Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет81/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113

Осындай бағалауды жүргізу кезіндегі маңызды ой-пікірлерге дисконт мөлшерлемесі және ақшалай қаражаттың жылжу 
мерзімі жатады. Дисконт мөлшерлемесі номиналдық жұмыс құнына колданылған, оны басшылық болашақта кен орында-
рын жою және қалпына келтіру кезінде шегеді деп келтіруде. Тиісінше, басшылықтың ағымдағы бағалар бойынша өндіріл-
ген есептеу бағалауы, болжанатын ұзақмерзімдік инфляция құнын (2018 ж.: 5.30 %, 2017 ж.: 5.40%) пайдаланып артқан және 
болашақта дисконт мөлшерлемесі негізінде дисконтталған. Дисконт мөлшерлемесі ақша қаражатының уақыттық құнының 
ағымдағы нарықтық бағалауларын, сонымен қатар жұмсалған шығындардың ең жақсы бағалауларында ескерілмеген 
міндеттемелер бойынша тәуекелділіктерді көрсетеді. Дисконт мөлшерлемесі мерзімдері жер қойнауын пайдалану шарт-
тарының мерзімдерімен сәйкес келетін мемлекеттік облигациялардың кірістілігі ретінде анықталған тәуекелсіз ставкаға 
негізделеді. Топ компаниялары 2018 жылғы 31 желтоқсанға қорларды есептеу үшін қолданған дисконт мөлшерлемесі 7.45% 
(2017 ж.: 9.06%) құрады.
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кен орындарын қалпына келтіру бойынша міндеттемелерге резервтің ортақ 
баланстық құны 29,607 миллион теңге құрады (2017 ж.: 19,939 миллион теңге) (Ескертпе 36). 
Басшылықтың бағалауы бойынша, негізгі жорамалдардағы болуы мүмкін өзгерістер мойындалған тарату бойынша міндет-
темеге резервтегі елеулі өзгерістерге әкелмейді.
БН-350 реакторлық қондырғыны пайдаланудан шығару, сақтау және демонтаждау
2018 жылғы 3 шілдеде Топ «Самұрық-Қазына» АҚ-на «MAЭK-Қазатомөнеркәсіп»» ЖШС-дағы 100% үлесін өткізді (Ескертпе 46). 
Бұл кәсіпорын энергия ресурстарын өндіру және жабдықтау қызметін жүзеге асырады және БН-350 жұмыс істемейтін реакто-
рына ие. Сатып алу-сату келісімшартына сәйкес, «MAЭK-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС иелік ету кезеңіне қатысты, Топ:
•  Топтың бейберекеттігі мен қасақана жазықты әрекеттері туындатқан жағдайларды қоспағанда, реактормен байланысты 
қандай да бір міндеттемелер үшін жауап бермейді; сонымен қатар
•  Өндірістік қызметпен байланысты келешек кезеңдерде айқындалуы мүмкін қаржылық және экологиялық міндеттемелер 
үшін жауап береді.
Басшылық 2018 жылғы 31 желтоқсан бойынша Топтың бұл келісім бойынша міндеттемелері жоқ деп есептейді және, тиісін-
ше, осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте міндеттемелер мойындалмайды. 
Үлбі металлургия зауытын пайдаланудан шығару және демонтаждау 
Топ басшылығы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өндірістік кешенін тұтасымен пайдаланудан шығару және демонтаждау 
бойынша міндеттемелердің бар болуына және мойындалуы қажеттігіне қатысты талдау жүргізді және Топтың осы өндірістік 
кешенді жұмыс істеу мерзімінің аяғында пайдаланудан шығару бойына заңгерлік міндеттемесі жоқ деген қорытындыға 
келді.
Басшылық сонымен қатар Топтың саясаты мен басшылықтың сендірулері өндірістік кешенді пайдаланудан шығару бойынша 
конструктивті (ойдағы) міндеттемені қаншалықты құра алғандығын бағалады және пайдаланудан шығару бойынша қосым-
ша міндеттемені мойындау қажеттігі жоқ деп қорытындылады, өйткені:
•  Объектінің радиациялық ластануы шектеулі, ал қалпына келтірумен байланысты шығындар елеусіз.
•  Өндірістік қызметті тоқтатқан жағдайда Топ ғимараттарды және өзге инфрақұрылымды жоюға міндетті емес. Бұдан басқа, 
өндірістік қуаттылықтарды баламалы пайдалану үшін қайта бейімдеу мүмкіндігі бар.
•  Конструкциялар мен инженерлік жабдықтарды физикалық бүлінуден және қалыпты жағдайды қолдау үшін уақытылы 
тексеру, қарау, жөндеу жұмыстары объектінің жұмыс істеу мерзімін белгісіз уақытқа соза алады. Бұл факторлар, сонымен 
қатар Топтың уран қорларын өндіру үшін қолжетімді болатын ұзақ мерзім Үлбі металлургиялық зауытының өндірісін 
жабудың дәл күнін бағалаудың мақсатқа сәйкессіздігін білдіреді.
Табиғатты қорғау заңнамасындағы келешектегі өзгерістер немесе оларды интерпретациялау жағдайында, сонымен қатар 
Топтың саясатында мұндай міндеттемелер қаржылық есептілікте міндеттемелерді мойындау қажеттігіне әкелуі мүмкін.
Салық заңнамасы және трансферттік бағаның құралу заңнамасы 
Қазақстан салық заңнамасы және трансферттік бағаның құралу заңнамасы әртүрлі түсіндіру мүмкіндігін жасайды (Ескертпе 
39). 
Своп мәмілелері (ой-пікір)
Топ уран өнімдерінің бір бөлігін своп (своп) негізінде сатады. Топ сол шарттарды қарастырады және бір мезгілде бір контр-
агентпен екі келісім-шартты, біреуі жеткізу үшін, екіншісі уранды бірдей көлемде екі түрлі жеткізу пункттерінде сатып алу 
үшін қарастырады. Нәтижесінде, ол (топтың кәсіпорындары өндіретін немесе сатып алынған) уранды және сатып алынған 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 187


4. 
Маңызды есептеу бағалаулары және есептілік саясатын 
қолданудағы кәсіби ой-пікірлер 
(жалғасы)
уранды ауыстырады. Әдетте, своп операциялар кезінде Топ бір жеткізу пунктіне физикалық жеткізуді жүзеге асырады және 
үшінші тарап конвертеріндегі уранды бірдей мөлшерде сатып алушыларға сату үшін сатып алады. Сонымен бірге, Топ 
соңғы тұтынушыларға тауарларды жеткізу үшін тасымалдау шығындарын үнемдейді.
Своп мәмілелер бойынша келісімшарттардың бір бірімен байланысты еместігіне қарамастан, басшылық бұл мәмілелер 
байланысты және нарықтағы сұраныс пен ұсынысты түсінуден шыға отырып, оқшау түрде жүзеге асырылмас еді деген қоры-
тындыға келді. Басшылықтың пікірінше, біртекті тауардың (уранның) бірдей көлемін жеткізу, негізінде, тауарды алмастыру 
болып табылады, ол осы транзакцияның экономикалық мәнін көрсете отырып, қаржылық есептілікте қысқартылған негізде 
көрсетілуі тиіс. Своп операциялардың шарттарын түсіну және көрсету тәсілдемелері ой-пікірді талап етеді.
2017 жылы Топ своп операциялардан 57,177 миллион теңге сомасына табысты 52,532 миллион теңге өткізудің өзіндік құнын 
мойындаған жоқ және қорлардың балансын 4,645 миллион теңгеге түзетті. 
2018 жылы Топ своп операциялардан 65,052 миллион теңге сомасына табысты 68,112 миллион теңге өткізудің өзіндік құнына 
мойындаған жоқ және қорлардың балансын 1,585 миллион теңгеге түзетті. 
188 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау