Туған жылы
1954
Азаматтық
Аустралия
Білім
Бэнхэм мырза Жаңа Оңтүстік
Уэльс универси-
тетінің коммерция саласында бакалавр дәреже-
сіне ие. Аустралияның және Жаңа Зеландияның
Дипломдалған бухгалтерлер институтының мүше-
сі және Аустралияның компания директорлары
институтының түлегі болып табылады.
Жұмыс тәжірибесі
Өзінің мансабын 1974 жылы Аустралиялық
Andersen операциялық компаниясында аудитор
ретінде бастады, онда 2002 жылға дейін жұмыс
істеді және соңғы лауазымында ол аудит бойынша
серіктес болды. 2002-2007 жылдары Аустралия
Брисбенде Ernst&Young компаниясының кон-
сультациялық қызметтер бойынша басшысы
болды. 2007 жылы
Аудит жөніндегі басшы және
Қазақстан, Алматы қаласындағы ТМД Атқарушы
комитетінің мүшесі болып тағайындалды. 2011-
2014 жж. Бэнхэм Мырза Мәскеуде «Делойт» сала-
лық тобының көшбасшысы болды. 2014 жылдан
бастап бірқатар халықаралық компаниялардың
директорлар кеңестерінде тәуелсіз директор
болып табылады.
Туған жылы
1963
Азаматтық
Қазақстан Республикасы
Білім
Айдарбаев мырза техника ғылымдарының канди-
даты (Ph.D) дәрежесіне ие және Қаныш Сәтпаев
атындағы Ұлттық техникалық университетінің
құрметті профессоры болып табылады. Мәскеу қа-
ласында Ресей Федерациясының Үкіметі жанын-
дағы Ресей халық шаруашылығы академиясында
алынған MBA дәрежесі бар.
Жұмыс тәжірибесі
Өзінің барлық
мансабында Айдарбаев мырза
«Оңтүстікқазмұнайгаз», «Құмкөл-Лукойл» (кей-
іннен «Торғай Петролеум» ЖАҚ ретінде белгілі),
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК»
АҚ-да әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды. Ол
сондай-ақ 2011-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз»
Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, 2013-2017
жылдары Маңғыстау облысының әкімі, 2017-2018
жылдары Қазақстан Республикасы Инвестици-
ялар және даму министрінің бірінші орынба-
сары болды. 2018 жылдан бастап Айдарбаев
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының
орынбасары болып табылады.
Директорлар
кеңесінің мүшесі
Тәуелсіз
директор
РАССЕЛ БЭНХЭМ
АЛИК АЙДАРБАЕВ
108 | Жылдық есеп. 2018
4. Корпоративтік басқару және этика
Туған жылы
1963
Азаматтық
Қазақстан Республикасы
Білім
Алматы халық шаруашылығы институтын «Эко-
номикалық ақпаратты механикаландырылған
өңдеуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша және
Тараз мемлекеттік университетін «Юриспруден-
ция» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі
«Тянь-Шань»
кооперативінде есепші, Қордай
аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі болып
жұмыс істеді. 2003 жылдан 2015 жылға дейінгі
аралықта Алматы қаласының салық құрылымда-
рында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2015 жылдың тамыз айында «Астана ЭКС-
ПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы
директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Экономика және
қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып
табылады. 2018 жылдың сәуір айында Қарым-
сақов мырза компанияның директорлар кеңесінің
мүшесі болып сайланды.
Туған жылы
1979
Азаматтық
Қазақстан Республикасы
Білім
Құдайберген мырза Женева бизнес-мектебін «ха-
лықаралық менеджмент»
мамандығы бойынша
MBA дәрежесімен және Мәскеу болат және қорыт-
палар институтын (МИСиС) тау-кен ісі саласында
MBA дәрежесімен бітірді.
Жұмыс тәжірибесі
Құдайберген мырза өзінің мансабын 2001 жылы
Жетісу көлік прокуратурасында аға прокурордың
көмекшісі ретінде бастады. 2007-2016 жылдар
аралығында Құдайберген мырза «Сауда–көлік
компаниясы» ЖШС-де жұмыс істеді, заң бөлімінің
жетекші маманы, бас менеджер — заң бөлімінің
бастығы, бас директордың орынбасары, бас
директордың бірінші орынбасары және бас
атқарушы директор лауазымдарын атқарды. 2016-
2018 жылдары ол «Қаратау» ЖШС Бас директоры
және компанияның
уран өндіру департаментінің
басқарушы директоры болды. 2018 жылғы 23
сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Тау-Кен
Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы болып
табылады.
Директорлар
кеңесінің мүшесі
Директорлар
кеңесінің мүшесі
БЕЙБІТ ҚАРЫМСАҚОВ
ҚАНАТ ҚҰДАЙБЕРГЕН
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ |
109
Туған жылы
1972
Азаматтық
Қазақстан Республикасы
Білім
Ғалымжан Пiрматов Новосибирск мемлекет-
тік университетін, Қазақстанның экономика
менеджменті және стратегиялық зерттеулер ин-
ститутын (КИМЭП), Аткинсон атындағы Уилламетт
университетінің жанындағы Жоғары менеджмент
мектебін бітірген.
Жұмыс тәжірибесі
«Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road
Capital Management
инвестициялары жөніндегі
директор қызметтерін атқарды. 2007 жылы «Қа-
зақстан Халық Банкі» АҚ Басқарушы директоры,
2007-2009 жылдары — ҚР Экономика және
бюджеттік жоспарлау вице-министрі, 2009-2011
жылдары — «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ Эко-
номика және қаржы жөніндегі вице-президенті,
2011-2015 жылдары — «Cameco Kazakhstan»ком-
паниясының президенті болды. 2015 жылғы жел-
тоқсаннан бастап Пiрматов мырза ҚР Ұлттық Банкі
Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2017
жылғы тамыздан бастап компания Басқармасы-
ның Төрағасы болып табылады.
Директорлар
кеңесінің мүшесі
ҒАЛЫМЖАН ПIРМАТОВ
2018 ЖЫЛҒЫ ДИРЕКТОРЛАР
КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ
ӨЗГЕРІСТЕР
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ
ҚЫЗМЕТІ
2018 жыл ішінде Директорлар кеңесі 12
отырыс өткізді (8 бетпе-бет), онда 135
мәселе қаралды. Компанияның 14 ішкі
және жоспарлы құжаты бекітілді, мүд-
делілікпен 20 мәміле жасау бойынша
шешімдер қабылданды. Сондай-ақ,
2018
жылы Компанияның Директорлар
кеңесі корпоративтік басқаруды, кадр-
лық саясатты, тәуекелдерді басқаруды
және ішкі бақылау мен аудит жүйесін
жетілдіруге бағытталған маңызды
шешімдер қабылдады.
Есепті жылы қаралған мәселелердің
ішінде мыналарды атап өткен жөн:
Жалғыз акционердің 2018
жылғы 23 сәуірдегі шешімімен
Қуаныш Әбдуғалиұлы Бек-
теміров пен Мәжит Әбдіқа-
лықұлы Тұрмағамбетовтың Ди-
ректорлар кеңесі мүшелерінің
өкілеттіліктері мерзімінен
бұрын тоқтатылды, ал Дирек-
торлар кеңесінің мүшелері
ретінде
Бейбіт Еркімбайұлы
Қарымсақов және Ардақ Мах-
мұдұлы Қасымбек сайланды.
2018 жылғы маусымда Компа-
нияның Директорлар кеңесінің
бұрын сайланған құрамының
өкілеттігі аяқталды.
2018 жылғы тамызда Компани-
яның Директорлар кеңесінің
жаңа құрамы сайланды, оған
Директорлар кеңесінің Төрағасы
ретінде Джон Дудас, Директор-
лар кеңесінің мүшелері — Алик
Серікұлы Айдарбаев,
Бейбіт
Еркімбайұлы Қарымсақов, Қанат
Жақыпұлы Құдайберген, Расселл
Бэнхам, Нейл Лонгфэллу және Ға-
лымжан Олжаұлы Пiрматов кірді.
1
2
3
110 | Жылдық есеп. 2018
4. Корпоративтік басқару және этика