«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы, 2015 жылғы 19 қаңтар
1
«Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы
акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері: «Казкоммерцбанк» АҚ
(бұдан әрі - «Банк») Басқармасы; 050060, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 135-ж;
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілген күні, уақыты және орны: 2015
жылғы «19» қаңтар, сағат 11-00 мин., Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 34;
Акционерлерді тіркеу уақыты: Алматы уақыты бойынша сағат 10-30-дан 11-00-ге дейін;
Жиналыс өткізілген уақыт: Алматы уақыты бойынша сағат 11-00-ден 12-00-ге дейін.
Жиналысқа қатысқан тұлғалар туралы мәлімет:
Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына акционерлердің келесі өкілдері қатысты:
Аты-жөні
Акционерлер – жай акция
ұстаушылар өкілдері
Жай акциялар саны
С.Грицевич
«Орталық
Азия
инвестициялық
компаниясы» АҚ (ОАИК) өкілі
185 561 734 дана (меншігіндегі)
56 324 076 дана (дауыс беру
құқығымен
сенімгерлікпен
басқаруындағы)
С.Грицевич
Н.С. Субханбердин мырзаның өкілі
148 666 001 дана (меншігіндегі)
О.Джумадилова
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат
қоры» АҚ (ҰӘҚ) өкілі
29 193
165
(ОАИК-тің
сенімгерлікпен
басқаруындағы
56 324 076
дананы
есепке
алмағанда меншігіндегі)
В.Попов
«Alnair Capital Holding» АҚ (Альнаир)
өкілі
223 922 790
дана (меншігіндегі)
Э. Мерекеева
Базалық
активтері
Банктің
жай
акциялар
болып
табылатын,
депозитарлық қолхаттарды ұстаушы
11
дауыс
беру
нұсқаулығын
орындаушы, The Bank of New York
өкілі
3 805 874 дана (меншігіндегі)
Барлық
қатысушылар
16 акционерлердің өкілдері
647 473 790 дана
Басқа қатысушылар:
«Казкоммерцбанк» АҚ атынан:
Комплаенс-бақылау департаментінің Банктік операцияларды құқықтық
қамсыздандыру Басқарма бастығының орынбасары
Корпоративтік хатшы
Корпоративтік хатшының ассистенті
С.Грицевич
М. Сабурова
Э. Мерекеева
2014 жылғы «19» желтоқсанға (жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімін
құру күні) «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ ұсынған ақпарат бойынша банктің дауыс
беруші жай акцияларының жалпы саны (Банкпен сатып алынған жай акцияларды және «Орталық
депозитарий» АҚ есеп жүйесінде мәліметтері жоқ номиналды ұстаудағы және меншік иесіне
тиесілі жай акцияларды шегергенде, орналастырылған жай акциялардың жалпы саны ретінде
есептелген) 650 504 871 дана.
Жиналысқа дауыс беру құқығы бар Банктің 647 473 790 дана жай акцияларына (дауыс
беруші жай акциялардың жалпы санынан 99,53%) ие акционерлердің өкілдері қатысты.
«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы, 2015 жылғы 19 қаңтар
2
Жиналыс барысы:
С.Грицевич ханым акционерлерге «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік
қызмет туралы» Заңның 17 бабы 5-1 тармағына сәйкес, акционерлердің жалпы жиналысына
қатысатын Банк акционері, егер Банкте осындай акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген елі
туралы ақпарат жоқ болса, акционердің өзі де, оның үлестес тұлғасы да оффшорлық аймақтарда
(ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бекітілген тізім
бойынша) тіркелмегені туралы талаптарды орындауын көрсететін Өтініш ұсынуы тиіс екенін
ескертті. Аталған өтінішті ұсынбаған Банк акционері акционерлердің жалпы жиналысына
жіберілмейді. Осыған байланысты С.Грицевич ханым аталған өтінішті ұсынбаған акционерлерден
осы жиналысқа қатысуға рұқсат алу үшін Банк белгілеген нысан бойынша өтінішті толтырып,
Корпоративтік хатшыға тапсыруды сұрады.
М.Сабурова ханым «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 45 бабына сәйкес жиналыс заңды
деп танылатынын жариялады және жиналыстың Төрайымы ретінде С.Грицевич ханымды сайлауды
ұсынды. С.Грицевич ханым өз кезегінде жиналыстың хатшысы ретінде Банктің Корпоративтік
хатшысы М. Сабурова ханымды сайлауды ұсынды, сондай-ақ одан «Акционерлік қоғамдар
туралы» Заңның 46 бабының 1 тармағына сәйкес, жиналыста есептік комиссияның қызметін
атқаруды ұсынды. Ұсыныстар дауысқа салынды. Осы мәселе бойынша дауыс беру кезінде әр
акционер бір дауысқа ие.
Дауыс беруге қойылған мәселе: «Жиналыстың Төрайымы мен хатшысын сайлау».
Дауыс берілді:
«Қолдағандар» - 16 дауыс;
«Қарсы болғандар» - жоқ;
«Қалыс қалғандар» - жоқ.
Шешімі: С.Грицевич ханым – жиналыс Төрайымы және М.Сабурова – хатшысы болып
сайлансын.
Жиналыс Төрайымы жиналысқа қатысушыларға Банктің директорлар кеңесі Қазақстан,
Лондон қор биржасына және The Bank of New-York Банк-депозитарийдің мекенжайына хабарлама
жіберу арқылы, сондай-ақ Банктің www.kkb.kz. корпоративтік сайтында хабарлама жариялау
арқылы барлық акционерлерге осы жиналыс туралы ескерткенін хабарлады.
Төраға дауыс беру нысаны ретінде – ашық нысанды белгілеуді ұсынды.
Дауыс беруге қойылған мәселе: «Дауыс беру нысанын белгілеу».
Дауыс берілді:
«Қолдағандар» - 647 473 790 дауыс (дауыс беруге қатысқан дауыс беруші жай акциялардың
100%, және дауыс беруші жай акциялардың жалпы санынан 99,53%);
«Қарсы болғандар» - жоқ;
«Қалыс қалғандар» - жоқ.
Шешімі: жиналыста ашық дауыс беру нысаны белгіленсін.
С.Грицевич ханым жиналысты ашық деп жариялады және жиналыстың Күн тәртібі бойынша
мәселелерді талқылауға көшуді ұсынды.
Бірінші мәселе бойынша С.Грицевич ханым Банктің Директорлар Кеңесімен ұсынылған
және 2014 жылғы «19»желтоқсанда жарияланған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын
шақыру туралы Күн тәртібін оқып шықты.
С.Грицевич ханым жиналыстың күн тәртібін бекітуді ұсынды.
«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы, 2015 жылғы 19 қаңтар
3
Дауыс беруге қойылған мәселе: «1. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн
тәртібін бекіту».
Дауыс берілді:
«Қолдағандар» - 647 473 790 дауыс (дауыс беруге қатысқан дауыс беруші жай акциялардың
100%, және дауыс беруші жай акциялардың жалпы санынан 99,53%);
«Қарсы болғандар» - жоқ;
«Қалыс қалғандар» - жоқ.
Шешімі: жиналыстың күн тәртібі бекітілсін:
(1) Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
(2) «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау
(3) «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің жаңа мүшелеріне сыйақы көлемін белгілеу
Екінші мәселе бойынша С.Грицевич ханым өз сөзінде акционерлердің өкілдерін, Банктің
директорлар кеңесінің сандық құрамы Банк Жарғысының 9.4. тармағына сәйкес 5-тен 7 мүшеге
дейін белгіленгенін хабарлады. Акционерлердің 03.12.2008 жылғы кезектен тыс жалпы
жиналысының шешімімен Банктің директорлар кеңесінің нақты сандық құрамының саны 7 мүше
болып белгіленді, бұл ретте директорлар кеңесі мүшелерінің кем дегенде үштен бірі тәуелсіз
директорлар болуы тиіс. Қазіргі уақытта Банктің директорлар кеңесі 5 мүшеден тұрады: үшеуі –
акционерлердің өкілдері (Н.Субханбердин, Н.Жусупова, П.Восгиморукиан), директорлар кеңесінің
мүшесі – акционерлер өкілі М.С.Ержанов мырзаның өз өкілеттігін 2014 жылғы «31» желтоқсаннан
бастап мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты бір орын бос, екеуі – тәуелсіз директорлар
(С.Аханов, Д.Тулин). Тәуелсіз директорлардың бір орны да бос.
Жоғарыда айтылғанды ескеріп, С.Грицевич ханым акционерлердің өкілдерін келесі жайлы
ақпараттандырды:
(А) директорлар кеңесінің мүшесі – акционерлер мүддесін қорғаушы өкілінің бос орнына
Кеңес Ракишевтың кандидатурасы ұсынылады. Ракишев мырза 2000 ж. Қазақ мемлекеттік
басқару академиясын, 2002 ж. – Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін аяқтады,
мамандығы - заңгер, экономист. Oxford Saïd Business School (2007 ж., Advanced Management пәні)
және London Business School (2007 ж., Developing Strategy for Value Creation пәні) бизнес
мектептерін аяқтаған сертификаттары бар.
1998 – 1999 жж. Қазақстан Республикасы ІІМ жанындағы Жол қозғалысы қауіпсіздігі
қорының кеңесшісі болған. 2000 ж. «Банк Тұран-Әлем» ААҚ оқу орталығының маманы,
«КазТрансГаз» ЖАҚ менеджері болып жұмыс істеді. «Intergas Central Asia» ЖАҚ маманы,
материалдық-техникалық жабдықтау департаментінің маркетинг бөлімінің бастығы қызметін
атқарды. 2002 ж. «КазТрансГаз» ЖАҚ СЭЫ (ВЭС) басқармасының бастығы қызметіне ауысты.
2003 ж. «Торговый дом КазМунайГаз» ЖШС бас директорының экспорт бойынша бірінші
орынбасары қызметін атқарды. 2003 – 2004 жж. - «КазТрансГаз» АҚ бас директордың маркетинг
жөніндегі орынбасары. 2004 – 2005 жж. «Меркурий» ЖШС бас директоры. 2005 жылдан бері ҚР
СӨП (сауда-өнеркәсіп палатасы) Одағының вице-президенті. «Выборгский судостроительный
завод» АҚ, «Астраханский Корабельный завод» ААҚ, «Kazakhstan Petrochemical Industries» АО
директорлар кеңесінің мүшесі. «Атамекен Одағы» ҰЭП бизнес-қауымдастығы президиумының
мүшесі. 2006 жылдан «SAT & Company» АҚ директорлар кеңесінің жетекшісі. 2012 жылдан Net
Element International американдық жоғары технологиялық компаниясының директорлар кеңесінің
төрағасы. 2013 ж. желтоқсан айынан бастап Central Asia Metals plc (CAML) атқарушы емес
директоры болып тағайындалды. 2014 жылғы 14 ақпаннан «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің
төрағасы болып сайланды.
«Казкоммерцбанк» АҚ «БТА Банк» АҚ-мен бірігу аясында, Ракишев мырза
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның жаңа ірі акционері болады деп күтілуде.
(Б) директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директордың бос орнына Банктің ірі
акционерлері Марк Лоренс Хольцманның кандидатурасын ұсынып отыр. Хольцман мырза Лихай
Университетінің экономика бакалаврының дәрежесіне ие.
Бұған дейін Хольцман мырза Меридиан Кэпитал Гонконг Төрағасы болған. Barclays Capital
және ABN AMRO Bank Вице-Президенті қызметін атқарған, MeesPierson EurAmerica
компаниясының тең құрылтайшысы және Президенті, сондай-ақ, Salomon Brothers аға кеңесшісі
«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы, 2015 жылғы 19 қаңтар
4
болған. Сонымен қатар, Колорадо штаты Губернаторы жанындағы Ғылым және Технология
жөніндегі комиссияның тең төрағасы және Денвер Университетінің Президенті болған (2003
жылдан 2005 жылға дейін). 1989 – 1998 жылдар аралығында Шығыс Еуропа мен Ресей елдерінде
өмір сүрген және жұмыс істеген, соңғы уақытта Гонконгта тұрады. Бірқатар шетел
компанияларының директорлар кеңесінің мүшесі. 2006-2008 жж. «Қазына» Тұрақты даму қорының
директорлар кеңесінің мүшесі. Экономика және саясат саласында 30 жылдан астам мол еңбек
тәжірибесі бар.
Дауыс беруге қойылған мәселе: «(2) «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің жаңа
мүшелерін сайлау».
Дауыс берілді:
«Қолдағандар» - 647 473 790 дауыс (дауыс беруге қатысқан дауыс беруші жай акциялардың
100%, және дауыс беруші жай акциялардың жалпы санынан 99,53%);
«Қарсы болғандар» - жоқ;
«Қалыс қалғандар» - жоқ.
Шешімі:
(1) Кеңес Ракишев директорлар кеңесінің мүшесі – акционерлер мүддесін қорғаушы өкілі;
(2) Марк Лоренс Хольцман директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болып
сайлансын.
Үшінші мәселе бойынша С.Грицевич ханым сөз сөйледі және акционерлердің өкілдеріне
Банктің директорлар кеңесінің жаңа мүшелеріне Кеңес Ракишев мырза мен Марк Лоренс
Хольцман мырзаға – осы Хаттамаға № 1 Қосымшада белгіленген көлемде сыйақы бекітуді ұсынды.
«Alnair Capital Holding» (Альнаир Кэпитал Холдинг) АҚ акционерінің өкілі директорлар
кеңесіне, акционерлердің келесі жалпы жиналысының дайындығы мен шақыруы кезінде Банкпен
директорлар кеңесінің мүшесі - «Alnair Capital Holding» (Альнаир Кэпитал Холдинг) АҚ банктік
холдинг өкілі П.Восгиморукиан мырзаға сыйақы белгілеу туралы мәселені қарауын ұсынды.
Дауыс беруге қойылған мәселе: (3) «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің жаңа
мүшелеріне сыйақы көлемін белгілеу.
Дауыс берілді:
«Қолдағандар» - 647 124 860 дауыс (дауыс беруге қатысқан дауыс беруші жай акциялардың
99,95% және дауыс беруші жай акциялардың жалпы санынан 99,48%);
«Қарсы болғандар» - 348 930 дауыс (дауыс беруге қатысқан дауыс беруші жай акциялардың
0,05% және дауыс беруші жай акциялардың жалпы санынан 0,05%);
«Қалыс қалғандар» - жоқ.
Шешімі: директорлар кеңесінің жаңа мүшелеріне Хаттамаға № 1 Қосымшада белгіленген
көлемде сыйақы бекітілсін.
Күн тәртібінің мәселелері толық қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданды. Төрайым
жиналыста қабылданған шешімдер бойынша дауыс беру қорытындыларын шығарып,
акционерлерге жиналысқа белсенді қатысқаны және дауыс бергендері үшін алғысын білдірді және
жиналысты жабық деп жариялады.
«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы, 2015 жылғы 19 қаңтар
5
Жиналыс Төрайымы
С.Грицевич
Жиналыс хатшысы
М.Сабурова
Дауыс беру акцияларының 10% және одан көп пайызына ие
акционерлердің өкілдері
«Орталық Азия инвестициялық компаниясы» АҚ атынан
Н.С.Субханбердин мырза атынан
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ атынан
«Alnair Capital Holding» АҚ атынан
С.Грицевич
С.Грицевич
О.Джумадилова
В.Попов
Достарыңызбен бөлісу: |