Жұмыс бағдарламасы 051103 «Фармация» мамандығы үшін



жүктеу 1,33 Mb.
бет4/9
Дата11.12.2017
өлшемі1,33 Mb.
#3970
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

t – ағымдағы бақылау = тәжірибелік сабақтың орташа бағасы (тәжірибе, семинар) + ОБСӨЖ орташа бағасы + СӨЖ орташа бағасы

r – қорытынды бақылау

Жіберілу рейтингі: студенттің қорытынды бағасы 60 % -дан кем болмау керек, сондықтан оқыту пәні бойынша семестрлік бағаны мына формула бойынша есептейді:

Семестрлік бағасы 30% дан көп немесе тең болса ғана экзаменге жіберілді.

Қорытынды бақылау бағасы болмаған жағдайда, жіберілу рейтингісіне тек ағымдағы баға саналады.

Егерде қорытынды бақылау бағасы көп болған жағдайда, рейтинг көлеміне сәйкес есептейді, семестрдің соңында рейтингтің орта бағасын есептейді.



Жүргізу технологиясы және экзаменнің бағасы.

Максималды пайыздық құрамы қорытынды бақылаудың 100 % құрайды. Экзаменатор қорытынды бақылаудың бағасын экзаменнің (ведомость) мәліметтер парағына қояды. Қорытынды оқу білімін тексеру құралдарын қолданады.



Ауызша сұрақ қою арқылы қорытынды оқу білімін тексеру(экзамен билет бойынша жүргізіледі, билетте 3сұрақтан болады)



Жұмыстың сапалы орындалуы

Баға диапазоны

1

Орындалмаған

Себепсіз экзаменде болмауы



0 %

2

Әрбір сұраққа білім деңгейінің бағасы

0-30%

3

Қосымша сұрақтардың бағасы

0-10%




Қорытынды:

0-100%

Қорытынды оқу білімін тексеру тест түрінде жүргізіледі

Экзаменде студентке 50 сұрақ беріледі,әрбір сұрақ 2 балды немесе пайызды құрайды.



Жұмыстың сапалы орындалуы

Баға диапазоны

1

Орындалмаған

Себепсіз экзаменде болмауы



0%

2

Әрбір дұрыс жауапқа баға

2%




Қорытынды:

0-100%



Пән бойынша қорытынды баға 40 % болуы тиіс, сондықтан экзаменнің бағасы (Э) пән бойынша 0,4 коэффициентке көбейтіледі.

Э х 0,4

Қорытынды бағаны есептейді

I = R x 0,6 + E x 0,4

Пән бойынша баға рейтинг – баллдары - әріппен белгіленген

Бағаның әріптік системасы

Баллдардың сандық эквиваленті

% -дық құрамы

Дәстүрлі баға системасы

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

өте нашар



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

1 КРЕДИТ

1 тақырып. Кіріспе бөлім. Халық медицинасында қолданылатын өсімдіктекті дәрілік шикізат пен дәрілік өсімдіктермен химиялық зертханада жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасымен танысу – 1 сағат.

Мақсаттар: - Әр түрлі ауруларда қолданылатын, дәрілік өсімдіктерден және дәрілік өсімдік шикізатынан дайындалатын дәрілік препараттар туралы теориялық білім қалыптастыру;

- Әр түрлі ауруларда қолданылатын, дәрілік өсімдіктерден және дәрілік өсімдік шикізатынан дайындалатын дәрілік препараттар анализін жасау үшін практикалық дағдыларды қалыптастыру; - Әр түрлі ауруларда эффективті және рационалды қолданылатын дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімідік шикізатымен жұмыс істеу барысында қажетті коммуникативті дағдыларды қалыптастыру;

- ДӨШ сапасының көрсеткіштері бар НТҚ, сонымен қатар химиялық зертханада жұмыс барысында қажетті қауіпсіздік ережелерін меңгеру және қолдану, құқықтық құзырды қалыптастыру.

- Студенттерді фармацевт‑маманның кәсіби қызметіне қажетті, халық медицинасында қолданылатын өсімдіктекті дәрілік шикізат пен дәрілік өсімдіктер туралы жалпы білім беру, «Халық медицинасындағы дәрілік өсімдіктер» элективті пәнін меңгеруге және білім алуға талпындыру.



Оқыту мақсаты:

1. Кіріспе бөлім. Зертханада жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесімен және өсімдіктекті дәрілік шикізатты жинаушының жаднамасымен (нені, қашан, қайда, қалай жинау және механизацияның қай әдісін қолдану) танысу.

2. Нармативтік құжаттармен танысу және қорыту: ҚР МФ, Қызыл кітап, ҚР Реестрі.

3. Халық медицинасында қолданылатын, құралдар зерттейтін объектілер және морфологиялық топтармен жалпы танысу.



Тақырыптың негізгі мәселелері: Басында жұппен, сосын тақырып бойынша сұрақтарды ұжымдық талқылау.

1.Кіріспе бөлім. Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер мен өсімдіктекті дәрілік шикізаттардың жалпы сипаттамасы (мысыл ретінде 1 қосымшаны көріңіз).

2. Қызыл кітаптың, ҚР Реестрінің жалпы сипттамасы, оның рөлі мен маңызы.

3. Химиялық зертханада жұмыс жасағанда сақталынатын қауіпсіздік ережесін және өсімдіктекті дәрілік шикізатты жинаушының қысқаша жаднамасын (нені, қашан, қайда, қалай жинау және механизацияның қай әдісін қолданады) айтып беріңіз.

4. Дәрілік өсімдіктермен химиялық зертханада жұмыс жасағанда сақталынатын қауіпсіздік ережелерімен танысу.

5. Морфологиялық топтары бойынша ДӨШ зерттеу объектілерімен жалпы танысу.



Оқу және оқыту әдістемесі: слайдарда сабақ тақырыбы бойынша сараптаманың негізгі сызбаларын презентациялау, Қызыл кітап пен ҚР Реестін көрсету және таныстыру.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Лекарственное сырье растительного и животного происхождения. Фармакогнозия / Под. ред. Г.П. Яковлева. – СПб.: СпецЛит, 2006. – 845 с.: ил.

2. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия. Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2007. – 656 с.: ил.

3. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Учебное пособие / Под ред. И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007. – 672 с.

4. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. – М., 2007. – Т.1. – 192 с.; Т.2. – 384 с.

5. Самылина И.А., Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. – Т.3. – М., 2009. – 488 с.



Қосымша:

1. Головкин Б.Н., Руденская Р.Н., Трофимова И.А., Шретер А.И. Биологически активные вещества растительного происхождения. – М.: Наука, 2001. – 240 с.

2.Государственная фармакопея Республики Казахстан. Т.1. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 15-е изд., перераб., испр. и доп. – М.: РИА “Новая волна”: Издатель Умеренков, 2008. – 1206 с.: ил.



Бақылау сұрақтары:

1. Дәрілік өсімдіктекті шикізат номенклатурасы.

2. Қызыл кітапқа, ҚР Реестрінің жалпы сипаттамасы, оның рөлі мен маңызы.

3. Өсімдіктекті дәрілік шикізатты жинаушының тиісті жалнамасы (нені, қашан, қайда, қалай жинау және механизацияның қай әдісін қолданады) айтып беріңіз.

4. Химиялық зертханада дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережелері сақталынады?

5. Морфологиялық топтары бойынша ДӨШ сараптамасының сызбасының жалпы сипаттамасы.



1 қосымша: Әр түрлi ауруларды емдеу және алдын алу үшiн қолданылатын көптеген әдістердің ішінде құрамында тері жасушаларының зат алмасу процестерін жақсартатын, мезгiлсiз қартаюмен күресуге көмектесетін, қоректендіруші, дезжұқпалылаушы, сергiтетiн, жұмсартатын, дефектілерді жоятын немесе пайда болуын ескертетін қасиеттері бар өсімдіктер маңызды орын алады.

Адамдар қандай да бiр өсiмдiк препараттарын қолдана отырып синтетикалық құралдардың қолайсыз әсерiнен сақталына алады. Өсiмдiктердiң құрамындағы заттар кешенді әсер ете отырып адам ағзасына толығымен әсер етеді. Дәрiлiк өсiмдiктердің абсолюттi көпшiлiгi ұзақ уақыт тексеруден өттi. Көп дәрiлiк өсiмдiктердiң шыққан жері болып, осыдан 4000 жыл бұрын белгілі болған Ежелгi Мысыр болып есептеледi. Ежелгi молаларда қызғылт және лаванда майы, ладан, мирра, әр түрлi хош иiстендіргіштері, жақпа майлары бар ыдыстар табылған. Халық емінің әдістерінің құпиясын сақтаушылар – абыздар болып келді. Олар иманжапырақ, зәйтүн, самырсын, алоэ, анис, зығыр, көкнәр, арша, жалбыз және тағы басқа дәрiлiк өсiмдiктерді қолданды.



Бұрыш жалбыз

Мята перечная

Mentha pipperita

Жалбыз тiзiм - XVII ғасырдағы Англияда жабайы түрлердiң будандастыруы арқылы шығарылған, ерінгүлділер тұқымдасының көп жылдық бұталы, шөп тектес өсiмдiгі. Жапырақтар тамырсабақтардың кесiндiлерi және 2—3 жапырағы бар жаңадан көрiнген сабақтардың бастарының кесiндiлерiмен вегетативтi жақсы көбейді; суға қойылған жағдайда түбiрлердi жылдам бередi және кейін оларды жерге отырғызуға болады. Маусымның аяғыдан қыркүйекке дейiн гүлдейдi. Жақсы шырын беруші. Жабайы түрде ешқайда кездеспейдi. Мәдениетте бұрыш жалбыздың екi негiзгi формаларын танып бiледi: қара, қызыл-күлгiл реңдi сабағы, жапырақтары бар қара және ақ, ашық-жасыл сабақтары, жапырақтары бар ақ түрлері. Ақ жалбыз қара жалбызға қарағанда ертерек гүлдейді, бірақ оларда эфир майының және жапырақтарының шығымы төмен. Өнеркәсiптiк мәдениетте көбiнесе қара жалбыздарды көбейтеді. Жалбыз – ылғал- және жарықсүйгiш өсiмдiк, қыста жабындалмайды, бiрақ күштi аяздарды ауыр өткередi.

Гүлдеу фазасының басында және түйіндеу фазасында жиналатын жапырақтар қолданылады. Жағымды, хош иiстi, күйдiргіш дәмдi, шайнау кезінде ауызда ұзақ сақталынатын салқындық әсерін береді. Жалбыздың барлық жер бетi мүшелерінде сергітетiн, жағымды дәмді және хош иiсті эфир майлары бар. Негiзгi компонентi - ментол. Жапырақтарында 2,20-2,75% эфир майы, 4-6% - гүл шоғырларында, сабақтарында - iздерден 0,3%-ке дейін табылған. Сонымен бiрге жалбыз жапырақтарында (40 мг%-ке дейiн) каротин, гесперидин, флавоноидтар, бетаин, үштерпендi қосылыстар, (шамамен 0,3%) урсол және (шамамен 0,12%) олеанол қышқылдары табылған.

Жалбыз жапырақ құрамында болатын ментол спазмолитиялық және антисептикалық, жүрек қан тамырларының рефлекторлық кеңейтуiн шақырушы, жергiлiктi сезiмсiздендiретiн әсерлерге ие. Стенокардия, асқазан және iшек аурулары кезінде iштей қолданылады. Невралгиялық, тіс ауруларында және жоғары тыныс алудың жоғарғы жолдарының қабынуында, броонхитғ бронхоэктаздара антисептикалық және ауруды басатын дәрi ретінде сырттай қолданылады.

Валериана - ментол эфиріндегі ментолдың ерiтiндiсi (валидол) стенокардия кезінде; парафинмен қоспасы – бас ауруларында (мигрень) қолданылатын қарындаштардың түрiнде қолданылады; Зеленин тамшысының; Валокардин, тұмау кезінде қолданылатын тамшылар мен майлар құрамына кiредi. Жалбызды май ингаляциялар үшiн қолданылады, жалбызды тамшылар, таблеткалар құрамына кiредi. Жалбызды су дәмдi жақсарту үшiн микстураларда және ауыздың шаю үшiн қолданылады. Ментол спирті нейродермия кезінде қолданылады. Жалбыздың жапырақтарының тұнбасы мен тұндырмасы ас қорытуды жақсарту, тәбеттiң жоғарылату, лоқсық және құсыққа қарсы құрал ретінде қолданылады. Жалбыздың жапырақтары Болгарияда асқазан және iшек түйiлулерi, метеоризм, iш өту, лоқсыққа және құсыққа қарсы, өтте тас болған жағдайда өт айдау құралы ретінде, сарыауру кезінде, байыр шаншу кезінде ауру сезімін басугы, жүрек жұмысын реттеуші және бас ауруын тыныштадырушы ретінде қолданылады.

Жалбыздың жапырақтары НДР-да тәбет жоғарылататын, метеоризм, ас қорыту жолдарының ауруларында шай ретінде және сырттай ванна қабылдау үшін қолданылады.

Жалбыздың жапырақтары Австриялардадәл сол ауруларда қайнатпа, тинктура және майдың түрiнде қолданылады.

Жалбыздың жапырақтары Францияларда тәбетті қоздырушы, ас қорытуды жақсартушы ретінде және антиспазматиялық, өт айдашығ жараларды жазушы ретінде кеңінен қолданыс тапқан.

Жалбызының жапырақтарын Польшада iшек-қарын жолдарының, невралгия ауруларының, ұйқысыздыққа, бас ауруларында (мигрень), орта құлақтың және т.б. ауруларда дезжұқпалылаушы, қабынуға қарсы, ауруды басатын зат ретінде, сонымен қатар дәмдi және иiс жақсарту үшiн басқа жиындарды толықтырады.

Жалбызының жапырақтарын орыс халық дәрiгерлiгiнде сергітетiн, өт айдаушы және терлеткiш ретінде қолданылады. Жабайы жалбыздың жаңа жапырақтарының шырыны бүйрек тасы ауруында несеп айдағыш дәрi ретінде ақ шараппен араластырған қоспасының бір ас қасығы қолданылады.

Жаңа және құрғақ жапырақтар, гүлдер тұздықтар және шай қоспаларын хош иiстендiру үшiн, сонымен қатар салаттарға, сорпаларға, көкөнiс және ет салған тамақтарына тұздық ретiнде қолданылады.

Жалбыз өт айдаушы, терлеткiш, тыныштандырушы шайлар және ванна үшін қолданылатын жиындар құрамына кiредi.

Жалбыздың майы азық-түлiк, кондитер және парфюмерлiк өнеркәсiптегi қолданыс табады, тiс пасталары және тағы басқалар ұнтақтар құрамына кiредi.

Тұндырма: 250 мл қайнаған суға 2 шай қасық жалбыз жапырақтарын салады, тұндырады және сүзіп алады. Күн бойы ұрттап қабылдайды (күндiзгi доза).

Эфир майы (1:4 спиртті ерiтiндiсi) бас ауыруы, мигрень кезінде, тері қабынуларында теріге жағу және респираторлы ауруларда ингаляциялар үшiн қолданады.
2-3-шi тақырып. Жұқпалы және паразиттiк ауруларда қолданылатын ДӨШ және дәрiлiк өсiмдiктермен танысу және игеру.


жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау