Жұлдыз­жорамал 12 Жаңа жылды жаңа үйде қарсыламақ



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата04.01.2018
өлшемі0,51 Mb.
#6967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

үзіЛіС

5

Сенбі,  30  желтоқсан  2017 жыл



Педагогтің  кәсіби  өсуі

1. Жұмыс және оны бағалау

Жұмыс  сөзінің  біздің  қоғамы-

мызда  сан  алуан  мағынасы  бар. 

Бір  ғана  педагогикалық  қызметте 

оқу-әдістемелік  жұмыс,  тәрбие 

жұмысы,  сынып  жұмысы,  үй  жұ-

мысы,  бақылау  жұмысы,  тексеру 

жұмысы,  жоба  жұмысы,  зерттеу  

жұмысы,  дипломдық  жұмыс,  кан

 



дидаттық  жұмыс,  магистрлік  жұ-

мыс,  әдістемелік  жұмыс,  семинар 

жұмысы  деген  тіркестер  кездесе-

ді. Тізбектей берсек олар өте көп. 

Иә, «жұмыс» сөзі, ұғымы біздің ке- 

ңістігімізді толық бағындырып ал-

ғандай!  Қандай  болса  да  жұмыс 

болған соң оны орындаушы неме-

се  сырт  көздің  оған  беретін  баға- 

сы да болады. Баға әрдайым жұмыс 

сапасын  жетілдіруге  көмектеседі. 

Олай  болса,  мұғалім  жұмысының 

нәтижелілігі  немен  өлшенеді? 

Басты  критерий  қандай?  Мұғалім 

жұмысының  басты  көрсеткіші  –  

білім  сапасы.  Ол  бағалау  жүйесі-

мен  дәл  өлшенеді.  «4»  пен  «5»-ке  

оқитын  оқушыларының  үлесі  пе- 

дагог  қызмет  еткен  жылдарда  оң  

өсім беретін болса, мұғалім жұмы-

сының  нәтижесі  де  оң  болғаны. 

Қазақстан  Республикасында  білім 

беруді және ғылымды дамытудың 

2016-2019  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасын  іске  

асырудағы  нысаналы  индикатор- 

лардың  ең  бастысын  назарлары-

ңызға ұсыналық:





Индикатор

Өлшем 

бірлігі

Ақпарат 

көзі

2015

(нақты)

2017

2019

2

Үлгерімі «жақсы» 



және «үздік» 

оқушылардың үлесі

(оқытудың сапасы)

%

ҚР БҒМ



Әкімшілік 

деректері

58

62

70



Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 2016 жылы – 58,4%, 2017 жылы 

– 63%-ті құраған.

Түпкі  мақсат,  яғни  оқыту  сапа-

сын 70 процентке жеткізу жолын-

да қаншама жүйелі еңбек, көп күш 

керектігі баршамызға аян.



Білім беру және әдістемелік 

ұйымдардың жұмысын бағалау

Жоғарыда  мұғалім  жұмысын 

бағалаудың  басты  көрсеткіштері 

туралы  сөз  еттік.  Енді  сол  мұға- 

лімдердің  жұмыстарын  басқара-

тын,  үйлестіретін,  қадағалайтын, 

көмектесетін  тұлғаларды  қарас-

тыралық. Олар мектептердегі әдіс- 

темелік бірлестік жетекшілері, ди- 

ректор  және  оның  орынбасарла-

ры,  аудандық,  қалалық  білім  бө-

лімдерінің  және  оқу-әдістемелік 

кабинеттердің  әдіскерлері,  білік- 

тілікті  арттыру  жүйелері  қызмет-

керлері.  Егер  мектептегі  оқушы 

сабақтан  үздік  нәтиже  көрсетіп, 

түрлі білім сайыстарынан жүлделі 

орын  алса,  мектеп  оқушылары 

ҰБТ-дан  жоғары  балл  жинаса,  ол  

кімнің  жұмысының  нәтижесі?  Көп  

жағдайда  жаңағы  саналған  тұлға-

лар  өз  есептеріне  қосып,  өз  жұ-

мыстарының  нәтижесі  ретінде  көр- 

сетеді.  Әрине  біз  мұны  қате  дей  

алмаймыз.  Жетістік  –  ортақ  жұмыс-

тың жемісі. Дегенмен ол жетістікті 

мұғалім  еншісіне  көбірек  бұрып, 

біздер  өз  жұмысымыздың  басты 

өлшеуішіне  назар  аударғанымыз 

жөн.


Мұғалім  жұмысын  қадағалай-

тын, қолдайтын, басқаратын тұлға-

лар мен ұйымдардың жұмысының 

нәтижелілігі немен өлшенеді?

Қазақстан  Республикасында  бі- 



Индикатор

Өлшем 

бірлігі

Ақпарат 

көзі

2015

(нақты)

2017

2019

2

Педагогтердің 



жалпы санынан 

бірінші және 

жоғары санаты 

бар педагогтердің 

үлесі

%

ҚР БҒМ



Әкімшілік 

деректері

49,8

52

54



БҚО бойынша бұл көрсеткіш 2016 жылы – 48,9%, 2017 жылы – 49,95%.

лім  беруді  және  ғылымды  дамы-

тудың 2016-2019 жылдарға арнал-

ған  мемлекеттік  бағдарламасын 

іске  асырудағы  нысаналы  инди-

каторлардың  келесі  бір  түрін  сіз- 

дердің  назарларыңызға  ұсына-

мыз.


Олай  болса,  аталған  сұраққа 

біздің  жауабымыз:  мұғалім  жұмы-

сын  қадағалайтын,  қолдайтын, 

басқаратын  тұлғалар  мен  ұйым-

дардың  жұмысының  нәтижелілігі 

–  олар  қызмет  атқарған  жылдар-

да  оларға  қарасты  педагогтердің 

санаттарының  көтерілу  санының 

өсуімен  өлшенеді.  Мұғалім  сана-

тының  көтерілуі  астарында  қан-

шама еңбек, тер төгу жатқаны бә- 

рімізге  аян!  Үнемі  өз  әрекетін 

жоспарлап,  оқушыға  білім  мен 

тәрбие  беріп,  аяусыз  тер  төгетін 

ұстаздарымызды  қашанда  қоға- 

мымыз  қадірлейді.  Себебі,  олар- 

дың  еңбектері  абыройлы,  қайы-

рымды,  игілікті  жұмыс.  Демек,  әр  

педагог  өзінің  басты  миссиясын  

түсініп, жұмысының басты өлшеуі-

шін  ұғынып  еңбек  етсе,  оның  жұ-

мысының  нәтижелі  болатыны  ай-

қын.

2. Институт ұйымдастыратын 

байқаулар.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлт- 

тық  орталығы»  АҚ  филалы  БҚО  

бойынша  педагогикалық  қызмет-

керлердің біліктілігін арттыру  ин-

ститутында  өткізілетін  байқаулар 

педагогтің  кәсіби  өсуіне  үлкен 

мүмкіндік,  күшті  серпін  береді.  

Мысалы  бізде  өткізілетін  «Сабақ-

тың  үздік  контенті»  облыстық  бай- 

қауы  5  жыл  ішінде  мектептегі 

барлық  пәндер  бойынша  секция- 

лар ашып, 633 облыс педагогін қам- 

тып,  37  жеңімпаз  бен  160  жүлде- 

герді  дипломдармен,  436  қатысу-

шыны  куәліктермен  марапатта-

ды.  Әдістемелік  қызметте  үздік 

педагогикалық  тәжірибенің  та-

ратылуына  ерекше  мән  беріледі. 

Тәжірибені  кітапша  түрінде  бас-

па  материалы  өнімі  тәрізді  тара-

ту  –  білім  беру  жүйесінде  жақсы 

орныққан.  Қазіргі  уақытта  кон-

тент  баспадан  шыққан  мәтін  тү- 

рінде ғана емес, аудио, видео нұс-

қаларда  жасалады.  Қазақстандық 

мұғалімдердің  озық  тәжірибеле-

рін  бейнесабақ  түрінде  тарату-

дан  төмендегідей  оң  өзгерістер 

күтеміз:


1) Бейнесабақ – қазіргі заман та- 

лабы  болып  табылатын  қашықтан 

оқыту  үшін  аса  қажет  материал.  

Отандық өнімдердің әуесқой үлгі- 

лері  байқау  аясында  жинақталып, 

болашақта  кәсіби  контент  құрас-

тыратын  авторлар  қалыптасады 

деп сенеміз. 

2)  Бейнесабақтар  көмегімен 

оқыту  тәжірибелерін  ішінара  ен-

гізу  арқылы,  қазіргі  балалардың 

интернетке,  компьютерге,  смарт-

фондар  мен  планшеттерге  деген 

жоғары  қызығушылықтарын  пай-

далы  арнаға  бұру  мәселесі  шеші- 

луі мүмкін.

3)  Қазақ  тіліне  латын  графика-

сын  енгізу  нәтижесінде  тілімізде  

орфографиялық  өзгерістер  пай-

да  болады.  Орфографиялық  өзге-

рістер  орфоэпиямызға  да  әсер 

етіп, сөйлеу дағдыларымызда елеу- 

лі  өзгерістер  болуы  мүмкін.  Бей-

несабақта  мұғалімнің  сабақты  тү-

сіндіру барысындағы сөйлеу үлгісі 

жазбада сақталып, ақпаратты сақ-

таудың  жаңа  форматында  бола-

шақ  ұрпаққа  қашанда  қолжетімді 

болады.

Бейнесабақта  мұғалімнің  жаңа  



сабақты  түсіндіруі,  40  (бұрын  45  

минут) минуттық сабақ мазмұнын-

да мұғалімнің оқушыға беретін ең 

маңызды  ақпараттары  бейнесабақ 

көмегімен  10  минуттан  аспайтын 

уақытқа  жинақталады.  Байқауға 

қатысу  үшін  дайындалған  бейне-

сабақтар  мынадай  жағдайларда 

пайдалы бола алады:

1) Оқушы жаңа сабақ мазмұны-

мен  алдын  ала  танысып,  сабаққа 

жоғары дайындықпен келеді.

2) Оқушы денсаулығына байла-

нысты мектепке келе алмаған кез-

де  сабақ  мазмұнымен  өз  бетінше 

шұғылдануға мүмкіндік алады.

3) Ауа райы қолайсыздықтары-

на  (төтенше  жағдайлар,  жауын-

шашын,  аяз,  боран)  байланысты 

мектепте  сабақ  тоқтатылған  кез-

дерде оқушы оқу үдерісін өз беті-

мен жалғастыра алады.

4)  Үлгерімі  төмендеген  оқушы-

лар сабақты қабылдау қабілеті кү- 

шейген  кезде  өз  беттерімен  бұ-

рынғы  сабақтарды  қайталап  түсі- 

не алады.

2013  жылы  –  14,  2014  жылы  –  

29,  2015  жылы  –  52,  2016  жылы  –  

382,  2017  жылы  –  156  педагогтің, 

барлығы  633  ұстаздың  2000-ға 

жуық  бейнесабағының  сілтеме-

лері  zkoipk.kz  сайтымызда  орна-

ласты.  Осылайша  жаңа  форматта 

жұмыстанған  педагогтер  отандық 

бейнеөнімдер  саны    мен  сапасын 

арттыруға  көмек  беретін  болса, 

оларға  байқаудың  дипломдары 

мен  қатысушы  куәліктері  білікті- 

лік  санаттарын  арттыруға  негіз 

бола алады.

ҚР Білім және ғылым министрі-

нің  2016  жылғы  27  қаңтардағы  83 

бұйрығымен  бекітілген  «Мектеп- 

ке  дейінгі,  бастауыш,  негізгі  орта,  

жалпы орта, техникалық және кә- 

сіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім-

нің  білім  беру  бағдарламаларын 

іске  асыратын  білім  беру  ұйым-

дарында  жұмыс  істейтін  педагог  

қызметкерлер  мен  оларға  теңес-

тірілген  тұлғаларды  аттестаттау- 

дан  өткізу  қағидалары  мен  шарт- 

тары»  құжатының  «Аттестаттауды  

өткізу» 3-бөлімінің 20-3 пункті бо- 

йынша  «...қатысу  нысандары  әр-

түрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) 

облыстық  деңгейдегі  кәсіби  кон- 

курстардың, педагогикалық олим-

пиадалардың  қатысушылары  не- 

месе  республикалық  немесе  ха- 

лықаралық  деңгейдегі  қатысушы-

лары  болып  табылатын  бірінші 

біліктілік  санаты  бар  тұлғалар 

мерзімінен  бұрын  жоғары  санат 

алуға  өтініш  бере  алады»  -  делін-

ген.  Бұрынғы  жылдарда  облыстық 

деңгейдегі байқау жетістіктері жо- 

ғары  санат  үшін  ескерілмейтін 

болса, жаңа ережеде педагогтерге 

көп жеңілдік әкеліп, педагог мәр- 

тебесін  арттыруға  оң  қадам  жасал-

ған.

Осылайша  біздің  институты-



мызда  жыл  сайын  дәстүрлі  өткізі-

летін  «Сабақтың  үздік  контенті» 

байқауымыз  облыс  педагогтеріне 

біліктілік  санаттарын  арттыруға 

мүмкіндік береді, облысымыз үшін 

педагогтер  құрамының  сапалық 

көрсеткішін 2019 жылға дейін 54%-

ке жеткізуге елеулі көмек болады.

«Ауылдық  мектептің  цифрлық 

бейнесі»  атты  облыстық  байқауы-

мыз  2014  жылдан  бері  өткізіліп 

келеді. 2014 жылы – 12, 2015 жылы 

– 31, 2016 жылы –30, 2017 жылы –  

25 мектеп, барлығы 98 мектеп бай- 

қауға  қатысу  нәтижесінде  мек-

теп  тарихының  қызықты  тұстары, 

жұмысының  нәтижелері,  жетістік-

тері, үздік тәжірибелері, цифрлық 

форматқа  айналып,  болашақ  ұр-

паққа  пайдалы  бейнеөнімдер  жа- 

салды.  Барлық  бейнеөнімдер 

youtube.com 

бейнехостингіне 

жүктеліп,  сілтемелері  институт 

сайтына  орналасты.  Байқау  ая-

сында әр қатысушы мектепте шы-

ғармашыл  топ  құрылып,  фильм 

сценариін  жасап,  барша  қызықты 

фактілерді  жинақтап  10  минуттық 

қызғылықты  бейнеролик  жасай- 

ды.  Жасалған  өнім  сол  ұжымға 

байқауға  қатысу  үшін  ғана  емес,  

өздеріне үнемі пайдаға асатынды-

ғымен құнды. Ол фильмді: 1) Мек-

тебіне  келген  барша  деңгейдегі 

қонақтарына  көрсету  арқылы,  аз 

уақытта мол мағлұмат бере алады; 

2)  Мектеп  оқушыларына  көрсету 

арқылы,  оқушыларға  өз  мектебі  

туралы  терең  де  жан-жақты  ақпа-

рат  ұсына  алады;  3)  Музейлеріне 

қоюларына болады, және жыл са- 

йын табылған деректермен фильм-

дерін  толықтырып,  әрлеп  отыру-

ларына болады.

Байқауға  қатысу  үшін  педагог- 

тер  облыс  орталығына  келу,  ор-

наласу  тәрізді  жол  шығындары 

болмайды. Ең бастысы, байқау та-

лабына сай роликтерін дайындап, 

контенттерін  cloud-облако-бұлт- 

қа  жүктеп,  сілтемелерін  ұйымдас-

тыру комитетіне белгіленген мер-

зімге  жолдаса  болғаны.  Байқауды 

тікелей  облыстық  кезеңде  өткізу 

арқылы,  аудандық,  қалалық  білім 

бөлімдері  қызметкерлерінің  жос- 

парлы істеріне килігуден сақтана-

мыз,  оларды  өз  аймағында  бай- 

қау  өткізу  машақатына  мәжбүр-

лемейміз.  Әйтпесе,  көптеген  рес-

публикалық  байқаулардың  мек-

теп,  аудан,  облыс,  республикалық 

деңгейлерді  қамтып  және  ереже-

лерін шұғыл түрде жолдай салуы-

нан  көп  жағдайда  әріптестеріміз 

мезі болатыны да рас.

«БАҰО  «Өрлеу»  АҚ  БҚО  филиа-

лы  БАИ  ұжымында  дәстүрге  ай- 

налған  осындай  байқаулар  облы-

сымыздың  педагогтер  ұжымын 

кәсіби  өсуге,  болашаққа  пайдалы 

бейнеөнімдер жасауға жетелейді. 

3. Кері байланыс

Жыл  сайын  жасақталатын  бай- 

қаулардың  интерактивті  жинақта-

ры байқаулар туралы мол мағлұмат 

береді.  Педагогтер  сынға  түскен 

барлық    бейнероликтің  арасынан 

өзіне  қызықтысын  таңдап,  таныса 

алады.  Мақаламызда  жазылған 

ойларға  QR  кодты  сканерлеу  ар- 

қылы  оқырманымыз  қашан  да  пі-

кірін  жазып,  ойын  білдіре  алады. 

«БАҰО  «Өрлеу»  АҚ  бас  кеңсесінің 

даму  стратегиясында  көрсетілген 

транспаренттілік  ұстанымы  біз 

үшін қашан да – басты бағдар. Бай-

қауларымыз  ғана  емес,  басқа  да 

педагогті  кәсіби  өсуге  жетелейтін 

жұмыстарымыз  институт  сайтына 

орналасып,  ашық  пікір  алмасуға 

әрдайым ашық болады. 



Елдос  САФУЛЛИН,

«БАҰО «Өрлеу» АҚ БҚО 

филиалы директорының 

оқу­әдістемелік жұмыстары  

жөніндегі орынбасары 


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау