Тақырып 7. Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері
1. Орман ресурстары, оны пайдалану және қорғау
2. Өсімдіктердің, жануарлардың тіршілік үшін маңызы жіне оларды қорғау шаралары
3. Балықтар мен құстарды қорғау
4. Орман ресурстарын экономикалық бағалау
1. Орман ресурстары, оны пайдалану және қорғау
Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бір - орман болып табылады. Ол жер шарының 7% территориясын құрайды, бірақ биологиялық активті оттегінің 60% береді. 1 га орман тәулігіне 220-280 көмірқышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 оттегіні бөліп шығарады. Орман ауданы сауықтырушы, тазартушы қызметін атқарады, топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын болдырмайды, су көздерін қорғау қызметін атқарады және ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын, жел, құм, шаң болудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына құнды материал ағаш береді, орманда дәрілік, тағамдық, техникалық өсімдіктер, жеміс-жидектер өседі.
Қазақстан орман қорына бай емес, оның көлемі 21,2 млн. га. Ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден әкелінеді.
Орманның өзі мемлекеттік заповедниктер, су қорғайтын және ағаш өсетін ормандар болып бөлінеді.
Бағалы табиғат байлығы орманды қорғау еліміздің экономикасын нығайта берудің, экологияны жақсарта берудің басты шарты.
Орман шаруашылығының міндеттері:
орманды ұдайы, жаңғыртып отыру, құнды ағаштар отырғызу;
орманды қышқылдықтан және өрттен сақтау;
ормандардың өнімділігін молайту;
ағаштардың сапасын жақсарту;
өскен ағашты тиімді пайдалану;
ағаштардың денсаулық, табиғат қорғауда атқаратын рөлін сақтау.
2. Өсімдіктердің, жануарлардың тіршілік үшін маңызы және оларды қорғау шаралары
Табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бір – бірімен тығыз байланысты болады. Жануарлар тек өсімдіктермен қоректеніп қана қоймайды, сонымен қатар оларға пайда да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл газымен байытады, топырақты қилармен тыңайтады, өсімдіктерді тозандандырады және өсімдіктердің бір ауданнан екінші ауданға таралуына көмектеседі. Қазақстанда балықтың 104 түрі, құстың 488 түрі және сүт – коректілердің 175 түрі өмір сүретіндігін айтсақ та жеткілікті. Елімізде осындай табиғат байлықтары қорғауға алынып, олардың қорының молаюына мүмкіндік жасау нәтижесінде аң-құстардың бірнеше түрінің саны айтарлықтай өсіп, халық шаруашылығында пайдаланып отыр.
Біздің өңірде дәмді еті және құнды терісі үшін аңдардың 60-тан астам түрі ауланды. Олардың ішінде бастылары – ақ тиін, бұлғын, суыр, дала күзені, түлкі, ақбөкен, елік.
Мамандар жануарлар сиректеу қоныстанған ормандарға, жасыл кілем жамылған өзен – көлдерге аңдардың жаңа түрлерін жерсүндіру мәселесімен шұғылдана бастады. Америкадан әкелінген ондатра, су күзені сияқты аңдарды елімізге тарату үлкен табыспен аяқталды.
Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі немесе екінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Мұның бәрі тарихи дамудың барысында климат жағдайы, ланшафтың өзгеруінен және өзара тіршілік үшін күрестін нәтижесінде пайда болған құбылыс.
Адамдардың жануарға тигізетін әсерін тікелей және жанама деп 2-ге бөлуге болады.
Тікелей әсер етуге жануарларды қуалау, құртып жою және бір жерден екінші жерге көшіру жатады. Жануарлардың ішінде көбірек азап шегетіндер кәсіптік маңызы үшін ауланатындары. Адамдардың жануарларға тікелей әсеріне арам шөптер мен а/ш-ғаның зиянкестермен күресте химиялық заттардан өлетін жануарларды да жатқызуға болады.
3. Балықтар мен құстарды қорғау
Сонғы кездері республикамызда балық өнімдері азайып келеді, әсіресе Арал, Балқаш, Алакөл су бассейндерінде. Бұлда табиғатты дұрыс пайдаланбаудың бір көрнісі. Жылдық аулайтын балық шамасы 50 мың. тоннаға кеміді.
Аралдың балық өндірістік қоры таусылды деуге болады. Кезінде мұнда жылына 20 мың тонна балық өндірілген. Балқаш балығы 10 мың. т; Бұқтырма су қоймасында – 6 мың. Т; Алакөлде – 3% кеміді. Басқа да су қоймаларында да осындай құбылыс байқалуда. Осы жағдайларда балық өнімдерін өсірудің басты бағыттары мыналар:
барлық су қоймаларын балықтандыру, балықтың құнды түрлерін өсіру;
балық шаруашылығын жетілдіру, жас шабақтарды өсірумен айналысатын шаруашылықтар құру;
балықты қорғау жұмыстарын жақсарту, мұнда әкімшілік шаралармен қоса экономикалық шараларды кеңінен қолдану;
су қоймаларын, өзендерді пайдалануды реттеу.
Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының болжамы бойынша осындай шаралар жүзеге асырылғанда таяу жылдарда жылдық өнеркәсіптік балық аулау деңгейін 46 мың т. арттыруға болады.
Халықаралық «Қызыл кітапқа» ҚР территориясын мекендейтін аң-құстың 24 түрі (аңның 16 түрі мен құстың 8 түрі) еңгізілген. Олардың құрамында Қазақстан жерінде тіршілік ететін құлан, қарақұйрық, барыс, қызыл қасқыр, қарақал, гепард, көк суыр, кәмшат, ақ тырна мен реликті шағала сияқты жануарлар бар. Осы «Қызыл кітапқа» тізімі тіркелген хайуанаттарды қорғап, қорын молайтып отыру жауапкершілігі сол аң – құс мекендейтін елге жүктеледі. Сол себепті соңғы кезде әр елде осы тектес ұлттық «Қызыл кітаптар» шығарылуда. Мұндай кітап біздің елімізде бар.
4. Орман ресурстарын экономикалық бағалау
Орман қорын экономикалық бағалау, оның потенциалды өнімділігіне сүйенуі тиіс. Сонымен қатар, орман өсіру кезінде аралық кесімдерден алынатын тиімдер ескерілуі тиіс. Орманның потенциалды өнімділігін нақты орман шаруашылық аудандары бойынша, ондағы басым ағаш түрінің өсіп жетілу жасына сәйкес анықталды.
Орман қорының экономикалық бағасы деп оны тиімді, кешенді пайдаланғандағы алынатын барлық потенциалды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімдерді, яғни орманның халық шаруашылығы құндылығының ақшалай өлшемі деп ұғамыз. Орман қоры ретінде ондағы ағаш қоры, орман жері, қосымша және жанама өнімдер, орманның экологиялық қызметтер бағаланады.
Орман ағаш қорының экономикалық бағалануы:
Rд=∑t-1
Мұнда Ма - кесілмеген жарамды ағаш;
Га - кесілген ағаштан алынатын жылдық рента;
Т-ағаштың кесілмеген жарамды жасы;
t-ағаш қорын бағалау жасы;
Негізгі кесімге дейін санитарлық тазарту, күтіп-баптау, сирету кесімдері жүргізіледі, осы мақсаттарда кесілген ағаштар да экономикалық бағалауға қосылады.
Тақырып 8. Әуе кеңістігін қорғаудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері
1. Ауаның маңызы және оның құрамы
2. Әуе бассейінін қорғау
3. Әуе кеңістігінің сапасын бағалау
1. Ауаның маңызы және оның құрамы
Атмосфера гректің тілінен «бу» және «шар» деген сөзіне шыққан. Ол жерді айнала қоршап тұрған газды қабат. Оның қалыңдығы 100 км - ге дейін жетеді. Ауа әр түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамы, негізінен, азот пен оттегінен тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында да бар. Жер бетіндегі тіршілік тек ауа бар жерде ғана болады. Ауа планетаның сыртқы қабығы, ел тіршілік атаулының бәрін космостың ультракүлгін сәулелерінің жерінен сақтайтын өзендік еркешіліге бар қабат.
Атмосфера төмендегідей негізі қабаттардан тұрады. Ауаның негізі бөлігі (80%) жердің төменгі тропосфера қабатында шоғырланған. Бұл қабат жер белдеулеріне байланысты 8 - 17 км биіктікке дейін барады. Одан әрі 18 - 20км -лік биіктікте температураның төмендеуі тоқтап – 60 - 70º С көлемінде болып тұрады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза дейді.Келесі стратосфера қабаты жердің бетінен 20-50 км биіктікте. Ауаның қалған бөлігі осы қабатта. Мұнда жердің бетінен әр км-ге биіктеген сайын температура 1- 2 ºС ға жоғаралайды, 50 - 55 мм биіктігі стратопаузадағы температура 0ºС - ға жетеді
Одан әрі мезасфера қабаты 55 – 80 км биіктікте орналасқан. 80 км биіктікте мезопаузада температура 75 – 90 ºС жетеді.
Одан жоғары - ионосфера мен экзосфера 1500 – 3000 км дейін орналасқан.
Атмосфераның ауасы бірнеше газ затарының жиынтығынан тұрады,оны мына таблицадан көруге болады.
2. Әуе бассейінін қорғау
Ауа екі жолмен ластанады:
табиғи;
адамның іс- әрекеті нәтижесінде.
Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының угітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттеулуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Ауада үнемі бактериялар, оның ішінде ауру тудыратындары да бар.
Ауаның табиғи жолмен ластануы қандай дәрежеде өтсе де атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды. Жер бетінде ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған ұлы заттарды шалғай жатқан екінші аудандарға таратады.
Ауаны ластаудың негізі көздері.
жылу электростанциясы;
металлургия;
химия, мұнай өндіретін, цемент және басқа да заводтар мен фабрикалар.
Ауаның құрамында бірнеше зиянды қоспалар болады. Соның ішінде адам, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне ең қауптісі - радиоктивтік заттар. Олар ауадан жерге жауын - шашынмен түседі, жер бетіндегі судың, топырақтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың денесіне шоғырланып радиактивтік әсер ететін мөлшерін арттырады. Радиактивті заттар адам организміне әр түрлі жолдармен кіреді.
Ауаның ластануы жануарларға да белгілі әсерін тигізеді. Ауада тұман мен түтіннің пайда болуының салдаранан жаппай үй малдары шығынға ұшырағаны белгілі. Құрамында молибден бар ауа үй малының организмінде мыстың азаюына әкеліп, малдың азыққа деген шабытын төмендетеді.
3. Әуе кеңістігінің сапасын бағалау
Атмосфераны ластаудан қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау әр түрлі деңгейлерде шешімдер қабылдау үшін қажет болады. Бұл өте күрделі мәселе. Сондықтан атмосфераның ластануынан болатын экономикалық зиянды анықтау өте күрделі, бірак қажетті жұмыс. Ол үшін: жеке зияндарды тура есептеу; ластау мөлшерімен зиянның сандық сипатын аныктау, халықтын денсаулығына, шаруашалықтық әр саласына, табиғат кешіндеріне келетін өзіндік зияндары анықтау; ластаушыларын жиынтық (энергиялық) әсерін анықтау, ластаушылар әсерінін өзіндік нормаларын анықтау және т.б әр түрлі әдістер қолданылады. Осы аталған әдістерді қолданып экономикалық зияндар бірнеше көрсеткіштер кешенімен есептеуге болады. Олар натуралдық салыстырмылы дәрежелік сандық және сапалық корсеткіштер.
Экономикалық зиянды есептеудін негізі үш тәсілі колданылады.
тура есептеу;
талдау және факторлар бойынша есептеу;
тәжиребе негізінде болжау және сарапшылардың бағалауы.
Тура есептеу тәсілі бойынша аймактағы кәсіпорындар тағы баска атмосфераны ластаулар шығаратын зиянды заттар саны және сипаты аныкталады. Содан кейін шығарылатын ластаушы заттардың атмосферада таралу немесе шоғарлану мүмкіншілігі анықталды.
Факторлық талдау тәсілі бойынша экономикалық зиян шамасына әсер ететін факторлар аныкталды, олардын экономикалық зиян шамасымен байланысы анықталады.
Тәжірибелік тәсілде атмосферанын ластауынан болатын зиян әрбір рецементтер бойынша орындарында, шағын өндірістерде, кәсіпорындарда, аймақта тексеріледі және алынған нәтиже кең аумакта сала бойынша, аймакта сондай болды деп болжам жасалады.
Тақырып 9. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану және бағалау
1. Табиғаттың экономикалық құндылығын анықтаудың қажеттілігі
2. Табиғат байлығын кешенді пайдалану тиімділігі
3. Табиғат пайдалануды экономикалық реттеу инструменттері
1. Табиғаттың экономикалық құндылығын анықтаудың қажеттілігі
Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік. Табиғат қорғау шаралары да кешенділікті талап етеді.
Кешенді пайдалану деп - табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану - өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану.
Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану - кен қорын және оны өңдіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы; кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; экономикалық тиім және тиімділік, т.б.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану көрсеткіштері: кешенді пайдалану дәрежесі - тауарға алынған элементтер саны; минералдық шикізат қорын толық пайдалану - кеннің құрамындағы элементтерді айырып алу; жалпы көрсеткіш - тауарға алынған элементтер құнының кеннің құрамындағы элементтер құнына қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі - экономикалық тиімдер сомасының шығынға қатынасы.
Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген (жоғалтылған) қалдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін немесе алынған өнім мен есептелген өнім шамасын салыстырады.
2. Табиғат байлығын кешенді пайдалану тиімділігі
Минералдық шикізат қалдық шығарылмай кешенді пайдаланылатын болса табиғи ортаны ластамайды, қолайлы әсерін тигізеді. Соның салдарынан өсімдіктердің, жануарлардың өсіміне, адамдардың денсаулығына зиян келмейді, судың, ауаның, топырақтың тазалығы сақталады, негізгі қордың, басқа да мүліктердің тозуы тездетілмейді, пайдаланылатын табиғат ресурстары артады, т.б.
Кешенді пайдаланудың мұндай нәтижелерінің біршамасын экономикалық көрсеткіштермен айқындауға болады: нақты шығындар, болдырмаған шығын немесе орнын толтыру шығындары бойынша. Әйткенмен табиғат ресурстарын кешенді пайдаланудың толық нәтижелері нақты көрсеткіштермен есептеуге келмейді. Сондақтан кейбір нәтижелерді арнаулы әдістер қолданып есептеуге тура келеді.
Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану тиімділігі тек олардың саны мен сапасына ғана байланысты емес, олардың аймақтық үйлесімділігін тұтынушыларға жақындылығын, еңбек ресурсымен қамтамасыз ету жағын да қамтиды. Сондықтан табиғат ресурстарының аймақтық үйлесімділігін экономикалық бағалау қажеттігі туады.
3. Табиғат пайдалануды экономикалық реттеу инструменттері
Табиғат ресурстарын кешенді пайдаланумен байланысты табиғат сыйымдылығын ұмытпауымыз керек. Ол әрқашан өндірісті шоғырландыруды шектеуші фактор болады. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалануға байланысты өндірістің шоғырлануы артқанда, экономикалық тиімділік артады, бірақ табиғи ортаға зиян да еселеп артады, яғни жалпы экологиялық, әлеуметтік, экономикалық тиім кемиді. Сондықтан табиғат сыйымдылығын әрқашан ескеру керек.
Табиғат сыйымдылығын кешенді пайдаланудың тағы бір ерекшелігі, оның барлық табиғат пайдаланушыға бірдей болатындығы. Және табиғат пайдаланушылар өзіне тиістісін бөліп алып, басқалардың қажеттерімен санаспай оны пайдалана алмайды.
Табиғат сыйымдылығы барлығымызға ортақ, сондықтан да кешенді пайдалануды талап етеді. Табиғи тепе-теңділік заңдылығы да осы табиғат сыйымдылығына байланысты. Адамзат тіршілігінде мұндай заңдылықтың сақталуы үшін табиғат сыйымдылығын пайдалануды реттеп отыру керек.
Сонымен табиғат ресурстарын, оның ішінде табиғат сыйымдылығын, кешенді экономикалық бағалау мағынасы оларды үйлесімді пайдаланғанда алынатын қосымша тиімді барлық экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімдерге қоса есептеу. Кешенді экономикалық бағалау да барлық табиғат ресурстарын экономикалық бағалау сияқты ренталық қағиданың негізінде жүзеге асырылады.
Тақырып 10. Табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық жетістіктер.Өндірістік-шаруашылық қызметтерді экологиялау
1. Табиғат пайдаланудағы ғылыми- техникалық жетістіктердің маңызы мен ролі
2. Өндірісті экологизациялау: маңызы, көрсеткіштері, экономикалық тиімділігі
3. ҒТЖ –дің жаңа энергия түрлерін пайдалану
1. Табиғат пайдаланудағы ғылыми- техникалық жетістіктердің маңызы мен ролі
Ғылыми-техникалық жетістіктер (ҒТЖ) табиғатты қорғау, пайдалану, оның тиімділігін арттыру жолында зор мүмкіншіліктер ашады. Соңғы ғасырда әсіресе оның екінші жартысында, ҒТЖ арқасында табиғат пайдалану, оның байлығын игеру қарқыны әсіресе артты. Өнеркәсіп бірнеше есе өсті, шикізатың жаңа түрлері іске қосылды, энергия қуатын, жер қойнауы мен теңіз байлықтарын пайдалану көбейді. ҒТЖ адамдарға жаңа құралдар, машиналар, химиялық заттар шығаруға, олардың үлкен күшке айналуына көмектеседі. Осының арқасында адамдардың мүмкіншілігі, табиғи ортаға тигізетін әсері артты.
ҒТЖ табиғатқа екі жақты әсер етеді. Бір жағынан, өндіріске көп мөлшерде шикізат қолданылып, өнідіріс қалдықтары көбейіп, оның табиғи ортаға әсері артып, табиғи орта ластанады. Екінші жағынан, ҒТЖ нәтижесінде өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын шикізат мөлшері азаяды, технологиялық процестер жетілдіріледі, олардың табиғатқа зиянды әсері шектеледі, шикізаттың бір түрі екіншімен алмастырылады, қалдықтар қайта қоланылады және табиғат қорғау шараларын ауқымды жүргізуге мүмкіндік ашылады. Табиғи және антропогендік апаттарға жол бермеуге, олардың зиянын азайту мүмкіндіктер туады.
2. Өндірісті экологизациялау: маңызы, көрсеткіштері, экономикалық тиімділігі
Қазіргі кезге дейін өнідірісті экологизациялау бір жақты жүзеге асырылып келеді. Негізінен өнідіріс қалдықтарын залалсыздандыру, оларды тазалау, үйіп қоюмен ғана айналысып келеміз. Оның екінші тереңдеу жағы қалдықтарды болдырмау, табиғат ресурстарын үнемдеу мықты қолдау таппай келеді. Мұның нәтижесінде табиғат қорғау шығындары артып отыр. Жалпы табиғат қорғау шығындарынан басқа өндірістің әр саласында табиғат қорғау шығындарының үлес салмағы өсіп келеді.
ҒТЖ маңызды бағыттары ретінде табиғат ресурстарын кешенді пайдалану, өнідіріс және тұтыным қалдықтарын қайта пайдалануды болады. Қалдықтарды қайта пайдалану барлық елдерде, әсіресе өнеркәсібі дамыған елдерде тез қарқынмен дамып келеді. Мысалы, Жапон, Германия елдерінде қалдықтардың 40 пайызынан астамы қайта қолданылады.
Ең маңызды принцип шикізатты және отын энергия қорын кешенді пайдалану. Өйткені табиғи ресурстары, әсіресе минералдық шикізат бірнеше элементтер мен компоненттерден тұрады. олардың тек қана біреуін немесе негізгі бірнешеуін ғана пайдалану, қалғандарының ысырап болуына әкеліп соғады. Кейде қосымша элементтердің құндылығы негізгі элементтерден артық болады.
3. ҒТЖ –дің жаңа энергия түрлерін пайдалану
ҒТЖ нәтижесінде механизациялау автоматтандыру арқылы табиғат байлығын игеру ауқымы артты. Мысалы қуатты экскаваторлар көмірді ашық әдіспен көптеп өндіру әдістері арқасында, олардың өндірілу шамасы артты; құбырларымен тасымалдау, сұйылтып тасымалдау мүмкіндігі туды. Кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу әдістері жетілдірілуде. Пайдалы қазбаларды геофизикалық барлау, ғарыштан барлау әдістері кеңінен қолданыла бастады.
Осы жағдайда бірден бірі тиімді жол ҒТЖ-ді пайдалану, әсіресе отын энергиясының жаңа көздерін жаңа технология, жаңа материалдар игеру. Энергияның табиғи ортаны ластамайтын көздерін пайдаланудың болашағы зор. Геотермал және гелиотермал энергиясын, жел энергиясын пайдалану ҒТЖ нәтижесінде ғана мүмкін болады. Күн және жел энергиясының Қазақстан үшін әсіресе маңызы зор. Бірақ, күн энергиясын пайдалану технологиясы әзірше өте қымбат.
ҒТЖ-дің басты бағытының бірі табиғат ресурстарын үнемдейтін жаңа материалдар, жаңа технология, жаңа техника қолдану арқылы табиғатқа өнідірістің жағымсыз әсерін азайтады. Жалпы ҒТЖ табиғат ресурстарын пайдалануды түбегейлі бағытталуы керек. Оның ішінде қалдықсыз технология қолдану аса маңызды.
Тақырып 11. Табиғатты пайдалану төлемдері
1. Табиғат ресурстарын пайдаланған үшін төлемдер түрі
2. Атмосфераны ластағаны үшін төлемдер
3. Жер ресурстарын, суды ластағаны үшін төлемдер
1. Табиғат ресурстарын пайдаланған үшін төлемдер түрі
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты оларды ақылы пайдалану екенін аңғардық. Өйткені табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды, мүдде арқылы ынталандырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.
Табиғат пайдалану төлемдері негізінен табиғат қорғау, тиімді пайдалану мақсатында экономикалық ынталандыру үшін қолданылатын басқару тетігі болып табылады. Олар табиғат қорғау заңдарының іске асырылуын қамтамасыз етеді және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көмегін тигізеді. Ал ең негізгі қызметі табиғат қорғау, тиімді пайдалану шараларына ынталандыру, жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Табиғат ресурстарының түріне байланысты әмбебап пайдаланатын, арнайы пайдаланатын ресурстарға төлемдер ерекшеленеді. Әмбебап пайдаланатын ресурстарға жер, су, ауа, т.б. ресурстар жатады. Арнайы пайдаланатындар - орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар.
Экономикалық мағынасына, атқаратын қызметіне карап төлемдерді:
1.табиғат ресурстарын пайдалану құқығы;
2.табиғат ресурстарын пайдалану;
3.табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру;
4.табиғат ресурстарын пайдалануды шектегені үшін;
5.табиғи ортаны қорғау;
6.табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төлемдер деп сұрыптауға болады.
2. Атмосфераны ластағаны үшін төлемдер
Төлемдер атмосфераға ластаушы заттар шығарғаны, суға ластаушы заттар төккені және жерге қалдықтарды орналастырғаны үшін алынады. Төлем нормативі ластауды болдырмау және ластану зардаптарын жою шығындары бойынша ластаушы заттардың әрбір шартты өлшеміне белгіленеді.
Төлемнің келесі түрі табиғат ресурстарын пайдалану (тиімді пайдалану) шектелген жағдайда алынбаған (жоғалтқан) табыстың орнын толтыру қызметін атқарады. Төлем табиғат ресурстарын шектеуші заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылық пайдасынан алынады. Шектеудің сипатына қарай төлемдер бір мерзімдік немесе ағымдағы болуы мүмкін. Төлемдердің бұл түрін қолдану әсіресе әмбебап ресурстар (жер, су) үшін аса маңызды. Ресурстардың шектеулілігі оларды бір мақсатқа пайдалану екінші мақсатқа пайдалануды шектейді (болдырмайды). Мысалы, ауыл шаруашылық жерге құрылыс салынғанда, ауыл шаруашылық өнімдер өндіру мүмкіндігі шектеледі.
Табиғат қорғау заңдары, ережелері, тәртіптері бұзылғанда алынатын төлемдер айып салу сипатында болады және келтірілген зияннан артық мөлшерде белгіленеді.
Аталған төлемдерден басқа жер қойнауын кен өндіруден басқа мақсатқа пайдалану, техногендік минералдық ресурстарды пайдалану, т.б. төлемдер алынады.
Экономикалық бағытына қарап табиғат пайдалану төлемдерін: орнын толтыру, қайтару, алмастыру, компенсациялық, ренталық, айып, сыйлық төлемдері деп бөлуге болады.
3. Жер ресурстарын, суды ластағаны үшін төлемдер
Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі. Сондықтан жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекегіің өз ішінде жерге меншік, иелік ету әр түрлі топтардың арасында әр түрлі қатынастарды тудырады. Біреулер жерге иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері - жері жоқтар кедейленді. Осы қатынастар және жердің шектеулілігі жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерді тудырды. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс кезі болып келеді.
Жер жалпы халықтық меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жер салығы болды. Өйткені жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар жердің табиғи өнімділігіне және орналасу тиімділігіне байланысты дифференциапдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету мүмкін емес. Сапасы әр түрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып әр түрлә нәтиже алады. Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек. Бұл жер салығы арқылы жүзеге асырылады.
Жер салығының мөлшері жердің сапасына, орналасу тиімділігіне, сумен қамтамасыз етілгеніне және пайдалану бағытына байланысты анықталады.
Су қорын пайдалану төлемдері
Су ресурстарын пайдалану төлемдерін анықтау тәсілдерінде оның ерекшеліктері ескеріледі. Олар: судың орналасуы оны пайдаланудың аймақтық сипаты; су бассейніндегі судың сапасы біркелкі деуге болады; су өнімдердің заттық құрамына кірмейді, су әмбебап пайдаланылатын табиғат байлығы. Осы ерекшеліктеріне байланысты төлемдер құрамында суды қорғау, қалпына келтіру, жұмсалған шығындарды қайтару қызметі басты рөл атқарады, ал сапасына байланысты төлем қызметі екінші кезекте тұрады және онша ескерілмейді. Су ресурстарын пайдалану төлемдерін -су қорын пайдаланғаны үшін және су қорын қорғау (қалпына келтіру) төлемдері деп ажыратуымызға болады және соңғысы ең негізгісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |