Директорлар кеңесінің мүшелері
акционерлердің жалпы жиналысының
шешімімен сайланады. Директор-
лар кеңесінің мүшелері 3 (үш) жылға
дейінгі мерзімге сайланады. Қызмет
нәтижелері қанағаттанарлық болған
жағдайда мүшелер үш жылға дейінгі
қосымша кезеңге қайта сайлануы
мүмкін. Қатарынан 6 (алты) жылдан
асатын Директорлар кеңесіне сайлау
мерзімі ерекше қаралуға тиіс. Ерекше
жағдайларда 9 (тоғыз) жылдан астам
мерзімге сайлауға жол беріледі.
Тәуелсіз директор қатарынан 9 (тоғыз)
жылдан астам мерзімге Директорлар
кеңесіне сайлана алмайды. Сайлау
жыл сайын Директорлар кеңесіне осы
кандидатты таңдау қажеттілігі түсін-
діріліп, өткізілуі тиіс.
102-24
Акционердің өкілі немесе акционер
болып табылмайтын және акци-
онер мүдделерінің өкілі ретінде
тағайындалмаған (ұсынылған) тұлға
ретінде Директорлар кеңесіне сайлау
үшін шығарылатын (ұсфынылатын)
тұлғаның Директорлар кеңесінің
мүшесі ретінде сайлауға құқығы бар.
Директорлар Кеңесінде кемінде 6
(алты) мүше болуы тиіс, әрі Директор-
лар кеңесі құрамының кемінде 30%
тәуелсіз директорлар болуы тиіс.
Директорлар кеңесінің қызметі ұтым-
дылық пен тиімділік қағидатын негіз-
ге ала отырып, жыл сайын әзірленетін
жұмыс жоспарына және отырыстарды
өткізу кестесіне сәйкес жылына кемінде
алты рет жүзеге асырылады. Қажет
болған жағдайда, Директорлар кеңесі
жұмыс жоспарына енгізілмеген мәселе-
лерді қарастыра алады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 105
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Дирек-
торлар кеңесінің қалған мүшелерінің
Компанияның, үлестес компаниялар-
дың акциялары (қатысу үлестері) жоқ,
сондай-ақ Компания өнім берушілері
мен бәсекелестерінің акцияларына ие
емес.
Компанияның директорлар кеңесі 2018
жылғы 14 тамызда үш жылдық мерзімге
сайланды, ал Компанияның Дирек-
торлар кеңесінің қазіргі мүшелерінің
өкілеттігі 2021 жылдың 14 тамызында
аяқталады.
Директорлар кеңесінің құрамы келесі мүшелерді қамтиды
Аты
Туған
жылы
Лауазымы
Қай кезден Кеңес мүшесі
болып табылады
Джон Дудас
1959
ДК төрағасы (тәуелсіз)
2015
Нейл Лонгфеллоу
1958
ДК мүшесі (тәуелсіз)
2017
Рассел Бэнхэм
1954
ДК мүшесі (тәуелсіз)
2018
Алик Айдарбаев
1963
ДК мүшесі
2018
Бейбіт Қарымсақов
1962
ДК мүшесі
2018
Қанат Құдайберген
1979
ДК мүшесі
2018
Ғалымжан Пiрматов
1972
ДК мүшесі, Басқарма Төрағасы
2017
Басшылықтың заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Е-10 көшесі, 17/12-үй, 010000.
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ
ҚҰРАМЫ
Директорлар кеңесінің құрамына үш
тәуелсіз директорлар кіреді. Дирек-
торлар кеңесінің Төрағасы Тәуелсіз
директор болып табылады, бұл мино-
ритарлық акционерлердің құқықтарын
сақтаудың кепілі болып табылады.
Директорлар кеңесі мүшелерінің
тәуелсіздік нормаларына сәйкестік
өлшемшарттарын сипаттау Компани-
яның интернет-сайтында орналасты-
рылған Директорлар кеңесі туралы
Жарғыда және Ережеде келтірілген.
2019 жылғы наурызда Компанияның
Директорлар кеңесінің төрағасы Джон
Дудаспен (жылдық қаржылық есептілік
жариялағаннан және компанияның
инсайдерлері үшін сауда-саттық кезеңі
ашылғаннан кейін) Компанияның 2000
ЖДҚ сатып алынды. Тиісті ақпарат қор
биржасы орналастырылды және хабар-
ландырылды.
106 | Жылдық есеп. 2018
4. Корпоративтік басқару және этика
Туған жылы
1959
Азаматтық
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия
Құрама Корольдігі
Білім
1984 жылы Дудас мырза тіркелген кәсіби тау-кен
инженері болып табылады, ол Витватерсранд
университетін (Оңтүстік-Африка Республикасы)
тау-кен инженериясы бойынша бакалавр дипло-
мымен және қазба ресурстарының экономикасы
бойынша магистр дипломымен бітірді. Дудас
мырза, сондай-ақ Хериот-Уотт университетінің
(Ұлыбритания) іскерлік әкімшілік магистрі дәре-
жесіне ие.
Жұмыс тәжірибесі
Дудас мырза өзінің еңбек жолын 1984 жылы
Rand Mines Ltd компаниясында бастады және
шикізат өнімдерін басқару бойынша әртүрлі
басшылық қызметтерді атқарды, Gencor Ltd және
BHP Billiton сияқты компанияларда жұмыс істеді,
онда ол алюминий дивизионының бас директоры
болды. 2012 жылдан бастап Дудас мырза халықа-
ралық тау-кен өндіруші және кәсіби сервистік
компаниялардың тәуелсіз корпоративтік кеңесшісі
болып табылады. 2015 жылдан бастап Компания-
ның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі бола
отырып, 2018 жылдың тамыз айында Директорлар
кеңесінің Төрағасы болып сайланды.
Туған жылы
1958
Азаматтық
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия
Құрама Корольдігі
Білім
Дипломды инженер-электрик және өлшеу мен
бақылау институтының мүшесі болып табылады.
Жұмыс тәжірибесі
Лонгфелло мырза өз мансабын Біріккен Король-
дігінде электротехникадан бастады. 1991 жылы
ол Батыс Камбриядағы Sellafield ядролық отынды
қайта өңдеу зауытында жұмыс істей отырып,
BritishNuclearFuelsLimited-ке қосылды. Содан
кейін ол 2007 жылы басқарушы директордың
орынбасары болды. 2009 жылы Лонгфеллоу мыр-
за WestinghouseElectricCompany компаниясына
SpringfieldsFuelsLimited компаниясының басқа-
рушы директоры және EuropeanFuelBusiness
компаниясының вице-президенті болып тағайын-
далды. 2013 жылы Лонгфеллоу мырза CostainPLC-
ке Ұлыбританияның ядролық, мұнай және газ
секторларының ірі жобалары бойынша директоры
болды. 2015 жылдан бастап Лонгфеллоу мырза
Халықаралық ядролық Индустрия бойынша тәуел-
сіз кеңесші болып табылады.
Тәуелсіз
директор
Төраға,
Тәуелсіз директор
ДЖОН ДУДАС
НЭЙЛ ЛОНГФЕЛЛОУ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 107
Достарыңызбен бөлісу: |