Жұмыс бағдарламасы балалар хирургиясы пән бойынша


Ақпараттық – дидактикалық блок



жүктеу 4,29 Mb.
бет14/25
Дата17.11.2017
өлшемі4,29 Mb.
#554
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R – суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.


8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Под руковод. Ю.Ф. Исакова, «Хирургические заболевания детского возрастаң 2004 г. 2-х том Геотор-Мед.

2. М.С. Маслов. Болезни печени и желчных путей у детей. Медицина 1991 г.

3. Г Подкаменев В.В. «Хирургические болезни детского возраста М. Медицина 2005 г.



Қосымша әдебиеттер:

1. К.У. Ашкраф, Г.М. Ханрен. «Детская хирургияң . 1 том, 1996г

  1. Пыков М.И., Ваталин К.В.. «Детская ультразвуковая диагностикаң М., 2001г.

  2. Под ред: Тихомировой В.Д Детская оперативная хирургия.. И. Инф-изд агентство Лик «2001 г.



1. Тақырыбы: Өкпе мен бауырдың эхинококкозы.: Дифференциалды

диагностикасы. Оперативті емнің уақыты мен

көрсеткіштері.

2. Оқу сағатының саны: 7сағат 20 минут.

3. Тақырыптың өзектілігі (оқу дәлелдемесі):

Эхинококкоз – эхинококк тұқымының енуімен шақырылатын және түрлі ағзаларда дамитын, адам құрт ауруы. Түрлі ағзалармен ұлпаларда орналасуы бойынша бауыр эхинококкозы бірінші орында және 61% құрайды. Өкпе эхинококкозы ауа райы ыстық және құрғақ жерде жиі кездеседі, эхинококк кистасының іріңдеу асқынуын 32,8-58% бақылайсыз. Эхинококкозда хирургиялық көмек қажет.


4. Сабақтың мақсаты: асқынған және асқынбаған бауыр, өкпе эхинококкозының оперативті емін оқып үйрену. Операцияға көрсеткіштерін және қарсы көрсеткіштерін бағалай білу. Операциядан кейінгі асқынуларының алдын-алу жолдарын үйретк.

Дәрігер - интерн білу тиіс:

  • бауыр және өкпе эхинококкозының этиопатогенезін;

  • асқынған эхинококкоздың симптомдарын;

  • іріңдеген эхинококкоздың негізгі диагностикасын;

  • диффенциальды диагностикасын;

  • негізгі оперативті емін;

  • операциядан кейінгі асқынуларын және оның емін.


Дәрігер - интерн жасай алуы тиіс:

  • бауыр және өкпе эхинококкозы асқынған науқасты тексеру;

  • рентгендиагностика жасауды;

  • оперативті емнің рационды әдісін анықтауды;

  • операциядан кейінгі емді дұрыс ұйымдастыруды.


5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

а) негізгі білім бойынша:

- эхинококктың табиғатта дамуын және адамға берілу жолын;

- бауыр және өкпе эхинококкозінің этиопатогенезі;

- бауыр және өкпе эхинококкозының жіктелуі;

- диффенциальды диагностикасын.

б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

- операцияға көрсеткіш және қарсы көрсеткіштер;

- операциядан кейінгі асқынуларды бағалау;

- құртқа қарсы қолданылатын дәрілердің маңыздылығы.


6. Ақпаратты-дидактикалық блок.

7. Сабақтың мазмұны:

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R-суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.


8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. «Балалардағы проктология» Ленюшкин А.Ин //М., 1997 ж.

  2. Под ред. Исакова Ю.Ф «Хирургические заболевания детского возраста» Геотар-Мед, в 2-х томах. 2004 г.

  3. «Лечение ран у детей» Ю.Ф. Исаков с соавторами. М., 1990 г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. «Гнойная хирургическая инфекция у детей». Сультанбаев Т.Ж., Ленюшкин А.И. Алма-ата, 1984 г.

  2. «Детская хирургия». Ашкраф К.У., Хандрен Г.М. в 2-х томах, 1996 г.


1.Тақырыбы:. Емханада хирургиялық бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Диспансерлі бақылауды ұйымдастыру және принциптері.

2.Оқу сағатының саны 7 сағат 20 минут.

3. Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):

Сау баланы тәрбиелеу, сауықтандыру шаралары мен ауырмауды алдын алу және төмендеуіш жұмыстарын атқаруда- емхананың орны өте зор. Балалар хирургиялық емхана курсы- бұл педиатрлар мен педиатр-неонатологтарды дайындалатын негізгі оқу жүйесі болып саналады, олар науқас балаға болжам диагнозын қойып, хирургке жолдамен жіберіледі. Емханалық хирургтың жұмысы өте жауапты және көптеген ерекшеліктер бар. Біріншіден ол балалардың ағзасының даму ерекшеліктерін , психикасын жақсы білуі тиіс. Хирургтың негізгі жұмысының бірі болып, ата-аналарына аурудың сипатын, оның бала денсулығына қаншалықты зиян екендігін, әрі қарай дамуын түсіндіру маңызды.

Емхана хирургінің міндеттеріне даму ақаулары мен түрлі аурулары бар балаларды профилактикалық қарау кезінде анықтау жатады. Хирург әрдайым біліктілігін, жүйелі түрде жетілдіріп отыруы тиіс. Балалар емханасының негізгі жұмысы болып тұрғындарды ауруға байланысты жыл сайын диспансеризациялау болып табылады.

4. Сабақтың мақсаты:

Интерндерге хирургиялық науқастарды емхана жағдайында емдеуді, емхананың хирургиялық кабинетінің орналасуын, қажетті заттармен қамтамасыз етілуін, медициналық құжаттармен таныстырып үйрету.


Интерн білуге тиіс:

    • хирургиялық кабинет мүшелерінің функциясын;

    • хирургиялық кабинеттің жасақталуы мен жабдықтары;

    • асептика және антисептика ережелерін;

    • емханалық хирургтың міндеттері, хирургиялық кабинеттің құжаттарын, диспансеризациялау принциптерін.

Интерн істей алуға тиіс:

- амбулатория жағдайында орындалатын операцияларды;

- тұрғындар арасында санитарлы ағарту шараларын жүргізу;

- науқастарға консультация жасау;

- емханада құжаттар толтыра білу;

- клиникалық және лабораторлы зерттеу мәліметтерін талқылау;


5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

а) негізгі білім бойынша:

1. Балалар организмінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері;

2. Асептика- және антисептика;

б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

1. Хирургиялық кабинеттің жабдықтары мен жасақталуы;

2. Емханадағы балалар хирургі жұмысының ерекшеліктері;

3 Емханада толтыратын құжаттар.


6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R – суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.


8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Хирургические заболевания детского возраста. Под редакцией Ю.Ф.

Исакова, Геотармед, М.2004г. 2-х том.

3. М.Ф. Рошаль «Неотложная хирургия детского возрастаң. 1997г.

4. А.И. Ленюшкин « Поликлиническая хирургия у детейң. Л., Медицина,

1986-335.

5. К.У. Ашкраф, Г.М. Хандрен. «Детская хирургияң 1 том 1996г.

6. Г.А. Баиров. «Неотложная хирургияң. Л., Медицина, 1993г.

7. Г.А. Баиров, П.М. Рошаль «Гнойная хирургияң. Л., Медицина, 1991г.

8. Г.А. Баиров «Неотложная хирургия детейң. Л., Медицина, 1993-408 стр.

9. Ю.Ф. Исаков, Э.А. Степанов, А.Ф. Дронов. «Острый аппендицит в детском

возрастең. М., Медицина, - 1980г.

10. С.Я. Долецкий, В.Г. Акопян, В.В. Гаврюшев. «Хирургия новорожденныхң -

М., Медицина, 1979г.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Исаков Ю.Ф.,Степанов Э.А.,Г.В. Красовская Г.В. «Абдоминальная хирургия у детейң - М.: Медицина, 1988,- 415стр.

  2. Терновой К.С.,Прокопова Л.В.,« Лечение остеомиелита у детейң - Киев –Здоровья, 1979-254стр.

  3. Рокоцкий М.Р. «Неотложная пульмонология детского возрастаң - Л., Медицина. 1978- 255 стр.

  4. Исаков Ю.Ф.,Немсадзе В.П. «Лечение ран у детейң - М., Медицина, 1990- 192 стр.

  5. Ленюшкин А.И. «Детская колопроктологияң - М., Медицина 1990г.

  6. Баиров Г.А. «Срочная хирургия детейң, 1997г.

  7. Пыков М.И., Ваталин К.В.. «Детская ультразвуковая диагностикаң М., 2001г.

АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Тақырыбы: Емханада хирургиялық бөлімнің жұмысын ұйымдастыру.

Диспансерлі бақылауды ұйымдастыру және принциптері.
Емханалық мекемелердің алдында тұрған үлкен мәселе, бұл емханада өткізілетін емдеу – сауықтыру шараларын жетілдіру және тұрғылықты халыққа білікті медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру болып табылады. Медициналық көмек көрсету жоғары дәрежеде жүзеге асырылуы керек, себебі қазіргі күн талабы осыны қажет етеді. Емхана жағдайында келесі шаралар өткізілуі тиісті:

  • жедел аурулары мен жарақаттары бар науқастарға алғашқы және шұғыл көмек көрсету;

  • іштен туа болатын даму ақауларын және ауруларды ерте анықтау, себептерін зерттеу;

  • емді қажет ететін науқастарды дер кезінде ауруханаға жатқызу;

  • диспансерлік есепке тұрғызуды қажет ететін науқастарды анықтап, іріктеп, толық зерттеп, сауықтыру шараларын өткізу;

  • түрлі анықтама қағаздарын беру (сабақтан босатылғандығы, дене шынықтыруға қатыспауға, үйде оқытуға) және ата-аналарына еңбекке жарамсыздық қағаздарын толтыру;

  • хирургиялық манипуляциялар мен емдеу - сауықтыру шараларын өткізу;

  • мүгедек, мүгедектік белгілері бар балаларды медициналық әлеуметтік тұрғыда сараптау комиссиясына жіберу.

Осы мәселелерді дұрыс шешу бала хирургінің атқаратын міндетіне жүктелген.

Емхананың қуаттылығы күніне келетін адамдардың санымен есептелініп, ол 5 топқа бөлінеді: күніне 1600 адам келетін болса – І топ; 1200 – ІІ топ; 800-ІІІ топ; 600-ІV топ; 400-V топ. Хирургиялық бөлімшенің құрылымы және дәрігерлердің орын саны емхананың қуаттылығына байланысты (1-ші кесте).


1-ші кесте

Емханадағы хирургиялық бөлімшенің құрылымы мен

дәрігерлердің орын саны

Құрылымы


Дәрігерлік орын саны

І

топ


ІІ

топ


ІІІ топ

ІV топ

V

топ


Хирургиялық бөлімше

6,0

4,5

3,0

2,3

1,5

Құрамы:

Жарақатқа жәрдем беру бөлмесі


1,5

1,0

0,5

-

-


Онкологиялық бөлме


1,0

0,5

-

-

-

Урологиялық бөлме

1,0

0,5

-

-

-

Емханадағы хирургиялық бөлімшенің жабдықталуы ауқымды болмауы керек. Дәрігер бөлмесінде стол, екі орындық, науқасты қарауға арналған қатты кереует (баланың киінуі мен шешінуіне қолайлы болуы үшін қатты кереуетті арнайы матамен бөліп қояды), рентгенограмманы қарау үшін неготоскоп болуы шарт. Үлкен көлемді жұмыс кезінде медициналық құжаттарды толтыру үшін медбикеге арналған қосымша стол мен орындық қоюға болады.

Таңып-байлау бөлмесінің жабдықталуы төмендегідей: залалсыздандырылған құрал-жабдықтарға арналған стол; науқасқа арналған арнайы стол; жұмыс барысында қолданатын дәрілер мен ерітінділерге арналған стол; емдік дәрі-дәрмектер мен таңуға арналған жабдықтарды сақтайтын шкаф; залалсызданған жаялықтарды және таңып - байлауға арналған жабдықтар салатын бикстерді қоятын темір аяқшалар, екі орындық.

Таңып-байлау бөлмесінде қолды жууға арналған керекті заттардың барлығы болуы шарт. Сонымен қатар гипсті дәкелерді сақтайтын және гипстік таңғыштарды шешуге арналған құрал – саймандарды қоятын кішігірім шкафтың болуы қажет.

Операциялық блоктың жабдықталуы келесідей: операциялық стол, стационарлық стол және хирургиялық құрал жабдықтарды қоюға арналған жылжымалы стол, дәрі-дәрмектерге арналған стол, винтті табуреткалар (2-3 данасы), залалсыздандырылған жаялықтар мен таңып байлауға арналған жабдықтар салынған биксті қоюға арналған үстелше, кіші операциялық немесе жалпы хирургиялық құрал-саймандар жиынтықтары, залалсыздандыруға арналған құрғақ бу шкафы (1 – ші сурет).

Емханада хирургиялық бөлімшенің жұмысын дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде науқас балаларды қабылдау жылдамдатылады, диагностикалық шаралардың және емдеу жұмыстарының сапасы айтарлықтай жоғарылайды. Емханалық мекемедегі хирургиялық мамандығы бар дәрігердің 1 сағаттық жүктемесі төмендегідей: хирург үшін – 9 науқас, травматолог пен ортопед үшін – 7 науқас, уролог үшін – 5 науқас. Профилактикалық тексеруде хирург 14 баланы қабылдауы керек.

Хирургтың қабылдауында болатын балалардың 50 пайыздан артығы біріншілік келген науқастар. Олардың арасында түрлі жарақаттың зақымдануы бар науқастар көп кездеседі.

Хирург жұмысының негізгі міндеті ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін науқастарды қабылдау, тексеру, аурудың диагнозын қою және емдеу болып табылады. Сонымен қатар ауруханадан шығарылған науқастар емдерін жалғастырады.

Науқастарды зерттеу үшін барлық қажетті тексеру әдістері өткізіледі. Оның құрамына жалпы физикалық (қарау, пальпация, аускультация), аспаптық (рентгенмен, эндоскопиялық, ультрадыбыстық), зертханалық (қан, несеп, нәжіс анализдері, бактериологиялық, цитологиялық және серологиялық зерттеулер, пунктаттар, шайылған сулар) тексеру тәсілдері кіреді. Науқасты зерттеу нәтижесінде аурудың диагнозы қойылып, емдік шаралар өткізіледі немесе кеселдің алдын-алу бағытында істер жүргізіледі.

Хирургиялық науқастарды емдеу консервативті, сонымен қатар оперативті тәсілдермен іске асырылады. Операциялар көлемі бойынша кіші, ал уақыты бойынша қысқа болуы шарт. Операциялар жедел және жоспарлы түрде жүргізіледі. Жоспарлы операцияларға арнайы күн, уақыт бөлінуі қажет.

Бала хирургінің жұмыс көлеміне жоғарыда айтылғандардан басқа келесі іс-шаралар кіреді: амбулаторлық картаны толтыру, науқастарды диспансерлік есепке алу, рецептер жазу және ауруханаларға немесе жоғарғы дәрежелі маман дәрігерлердің кеңесіне бағыттау.

Қабыну белгілері айқын жедел іріңді процестерге жасалатын операциялар науқасты алғашқы рет қабылдаған кезде жедел түрде өткізіледі. Оны іріңді жараларды таңып байлау немесе арнайы бөлінген операция бөлмесінде орындайды. Жоспарлы операцияларды емхананың хирургия бөлімшесінің жұмысына қолайлы күндері, «тазаң операция бөлмесінде жасалуы қажет. Сонымен қатар бұл операция бөлмесінде жедел жарақат алған науқастардың жарасына алғашқы хирургиялық өңдеу жасалынады.

Хирург қайталап байлап-таңуды қажет ететін науқастарды қабылдауға келетін уақытты нақты, дәл сағатын белгілеуге тиісті.

Емхананың хирургиялық бөлімшесінде асептика ережелері қатаң сақталынады. Емдеу барысында мүмкін болатын асқынулардың алдын-алу шаралары өткізіледі. Қазіргі заманда емханалардың құрылысында құрал-саймандарды, операциялық жаялықтарды және таңып байлауға арналған жабдықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы орын қарастырылған.

Оперативті іс-әрекеттердің көлемін кеңейту қажеттілігін айрықша атап өткен жөн. Хирургиялық стационарларға аса ауыр науқастар жатқызылады, ал емхана жағдайында емдеуге болатын аурулар міндетті түрде емханада емделуі қажет. Сол арқылы ауруханадағы төсектер босатылып, төсектік қор тиімді пайдаланылады, қосымша резерв құрылады. Емханадағы хирургтердің дәрежесі артып, жұмысқа деген қызығушылығы жоғарлайды. Көрсетілетін хирургиялық жәрдем көлемін кеңейту керек. Бірақ бұл балаларға кері әсерін тигізбеу үшін, үлкен асқынуларды болдырмау мақсатында науқастар біртіндеп қабылданады, асептика ережелері қатаң сақталынады, жансыздандыру толық жүргізіледі.

Емханада хирургиялық бөлменің жұмысын ұйымдастыру

Емханадағы бала хирургінің міндеттері

Емханадағы бала хирургінің жұмысы бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Хирург педиатриямен жақсы таныс болуы керек және балалардың психикалық тұлғасын білуі қажет. Емханадағы бала хирургінің ортопедиялық, урологиялық, гинекологиялық ауруларды білгені жөн. Сүйектерде өсу аймақтарының болуы және сүйектену ядроларының көрінуімен ерекшеленетін балалардың рентгенологиялық өзгерістерін хирургтің нақты білгені дұрыс.

Кейде ата-аналар әртүрлі себептермен өткізілуге тиіс хирургиялық шараларды кейінге қалдыруын сұранады. Бұл кездегі хирургтің міндеті ата-анасына ауру туралы, оның денсаулыққа қауіптілігін айтыа, баланың өсіп-дамуына теріс әсер ететіндігін түсіндіру.

Хирург санитарлы – ағарту жұмыстарына белсене араласуы керек. Бала хирургі ата-аналармен әңгіме өткізеді, мектептерде, балалардың мәдениет үйлерінде дәріс ұйымдастыруы тиіс. Басылымдарды кең қолдану қажет.

“Іш қуысының жедел хирургиялық аурулары”, “Жас балалардың іріңді - қабыну аурулары”, “Жарақаттанудың алдын-алу”. “Жамбас-сан буынының шығуы” сияқты маңызды тақырыптарға қабырғалық ақпараттың шығарылғаны дұрыс. Емханада хирург басқа мамандардың кеңесу үшін жіберген науқастарды қабылдайды, ал хирургтің өзі диагнозы түсініксіз науқастарды қажет болса кеңесу үшін басқа мамандарға жолдайды. Осындай жолмен емханадағы хирургия бөлмесінің басқа бөлмелермен тұрақты байланысы орнайды.

Емхана хирургінің міндетіне барлық жаңадан туылған нәрестелерді өмірінің бірінші апталарында тексеріп даму ақауларын анықтау үшін профилактикалық қараудан өткізу жатады (жамбас-сан буынының шығуы, маймақтық, қисық мойын және т.б.). Уақытылы басталған емдеу нәтижесінде ақаулар оперативті тәсілдерді қолданбай-ақ консервативті жолмен емделеді. Бұл жаңадан туылған нәрестелерді профилактикалық қарауының қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды профилактикалық қарау кезінде сколиоз, шап жарығы, жұмыртқаның, ұрық бауының су шемені, крипторхизм, варикоцеле және тағы басқа аурулар анықталып, уақытылы емдеу өткізіледі.

Емхана хирургінің жұмысында маңызды орынды ауруханадан шыққан науқастарға емдік шараларды жалғастыру кіреді (байлап-таңу, буждеу, массаж, емдік жаттығулар, физиоемдер).

Емхана хирургі науқасты ұзақ уақыт бақылай алмайды. Зерттеп, диагноз қоюға уақыты шектелген және кейде диагностикалық қорытындыны қосымша лабораториялық тексерулерді өткізбей, рентген суретін қарамай қоюға тура келеді. Айтылған жағдайлар дәрігерден терең білімді, емханада жасалатын дағдыларды толық меңгеруді, ұйымдастырушылық қабілеттердін көрсетуін талап етеді. Емханада рентген бөлмесі, аналитикалық лаборатория, емдік дене шынықтыру бөлмелері бар болса хирургтың жұмысы жеңілдейді.

Жас хирург өзіне қатал қарауы қажет, әдебиеттерді оқып, өзінің тәжірибелік мәліметтерін сараптаудан өткізіп, ұжымның сын-ескертпелерін дұрыс, оң қабылдауы керек.

Әр медицина қызметкерінің өз міндеттерін нақты білген дұрыс. Санитарка бөлмені жинастырады, құрал-саймандарды жуады. Құрал-саймандары бар биксті алып келеді және жууға арналған ыдыстарды дайындайды. Науқасты қабылдау кезінде ол дәрігерге, медбикеге бинтті шешуіне, баланы ұстап тұруға көмектеседі,

Емханада медбике балаларды қабылдауды ұйымдастырады. Ол үшін медбике десмургияның және гипсті салудың негіздерін білуі керек. Асептика және антисептика ережелерінің сақталынуын қатаң қадағалайды.

Хирургиялық аурулары бар балаларды диспансерлік есепке алу

Хирургиялық аурулары бар науқастарды сауықтыру үшін, бала хирургінің емханадағы жұмыс міндеттерінің біріне диспансерлік есепке алу жатады. Диспансерлік есеп деп ауруды алғашқы сатыларында анықтап, белсенді емдеп, кешенді сауықтыру шараларын өткізетін емдеу мекемелерінің жүйелі жұмысын айтады. Дипансерлік бақылаудың негізгі мақсаттары: 1) Хирургиялық аурулары бар науқастарды анықтау. 2) Анықталған науқас балаларды есепке алу. 3) Диспансерлік есепке алынған науқастарды емдеу және мүшенің қызметін қалпына келтіру үшін сауықтыру шараларын өткізу. 4) Баланың денсаулығына әсер ететін әртүрлі зиянды факторларды анықтап, оны жою.

Диспансерлік есептегі науқастарды бақылау өткізу барысында негізгі алдын-алу, емдеу шаралары төмендегідей:



  1. Арнайы өткізілетін емханалық ем.

  2. Қажет болғанда науқасты ауруханаға жатқызу.

  3. Сауықтыру үшін науқастарды санаториилерге жіберу.

  4. Диеталық тағамдармен қамтамасыз ету.

  5. Балаларды спорттық жаттығулардан, сабақтардан босату.

  6. Ауыр науқастарды үйлерінде оқыту үшін анықтама қағаздарын толтыру.

Диспансерлік есепке алудың негізгі тәсілі, ол жылына 1 – 2 рет балаларды профилактикалық қараудан өткізу. Осы шараны өткізу барысында хирургиялық аурулар алғашқы сатыларында анықталып, оларға жеке емдеу жоспары құрылады. Жоспарлы түрде профилактикалық қарау барлық бала-бақшаларда, мектептерде жүргізілу қажет. Сол арқылы бала жасында кездесетін әртүрлі аурулар ерте анықталады.

Диспансерлік есепке алынып, бақылауды қажет ететін әрбір науқасқа медициналық кітапша толтырады. (қосымша №4). Оған қарағаннан кейінгі, зерттеу тәсілдерін өткізгеннен соң қойылған диагнозды, емдік шараларын, жоспарын, қайталап келу мерзімі жазыдады. Дәрігер 1 айда 1 рет медициналық кіташаларды қарап-шығып келуі қажет науқасты анықтайды. Бала көрсетілген мерзімде медициналық тексеруге келмеген жағдайда, оны емханаға педиатрдың көмегімен шақырады.

Диспансерлік есептегі науқастардың денсаулық жағдайының өзгергендігін және диспансерлік бақылаудың тиімділігін білу үшін әрбір науқасқа жылына 1 рет медициналық кітапшаға этапты эпикриз толтырылып, жазылады. Эпикриз арқылы науқастың жағдайы бағаланады, оның есептен шығару қажеттігі немесе мүгедектікке өткізу мәселесі шешіледі. Диспансерлік есеп арқылы науқастардың сауығуы көрсеткішін, емдеу шараларының тиімділігін, дұрыстығын және өткізілу ауқымдылығын білуге болады.

Емханада хирург диспансерлік есепке келесі аурулармен алады:



  1. Туа болатын даму ақаулары (жамбастың туа шығуы, жоғарғы еріннің, таңдайдың туа болмауы, т.б.).

  2. Жарықтар.

  3. Ортопедиялық аурулар (сколиоз, майтабан, маймақтық, қисық мойын).

  4. Жедел және созылмалы остеомиелиттер.

  5. Зәр шығару жүйесінің аурулары (варикоцеле, крипторхизм, жұмыртқаның су шемені).

  6. Қатерсіз ісіктер (гемангиоме, ганглион).

  7. Операциядан кейінгі науқастар (спленэктомия, торокатомия, эхинококэктомия т.б.).

Диагноздарды нақтылау үшін арнайы зерттеу тәсілдерін қолдануға болады (эндоскопиялық, ультрадыбыстық, рентгендік). Емханада хирург ауруларды неғұрлым ерте анықтаса емдеу шараларын ерте өткізеді. Нәтижесінде жақсы болады. Операция жасауға тиімді мерзімді бала хирургі білуі керек. Кейбір хирургиялық науқастар аурудың өршуін болдырмау үшін консервативті емді алуға ауруханаға қайталап жатып тұруды қажет етеді.

1. Тақырыбы: Балалар жарақаттанулары және оның алдын-алу

  1. Оқу сағатының саны 7 сағат 20 минут.

  2. Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):

Балалар организмі ересектерге қарағанда өзіндік анатмо-физиологиялық ерекшелігі бар. Балалардағы сүйек жүйесінің анатомиялық құрылысының ерекшелігі тек балалардағана кездесетін кейбір сынықтардың түрлерінің дамуына әкеледі. Босану кезіндегі алынған зақымдар, қолмен көрсетілген көмектер және баланы тірілту үшін көрсетілген көмектер тума жарақаттарға жатады. Ең жиі кездесетіні кефалогематома - 0,1% - 0,8%, бұғананың сынуы 0,05% -50% , иық сүйегінің сынуы – 0,01% -0,04%, сан сүйегінің сынуы – 0,01% -0,04% құрайды.

Бала травматизмі ең көп кездесетін уақыт 1 жастан 5 жасқа дейінгі аралық. Анатомо-физиологиялық ерекшелігіне байланысты ауыз қуысы өңеш күйіктері, термиялық күйіктер, сонымен қатар қимыл-тірек жүйесінде жарақаттың әсерінен болған өзгерістер көп кездеседі.




  1. Сабақтың мақсаты:


Интерн білуге тиіс:

- Іріңді қабыну аурулары кезіндегі балалар жасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін;

- этиологиясын;

- патогенезін;

- клиника және диагностикасын;

- консервативті және огперативті емнің принциптерін;

- профилактикасын.

Интерн істей алуға тиіс:

- Іріңді ауруы бар науқастарды тексеруді;

- жараны дренирлеу әдістерін;

- іріңді жараны емдеу кезінде асептикалық заттарды таңдай білуді;

- науқастарды консервативті және оперативті әдістермен емдей білуді.

5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

а) негізгі білім бойынша:

- іріңді қабыну ауруларының этиологиясын;

- жара процессінің фазаларын;

- клиникалық көрінісін;

- диагностика әдістерін;

- жараны дренирлеу әдістерін.



б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

- іріңді қабыну аурулары кезіндегі балалар организмінің анатомо-

физиологиялық ерекшеліктерінің маңызы;

- екіншілік тігістерді салу;

- макро және микроорганизмге патогенетикалық терапия;

- хирургиялық араласудың тактикасы мен жүргізу әдістері.


6. Ақпараттық – дидактикалық блок.

7. Сабақтың мазмұны

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R – суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.



8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Под руковод. Ю.Ф. Исакова, «Хирургические заболевания детского возрастаң

2004 г. 2-х том Геотор-Мед

2. К.У. Ашкраф, Г.М. Ханрен. «Детская хирургияң . 1 том, 1996г.

3. Г.А. Баиров. «Неотложная хирургияң Л., 1993г.


  1. Р.К. Каримов. “ЧМТ”. 1997.

  2. К.С. Ормантаев “Тяжелая черепно-мозговая травма”. 1982.

  3. Джалалидзе Ю.Ю. «Ожоги и их лечениең М. 1970 г.

  4. С.Я. Долецкий. «Послеожоговые деформации у детей и их хирургическое лечениең. К., 1971 г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Долецкий С.Я., Гаврюшев В.В., Акопян В.Г. «Хирургия новорожденныхң. Руководство для врачей. М., Медицина, 1976 г.

  2. В.В. Лебедев, В.П. Охотский, Н.Н. Каншин. “Неотложная помощь при сочетанных травматологических повреждениях”. М., 1980.

  3. Пыков М.И., Ваталин К.В.. «Детская ультразвуковая диагностикаң М., 2001г.

  4. Рокицкий М.Р. «Ошибки и опасности в хирургии детского возрастаң. Л., Медицина. 1993г.

  5. Л.Б. Берлин. «Морфология кожи после ожоги и свободной пересадкиң. М.-Л. 1966 г. Хирургия, 1969 г.

  6. Н.Н. Блохин. «Кожная пластинаң. Мед.1955 г.

  7. К.Д. Вилявин., О.В. Шушова. «Патогенез и лечение ожоговой болезниң. Мед. 1963

  8. Р.Л. Арьев. «Ожоги и отморожениең М., - Л. – 1971 г


Ақпаратты - дидактикалық блок

Тақырып: Балалар жарақаттанулары және оның алдын-алу.

Балалар организмі ересектерге қарағанда өзіндік анатмо-физиологиялық ерекшелігі бар. Балалардағы сүйек жүйесінің анатомиялық құрылысының ерекшелігі тек балалардағана кездесетін кейбір сынықтардың түрлерінің дамуына әкеледі. Босану кезіндегі алынған зақымдар, қолмен көрсетілген көмектер және баланы тірілту үшін көрсетілген көмектер тума жарақаттарға жатады. Ең жиі кездесетіні кефалогематома - 0,1% - 0,8%, бұғананың сынуы 0,05% -50% , иық сүйегінің сынуы – 0,01% -0,04%, сан сүйегінің сынуы – 0,01% -0,04% құрайды.

Бала травматизмі ең көп кездесетін уақыт 1 жастан 5 жасқа дейінгі аралық. Анатомо-физиологиялық ерекшелігіне байланысты ауыз қуысы өңеш күйіктері, термиялық күйіктер, сонымен қатар қимыл-тірек жүйесінде жарақаттың әсерінен болған өзгерістер көп кездеседі.

Кейбір жағдайларда әр жерде пайда болған сынық балалар жарақатануына алып келеді. Жиі кездесетіні шынтақ сүйегі басының шығуы, шыбық сүйегінің сынуы (Галеаци сынығы) мен шынтақ сүйегінің сынуы және шыбық сүйегі басының шығуы (Монтедж сынығы), білек сүйегінің сынықтары жиі кездеседі және барлық сынықтардың 1/3 бөлігін құрайды. 75% жағдайда білек сүйектерінің төменгі бөлігі, ал 20% ортаңғы бөлігінің сынығы кездеседі. Барлық сынулар ішінде Жамбас сүйегінің сынуы 4% құрайды және 8 жастан үлкен балаларда жиі кездеседі.

Жамбастың анатомиялық құрылысының ерекшелігіне қасаға және сегізкөз, мықын қосылысындағы байлам аппаратының әлсіздігі, үш жамбас сүйегін бөлетін шеміршек қатпарының көп болуы және балалар сүйегінің майысқақтығына байланысты жамбас шеңберінің созылмалылығы жатады.

Жамбас зақымдануын негізгі төрт түрге бөледі.



  1. Жамбас шеңбері бұзылуына қатыспайтын жамбас сүйегінің жиекті сынуы.

  2. Жамбас сүйегінің шеңбері бұзылуынсыз.

  3. Жамбас сүйегінің шеңберінің бұзылуымен.

  4. Жамбас шұқырының сынуы.

Жамбас шеңбері түзілуіне қатыспайтын жамбас сүйегінің жиекті сынуы. Апофизарлы сүйек өсіргіш ядролары мен шонданай сүйектің арасындағы тығыз бітісудің болмауына байланысты, ересек балалар мен жасөспірімдерге жиі кездеседі. Сынулар көбінесе дене шынықтыру жаттығулары кезінде бұлшық ет және сүйек жүйесі дамуы арасындағы айқын диспропорциясы кезінде болады.

Жарақат себебімен стационарға түскен балалардың 5%-де іш пен зәр жолдарының жарақаты кездеседі. Бұған транспорттық авария, құлағанда, ішке тікелей жарақат алу жиі себеп болады. Балалар арасында басқа жарақаттарға қарағанда іш жарақаты 14% кездеседі. Өлім көрсеткіші 2,4%.

Балалардағы 97% кезедесетін тұйық жарқатында ішті тексергенде оның кебуіне, экхимоз болуын, сырылған белгілерге, белбеу байланған іздеріне ерекше көңіл аударып қарау керек. Осы әрбір симптом – іштегі мүмкін болатын жарақат туралы айтады. Іш қабырғасы бұлшық еттері қатаюы және абдоминальді жарақаттың ең негізгі белгісі. Бұл белгілер кейде төменгі қабырға сүйектері сынуында, жамбас сүйек жарағатында, асқазан кеңеюінде де кездеседі. Бала мазасызданған жағдайында, жылап-айқайлағанда ішті тексеріп, визуальді қарау және пальпациялау қиынға түседі. Тұйық абдоминальды жарақатты тексеруге кеуде клеткасы мен жамбасқа стандартты рентген жасалынады және міндетті түрде зәр анализі (макро, микрогематурия) тексеріледі.

Іш жарақатында соңғы диагноз кұрсақ қуысындағы мүшелер қызметі мен құрылысын анық бағалап, анықтайтын контрасты компьютерлі томография көмегімен қойылады.

Құрсақ қабырғасының жарықтары балаларда ең жиі кездесетін хирургиялық патологиялардың бірі. Негізгі жарықтар туа пайда болады. Жаратылысы және анатомиялық орналасуына байланысты жарықтардың бірнеше түрін ажыратады.

Емхана хирургінің тәжірибесінде көп кездесетін түрлеріне тоқталайық.



Іштің ақ сызғының жарығы - апоневрозда болатын тума кемістіктің салдарынан. Балаларда ақ сызық салыстырмалы түрде кең, ал апоневроз шоғырларының арасында ақ сызықтан біршама латеральді саңылаулы кемістіктер орналасқан.

Кіндік жарығы кіндік сақинасы дамуының тежелуімен толық бітелмеуі және іш перде алды фасциясының толық жетілмеуі салдарының нәтижесі.

Жарықтың пайда болуында бейімдеуші анатомиялық өзгерістерімен қоса құрсақ іші қысымын жоғарлататын әсерлер (қатты жөтел, тенезммен бірге іш өту) және рахит, гипотрофия сияқты бұлшық ет тонусын әлсірететін жағдайлардың мәні үлкен. Кіндік жарығы қыздарда, әсіресе жетілмеген нәрестелерде жиі кездеседі.

Балалардағы ішектің тұйық жарақаты сирек кездеседі және диагностикалық қиындық тудырады. КТ – көмегін қажет етеді.

Құрсақ қуысындағы бос газ көзі мүше жарақатында ғана емес, бұл ауаның кеуде клеткасында торакальді жарақатта немесе перитонеальді дренаж жасағанан кейінгі “қалдық” себеп болатынын ескеру керек. Ішек жарақатында іште сұйықтың болуын және паренхиматозды мүшелер жарақаттанатынын айтқан жөн. Жарақат механизмнің зейінді анализі және оның ерекшеліктерін білу, баланы мұқият бақылау, іштің тұйық жарақаты кезінде ішек зақымдануының сенімді диагностикалық әдісі болып табылады. Іштің тұйық жарақаты бар балалардың жартысында қосарланған бас, кеуде, аяқ-қол зақымдануы бірге жүреді. Сондықтан баланың жағдайын анықтап, шұғыл реанимациялық шаралар жүргізгеннен кейін ғана КТ-мен тексеру жасалады.

Шап жарығы балаларда жиі кездеседі. Ұл балаларда шап жарығының пайда болуы құрсақ іші өмірінің 6 – 7 айында болатын аталық бездің құрсақ қабырғасының артқы жағы арқылы ұмаға түсу процесімен байланысты. Бала туылғанға дейін іш пердесінің қынаптық өсіндісі бітеледі, ал шамамен 25% жағдайда бітілмей қалады. Бала жылағанда, күшенгенде құрсақ қуысы мүшелері (ішек, шажырқай) сол қынаптық өсіндіге түсіп жарық пайда болады. Шап жарықтары балаларда әдетте қиғаш болады. Олар 60% жағдайда оң жақты, 25% жағдайда – сол жақты, 15% - екі жақты орналасады. Қызбалаларда шап жарығы ұлдармен салыстырғанда 9 – 10 есе сирек.

Сынықтардың бұл түрлерінің клиникалық көрінісі сәйкес жерлерде орналасқан сынықтар мен шығулардың белгілерінен тұрады.

Білек сүйектерінің сынықтары жиі жарақаттың тікелей емес әсерінен, қолды созып құлағаннан болады. Ерте жастағы балаларда “жасыл шыбық” тәрізді білектің сыртқы беті ашық бұрыш жасайтын сынықтар кездеседі. Сүйек қабығы асты сынықтар білек сүйектің төменгі бөлігінде жиі ұшырасады, аздап бұрыштық ығысумен болады. Ересек балаларда білек сүйектерінің сынығы сүйектің толық үзілуімен және ығысумен өтеді. Білектің төменгі бөлігіндегі сынықтар істік тәрізді деформациямен білінеді.

Шыбық сүйегі басының орнынан таюы ерте балалар жасында өте жиі кездесетін, шынтақ буыны аймағындағы зақымдану болып саналады. Негізінен 1 ден 3 жасқа дейін кездесетін өте сирек, емізулі және байлам аппараттары қатайған 5 жастан асқан балаларда ұшырасады. Зақымдану қолды тез жұлқып, ұзына бойы жоғары тартудан болады. Шыбық сүйегінің басы аздап сақина тәрізді байламнан тайып, шығып, қысылған сияқты білінеді.

3 жасқа дейінгі балаларда байламалар мен сүйек бұлшық ет жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері бар. Оларға иықтың сыртқы айдаршығының өте кеш дамуы, бұлшық еттің әлсіздігі, буын қабының жұқалығы және иық пен шыбық басының буын қабының кең болуы мен буын қуысына енетін қатпар түзуі жатады. Аталған анатомиялық ерекшеліктер шыбық сүйегі басының орнынан таюына әкелетіні күмәнсіз.

Клиникалық көрінісі: баланың қолы дене бойымен түсіріліп, шынтақ буынында аздап бүгілген болады. Білек пронация жағдайында, шынтақ буыны аймағында контурының өзгерістері анықталмайды. Шынтақ буынында активті қозғалыс болмайды. Кез келген пассивті қозғалыс (әсіресе білек супинациясы) қатты ауырсыну тудырады. Шыбық басы аймағын сипағанда аздап ауырсыну болады. Иық буынында активті қозғалыстар болмайды, бірақ бала көңілін аулағанда пассивті қозғалыстар ауырсынусыз өтеді. Қол басының қозғалысы шектеледі. Рентген суретінде патологиялық өзгерістер болмайды, бірақ Г.А. Баиров айдаршық үсті мен шыбық сүйегі басының арасындағы ара қашықтықтың ұлғаятынын айтады. Кейде шыбық сүйегі басының орнынан таюын басқа зақымданулармен шатастырады. Қолдың мәжбүрлі қалпы бұғананың, тоқпан жіліктің, білек сүйектердің сынықтарына тән. Шешінген баланы қарап бұғананы пальпация жасау диагнозды нақтылайды. Тоқпан жілік мойнының сынығы кезінде буынның ісінуі қатты ауырсыну және анамнезінде соғылу немесе құлау болады. Білек сүйегінің сынықтары кезінде ісіну мен деформацияның болмауы мүмкін, бірақ анамнезінде жарақаттың болуы және сынық орнына пальпация жасағандағы қатты ауырсыну сезімі диагнозды дұрыс қоюға көмектеседі.



Емі: Алғашқы тәуліктерде шыбық басының орнынан таюын дұрыстау әдетте оңай. Бір қолмен иықты шынтақ буыны аймағында бекітіп, үлкен саусақты шыбық сүйегінің басына тірейді, екінші қолмен абайлап білекті шынтақ буынында тік бұрышпен бүгіп, үлкен саусақпен шыбық сүйегінің басын супинация жағдайында қысады. Барлық қозғалысты бірқалыпты үзіліссіз және аздап күшпен жасайды. Дұрыстау мезетінде супинацияға өткенде сырт еткен дыбыс естіледі. Бала қатты айқайлап, соңынан тез тынышталады және бірнеше минуттан соң активті буын қозғалыстары еркін болады. Кейбір жағдайларда дұрыстау бір рет жасаудан қалпына келмейді. Айтылған дұрыстау әдісін 2-3 рет қайталауға тура келеді.

Орнына келтіре алмау дұрыс емес немесе дәл өткізілмеген дұрыстау әдістеріне байланысты. Дұрыстағаннан соң иммобилизацияның қажеті жоқ. Шыбық сүйегі басының орнынан таюының қайталануын болдырмау үшін дәрігер ата-аналарға жарақат механизмін түсіндіруі қажет. Рецедив болса, 2 аптаға дейін гипсті лангетамен иммобилизация жасау көрсетілген.

Әрбір ата-ана, дәрігер, кеселдің белгілерін біліп, оны неғұрлым ертерек анықтап, емді ерте бастаса нәтижесі соғұрлым жақсы болады. Сондықтан осы аурудың себептерін, белгілерін және емдеу шараларын дәрігерлердің білгені жөн.


  1. Тақырыбы: Жұмсақ ұлпалардың зақымданулары.

  2. Оқу сағатының саны 7 сағат 20 минут.

  3. Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):

Балаларда 5-7 жас аралығында ісіктер жиі кездеседі. Жалпы ісікпен науқкас балалардың 71,7% қатерсіз ісік болса, оның ішінде жартысына жуығы қой-тамыр ісіктерінің үлесіне тиеді.

Ісіктің сипаты, орналасқан орны мен өлшеміне байланысты емі стационарда жүргізіледі. Сол себепті хирург келесі ережелерді ұстануы тиіс:



    1. Амбулаторлы жағдайда тек өлшемі кішкентай қатерсіз ісіктерді емдейді. Егер хирург күмән туындап жатса, не болмаса диагнозына толық күмән тудырса науқасты арнайы маманға жібереді немесе стационарға жатқызады.

    2. Егер қандай да бір себеппен операция жасалмаса, науқасты динамикада ай сайын бақылауы тиіс. Қан-тамыр ісіктері өсуге бейімделсе, емді созу үлкен қателік болып табылады.

    3. Амбулаторлы жағдайда, жергілікті анестезия арқылы ісікті алып тастау операциясы жүргізіледі. Операция уақытының ұзақтығы 20-30 минуттан аспауы тиіс.

    4. Ісікті сау улпалар деңгейінде алып тастайды.

    5. Бөліп алынған ісікті патогистологиялық зерттеуге жібереді.




  1. Сабақтың мақсаты:

Балаларда кездесетін ісіктердің клиникасын, диагностикасын, емдеу әдістерін меңгеру. Дәрігер - интерндерді балаларда кездесетін ісіктерді табуға үйрету.
Интерн білуге тиіс:

- балалардағы тері асты май қатартырынң анатомо-физиологиялық

ерекшеліктерін;

- ісіктердің клиника және диагностикасын;

- этиологиясын, патогенезін;

- консервативті және огперативті емнің принциптерін;

- профилактикасын.

Интерн істей алуға тиіс:

- Іріңді ауруы бар науқастарды тексеруді;

- жараны дренирлеу әдістерін;

- іріңді жараны емдеу кезінде асептикалық заттарды таңдай білуді;

- науқастарды консервативті және оперативті әдістермен емдей білуді.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

а) негізгі білім бойынша:

- іріңді қабыну ауруларының этиологиясын;

- жара процессінің фазаларын;

- клиникалық көрінісін;

- диагностика әдістерін;

- жараны дренирлеу әдістерін.



б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

- іріңді қабыну аурулары кезіндегі балалар организмінің анатомо-

физиологиялық ерекшеліктерінің маңызы;

- жұмсақ ұлпалардың қатерсіз ісіктерінің этиологиясы, патогенезі;

- гемангиома, лимфангиома, гигрома, атерома, липомалардың

диагностикасы;

- макро және микроорганизмге патогенетикалық терапия;

- емдеу принциптері;

- қан тамырларының ісікті аурулары кезіндегі хирургиялық араласудың

тактикасы мен жүргізу әдістері.


6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R – суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.


8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Под руковод. Ю.Ф. Исакова, «Хирургические заболевания детского возрастаң 2004 г. 2-х том Геотор-Мед

  2. А.И. Ленюшкин. «Поликлиническая хирургия у детейң.,Л.,Медицина. 1986-335стр.

4 Г.А. Баиров, П.М. Рошаль «Гнойная хирургия у детейң. Л., Медицина,

1991г.


5. Г.А. Баиров «Неотложная хирургия детейң. Л., Медицина, 1983 г.

Қосымша әдебиеттер.

  1. Исаков Ю.Ф.,Степанов Э.А.,Г.В. Красовская Г.В. «Абдоминальная хирургия у детейң - М.: Медицина, 1988,- 415стр.

  2. К.У. Ашкраф, Г.М. Хандрен. «Детская хирургияң 1 том 1996г.

  3. Г.А. Баиров. «Неотложная хирургияң. Л., Медицина, 1993г.

  4. Пыков М.И., Ваталин К.В.. «Детская ультразвуковая диагностикаң М., 2001г.


1. Тақырыбы: Тері мен жұмсақ ұлпалардың қатерсіз ісіктері.

2. Оқу сағатының саңы: 7сағ.20мин.

3. Тақырыптық маңыздылығы:

Балаларда 5-7 жас аралығында ісіктер жиі кездеседі. Жалпы ісікпен науқкас балалардың 71,7% қатерсіз ісік болса, оның ішінде жартысына жуығы қой-тамыр ісіктерінің үлесіне тиеді.

Ісіктің сипаты, орналасқан орны мен өлшеміне байланысты емі стационарда жүргізіледі. Сол себепті хирург келесі ережелерді ұстануы тиіс:


    1. Амбулаторлы жағдайда тек өлшемі кішкентай қатерсіз ісіктерді емдейді. Егер хирург күмән туындап жатса, не болмаса диагнозына толық күмән тудырса науқасты арнайы маманға жібереді немесе стационарға жатқызады.

    2. Егер қандай да бір себеппен операция жасалмаса, науқасты динамикада ай сайын бақылауы тиіс. Қан-тамыр ісіктері өсуге бейімделсе, емді созу үлкен қателік болып табылады.

    3. Амбулаторлы жағдайда, жергілікті анестезия арқылы ісікті алып тастау операциясы жүргізіледі. Операция уақытының ұзақтығы 20-30 минуттан аспауы тиіс.

    4. Ісікті сау улпалар деңгейінде алып тастайды.

    5. Бөліп алынған ісікті патогистологиялық зерттеуге жібереді.

4. Дидактикалық оқу мақсаты:

Балаларда кездесетін ісіктердің клиникасын, диагностикасын, емдеу әдістерін меңгеру.Дәрігер - интерндерді балаларда кездесетін ісіктерді табуға үйрету.


Интерн білуге тиіс:

- балалардағы етріс асты май қабарттарының анатомо-физиологиялық

ерекшеліктерін;

- ісіктердің клиникасын, диагностикасын;

- этиологиясын, патогенезін;

- консервативті және огперативті емнің принциптерін;

- профилактикасын.

Интерн істей алуға тиіс:

- іріңді ауруы бар науқастарды тексеруді;

- жараны дренирлеу әдістерін;

- іріңді жараны емдеу кезінде асептикалық заттарды таңдай білуді;

- науқастарды консервативті және оперативті әдістермен емдей білуді.

Сабаққа дайындалу сұрақтары:

а) негізгі білім бойынша:

- іріңді қабыну ауруларының этиологиясын;

- жара процессінің фазаларын;

- клиникалық көрінісін;

- диагностика әдістерін;

- жараны дренирлеу әдістерін.



б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

- іріңді қабыну аурулары кезіндегі балалар организмінің анатомо-

физиологиялық ерекшеліктерінің маңызы;

- жұмсақ ұлпалардың қатерсіз ісктерініңдің этиологиясы, патоггенезі;

- гемангиома, лимфангиома, гигрома, атерома, липомалардың

диагностикасы;

- емдеу принциптері;

- қан атмырларының ісікті аурулар кезіндеші дәрігепдің тактикасы;

- нәтижелері мен диспансеризациясы.
6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R – суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.


8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Под руковод. Ю.Ф. Исакова, «Хирургические заболевания детского возрастаң 2004 г. 2-х том Геотор-Мед

  2. А.И. Ленюшкин. «Поликлиническая хирургия у детейң.,Л.,Медицина. 1986-335стр.

4 Г.А. Баиров, П.М. Рошаль «Гнойная хирургия у детейң. Л., Медицина, 1991г.

6. Г.А. Баиров «Неотложная хирургия детейң. Л., Медицина, 1983-408 стр.



Қосымша әдебиеттер.

  1. Исаков Ю.Ф.,Степанов Э.А.,Г.В. Красовская Г.В. «Абдоминальная хирургия у детейң - М.: Медицина, 1988,- 415стр.

  2. С.Я. Долецкий, Ю.Ф. Исаков,ңРуководство по детской хирургииң, В 2-х томах М., 1970г. . К.У. Ашкраф, Г.М. Хандрен. «Детская хирургияң 1 том 1996г.

  3. Г.А. Баиров. «Неотложная хирургияң. Л., Медицина, 1993г.

  4. Пыков М.И., Ваталин К.В. «Детская ультразвуковая диагностикаң М., 2001г.




  1. Тақырыбы: Амбулаторлы жағдайларда қимыл-қозғалыс аппаратының аурулары бар балаларды реабилитациялау принциптері.

  2. Оқу сағатының саны 7 сағат 20 минут.

  3. Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):

Балалардағы ТҚЖ-ң туа біткен ауруларының мәселелері толығымен шешелген жоқ. Осы аурулардың ішінде ең жиі кездесетін сан сүйегінің шығуы. Ол барлық ортопедиялық аурулардың ішінде 3% құрайды және туа біткен деформациялардың ішінде, алдыңғы орында тұр. Кеш диагностика ауыр жағдайға әкеледі. Бұның өзектілігінің мәні, қазіргі жағдайда сан сүйегінің туа біткен шығуын алдын-алу мүмкін емес. Сондықтан хирургиялық емдеу әдістері өте өзекті, операция әдістері алуан түрлі, бірақ хирургиялық емдеу сұрақтары толығымен шешілмеген. Қисық мойын, деформацияның жиі кездесетін түрі. Ол бастың тұрақты бұрыс орналасуымен сипаталады және көптеген себептермен байланысты болады: көп жағдайда мойынның жұмсақ тіндеріндегі өзгерістер, сирек жағдайда омыртқаның дамуының ақаулары немесе нерв жүйесінің зақымдалуы болады. Дер кезінде және тұрақты түрде емдеу балаларды толық жазылуға әкеледі.

Туа біткен шот аяқтықта ТҚЖ-ң даму ақауларының ішінде жиі кездеседі. Барлық туа біткен деформациялардың 35% құрайды. Осы ауруларды емдеу және алдын-алу сұрақтары осы кезге дейін өзектілігін жойған жоқ.

Остеохондропатия көбінесе балаларда және жасөспірімдерде кездеседі. Аурудың ағымы әдетте жағымды. Бірақ та осы жағымды ағымда тұрақты деформациялар және қызметінің бұзылысы болуы мүмкін. Осыған байланысты остеохондропатияның ерте диагностикасы және емдеу жөніндегі сұрақ маңызды.

Маймақтық-табанның тұрақты әкелуші-бүгуші супинациялық деформациясы. Туа біткен және жүре пайда болған түрлері кездеседі.




  1. Сабақтың мақсаты:

ТҚЖ-ң даму ақауларының ағымының, диагностикасының және ажырату диагностикасының, емдеу принциптерінің ерекшеліктерін оқып үйрету. Сонымен қатар осы аурулардың реабилитация шартарын үйрету.

Остеохондропатиясы бар балаларға реабилитация шарттарын үйрету.


Интерн білуге тиіс:

- остеохондропатияның этиологиясын, патогенезін;

- остеохондропатияның түрдері (Пертес, Осгуд-Шлаттер, Келлер-І,

Келлер-ІІ, Кальве, Шейерман-Мау аурулары);

- остеохондропатияның клиникасын және диагностикасын,

консервативті және оперативті емдеу әдістерін;

- остеохондропатиясы бар науқастарға реабилитация жүргізуді;

- маймақты диагностикалау әдістерін;

- қисық мойынның этиопатогенезін, клиникасын;

- диспансерлеуді;

- туа біткен жамбас шығуының этиопатогензін, клиникасын,

диагностикасын.



Интерн істей алуға тиіс:

- остеохондропатиясы бар науқастарға тексеру жүргізуді;

- клиника және рентгенологиялық тексеру нәтижелеріне қарап диагноз

қоюды;


- емдеу жоспарын түзуді;

- оперативті емдеуге көрсетуштерді көрсетуді;

- остеохондропатиясы бар науқасты анықтауды;

- шот аяқ, туа біткен жамбас шығуындағы операциядан кейінгі

реабилитация шарттары;

- қисық мойындағы операциядан кейінгі реабилитация шарттары.


5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

а) негізгі білім бойынша:

- жамбас – сан буынының және табанның анатомо-физиологиялық

ерекшеліктері;

- жамбас – сан буынының және табанның биомеханикасы.

- жамбас – сан буынын және табан рентгенологиялық тексеру;

- ТҚЖ-ң жасқа байланысты өзгерістері.



б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

- туа біткен сан сүйегінің шығуының жіктелуі;

- туа біткен сан сүйегінің шығуының негізгі консервативті емі және

реабилитация шарттары;

- шотаяқтың және қисық моиынның клиникасы, емі, реабилитация

шарттары;

- остеохондропатиясы бар науқастарға реабилитация жүргізу.
6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R-суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.



8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Под руковод. Ю.Ф. Исакова, «Хирургические заболевания детского возраста» 2004 г. 2-х том Геотор-Мед

  2. А.И. Ленюшкин. «Поликлиническая хирургия у детей».,Л.,Медицина. 1986-335стр.

  3. Г.А. Баиров, П.М. Рошаль «Гнойная хирургия у детейң. Л., Медицина, 1991г.

  4. Г.А. Баиров «Неотложная хирургия детей». Л., Медицина, 1983 г.

  5. К.У. Ашкраф, Г.М. Ханрен. «Детская хирургия» . 1 том, 1996г.

Қосымша әдебиеттер:

6. М.В. Волков, В.Д. Дедова. “Детская ортопедия”. 1972 г/

7. А.У. Сегизбаев. “Оперативное лечение врожденного вывиха

бедра”. Алма-Ата. 1980 г.

8. Т.С. Зацепин. “Врожденная косолапость и ее лечение в детском

возрасте”. 1974 г.

9. И.И. Мирзаев, М.Н. Гончарова, Е.С. Тихоненков. ”Оперативное

лечение врожденного вывиха бедра у детей”. Л., Медицина. 1976 г


АҚПАРАТТЫ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

жүктеу 4,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау