Еңбек қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіби науқастануды ескертуге, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен оны қорғауды, санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл құжат Келісім (ұжымдық шартқа) қол қойылғаннан бастап күшіне енеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Жұмыс беруші Келісімде көрсетілген мерзімде келесі шараларды жүргізуге міндеттенеді:
Шаралардың аталымы
|
Өткізу мерзімі
|
Ұйымдастыру шаралары
|
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 25 желтоқсан 2015 ж. «Қызметкерлерді еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі сұрақтары бойынша оқыту, нұсқаулық жүргізу және білімін тексеру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» №1019 Бұйрығына сәйкес еңбек қорғау бойынша оқыту мен білім тексеру
|
Норматив бойынша тұрақты
|
Қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдері мен әдістеріне оқыту
|
Тұрақты
|
Жұмыс түрлері бойынша және кәсіптер бойынша жеке дара еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеп, бекітіп және тарату.
Нұсқаулықтарды кәсіподақ органдарымен келісу.
|
Жыл сайын, 1-ші тоқсан
|
Кіріспе нұсқаулықтарды және жұмыс орнындағы нұсқаулық жүргізудің жеке дара бағдарламаларын әзірлеу мен бекіту.
|
Жыл сайын, 10 қаңтарға дейін
|
Бекітілген үлгі бойынша кіріспе және жұмыс орнындағы нұсқаулық жүргізуді тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету
|
Жыл сайын, 10 қаңтарға дейін
|
Ұйымдарды еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету.
|
Тұрақты
|
Ұйымдағы кәсіптер мен жұмыс түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту:
Алдын-ала және мерзімді дәрігерлік тексеру жүргізу қажет қызметкерлер;
Жоғары қауіпсіздік талаптары қойылатын қызметкерлер;
Арнайы киім, арнайы аяқ ким және өзге де жеке қорғаун құралдарымен қамтамасыз етілетін қызметкерлер;
қауіпті және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін өтемақы берілуі қызмкеткерлер;
сабын және өзге де залалсыздандыру заттары берілуі тиіс қызметкерлер
|
Үш жылда бір рет
|
Ғимараттар мен өзге де құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жағдайына жалпы техникалық бақылау жүргізу
|
Жылына 2 рет: наурыздың алғашқы10 күндігі, тамыздың 3 онкүндігі
|
Еңбек қорғау жөніндегі комиссия ұйымдастыру
|
Жыл сайын, 1-ші тоқсан
|
Еңбек қорғау жөніндегі әкімшілік-қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
|
Жыл бойында тұрақты
|
Қызметкерлердің еңбек қорғау жөніндегі білімін тексеру комиссиясын ұйымдастыру.
|
Әр жылдың қаңтар айы
|
Техникалық шаралар
|
|
Су және газды өндірістік коммуникациялар мен құрылғыларды қауіпсіз пайдалану мен апаттылығынан қорғауды қамтасыз ету мақсатында сақтандыру, қорғау және сигнал беру жабдықтарын орнату
|
2016 жылға дейін
|
Қызметкерлердің қауіпті және зиянды өндірістік фкторлардың әсерінен ұжымдық қорғану жабдықтарын жетілдіру
|
Тұрақты
|
Жұмыс орындарын, тұрмыстық бөлмелерді, жаппай өту орындарын, өндіріс аумағын жарықтандыру жөніндегі нормативтерді жақсарту мақстында жарық беруші арматура, қолдан жарықтандыру құрылғыларын орнату
|
2016 жылға дейін
|
Өндірістік жабдықтарға, коммуникациялар мен өзге нысандарға сигналды түстер мен қауіпсіздік белгілерін түсіру
|
2015 жылдың 1-ші жартыжылдығы
|
Өндірістік бөлмелер жұмысын механизациялау, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар көзі болып табылатын өндіріс қалдықтарын мезгілінде тазалау мен залалсыздандыру, ауа өтетін және желдеткіш құрылғыларын тазарту.
|
Тұрақты
|
Нормативтік санитарлық талаптарды, құрылыс нормалары мен ережелерін орындау мақсатында ғимараттарды (өндірістік,әкімшілік, қойма және т.б) жарақтандыру (модернизация)
|
Тұрақты
|
Ғимараттардың электр жүйелерін қауіпсіз падалануға сәйкестігін тексеру мақсатында желілерді изоляциялау және нөлдеуге (заземление) сынақ жүргізу
|
Нормативге
сай
|
Емдеу-сауықтыру және санитарлық-тұрмыстық шаралар
|
|
Қызметкерлердің алдын–ала және мерзімді дәрігерлік тексеруден өтуі
|
Жылына 1 рет, жұмысшылардың жекелеген санаттары үшін жылына 2 рет
|
Қызметкерлерге демалыс бөлмелерін жабдықтау
|
2015-2016 ж.ж.
|
Санитарлық бекеттерді жабдықтау мен оларды бастапқы дәрігерлік көмек аптечкаларымен қамтамасыз ету
|
2015 жылдың 1-ші жарты жылдығы
|
Санитарлық-тұрмыстық бөлмелерді жабдықтау мен қайта жарақтандыру (киім ілу орындары, санитарлық жабдықтар, арнайы кіимдерді сақтау және тарату бөлмелері)
|
Шарттың күші таратылатын мерзімде
|
Жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету шаралары
|
|
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 28 желтоқсан 2015 ж. «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» №1054 Бұйрығына сәйкес арнайы киім, арнайы аяқ киім мен өзге де жеке қорғану құралдарын беру |
Нормативке сәйкес
|
Қызметкерлерді бекітілген нормаларға сәйкес сабын, тазалаушы және залалсыздандыру заттармен қамтамасыз ету
|
Нормативке сай
|
Электр тогынан сақтаушы жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету (диэлектр қолғаптары, диэлектр төсеніштер, изоляциялық сапталған инструменттер)
|
Нормативке сай
|
Көру органдарын қорғауды қамтамасыз ету (қорғану көзілдіріктері, бетті қорғау құралы)
|
Нормативге сай
|
Тыныс органдарын қорғауды қамтамасыз ету (респираторлар, газға қарсы қорғану құралы)
|
Нормативке сай
|
Есту органдарын қорғауды қамтамасыз ету (құлақ тығындары, құлаққа ұстағыш)
|
Нормативке сай
|
Басты қорғауды қамтамасыз ету (каска, шлем, бас киім, берет, шляпа)
|
Нормативке сай
|
Өрт қауіпсіздігі жөніндегі шаралар
|
|
Өрт қауіпсіздігінің ережелері негізінде кәсіподақ комитетімен келісе отырып өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу, бекіту
|
2018 жылғы 1-ші тоқсан
|
Өртке қарсы нұсқаулық жүргізуді тіркеу, жұмыс орнындағы өртке қарсы нұсқаулық жүргізуді, сондай ақ өрт сөндірудің алғашқы құралдарын тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету
|
Әр жылдың 10 қаңтарына дейін
|
Ұйымдардағы өрт жағдайында адамдарды сыртқа шығару нұсқаулықтары мен жоспар-схемасын әзірлеу және қамтамасыз ету.
|
Жыл сайын, 1-ші тоқсан
|
Өрт сөндіру шкафтары мен оларды өрт сөндіру жабдықтармен қамту
|
2018 жыл
|
Ұйымдарды өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз ету (құм, су сорғыш, өрт сөндіргіш және т.б.)
|
Тұрақты
|
Жұмысшылар, оқитындар мен тәрбиеленушілерді өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және персоналды сыртқа тасымалдау шаралары бойынша жаттығу жүргізу
|
Оқыту жоспарына сәйкес
|
Ағаш құрылғыларды өрттен қорғауды қамтамасыз ету
|
2018 жыл
|
Қосалқы шығу жолдарын жарамсыз жабдықты сақтаудан босату.
|
Тұрақты
|
Терезелерде «ашылатын» түрдегі, құлыптанатын метал торларын орнату.
|
2018 жыл
|