Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет72/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   113

Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын, номиналды пайыздық мөлшерлеме бойынша есептелген бо-
рыш құралдары бойынша пайыздық кіріс «Қаржылық кірістер» бабы бойынша пайда немесе шығын құрамында көрсетіледі.
Тиімді пайыздық мөлшерлемеге жататын комиссияларға қаржылық активтер жасақтауға немесе сатып алуға немесе 
қаржылық міндеттемелер шығарумен байланысты (мысалы, несиеге қабілеттелікті бағалау үшін, кепілдікті немесе қамтама-
сыз етуді бағалау немесе есепке алу үшін, құралды ұсыну шарттарын реттеу үшін және мәміле бойынша құжаттарды өңдеу 
үшін комиссия) Топ алған немесе төлеген комиссиялар кіреді.
Құрылған немесе сатылып алынған кредиттік құнсыздандырылған қаржылық активтерге қатысты тиімді пайыздық мөлшер-
леме күтілетін ақша ағындарын (бастапқы күтілетін кредиттік шығындарды қоса) бастапқы мойындау кезінде әділ құнына 
дейін дисконттайтын (әдетте сатып алу бағасына сәйкес келеді) мөлшерлеме болып табылады. Нәтижесінде тиімді пайыз 
кредиттік тәуекелді ескерумен түзетілген болып табылады.
Пайыздық кіріс: (i) құнсыздандырылған (3-кезең) және пайыздық кіріс олардың амортизацияланған құнына тиімді пайыздық 
мөлшерлемені қолданумен есептелетін (күтілетін кредиттік шығындарға резервті шегергендегі) қаржылық активтер-
ден; және ii) кредиттік тәуекелді ескерумен түзетілген бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме амортизацияланған құнға 
қолданылатын құрылған немесе сатылып алынған кредиттік құнсыздандырылған қаржылық активтерден басқа қаржылық 
активтердің жалпы баланстық құнына тиімді пайыздық мөлшерлемені қолданумен есептеледі.
Табыс салығы
Табыс салығы қаржылық есептілікте, есептеме кезеңінің аяғында қолданылатын заңнаманың талаптарына сәйкес көр-
сетіледі. Табыс салығы бойынша шығыстарға (өтеулерге) ағымдағы және кейінге қалдырылған салықтар кіреді және 
жылдағы пайда мен шығындарда көрсетіледі, егер де олар өзге жиынтық табыс құрамында немесе қандай болса да басқа 
есептілік беру кезеңдегі капиталда тікелей көрсетілетін операцияларға жататынына байланысты капиталда тікелей көр-
сетілмеуге тиіс болса.
Ағымдағы салық, ағымдағы және алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайдаға немесе шығынға қатысты салық орган-
дарына (салық органдары есебінен өтеледі) төленеді деп күтілетін соманы білдіреді. Салық салынатын пайдалар немесе 
шығындар есептесу бағалау негізінде есептеледі, егер де қаржылық есептілікті тиісті салық декларацияларын бергенге 
дейін бекітілетін болса. Табыс салығынан айрықша салықтар операциялық шығыстар құрамында көрсетіледі.
Кейінге қалдырылған салық болашақ кезеңге қалдырылған салық шығындарына және активтер мен міндеттемелердің 
баланстық базасы және олардың қаржылық есептіліктегі баланстық құны арасындағы уақытша айырмашылықтарына қаты-
сты баланстық міндеттемелер әдісімен есептеледі. Бастапқы мойындалуы бар ерекшелікке сәйкес, кейінге қалдырылған 
салықтар, бизнесті біріктірумен байланысты емес операциялар бойынша міндеттемелерді немесе активтерді бастапқы 
мойындалуы кезінде туындайтын уақытша айырмашылықтарға қатысты мойындалмайды, егер де осындайлар бухгалтер-
лікке де, салық салынатын пайдаға да ықпал етпесе. Кейінге қалдырылған міндеттемелер гудвилды бастапқы мойындау 
кезінде туындайтын уақытша айырмашылықтарға қатысты, және әрі қарай салық салынатын пайданы азайтпайтын гудвилге 
қатысты есептелмейді. Кейінге қалдырылған баланстық құны есептілік беру кезеңінің аяғында әрекет етілетін салық мөл-
шерлемесін қолданып есептеледі және, олар күтілетіндей, уақытша айрықшаларды қалпына келтіру немесе болашақ кезең-
дерге ауыстырылған салық шығындары кезеңде қолданылатын болады. Кейінге қалдырылған салық активтері Топтың әр бір 
бөлек кәсіпорыны шеңберінде ғана кейінге қалдырылған салық міндеттемелерге қарсы есептелуі мүмкін. Барлық есептен 
шығарылатын уақытша айырмашылыққа және салық шығындардың болашақ кезеңдеріне ауыстырылғандарға қатысты кей-
інге қалдырылған салық активтері, есептен шығарылатын айырмашылықты есептеуге болатынына қарсы салық салынатын 
пайданы болашақта алу мүмкіндігі бар дәрежеде ғана мойындалады. 
Топ, еншілес кәсіпорындардың дивидендтеріне арналған салықтарға немесе оларды сатудан түскен пайдаға жататын уақыт-
ша айырмашылықты бақылайды. Басшылық жақын арадағы келешекте уақытша айырмашылықтың қалпына келтірілуін 
күтетін жағдайды қоспағанда, Топ осындай уақытша айырмашылық бойынша кейінге қалдырылған міндеттемелерді көрсет-
пейді. 
Топтың айқындалмаған салық позицияларын басшылық әрбір есептілік беру кезеңінің аяғында бағалайды. Пайдаға ар-
налған салық бойынша позицияларға қатысты көрсетілетін міндеттемелер, қосымша салық міндеттемелердің туындау 
мүмкіндігі бар деп басшылық санаған жағдайларда ескеріледі, егер де Топтың салық позициясы олардың жоқ болу мүм-
кіндігінен жоғары деп салық органдары келіспеген болса. Осындай бағалау, қолданыстағы немесе есептілік беру кезеңінің 
аяғында қолданыстағы салық заңнаманы, сондай-ақ соттың кез келген белгілі қаулылары немесе ұқсас мәселелер бойынша 
өзге де шешімдерді талқылау негізінде жүргізіледі. 
Пайданың салығын қоспағанда, айыппұл, өсімақы мен салықтар бойынша міндеттемелер есептілік беру кезеңінің аяғын-
дағы міндеттемелерді реттеу үшін қажетті шығыстарды басшылықпен ең жоғары бағалау негізінде көрсетіледі.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 169


Негізгі құралдар
(i) Негізгі құралдарды мойындау және бағалау
Негізгі құралдар жинақталған амортизациялау және құнсызданудан жинақталған шығындар есептен шығарылып, өзіндік 
құны бойынша көрсетіледі. 
Бастапқы құн активті мақсаттық пайдалану үшін жұмыс орнына жеткізуге және жұмыс қалпына келтіруге тікелей байланы-
сты кез келген шығындардан, импорт бажы және сатып алынғандар бойынша өтелмейтін салықпен қоса, сауда жеңілдік-
терін және қайтаруларды есептемегендегі сатып алу құнынан тұрады. Шаруашылық әдісімен дайындалған немесе құрасты-
рылған негізгі қаражат объектісінің бастапқы құны өзіне жұмсалған материалдар құнын, орындалған өндірістік жұмыстарды 
және өндірістік үстеме шығындардың сәйкесті үлесін қосудан тұрады. Олардың пайдалы қызмет мерзімі жалпы аталған 
объектінің пайдалы қызмет мерзімінен айырмашылығы бар негізгі құралдар нысанының бөлек елеулі бөліктері бөлек 
нысандар (компоненттер) ретінде есептеледі және осындай бөліктердің пайдаланылатын мерзімін көрсететін нормалар 
бойынша амортизацияланады. 
Бұдан әрі болатын шығындар аталған нысанның баланстық құнына кіргізіледі немесе, Топтың аталған нысанды пайдалану-
дан экономикалық пайдасы мүмкін болып және оның құны сенімді бағалануы мүмкін болған жағдайда, бөлек актив ретінде 
көрсетіледі. Негізгі құрал-жабдықтарқұрамында елеулі бастапқы құнымен және бір жылдан астам пайдалы пайдалану 
мерзімімен қоса арнайы қор бөлігі мен қосалқы жабдықтар көрсетіледі. Өзге қор бөліктері мен қосалқы құрал-жабдықтар 
тауарлық-материалдық қор құрамында көрсетіледі және шығындану деңгейі бойынша жылдағы пайда мен шығында көр-
сетіледі.
Ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге кеткен шығындар ағымдағы кезеңдегі шығындарға жатады. Негізгі 
құралдардың ірі түйіндерін немесе компоненттерін ауыстыруға кеткен шығындар ауыстыруға жататын бөлшектерді бір 
уақытта тізімнен шығару кезінде капиталдандырылады. Негізгі құралдардың шығып қалуынан болған пайда немесе шығын 
сатудан түскен ақша мен оның баланстық құны арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады. 
(ii) Негізгі құралдардың амортизациясы
Жерге амортизация есептелмейді. Уранды өндіруге және оны алдын ала өңдеуге пайдаланатын «ғимараттар» категориясы-
на кіретін объектілерді амортизациялау өндірістік әдіс негізінде есептеледі, осындай әдіс ең жақсы түрде тұтыну құрылы-
мын көрсететін баптарға қатысты қолданылады. Негізгі құрал өзге объектілердің амортизациясы олардың бастапқы құнын 
қалдық құнына дейін олардың пайдалы пайдалану мерзімі ішінде тең тізімнен шығару арқылы желілікәдісімен есептеледі:
Пайдалы пайдалану мерзімі
Ғимараттар
 10 нан 50 жылға дейін
Машиналар мен жабдықтар
3 тен 50 жылға дейін
Көлік құралдары
3 тен 10 жылға дейін
Өзгесі
3тен 20 жылға дейін
Негізгі құралдардың пайдалы қызметінің есептесу мерзімі оның пайдалы қызметінің өз мерзіміне де, жер қойнауын пайда-
лануға арналған келісім-шарт мерзіміне және (немесе), негізгі құралдардың аталған нысаны орналасқан аумағындағы кен 
орнындағы экономикалық тұрғыдан түсіп жатқан қордың ағымдағы бағалануына да тәуелді. 
Активтің қалдық құны есептесу сомасы болып табылады, оны Топ, актив пайдалы пайдалану мерзімінің соңына дейін-
гі жағдайға және пайдалы пайдалану мерзімінің соңы сипатталатын жағдайдың соңына жеткендей, істен шығуға болуы 
мүмкін шығындарды есептен шығарғанынан кейінгі активтің істен шығудан ағымдағы жағдайда алар еді. Активтердің 
қалдық құны және олардың пайдалы пайдалану мерзімі әр есептілік беретін кезеңнің аяғында қайта қарастырылады және 
өзгертіледі.
Өндіріске дайындау шығындары 
Өндіріске дайындалу бойынша капиталдандырылған шығындар жинақталған амортизацияны және қажет болғанда, құнсы-
зданудан жинақталған шығындарды есептен алғанда, өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
3. 
Есептілік саясатының негізгі ережелері 
(жалғасы) 
170 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау