Жұлдыз­жорамал 12 Жаңа жылды жаңа үйде қарсыламақ



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет11/11
Дата04.01.2018
өлшемі0,51 Mb.
#6967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

хаБар-Ошар

11

Сенбі,  30  желтоқсан  2017 жыл



«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк 

орталығында терiлiп, беттелдi.

"Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. 

Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46

Индексі: 65533 Таралымы: 14  000, 3  баспа табақ. 

Газет аптасына үш рет шығады.

Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Г. ҚОЛғАНАТОВА

Кезекшi редактор: 

с. әБІЛхАЛыҚОв

Меншік иесі: 

«Жайық Пресс» ЖШс 

Бас директор

Жантас Набиоллаұлы 

сАФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы 

ҒҰБАЙДУЛЛИН

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде

2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, 

Бас редактордың 

орынбасарлары 24-17-08,

                            54-18-08.

Редакция алқасы: Есенжол ҚыстАУБАЕв,

сырымбек тҰяҚОв

                   (бас редактордың орынбасарлары), 

Жаннат ЕсПОЛАЕвА (жауапты хатшы),

сәкен әБІЛхАЛыҚОв (қоғамдық-саяси бөлім),

Нұртас сАФУЛЛИН (гуманитарлық бөлім),

Нұрбек ОРАЗАЕв (экономика бөлімі).

Қолжазбаларға  пiкiр  айтылмайды  және  пайдала-

нылмаған  хат  авторларына  жауап  қайтарылмайды. 

Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым 

авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiр-

мейдi.  Редакция  тапсырысымен  жазылмаған  мате-

риалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» 

жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-

ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл-

данады.


белгісімен  жарияланған  материалдар  ақылы 

болып есептеледі.

Жауапты хатшы 54-38-22.

Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; 

Бухгалтерия 54-04-90. 

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru

телефондар:

А

Қаратөбе  ауданы  Шөптікөл  ауылының 



тұрғыны  болған,  ардақты  әке,  қамқоршы 

ата, сыйлы құда Алпысбай Оржанов егер 

де  қазір  ортамызда  болғанда,  желтоқсан 

айының 29 жұлдызында мерейлі 70 жасқа 

толар еді.

Сағына  еске  алып,  төмендегі  жыр-шу-

мағын  рухына бағыштаймыз.

Тең келмейтін алтын да еш қолдағы, 

Өзің едің, әке, үйдің зор бағы. 

Жарық берер айымыздай көктегі, 

Болушы едің жанымыздың қорғаны. 

Құдамызды еске аламыз сағынып,

Бұл өмірдің заңына біз бағынып.

Жанарларды  жәудіретіп мәңгілік, 

Кеттің, құда жанымыздан жырақтап. 

Немере-жиендерің сағынады өзіңізді,

Еске сақтап әрбір сіздің сөзіңізді.

Ел сыйлаған адам болған атамыз,

Мақтанышпен, зор құрметпен айтамыз.

Сіз кеткенде жанарлар да жылап тым, 

Жігеріміз кетті сынып, сұлап мың. 

Жан әкешім, жаның болғай әрқашан, 

Ең ерекше, ақ төрінен жұмақтың.

Сағына еске алушылар: бала­келіндері,  

қыз­күйеу балалары, немере­жиендері, құда­құдағилары 

және барлық тума­туыстары

Орал қаласының тұрғыны болған, сүйік- 

ті қызымыз Айнұр Аманқосқызының дү-

ниеден өткеніне 10 жыл болуына орай ес- 

ке ала отырып, мына жүрекжарды шумақ-

тарымызды арнаймыз:

Он жыл өтті әлі жүрміз сағынып,

Сұм тағдырдың дегеніне бағынып.

Қимастықпен еске алғанда өзіңді,

Жанарлардан жас кетеді ағылып.

Ашық жан ең, жүруші ең еркелеп,

Айтатын-ды Айнұр біздің ерке деп.

Әлі күнге орның тұр ғой ойсырап,

Неге кеттің, неге кеттің ертерек?

Әкеміздің бір қызы ең ұнатқан,

Ұйықтай алмай өткізетін ұзақ таң...

Ол жақтағы бауырлармен қосылып,

Орын алып жатшы, қарғам, жұмақтан!

Әкесінің кенже қызы, еркесі,

Ол да кетті жазмышқа не істерсің?!

Қос құлынды мәңгілікке, періштем,

Жолын ақ қып, қорғап сақтап жеберсің!

Қос құлының ер жетуде, ес кіріп, 

Тәрбиеге тартамыз ғой есті ғып.

Анасының алақаны жетпейді-ау,

Қанша жерден жатсаң-дағы иіскелеп.

Нарық мына жатса дағы есті алып,

Өзгелердей жүрген жоқпыз кеш қалып,

Жақын-жуық, бар ағайын жиналып,

Дұға етіп отырамыз, еске алып.



Еске алушылар: анасы Айғанша, ұлдары Мерлан, 

Бейбарыс және барша бауырлары

Мемлекеттік  мекемесі  «БҚО  жо-

лаушылар  көлігі  және  автомобиль 

жолдары  басқармасы»  «БҚО  Чапаев 

ауылы  аумағында  Орал  өзені  арқылы 

өтетін автомобиль көпір өткелін салу» 

жобалық-сметалық  құжаттама  жұмыс 

жобасы  бойынша  қоғамдық  тыңдау-

лар өтетінін хабарлайды. 

Өтетін уақыты мен орны: 

2018 ж., 19 қаңтар, сағат 15.00, БҚО, 

Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70.

Қорытындысы бойынша жұмыс жо-

басын  мемлекеттік  экологиялық  са-

раптама жүргізуге тапсырылады.



Ақпараттық  хабарлама

«Орал  газтурбиналы  электр  станциясы»  ЖШС  

химиялық  тұзсыздандырылған  ауасызданды-

рылған  суды  сатып  алу  бойынша  2017  жыл- 

дың  28  желтоқсанында  Қазақстан  Республи- 

касы,  БҚО,  Зеленов  ауданы,  Мичурин  а.  о.,  

Мичурин  ауылы,  Шаруашылық  2/1  мекенжа-

йында  өткізілген  тендердің  нәтижесін  хабар-

лайды.  

Комиссия шешімімен 2017 жылдың 28 жел-

тоқсанындағы  тендер  қорытындысы  бойын- 

ша тендерге қатысу туралы өтінімдердің бол-

мауына байланысты тендер өтпеді деп таныл-

ды. 


Батыс  Қазақстан  облысының  мамандандырылған  ауданаралық 

экономикалық  сотының  (МАЭС)  2017  жылдың  25  желтоқсанында- 

ғы  ұйғарымымен  ЖСН  600514300486  Манасян  Саркис  Акопович  

ЖК-сын банкрот деп тану туралы іс қозғалды. 

«Орал газ турбиналы электр станциясы» ЖШС жылу қуа- 

ты өндірісіне қажетті шығындары Қазақстан Республикасы- 

ның  Ұлттық  экономика  министрінің  2015  жылғы  20  қаң-

тардағы  №18  бұйрығымен  бекітілген  реттеліп  көрсетілетін 

қызметтердің  (әрі  қарай  –  ережелер)  тарифтерін  (бағала- 

рын,  алым  ставкаларын)  немесе  олардың  шекті  деңгейін 

және  тарифтік  сметаларын  бекіту  барысында  ескерілетін 

химиялық  тұзсыздандырылған  ауасыздандырылған  суды 

(әрі  қарай  –  тауар)  сатып  алу  бойынша  тендер  өткізілеті- 

нін хабарлайды.   



Тауарды  жеткізу  орны:  ҚР,  БҚО,  Зеленов  ауд.,  Мичу- 

рин а. о., Мичурин ауылы, Шаруашылық көшесі 2/1.



Сатып алынатын тауардың көлемі: 300,0 м³

Сатып алуға бөлінген сома: 535 500,0 теңге ҚҚС-сыз 

Тауарды жеткізудің талап етілген мерзімі: келісімшартқа 

сәйкес

Жеткізілетін тауар техникалық сипаттамалар мен норма-



ларға сәйкес келуі тиіс. 

Тендерге  қатысуға  ережелердің  7  тармағында  көрсетіл- 

ген  біліктілік  талаптарына  жауап  беретін  барлық  әлеуетті 

өнім берушілер жіберіледі.

Тендерлік  құжаттама  пакеті  Зеленов  ауданы,  Мичурин  а.о.,  

Мичурин  ауылы,  Шаруашылық  көшесі,  2/1  мекенжайы  бо-

йынша 2018 жылғы 19 қаңтарды қоса алғанда сағат 16.00-ге 

дейін қабылданады.

Тендерлік құжаттама тегін беріледі.

Әлеуетті өнім берушілер тендерге қатысуға арналған өті- 

ніштерді конвертке салып, Зеленов ауд., Мичурин а. о., Мичу- 

рин  ауылы,  Шаруашылық  көшесі,  2/1  мекенжайында  орна-

ласқан «Орал газ турбиналы станциясы» ЖШС-ға келіп тап-

сырады. 


Тендерге  қатысуға  өтініштерді  қабылдау  мерзімі  2018 

жылдың 22 қаңтары сағат 10.00-де аяқталады. 

Тендерлік өтініштер салынған конверттер Зеленов ауда-

ны,  Мичурин  а.  о.,  Мичурин  ауылы,  Шаруашылық  көшесі,  2/1 

мекенжайында 2018 жылдың 22 қаңтары күні сағат 11.00-де 

тендерлік комиссияның қатысуымен ашылады. 

Тендерлік  өтініштер  салынған  конверттерді  ашу  бары-

сына  әлеуетті  өнім  берушілердің  өздері  немесе  олардың 

өкілдері  (бірінші  басшысының  қолы  қойылған  және  мөрі 

басылған сенімхатты ұсынған жағдайда) қатысады.

Қосымша  мәліметті  және  анықтамаларды  8/7112/98-13-54  

телефоны арқылы алуға болады. 



Жылу  қуаты  өндірісіне  қажетті  химиялық  тұзсыздандырылған   

ауасыздандырылған  суды  сатып  алуға  тендер  жариялау

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 

Батыс Қазақстан өндірістік филиалы 

тұтынушыларының назарына  

«ҚазТрансГаз  Аймақ»  АҚ  Батыс  Қазақстан 

өндірістік филиалы Батыс Қазақстан облысы тұ-

тынушыларының  назарына  2018  жылғы  1  қаң­ 



тардан  бастап  Табиғи  монополияларды  реттеу  

және  бәсекелестікті  және  тұтынушылардың  құ-

қықтарын қорғау комитетінің 2017 жылғы 28 жел-

тоқсанның  №35-21-17/15245  хатына  сәйкес  газ 

босату  бағасының  1000  м

3

  газ  үшін  босату  баға- 



сы келесіні құрайтынын жеткізеді: 

Таратушы  құбыр  жолдары  арқылы  газды 

тасымалдауға тарифті қоспағанда:

-  жылу  энергиясын  өндіруге  тауарлық  газды 

пайдаланатын  халық  пен  заңды  тұлғалар  үшін 

және заңды тұлғалар мен өзге де заңды тұлғалар 

үшін – ҚҚС есепке алмағанда 13 067,96 теңге;

Таратушы  құбыржолдары  арқылы  газды 

тасымалдауға тарифті ескере отырып:

- халық үшін және халық үшін, заңды тұлғалар 

және өзге заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын 

өндіруге  тауарлық  газды  пайдаланатын  заңды 

тұлғалар үшін – ҚҚС есепке алмағанда 15 903,88 

теңге.

Алғыс айтамын

Жуырда аудандық саз мектебі мен  

мәдениет үйінде жұбайым Қонысбай  

Борамбаевтың 70 жылдығына арналған еске 

алу  кеші өтті.

Осынау  үлкен  шараны  өткізуге  мұрындық  бол- 

ған Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахым-

жановқа,  аудандық  саз  мектебінің  басшысы  Қуаныш 

Дүйсекешов пен  мәдениет үйінің басшысы Милат 

Насыровқа  және  өзге  де  әріптестеріме  отбасым- 

ның атынан алғыс айтқым келеді. 

Айта  кетсек,  1972  жылы  Сайқын  ауылындағы 

мәдениет  саласының  дамуына  менің  жұбайым 

Қонысбай  Борамбаев  және    Уәли  Ғаббасов  екеуі   

зор  үлес  қосқан.  1975  жылы  марқұм  Есенғали 

Ізғалиев  саз  мектебін  ашып,  Қонысбайды  сол  мек-

тептің басшысы  ретінде сайлады.  Сол мектепте   үш  

адам  жұмыс жасадық.  Меруерт Бисенғалиева есім- 

ді  әріптесім  баяннан,  мен  фортепианодан  сабақ 

бердім. 


Жұбайым  Қонысбай  Бекбауұлы  еліне  елеулі, 

халқына қалаулы азамат еді. Бұл фәниден өткеніне 

ақпан  айында  10  жыл  толады.  Бақилық  болғанына 

біраз  уақыт  өтсе  де  жасаған  еңбегін  ұмытпай,  шы-

ғармашылық  кешін  өткізіп  берген  ордалықтарға 

және аудан басшыларына алғыс айтамын. 



Игі тілекпен: марқұм Қонысбай Борамбаевтың 

зайыбы Балауса, балалары Армат, Арман және 

қызы Ақтоты, сондай­ақ келіндері, 

жиендері, немерелері

А



кЕрУЕН Сарай

12

Сенбі,  30  желтоқсан   2017  жыл

Құттықтаймыз!

Шыңғырлау 

ауданының 

тұрғыны, 

аяулы  жар,  ардақты  ана,  сүйікті  әже 

Сәуле  Ерболқызы  ОРАЗҒАЛИЕВАНЫ

 

мерейлі  65  жасымен  шын  жүректен  құт-



тықтаймыз!

Ортамыздың сәні болып жүріңіз,

Сізге арналды тілек пенен гүліміз.

Жүз жасаңыз, денсаулық та зор болсын,

Құтты болсын 65 деген жасыңыз.

Игі тілекпен: жұбайыңыз, 

ұл­келіндеріңіз, қызыңыз, 

немерелеріңіз, жиеніңіз

Жұлдызшылардың айтуынша, Ит жылы үлкен мүмкіндіктердің ашылып, үміттердің ақталатын жылы болмақ. Ит – достыққа 

адал, жауапкершілігі мол, батыл және қайратты жаратылыс иесі. Алайда тығырыққа тіресеңіз, айбарына мініп, қаһарын 

айналасындағыларға төгетіні де бар. 

Ит жылы жарық дүниеге көрінген ер адамдар басшы болғанды қалайды. Келер жылы кез келген іске білекті сыбана кірісіп, 

жоспардағы жобалардың барлығын бір мезетте іске асыруға талпынады. Алайда бастаған істерінің барлығы дерлік сәттілік 

әкелмеуі мүмкін. Егер олар бір іске бар назарын аударса, 2018 жылы қызмет бабында  жоғарыламақ. Ал Ит жылы дүниеге келген нәзік 

жандылардың арасындағы тұрмыс құрмағандары махаббаттарын кездестіріп, жар атанбақ. Балалы болғысы келгендер перзент 

сүйеді. Яғни олар үшін отбасылық қуанышқа кенелетін жыл туғалы тұр.  

Тоқты  

Сіз өмірге ғашық жандардың қатарынансыз. Үнемі 

ізденіс пен талпыныста жүретіндігіңізден 2018 жылы 

еңбегіңіздің нәтижесін көре бастайсыз. Бұл жыл сіз 

үшін аса табысты болмақ. Қаржыңыз бен күшіңізді 

қажет жерде ғана жұмсауды үйренгеніңіз абзал. Қызмет 

бабымен жүріп, шаңырағыңызды шайқалтып алмаңыз. 

Келесі жылы сапарға шыққанда абай болыңыз, өзіңіз 

қаламаған жаққа бармағаныңыз дұрыс. Жазға таман 

тұрғын үй мәселесі туындауы мүмкін. Жаңа үйге 

көшуіңіз де ықтимал, құрылыс жұмыстары секілді 

бірнеше жауапкершілігі мол  істер күтіп тұр. 2018 жылда  

отбасыңыз  толығып,  қызметі жетістіктермен аяқтайсыз.

Торпақ 

Сіз сәттіліктің адамысыз. Келер жылы өзіңізге ашыл- 

ған мүмкіндіктердің көптігімен өзгелерді таңдандыра- 

тын боласыз. Сізге қызыға да, қызғана да қарайтын жан- 

дар кездеседі. Ит жылы сіз үшін махаббаттың, кәсіпкер- 

ліктің, өрлеудің жылы болмақ. Сондай-ақ денсаулығы-

ңызға көңіл бөліп, спортпен шұғылданыңыз. Отбасыңыз-

ға көбірек назар аударып, отбасылық саяхатқа шығып 

тұрсаңыз, нұр үстіне нұр болмақ. Қызмет барысында 

серіктестікте сақ болыңыз. Өзіңіз 100% сенетін жандар-

мен ғана серіктес болғаныңыз жөн. 

Егіздер 

2018 жылы туған-туыстарыңызбен ара қатынасыңыз 

жақсарып, бұрынғыдан да жақсы араласа бастайсыз.  

Өз ісіңізді ашуға мүмкіндік туғалы тұр. Бұл жылы  

білім аламын десеңіз де, шығармашылықпен  

айналыссаңыз да мол табысқа кенелесіз. Жылдың  

алғашқы тоқсанында тұрғылықты жеріңіз бен 

жұмысыңызды ауыстыруға өте  

ыңғайлы ұсыныстар жасалмақ. Отбасыңызбен  

кеңесіп, тиімді ұсыныстарды қабылдаңыз.



Шаян 

Шаян жылы туғандар келер жылды отбасы мен 

балаларына арнайды. Өйткені перзенттері өз жетістігі-

мен қуанта тұрып, кейде алаңдауға мәжбүрлейді. Егер 

үйленбеген, тұрмыс құрмаған болсаңыз, сізге сезім 

білдірушілер қатары бірден артады. Жаныңыз қалаған 

жұмыспен айналысыңыз. Көпшіліктің алдына шығып, 

аяқ астынан танымал болып кетуіңіз де мүмкін. Жаңа 

жоспарлар мен жобалар ойлап табасыз. Жаңа баста-

маны жүзеге асыру жолында туыстарыңыздың берген 

кеңесі тиімді болады. 

Арыстан 

2018 жыл арыстандарға  жаңа табыстар мен жетістік-

тер алып келеді. Өміріңізде көптеген өзгеріс орнағалы 

тұр. Әріптестеріңізбен, достарыңызбен бастаған 

жұмыста көшбасшы боласыз. Мұны осы жылдарға 

дейін жұмсаған еңбегіңіздің нәтижесі деп біліңіз. 

Отбасыңызда, тіпті әулетіңізде көптеген маңызды 

мәселелерді шешесіз. Махаббат мәселесіне келер 

болсақ, шаңырақ көтермеген арыстандар бұл жылы 

жаңа таныстар тауып, сезімге беріліп, романтикалық 

хикаяларды бастан кешеді. 

Бикеш 

Бикештердің жұлдызнамасындағы басты 

артықшылықтардың бірі – қай істе болмасын 

сабырлы, төзімді қалпын сақтайды. Жетістікке жету 

мақсатында айналаңыздағы адамдардың қолдауын 

күтпей, тек өзіңізге сеніп, әрекет қылыңыз. Сонда 

ғана айыңыз оңынан туып, табысқа кенелесіз.

Таразы  

Аталған жұлдыз белгісі өкілдері болашағы зор істі 

көзі шалса, оған барын салып, күш-қайратын аямайды. 

Келер жылы таразылар жалақысы жоғарырақ жұмыс 

орнына ауысуы мүмкін. Сіздің талантыңыз бен ынтаңыз 

бағаланып, жұмыс берушіңіз тиімді ұсыныс жасайды. 

Сізге  ит  жылы жақсы мүмкіндіктер алып келеді. Барлық 

ісіңіз жүзеге аспаса да, басым бөлігі жемісті болатыны 

сөзсіз. Қаржы мәселесінде де жағдай оңынан туғалы 

тұр. Жыл соңына дейін баспаналы болуыңыз мүмкін. 

Шығармашылық бастамаларыңыз бен мансабыңызда 

табысқа кенеліп, отбасы бақытына қол жеткізесіз. Басты-

сы, өз жүрегіңізге, ішкі түйсігіңізге сеніңіз. 

Сарышаян  

Ит жылы сарышаяндар үшін сәтті болмақ.  

Өз күштеріне сене білетін олар жолында кездескен 

мүмкіндіктердің барлығын құр жібермейді. Бұл жұлдыз 

белгісінде дүниеге келген жандардың ойы нақты, 

жауабы жылдам.  Келер  жыл  олар үшін  шетелге 

саяхат жасауға ыңғайлы кезең туып тұр. Қызметіңізде 

тұрақтылық орын алады. Шығармашылыққа жол беріп, 

уақытыңыздың көп бөлігін  өзіңізге арнауды ұмытпаңыз.

Мерген  

Мергендерден жақсы 

журналист, менеджер, 

криминалист, философтар 

шығады. Олар адал, ашық 

мінезді жандар.  Ит жылы 

мергендердің бірқатары 

қызмет бабында өседі, енді 

бірі сенімді ортаға жолығады. 

Қолға алған әр ісін ынта-

шынтасымен кіріссе, алар 

асулары көп болғалы тұр. 



Тауешкі 

Сырт көзге байсалды және момын болып 

көрінгенімен, тауешкілер мықты ерік-жігер иегерлері. 

Табандылықтың арқасында олар қалаған мақсаттарына 

тайсалмай жетеді. Олар  жауынгер емес, дипломат бо-

лып әрекет еткенді  қалайды. Тауешкілер үшін сенімділік 

пен сабырлылық өмірдің барлық саласында жүгінетін 

қасиеттері. Келер жылы тұрмыс құрмаған, үйленбеген 

тауешкілер  шаңырақ көтерсе,  жанұялары  нәрестелі 

болмақ.


Суқұйғыш 

Олар достықты аса жоғары бағалайтын, 

көмек қолын созуға үнемі дайын тұратын  

шығармашылықтың адамдары.  Бұл белгідегілер үшін 

жыл табысты басталады.  Жылдың екінші жартысын-

да баспаналы болып қалуыңыз да, бір басыңызды 

екеу етуіңіз де әбден мүмкін. Көктем айларында 

денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз жөн.



Балықтар  

Бұл жұлдызнама иелері үшін келер жыл 

тосынсыйларға толы болмақ.  Лотореядан қомақты 

қаржы ұтып алуыңыз да ғажап емес. Тек қаржыңызды 

үнемді пайдаланыңыз. Отбасыңызбен шетелге саяхатқа  

шығуыңыз  мүмкін.  Әйтеуір, ит жылында қалтаңыз құр 

болмайды. Өз бастамаңызбен жүзеге асқан әр іс сізді 

табысқа кенелтпек.  



Ғаламтор мәліметтері бойынша дайындаған  Гүлсезім БИЯШЕВА

Жұлдыз–жорамал

Қазталов  ауданы  Талдықұдық  ауылы-

ның  тумасы,  қазіргі  таңда  Орал  қаласын- 

да  тұратын  баламыз,  ағамыз,  жиеніміз 

Азамат Болатұлы ДОСПАНОВТЫ

 40 жас 


мерейтойымен құттықтаймыз!

Бақ-дәулет орнасын басыңызға,

Жас қосылсын әрдайым жасыңызға.

Қамал бұзар 40 жасқа жеттіңіз,

Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Құттықтаушылар: Доспановтар 

әулеті және нағашыларыңыз

Жәнібек ауданы Қамысты ауылының 

тұрғындары, кейуана 

Ынтас  

ТЕЛЕУГАЛИЕВА 

анамызды 100 жас 

мерейтойымен және 

Қасымғали 

мен


 

Жаңылдықты

 жаңа жылмен шын 

жүректен құттықтаймыз!

Сый құрметті Құдай берсін басыңызға,

Әрқашан Қыдыр жүрсін қасыңызда.

Жасыңыз жүзден ассын тілегіміз,



Қосылып тағы жылдар жасыңызға.

Игі тілекпен: Нұрлан­Самиға, 

Роллан­Бибігүл, Бауыржан­

Раушана, Азамат­Ақжарқын, 

Пангерей, Санжар мен Айтөре

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау