Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет69/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113

2018 жылғы 25 маусымда Топ «Самұрық-Қазына» АҚ-мен «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС-ындағы 100% қатысу 
үлесін сату туралы келісімге қол қойды (Ескертпе 41). Сату 2018 жылғы маусымда аяқталды. 
2018 жылғы қазанда Топ «Самұрық-Қазына» АҚ-ының байланысқан тарабы «Тау-Кен Самұрық» АҚ компаниясына «Sareco» БК» 
ЖШС-ындағы 100% үлесін өткізді (Ескертпе 41).
Қазақстан Республикасының экономикасында дамушы нарықтарға тән кейбір ерекшеліктердің көрініс табуы жалғасуда. 
Ол әсіресе Қазақстан экспортының негізгі бөлігін құрайтын мұнай мен газ және минералдық шикізаттар бағаларының 
ауытқуына сезімтал. Бұл ерекшеліктерге, сонымен қатар, ұлттық валютаның елден тысқары жерде еркін айырбасталмауы 
және құнды қағаздар нарығының төмен өтемпаздық деңгейіі жатады және де ерекшеліктер осылармен шектелмейді. Өңірде 
сақталып отырған саяси шиеленісушілік, айырбастау бағамының құбылмалылығы Қазақстан Республикасының экономи-
касына теріс әсер етті және өтімділіктің төмендеуі мен халықаралық қаржыландыруды тартуда қиыншылықтар туындауын 
қоса, теріс әсер етуді жалғастыруы мүмкін 2015 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Үкіметі 
айырбас бағамын қолдауды тоқтату және инфляциялық таргеттеу, валюталық дәлізді жою мен еркін құбылмалы айырбас 
бағамына көшудің негізінде жаңа ақшалай-кредиттік саясатты іске асыру туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, қаржылық 
тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Ұлттық банктің айырбас бағамына қатысты саясатты теңгенің айырбас бағамының күрт 
ауытқуларының алдын алу үшін интервенцияларға жол береді.
Осы есептілікті құру күнінің жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ресми айырбас бағамы 2018 
жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 384.20 теңгемен салыстырғанда 1 АҚШ доллары үшін 376.65 
теңгені құрады (2017 ж. 31 желтоқсаны: 1 АҚШ доллары үшін 332.33 теңге). Сөйтіп, теңгенің айырбас бағамына және Ұлттық 
банк пен Үкіметтің алдағы уақыттардағы іс-қимылына, сондай-ақ аталған факторлардың Қазақстан Республикасының 
экономикасына әсеріне қатысты тұрлаусыздық бар 2018 жылғы қыркүйекте Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі 
Қазақстанның шетелдік және ұлттық валюталардағы ұзақмерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВВ» деңгейінде, Қазақстанның 
шетелдік және ұлттық валюталардағы қысқамерзімді кредиттік рейтингтерін «A-3», деңгейінде, ал ұлттық шәкіл бойынша 
рейтингті - «kzAAA» деңгейінде растады. Ұзақмерзмді рейтингтер бойынша болжам «тұрақты». Тұрақты болжам Қазақстан 
Республикасының Ұлттық қорына қосымша түсімдер есебінен жасақталған оң баланстық көрсеткіштердің бар болуымен, 
сонымен қатар жиынтық көлемі мемлекеттің екі жыл ішіндегі сыртқы өтімді активтерінен аспайтын мемлекеттік қарызбен 
расталады.
Өндіру көлемдерінің өсуі, жұмыссыздықтың төмен деңгейі және еңбекақының өсуі 2018 жылы бірқалыпты экономикалық 
өсуге ықпал етті. Мұндай экономикалық орта Топтың қызметі мен қаржылық ахуалына елеулі әсер етеді. Басшылық Топ 
қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданады. Алайда қалыптасқан экономикалық 
жағдайдың келешектегі салдарын болжау қиын және басшылықтың ағымдағы күтулері мен болжамдары нақты нәтижелер-
ден ауытқуы мүмкін.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының тау-кен секторы Қазақстан Республикасындағы саяси, заңнамалық, салықтық және 
реттеушілік өзгерістердің әсеріне бейім болып қалады. Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылық перспекти-
васы елеулі деңгейде Үкімет қабылдаған экономикалық шаралардың тиімділігіне, сондай-ақ құқықтық, бақылау және саяси 
жүйелердің дамуына, яғни Топтың бақылау аясынан тысқарыдағы жағдайларға байланысты.
Басшылық Қазақстан экономикасындағы өзгерістердің дәрежесін де, ұзақтығын да және олардың Топтың келешектегі 
қаржылық ахуалына болуы мүмкін әсерін алдын ала көре алмайды және бағалай алмайды. 
Басшылық ағымдағы жағдайларда Топ қызметінің тұрақтылығын және өсуін қолдау үшін барлық қажетті шараларды қолда-
нуда екендіктеріне сенімді.
2. 
Топ өз қызметін жүзеге асырған экономикалық орта
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 163


Қаржылық есептілікті дайындаудың негізі 
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес өзгерістері пайда 
немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша және өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын 
қаржылық құралдардың бастапқы құны бойынша есепке алу қағидаларының негізінде дайындалды. Осы шоғырландырылған 
қаржылық есептілікті дайындау кезінде қолданылған есептілік саясатының негізгі ережелері төменде келтірілген. 2018 жылғы 
1 қаңтардан бастап ХҚЕС (IFRS) 9 және ХҚЕС (IFRS) 15 стандарттарына көшу нәтижесіндегі есепке алу саясатындағы өзгерістер-
ден басқа, есептілік саясатының бұл ережелері, басқаша көрсетілмеген жағдайда, есептілікте көрсетілген барлық кезеңдерге 
қатысты реттілікпен қолданылды, егер өзгеше көрсетілмесе. Қаржылық құралдар мен түсімді мойындауға қатысты 2017 жылғы 
31 желтоқсанға дейін қолданылған есепке алу саясатының негізгі қағидалары 48-ескертуде көрсетілген.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау ХҚЕС сәйкес кейбір маңызды бухгалтерік бағалауларды пайдалануды 
талап етеді. Бұдан басқа, Топтың есепке алу саясатын қолданған кезде басшылықтың өз ой-пікірлеріне сенуі қажет. Бухгал-
терлік есептің анақұрлым жоғары дәрежедегі бағалауды болжайтын облыстары және шоғырландырылған қаржы есептілік 
үшін рұқсат етулер мен бағалаулар анағұрлым елеулі болып табылатын облыстары 4-ескертуде көрсетілген.
Есептілікті ұсыну валютасы
Егер өзгеше көрсетілмеген болса, осы шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көрсеткіштері Миллион Қазақстан тең-
гесімен берілген.
Шоғырлану қағидаттары
(i) Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Еншілес кәсіпорындар, құрылымдық кәсіпорындармен қоса инвестициялар болатын еншілес кәсіпорындар, Топпен бақылана-
тын инвестициялардың осындай объектілерін білдіреді, өйткені Топ (і) инвестициялар объектісі табысына елеулі әсер ететін 
елеулі қызметті басқаруға оған мүмкіндік беретін өкілеттерге ие, (іі)инвестициялар объектісіне қатысудан түскен өзгермелі 
табыспен байланысты тәуекелдердің ықпалына түседі, немесе осындай табысты алуға арналған құқығы бар, және (ііі)инве-
стордың табыс мөлшеріне әсер ету мақсатында инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілдіктерін пайдалану мүмкіндігі бар. 
Топтың басқа кәсіпорынға қатысты өкілеттігінің бар болуын бағалау кезінде, іс жүзіндегі әлеуетті дауысымен қоса, іс жүзіндегі 
құқықтарының бар болуын және ықпалын қарау қажет. Құқық, егер де ұстаушы бұл құқықты инвестициялар объектісінің елеулі 
қызметін басқаруға қатысты шешімді қабылдау кезінде іс жүзінде іске асыру мүмкіндігі болса,іс жүзінде деп саналады. Құқық, 
егер де ұстаушы бұл құқықты инвестициялар объектісінің елеулі қызметін басқаруға қатысты шешімді қабылдау кезінде іс 
жүзінде іске асыру мүмкіндігі болса,іс жүзінде деп саналады. Топ, оның инвестициялар объектісінде көпшілік дауысы болмаса 
да, инвестициялар объектісіне қатысты өкілдіктерге ие болуы мүмкін. Ұқсас жағдайларда инвестициялар объектісіне қатысты 
іс жүзіндегі өкілеттіктердің бар болуын айқындау үшін Топ басқа дауыс құқығын ұстаушылардың пакеттерін жайғастыру 
мөлшері мен дәрежесіне қатысты өзінің дауыс құқығы пакетінің мөлшерін бағалауға тиіс. Басқа инвесторлардың, инвестици-
ялар объектісінің қызметіне түбегейлі өзгерістерді енгізумен байланысты немесе айрықша жағдайда қолданылатын сияқты 
осындай қорғау құқықтары Топтың инвестициялар объектісін бақылау мүмкіндігіне кедергі болмайды. Еншілес кәсіпорындар 
Топқа олардың операцияларына бақылауды тапсыру күнінен бастап (сатып алу күнінен) шоғырландырылған қаржы есебіне 
кіргізіледі және бақылаудан айырылған күнінен бастап шоғырландырылған есептіліктен алып тасталады. 
Еншілес кәсіпорындар, жалпы бақылаудағы тараптардан сатып алынғанды қоспағанда, сатып алу әдісі бойынша шоғыр-
ландырылған қаржы есептілігіне енгізіледі. Сатып алынған сәйкестірілген активтер, сондай-ақ бақыламайтын үлестің мөл-
шерінен тәуелсіз сатып алу күніндегі әділ құны бойынша бизнес біріктірілген кезде сатып алынған активтер, міндеттемелер 
және шартты міндеттемелер көрсетіледі. 
Топ, тікелей қатысу үлесі болып табылатын және жойылған жағдайда ұстаушыға таза активтердің тепе-тең үлестеріне ар-
налған құқықты беретін, бақыламайтын үлесті әрбір операция бойынша жеке немесе а) әділ құны бойынша, немесе б) сатып 
алынған кәсіпорынның таза активтеріндегі бақыламайтын үлеске тепе-тең бағалайды. 
Гудвил сатып алынған кәсіпорынның таза активтері сомасын мына мөлшерлермелердің: сатып алынған кәсіпорынға беріл-
ген өтемнің, сатып алынған кәсіпорынның бақыламайтын үлес сомасының және сатып алынған кәсіпорынның тікелей сатып 
алу күні алдында тиесілі капиталдағы қатысу үлесінің әділ құнының жалпы сомасынан шегеру арқылы айқындалады. Теріс 
сомасы («теріс гудвил»), басшылық барлық сатып алынған активтер, сондай-ақ қабылданған міндеттемелер мен шарттық 
міндеттемелер толық сәйкестірілгенін қайта бағалап, олардың бағаланғанын талдағаннан кейін, пайда немесе шығын 
3. 
Есептілік саясатының негізгі ережелері 
164 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау