Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет78/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   113

Кен орындарын қалпына келтіруге арналған резерв
Активтерді жою және қалпына келтіру бойынша міндеттемелер олардың туындауы мүмкін болған кезде және олардың 
сомасының негізделген бағалауы мүмкін болған кезде мойындалады. Активтердің істен шығуы бойынша шығындар құра-
мына ғимараттарды рекультивациялау мен жоюға (ғимараттарды, үй-жайларды және инфрақұрылым нысандарын қирату, 
машиналар мен жабдықтарды демонтаждау, қалдық материалды шығару, қоршаған ортаны тазалау, тасталымдарға мони-
торинг жүргізу және бұзылған жерлерді қалпына келтіру) арналған шығындар кіреді. Негізгі құрал демонтаждау мен орын 
ауыстыруға есептелген шығындар осы негізгі құрал алу сәтіндегі, немесе, кен орындарын әзірлеу барысында жерді бұзудың 
немесе қоршаған ортаны ластандырудың тиісті фактісінен туындайтын міндеттеме пайда болған кезең ішінде, болашақ 
бағаланған шығындардың дисконтталған құны негізінде, өндірісті дайындау залалдар құнына қосылады.Тиісті шығындар-
дың есептесу мерзімінің немесе сомасының өзгерілуі нәтижесінде, немесе дисконттық мөлшерлеменің өзгеру нәтижесінде 
туындаған міндеттемелерді бағалаудағы өзгерістер негізгі құралдар немесе өндіріске дайындау бойынша шығындар құра-
мындағы тиісті активтің ағымдағы кезеңдегі құнын түзетуі ретінде көрсетіледі. Бұл шығындар болашақта, аталған активтер-
ге сай келетін амортизация әдісін қолданып, активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде амортизацияланады.
Активтерді жою және қалпына келтіру бойынша міндеттемелерге арналған резервтерге бұзушылық немесе болашақта кел-
тірілген шығындар фактілерімен байланысты туындаған қандай-да қосымша міндеттемелер кіреді. Шығындар соманың баға-
лау мәні, мысалы, активтердің жаңартылған бағалау сомасының және қайта қаралған пайдалану мерзімдерінің, және тұрақты 
негізінде ресми түрдегі тексерулерді жүргізіп операциялық қызметтің белгіленген мерзімдерінің белгілі өзгерістерін ескеріп, 
пайдаланылуына қарай жыл сайын есептеледі.Қажетті шығындардың нақты қорытынды сомасы белгілі еместігіне қарамастан, 
Топ өз шығындарын,техникалық-экономикалық негіздемеге және инженерлік зерттеулерге сүйеніп, қолданыстағы техникалық 
қағидаларға және рекультивация жұмыстарын жүргізу нормалары мен қалпына келтіру әдістеріне сәйкес бағалайды. 
Резервтің дисконтталған құнын айқындау кезінде қолданылатын дисконттың амортизация немесе «алып тастау» сомасы әрбір 
есептілік беру кезеңі қызметінің қорытындысына жатады. Дисконт амортизациясы қаржы шығындар құрамында көрсетіледі.
 
Қаржы кепілдіктері
Қаржы кепілдіктері – бұл қайтарылмайтын шарттар, олар Топтан, тиісті дебитор қарыз құралының шарттары бойынша уақытылы 
төлемді жасамаған жағдайда, кепілдерді ұстаушы шеккен шығындарды өтеу бойынша айқындалған төлемдердің жүзеге асы-
рылуын талап етеді. Қаржылық кепілдіктер бастапқыда әдетте алынған комиссия сомасына тең әділ құны бойынша көрсетіледі. 
Аталған сома кепілдіктің қолданыс мерзімінде желілік әдіспен амортизацияланады. Кепілдіктің әрбір есептілікті күніне екі сома-
ның үлкені: (i) бастапқы тану кезінде көрсетілген өзі амортизацияланбаған сома; және (ii) есептілікті кезеңнің соныңдағы жағдай 
бойынша міндеттемелерді реттеу үшін қажетті шығыс сомасының есептілікті бағалауының ең жақсысы бойынша бағаланады. Бұ-
дан басқа, қаржылық ахуал туралы есепте актив ретінде көрсетілетін сыйақы бойынша дебиторлық берешекке қатысты күтілетін 
кредиттік залалдарға бағалау резерві мойындалады.
Кредиторлық берешек
Саудалық кредиторлық берешек контрагенттің өз келісімшарттық міндеттемелерін орындауы фактісі бойынша есептеледі 
және тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдаланумен амортизацияланған құн бойынша есепке алынады.
Қызметкерлерге сыйақы беру
(i) Қызметкерлерге ұзақмерзімдік сыйақы беру
Топтың кәсіпорындары, ұжымдық еңбек шартының ережелеріне сәйкес, өз қызметкерлерін ұзақмерзімдік сыйақылармен 
қамтамасыз етеді. Шарттар, мысалы, Топтың қызметкерлеріне жұмысқа жарамсыз болған жағдайда, зейнетке шыққан кезде, 
мерт болу жағдайы бойынша сыйақыны беруді және өзге төлемдерді қаржылық көмек ретінде көрсетуді көздейді. Бөлек 
жәрдемақыны алуға арналған құқық зейнетке дейін қалған жұмыс істеу мерзіміне тәуелді және қызметкердің ең төмен 
жұмыс өтілі бар болуына байланысты ұсынылады. 
Топтың қаржыланатын зейнетақы жүйесі жоқ. Әрбір есептілік беру кезеңіндегі міндеттеме зейнеттік міндеттемелердің 
ағымдағы құнын білдіреді. Жыл ішінде туындайтын актуарлық пайда мен шығындар жылдағы пайда мен шығындарда 
көрсетіледі. Осы мақсат үшін актуарлық пайда мен шығындарға актуарлық ұсыныстардағы өзгерістер ықпалы да, актуарлық 
ұсыныстар мен іс жүзіндегі деректер арасындағы айырмашылықтардың өткен тәжірибесінің ықпалы да кіреді. 
Еңбек қызметі аяқталысымен болатын міндеттемелер бойынша актуарлық пайда мен шығындар, олар туындаған кезең 
ішіндегі өзге жиынтық табыстар құрамында көрсетіледі. Зейнетақылық міндеттемелердің ағымдағы кұнындағы өзге өзгері-
стер, қызметтер бойынша ағымдағы шығындар құнымен қоса, жылдағы пайда мен шығындарда мойындалады. 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 181


Белгіленген ақша төлемдері бар зейнетақылық міндеттемелерді есептілікке алуда қолданылған ең елеулі ұсыныстарға 
дисконт мөлшерлемесі, кадрлар ағымы туралы ұсыныстар және өлім коэффициенті кіреді. Дисконт мөлшерлемесі бола-
шақ міндеттемелердің келтірілген таза құнын айқындау үшін пайдаланылады, және әрбір жылда осындай міндеттемелер 
бойынша дисконтты алып тастау, жылдағы пайда мен шығындарға жатқызылады. Өлім туралы ұсыныс, міндеттемелердің 
келтірілген таза құнын алу үшін дисконтталатын, сыйақылардың болашақ төлем ағымын болжау үшін қолданылады. 
Топ қызметкерлерінің жұмысқа жарамсыз болған жағдайда, мерт болу жағдайы бойынша қаржылық көмек көрсетумен қоса, 
қызметкерлеріне сыйақы беруді қызметкерлерге өзге де ұзақмерзімдік сыйақыларды беру ретінде қарастырады. Осындай 
сыйақылар бойынша күтілетін шығыстарды есептеу, белгіленген ақша төлемдері бар зейнет жоспарларын есептеген кезде 
қолданылатын әдіс бойынша қызметкердің осындай міндеттемелер тәуелсіз білікті актуарийлармен жыл сайынғы негізінде 
бағаланады.
(ii) Жалақыға, зейнетақыны төлеуге байланысты шығындар мен аударымдар
Жалақыға, зейнетақылық аударымдарға, әлеуметтік сақтандыру қорына салымдар, жыл сайынғы төленген еңбек дема-
лыстарына және ауру парағына, сыйақылар мен ақшалай емес жеңілдіктерге шығыстар Топтың қызметкерлерімен тиісті 
жұмыстың жүзеге асырылуына орай есептеледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Топ қызметкерлердің 
жалақысынан зейнетақы аударымдарын жасайды және оны бірегей жинақтаушы зейнеткерлік қорына аударады. Қызметкер 
зейнетке шығарда барлық зейнетақылық төлемдер бірегей жинақтаушы зейнеткерлік қорымен жүзеге асырылады.
Акцияға пайда
Акцияға пайда, Компанияның акция ұстаушылар үлесіне келетін пайда мен шығынды, есептілік беру жыл ішінде айна-
лымда болған, пайдаға қатысатын акциялардың орташа өлшенген акциялар санына бөлу арқылы айқындалады.
Сегменттік есептілік. 
Операциялық сегменттер бойынша есептілік Топтың операциялық шешімдер үшін жауапты басшысына берілетін ішкі 
есептілікке сәйкес жасалады. Топтың операциялық шешімдер үшін жауапты басшысы ресурстарды бөлумен айналысады 
және операциялық сегменттерді бағалауды жүргізеді. Есептік сегметтер, егер олардың табысы, кірісі немесе активтері бар-
лық операциялық сегменттердің жиынтық табыстарының, жиынтық кірістерінің немесе жиынтық активтерінің кемінде он 
пайызын құрайтын болса, бөлек ашып көрсетуге жатады.
Қаржылық есептілікті ұсынудағы өзгерістер 
Тоқтатылған қызмет
46-ескертуде көрсетілгендей, осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте «MAЭK-Қазатомөнеркәсіп»» ЖШС тоқтатылған 
қызмет ретінде жіктелді. Тоқтатылған қызметтен кірістер мен ақша ағындары ағымдағы кезең үшін де, сол сияқты салыстыр-
малы кезең үшін де жалғасатын қызметтен бөлек көрсетілген. Салыстырмалы ақпарат тиісінше қайта есептелді.
Қайта есептеуге қатысты қаржылық ақпарат төменде келтірілген:
3. 
Есептілік саясатының негізгі ережелері 
(жалғасы) 
182 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау