3. Семинар сабақтарының тақырыптары, түсініктер



жүктеу 222,5 Kb.
бет1/3
Дата14.11.2018
өлшемі222,5 Kb.
#20179
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультеті

Педагогикалық психология кафедрасы

5В010100- Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша

3 курс студенттеріне «МДҰ әдістемелік жұмыстары» пәнінен

оқу-әдістемелік кешені (УМКД)

Семей 2013 ж


Құрастырған: педагогикалық психология

кафедра оқытушысы Оспанова К.Ш.

МАЗМҰНЫ

1. Пән бойынша глоссарий



2. Дәріс сабақтарының тақырыптары, түсініктер

3. Семинар сабақтарының тақырыптары, түсініктер

4. Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындалатын өздік

жұмыстарының тапсырмасы және орындауға (СОӨЖ

әдістемелік нұсқаулар

5. Студенттердің өздік жұмыстарын орындауға әдістемелік

ңұсқаулар

6. Әдебиеттер тізімі



7. Бақылау түрлері

Пән бойынша ГЛОССАРИЙ

Әдіс (метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдерді тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие мен оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі.

Әдіскер (Методис) –оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті- пәннің оқытылу жағдайын бақылайды: озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.

Әдіснама (методология; грек methodos- зерттеу жолы, теория, ілім және ...логия) - 1) ғылыми таным әдісі, 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдіс, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру, 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдістеме (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке пәндерден берілетін юілім көлемі мен маөмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зиялық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі Білім беру ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудын өсіп, өрбіп, белгілі, бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді.

Оқу (Учеба) – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында О. Оқытумен өзектес жүреді. О. Оқушының ақыл-ой (байқау, оқу, тапсырма орындау, т.б.) және дене (шеберханада, мектеп жанындағы үлескіде жұмыс істеу, т.б.) жұмысының жиынтығын бейнелейді.

Оқыту, Оқу (Обучение) – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгеру процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы.

Оқыту әдісі, үйрету әдісі (Метод обучения) – білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты жүйелі әрекет жүйесі.

Әрекет – дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.

Еңбек – адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.

Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекеттің бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы.

Икемділік – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады.

Адаптация – сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыртын құбылыс. Адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетеді.

Білім беру-жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі

Білім беру-адам, қоғам,мемлекеттік мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі

Білім беру(образование)-жүйеге келтірілген білім ,білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі , оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты , білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту б ілім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.

Білім беру әдістемесі(методика образование)-ғылыминегізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері,, жүйесі осының арқасында оқушының дуниеге көз карасын қарастырып алған білімдерін тәжірбие жүйесі осының арқасында оқушыеның дүниеге көзқарасын қалыптастырып алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру

Білімді адам- өмірге бейімделген, белсенді,шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам

Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны.
1-дәріс тақырыбы: 1 бөлім. Шетел тілдерін оқыту психологиясының пәні мен мазмұны.

Шетел тілдерін оқыту психологиясының пәні, психологиялық ғылым жүйесіндегі орны. Шетел тілдерін оқыту психологиясыньң даму кезеңдері. Оньң дамуының негізгі жолдары мен бағыттары.

Шетел тілдершн оқыту психологиясының мазмұны және жүйесі. Шетел тілін оқыту психологиясында мұғалімнің жеке тұлға болып қалыптасуындағы және педагогикалық еңбектің саласын арттырудағы ролі.

Білімнің түрлі ғылыми жүйесінің арасындағы шет тілдерін оқыту психологиясы. Шетел тілдерін оқыту психологиясының жалпы, әлеуметтік, жас ерекшеліктер психологиясы, педагогикалық, медициналық психология, психолингвистика, психосемантика, сонымен қатар, педагогика мен шетел тілдерін оқыту әдістемесі мен пәнаралық байланыстар.

Негізгі ұғымдар: шет тілдерін оқыту психологиясы, педагогикалық жұмыс, психологиялық дамыту және оқыту, психологиялық білімдер.

2 бөлім. Ағылшын тiлi пән ретiнде ең алдымен ана тiлiмен, содан кейiн басқа да пәндермен байланысты:

1.мақсат-амал

2. пәндiк

З. шексiздiк

4. бiртектiлiк

5. бiлiм мен тiлдiң үйлесiмдiлiгi

6. тiлдi меңгеру кезiндегi қиындығы мен қуанышына субъектiлiк жан ашуы.

Әрине, ағылшын тiл мұғалiмi ешқандай зерттеусiз сабақ бағытын, қалпын сезiп отырады. Ағылшын тiлiн қарастыру және меңгеру процесiнде оның толық және анық үйренуiне зейiнi мақсатты оқыту бағдарламасының құрылуына әкелiп соғуы мүмкiн. Мұндай бағдарламада оның артықшылықтарын алдын-ала ескеру қажет және жасын ескере отырып тiлдi меңгерудi қиыншылығын болжау керек.

Шет тілі пәнінің басқа пәндер сияқты өзінің методикасы бар. Егер, шет тілін басқа пәндерімен салыстырсақ (тарих, әдебиет, химия, биология т.с.с.) олардың өздерінің бip тематикалық бөлімі болады. Осыдан айта аламыз, ал ол тек Ежелгі Рим тарихын біліп қана қоймады, бүкіл пәнге деген қызығушылығын арттырумыз керек. Шет тілін үйрете отырып оқушыға сол тілде сөйлеуге шарт қоюға болмайды. Ceбeбi, ол грамматиканы, лексиканы бағдарлама бойынша білуі керек. Мысалы, лексикалық; стилистиканың тілдік жоспары әртүрлі. Бұл жағдайда тілді оқыту мағынасыз. Стревенсу бұл тұрғыдан бiз бүкіл шет тілін үйрене алмаймыз. Тек шет тілін жоспарда қалай берілген сол бағытта үйрете аламыз. Методика психологиясында шет тілінде оқытудың өзіндік бip жолы бар.
Қолданылған әдебиеттер:


  1. Алхазишвили А.А. Основы овладения устной иностранной речью. М.,1988.

  2. Андриевская В.В. Возрастные особенности деятельности старшеклассников на уроках иностранного языка. ИЯШ.

  3. Беляев Б.В. Очерки по психологии обучения иностранным языкам. М., 1965.

  4. Белянин В.П. Психолингвистика. Учебник., М., 2003.


Сөздік:

Этноцентризм — басқа ұлттың тыныс тіршілігіне мән бермей, тек өз этносының жәй-кұйіне ерекше мән беру.

Лақан — алып-қашпа сөз, жалған хабар, қауесет.

Астар сана - подсознание

Алдану - иллюзия

Әрекет - действие

Бейсана - бессознательное

Бейтараптық - нейтральность

Дара - индивид

Қиял — воображение


1 бөлім. Оқу процесінің психологизациясы және шетел тілдерін оқытудағы қазіргі заманғы үрдістер. Оқытудьң психологиялық теориялары. Психологиядағы оқыту теориясы туралы ұғым. Дамыта окыту. Жетілдірген әдіспен оқыту психологиясы. Оқыту шығармашылығының психологиялық теориялары. Оқушылардың білім, қабілет, тәжірибелерде қабылдауының негізгі бөлімдері: сезім, қабылдау, түйсік, уғыну, бекіту және шет тілдерін оқуда қолдану.

А.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы. П.Я.Галпериннің теориясы. Е.И.Пассованың қатысымдық әдісі. Когнитивті психолог Дж.Брунердің оқытудың спирал түрдегі (біртіндеп қиындатылған) бағдарламасы.

Шетел тілдерін оқытудьң дәстүрлі жолы – оқытудың ассоциативті теориясы (оқу процесінің сыныптағы сабақты ұйымдастыру, білім оқу мақсаты ретінде білімді қабылдау, көрнекілік – жетекші тәсіл ретінде). А.А.Самаринаньң ассоциативті түйсік теориясы;

Түрлі модификациялы дамытушы оқудың теориясы (В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, З.И.Калмыкова, Н.А.Менчинская, Л.В.Занков, т.б.) Проблемалық оқытудьң теориясы. (Г. В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, М.М.Махмутов, т.б.) К.Бабанскийдің оқытуды оптимизациялау теориясы.

Оқытудың кибернетикалық тұжырымдамасы (Н.В.Кузьмина, Е.И.Машбиц, Ю.Н.Кулюткин, Н.М.Пейсахов, т.б.). Г.К.Лозановтың суггестопедиялық бағыты (тәжірибені интуитивті қабылдау). Жобалап оқыту теориясы (білімге мәдениетті енгізу негізінде пайда болған оқушылардың жобалау шығармашылықтарын қалыптастыру). Контекстті оқыту (А.А.Вербитский). Болашақ кәсіби шығармашылықтың оқытумен байланысы. Окытудьң белсенді түрлері және тәсілдері.

Негізгі ұғымдар: Оқыту теориясы, оқытудың ассоциативтік теориясы, бихевиоризм және гештальтпсихология, алгоритмдік оқыту, когнитивтік стратегия, қатысымдық әдісі, ми жұмысын біртіндеп қалыптастыру теориясы.

2 бөлім. Шетел тiлі - өз тілінен қиынырақ болады. Шетел тілін терец ұғыну оқушының санасына байланысты. Шетел тілі көп ізденісті талап етеді.

Л.В Щерба ұсынған «Шетел дұрыс ұғыну ой-қабілетіне байланысты». Шетел тілін үйрену, дамыту диалектикалық ой-қабілеті болып табылады. Оқушыларға қатысты сабақ жүйесімен, бағдарламамен тығыз байланысты. Шетел тілін үйрену интеллектуалдық өзіндік ұғыну немесе оқушының дұрыс меңгерілмегені, сондықтан шетел тілі меңгеру өте қиын. Қандай функция жалпы тілге қатысты, өз тілінен оқушыларға шетел тілін оқып үйрену жеңіл ме?

Бағдарламаны бірнеше топқа бөлуге болады:

-Баланың өзіндік ой-қабілеті

-Баланың жалпы тарихи дамуы, сыртқы ортамен байланысы.

-Баланың мәдени тарихи құндылықтармен тілмен байланыстыру.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Горолев И.Н., Седов К.Ф. Основы психолингвистики. М.,1998.

  2. Ейгер Г.В., Рапопорт И.А. Языки речь Харьков 1991.

  3. Жинкин Н.И. Язык и речь. Творчество. М.,1998.

  4. Залевская А.А., Медведева И.Л. Психолингвистические проблемы учебного двуязычия. Т.,2002.

  5. Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранным языке. М.,1985.

  6. Зимняя И.А. Психология обучения неродному языку. М.,1989.


Сөздік:

Аламан — елдік сезімінен гөрі рушылығы басым, менмендігі күшті топ.

Әдет-ғұрып — әр этносқа тән біртіндеп дәстүрге айналған қоғамдық салт — сана.

Ақыл - ум

Арақатынас - общение

Ақпарат - информация

Аймақ - зона

Адам аралық - межличностное

Ашық сана - ясное сознание
2-дәріс тақырыбы: 1 бөлім. Сөйлеу әрекетінің психологиялық ерекшелітері және оқытудың әр кезеңіндегі шетел тілді меңгеру. Сөйлеу функииялары. Сөйлеу және психикалық феномендер. Сөйлеу және тіл. Сөйлеуді эмпирикалық зерттеу. Сөйлеу тіл механизмінің екінші шартты жүйесі. Сөйлеудің адамның психикалық дүниесін көрсету мүмкіндігі. Сөйлеу – субъект психикасына енгізілген, яғни адамның өзгелерге түсінікті болуына мүмкіншілік беретін психологиялық функциялардың негізгілерінің бірі. Сөйлеуді зерттеуде ойдың сөзге және сөздің ойға көшуі бастапқы проблема болып табылады. Мінез-құлықтың көрсеткіші – сөйлеу. Тілдің жүйелілігі (структурализм).

Шетел тілін оқыту процесіне психологиялық түсініктеме беру. Шетел тілді меңгерудегі негізгі жолдары, тәсілдері және кезеңдері. Шетел тілінде ойлаудың психологиялық ерекшелігі. Шетел тіліндегі ауызша және жазбаша сөйлеуді меңгерудегі психологиялық ерекшелітері. Шетел тілінде грамматика, лексика, фонетикалық психологиялық негіздері.

Шетел тілін меңгерудегі түрлері. Шетел тілдік-сөйлеу қабілеттері және олардың дамуы. Шетел тілді оқытудағы қазіргі заманның құралдары мен амалдары.

Негізгі ұғымдар: сөйлеу, тіл дамыту, екінші шартты жүйе, құрамдылық, психолингвистика, ішкі сөйлеу, сөйлеу үлгілері, сөйлеу жағдаяттары, шетел тілін меңгерудегі түрлері, шетел тілдік-сөйлеу қабілеттері.



2 бөлім. Рефлекстік адамның ақыл-eсi тілсіз icкe аспайды. Адамньң ішкі дүниесінде өз тіліне деген «мені» қалыптасады. Бұл процесс әдейі шет тілін үйренген бағытта ұзақ, және оның орындалуын қальштастырады.Тілдің мінезіне қарай оның коммуникативтік ойларын, сезімін, еркіндігін ескеру қажет. Ана тілі және шет тілі осы тұрғыда үлкен роль атқарады. Сондай-ақ адамда ана тілі біpiншi қалыптасады. Басқа өзге тілдер ана тілмен салыстырғанда орны бөлек, осыньң кyәci ретінде бірнеше тілде сөйлейтін адамдар тек өзінің ана тілінде жеткізеді.

Мектепте баланың өз тіліне деген қызығушылығын арттырумен қатар,баланың шет тілге де қызығушылығын дамыту керек. Л.С.Выготскийдің түciнігi бойынша бала 5 жасқа дейін тілге байланысты ережелерді білуі қажет. Психологтардың айтуы бойынша балаға шет тілін ерте жастан үйрету қажет, бұл олардың сол тілді жақсы меңгеруіне, және оның ерекшеліктерін толық білу қажет. Сонымен қатар шет тілі ана тілімен бipгe дамып отыруы қажет. Яғни 5-6 жаста, мектепке дейінгі жаста және одан әрі мектепте жалғасу қажет. Шет тiлi басқа пәндермен салыстырғанда,ол оқытудың мақсаты және әдісі болып табылады.

Л.С Выгодский керсеткендей:

1) игеру жолындағы бағыт

2) Тығыз қарым-қатынас

3) Анықталған функцияның жиынтығы

4) Тілдің пәндік - коммуникативтік қосылуы

5) Баланың сөздік қорының дамуының сентизивті кезеңмен байланысы.

Әр турл! багытты сипаттай отырып, ана тілі мен шет тілін игеру жолында Л.С.Выгодский бұл жолдарды өз ана тілінде « төмен — жоғары» жол ретінде анықтады. Ал «төмен — жоғары» жолы шет тіліне тән. Шет тілін игеру жолы ана тіліндегі даму жолымен тепе-тең деп айтуға болады. Бала өз ана тіілн санасыз және байқаусыз игереді, ал шет тілін саналы түрде және байқау арқылы игереді. Сондықтан ана тілінің дамуы төменнен жоғарыға қарай жүреді деп айтуға болады. Ал шет тілін игеру жоғарыдан төменге қарай жүреді. Тілді игеру жолын, әр түрлі жағдайды мектептің оқу iciнің меңгерушісі ескеруі қажет. Осы меңгеруші «жоғары — төмен» жолын анықтайды. Сонымен қатар, оқушылардың шет тілін терең ұғыну құралы мен ойды қалыптастыру, мазмұнын ұғыну оқу компонентінің міндеттері болып табылады. Тілдік құралды сезіну, оқу процесінде қандай орын алатыны және уақытша созылуымен тұжырымдалады. Сонымен қатар тілдік құралды сезіну бекітуге қайшы емес, тілдің өзіндік ақыл-ой процесінде жоспар мазмұны бақыланады. Түрді білдіру ойы фондық механизмдер деңгейінде

анықталады. Өзгерістер қатарындағы бағытты игергенде ағылшын тілі ауысады және тығыз байланысты. Баланың қоршаған ортадағы балалармен және ересек адамдармен ана тілінде тығыз қатынасы өлшеулі коммуникативті мөлшерде ұштасады және және әр қайсысының ішінде мөлшерлі айтулар шет тіліне қарағанда өте жоғары. Бұл салыстырмалы анализ жолын игеру негізінде ескерілген. Шет тіліндегі қарым — қатынас жағдайымен қатар, қатынас сферасы тарылады және адамдармен қарым - қатынас азая түседі.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ейгер Г.В., Рапопорт И.А. Языки речь Харьков 1991.

  2. Жинкин Н.И. Язык и речь. Творчество. М.,1998.

  3. Залевская А.А., Медведева И.Л. Психолингвистические проблемы учебного двуязычия. Т.,2002.

  4. Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранным языке. М.,1985.

  5. Беляев Б.В. Очерки по психологии обучения иностранным языкам. М., 1965.


Сөздік:

Дәстүр — әр халықтың әдет-ғұрпына әбден сіңген әдет-ғұрып.

Дін психологиясы — әртүрлі діндердің адам сана-сезіміне, наным-сеніміне қалайша әсер етіп, із қалдырып отыратынын зерттейтін психология саласы.

Ел басы — ел, жұрттың сеніміне ие болған басшы.

Бақылау - наблюдение

Бағыт-бағдар - направление

Белсенділік - активность

Дағды - навык

Дәрісбаян - лекция

Дедуктивтік - дедуктивный

Дерексіздендіру - абстракция

1 бөлім. Шет тілі мұғалімінің педагогикалық жұмысының психологиялық негіздері. Шет тілі мұғалімінің педагогикалық жұмысының жалпы мінездемесі. Педагогикалық жұмысты мотивацияландыру. Педагогакалық жұмыстың негізгі функцияларының психологиялық мінездемесі. Педагогикалық қабілет. Педагогикалық жұмыстың стилі. Стилъдің негізгі функциялары: инструметальды, компенсаторлы, жүйеорнатқыш және интегративті. Педагогикалық жұмыстың стилінің түрлері: авторитарлы, демократиялық және либералды.

Шет тілі мұғалімінің кәсіпкерлігі. Педагогтың бағытталушылығы және педагог түрлері. Педагогикалық қоғамдық перцепция.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық жұмыс, мұғалімнің педагогикалық функциялары, педагогикалық қабілет, педагогикалық жұмыстың стиль.

2 бөлім. В.Риверс тауып айтқандай «Tiлді оқыту жөнінде қандай да бip шешім қабылдамас бұрын алдыменен тіл деген ұғымның анық ерекшелігін қарастыруымыз дұрыс болар eдi» Бұл ұғымның негізгі мәні: Тіл күрделі де жүйeлi деңгейдегі білім нeгiздepiн, ойлау жүйесін қалыптастыратын, жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің, яғни адамдардың арасындағы негізгі қатынас құралы (В.Гумбольдт, Ф.Де Соссюр, А.А Потебня, Л.С.Выготский, Л.В.Щерба, С.Л.Рубинштейн және т.б.).

Шетел тілін оқу пән ретіндегі ерекшелігі кез-келген жалпы тілге тән белгілі бip жүйе болғанмен, ана тілден үйренуімен қолданылуы жөнінен көптеген epeкшeлiктepi жағынан дараланады. Сонымен бірге кез-келген мектеп оқулығынан сипаты жөнінен epeкшeлeнeдi. Шетел тілінің оқу пәні ретіндегі ерекшелігі оқытушылар мен оқушылар түйсік арқылы сезінеді (тек шетел тілін ғана емес). Бұл жағдай оқушылардың мектепте пәнге деген сыни тұрғыдан тiптi кейде қарсы көз қарасының қалыптасуына да негіз болуы мүмкін: «Оқы, оқы бipaқ нәтиже шықпайды», «Басқа тілді үйренуге ебім жоқ», «Бұл тілде сөйлеуге қажеттігім болмайды», «Өте ауыр тіл» және т.б. Біріншіден шетел тілі оқу пән ретіндегі ерекшелігі оны оқып үйренем деген адамдарға объект-субьектілігі белгілі бір қиындықтар тудырады. Әуелгі шетел тілінің -жалпы тілге қатысты немесе негізгі тілді сипаттамасының тұтастай алғанда пайда болуы Сонымен шетел тiлi кез-келген тіл жүйесі секілді тарыхынан, әдебиетінен, мәдениеттен, элеуметтік ара қатынасынан, дәстүрден көрініс беретін тарихи өнім.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Привалова И.В. Понимание иноязычного текста. С.,2001.

  2. Румянцева И.М. Психология речи и лингвопедагогическая психология.

  3. М, 2004

  4. Домолов А.Г. Психология личности.М.,1990.

  5. Мягкова Е.Ю. Структурные споры при обучении пониманию и переводу иностранного текста. // Психолингвистические исследования: слово и текст-Т., 1995.


Сөздік:

Жеті жарғы — қазақтың күн нормаларын белгіелген Тәуке ханның заң жиынтығы.

Кісілік — тұлғаның аса жарасымды иланымдылығы мол қасиеті

Жалпы - общий

Жүйе - система

Жас сатылары - возрастные ступени

Икемділік - склонность

Индуктивтңк - индуктивный

Кеңістік - пространство

Көңіл-күй - эмоция


3-дәріс тақырыбы: 1 бөлім. Тіл дамытудағы жеке тұлға. Сөйлеудің дамуы. Сөйлеу кезіндегі адамның өзіндік ерекшелігін тілі, калыпты мінез ерекшеліктері бойынша танып білу мүмкін. Сөйлеудің формалды-динамикалық (қарқыны, коммуникациялық ерекшеліктер, т.б.) және құрамдық мінездемесін (сөйлеу тақырыбы, проекция) зерттеу.

Ерте кездегі сөйлеу онтогенезі. Сөйлеу алдындағы немесе сөйлеуге дейінгі кезең (Ж.Пиаженің сенсомоторлы интеллектінің деңгейі). Сәбидің бір айлық кезіндегі рефлекстің қолданылуы. Екі-төрт айлык сәбидің айналмалы жауап беру». Алгашқы вокализация.

Бір жастан мектеп жасына дейінгі тіл дамыту. Дыбыс кешені – сәбидің алғаш сөздері. Бір жасар баланың тіл дамытуындағы телеграфтық стиль. Бала тілінде грамматикалық қалыптастыру (синтетикалық типтегі тілде флексияның пайда болуы). Баланың сөздік шығармашылығы (неологизмдер). "Эгоцентрикалык сөйлеу "(Ж.Пиаже, 1932ж.).

Ішкі қалыпты экстеризациялаудың принципі ретіндегі сөйлеу процесенің ішкі мотивінің көрсеткіші. Тіл дамуыньң "сензитивті кезеңі". Шетел тілін ерте жастан окытудың психологиялық негіздемесі.

Мектеп жасындағы балалардың тілдік дамуы. Оқу және жазбаны оқытумен байланысты тіл дамытудың рефлексиясы. Жоғарғы дережедегі жалпылаудың негізгі ұғымдары.

Сөздерді қолдануды ұғыну. Жалпылаушы категориалды сөздік құрамның орнатылуы (сөз өзгерісінің және құрамының парадигмалары).

Негізгі ұғымдар: Сөйлеудің формалды-динамикалық мінездемесі, құрамдық мінездеме, сөйлеу проекциялары, сөйлеу алдындағы немесе сөйлеуге дейінгі кезең, дауыс қарқынының айналмалы формалары, дыбыстық сөйлеу көрсеткіштері дыбыс кешендері, эгоцентрикалық сөйлеу, жалпылаушы категориалды сөздік құрам.

Сөздерді қолдануды ұғыну. Жалпыдаушы категорияларды сөздік құрамының орнатылуы (сөз өзгерісінің және құрамының парадигмалары).



Негізгі ұғымдар: сөйлеу алдындағы немесе сөйлеуге дейінгі кезң, сөйлеу қарым-қатынасының айналмалы формасы, эгоцентрикалық сөйлеу, сензитивті кезең.

2 бөлім. Тіл-бұл сөйлейтін қоғамның, халықтың санасында тіршілік eтeдi. Сондай-ақ тіл халықты тұрақтандырып және біріктіреді. Өздігімен біртұтас халықтың мінезіне, адамзат қауымына мән береді және олар өздерінің қалыптасуымен бірге гетерогенді.

В.Гумбольдтың анықтауы бойынша, тіл - бұл үлттың жаны, онда бүкіл «Халықтың мінезі» көрініс береді. Әлеуметтік-тарихтық, азықтың бола отырып, тіл сонымен қатар осы тілде сөйлейтін өзге ұрпақтармен байланысты іске асады. «Тіл-бұл нағыз тipi, маңызды және тұрақты байланыс, өткенді өмір cүpiп жатқанды және болашақ халықтың ұрпағын ұлы тарихи біртұтасқа байланыстырады. «Рубинштейннің айтуы бойынша тілдің гносеологиялык табиғаты жөнінде айтқанда алдымен оның болмыс ретінде қызмет ететін ескеру қажет. Лениндік теорияның контекстінде бұл мазмұнмен формалардың активті көрініс өзара қатынасы болып табылады. Мазмұны ретінде мұнда ең әуелгі сөз мағынасы және пікірдің мәні орындалады. Сонымен қатар негізгі мағынасы - бұл заттың өздігінен пассивтік емес көpiніci сыртқы тәжірибесін әсершіл адамның оған деген қатынасы. Сөздің мағынасы, заттың атауын беретін, бұл заттың қызметін анықтайтын жүйе, адамзаттың бағытын және олардың бip-бipінe қарым-қатынасын білдіреді.

Тілдің мінезі бұл жекеше жэне қоғамнан жекешеге берілетін формасы. Тіл – бұл жеке адамдарға және қоғамдық-тарихи адамзатқа берілетін тәжірибе. Бұл тұлға тәжірибесі жағдайын иемденеді сонымен бірге олардың тіршілік сана формасы болып табылады. А.Н.Леонтъевтің әдістемелік маңызды бағыттарымен салыстырғанда тіл – бұл адамзаттың адамға деген демиургі болып келмейді дейді. Леонтьев бойынша басқа адаммен байланысқа түскен процесс бұл нақты заттық-практикалық бағыт. Жалпы мәлімдеме бойынша, тіл – бұл адамзаттың маңызды зат құралы.


жүктеу 222,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау