3.2.5. Білім беру ұйымдарының педагогикалық және педагогикалық емес қызметкерлерін аттестаттауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Ережеге сәйкес ұйымдастырады. Аттестация қорытындылары бойынша педагогикалық қызметкерлерге берілген біліктілік санаттары үшін тиісті қосымшаақылар жаңа оқу жылынан бастап, ал педагогикалық емес қызметкерлерге біліктілік санаты берілген күннен бастап белгіленеді.
Әдістемелік жұмыстан оқытушылық қызметке ауысқан кезде әдіскердің біліктілік санаты дипломда көрсетілген оқыту пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Оқытушылық қызметтен әдістемелік жұмысқа ауысқан кезде пән бойынша біліктілік санаты әдіскердің біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Осы норма әдістемелік жұмыстан тәрбиешілік лауазымға және керісінше тәрбиешіліктен – әдістемелік жұмысқа ауысқан жағдайда да қолданылады.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда қызметкер оған сот тәртібінде шағымдана алады.
3.3. Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініші негізінде мынадай жағдайларда үш жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады:
1) педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы;
2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
3) іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;
4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерге жұмыс орнының ауысуы;
6) білімін, еңбек өтілімен біліктілік санатын растайтын құжаттары бар болған жағдайда алыс және жақын шетелдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы;
7) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан ауысуы.
3.4. Зейнеткерлік жасқа дейін 3 жылдан аспайтын уақыт қалған педагог қызметкердің біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады. Бұл жағдайда педагог қызметкер өзінің біліктілік санатын зейнет жасына жету мерзіміне дейін сақтау және кезекті санат беруден (растаудан) босату туралы білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
Көрсетілген жағдайларда, егер жұмыс берушінің бастамасы және зейнет жасына жеткен қызметкердің келісімі бойынша еңбек қатынастары жалғасатын, бірақ біліктілік санатының мерзімі жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша ұзартылған және еңбек қатынастарына қайта тұру уақытына өтіп кеткен болса, білім беру ұйымының аттестациялық комиссиясының шешімі бойынша қызметкердің бар біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіліп, ол қызметкерге аттестаттау Ережесіне сәйкес жалпы негізде біліктілігін растау және (немесе) көтеру құқығы беріледі.
Егер зейнет алдындағы жастағы қызметкердің біліктілік санаты ұзартылмаған болса және (немесе) оның мерзімі ағымдағы, қызметкер зейнет жасына толатын, оқу жылында өтетін болса, бұл қызметкердің біліктілік санаты бір жылға ұзартылады.
Зейнет жасындағы педагогикалық қызметкерлер білім беру ұйымының штатында, сонымен қатар еңбек шарты бойынша да бір жылдан көп уақыт жұмыс атқаратын болса, аттестациядан жалпы негізде өтеді.
3.5. Егер педагогикалық қызметкер объективті себептерге байланысты, осы Келісімнің 3.3. тармақшамен көрсетілген жағдайлардан өзге, заңнамамен көзделген мерзімде аттестаттау процедурасын өтпеген болса, мұнда қызметкердің біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіліп, аттестациялау Ережесіне сәйкес сол біліктілік санатын растауға немесе жоғары біліктілік санатына алуға өтініш беру құқығы сақталады.
3.6. Сонымен қатар тараптар, егер педагогикалық қызметкердің педагогикалық қызметі білім туралы дипломында көрсетілмеген мамандық бойынша жүзеге асырылса, дегенмен ол қызметкер жұмысқа қабылданған мезгілде заң талаптары білім туралы дипломында көрсетілмеген мамандық бойынша жұмыс атқаруға және сол лауазымына сәйкес біліктілік санатын көтеруге мүмкіндік берген болса, сондай-ақ ондай қызметкер, заң талаптары күшейтілген (өзгерген) мезгілге дейін, жүргізетін пәні бойынша (екінші, бірінші, жоғары) біліктілік санатына ие болған жағдайда, аттестаттау білім беру ұйымдарында біліктілік көтеру немесе қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алынған сертификаты негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша жүргізілетіндігімен келісті.
3.7. Сонымен қатар тараптар, аттестатталушы қызметкер аттестация кезеңінде уақытша жұмыста болмаса аттестациялық комиссия (оның ішінде эксперттік топ) педагогикалық қызметкер жұмысының өтінішінде көрсетілген біліктілік санатына сәйкестігін аттестациялау Ережесімен белгіленген мерзімде тапсырылған құжаттары негізінде қарастыру туралы келісті.
3.8. Егер педагогикалық қызметкер басқа білім беру ұйымына ауыстырылып, бірақ аттестациялау Ережесімен белгіленген мерзімде бұрынғы жұмыс орны бойынша тиісті растау құжаттарын қоса тіркеп аттестаттау туралы өтініш берген болса, сәйкес деңгейдегі аттестаттау комиссиясы педагогикалық қызметкер жұмысының өтінішінде көрсетілген біліктілік санатына сәйкестігін бұрынғы жұмыс орнындағы аттестаттау комиссиясына тапсырылған құжаттары негізінде қарастыру туралы келісті.
3.9. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзеу), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санатының берілуіне/расталуына сәйкес еңбекақы төлеу деңгейі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгіленеді.
Педагогикалық қызметкерлердің біліктілік санаттарын ұзарту (сақтау, төмендету) туралы шешімдер, аттестациялық комиссия шешімінің негізінде, жұмыс берушінің шешімімен қабылданады және рәсімделеді.
Медициналық қызметкерлерді аттестаттау денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған заңнамамен көзделген тәртіппен жүргізіледі.
3.10. Білім басқармасы өзіне орта кәсіби білімі бар, сәйкес мамандығы мен атқарып отырған лауазымы бойынша жоғары кәсіби білім алушы педагогикалық қызметкерлерге біліктілікті арттыру тәртібімен ақылы оқу демалыстарын беру туралы міндеттеме алады.
3.11. «Жұмыс берушінің жолдамасымен кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілік арттыруға жіберу жұмыс берушінің қаржысы есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржы есебінен оқыту шартына сәйкес жүзеге асырылады (№14 Қосымша).
Оқыту шарты:
Оқумен қамтылатын тұлға алатын нақты кәсіп, мамандық, біліктілік және (немесе) біліктілік курсының атауы көрсетіледі;
Жұмыс беруші мен оқитынның құқықтары мен міндеттері;
Оқу мерзімі мен оқу аяқталған соң жұмыс берушіде өтелуі тиіс жұмыс мерзімі;
Оқытумен байланысты жұмыс берушінің, өтелмеген жұмыс мерзіміне сәйкес, шығындарын қалпына келтіру тәртібі мен шарттары;
Оқытумен байланысты кепілдіктер мен өтемақылық төлемдер;
Тараптардың жауапкершілігі.
Оқыту шарты келісім тараптарымен белгіленген (ҚР ЕК 118 б.) өзге де шарттар мен талаптарды көзделуі мүмкін.
Егер оқыту шарты жасалмаған жағдайда, бірақ оқумен қамтылғандардың кәсіби даярлығы, қайтау даярлануы мен біліктілігін көтеру жұмыс берушінің жолдауы бойынша жүргізілсе, ондай оқыту жұмыс берушінің қаржысы есебінен, өзге жерде оқытумен байланысты іссапар шығындарын өтеуді ескере отырып, жүргізілуі тиіс.
Төртінші тарау
Жұмысшылардың босауы және олардың еңбекпен
қамтылуына септік ету.
Білім басқармасы міндеттемелер алады:
4.1. Жұмыс берушілер бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетін жұмысшылар саны немесе штаттың қысқаруы туралы оның басталуынан кемінде бір ай бұрын, ал жұмысшылардың жаппай босауына (5-тен 10 адамға дейін) алып келетін жағдайларда Кәсіподақтың аумақтық ұйымын (Кәсіподақ филиалын), оның басталуынан кемінде екі ай бұрын, ал жұмысшылардың 10-нан астамы бір айдың ішінде босауына алып келетін жағдайда Кәсіподақ Кеңесін, оның басталуынан екі ай мерзім бұрын жазбаша хабарландырады.
4.1.2 ҚР ЕК 52 бабының 1 т. 1 және 2 т.т. сәйкес (жұмысшылар немесе штат санының қысқаруы, ұйымның жойылуы) жұмыстан босатылуы туралы хабарлама алған тұлғаларға, өз бетінше жаңа жұмыс іздеу үшін, жұмыстан бос уақытта, аптасына 5 сағаттан кем болмайтын жалақысы сақталатын уақыт беріледі.
Тараптар келесі жағдайлар бойынша өзара келіседі:
4.2.1. Штат немесе сандық қысқару болатын жағдайда қызметкерлердің төмендегі санаттары жұмыста қалуға алғашқы кезектегі талассыз құқыққа ие болады:
- зейнеталдындағы жастағы қызметкерлер (зейнетке үш жыл қалған болса);
- осы мекемеде 10 және одан да артық жыл еңбек еткендер;
- көп балалы (төрт және одан да көп) ата-аналар;
- жоғары сапалы еңбек көрсеткіштері бар қызметкерлер.
4.2.2. Босатылатын жұмысшыларға штат және сандық қысқару болғанда қолданыстағы заңдылықпен көзделген кепілдіктер мен өтемақылар, сондай-ақ бос орындар пайда болған жағдайда жұмысқа қабылданудың басымдылықты құқықтары беріледі.
4.2.3. Жұмыс беруші мекемеде жаңа жұмыс орындары ашылған жағдайда, оның ішінде шектеулі мерзімге де, бұрын соңды жауапкершілікпен жұмыс істеген, штат және сандық қысқаруға байланысты жұмыстан босатылғандарға мекемеге қайта келіп, жұмысқа орналасуға басымдық беруді қамтамасыз етеді.
4.2.4. Жұмыс орындарын (лауазымдар) қысқарту қажеттілігі болғанда ең алдымен төменде көрсетілген ретпен сәйкес шараларды қабылдайды:
- бос орындарды жою, қызметтерді қоса атқаратындарды жұмыстан босату;
- әкімшілік-басқару құрамның санын қысқарту;
- лауазымдар мен кәсіптерді біріктіріп атқаруға шектеу қою (тыйым салу);
- босауға ұшырайтын қызметкерлерді, олардың біліктілігіне қарай, бос орындарға ішкі ауыстыру жүргізу, ал бос орындар болмаған жағдайда Білім басқармасына қарасты өзге мекемелердегі бос орындарға ауыстыру шараларын жүргізу.
Бесінші тарау
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
5. Тараптар келесі жағдайлар бойынша келісімге келеді:
5.1.1. Қызметкерлердің жұмыс уақыты жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып бекіткен мекеменің ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен (№2 қосымша), сабақ кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, ауысым кестесімен, сондай-ақ еңбек шартымен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары және оларға мекеме Жарғысымен (Ереже) жүктелген міндеттемелермен белгіленеді.
5.1.2. Басшы қызметкерлер, мекеменің әкімшілік-шаруашылық, оқыту-көмек беру және қызмет көрсету құрамының қызметкерлері үшін аптасына 40 сағаттан аспайтын мөлшерлі жұмыс уақытының ұзақтылығы белгіленеді.
Білім беру ұйымы өз қызметін алты күндік жұмыс аптасымен, оқу сабақтарын бес күндікте жүргізгенде, жоғарыда аталған қызметкерлердің жұмыс уақыты оқу-тәрбие процесі барысындағы өзгерістерді ескере отырып, жұмыс берушінің актілерімен, ішкі еңбек тәртіп Ережелерімен және әлеуметтік әріптестік актілерімен (Келісімдер мен ұжымдық шарттар) реттеледі және нақтыланады.
5.1.3. Білім беру ұйымдарының, басшылардан басқа, педагогикалық қызметкерлері үшін еңбек ақы ставкасы үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтылығы белгіленеді.
Педагогикалық қызметкерлер үшін жұмыс уақытының нақты ұзақтылығы еңбек ақы ставкасы үшін белгіленген педагогикалық жұмыс сағатының мөлшерінен, оқу жүктемесінің көлемінен, мекеме Жарғысы және ішкі еңбек тәртібі ережелерімен жүктелген қосымша міндеттемелерді орындаудан құралады.
5.1.4. Толық емес жұмыс уақыты – толық емес жұмыс күні немесе жұмыс аптасы келесі жағдайларда белгіленеді:
- жұмыс беруші мен жұмысшының келісімі бойынша;
- жүкті әйелдер, 14 жасқа дейінгі баласы (18 жасқа дейінгі мүгедек баласы) бар ата-аналардың (қамқоршы, заңды өкіл) бірінің, сондай дәрігерлік қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне қарап отырған тұлғалардың өтініші бойынша.
Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеу қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтылығын шектеуге негіз бола алмайды (ҚР ЕК 70 б. 2 т.).
5.1.5. Сабақ кестесі мұғалімнің жұмыс уақытын, сабақтар арасында үзілістерге жол бермейтіндей, тиімді (ұтымды) пайдалануы ескеріле отырып жасалады.
Оқытуды жүзеге асыратын педагогикалық қызметкерлерге, белгіленген оқу жүктемесінің мөлшеріне сәйкес, әдістемелік жұмыс пен біліктілік арттыру үшін аптасына бір бос күн беру көзделеді. Әдістемелік күн беру туралы шешім Жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделеді.
5.1.7. Білім беру ұйымдарының қызметкерлерін демалыс және жұмыс емес мереке күндері жұмысқа тартуға тек олардың жазбаша келісімі немесе олардың өтініші негізінде ҚР ЕК 85 б. 1 т. сәйкес жұмыс берушінің жазбаша бұйрығы бойынша ғана жол беріледі. Бұл ретте ҚР ЕК 86 б. көзделгеннен өзге, яғни жұмысқа қызметкердің келісімінсіз тартуға болатын, төмендегі жағдайлар ескерілуі тиіс:
1) төтенше жағдайлардың, зілзала мен өндірістік апаттардың алдын алу немесе олардың салдарын жедел түрде жою;
2) жазатайым жағдайлардың, адам өлімі немесе мүліктің бүлінуін алдын алу, болдырмау және тергеу;
3) кейінге қалдыруға болмайтын, алдын-ала ескерілмеген және оның жедел орындалуынан бүкіл ұйым немесе оның жекелеген бөлімшелерінің қызметі байланысты болатын жұмыстарды атқару.
ҚР ЕК 109 б. негізінде демалыс және жұмыс емес мереке күндегі жұмыс үшін ақы, еңбек немесе ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде көзделген жоғарылатылған мөлшерде, жұмысшының күндік (сағаттық) ставкасын ескере отырып, бір жарым еселік көлемнен кем емес мөлшерде төленеді.
Жұмыс беруші жұмысшыларды үстеме жұмысқа, ҚР ЕК 77 б. көзделген жағдайларда, тек олардың жазбаша келісімі бойынша, 18 жасқа дейінгі жастар, мүгедектер, жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдер үшін көзделген шектеулер мен кепілдіктерді ескере отырып тарта алады.
Қызметкерлерді еңбек шартымен, лауазымдық нұсқаулықтармен көзделмеген жұмыстарға тартуға тек жұмысшының жазбаша келісімі бойынша Жұмыс берушінің бұйрығымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығымен көзделген тәртіп бойынша қосымша төлем жасау арқылы жол беріледі.
Кезекті демалыспен сәйкес келмейтін күзгі, қысқы және көктемгі каникул кезеңдері мекеменің педагогикалық және өзге қызметкерлері үшін, қоса атқару шартымен жұмыс атқаратын қызметкерлер үшін де, жұмыс уақыты болып табылады.
Бұл кезеңдерде жұмыс беруші педагогикалық қызметкерлерді педагогикалық және ұйымдастыру жұмыстарына, каникул басталғанға дейінгі оқу жүктемесінен аспайтын уақыт шеңберінде тартылады. Каникул кездеріндегі жұмыс кестесі жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің пікірі ескерілген бұйырығымен бекітіледі.
Педагогикалық қызметкерлерге негізгі демалыспен сәйкес келмейтін каникулдық кезеңде, өз келісімдері бойынша, бір ай шегінде жұмыс уақытының жиынтықталған есебі белгіленуі мүмкін.
Каникулдық кезеңде оқу-көмек беру мен қызмет көрсету құрамдағы жұмысшылар арнайы білімді қажет етпейтін (шағын жөндеу жұмыстары, мекеме аумағында жұмыс, мекемені күзету және т.б.) шаруашылық жұмыстарды атқаруға сол қызметкерлерге белгіленген жұмыс уақытының шегінде тартылады.
Ақылы демалыстардың берілу кезектілігі жыл сайын жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып, күнтізбелік жылдың басталуынан 10 күн кешіктірілмей бекітетін демалыс кестесіне сәйкес белгіленеді.
Демалыстың басталу мезгілі туралы жұмысшы оның басталуынан 2 ай бұрын ескертілуі тиіс.
Демалыс кестесіне өзгертулер енгізілген жағдайда қызметкер ол туралы демалыс басталғаннан екі апта бұрын хабардар болуы тиіс.
Жыл сайынғы еңбек демалысын жаз мезгілінде немесе кез-келген қолайлы уақытта алумен байланысты талассыз құқыққа төмендегі қызметкерлер санаты ие:
а) кәмелетке толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған (қамқоршы, қараушы) ата-аналар;
б) үш және одан коп балалары бар әйелдер;
в) еңбек жарақатын алған қызметкерлер;
г) қолында емделу жолдамасы бар кез-келген қызметкерлер.
Демалысты созу, ауыстыру, бөлу және одан кері шақыру жұмысшының келісімімен ҚР ЕК 93-95 б.б. көзделген жағдайларда жүргізіледі.
Жұмыс беруші келесі міндеттемелерді алады:
5.2.1. Қызметкерлерге сәйкес ұзақтылығымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру (№3 қосымша).
Жұмысқа тамыз бен қазан айлары аралығында қабылданған педагогикалық қызметкерлерге бірінші еңбек жылы үшін ағымдағы оқу жылы аяқталғанда ҚР қолданыстағы заңдылығымен қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген ұзақтылықта аванс түрінде ақылы еңбек демалысы беріледі.
Қызметкерге жазғы каникул кезеңінде демалысты, оның өз жазбаша келісімі болмаса, нақты жұмыс атқарған мезгілі үшін беруге жол берілмейді.
ҚР ЕК 89 б. 1 т. 1 т.т. сәйкес зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда қамтылған қызметкерлерге жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс (№4 қосымша);
ҚР ЕК 89 б. 1 т. 2 т.т. сәйкес бірінші және екінші топ мүгедектеріне ұзақтылығы он бес күнтізбелік күннен кем болмайтын қосымша ақылы демалыс беріледі.
Төмендегі жағдайларда жұмысшыларға, олардың жазбаша өтініштері бойынша, жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі:
отбасында бала туылғанда – 5 күнге дейін;
жаңа мекен-жайға көшумен байланысты – 7 күнге дейін;
балаларды әскер қатарына шығарып салғанда – 5 күнге дейін;
жұмысшының жеке өзінің (балаларының) үйлену тойымен байланысты - 7 күнге дейін;
әскери қызмет міндеттерін орындау барысында қаза болған немесе жарақаттан қайтыс болған, контузия немесе мүгедектікке алып келген, сондай-ақ әскери қызметпен байланысты науқасқа шалдыққан әскери қызметкердің ата-аналарына, жұбайларына немесе зайыптарына – 15 күнге дейін;
жұмыс істеп жүрген мүгедектерге – 10 күнге дейін;
бастауыш кәсіподақ ұйымының босатылмаған негізде жұмыс атқаратын төрағасына – 3 күнге дейін.
Қызметкерлерге жақын туыстарының (ата-анасы, баласы, қызы, бауырлары, жұбайы, зайыбы, атасы, енесі) қазасына байланысты, олардың жазбаша өтініштері бойынша сәйкес құжаттар негізінде үш күнге дейін ақылы демалыс беріледі.
Жалпы орта, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі, қосымша білім берумен байланысты оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемелер, арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін жалпы ережелер бойынша алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Сонымен қатар оқушылармен (білім алушылармен) нақты оқу сабақтарын жүргізу уақытын ескере отырып, аталған білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін де, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық, оқу-әдістемелік және қосалқы персонал қызметкерлері үшін де бес күндік жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін. Бес күндік жұмыс аптасы басқарма ұйымдары, білім беруді әдістемелік және техникалық қамтамасыз етуші мекемелер үшін бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Жалпы демалыс күні болып жексенбі есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы режиміндегі ұйымдар үшін демалыс күндер болып сенбі мен жексенбі есептеледі. Білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен жекелеген кәсіптегі қызметкерлер үшін бес күндік жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.
Алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін педагогикалық қызметкерлер, сондай-ақ оқу процесінде қамтылмаған өзге де қызметкерлер үшін каникул кезеңінде екі демалыс күні бар (сенбі және жексенбі) бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
Алты күндік жұмыс аптасынан бес күндік жұмыс аптасына көшу жұмыс берушінің актісі негізінде қызметкерлердің еңбек шарттарына, ішкі еңбек тәртібі ережелеріне, жұмыс, ауысым кестелеріне, ал қажет жағдайда ұйымның құрылтай құжаттарына (ереже, жарғы және т.б.) өзгертулер енгізе отырып жүргізіледі.
Егер білім беру ұйымы өз қызметін алты күндік жұмыс аптасымен, бірақ білім алушылармен оқу сабақтары бес жұмыс күнінде жүргізілетін болса, оқу-тәрбие қызметіне тікелей қамтылған педагогикалық қызметкерлер өз сабақтарын бес жұмыс күнінде немесе сабақ кетесіне сәйкес белгілі бір күндер ішінде жүргізеді.
Аталған педагогикалық қызметкерлер, егер аптаның алтыншы (сенбі) күні сабақтары және (немесе) қызметкердің лауазымдық міндеттерімен көзделген шаралары өткізілмесе, өз біліктілігін арттыруға, өз бетінше оқумен айналысуға және өз қалауы бойынша жұмыс орнында, сондай-ақ білім беру ұйымынан тысқары жерде сабақтарға даярлануға құқылы.
Бұл ретте, қызметкердің еңбек ақы мөлшері, демалыс күндерінің саны өзгеріссіз қалады және оқу-тәрбие процесімен тікелей байланысты педагогикалық қызметкердің білім беру ұйымында, еңбек шартымен көзделген, өз оқу жүктемесін толық көлемде орындау барысындағы күндерінің санына ешқандай әсер етпейді.
5.4. Демалу мен тамақтану үшін берілетін үзіліс уақыты, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің мекеме бойынша кезекшілік ету кестесі, демалыс және жұмыс емес мереке күндердегі жұмыс ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен белгіленеді.
Жұмыс беруші педагогикалық қызметкерлерге жұмыс уақытында, оның ішінде сабақтар арасындағы үзілістерде, оқитындармен бір мезгілде демалу мен тамақтануға мүмкіндік береді. Өзге қызметкерлер үшін демалу мен тамақтану уақыты ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен белгіленеді және ол 30 минуттан кем болмауы тиіс.
5.5. Педагогикалық қызметкерлердің мекеме ішіндегі кезекшілігі сабақ басталғанға дейінгі 20 минуттан ерте болмауы және сабақтар аяқталғаннан кейінгі 20 минуттан аспауы тиіс.
5.6. Тараптар жұмыс уақытының жиынтықталған есебі қарауыл, тәрбиешілер, режим жөніндегі кезекшілер, жатақхана кезекшілері, қазандық операторлары, от жағушылар, тәрбиеші көмекшілері, медбикелер, дәрігерлер үшін енгізілетіні туралы келіседі. Аталған санаттағы қызметкерлерді жұмыс уақытының жиынтықталған есебіне көшіру білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізіледі. Бұл ретте есепті мерзімге тоқсан алынып, ауысымның ұзақтылығы, ауысым аралық демалыс 12 сағаттан кем болмайтын жағдайды ескере отырып, белгіленеді.
Алтыншы тарау
Еңбек ақы мен еңбек нормалары
6.1. Тараптар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі» және осы Келісімнің шарттары негізінде жүргізілетіндігін растайды.
6.2. Білім беру ұйымдарының педагогикалық, медициналық, кітапхана қызметкерлерінің еңбек ақысы экономиканың сәйкес салаларындағы осындай қызметкерлер санаттары үшін белгіленген түрде, ал жұмысшылар қатарындағы еңбеккерлерге қызметкерлердің осы санаттары үшін белгіленген разряд бойынша төленеді.
6.3. Қызметкерлерге еңбек ақы жұмыс істейтін орны бойынша әр ай сайын ақшалай түрде төленеді. Қызметкерлерге еңбек ақы өткен айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірілмей беріледі.
6.4. Еңбек ақы жалақы төлеу жүйесі бойынша есептеледі және құрамына келесі көрсеткіштер енеді:
- лауазымдық жалақы (тарифтік ставка);
- мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен ұсталатын білім беру ұйымдарының, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, азаматтық қызметшілерге еңбек жағдайлары үшін берілетін қосымшалар мен үстемеақылар, жалақының көтерілуі;
- қолданыстағы заңдылықпен, білім беру ұйымының локальды актілерімен және осы Келісіммен көзделген өзге де төлемдер.
6.5. Білім басқармасы қызметкерлерге еңбек жағдайлары үшін ІЛЖ-дан (іргелік лауазымдық жалақы), ҚР заңнамасымен және осы Келісіммен көзделген,төмендегі мөлшерде қосымшалар мен үстеме ақылар тағайындауға және төлеуге міндеттенеді:
6.5.1. сынып жетекшілігі үшін (топ жетекшілігі): 1-4 сыныптардағы мұғалімдерге, оқытушыларға және өзге де қызметкерлерге – 25 пайыз, 5-11 (12) сыныптарда – 30 пайыз; кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарында – 25 пайыз;
6.5.2. дәптер және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы: 1-4 сыныптарда – 20 пайыз; орыс тілді мектептерде (сыныптарда) қазақ және өзге ұлттық тілдердің мұғалімдеріне және ұлттық тілдерді оқытатын мектептердегі (сыныптардағы) орыс тілі мұғалімдеріне, осы пәндерді жүргізетіндерге 1-4 сыныптарда – 25 пайыз; 5-11 (12) сынып мұғалімдеріне, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына жазбаша жұмыстарды тексергені үшін: қазақ, орыс тілдері, ұлттық тілдер мен әдебиеті бойынша – 25 пайыз; математика, химия, физика, биология, шет тілі, стенография, сызу, конструкторлау (құрастыру), техникалық механика - 20 пайыз.
Мектептер мен мектеп-интернаттардағы (даму және оқу мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзету ұйымдарынан, сондай-ақ жәй мектептердегі түзету сыныптарынан басқа) оқушы (тәрбиеленуші) саны 15-тен кем сыныптарда сынып жетекшілігі және дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық айлықақыларына (мөлшерлемелеріне) қосымша ақы төлеу көрсетілген қосымша ақылардың белгіленген мөлшерінен 50 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сондай-ақ сыныптарды кіші топтарға бөлгенде де қолданылады.
6.5.3. мектептердегі оқу кабинеттеріне (зертханалар, шеберханалар, оқыту-кеңес беру орталықтары) жетекшілік үшін қосымша төлем мектептерде, мектеп-интернаттары мен балалар үйлерінде – 20 пайыз; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – 25 пайыз, біріктірілген (комбинированный) шеберханалар болған жағдайда – 30 пайыз.
6.5.4. «кәсіптерді біріктіріп атқару (қызмет ету аумағының артуы) үшін қосымша төлем:
- білім мекемелерінің оқытушыларына, мұғалімдеріне және өзге де қызметкерлеріне кешкі, сырттай бөлімшелерге, арнайы бөлімшелерге меңгерушілік еткені үшін - 30 пайыз;
- директорға күндізгі-сырттай оқыту нысанындағы сыныптарға жетекшілік еткені үшін, күндізгі жалпы білім беру мектептер жанында, кешкі (ауысымды) жалпы білім беретін мектептер жанында жұмыс істейтін жастарға – 20 пайыз;
- педагогикалық қызметкерлерге мектепке (сыныптарға), оның ішінде музыкалық, көркем сурет, өнер мектебіне және т.б. жетекшілік еткені үшін, яғни директор лауазымы қаралмаған білім мекемесінде – 20 пайыз;
- жеті жылдық музыкалық мектептерде, өнер және көркем сурет мектептерінде, яғни директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымы қаралмаған білім мекемелерінде, оқу жұмысына жетекшілік жүргізетін мұғалімге - 20 пайыз;
- барлық үлгідегі және аталымдағы мектептер мен мектеп-интернаттарындағы оқулықтардың кітапхана қорымен жұмыс жүргізетін, кітапханашы лауазымы қаралмаған білім мекемелерінде, мұғалімдерге, оқытушыларға және өзге де қызметкерлерге – 30 пайыз;
- барлық түрдегі және аталымдағы мектептер, мектеп-интернаттарының (лицейлер, гимназиялар), сондай-ақ орта музыкалық және көркемсурет мектептерінің директорларына (директор лауазымы қаралмаған мектептердің мұғалімдеріне) оқу орны жанындағы интернатқа жетекшілік еткені үшін, егер интернат меңгерушісі лауазымы қаралмаса, қосымша ақы белгіленеді – 25 пайыз;
- мектепте ұзартылған күн жұмысына жетекшілік ету жүктелген директор немесе директор орынбасарларына – 20 пайыз;
- ерекше жағдайда тәрбиелеуді, ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға (тәрбиеленушілерге, балаларға) арналған екіден кем емес тобы (сыныбы) бар жалпы түрдегі және нысандағы оқыту-тәрбиелеу ұйымының басшыларына – 30 пайыз;
- оқыту мен даму мүмкіншілігі шектеулі, сондай-ақ ерекше жағдайда тәрбиелеуді немесе ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін балалар және жасөспірімдермен жұмыс үшін – 30 пайыз;
- жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен жұмыс үшін – 30 пайыз;
- мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарындағы тәрбиеші көмекшілеріне залалсыздандыру құралдарымен жұмыс үшін - 30 пайыз;
Білім беру ұйымдарының дамуы мен оқу мүмкіндіктері шектеулі, оның ішінде үйде оқытылуы тиіс, сондай-ақ ерекше жағдайда тәрбиелеуді немесе ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін балалар және жасөспірімдермен жұмыс атқаратын қызметкерлерге – 40 пайыз, психоневрологиялық паталогиясы бар (білім беру ұйымдарында оқуға тиіс емес) балалармен жұмыс істегені үшін – 50 пайыз;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен тәрбие колонияларындағы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, мектептердегі, кешкі (ауысымдық) жалпы орта білім беру мектептеріндегі және оқу-консультациялық пункттердегі және басқа да мінез-құлқы девиантты балаларға арналған мекемелерде оқытылатындармен жұмыс істегені үшін – 30 пайыз;
оқытушылық жұмыспен айналысатын оқытушыларға, мұғалімдерге, өндірістік оқыту шеберлеріне және өзге қызметкерлерге әдістемелік, циклдык және пәндік комиссияларға жетекшілік еткені үшін – 25 пайыз;
Жоғарыда аталған педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік, циклдык және пәндік комиссияларға жетекшілік еткені үшін қосымша төлем жүргізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2007 жылғы 29 қарашадағы N583 Бұйрығында мазмұндалған аталған комиссияларға жетекшілік етуге қажетті жұмыс ауқымын орындаумен байланысты беріледі.
6.5.5. Білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне оқулықтардың кітапхана қорымен жұмыс үшін - 30 пайыз.
6.5.6. Өндірістік оқыту шеберлеріне өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін – 100 пайыз;
6.5.7. ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайлары бар жұмыстарға қамтылған қызметкерлерге – 30 пайыз (4 қосымша), залалсыздандыру құралдарын пайдаланатын қызметтік бөлмелерді тазалаушыларға – 20 пайыз, дәретханаларды тазалауға қамтылған залалсыздандыру құралдарын пайдаланатын қызметтік бөлме тазалаушыларына -30 пайыз;
Қызметкерлерге ЛЖ (лауазымдық жалақы) есептеліп төленетін қосымшалар мен үстемеақылар:
6.5.8. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне:
- бірінші (ілгері) деңгейдегі - ЛЖ-дан 100 %;
- екінші (негізгі) деңгейдегі -ЛЖ-дан 70 %;
- үшінші (базалық) деңгейдегі - ЛЖ-дан 30 %
Аталған қосымша ақы «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 қаулысына сәйкес лауазымдық жалақыға нақты жүктемені ескере отырып, бірақ белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес мөлшерде, төленеді.
Бұл ретте, егер осы қосымша ақыны алу құқығына ие қызметкер өзге білім беру ұйымында, жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты негізінде, қызметтерді жұмыстарды қоса атқарса, онда өзге жұмыс орны бойынша да аталған қосымша ақы сәйкес лауазымдық жалақыға нақты жүктемені ескере отырып, бірақ белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес мөлшерде, негізгі жұмыс орнында төленетін қосымша ақыға қарамастан, беріледі.
Педагогикалық қызметкерге аталған қосымша ақы үйде оқыту түріндегі сабақтарды жүргізгенде де төленуі тиіс.
Бұл қосымша ақы бойынша төлемдер біліктілік емтиханын 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тапсырған мұғалімдерге сертификат мерзімінің аяқталуына дейін жүргізіледі.
6.5.9. мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне ерекше жағдайдағы жұмысы үшін үстемеақы – ЛЖ 10 %.
Тараптар, ҚР ЕК 139 б. 9 т. және ҚР «Білім туралы» Заңының 53 б. 2 т. 1 т.т. сәйкес ауылды жерде жұмыс атқаратын және азаматтық қызметші болып табылатын педагогикалық қызметкерлерге, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, лауазымдық жалақылар (ставка) 25 пайыздық үстемені ескере отырып есептелетіні туралы келіседі. Осы құқыққа ие педагогикалық қызметкерлерге барлық қызметкерлер, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N77 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне» сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың басшылары (директорлар, меңгерушілер мен олардың орынбасарлары) да жатады деп есептелсін.
6.5.10. білім бөлімдерінің және орталықтандырылған есеп-қисап бөлімдерінің бас үнемдеушілеріне еңбек шарттары және лауазымдық нұсқаулықтарымен көзделген негізгі жұмыстарымен қатар, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтылығы шеңберінде, атқаратын өзге жұмыстарымен байланысты қызмет көрсету ауқымының артуына сәйкес қызметкердің лауазымдық жалақсының 20 пайызынан кем емес көлемде қосымша ақы беріледі.
6.5.11. білім беру ұйымдарының іс жүргізушілеріне еңбек шарттары және лауазымдық нұсқаулықтарымен көзделген негізгі жұмыстарымен қатар, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтылығы шеңберінде, атқаратын өзге жұмыстарымен байланысты қызмет көрсету ауқымының артуына сәйкес қызметкердің лауазымдық жалақысының 50 пайызынан кеме емес көлемде қосымша ақы беріледі.
6.5.12. білім беру ұйымдарындағы педагогикалық лауазымдарда жұмыс атқаратын ғылыми дәрежесі бар қызмткерлерге:
- ғылым кандидаттарына, (PhD) философия докторларына, профиль бойынша докторларға - 1 еселенген ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде, ғылым докторларына - 2 еселенген ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде.
Аталған қосымша ақы жоғарғы біліктіліктегі ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы өкілетті органмен берілген тиісті диплом болғанда белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша жүргізіледі. Егер негізгі жұмыс орны бойынша аталған қосымша ақы белгіленбеген жағдайда, бұл қосымша ақыны төлеу қоса атқару шартымен қызмет атқаратын жұмыс орны бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда аталған қосымша ақы тек бір ғана қоса атқару шартымен жұмыс жасайтын жері бойынша белгіленеді және төленеді.
6.6. Тараптар оқытуды жүргізетін мұғалімдер мен өзге педагогикалық қызметкерлердің, білім беру ұйымдарының басшыларын қоса есептегенде, оқу жүктемесінің артуын кәсіптерді біріктіріп атқару немесе қызмет ету аумағының артуы деп қарастырмау туралы келісімге келді. Аталған тұлғалар үшін нақты оқу жүктемесінің артуы жұмыстарды қоса атқару түрінде қабылданып, одан туындайтын барлық құқықтық нормалар сақталады.
Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы.
1) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару;
2) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде осындай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – қызмет көрсету аймағын кеңейту;
3) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа және осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қызметкерлерге лауазымдарды қоса атқарумен (қызмет көрсету аймағын кеңейту) байланысты қосымша жұмыстарды негізгі луазымы (кәсібі) бойынша жұмыс уақытының шегінде атқарған жағдайда қосымша ақы қызметкердің өзінің лауазымдық жалақысының 50 пайызы мөлшерінде төленеді. Бұл қосымша ақы мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың басшылары мен орынбасарларына олардың лауазымдық міндеттерімен көзделген қосымша жұмыстарды атқарғанда төленбейді. Бұл жерде мекеме басшысының міндеттерін оның орынбасары немесе басшы орынбасарының міндеттерін өзге орынбасарлар алмастыру тәртібімен орындаған және ол алмастыру лауазымдық міндеттермен көзделген жағдай айтылып отыр.
Уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін негізгі жұмыс уақытынан бос кезде орындайтын қызметкерлерге, көп жағдайда мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне, қосымша ақы қызметкердің өз лауазымдық жалақасының 100 пайызы көлемінде тағайындалады және төленеді.
6.7. Тараптар кабинет (зертханалар, шеберханалар) меңгерушілігі үшін қосымша төлем олардың білім беру ұйымдарының комиссиясы, әр жыл сайын тамыздың 20 мен 30 аралығында, жүргізетін аттестация нәтижелері бойынша тағайындалатыны туралы келісімге келді. Кабинетті (зертхана, шеберхана) аттестаттау нәтижелері білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Егер, оқу жылының басына аттестация өткізілмесе, қосымша ақы тағайындау оның алдындағы аттестация нәтижелері бойынша жүргізіледі.
6.8. Тараптар оқыту мен даму мүмкіншілігі шектеулі, сондай-ақ ерекше жағдайда тәрбиелеуді немесе ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін балалар және жасөспірімдермен, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен жұмыс үшін қосымша ақы алатындар тізімі:
– білім беру ұйымдарының басшылары;
барлық лауазымдар мен мамандықтардағы педагогикалық қызметкерлер;
педагогикалық емес қызметкерлер: тәрбиешінің көмекшілері, лаборанттар, барлық мамандықтағы медициналық қызметкерлер, кітапханашылар, аспаздар;
6.9. Тараптар ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» 31 желтоқсан 2015 ж. №1193 Қаулысымен белгіленген төмендегі қосымша төлемдер мен үстемеақылар педагогикалық қызметкерлердің нақты оқу жүктемесіне пропорционалды мөлшерде төленетіндігімен келіседі:
- барлық түрдегі және аталымдағы мектеп-интернаттарының, 1-4 сынып мұғалімдерінен басқа, мұғалімдер мен оқытушыларға дәптер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін (барлық түрдегі және аталымдағы мектеп-интернаттарының 1-4 сынып мұғалімдеріне дәптер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы негізгі мұғалімге оқу жүктемесінің көлеміне қарамастан төленеді);
- дарынды балаларға арналған арнайы мектептер, мектеп-интернаттары мен өзге де білім беру ұйымдарында профильдік бағыттағы пәндерді оқытқаны үшін;
- ауылды жерде және қалалық үлгідегі поселкелерде орналасқан мемлекеттік және ұлттық тілді оқытатын жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқытушыларына орыс тілі мен әдебиетінен жүргізетін оқу сағаттары үшін;
- жалпы білім беретін орыс және өзге тілді мектептердің мұғалімдері мен оқытушыларына мемлекеттік және ұлттық тілдер мен әдебиеттен жүргізетін оқу сағаттары үшін;
- жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне араб, қытай және парсы тілдерінен жүргізетін оқу сағаттары үшін;
- жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын оқу орындарындағы (сыныптар, топтар) профильдік бағыттағы пәндерді жүргізетін педагогикалық қызметкерлерге, инновация, тәжірибе жүйесінде жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарының (лицейлер, гимназиялар, техникалық лицейлер, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу-тәрбиелеу кешендері) директорлары мен орынбасарларына, педагогикалық қызметкерлеріне, сондай-ақ балалар тәрбиесі шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне;
- ауылды жерде жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының мамандарына;
- ерекше жағдайда тәрбиелеуді, ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға (тәрбиеленушілерге, балаларға) арналған екіден кем емес тобы (сыныбы) бар, арнайы емес, оқыту-тәрбиелеу ұйымының басшыларына;
- оқыту мен даму мүмкіншілігі шектеулі, сондай-ақ ерекше жағдайда тәрбиелеуді немесе ұзақ мерзімді емделуді қажет ететін балалар және жасөспірімдермен жұмыс үшін;
- жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен жұмыс үшін;
- ерекше жұмыс жағдайлары үшін.
6.10. Тараптар педагогикалық қызметкерлерге оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникул кезеңдеріндегі жұмыс уақыттары үшін еңбек ақы төлеу каникул алдындағы тарификацияда және (немесе) атқарылатын жұмыстың еңбек шартымен көзделген нақты көлемінен құралып белгіленген мөлшерде жүргізілетіні туралы келісімге келді.
6.11. Педагогикалық жұмысты штаттық лауазымнан тыс атқаратын педагогикалық қызметкерлерге (мұғалімдер, оқытушылар, тәрбиешілер және т.б.) оқу жылының басына тарификациялық тізімдер жасалады және бекітіледі. Тарификациялық тізімдерді білім беру ұйымдарының басшылары өз бұйрықтарымен, оның құрамына міндетті түрде бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің өкілдерін қатыстыра отырып, жасақтайтын тарификациялық комиссия жасайды.
6.12. Жұмыс берушілер еңбек ақы, демалыс үшін ақы, жұмыстан босаған және қызметкерге тиесілі өзге де төлемдердің берілу мерзімі бұзылғанда, оның ішінде жұмыс тоқтап қалған жағдайда, аталған сомаларды ҚР Ұлттық банкінің міндеттемені орындау күніне белгіленген қаржыландырудың есептік ставкасы мөлшерінде әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін өсіммен төлейтіні туралы міндеттеме алады.
6.13. Жұмыс берушілер әр ай сайын еңбек ақы төлеу күні жұмысшыларға жазбаша түрде еңбек ақы туралы, оның барлық бөлшектері (құраушылары) көрсетілген, оның ішінде ұсталған сомалар мен зейнетақы жинақтаушы қорға аударылған зейнетақы жарналары, қолға берілетін жалпы сома көрсетілген мәлімет беріп отыруға міндеттенеді.
6.14. Жұмыс берушілер сәйкес мемлекеттік мекемені ұстауға қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражат есебінен немесе қазыналық кәсіпорын үшін бекітілген смета бойынша, Қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына үстеме ақы белгілеу, материалдық көмек көрсету, сыйақы беру Ережелерімен белгіленген тәртіппен, қызметкерлерге сыйақы беруді, дербес төлем тағайындауды, материалдық көмек беруді қамтамасыз ету міндетін алады (5 қосымша).
6.15. Еңбек ақының өзгеруі келесі жағдайларда жүргізіледі:
- мамандық бойынша еңбек өтілі артқанда – сәйкес еңбек өтілі артқан күннен бастап, егер құжаттар мекемеде болса немесе еңбек ақы ставкасын (жалақыны) арттыру құқығын беретін еңбек өтілі туралы мәлімет тапсырған күннен бастап;
- білім алғанда немесе білім туралы құжатты қалпына келтіргенде – сәйкес құжатты тапсырған күннен бастап;
- педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санаты берілгенде – кезекті оқу жылының басталуымен;
- «Еңбегі сіңген» атағы берілгенде – берілген күннен бастап;
- ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі берілгенде – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласына бақылау жүргізу жөніндегі Комитет алқасы немесе Президиумының диплом беру туралы шешімі шыққан күннен бастап;
Мамандық бойынша еңбек өтілін есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссия құрылып, оның құрамы тиісті мекеме басшысымен бекітіледі.
6.16. Қызметкердің еңбек ақысы мен (немесе) еңбек ақы ставкасы (лауазымдық жалақы) мөлшерін өзгерту туралы құқығы оның жыл сайынғы немесе өзге демалыста болған, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңде пайда болса, жоғары разряд ставкасы (жалақысы) бойынша еңбек ақы төлеу демалыс немесе еңбекке жарамсыздық уақыты өткеннен кейін жүргізіледі.
6.17. Тараптар еңбек ақысы мөлшерлі оқу жүктемесімен айқындалатын мұғалімдердің, тәрбиешілердің, өзге де қызметкерлердің оқу жүктемесі мен тарификациялық тізімдері білім стандарттары және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленген сыныптардың (топтардың) шекті толымдылығын ескере отырып жасақталатыны туралы келісті.
6.18. Жұмыс берушінің бастамасымен күнделікті жұмысты бөлшектеген жағдайда қызметкерге ІЛЖ-дан 50 пайыз мөлшерінде өтемақы төлемі тағайындалады (ҚР ЕК 72 б. 3 т.).
6.19. Тараптар, Жұмыс берушілердің мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін ұйымдардың әдіскерлерінің еңбек ақы мөлшерін анықтағанда, оларды В блогына (негізгі қызметтердің әдіскері) жататын қызметкерлер санатына жатқызып, буыны мен сатысы біліктілік деңгейі мен біліктілік санатына қарай белгіленетіні туралы келіседі.
6.20. Тараптар, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарының зертханашыларының еңбек ақы мөлшерін анықтағанда, оларды В блогына жататын қызметкерлер санатына жатқызып, буыны мен сатысы біліктілік деңгейіне қарай, біліктілік санатын есепке алмастан белгіленетіні туралы келіседі.
6.21. Қызметкерлердің атқаратын жұмыстарын белгілі бір күрделілікке жатқызу мен біліктілік разрядтарын беру жұмыстар мен жұмысшы кәсіптердің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
6.22. Тараптар Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 123 б. сәйкес мүліктер мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етумен байланысты толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім шарттар жасалуы мүмкін жұмыстар мен лауазымдар тізбесіне төмендегі қызметкерлер санаттары жататындығы туралы келісімге келді:
- білім беру ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;
- шаруашылық меңгерушісі;
- кассир;
- экспедитор;
- қойма меңгерушісі;
- қоймашы;
- аға шебер;
- кітапхана меңгерушісі (кітапханашы);
- медбике.
Келісімнің тараптары қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі туралы үлгілік шартты бекіткен (6 қосымша).
6.23. Тараптар жұмыстың жұмысшы кінәсынан болмай тоқтап тұрған күндері үшін қызметкерлерге, көтермелер, қосымша және үстеме ақыларсыз, ағымдағы жалақы мөлшерінде ақы төленетіндігімен келіседі.
6.24. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы орыс, ағылшын және өзге тілдерді оқытушылардың (мұғалімдер) штаттық бірліктерін анықтауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 Қаулысын басшылыққа алып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы қазақ тілі оқытушысы және сәйкесінше орыс, ағылшын және өзге тілдерді оқытушылардың (мұғалімдер) штат бірліктері 3 жастағы және одан да ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді».
Жетінші тарау
Кепілдіктер мен өтемақылар
7. Тараптар Білім басқармасының келесі жағдайларды жүргізетіндігі туралы келіседі:
7.1.1. Кәсіподақпен бірлесе отырып жергілікті атқарушы билік органдарының білім беру ұйымдарының педагогикалық және медициналық қызметкерлеріне отын мен коммуналдық қызмет шығындары үшін өтемақы мөлшерін мейлінше жоғары, 4 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінен кем болмайтын көлемде, тағайындауына ықпал етіп, күш салады.
7.1.2. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілгенде лауазымдық жалақы мөлшерінде емделу жәрдемақысы төленеді. Мұғалімдердің, қосымша білім беру педагогтарының емделу жәрдемақысының мөлшері оларға демалыс беру күніне сәйкес келетін нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Қызметтерді қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негізде тағайындалады және төленеді.
7.1.3. Қызметкерлері үшін қоғамдық тамақтануды (асханалар, буфеттер, тамақтану үшін бөлме (орын) ұйымдастырады.
7.1.4. ҚР заңдылығымен белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерге төмендегі кепілдіктер мен жеңілдіктер береді:
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағанда;
- дәрігерлік тексеруге жолданғанда;
- қызметтік іс сапарға жолданғанда;
- донор болып табылатын қызметкерлерге;
- жұмысты жоғалтумен байланысты;
- заңдылықпен көзделген өзге жағдайларда.
7.2. Қызметкерді зейнеткерлік жасқа жетуімен байланысты (ҚР ЕК 52б. 1 т. 24 т.т.) жұмыстан босатқанда, жұмыс беруші ҚР ЕК 53 б. 9 т. сәйкес өтемақы беруді жүзеге асырады.
Тараптап қызметкерді зейнеткерлік жасқа жетуімен байланысты жұмыстан босатқанда берілетін өтемақының мөлшері лауазымдық жалақы көлемінде белгіленетіні туралы келісті.
Жұмысшыны зейнет жасына жетуімен байланысты жұмыстан босатқан жағдайда берілетін өтемақы тек бір рет, жұмысшымен еңбек шарты ҚР ЕК 52 б. 1 т. 24 т.т. көзделген негіз бойынша бұзылған жағдайда, төленеді.
Көрсетілген негіз бойынша қызметкермен еңбек шартын бұзу, Қазақстан Республикасының «ҚР Зейнеткерлікпен қамту туралы» Заңымен белгіленген зейнет жасына жеткенде, қызметкерді еңбек шартын бұзу күнінен бір ай бұрын хабарландыра отырып, жүргізіледі.
Қызметкерлерге еңбек шартын бұзу туралы хабарландыру зейнет жасына жеткеннен кейін, еңбек шартын бұзу күнінен бір ай бұрын жолдануы тиіс.
Зейнет жасына жеткен педагогикалық қызметкермен еңбек шарты, жоғарыда көрсетілген негіз бойынша, оқу жылы аяқталғаннан кейін бұзылады.
7.3. Зиянды (қауіпті, ауыр) еңбек жағдайларында қамтылған қызметкерлермен, маусымдық қызметкерлерді қоса есептегенде, еңбек шартын бұзғанда нақты жұмыс атқарған мерзіміне тең пайдаланылмаған қосымша демалысы үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
7.4. Қызметкерлерге білім беру ұйымының кітапхана қорын қызметтік мақсатта тегін пайдалануын қамтамасыз етеді.
7.5. Білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілері мен өзге де жұмысшыларына лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны, жұмысты жоғары сапалы етіп орындағаны, бастамашылдығы, шығармашылық білсенділігі үшін төмендегідей көтермелеу жолдары қолданылады:
1) азаматтық қызметте жоғарылау; 2) ақшалай сыйлық беру;
3) алғыс жариялау; 4) Грамотамен марапаттау;
Сегізінші тарау
Еңбек пен денсаулықты қорғау
8.1. Білім басқармасы келесі міндеттемелер алады:
8.1.1. Қызметкерлердің оңтайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларына деген құқығын, еңбек қауіпсіздігінің өндірістік жарақат пен кәсіби науқастанудың алдын алушы қазіргі заманауи құралдарын енгізуді қамтамасыз етеді.
8.1.2. Жұмысқа жаңа түсіп жатқан, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлермен еңбек қорғау, балалар өмірі мен денсаулығын сақтау, жұмысты қауіпсіз орындаудың әдіс-тәсілдері, жарақат алушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жөнінде инструктаж өткізеді.
Оқу жылының басында қызметкерлердің еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөніндегі білімін тексеруді ұйымдастырады.
8.1.3. Білім беру ұйымының есебінен еңбек қорғау жөніндегі нормативтік және анықтамалық құжаттар, ережелер, нұсқаулықтар, инструктаждық журналдар мен өзге де құжаттамалармен қамтамасыз етеді.
8.1.4. Қызметкерлерді кәсіптер мен лауазымдардың бекітілген тізбесіне сәйкес арнайы киіммен, аяқ киіммен және өзге де жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етеді (7 қосымша).
8.1.5. Жұмыс беруші есебінен жеке қорғану құралдары, арнайы киім мен аяқ киімдерді сатып алу, сақтау, тазалау, кептіру, дезинфекциялау және жөндеуді қамтамасыз етеді.
8.1.6. Еңбек қорғау талаптарының жұмысшының кінәсынан болмаған бұзылу салдарынан еңбек заңдылығын сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары тарапынан жұмыстардың тоқтап қалу мерзіміне мекеме жұмысшыларының жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтайды.
8.1.7. Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес өндірісте болған жазатайым оқиғаларды мезгілінде тергеуді және олардың есебін жүргізеді.
8.1.8. Жұмыс берушінің еңбек қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды орындау салдарынан жұмысшының өмірі мен денсаулығына қауіп туындау себебімен жұмыстан бас тарту жағдайында жұмысшыға, туындаған қауіп жойылғанша, басқа жұмыс береді немесе осы себептен тоқтаған жұмыс уақытына орташа жалақы мөлшерінде ақы төлейді.
8.1.9. Әрбір жұмыс орнына, кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірлейді және бекітеді.
8.1.10. Жұмысшылар тарапынан еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелердің, талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
8.1.11. Білім беру ұйымдарында еңбек қорғау жөніндегі комиссия құрып, оның құрамына тең құқылы жағдайда кәсіподақ комитеті мүшелерінің кіруін қамтамасыз етеді.
8.1.12. Өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде қаза болған қызметкерлерді жерлеу, еңбек міндеттерін орындау барысында асыраушысынан айырылу салдарынан келтірілген залал үшін өтемақы алу құқығы бар тұлғаларға тиесілі шығындарын өтейді.
8.1.13. Кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып еңбек жағдайлары мен оны қорғауға, еңбек қорғау жөніндегі келісімдердің орындалуына бақылау жүргізеді.
8.1.14. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағының ____________ облыстық ұйымының құқықтық еңбек инспекторларына, еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға, еңбек қорғау жөніндегі комиссия мүшелеріне еңбек жағдайы мен оны қорғауға бақылау жүргізуге септік етеді. Олардың тарапынан жұмысшылардың оңтайлы және қауіпсіз еңбек жағдайлары құқығының бұзылуы анықталса, оларды жою шараларын қолданады.
8.1.15. Білім беру ұйымдарының дәрігерлік тексеруден өтуге міндетті барлық қызметкерлерінің тегін бастапқы және мерзімді міндетті дәрігерлік тексеруден (сараптамадан) өтуін және сол уақытқа жұмыс орындары (лауазымдары) мен жалақыларының сақталуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |