анықтауды үйрету; денсаулық сақтау практикасында қолданатын қазіргі кездегі микробиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық әдістерді қолдану білімін қалыптастыру;
кең таралған инфекциялық және онкогенді қабыну ауруларға қазіргі кездегі микробиологиялық диагноз қою әдістерімен таныстыру;
микробиологиялық зерттеуге арналған биологиялық материалды алу ережелерін үйрету;
қоршаған орта объектілерін микробиологиялық қадағалау әдістерін үйрету;
биопрепараттар алу үшін микроорганизмдерді пайдалану білімін қалыптастыру.
4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі
Студент білуі керек:
микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, антигендік құрылымын және экологиясын;
адам организмінің қалыпты микрофлорасын;
адам организмінің бейспецификалық және спецификалық антимикробтық қорғаныс факторларын;
инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болуындағы микроорганизмдердің маңызын;
инфекциялық иммунология және аллергология негіздерін;
адамның кең таралған инфекциялық ауруларының патогенезін, лабораториялық диагноз қою әдістерін және принциптерін.
Студент үйреніп алуы қажет:
микробтар қоздырған ауруларға диагноз қоюға стандартты микробиологиялық зерттеу әдістерін қолдануды және қоршаған ортадағы санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтауды;
микробиологиялық зерттеу нәтижелерін талдауды;
зерттеу материалын алып клиникалық-микробиологиялық, санитарлық-микробиологиялық және санитарлық-вирусологиялық зерттеулерге жолдама құжат жасауды;
инфекциялық аурулардың эпидемиялық қауіпті жағдайда болғанда микробиологиялық қауіпсіздік туралы білімін қолдануды.
Студент машықтануы қажет:
Зерттеу материалын алу және оны бактериологиялық зертханаға жеткізуді;
Микроскопиялық зерттеу жүргізуді.
5. Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, медициналық биофизика, молекулярлық биология, генетика, радиобиология, физиология, анатомия, гистология.
6. Реквизиттен кейінгі: инфекциялық аурулар, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау.
7. Пәннің қысқаша мазмұны.
Микробиология пәні және міндеттері. Микробиология дамуындағы отандық және шет ел ғалымдарының рөлі.
Микробиологиялық зертхананы ұйымдастыру принциптері. Жұмыс ережелері. Микробиологиялық зерттеу әдістері: микроскопиялық, дақылдық серологиялық, биологиялық, аллергологиялық, молекулярлы-генетикалық.
Медицинаның дамуындағы және дәрігердің практикалық жұмысындағы микробиологияның маңызы.
8. Тақырыптық жоспары:
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізу түрі
|
Ұзақтылығы
|
№ 1 кредит
|
1
|
Микробиологияға кіріспе. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроорганизмдердің жіктелу және номенклатурасы. Бактериялардың морфологиясы, және ультрақұрылымы.
|
Мәселелік
|
1
|
2
|
Микроорганизмдердің физиологиясы.
|
Ақпараттық
|
1
|
3
|
Жалпы вирусология. Вирустарды қазіргі кездегі жіктеу принциптері. Вирустар және бактериофагтардың морфологиясы және құрылымы.
|
Ақпараттық
|
1
|
Барлығы: 3 сағат
|
№ 2 кредит
|
1
|
Микроорганизмдердің экологиясы. Адам денесінің қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз (дисбиоз). Судың, топырықтың, ауаның микрофлорасы.
|
Мәселелік
|
1
|
2
|
Инфекция туралы ілім. Инфекциялық процестің жалпы сипаттамасы. Инфекция түрлері. Микроорганизмдердің (бактериялардың, вирустардың, қарапайымдылардың) патогенділігі және вируленттілігі.
|
Ақпараттық
|
1
|
3
|
Иммунологияға кіріспе. Иммунитет. Иммунитеттің түрлері мен механизмдері. Ағзаның бейспецификалық тұрақтылық факторлары.
Микроорганизмдердің антигендері (қасиеттері және антигендердің түрлері). Антиденелер. Иммуноглобулиндердің құрылымы және қасиеттері.
|
Ақпараттық
|
1
|
Барлығы: 3 сағат
|
№ 3 кредит
|
1
|
Клиникалық микробиологияның мақсаттары және міндеттері.
|
Ақпараттық
|
1
|
2
|
Шартты-патогенді микробтар. Грам (+), грам (-) кокктар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Қасиеттері. Лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алуы, емдеуі.
|
Ақпараттық
|
1
|
3
|
Ішек инфекцияларының қоздырғыштары. Жіктелуі. Сипаттамасы. Қасиеттері. Лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алуы, емдеуі.
|
Мәселелік
|
1
|
Барлығы: 3 сағат
|
№ 4 кредит
|
1
|
Аса қауіпті инфекциялар. Жіктелуі. Сипаттамасы. Қасиеттері. Лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алуы, емдеуі.
|
Ақпараттық
|
1
|
2
|
Микология негіздері. Грипп. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Қасиеттері.
|
Ақпараттық
|
1
|
3
|
Адамның иммунитет тапшылығы вирусы. Вирустық гепатиттер. Жіктелуі. Сипаттамасы. Қасиеттері.
|
Мәселелік
|
1
|
Барлығы: 3 сағат
|
№ 5 кредит
|
1
|
Санитарлық микробиологияға кіріспе. Пән, міндеттері. Санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдер.
|
Ақпараттық
|
1
|
2
|
Судың, топырақтың, ауаның санитарлық-микробиологиялық зерттеуі.
|
Ақпараттық
|
1
|
3
|
Тағамдардың санитарлық - микробиологиялық зеттеуі.
|
Мәселелік
|
1
|
Барлығы: 3 сағат
|
Жалпы: 15 сағат
|
Тәжірибелік және зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізу түрі
|
Ұзақтылығы
|
№ 1 кредит
|
1
|
Бактериологиялық зертхананың құрылымы. Жұмыс ережесі. Микроскопиялық әдіс. Бактериялар морфологиясы. Микробиологиялық зерттеу әдістері. Бактериялық жасушаның құрылысы. Қышқылға төзімді бактериялар.
|
Шағын топтар
|
2
|
2
|
Микроорганизмдердің негізгі кластарының морфологиясы (рикетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, актиномицеттер, спирохеталар, қарапайымдылар, саңырайқұлақтар, вирустар).
Бактериялардың қоректенуі, тыныс алуы, өсуі және көбеюі.
|
Пікірталас
|
2
|
3
|
Микроорганизмдердің генетикасы. Хромосомадан тыс тұқымқуалау факторлары. Плазмидалар, IS-факторлар. Модификация, мутация, рекомбинация.
|
Пікірталас
|
2
|
4
|
Вирусологиялық зерттеу әдістері. Вирустарды және бактериофагтарды дақылдандыру.
|
Жұптасып жұмыс істеу
|
2
|
5
|
Антибиотиктер. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
|
Пікірталас
|
2
|
Жалпы сағаты: 10
|
№ 2 кредит
|
1
|
Дезинфекцияның, стерилизацияның, асептика, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Дезинфекция және стерилизацияның сапасын қадағалау.
|
Пікірталас
|
2
|
2
|
Адамның қалыпты флорасы және дисбактериоздары.
|
Шағын топтар
|
2
|
3
|
Инфекция. Микроорганизмдердің персистенциялық факторлары. Инфекциялық аурулардың жіктелуі. Вирустық, саңырауқұлақтық және қарапайымдылық инфекцияларының ерекшеліктері.
|
Пікірталас
|
2
|
4
|
Антигендердің және антиденелердің жалпы сипаттамасы. Микроорганизмдердің антигендері. Иммуноглобулиндердің сыныптары. Иммундық жауаптың түрлері.
|
Пікірталас
|
2
|
5
|
Иммунды диагноз қою. Агглютинация, приципитация, комплект байланыстыру реакциялары, иммунды флюоресцентті әдіс. Иммунды лизис, бейтараптау, иммобилизациялау реакциялары, полимиразды тізбекті реакция, радиоимунды және иммундыферментті талдау.
|
Жұптасып жұмыс істеу
|
2
|
Жалпы сағаты: 10
|
№ 3 кредит
|
1
|
Клиникалық микробиология. Микробиологиялық зерттеуге арналған материалдарды алу және зертханаға жеткізу ережелері. Грам (+), грам (-) кокктар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Қасиеттері. Лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алу, емдеуі.
|
Пікірталас
|
2
|
2
|
Энетеробактериялар (эшерехиялар, шигеллалар, салмонеллалар, иерсиниялар), кампилобактериялар, геликобактериялар қоздырған бактериалық ішек инфекциялары. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.
|
Пікірталас
|
2
|
3
|
Зоонозды және аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштары (оба, туляремия, бруцеллез, күйдіргі, лептоспироз, тырысқақ). Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.
|
Жұптасып жұмыс істеу
|
2
|
4
|
Токсинемиялық инфекциялар (газды гангрена, сіреспе, ботулизм). Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.
|
Пікірталас
|
2
|
5
|
Микобактериялар қоздыратын бактериялдық инфекциялар (туберкулез, алапес, типті емес микобактериоздар). Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.
|
Пікірталас
|
2
|
Жалпы сағаты: 10
|
№ 4 кредит
|
1
|
Шартты-патогенді, патогенді коринебактериялар, бордетеллалар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.
|
Пікірталас
|
2
|
2
|
Патогенді және шартты-патогенді саңырауқұлақтар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.
|
Шағын топтар
|
2
|
3
|
Респираторлық вирустық инфекциялардың қоздырғыштары (грипп, парагрипп, аденовирус, респираторлы-синцитиалды вирус, қызылша, жел шешек). Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.
|
Пікірталас
|
2
|
4
|
Энтеровирустық инфекциялардың қоздырғыштары (полиомиелит, Коксаки, ЕСНО). Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.
|
Пікірталас
|
2
|
5
|
Вирустық А,В,С,Д,Е гепатиттері. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері. Лабораториялық диагноз қою прициптері, алдын алуы және емдеуі. .
|
Шағын топтар
|
2
|
6
|
АИВ. Онкогенді вирустар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері.
|
Пікірталас
|
2
|
7
|
Рабдовирустар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері. Рабдовирустар қоздырған ауруларға лабораториялық диагноз қою прициптері, алдын алуы және емдеуі.
|
Пікірталас
|
2
|
8
|
Герпесвирустар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері. Герпесвирустар қоздырған ауруларға лабораториялық диагноз қою прициптері, алдын алуы және емдеуі.
|
Пікірталас
|
2
|
Барлығы: 16 сағат
|
№ 5 кредит
|
1
|
Ауруханаішілік инфекциялар. ЕПМ инфекциялық бақылау.
|
Шағын топтар
|
2
|
2
|
Топырақ микрофлорасы. Топырақтың санитарлық көрсеткіш микроорганизмдері. Алдын алу, тасымалдау.
|
Пікірталас
|
2
|
3
|
Судың микрофлорасы (ауыз судың, ашық сулардың, жүзу бассейіндер суының және шайынды сулардың). Судың санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдері.
|
Жұптасып жұмыс істеу
|
2
|
4
|
Ауаның микрофлорасы. Ауаның санитарлық көрсеткіш микроорганизмдері.
|
Жұптасып жұмыс істеу
|
2
|
5
|
Тұрмыстық заттардың микрофлорасы. Тұрмыстық заттардың санитарлық көрсеткіш микроорганизмдері.
|
Шағын топтар
|
2
|
6
|
Тағамдардың (сүт және сүт тағамдары, ет, балық, консервілер) санитарлық-микробиологиялық зерттеуі.
|
Пікірталас
|
2
|
7
|
Санитарлық-вирусологиялық зерттеу әдістері.
|
Шағын топтар
|
2
|
Барлығы 14 сағат
|
Жалпы: 60 сағат
|
Достарыңызбен бөлісу: |