Мектеп жасына дейінгі балалардың азаматтық-патриоттық тәрбиесі Асылбекова Айдана
Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде , рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек - бұл еңбегіміздің жанғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі-нің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді.
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншігін дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек.
«Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына түсіндіруіміз қажет.
Қазақстан Республикасының Конститутциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанда мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;
Мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанда мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен өркениеттілікті бағалау, құрметтеу;
«Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп және мектепке дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру»тұжырымдамасында патриоттық тәрбие беру міндеттері төмендегіше айқындалады:
Соңғы жылдарда патриоттық тәрбиенің мәніне көзқарас өзгеріп келе жатыр.Патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу идеялары мемлекеттік маңызы бар мақсатқа айналып, қоғамдық мәні болып тұр.Отанға туған жерге,табиғатқа,мәдениетке деген сүйіспеншілікке назар аударылады. Сонымен қатар ,өз Отанының символымен таныстырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары –рәміздері бар. Олардың түрі және ресми қолдану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленген.
Мектеп жасына дейінгі кезең – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы аралықта мектеп жасына дейінгі балалардың игерген рухани байлығы, білімі, дағдысы, қабілеті өмір бойына із қалдырып, оның өз деңгейінде дұрыс жетілуіне негіз болады. Сол себепті де мектепке дейінгі ұйымдарда білім нәрін ұсынатын біз тәрбиешілерге аса назар аударады. Биыл біздің ұжым өз алдына мынадай жылдық міндет қойып отыр: «Балабақша және отбасы сабақтастығы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру». Осы міндетті негізге ала отырып біз, сіздер ата-аналар балаларымызға адамгершілік-патриоттық тәрбие беруіміз керек. Баланың бойына адамгершілік нормаларын меңгерту, еңбекке баулу, жағымды әдет-дағдыларын қалыптастыру, келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу.
Балаларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс – шаралардың маңызы зор. Ендеше жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру басты мақсатымыз екенін ұмытпайық..
Достарыңызбен бөлісу: |