8. Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Под руковод. Ю.Ф. Исакова, «Хирургические заболевания детского
возраста» 2004 г. 2-х том Геотор-Мед
2. К.У. Ашкраф, Г.М. Ханрен. «Детская хирургия» . 1 том, 1996г.
3. Г.А. Баиров. «Неотложная хирургия» Л., 1993г.
Қосымша әдебиеттер:
Пыков М.И., Ваталин К.В.. «Детская ультразвуковая диагностика» М., 2001г.
10. С.Я. Долецкий, В.Г. Акопян, В.В. Гаврюшев. «Хирургия новорожденных» - М., Медицина, 1979г.
Г.А. Баиров. «Хирургия пороков развития у детей» М., 1998 г.
Тақырыбы: Медиастениттерді диагностикалау және емдеудің
заманауи принциптері.
Оқу сағатының саны 7 сағат 20 минут.
Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):
Кеуде қуысы ағзаларының хирургиялық ауруларының асқынуында медиастениттің клиникалық көрінісін байқаймыз. Әсіресе өңеш жарасында перфорация болған кезде ауыз қуысы және өңеш сөлі кеуде қуысына өтеді. Медиастенит 100 пайызда өлімге алып келеді. Медиастенит кезіндегі интоксикацияның ауыр болуы, кеуде қуысында басты лимфа тамырының орналасуына байланысты.
Сабақтың мақсаты:
Интерндерге медиастенитті диагностикалаудың және емдеудің негізгі әдістерін үйрету.
Интерн білуге тиіс:
- медиастениттің этиопатогенезін;
- медиастениттің жіктелуін;
- медиастениттің клиникалық белгілерін және диагностикасын;
- медиастенитті консервативті және огперативті емдеудің
принциптерін;
- кеуде қуысының топографиялық анатомиясын.
Интерн істей алуға тиіс:
- медиастениті бар науқастарды тексеруді;
- ажыратпалы диагностика жүргізуді;
- іріңдікті ашуды;
- клиникалық белігілері негізінде диагноз қоюды;
- медиастенитті емдеу жоспар құрып емдеуді.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:
а) негізгі білім бойынша:
- бала кеуде қуысының анатомиясы;
- макро- және микро организмге әсер ету;
- антибиотикотерапия;
- медиастениттің интенсивті емі;
- кеуде қуысы ағзаларына кіруге болатын қолайлы операциялық
тәсіл.
б) осы сабақ тақырыбы бойынша:
- іріңді қабыну аурулары кезіндегі балалар организмінің анатомо-
физиологиялық ерекшеліктерінің маңызы;
- медиастениттің этиологиясы, патогенезі;
- консервативті және оперативті емдеудің принциптері;
- диагностикалау әдістері.
6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны
- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..
- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R – суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..
- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.
8. Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Под руковод. Ю.Ф. Исакова, «Хирургические заболевания детского
возраста» 2004 г. 2-х том Геотор-Мед
2. К.У. Ашкраф, Г.М. Ханрен. «Детская хирургия» . 1 том, 1996г.
3. Г.А. Баиров. «Неотложная хирургия» Л., 1993г.
Қосымша әдебиеттер:
Пыков М.И., Ваталин К.В.. «Детская ультразвуковая диагностика» М., 2001г.
10. С.Я. Долецкий, В.Г. Акопян, В.В. Гаврюшев. «Хирургия новорожденных» - М., Медицина, 1979г.
Г.А. Баиров. «Хирургия пороков развития у детей» М., 1998 г.
Тақырыбы: Туа пайда болған пилоростенозды заманауи зерттеу
және емдеу әдістері.
2. Оқу сағатының саны: 7 сағат 20 мин.
3. Тақырыптың өзектілігі (оқу дәлелдемесі):
Пилоростеноз - асқазанның пилорикалық бөлімі ет қабатының даму ақауы. Ет қабатының қалыңдауы пилорикалық бөлімнің өткізушілігіне алып келеді. Бұл ауырудың пайда болу себебіне эмбриогенез кезіндегі асқазан-ішек трактасының дамуының бұзылысы жатады. Науқасқа уақытылы хирургиялық ем қолданғанда ешқандай асқынусыз науқастың жағдайы қалыпқа келеді. Егер операция жасалмаса бала өледі.
4. Сабақтың мақсаты.
Интерндерге пилоростенозды заманауи әдістерімен диагностика жасауды және емдеуді үйрету.
Дәрігер интерн білуге тиіс:
- пилоростеноздың этиопатогенезін;
- пилоростеноздың клиникалық белгілерін және диагностикасын;
- пилоростенозды оперативті емдеудің және консервативті емдеудің
принциптерін;
- пилоростеноздың асқынулары.
Дәрігер интерн жасай алуға тиіс:
- пилоростенозы бар науқастарды тексеруді;
- ажыратпалы диагностика жүргізуді;
- рентгенологиялық тексеру әдісін жүргізуді;
- клиникалық белгілеріне және зерттеу әдістеріне қарап диагноз қоюды;
- операцияға дайындықтың жоспарын құруды.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:
а) негізгі білімі бойынша:
- асқазан ішек жүйесінің эмбриогенезі;
- асқазан іщек даму ақауларының жіктелуі;
- пилороспазмның этиологиясы, патогенезі;
- туылу кезіндегі жарақаттардың этиологиясы, паатогенезі.
б) осы сабақ тақырыбы бойынша:
- пилоростеноздың этиологиясы, патогенезі;
- пилоростеноздың замануи зерттеу әдістері;
- УДЗ, эндоскопия нәтижелері;
- пилоростеноздың клиникалық белгілері мен диагностикасы;
- пилоростенозды операциялық және консервативті емдеудің прициптері;
- операциядан кейінгі асқынулар.
6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны
- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..
- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R – суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..
- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.
8. Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Под ред. Ю. Ф. Исакова «Хирургические болезни детского возраста». Геотар-Мед, М в 2-х томах, 2006.
Подкаменев В.В. «Хирургические болезни детского возраста М. Медицина 2005 г.
Под ред Тихомировой В.Д Детская оперативная хирургия.. И. Инф-изд агентство Лик «2001 г.
Донецкий С.Я «Общие проблемы детской хирургии» монография 1984 г.
Қосымша әдебиеттер:
5. О.С.Мишарев, Л.Е.Котович. Справочник по детской хирургии. Минск. 1980г.
6. В.И.Стручков, В.К. Гостищев, Ю.В. Стручков. Руководство по гнойной хирургии. М., Медицина.1984г.
Ақпаратты – дидактикалық блок
Тақырыбы: Туа пайда болған пилоростенозды заманауи зерттеу
және емдеу әдістері.
Пилоростеноз балаларда жиі кездесетін туа біткен ауру. Ол асқазанның пилорикалық бөлігінің бұлшық ет қабатының гипертрофиясы және оның талшықтарының гиперплазмасымен өтеді. Осының салдарынан пилорикалық бөлімнің қуысы тарылып, асқазан тамақ эвакуациясы бұзылады.
Ет қабатының қалыңдауы пилорикалық бөлімнің өткізушілігіне алып келеді. Бұл ауырудың пайда болу себебіне эмбриогенез кезіндегі асқазан-ішек трактасының дамуының бұзылысы жатады. Науқасқа уақытылы хирургиялық ем қолданғанда ешқандай асқынусыз науқастың жағдайы қалыпқа келеді. Егер операция жасалмаса бала өледі.
Механикалық кедергімен қатар асқазанның пилорикалық бөлімінде бұлшық еттердің спазмымен көрінетін функциональді бұзылыстар да болады.
Клиникалық көрінісі тарылу дәрежесіне және спазмның айқындалуына байланысты. Ауру көріністері әртүрлі мерзімде, негізінен жиі өмірінің 2-ші аптасының аяғында 3 аптаның басында білінеді.
Алғашқы және негізгі белгі құсу болып есептеледі. Алғашқыда ол әр тамақтанудан кейінгі лоқсу түрінде, бірақ кейін жиілейді және көп мөлшерде бола бастайды. Құсық массалары қатты ағыс түрінде шығады (фонтан тәрізді). Құсық массасының мөлшері соңғы емізген сүт мөлшерінен көп болады, яғни ол тамақтың асқазанда тұрып қалатындығының белгісі. Құсық массаларының құрамында ірімшік тәрізді сүт болады, өт араласпайды. Егер ауру ұзақ уақытқа созылса, құсық күйген майдың, шіріген жұмыртқаның иісін береді.
Қабылдаған тамақты құсу арқылы бала әрдайым салмағын жоғалтады. Құсқаннан кейін, бірнеше уақыт өткеннен соң іш қату байқалады (“аш іш қату” деп аталады). Зәр бөлу мен несіптің мөлшері азаяды. Жиі 1 - 2 айлық баланың салмағы, туылған кезбен салыстырғанда аз болады. Тұрақты аштықты сезініп науқас қызғанышпен тез-тез емеді. Бірақ жүдегендік бірте-бірте үдеп, маңдай терісі қатпарланып, бала өз жасынан үлкен көрінеді және оның түрі қатаң сипат алады.
Қарағанда гипотрофия және сусыздану белгілері анықталады: әлсіз дамыған тері асты май қабаты, тін тургорының төмендеуі, еңбегі кіріңкі. Дене қызуы қалыпты. Эпигастральді аймақта құрсақ қабырғасының “құм сағат” тәрізденіп томпаюын, асқазанның перистальтикасын және оның сұйықтық ішкенде (сүт, глюкоза) күшейетіндігін байқауға болады. Бұл пилоростеноздың тұрақты және маңызды белгісі. Гипертрофияланған 12-елі ішекті сезіп көру де маңызды, бірақ өкінішке орай сирек анықталатын белгі. Оның проекциясы іштің тік бұлшық етінің сыртқы жиегімен, қабырға доғасынан 1,5 – 2 см төмен жерге сай келеді.
Пилоростенозды танып-білу қиын емес, егер үш негізгі белгі болса: фонтан тәрізді құсу, асқазан перистальтикасының күшеюі және сипап көргенде тығызданған пилорикалық бөлімнің анықталуы. Диагнозды нақтылау үшін контрасты затты (1 ас қасық барий) 75-100 мл ана сүтіне араластырып, ауыз арқылы беріп рентгенологиялық зерттеу өткізу қажет.
Пилоростеноздың рентгенологиялық белгісіне контрасты заттың асқазанда 3 сағаттан артық тұрып қалуы жатады. Кейбір жағдайда барийдің қалдықтары асқазанда 20-24 сағатқа дейін қалып қояды. Рентгенологиялық әдіс әрдайым пилоростеноз диагнозын нақтылауы мүмкін, бірақ мүлдем жоққа шығармайды.
Ажыратпалы диагноз. Диагностикалық қиындықтар пилоростеноздың жеңіл дәрежесінде, әсіресе бастапқы кезеңде болуы мүмкін. Бұл қиындықтар пилоростеноз бен функционалді ауру – пилороспазмның клиникалық көріністерінің ұқсастығына байланысты. Осы ауруларды ажырату кезінде нейроплегиялық заттарды (аминазин, атропин пипольфен, супрастин) қолданудың маңызы жоғары. Нейроплегиялық дәрілерді баланың 1 кг дене салмағына немесе жасына қатынаста тағайындайды. Тәуліктік мөлшерін 3 қабылдауға бөледі. Курстың ұзақтығы 9 – 10 күн. Препаратты бұлшық ет ішіне енгізу тиімді. Сонымен қоса мезгілмен тамақтандыруды тағайындайды. Нейроплегиялық препараттарды қолданғанда пилоростеноз бен пилороспазмның арасындағы ұқсастықтар әртүрлі өзгереді, нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Пилороспазмы бар науқастарда белгілер жойылады. Төменгі кестеде нейроплегиялық дәрілерді қолданғаннан кейінгі пилоростеноз бен пилороспазм белгілерінің өзгеруі көрсетілген.
Пилоростеноз
|
Пилороспазм
|
Құсу тұрақты. Нейроплегиялық препараттарды қолданғанда жойылмайды.
|
Құсу тұрақты емес нейроплегиялық препараттарды қолданғанда жойылады. Құсу аз мөлшерде, лоқсу болады.
|
Асқазанның көрінетін перисталтикасы
|
Жиі, “құм сағат” пішінде көрінеді. Нейроплегиялық дәрілермен емдегеннен кейін жойылмайды.
|
Өте сирек кездеседі. Нейроплегиялық дәрілермен емдегеннен кейін жойылады.
|
Пальпацияда
|
Асқазанның пилорикалық бөлімі сезіледі.
|
Пилорикалық бөлім ешқашан сезілмейді.
|
Дене салмағы
|
Тұрақты немесе азаяды.
|
Қосады, көбінесе жылдам.
|
Емі: Диагноз қойылғанан соң жасына байланыссыз жедел түрде хирургиялық тәсіл көрсетілген. Пилоростенозды консервативті емдеу дұрыс емес, себебі бала жүдеп, оперативті араласудың нәтижелеріне кері әсер етеді. Емхана хирургінің міндеті науқасты уақытылы ауруханаға жатқызу.
1.Тақырыбы: Нәрестелер перитонитін заманауи зерттеу және емдеу әдістері.
2. Оқу сағатының саны: 7 сағат 20 мин.
3. Тақырыптың өзектілігі (оқу дәлелдемесі):
Іш пердесінің қабынуы –«перитонит» балаларда өте көп кездеседі. Бұл патологияның ағымының ауырлығы жергілікті процесспен ғана емес, сонымен бірге ішкі ағзалардың терең бұзылысымен де сипатталады. Балалардағы перитониттің себептері әр түрлі.
Перитонит нәрестелерде көп жағдайларда өлімге алып келеді. Перитонит біріншілік және екіншілік болып екіге бөлінеді. Біріншілік перитониттің пайда болуы гематогенді және лимфогенді жолмен болады. Екіншілік перитонит құрсақ қуысындағы ағзалардың перфорациясы кезінде және туа біткен даму ақауларының кезінде кездеседі.
4. Сабақтың мақсаты.
Интерндерге нәрестелерде кездесетін перитонитті заманға сай диагностикалау әдістерін және емдеуін үйрету.
Дәрігер интерн білуге тиіс:
- нәресте ішпердесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері;
- нәресте перитонитінің клиникалық ерекшеліктері;
- перитонитті диагностикалау және ажыратпалы диагностика жүргізуді;
- операцияға көрсеткіштерді анықтауды;
- операцияға дайындаудың әдістерін;
- операциялық емнің әдістері мен тәсілдерін.
Дәрігер интерн істей алуға тиіс::
- нәрестелерді тексеруді,
- лабораториялық зерттеудегі интерпретация жасауды;
- нәрестелерге ажыратпалы диагностка жүргізуді;
- операцияға дайындауды;
- операциядан кейінгі кезеңдегі науқасты емдеуді.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:
а) Негізгі білім бойынша:
- нәресте ағзасының анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері;
- нәресте перитонитінің этиологиясы, патогенезі;
- нәресте перитонитінің клиникалық белігілерінің ерекшеліктері;
- нәресте перитонитін диагносткалау әдістері және ажыратпалы
диагностика жүргізуі;
б) осы сабақ тақырыбы бойынша:
- нәресте перитонитінің ағымына заманға сай көзқарас;
- операцияға көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер;
- операциялық жолмен емдеудің әдістері мен тәсілдері;
- нәресте перитонитінің асқынулары;
6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны
- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..
- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R – суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..
- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.
8. Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Под ред. Ю. Ф. Исакова «Хирургические болезни детского возраста». Геотар-Мед, М в 2-х томах, 2006.
Подкаменев В.В. «Хирургические болезни детского возраста М. Медицина 2005 г.
Под ред Тихомировой В.Д Детская оперативная хирургия.. И. Инф-изд агентство Лик «2001 г.
Донецкий С.Я «Общие проблемы детской хирургии» монография 1984 г.
Қосымша әдебиеттер:
О.С.Мишарев, Л.Е.Котович. Справочник по детской хирургии. Минск. 1980г.
В.И.Стручков, В.К. Гостищев, Ю.В. Стручков. Руководство по гнойной хирургии. М., Медицина.1984г.
Ю.Ф. Исаков, Ю.М. Лопухин. "Оперативная хирургия с топографической анатомией детского возраста". М., Медицина, 1989.
Тақырыбы: Ішек аралық диафрагма асты, Дугласов кеңістігі
абсцесстері. Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы.
Диагностикасы. Оперативті емнің техникасы, құрсақ
қуысы абсцесстерін дренирлеу әдістері.
Оқу сағатының саны 7 сағат 20 минут.
Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):
Балаларда ішекаралық абсцесстерді диагностикалау барысында аса қиындықтар туындайды, себебі олар жалпы жағдайының ауыр болуы мен перитонит кезінде дамиды. Дене қызуы көтеріліп, гектикалық сипатқа ие болады, интоксикация дамып, ішектің ауырсынуы мен ішектердің порезі пайда болады.
Балаларда көкетасты абсцесстерді жедел аппендицитке жасалған операциядан кейін сирек кездеседі және диагностикалауда едәуір қиындықтар туғызады. Өту ағымыда діріл, тершеңдік, гектикалық сипаттағы температурамен жүреді. Әдетте пункцияны алдыңғы немесе ортаңғы қолтық асты сызығы бойынша ІX-X қабырға аралықтан жүргізеді.
Дугласов кеңістігіндегі абсцесстер әдетте операциядан кейін 4-6-шы күні дамиды. Балалар әдетте нәжіс шығаруда, зәр шығаруда ауыру сезіміне, кейде іштегі ұстама тәрізді ауырсынуға шағымданады. Ректальды қарау барысында қатты, тік ішектің алдыңғы қабырғасында орналасқан инфильтратты анықтаймыз. Дугласов кеңістігінің абсцессі оперативті жолмен емделеді.
Сабақтың мақсаты:
Балаларда кездесетін ішекаралық, көкетасты және Дугласов кеңістігінің абсцесстерінің клиникасын, диагностикасын, оперативті емін интерндерге меңгерту.
Интерндерді балаларда кездесетін ішекаралық, көкетасты, Дугласов кеңістігінің абсцесстеріне зерттеу әдістерін жүргізуді үйрету. Лабораторлы, инструментальды зерттеу әдістерінің нәтижелеріне интерпретация жасап, дифференциальды диагностиканы жүргізе білуді үйрету.
Интерн білуге тиіс:
- ішекаралық, көкетасты, Дугласов кеңістігінің абсцесстерінің
этиопатогенезі;
клиникалық формалары;
негізгі лабораториялық зерттеу әдістері;
оперативтік емнің әдістері, оперативті емге көрсеткіштер№
Интерн істей алуға тиіс:
- ішекаралық, көкетасты, Дугласов кеңістігі абсцесстері бар
науқастарға зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- рентген зерттеу әдістерінің нәтижелеріне интерпретация жасау;
- ректальды тексеруді жүргізу;
- науқасты операцияға дайындау;
- операциядан шыққан науқасты емдеу.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:
а) негізгі білім бойынша:
- балалар қурсақ қуысы ағзаларының топографиялық анотомиясы;
- ішекаралық, көкетасты, Дугласов кеңістігі абсцесстерінің
этиологиясы, патогенезі;
- осы абсцесстердің клникалық көріністері;
- науқастарға диагностика және ажыратпалы диагностика жүргізу.
б) осы сабақ тақырыбы бойынша:
- оперативті емнің техникасы;
- құрсақ қуысы абсцестерінің дренирлеу әдістері.
6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны
- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..
- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R – суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..
- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.
8. Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Т.Ж. Сультанбаев, А.И. Ленюшкин. «Гнойная хирругическая инфекция у детейң М., Медицина 1984 г.
Под руковод. Ю.Ф. Исакова, «Хирургические заболевания детского
возрастаң 2004 г. 2-х том Геотор-Мед.
Исаков Ю.Ф.,Степанов Э.А.,Г.В. Красовская Г.В. «Абдоминальная хирургия у детейң - М.: Медицина, 1988
С.Л. Либов. «Ограниченные перитониты у детейң. Ленинград, 1983
Қосымша әдебиеттер:
5. С.В. Лохвицкий, А.И. Карабельников, Е.Б. Тажиев, В.Н. Волков. «Избранные вопросы лечения острого аппендицитаң Алматы 1996 г.
Т.П. Богданов, А.В. Макаренко. «Свищи желудочно-кишечного трактаң Москва, 1986 г.
Б.Д. Савчук. «Гнойный перитонитң М., Медицина 1976 г.
044-38/18 _______
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ
АКАДЕМИЯСЫ
Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі
«Педиатрия және балалар хирургиясың кафедрасы
Интерндерге арналған тәжірибелік сабақтың әдістемелік өңдеу құрылымы
Тақырып: Паранефриттер, құрсақтан тыс флегмоналар.
Этиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы, емдеуі.
Консервативті және оперативті емге көрсеткіштер.
Асқынулар.
Курс: VІІ
Құрастырғандар:
м.ғ.д., профессор Қарабеков А.Қ
ассистент Кадирова Б.Е
2011 ж
1. Тақырыбы: Паранефриттер, құрсақтан тыс флегмоналар.
Этиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы, емдеуі.
Консервативті және оперативті емге көрсеткіштер.
Асқынулар.
Оқу сағатының саны 7 сағат 20 минут.
Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):
Паранефриттер, құрсақтан тыс кеңістік флегмонасы өте күрделі іріңді ауру болып табылады. Бұл бактериялық инфекция бүйректің қызметін бұзып көптеген асқынуларға алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |