1.Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері



жүктеу 18,17 Kb.
бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі18,17 Kb.
#44334
  1   2   3
тапсырма 1


1.Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері
1.Қаржылық менеджменттің мәні, мазмұны
2.Қаржылық менеджменттің қағидалары
3.Қаржылық менеджменттің функциялары
2.Қаржылық менеджменттің тұжырымдамалары және базалық категориялары
1.Қаржылық менеджменттің тұжырымдамалары
2.Қаржылық менеджменттің базалық категориялары
3.Тәуекел және табыстылық.Корпорациялық тәуекелдерді басқару
1.Қаржылық тәуекел және оның түрлері
2.Тәуекелдерді басқару әдістері
3.Тәуекелдікті басқару стратегиясы
4.Активтерді бағалау әдістері және модельдері
1.Активтердің табыстылығын бағалау үлгісі
2.Опцион теориясы
5.Капиталдың құны
1.Капитал құнын бағалау
2.Капиталдың орта өлшемді құны


Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.
Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар осы ресурстардың қозғалыс үрдісі барысында нарық субъектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды басқаруға бағытталған. Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады.
Қаржылық менеджменттің басты мақсаты – қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл – ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады. Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Қаржылық менеджмент міндеті – фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акциялар бойынша мүмкін болатын дивидендтің барынша көбейтілуін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет ету тәртібін анықтау. Қаржылық менеджментінің міндеті: фирма қызметінің мақсаттарына жету үшін әдістерді, қаржы мен құралдарды тауып, қолдану. Бұл – келесі мақсаттар:
- пайданы көбейту;
- алдыңғы кезеңде пайданың тұрақты нормасына жету;
- қызметкерлер құрамы мен акционерлердің табыстарын көбейту;
- фирма акцияларының бағамдық құнын жоғарылату және т.б.
Қорытындысында, барлық осы мақсаттар салымшылардың (акционерлердің) немесе иелердің (капитал иегерлерінің) табыстарын жоғарылатуға бағытталған. Практикалық тұрғыдан алғанда, қаржылық менеджмент кәсіпорынның ақша құралдарын және олардың көздерін басқару жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін.Кез келген басқару жүйесі ретінде оған объекті мен субъекті жатады, яғни басқаратын және басқарылатын кіші жүйелер.
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
1. Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі.
2. Қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру; қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді қаржыландыру; қысқа мерзімдік жалды қаржыландыру.
3. Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарынқолдануды жоспарлау:

  • капиталды бюджеттендіру;

  • лизинг немесе ұзақ мерзімді несие;

  • қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару;

  • инвестициялық жобаларды бағалау және тнвестициялық қоржынды басқару;

  • алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау).

4. Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау.
5. Шешімнің нұсқамасы және орындалуы.
6. Шешімнің орындалуын бақылау.
7. Шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның орындалуы туралы есеп беру.

жүктеу 18,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау