Жұмыс бағдарламасы 050506 Экономика мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде дайындалды және 5В050600


Тақырып 12. Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру



жүктеу 1,21 Mb.
бет6/9
Дата24.11.2018
өлшемі1,21 Mb.
#24520
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырып 12. Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру

1. Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмінің түсінігі мен маңызы

2. Табиғат пайдалануды экономикалық реттеу әдістері

3. Табиғат пайдалануды экономикалық реттеу инструменттері


1. Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмінің түсінігі мен маңызы

Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмі дегеніміз – мемлекеттік шаруашылық субьектілерінен өздерінің қызмет бабында табиғат ресурстарын пайдаланған үшін төлемдер алу және алынған қаржыларды табиғатты қайта қалпына келтіру және табиғатты қорғау шараларына жұмсау әдістері мен тәсілдер жүйесі.

Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмінің негізгі міндеті – бұл табиғат ресурстарын пайдаланудың шаруашылық процесін реттеу.

Табиғат пайдалануды экономикалық реттеудің негізгі 6 принциптері бар:

1. Төлем принципіне сәйкес адамның шаруашылық қызмет процесінде табиғат ресурстарын төлем төлеп пайдалану, тегін пайдаланған жағдайда табиғат ресурстарын шексіз пайдалану, кейін не болатыны жөнінде, оларды бұлдүру адамның сана сезімінде қалыптасуына мүмкіндік бермеу.

2. Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізделу принципі - қоғамның экологиялық және экономикалық көзқарасының сәйкес келуін, адамның дені сау салауатты өмір сүруге қоршаған ортаның қолайлы болуға құқығын қамтамасыз ету.

3. Экономикалық жауапкершілік принципі – қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына, олардың мүліктеріне зиян келтірген жағдайда табиғат пайдаланушылардың экономикалық құқықтарын бұзған жағдайда зиянды өтеу міндеттерін негіздеу болып табылады.

4. Кешенділік принципі – табиғат ресурстарын көп мақсатта пайдалануға, аз қалдықты және қалдықсыз технологияны дамытуға, шикізатты терең өңдеуге негізделген.

5. Шаруашылық есептеу принципі - әрбір кәсіпорында өндірісті экологизациялауды, оның тиімділігі мен пайда табуымен байланыстыруды талап етеді.

6. Экономикалық ынталандыру мен экономикалық санкциялар арасындағы балансты сақтау принципі – бұл жағымсыз және жағымды жақтарының табиғат пайдалануға әсер етуші балансын сақтау.

2. Табиғат пайдалануды экономикалық реттеу әдістері

Табиғатты пайдалануды экономикалық реттеу әдістері табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттің шаруашылық субъектілеріне әсер ету үшін инструменттердің әдістері мен тәсілдердің жиынтығы.

Табиғат пайдалануды экономикалық реттеу әдісіне мына әдістер кіреді:


  1. экологиялық таза технологияны пайдаланған экологиялық таза өнім өндіруді экологиялық ынталандыру әдісі;

  2. экологиялық таза емес өндірісті экономикалық тоқтату әдісі.

Табиғат пайдалануды экологиялық ынталандыру дегеніміз мемлекеттің табиғат пайдаланушыларды табиғат ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға тарту.

Табиғат пайдаланушылардан табиғат ресурстарын пайдаланған үшін төлемдерге:



Экологиялық салық салу - өздерінің қызмет бабында табиғат ресурстарын қалыпты жағдайда тиімді пайдалану үшін табиғат пайдаланушылардан төлемдер алудын бір маңызды әдісі.

Экологиялық төлемдер – бұл табиғат пайдаланушылардан табиғат ресурстарын норма және нормадан артық пайдаланған үшін және табиғат ортасын лимит және лимиттен артық мөлшерде ластағаны үшін алынатын төлемдер.

Экологиялық айыппұлдар – табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау заңдарын және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде нормалары мен ережелерін сақтамағаны үшін төлейтін төлемдер.

Зиян келтіргені үшін төлемдер – басқа табиғат пайдаланушыларға, мемлекетке, табиғатқа өзінің қызмет бабында табиғат ресурстарын пайдаланғанда зиян келтіргені үшін шаруашылық субъектілері төлейтін төлем.

Экологиялық сақтандыру – табиғат пайдаланушылардың өзінің қызмет бабында қоршаған ортаға қандай болмасын қолайсыз жағдайда немесе апат жағдайында зиян келтіруден сақтандыру.

Импорттық тарифтер – еліміз территориясына аса қауіпті заттарды табиғат пайдаланушылардың әкелген кезде төлейтін төлемдер.

Экспорттық төлемдер – табиғат пайдаланушылардан еліміз территориясынан қандай болмасын табиғат ресурстарын шығарған жағдайдағы төлемдер.
Тақырып 13. Табиғат пайдалануды басқару. Тұрақты экономикалық даму

1. Табиғат пайдалануды басқарудың мәні мен маңызы.

2. Табиғат пайдалануды басқару субъектілері.

3. Экономикалық -экологиялық жүйелер - басқару объктісі ретінде.


1 Табиғат пайдалануды басқарудың мәні мен маңызы

Экология саласында басқарудың негізгі – табиғатты қорғаудың, табиғат ресурттарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі.

Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын, орындауды ұйымдастыру және бақылау.

Табиғат пайдалануды басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық-ұйымдастырушылық экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.

Табиғат пайдалануды басқару аса күрделі процесс, өйткені мұнда және қоғамдық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді, жүйелі басқаруды талап етеді.

Табиғат қорғауды басқаруға қажетті мәліметтер, табиғи ортаның мониторингінен алынады. Мониторинг –бақылау табиғат кешендерінің барлық түрлері, экоқұрылымдар, аймақтар, табиғи заттар бойынша жүзгізіледі. Сондықтан жергілікті аймақтық, ұлттық, бүкіләлемдік мониторинг жүйелері құрылады.

Табиғат қорғауды, пайдалану басқару Қазақстан Республикасының заңдарына президент жарлықтарына, үкімет шешімдеріне сәйкес ұйымдастырылады.
2. Табиғат пайдалануды басқару субъектілері.

Қазақстан Республикасының жоғары өкіметі - парламент табиғи ортаның және оның құрамды бөліктерін қорғау, пайдалану туралы заңдар қабылдайды, мемлекеттік экологиялық саясаттты белгілейді, экологиялық бағдарламаларды бекітеді, табиғат қорғау және пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізеді, табиғат қорғау заңдарының орындалуын бақылайды. Парламент жанында табиғат қорғау коммиссияларын құрылады.

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті атқарушы орган ретінде табиғат қорғау, пайдалану заңдарының орныдалуын ұйымдастырып, министрліктер мен комитеттер, әкімшіліктер жұмыстарын басқарады. Экологиялық бағдарламалар әзірлеп, парламентке бекітуге ұсынады, табиғат пайдалану тәртіптерін, ережелерін белгілейді, табиғат ресуртарын есептеу әдісін, қорын, аса қымбаттыларынның тізімін бекітеді, табиғат пайдалану төлемдерін есептеу әдістемелерін, үлгілік шамасын белгілейді.

Экология және биоресурстар министрлігіне табиғат қорғау мәселелері бойынша басқа министрліктер мен комитеттердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыстарын бақылау құқығы берілген. Ол мемлекеттік сараптама ұйымдастырады, қорықтар мен ерекше қорғауға алынған жерлерді ұйымдастырады, қорықтар мен ерекше қорғауға алынған территорияларды басқарады, табиғат қорғау ережелерін, нормаларын және стандарттарын бекітеді.


3. Экономикалық-экологиялық жүйелер-басқару объктісі ретінде.

Басқару әдістерінің жүйесін екіге бөлуге болады. Әкімшілік және экономикалық.



Әкімшілік басқару жүйесі – табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережелерінің, нормаларының орындалуын ұйымдастыру, қадағалау негізінде жүзеге асырылады.

Экономикалық жүйеде шаруашылықтарға еркіндікке мүмкіншіліктер беріледі.

Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын әдістердің (тәсілдердің) мынандай түрлерін айтуға болады:

Құқықтық –Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, құзыретін, құқықтарын белгілеу.

Техникалық ұйымдастырушылық –табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылық –табиғи ортаны қорғауға, табиғаты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау және олардың іске асырылуын ұйымдастыру.

Әлеуметік-психологиялық –жеке адамдармен, ұйымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.

Экономикалық әдіс –баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.
Тақырып 14. Табиғатты қорғаудың бүкіл әлемдік және халықаралық, мәселелері

1. Табиғи ортаны қорғаудың ұлттық және халықаралық проблемалары

2. Табиғи ортаны қорғау аймағындағы халықаралық ынтымақтастық

3. Экологиялық мәселелері және ұлттық бағдарламалары


1. Табиғи ортаны қорғаудың ұлттық және халықаралық проблемалары

Өндірістің қазіргі дамыған кезеңінде экология мәселелері ұлттық шеңберден шығып, халықаралық мәселеге айналды. Оның басты себептері бір жағынан халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы болса, екінші жағынан атмосфераға шығарылған, суға төгілген зиянды қалдықтардың әсері мемлекеттік шекарамен шектеліп қалмайды, басқа елдерге де әсер етеді.

Өнеркәсібі дамыған елдер көптеген шикізаттарды басқа елдерден алады. Мұның тиімділігі: бірінші, өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету, екінші, шикізат өндірудің табиғи ортаға зиянды әсері басқа елде қалады, үшінші, ұлттық байлық сақталады.

Табиғи ортаны қорғауда халықаралық қандай мәселелер туындайды? Мысалы, атмосфералық ауа және мемлекетаралық су айдындарын пайдалану, қорғау мәселесін алайық. Ауаны, суды ешбір мемлекет бөліп алып бір елдікін екіншісіне байланыссыз өте алмайды. Бір елдегі ауаның, судың ластануы екінші елге зиянын тигізеді. Сондықтан, мұндай мәселелер халықаралық дәрежеде шешілуі тиіс.

Мемлекетаралық суларды қорғауда бірқатар халықаралық шешімдер қабылданды (Ертіс, Іле, Талас, Каспий, Арал)
2. Табиғи ортаны қорғау аймағындағы халықаралық ынтымақтастық

Бірікен ұлттар ұйымының жанынан құрылған бірнеше халықаралық ұйымдар бар.

ЮНЕП Басқарушы Кеңесі Найроби қаласында орналасқан. Бағдарлама бойынша мынадай тақырыптармен жұмыс жасалады: Елді мекендер және табиғи орта; құрлықтағы экология жүйелері; табиғи орта және оның дамуы; мұхиттардың ластанудан және ондағы биоқорларды қорғау; табиғи ортаны қорғауды кешенді басқару; халықаралық құқық және табиғи ортаны қорғау; табиғи ортаны қорғау турасында білім беру. Мұнда экономикалық зерттеулерде жүргізіледі.

ЮНЕСКО (ғылым, білім және мәдениет бойынша) бағдарламалары: «адам және биосфера», «адам табиғи ортада»

ВОЗ (World Health Organization- WHO) Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы – табиғи ортаны сауықтыру, атмосфераны тазарту, тазалық көрсеткіштерін, ластанумен күресу шаралары т.б. мәселелерді зерттейді.

Халықаралық Аграрлық және азаттық ұйым - (FAO- Food and Agriculture Organization) – азықтық табиғи қорларын, табиғатты қорғау нормаларын және бұл мәселелер бойынша халықаралық келісімдерді зерттейді.

Аталғандардан басқа: халықаралық ғалымдар одағы (МСОП), қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитет (chone), қоршаған орта маниторингінін глобалді жүйесі (ГСМОС), Дүниежүзілік метиорологиялық ұйым (ВМО), халықаралық окенографиялық комитет (МОК) жұмыс істейді.


3. Экологиялық мәселелері және ұлттық бағдарламалары

Табиғат қорғау мәселелері халықаралық конференцияларды, келісімдерде талқыланып тұрады.

1975 жылы Хельсинкиде Европаның 33 мемлекеті АҚШ, Канада басшылары қорытынды актіге қол қойып, ауаның ластануына қарсы күресті, тұшы су мен теңіз суларын, топырақты, тірі организмдерді қорғауды, қорықтар құру, табиғи ортаны жақсарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын халықаралық ынтымақтастық негізінде, халықаралық бағдарламаларға сәйкес жүргізуге келісті.

Теңіз қорын пайдалану құқы, теңіз жағалаулары, балық аулау, халықтың өсімі, экологиялық білім беру, жердің тақырлануына қарсы күрес туралы, т.б. мәселелер бойынша конференциялар өткізілді.

БҰҰ 1972 жылы Стокгольм конференциясында табиғи ортаны қорғау туралы

Табиғи ортаның ластануынан болған зиянды жоюдан гөрі оны болдырмау әлде қайда тиімді. Сондықтан экологиялық сараптау қолданылады. АҚШ та сараптау жүйесі 3 негізгі элементтен тұрады:



  • Шаруашылық жобаларын экологиялық сараптау, бұл үшін ғылыми зерттеулер жүргізіледі;

  • Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда экологиялық сараптау. Бұл нормаға сәйкес болғанда жұмысқа рұқсат ету немесе қайта құру, жетілдіру жөнінде талап қою түрінде болады.

  • Жаңа өнімдерді экологиялық сараптау. Оның мақсаты экологиялық талаптарға сәйкес емес өнімдерден тұтынушыларды қорғау.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. ҚР-ның «Экологиялық Кодексі». 09.01.2007г.

  2. ҚР-ның «Жер Кодексі». 20.06.2003г.

  3. ҚР-ның «Су Кодексі». 23.07.2003г.

  4. ҚР-ның «Орман Кодексі» Заңы. 08.07.2003г.

  5. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. /Казахстанская правда.1997.11 октября/

  6. Арустамов Э. А. Природопользование. Учебник для ВУЗов Москва, 2005

  7. Бактыгулов А.Б и др.Основы природопользования. Учебное пособие, Уральск, 2001

  8. Бобылев С. Н, Ходжаев А.Ш. Экономика природопользования. Москва, Инфра - М, 2004

  9. Воронцов А. П. Рациональное природопользование. Учебное пособие, Москва, 2000г

  10. Гирусов Э.В и др.Экология и экономика природопользования: Учебник,- М.: Закон и право, ЮНИТИ, 1998

  11. Голуб А. А, Струкова Е. Б. Экономика природопользования. М , 1995

  12. Мұқаұлы С.; Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы: Оұу құралы; Алматы. Экономика, 1999

  13. Неверов А. В. Экономика природопользования, Минск 1990

  14. Нестеров П. М. Экономика природопользования, М., 1997

  15. Ревозов М. А и др . Экономика природопользования. М. , 1992

  16. Тонкопий М. С, Практикум по экономике природопользования,- А, Экономика, 2001

  17. Тонкопий М. С, Экономика природопользования. Учебное пособие - А, Экономика, 2000

  18. Тулеугалиева Н.И. Экономика природопользования; Электронный учебник, Уральск; 2006

  19. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика. Алматы, 2002

  20. Фомичев Е.В. Экономика природопользования: Учебник.- М.: «Дашков и К», 2005.

  21. Яндыганов Я.Я. Экономика природопользования, М.; КНОРУС, 2005.

  22. Астахов А. С. Экономическая оценка запасов полезных ископаемых. М, 1981

  23. Байзаков С. Б. Экономическая оценка лесных ресурсов. А. 1981

  24. Бобылев С. И. Экологизация экономического развитья. М.1993

  25. Вопросы рационального природопользования в условиях формирования рыночных отношений. Под. Ред. Тонкопия М. С. Каз. ГАУ. 1996.

  26. Герасимович В. Н., Голуб. А. А. Методология экономической оценки природных ресурсов. М. 1988

  27. Глуков. В. В. , и др. Экономические основы экология. С. П.1995

  28. Демина Т. А. Экология, природопользование, охрана окружающей среды. М. 1993

  29. Жансентов Ж. Ф. Замыкающие затраты на цветные металлы. А. 1987

  30. Информационно-экологический бюллетень. 1996,.3,4,квартал.

  31. Карамурзаев. Т. К. Теория и методика экономической оценки подземных вод. А, 1991

  32. Каргажанов З. К. и др. Платежи за пользование природными ресурсами. Алматы 1997

  33. Когда решат проблему Сор-Булака? // Огни Алатау. 1996. Октябрь

  34. Кулагина Г.Д. Экономика природопользования. Учебно-практическое пособие- Москва.; 1998

  35. Львовская К.В. Окружающая среда, рынок и регион. М 1993.

  36. Минц. А.А. Экономическая оценка естественных ресурсов. М. 1992

  37. Очередная серия Сорбулакского апокалипсиса. // Сто­личное обозрение.1996 Октябрь

  38. Охрана рационального использования водных ресурсов. Справочник, 1996

  39. Рациональная схема освоения природных ресурсов. (Проблемы методологи) А. 1983.

  40. Русанов Д. К. Экономическая оценка минеральных ресурсов. М.. 1987

  41. Сергиенко О.И. Экономика природопользования. Учебное пособие. Ростов-на-Дону.,2004

  42. Слащев В, Искаков У. Экоструктуры Казахстана. А.. 1992

  43. Сточные воды Сор-Булака можно использовать, но с умом // Азия: экономика и жизнь. 1996. Август.

  44. Ярмоленко З., Эколого-экономические проблемы регионального производственного комплекса (на примере Южного Казахстана). – Алматы,1992


Глоссариялар

Табиғат ресурстары – адамның тіршілігі үшін қажетті заттар.

Ұдайы өндіріс –бұл қоғам мен табиғат арасындағы үздіксіз арақатынас процесінің көрінісі, мұнда қоғам табиғат күшімен ресурстарды өзіне бағындыра отырып, қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолданып отырады.

Табиғатты пайдалану – адамның қоршаған ортаның пайдалы қасиеттерін (экологиялық, экономикалық, мәдени және сауықтыру) пайдалану мүмкіншілігін айтамыз.

Қоршаған ортаның табиғи ластануы – бұл адам қызметінің әсерісіз қоршаған ортаның ластануы.

Қоршаған ортаның антропогендік ластануы – адамдар қызметімен байланысты қоршаған ортаның ластануы.

Қоршаған ортаның өнеркәсіптік ластануы - өнеркәсіп кешеннің қызмет етуімен байланысты қоршаған ортаның ластануы.

Қоршаған ортаның тұрмыстық ластануы – адамдардың өндірістік емес қызметіне байланысты қоршаған ортаның ластануы

Қоршаған ортаның ауыл шаруашылық ластануы - әртүрлі минералды тыңайтқыштар және зиянды заттарды жою элементтерін пайдаланумен байланысты қоршаған ортаның ластануы.

Қоршаған ортаның территориялық ластануы – тұрғылықты ауылдың, қаланың, аудан территориясының шықпай қоршаған ортаның ластануы.

Қоршаған ортаның аймақтық ластануы – мемлекет шекарасынан шықпай тұрғандағы қоршаған ортаның ластануы.

Қоршаған ортаның химиялық ластануы - қоршаған ортаның химиялық заттармен, олардың компоненттері мен элементтерімен ластануы.

Табиғаттық - ресурстық потенциал – елдің, аймақтын, әлемнің барлық табиғат ресурстар компонентінің жеке өндірісті қамтамасыз етумен қалпына келтіруге, өнімдер мен қызметтер өндіруге, тұрғындардың тұрмыс жағдайын, олардың денсаулығы және өмірлерінің ұзақтығын қамтамасыз ету қабілеттілігі.

Жанатын пайдалы қазбалар – мұнай, газ, жанғыш тақта, тас көмір, шын тезек.

Рудалы пайдалы қазбалар – қара және түсті метелдар, қымбат, бағалы сирек кездесетін металдар кендері жатады.

Бейруда (рудасыз) пайдалы қазбалар – химия шикізаты, минераелды тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфор, отқа төзімді материалдар, әсемдік тастар т.б.

Құнарлылық – ауыл шаруашылық өсімдіктерін қоректі заттармен және сумен қамтамасыз ету.

Ортақ су пайдалану - халықтың мұқтаждарын қағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыста немесе техникалық қондырлғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

Арнайы су пайдалану - халықтың ауыз су және тұрмыстық қажеттерін, ауылшаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға қажеттерін қанағаттандыру үшін суды пайдалану.

Оқшау су пайдалану – су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бір жеке және заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.

Бірлесіп су пайдалану – құқығы су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бірнеше жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.

Бастапқы және қайталама су пайдалану -өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.

Кешенді пайдалану деп - табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалану - өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану.

Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану - кен қорын және оны өңдіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.

Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмі – мемлекеттік шаруашылық субьектілерінен өздерінің қызмет бабында табиғат ресурстарын пайдаланған үшін төлемдер алу және алынған қаржыларды табиғатты қайта қалпына келтіру және табиғатты қорғау шараларына жұмсау әдістері мен тәсілдер жүйесі.

Экологиялық салық салу - өздерінің қызмет бабында табиғат ресурстарын қалыпты жағдайда тиімді пайдалану үшін табиғат пайдаланушылардан төлемдер алудын бір маңызды әдісі.

Экологиялық төлемдер – бұл табиғат пайдаланушылардан табиғат ресурстарын норма және нормадан артық пайдаланған үшін және табиғат ортасын лимит және лимиттен артық мөлшерде ластағаны үшін алынатын төлемдер.

Экологиялық айыппұлдар – табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау заңдарын және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде нормалары мен ережелерін сақтамағаны үшін төлейтін төлемдер.

Зиян келтіргені үшін төлемдер – басқа табиғат пайдаланушыларға, мемлекетке, табиғатқа өзінің қызмет бабында табиғат ресурстарын пайдаланғанда зиян келтіргені үшін шаруашылық субъектілері төлейтін төлем.

Экологиялық сақтандыру – табиғат пайдаланушылардың өзінің қызмет бабында қоршаған ортаға қандай болмасын қолайсыз жағдайда немесе апат жағдайында зиян келтіруден сақтандыру.

Импорттық тарифтер – еліміз территориясына аса қауіпті заттарды табиғат пайдаланушылардың әкелген кезде төлейтін төлемдер.

Экспорттық төлемдер – табиғат пайдаланушылардан еліміз территориясынан қандай болмасын табиғат ресурстарын шығарған жағдайдағы төлемдер.

Мониторинг –бақылау табиғат кешендерінің барлық түрлері, экоқұрылымдар, аймақтар, табиғи заттар бойынша жүзгізіледі.

Әкімшілік басқару жүйесі – табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережелерінің, нормаларының орындалуын ұйымдастыру, қадағалау негізінде жүзеге асырылады.

Экономикалық жүйе - табиғат пайдалану нормаларын, ережелерін орындау экономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік) басқарылады.

6. Семинар сабақтарының жоспары

7. Семинар, практика сабактарына әдістемелік нұсқау

Тақырып 1. Табиғатты пайдаланудың теоретикалық аспектілері

Семинар жоспары

  1. Курстың мақсаты мен міндеттері

  2. Табиғат ресурстары, оның маңызы және жіктелуі

  3. Табиғат пайдаланудың заңнамалықтары мен принциптері

Әдебиеттер:1,2,3, 4,5,6,8


Тақырып 2. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану экономикасы

Семинар жоспары

  1. Қоршаған ортаны қорғаудың мақсаттары, принциптері

  2. ҚР-да табиғатты пайдалану

  3. Экологиялық проблемалар және оның ерекшеліктері


Тапсырма 1.

Келесі кесте мәліметтері бойынша келесі жылдық қуатымен өнім өндіруші 5 кәсіпорынды пайдалана отырып пайданы, рентабелділігін, шеткі шығындарды, дифференциалдық рентаны анықтаңыз


Көрсеткіштер




Белгіленуі

I

II

III

IV

VI

Жылдық қуаты, мын. т




50

100

150

200

250

Бір өнімнің өзіндік құны, тг/т

C

85

70

60

55

65


Өндірістік негізгі және айналым құралдарының құны , млн тг.

К -


2,0

3,0

3,5

5,0

7,0


Бір өнім ұүріне баға /Ц/ - 80 тг/т.

Әдебиеттер:1,5,6,9,10,22


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау