Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет71/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   113

теңгесі болып табылады. Теңгенің басқа валюталарға конвертациялануына қатысты валюталық бақылау қағидалары әрекет 
етеді. Қазіргі уақытта теңге Қазақстан Республикасынан тысқары еркін конвертацияланатын валюта болып табылмайды.
Ақшалай активтер мен міндеттемелер әрбір кәсіпорынның функционалдық валютасына тиісті есептік кезең аяғындағы 
нарықтық бағам бойынша қайта есептеледі. Шетелдік валютадағы операциялар бойынша есеп айырысудан және ақшалай 
активтер мен міндеттемелерді кезең аяғындағы нарықтық айырбас бағамы бойынша әрбір кәсіпорынның функционалдық 
валютасына қайта есептеуден орын алған оң және теріс бағамдық айырмалар жыл ішіндегі пайдада немесе залалда көр-
сетіледі. Жыл аяғындағы бағам бойынша қайта есептеу баланстың тарихи құн бойынша өлшенетін ақшалай емес баптарына 
қатысты жүргізілмейді.
Топ ішіндегі кәсіпорындардың арасында берілетін және алынатын несиелер және олармен байланысты алынған оң және 
теріс бағамдық айырмалар шоғырландыру кезінде алынып тасталады. Алайда, несие алу және беру топтың ішіндегі, функ-
ционалдық валюталары әртүрлі кәсіпорындар арасында өткенде, оң және теріс бағамдық айырмалар толығымен алынып 
тастала алмайды және, несиенің жуырдағы келешекте реттелуі және сондықтан шетелдік қызметке таза инвестициялардың 
бір бөлігін құрайтындығы күтілмейтін жағдайларды қоспағанда, шоғырландырылған пайдада немесе залалда есепке алына-
ды. Бұл жағдайда оң және теріс бағамдық айырмалар өзге жиынтық қорлар құрамында көрсетіледі. 
Топтың әрбір кәсіпорнының қызмет нәтижелері мен қаржылық ахуалы ұсынылатын валютаға келесі түрде аударылады:
•  Қаржылық ахуал туралы ұсынылған есептердің әрқайсысындағы активтер мен міндеттемелер тиісті есептік кезең аяғын-
дағы жабу бағамы бойынша қайта есептеледі;
•  Кірістер мен шығыстар орташа айырбас бағамы бойынша аударылады (егер ол орташа бағам бағамдардың операция 
күнгі жинақталған әсеріне негізделген түрде жуықтатылған болып табылмаса, онда кірістер мен шығыстар операциялар 
күніндегі бағам бойынша қайта есептеледі
•  капиталдың компоненттері бастапқы бағам бойынша қайта есептеледі; және
•  аудару нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмашылықтардың барлығы өзге жиынтық кіріс құрамында көрсетіледі. 
Шетелдік бөлімшені бақылауды жоғалтқан жағдайда, бұрын өзге жиынтық кіріс құрамында көрсетілген бағамдық айырма-
лар жыл ішіндегі пайдаға немесе шығынға шығудан пайда немесе шығын ретінде көшірілуі тиіс. Еншілес кәсіпорынның 
бақылауды жоғалтусыз жартылай шығуы жағдайында, жинақталған бағамдық айырмалардың тиісті бөлігі капиталдағы 
бақыланбайтын үлеске көшіріледі.
Шетелдік валютадағы шоттар бойынша қалдықтарды қайта есептеу үшін пайдаланылған нарықтық айырастың жабу бағамы 
2018 жылғы 31 желтоқсан бойынша 1 АҚШ доллары үшін 384.20 теңге құрады (2017 жылғы 31 желтоқсан: 332.33 теңге 1 АҚШ 
доллары үшін).
Табысты мойындау
Табыс – бұл Топтың әдеттегі қызметі барысында туындайтын кіріс. Табыс мәміле бағасы мөлшерінде мойындалады. Мәміле 
бағасы үшінші тараптар атынан алынатын сомаларды ескерусіз, Топ сатып алушыға уәде етілген тауарлар немесе қызмет-
терді бақылауды берудің орнына құқық алуды күтетін өтеу болып табылады. Табыс жеңілдіктерді, қайтарымдарды және 
қосымша құн салығын, экспорттық баждарды, акциздерді және өзге осыған ұқсас міндетті төлемдерді шегерумен мойында-
лады.
(i) тауарларды сату (уран, бериллий, тантал, ниобий және өзге өнімдер)
Сатулар тауарды бақылау көшетін мезетте мойындалады, яғни тауарлар сатып алушыға жеткізілгенде және сатып алушы 
тауарларға қатысты әрекеттер жасауға толық ерікті болғанда және сатып алушының тауарды қабылдауына әсер етуі мүмкін 
орындалмаған міндеттеме жоқ болғанда мойындалады. Тауарлар белгілі бір жерге жеткізілгенде, тозу және жоғалту тәуе-
келдері сатып алушыға көшкенде және сатып алушы тауарларды келісімшартқа сәйкес қабылдап алғанда, қабылдау туралы 
қағидалардың әрекет ету мерзімі аяқталғанда немесе қабылдаудың барлық критерийлері орындалғандығына Топтың объ-
ективті дәлелдері бар болғанда, Жеткізілім жүзеге асырылды деп есептеледі.
Жеңілдікпен сатулардан табыс көлем үшін есеп айырысу жеңілдіктерін шегергендегі келісімшартта көрсетілген баға негізін-
де мойындалады. Жеңілдіктерге арналған резервті есептеу және құру үшін жинақталған тәжірибе негізіндегі күтілетін құн 
әдісі пайдаланылады және табыс мойындалған соманың келешек кезеңдерде елеулі төмендеуі орын алмайтындығының 
ықтималдылығы өте жоғары сомада ғана мойындалады. 
Қаржыландыру элементі жоқ деп есептеледі, өйткені сатулар төлемді 30-40 күнге кейінге қалдыруды ұсынумен жүзеге асы-
рылады, бұл нарықтық тәжірибеге сәйкес келеді.
Дебиторлық берешек тауарлар жеткізілгенде мойындалады, өйткені, төлем мерзімінің келуі тек уақыт ағынымен ғана шарт-
талатындықтан, осы мезетте өтеу сөзсіз болып табылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 167


Уран, тантал и бериллий өнімдерін жеткізу шарттары сатып алушылармен нақты келісімшарттармен, әдетте, Incoterms 
жіктемесіне сәйкес анықталады. Уран өнімдерін жеткізу: тауарларды Incoterms шарттарымен физикалық жеткізудің нақты 
күніне, не болмаса тапсырыс берушімен анықталған конвертордың шотына бук-трансфер күніне жүзеге асырылады. Бұл 
ретте бук-трансфер уран материалын тараптардың бірімен көрсетілген материалдық шоттан есептен шығару операциясын 
және бір мезгілде мұндай материалды екінші тарап көрсеткен, бір мамандандырылған кәсіпорындағы шотқа жатқызуды 
білдіреді.
(ii) Қызметтерді сату (тасымалдау, бұрғылау және өзгелері)
Топ сыйақы бекітілген және өзгермелі келісімшарттар бойынша қызметтер ұсынады. Қызметтер ұсынудан түскен табыс олар 
көрсетілген есептік кезеңде мойындалады. Сыйақы бекітілген келісімшарттар бойынша табыс, есептік кезең аяғына дейін 
нақты ұсынылған қызметтердің көлемінен шыға отырып, көрсетілетін қызметтердің жалпы көлеміне пропорционалды түр-
де мойындалады, өйткені сатып алушы бір мезгілде пайдаларды алады және тұтынады.
Егер келісімшарттарға орындалатын бірнеше міндеттемелер кіретін болса, мәміле бағасы орындалатын әрбір бөлек мін-
деттемеге оларды жеке сатқан кездегі бағалардың ара қатынастарынан шыға отырып бөлінеді. Егер мұндай бағалар қадаға-
ланатын болып табылмаса, олар күтілетін шығындар мен маржадан шыға отырып есептеледі.
Келісімшарт толық орындалғанға дейін табысты, шығынды немесе орындалған жұмыстардың көлемін бағалау мән-жайлар 
өзгерген жағдайда қайта қаралады. Табыстың немесе шығындардың есептік сомаларының осымен байланысты туындайтын 
кез келген ұлғаюы немесе азаюы оларды қайта қарауға әкелген мән-жайлар туралы басшылыққа белгілі болған кезеңде 
пайда немесе шығын құрамында көрсетіледі.
Сыйақы бекітілген келісімшарт жағдайында сатып алушы бекітілген соманы төлем кестесіне сәйкес төлейді. Егер Топ 
ұсынған қызметтердің құны төлем сомасынан асатын болса, сатып алушымен келісімшарт бойынша актив мойындалады. 
Егер төлемдердің сомасы көрсетілген қызметтер құнынан асса, сатып алушымен келісімшарт бойынша міндеттеме мойын-
далады.
Егер келісімшартқа өзгермелі өтеу кіретін болса, табыс тек осындай өтеудің келешек кезеңдерде елеулі азаюы болмайтын-
дығының ықтималдылығы өте жоғары жағдайда ғана мойындалады.
(iii) Қаржыландыру компоненттері. 
Топ уәде етілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алушыға табыстау және сатып алушының оларды төлеуі арасындағы 
кезең бір жылдан аспайтын келісімшарттар жасасуды көздемейді. Осы себепті, Топ мәміленің бағасын ақшалардың уақыт-
тық құнының ықпалына түзетпейді.
(iv) Өзара есепке алулар және бартерлік операциялар. 
Сатып алу-сату операцияларының бір бөлігі өзара есепке алу, бартер немесе ақшалай емес нышандағы басқа есеп айырысу-
ды пайдаланумен жүзеге асырылады. Әдетте, бұл операциялар түпкілікті тұтынушымен әртекті тауарлармен немесе қызмет-
термен алмасу (бартер) нышанында, өзара есепке алу немесе бірнеше ұйымдардың қатысуымен ақшалай емес операция-
лардың тізбегі нышанында жүргізіледі.
Есепке алу, бартер немесе ақшалай емес нышандағы өзге есеп айырысуды пайдаланумен жүзеге асыру жоспарланған сатып 
алу-сату операциялары ақшалай емес есеп айырысулар нәтижесінде алынатын немесе табысталатын активтердің әділ 
құнын басшылықтың бағалауы негізінде мойындалады. Әділ құн байқалатын нарықтық ақпарат негізінде анықталады.Ақша-
лай емес есеп айырысулар ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен алынып тасталған.Инвестициялық және қаржылық 
операциялар, сонымен қатар операциялық қызметтің қорытынды нәтижесі ақша қаражатының нақты қозғалысы болып 
табылады. 
Пайыздық кірістер
Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатыннан басқа борыш құралдарының барлығы бойынша пайыздық 
кірістер мен шығыстар тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдаланумен есептеу әдісі бойынша барлық борыш құралдары 
бойынша көрсетіледі. Мұндай есептерде пайыздық кірістер мен шығыстарға келісімшарт тараптары төлеген және алған 
және тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігін құрайтын комиссиялар мен төлемдердің барлығы , мәміле бойын-
ша шығындар, сонымен қатар өзге сыйақылар немесе жеңілдіктер кіреді. 
3. 
Есептілік саясатының негізгі ережелері 
(жалғасы) 
168 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау