Қол сүйектерінің сынуы:
Бұғана сынығы - барлық балалардың білек, иық сүйегі сынықтарынан кейін 13% құрайды.
Толық және жартылай (қабық асты) сынықтар болып бөлінеді. Қолын созып немесе иығын тірей құлағанда сыртқы ⅓ немесе ⅓ орталығынан сынады. Қабық асты сынықтар жаңа туған нәрестелерде жиі кезігеді. 2-4 жас аралықта 30,8% бұғана сынығы орын алады.
Клиникасы. Сынған бұғананың сынық ұштары азғана ығысады, қолы иығынан жоғары көтерілмейді, сыртқы қозғалысы шектеледі. Субъективтік шағымында ауырсынуы аз болғандықтан, бұғана көп жағдайда анықталмайды. 10-15 күн өткең соң, сынық сүйелінің томпаюы көзге білінеді де, баланың ата-анасының көнілін аудартырады. Толық бұғана сынуында сынық ұшы ішке жоғарғы, ал сыртқысы – төмен ығысады. Бұл жағдайды клиникасы аса тексерісті қажет етпейді.
Емі. Бірнеше жолғы емдеу барысында бұғана сынығы аса асқынбай, дұрысталып сынығы бітіп кетеді. Шектен тыс пайда болған сүйек сүйелі де уақыт өткен соң білінбей кетеді. Балаға “Дезо” типті байламды 7-10 күнге салған жөн.
Қолтығының астына клеолға дәке мен мақтадан түйін салып, бала терлегенде тері қабатын сақтайтындай етеді, 5-тен асқан балаларға Кузьминский, Карпенко гипсті-балдақ байламын салады. Семей мед.институтында қолдануға бейімделген тақтаймен гипстеу байламы тиімді болады.
Кожукеев-Ивановтың пневмопелот байламын қолдануға да болады. Жауырынның бұғана-акромиялды буын шығуында Беннел тәсілімен операция жасалады. Тек қана ересек (14 жастан жоғары).
Операциялық емдеу балаларда өте сирек қолданыладыы, тек қан тамыры мен нерв жүйесінің жарақатталуы, тері қабаты тесілу қауіпсіздігінде, сүйек сүйелі 3 жастан аса 14-21 күнде пайда болып, сынық қалпына келеді. Қозғалыс қабілетін балалар өздігінен игеріп алады.
Иық - тоқпан жілік сынығы. Жиілігі жағынан 2-ші орында (15,9%).
Орналасуына байланысты:
Жоғарғы метафиздегі,
Хирургиялық мойындағы (түбір асты).
Эпифизеолизды,
Апоэпифизеолиз-(балаларға тән сынықтар).
Түбір үсті.
Түбір арасы.
Тоқпан жіліктің мойын тұсындағы сынықтар:
а) сұғынған,
б) қабық асты,
в) абдукциялық - (төменгі сынық ұшы ішке қарай ығысқан),
г) аддукциондық - (төменгі сынық ұшы сыртқа қарай ығысқан).
Клиникасы.
Қолы дене бойына салбырап, ауырсынып, иық буыны ісініп, қозғалысы шектелген, дельта тәрізді бұлшық ет тығыздалып (абдукциялық сынық) қолтыққа төменгі сынық ұшы тіреледі. Тамыр нерв жүйесін зақымдамау үшін, сынық ұшын қозғамау керек, 2-жақты рентген суретімен анықталады.
Емдеу: Гипспен таңу келесі иықпен қоса иықты және білекті бекітеді.
Остеоэпифизеолиздерде бірден қайта қалпына келтіріп, физиологиялық қалыпты гипстеп таңады.
Тоқпан жіліктің хирургиялық мойын тұсындағы метаэпифиздың - абдукциондық сынығы.
2 жұма ішінде, куде – іш - қол (торакоабдоминальды) гипспен таңуын орталық физиологиялық жағдайға келтіреді де, қайтадан гипстеп 2 жұмаға (жалпы 28 күнге) 2-3 жұмадан кейін гипс алынып тасталған соң, бала қолын өздігімен қозғай алады. Остеоэпифизеолиз немесе эпифизеолиздерден соң өсу аумағына едәуір зақым келсе, қол ұзындығы өзгеруі мүмкін. Диспансерлік тексеру 6 ай сайын өткізіліп, денешынықтыру әдістерін қолданады. Иық буынының қозғалысы толық болмағанда баланың тұлғасы өзгеруі мүмкін.
Диафиз тұсындағы сынықтар сирек кездескенмен емдеуге күрделі, асқынуы жиі болады.
а) көлденең
б) қиғаш
в) винт тәріздес
г) жарықшалы.
Клиникасы. Иық тұсы деформацияға ұшырап, салыстырмалы ұзындығы және абсолюттік ұзындығы қысқарады. Сынық тұсында патологиялық қозғалыс, сықырлақ пайда болады. Өте аз қозғалыстың өзі аса ауырсындырады. Ортаңғы үш бөлігінде тоқпан жіліншектегі сынықтар n radіalіs орналасқан тұстан өтіп, қауіп келтіреді (парез тіпті кесіліп кету мүмкін). Сондықтан саусақ бастарының сезімталдығын тексеру қажет. (Фолькман контрактурасында).
Емдеу: 3-5 жұма аралығында сүек сүйелі толық өседі де, сынық қайта қалпына келеді. Сүйек сынық ұштары 4-5 жасқа шекті балаларда ұзындығы бойында 2 см-ге шекті, көлденеңінде 1/3 бөлігінде өзіндігінен кейін қалыптасып кетеді.
Тоқпан жіліктің төменгі бөлігінің сынуы 64% өте жиі кезігеді де Г.А. Баировтың классификациясымен (1959) Париждегі анатомиялық номенкулатураға сәйкестеліп жасалынып, буын іші, буын сырты болып бөлінеді. Жиі кезігетін айдаршық үсті және айдаршық арқылы өтетін сынықтар жәйлі тоқталсақ, айдарының үсті сынықтар буын арқылы өтпейді (5%), (95%) айдаршық арқылы өтетін сынықтар буын ішінде және буын қабымен, буын байламдары үзіліп, буынға қан құйылып, ісінуі мен ауырсынуы жоғары болғандықтан күрделі сынықтарға жатады. (А.Е.Ерекешов, 1986 ж).
Клиникасы.
Қолдың ұзындығы, тұлғасы өзгеріп, аурысынып, өздігінен қозғау қиынға түседі. Иықтың төменгі жағы ісініп, буынды да қамтиды. Маркс белгісі бұзылады да, тік бұрыш жасап өзгереді. 3 жазықтықта жатады: алдағы артқы және айшық сүйегіне немесе шынтақ сүйегіне қарай, кейде өз өсінен айнала ығысады. Өте қаты ығысуы салдарынан n medіanus g radіalіs терді зақымдауы мүмкін.
Емдеу. Новокаин немесе наркоз беру арқылы ауырсыздандырып, бұлшық етті босатып, рентген сәулесінің көмегімен орнына салу қажет.
Орнына сынық ұштарын салғаннан соң артерия соғысы шеткі нервтің сезімталдығын тексерген жөн және рентген суретін қайта жасап анықтау қажет. Терең артқы гипспен таңу тиісті, 14-21 күнде сүйек сүйелі пайда болады, ісігі түскен сайын рентгенмен байқаулар жасаймыз, 5-6 күн сайын.
Өте ауыр жағдайда: ісінуі жоғары, бірден сынық ұштарын қалпына келтіру қиынға түссе, қаңқа арқылы Киршнер сымымен шынтақтың проксимальдық метафизінен тарту арқылы, 2-4 кг жүкпен қатарға келтіру болады.
Егер 3 рет орнына сынықты сала алмасаңыз, ишемиялық Фолькман контрактурасы немесе қан-нерв жүйелерінің жарақаттануларына қауіп төнсе, Лангенбек кесу тәсілімен (шынтақ буынының артынан қол бойы) буын тұсындағы қан тамырларын, нерв, т.б. тексеріп, сынық ұштарын, орнына салып, Киршнер сымымен бекітеді де (бөлек) терең гипс лонгетін салып, 12-14 күнде гипсті алып тастап, буынды қозғауға ұрықсат береді. Н.Г. Дамье болжамы бойынша оссификациялы бұлшық ет асқынуы коллоидтік тыртықтыққа тіндері бейім балаларда жиі кезігеді.
Бұл жайға қарсы физио емдерін қолданып, қозғауды тоқтатуға болады. Витаминдер, микро-макроэлементтер, тіндемалысына кокарбоксилаза, АТФ, актовегин, солкосерилдер жіберу арқылы көмектеседі. Массаж жасауға болмайды. Тағы бір асқынуы Cubіtus varus, 20Ә - тан жоғары болса, операция жасау арқылы қолын түзетеді (шынтақтың - ішке қарай майысуы). (К.С. Ормантаев, Р.Ф. Марков).
Апоэпифизеолиз – томпақ жіліктің айдаршық үсті төмпешіктердің сынуы. Бұлар ішкі және сыртқы, буын сынықтары болып бөлінеді, 8-14 жастағы балаларда жиі кезігеді. Ішкі төмпештің, кенеттен және білектің сыртқа қарай тартылуында пайда болады, шынтақ буын жабуы, буынның ішкі бүйір жағындағы сіңір созылып, ішкі төмпешікті жұлып алады, ол төмен жылжып, орнынан қозғалады да шынтақ буынының арасына қысылып калады. Кейде осы сынықта нерв жүйесі де зақымдалады. (А. Молдаханов).
Клиникасы. Шынтақ буының ішкі жағы қанталап, ісініп кетеді. Қолмен де анықтауға болады, бірақ буында қозғалыс болмайды. Білек сыртқа қарай жеңіл бұрылады. Нерв жүйесінің жұмысын анықтаған жөн. Рентген суреті анық көрініс береді.
Емдеу: егер сынық жаңқасы орнынан таймаса немесе буынның жоғарғы сызық шетіне дейін тайса, қолды бүгіп, білекті және алақанды қырынан қойып, гипспен таңуға болады. Егер төмпешік буын арасында болса, оған қоса нерв жүйесі зақымдалса, міндетті түрде операция жасалады.
Иық (тоқпан) жілігінің бас тәрізді төмпешігінің сынуы балаларда 4-10 жас арасында жиі кезігіп, буын іші сынығына жатады. Егер сынық сызығы өскіш аумақтан өтсе, эпифизеолиз делінеді бірақ “таза” эпифизеолиз өте сирек кездеседі. Сынық жазықтығы қисық бағытпен тоқпан жіліктің төменгі метаэпифизін де (артқа, жоғары, ішке) бағытпен өтеді. Буынға қан құйылуы секілді асқынулармен қалыптасады. Кейде 90Ә тіпті 180Ә бұрылып кетуі де мүмкін. (Р.Ф. Марков, К.С. Ормантаев).
Гютер ұшбұрышы бұзылған соң шынтақ буынын тіке бүгеді де, алақанды (пронация) төмен айналдырып, саусақтың ұшынан иық буынына дейін гипсті лонгет салады. 14-15 күнене соң гипсті алып, буынды қозғап, емдеу барысын жалғастырады. Бұл іші сынықтарды емдеу барысында витаминдермен, макро-микроэлементтер қолданумен қатар энзимдер: Вобэнзим, флогэнзим, вобэмугостер қолданғанды (Мукосфарма фирмасы) тиімді көреді.
Тоқпақ жіліктің сыртқы төмпешігінің жарақаты 13-15 жастағы балаларда жиі кезігеді. Бұл сынық қол созылып немесе білек ішке қарай бұрылып құлағанда байқалады. Сыртқы шынтақ сіңірі созылып, тартылуынан төмпешік орнынан жұлынып қозғалғанда өзімен бірге томпақ жіліктің табақшасын ала кетеді. Сыртқы айдаршық пен кәрі жіліктің басының арасында қысылып қалады (өте сирек кезігеді).
Кәріжіліктің (сәуле сүйегінің) басы мен мойының сынықтары. Қолын соза салмақ түсіре құлпағанда проксимальді метафизінде көлденең деңгейде сынуы болады. Кейде кәріжіліктің эпифизеолизі өскіш аумағында болады, ал төмен болса остеэпифизеолиз кезігеді.
Клиникасы. Супинация мен пронация қиындайды да аздап ісінеді, білектің жоғарғы тұсында. Буындағы білекте, жазылыс қиындықсыз. Сәуле нервінің талшығы жарақаттануы мүмкін, сондықтан сезімталдығымен саусақ жұмысын тексерген жөн. Сынықтар рентген суретінде көрінеді.
Емдеу тәсілі Баировтың (тері сыртынан инемен) коррекциялап орнына тігу арқылы жүргізіледі.
Осы тәсілдердің бірімен салынғаннан соң, гипстен лонгет салып, 21-28 күн ұстайды гипс алынған соң кәдуәлгі емдеу тәсілдерімен жалғастырылады.
Үлкендерде қолнанылатын операциямен кәріжілік басын алып тастау тәсілі балаларға жарамайды, себебі өскіш аумаққа зақым келеді, білектің сәуле сүйегі өспегеннен қысқаруы не қисайып, сәбидің yalqus – шынтақ буыны сыртқа ауытқып, буын тұрақсыздығына әкеледі.
Шынтақ сүйегінің тәж өскінің сынуы (венечный). Ересек балаларда тікелей осы тұсын соққанда пайда болады, шеткі буын байламдары созылып, сүйек қабығы босап, сүйектің сынық ұшы жоғары ығысады.
Клиникасы: рентген пленкасын анықтауда. Буын тұсы ісініп, буында ауырсыну болады. 10-12 жаста өскін аумақ осы шынтақ сүйектің тұсында болғандықтан, рентгенді оқу қиындау болуы мүмкін.
Емдеуі бірден сынық ұштарын орнына келтіріп, артқы терең гипсті лонгетке буынды 170-180Ә бүгіп, 21 күнге бектеді. Ісіп түсуіне байланысты гипсті босатып немесе тығыздап таңыуды ұмытпаңыз. Егер консервативті емдеу жеткіліксіз болса “П” тәрізді жібек жіппен тігіп салу арқылы бекітеді. (С.И. Ярославцев, А.Ж. Абдрахманов, К.С. Садырбаев).
Сәуле сүйегі (кәріжілік) мен шынтақ сүйегінің диафизі тұсындағы сынықтары балаларда жиі және алақанына тіреле құлағанда пайда болады. Кейде “шыбық” тәрізді немесе “терек талшығына” ұқсап сынуы мүмкін. Ал ересек балаларда толық немесе сүйек қабығы асты сынуы мүмкін. Міндетті түрде төменгі сынық ұштары жоғары сыртқа қарай ығысып, жазылғыш жағынан ашылған ұшбұрыш жасайды, жалғыз ғана шынтақ сүйегі сынуы өте сирек кезігеді. Әдетте сәуле сүйегінің басы шығуы қосарласып Монтедж сынығын құрайды. Осы жағдайда сәуле сүйегінің басының шығуын байқамай, асқынулардың себебін тудырып, алуға болады. Олар шынтақ буынының қозғалысын тежеп, буынды бекітіп тастауы мүмкін. Сондықтан ортаңғы бөліктерінен сынған сынық түрлерінде екі буынды (шынтақ және білезік) қатар рентген суретін түсіріп, Смит сызығының дұрыстығын байқау қажет.
Білек сүйектерінің эпифизиолиздері балаларда өте жиі кезігеді, басқа сүйек эпифизеолиздерімен салыстырғанда және бұл жарақат өскін аумақтан өткендіктен дұрыс орнына келмесе, Маделунг типті өзгеріске немесе білектің қысқарып қалуына әкеліп соғады.
Қол мылтық ұшына ұқсап, қисайып, ісік, білезік буында қозғалысты тежейді. Емдеу кезінде терең гипстік лонгет қолдың ортаңғы ұшына шекті салынады. Саусақтармен физиологиялық жағдайда жасына байланысты 2-3 жұмаға салу қажет (С.С. Бернштейн).
Білек сүйектерінің сынығын түзету аса қиын болмайды (1% новокаин 1,0 – 1 жасқа есепте) жергілікті ауырсыздандыруды қолдана отырып, орнына салса, тек көлденең, қиғаш түрдегі сынықтар орнықсыз болғандықтан Киршнер сымын қолданып бекітуге болады, себебі екінші қайтара ығысу болуы мүмкін.
Жасына байланысты 3-6 жұмаға гипсті лонгет салу және ісігі басылған сайын босатып, немесе қатайтып таңу және нерв талшығының, қан тамырларының жұмысын үнемі тексеру қажет.
Оперативтік емдеу тәсілін өте сирек қолданады, ол бірінші көмекте дұрыс сынық ұштарын қалпына келтіре алмағанда немесе дұрыс сүйек сүйелі өспегенде қолданады, 5-7 күн аралығында міндетті түрде рентген суретімен байқап отырғыны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |