ЕЛ-жҰрТ
8
Сенбі, 30 желтоқсан 2017 жыл
«Қазақтелекомның»
цифрлық жобалары
Елбасының
«Қазақстанның үшінші
жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» атты
Жолдауында Қазақстанда
үшінші жаңғырудың, яғни
үлкен экономикалық және
технологиялық дүмпу
болатыны ресми айтыл
ды. Жолдауда ақпараттық
технологиялардың қа
рыштап дамыған заманын
да ІТ саласын дамытусыз
озық 30 елдің қатарынан
орын алу мүмкін еместігі де
нақты көрсетілді. Дамыған
елдердің барлығы да осы
цифрлық жүйе арқылы
халықтың әлауқатын
жақсартып, өнеркәсібінің
дамуына қарқын беріп
келеді. Соған орай еліміз
де «Цифрлық Қазақстан»
бағдарламасы қабылданды.
Оның мақсаты – қазақ
стандықтардың өмір сүру
сапасын жақсарту, ұлттық
экономиканы цифрланды
ру. Еліміздің экономикасын
одан әрі цифрландыру
көптеген салалардың дамуы
үшін негізгі фактор болып
табылады.
– «Цифрлық Қазақстан» бағдар-
ламасы шеңберінде 2020 жылға
дейін интернет қолданушылар-
дың санын 80 пайызға дейін арт-
тыру, тұрғындардың 95 пайызын
цифрлы xабар таратумен қамту,
азаматтардың цифрлы сауатты-
лығын 80 пайызға дейін арттыру
көзделуде. Осы орайда «Қазақте-
леком» компаниясы «бұлтты» плат-
формаларды қолдана отырып,
жаңа инновациялық өнімдерді
жасақтауда. Компания бірте-бірте
телекоммуникациялық оператор-
дан цифрлы қызметтер провай-
деріне айналып отыр. Келешекке
көз жіберсек, интернет-техноло-
гиялардың ақпараттарға және
коммуникацияларға қол жеткізу-
дегі жеделділігі әрі ыңғайлылығы
айқын көрінеді. Сонымен қатар
олар отбасылардың өмір сүру
дағдыларына, бизнесті жүргізу
моделіне, өндірістердің индус-
триалдық технологиялық үрдіс-
теріне әсері айтарлықтай бо-
латыны аңғарылады, – деді “Қа-
зақтелеком” АҚ-ның филиалы БҚО
телекоммуникация дирекциясы-
ның маркетинг бөлімінің басшы-
сы Жайық Базарғалиев.
Оның айтуынша, компания қыз-
метін тұтынушылардың жаңа тех-
нологияларды жылдам әрі тиімді
пайдалануы үшін компанияның
директорлар кеңесімен жаңа тех-
нологияларды, цифрлы сервис-
тер мен платформалардың жаңа
буынын дамыту туралы шешімдер
қабылданып, ақпараттарды өңдеу
орталықтары құрылып, «бұлтты»
қызметтер және өзге де сервис-
тер дамытылуда.
– «Қазақтелеком» компаниясы
еліміз бойынша биылдан бастап
көп қабатты тұрғын үйлерде «Бей-
небақылау» қызметін енгізу бо-
йынша ауқымды жобаны қолға
алды. Бұл жоба онлайн сервис
түрінде тәулік бойына көп қабат-
ты тұрғын үйлердің подъездері-
не кіріп-шыққан адамдарды бей-
небақылауға алуға мүмкіндік ту-
ғызады. Бейнебақылау компания-
ның инфрақұрылымына қосы-
лады. Аталмыш жобаны іске асыру
жұмыстары және оған қажетті ин-
вестиция «Қазақтелеком» компа-
ниясының өз күш-қаражатымен
жүргізіледі, – деді Жайық Базар-
ғалиев.
Бұл жоба 2017-2019 жылдары
жүзеге асырылады және күллі
еліміз бойынша 56 мыңнан астам
бейнебақылау камерасын іске қо-
сады. Батыс Қазақстан облысы бо-
йынша биыл қанатқақты жоба
шеңберінде Орал қаласындағы
тұрғын үйлердің 10 подъезіне
20 бейнебақылау орнатылды. Ал
жобаның негізгі кезеңі басталған
тұста, яғни осы жылдың соңына
дейін Оралдағы 633 подъезге
1266 бейнебақылау камерасын
орнату жоспарланды. Ал 2018 жы-
лы көп қабатты тұрғын үйлер-
дің 1270 подъезінде 2542 бейне-
бақылау камерасын іске қосу
жоспарланып отыр. Бұл қызмет
не береді? Ол үйіңіздің подъезін
смартфоннан, планшеттен және
өзге де цифрлы құралдардан он-
лайн көруіңізге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жеті күндік бей-
небақылау жазбаларын мұрағат-
тан қарауға қол жеткізесіз. Бейне-
жазбалардың мұқият сақталуына,
HD сапалы ІР камерасымен қам-
туға және тәулік бойына желі ішін-
дегі техникалық қолдауға ие бо-
ласыз. Мұндай сервистік қызмет
ақылы екені түсінікті.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды
дамытудың 2015-2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарла-
масына сәйкес тұрғын үй-комму-
налдық шаруашылығы және жы-
лумен, сумен қамту инфрақұры-
лымын жаңғырту қарастырыл-
ған. Осыған орай «Қазақтелеком»
компаниясымен LPWAN сымсыз
база желісінде пәтерлердің жә-
не жалпы үй бойынша ТКШ есеп
құралдарының ақпараттарын ор-
талықтандырып жинақтайтын жо-
ба жасақталды. Мұның өзі ин-
фрақұрылым нысандарын жос-
парлауға және жаңғырту жұмыс-
тарын жүргізуге, коммуналдық
қызмет тұтынушылары тарапы-
нан болатын заңсыздықтарды, ұр-
лықты болдырмауға, ресурстар-
ды тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді. Мұндай жобалар Аста-
на, Алматы және Шымкент қала-
ларында іске қосылды.
Сондай-ақ компания «Ақылды
үй» жобасын іске қосуды жоспар-
лап отыр. «Бұл жоба бойынша
тұрғын үй тұруға мейлінше қолай-
лы болуы үшін автоматтандырыл-
ған жүйемен басқарылады. Үйді
жылыту, жарықтандыру, электр
қуатымен қамту, мониторингін
жүргізу, қауіпсіздігі, байланыс жә-
не басқару жұмыстары аталмыш
жүйе арқылы басқарылады», – деді
Ж. Базарғалиев.
Қазіргі уақытта облыста жоға-
ры технологиялы қызмет көрсету
мақсатында барлық аудан орта-
лығына оптикалық-талшықты же-
лі құрылысын тарту жобасын жү-
зеге асыру жұмыстары жүргізілу-
де. Бүгінде өңірдегі 12 ауданның
жетеуіне оптикалық-талшықты же-
лі байланысы тартылды. «ВОЛС
СНП РК 250+» жобасы 250-ден
астам тұрғыны бар елді мекен-
дерді сапалы цифрлы қызметпен
қамтамасыз етеді. 2018-2020 жыл-
дары облыстың Бөкей ордасы,
Жәнібек, Сырым, Қазталов, Қара-
төбе аудандарына жоғары техно-
логиялы оптикалық-талшықты же-
лі тартылады. Шалғайдағы елді
мекендерді кең жолақты интер-
нетке қосу үшін аталмыш жобаны
мемлекеттің қолдауымен бірне-
ше кезеңмен жүргізу көзделген.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
«Орал өңірі»
С
алтанатты шарада Қатеп
Ишанбеков, Әбухан Ка-
рин сынды ардагерлерге
қоса, облыстық «Орал өңірі» газе-
тінің бас редакторы Бауыржан
Ғұбайдуллин, филология ғылым-
дарының докторы, профессор
Мұрат Сабыр, облыстық мәде-
ниет, архив және құжаттама бас-
қармасы басшысының орынба-
сары Вячеслав Иночкин, аталған
кітапхананың директоры Шолпан
Оразаева жылы лебіздерін білді-
ріп, оның еңбек жолына шолу жа-
сады.
– Ағамыздың жақсы қасиетте-
рінің бірі – «Зерде – Память» қо-
рын құрып, 15 жылдан бері өткен
тарихымыздан мәлімет жинап, өз
ауласында үй-мұражай ашуы. Мұн-
да Қазақстанның, туған өлкеміз
Ақ Жайық атырабының кешегісі
мен бүгінгісінен сыр шертетін бі-
раз материал жинақталған. Ал-
дыңғы жақсы ізіндегі жасқа ақыл
айтып, өнегелі өмір сүру үлгісін
көрсету – ғибратты іс, – деді жиын-
да сөз алған М. Сабыр.
Сыр бойында өмір есігін аш-
қан Қуаныш Төлебайұлы Қазалы
және Қармақшы аудандарында
орта мектеп бітіріп, Шымкентте
құрылыс инженері, Жамбылда
гидромелиоратор-инженер
ма-
мандықтарын алып, туған жерін-
де және Ресейде еңбекке етене
араласты. Ал 1975 жылы партия
және мемлекеттік басшылықтың
ұйғарымымен, сол кездегі Орал
облыстық партия комитетінің бі-
рінші хатшысы Мұстақым Ықса-
новтың қабылдауымен, ҚазКСР Су
шаруашылығы министрі Әубәкір
Тыныбаевтың бекітуімен 30 жа-
сында Орал облыстық мелио-
рация және су шаруашылығы
басқармасының бастығы болып
тағайындалып, Ақ Жайық өңіріне
келген. Өзінің кәсіби біліктілігі
мен іскерлік жігерін көрсетіп, елеу-
лі әлеуметтік жаңғырулар мен
күрделі құрылыс-суландыру жо-
балары бойынша талай игі істің
басы-қасында болған. Сонымен
қатар Мәскеудегі Қоғамдық ғы-
лымдар академиясында «Ұйым-
дастыру және басқару» саласы
бойынша білімін жоғарылатып,
Орал қалалық партия комитетінің
ІІ хатшысы, қалалық депутаттар
кеңесінің төрағасы болып атқару
комитетін басқарған. Сондай-ақ
Бөрлі ауданының алғашқы әкімі
ретінде сенім биігінен көрінді.
– Бүгінде экономикалық-әлеу-
меттік даму жаңа бағыт алуда. Қо-
Кеше Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап
ғылыми кітапxанада «Зерде – Память» қоғамдық қорының
төрағасы, қоғам қайраткері Қуаныш Төлебаевтың «Өнеге»
атты кітабының тұсаукесері өтті.
Өнегелі өмір өрнектері
ғам мұндай жылдамдыққа руха-
ни жағынан толық дайын емес.
Сондықтан Мұрат Сабыр, Сергей
Погодин сынды өзге де азамат-
тардан құралған ынталы топтың
және облыс әкімдігінің қол-
да
уымен 300 беттік еңбегіміз жа-
рық көрді. Сегіз тараудан тұра-
тын кітаптағы кейіпкерлердің үл-
гі-өнегесі кәдеге жараса, рухани
тәрбие берсе, біз қуаныштымыз, –
дейді Қуаныш Төлебайұлы.
Айым ТӨЛЕУҒАЛИ,
«Орал өңірі»