Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет65/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   113

ӨЗГЕ АҚПАРАТ 
Басшылық өзге ақпарат үшін жауапты. Өзге ақпарат жылдық есепті қамтиды, бірақ шоғырландырылған қаржылық есептілік пен 
оған тәуелсіз аудитордың қорытындысын қамтымайды. Бұл есеп біздің аудиторлық есеп күнінен соң бізге берілетін болады.
Біздің шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша пікіріміз өзге ақпаратты қамтымайды, және біз бұл ақпаратқа  
қатысты қандай да бір формада сенімділік білдіретін қорытынды жасамаймыз.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке жүргізілген аудитке байланысты, біздің міндетіміз жоғарыда көрсетілген өзге 
ақпаратты есептеген кезде, онымен танысып, және өзге ақпарат пен шоғырландырылған қаржылық есеп немесе біз аудит 
барысында алған біліміміз арасында маңызды келіспеушіліктердің бар болуы туралы, және өзге ақпараттың басқа мүмкін 
маңызды бұрмалаулары бар болуы туралы сұрақтарды қарастыру болып табылады.
Егер жоғарыда көрсетілген өзге ақпаратпен танысу барысында, оның маңызды бұрмалауы бар туралы қорытындыға келсек, 
біз корпоративтік басқаруға жауапты адамдарға айтуға міндеттіміз.
БАСШЫЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУҒА ЖАУАПТЫ АДАМДАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН 
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Басшылық осы қаржылық есептіліктің Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалуына және дұрыс ұсы-
нылуына, басшылықтың қаржылық есептілікті дайындауға қажетті деп санайтын ішкі бақылауына және алаяқтық әрекеттер-
ден немесе қателіктердің салдарынан айтарлықтай бұрмаланбауына жауапты.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті даярлай отырып, басшылық Топтың өз қызметін үздіксіз жалғастыруға қабілет-
тілігін бағалауға, қызметтің үздіксіздігіне қатысты тиісті жағдайлардағы мәліметтерді ашуға, және есептіліктің қызметтің 
үздіксіздігі жорамалының негізінде жасалуына жауапкершілік алады, басшылық Топты жоюға, қызметін тоқтатуға ниеттенген 
жағдайды, немесе қызметті тоқтату мен жоюдан басқа нақты қандай да бір балама болмаған жағдайларды есептемегенде. 
Корпоративтік басқаруға жауапты адамдар Топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігін дайындау процессін қадағала-
уға жауапты.
АУДИТОРДЫҢ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ АУДИТІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Біздің мақсатымыз тұтастай алғанда шоғырландырылған қаржылық есептілікте алаяқтық әрекеттер немесе қателіктердің 
салдарынан туындайтын елеулі бұрмалаулардың жоқ екендігі туралы сапалы кепілділікті алу, және біздің пікірімізді қамтитын 
аудиторлық қорытындыны шығару болып табылады. Сапалы кепілділік дегеніміз, жоғары деңгейдегі кепілділікті білдіреді, 
бірақ ХАС-на сәйкес жүргізілген аудит маңызды бұрмалаулардың бар болған жағдайында, оларды әрқашан анықтайтындығы-
на кепілдік болып саналмайды. Бұрмалаулар алаяқтық әрекеттер мен қателіктердің нәтижесі болуы мүмкін, және егер олар, 
жеке немесе тұтастай қолданушылардың осы шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде қабылданатын экономикалық 
шешімдеріне айтарлықтай ықпалын тигізеді деп негізді болжауға болатын болса, маңызды болып есептелінеді.
ХАС-на тиісті жүргізілетін аудит барысында, біз кәсіби пікір қолданып, кәсіби күдікшілдікті сақтаймыз. Бұдан басқа, біз 
төмендегілерді орындаймыз:
•  алаяқтық әрекеттер немесе қателіктердің салдарынан шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі айтарлықтай бұрмалау-
лардың тәуекелдерін айқындаймыз және бағалаймыз; осы тәуекелдерге жауап ретінде аудиторлық рәсімдерді жобалаймыз 
және жүргіземіз; біздің пікірімізді білдіру үшін, жеткілікті әрі тиісті аудиторлық дәлелдерді аламыз. Алақол әрекеттердің 
салдарынан болған елеулі бұрмалаулардың тәуекелі, қателіктердің салдарынан болған елеулі бұрмалаулардың тәуекелінен 
жоғарырақ, себебі, алақол әрекеттерге келісу, жалғандық, қасақана жіберу, ақпаратты бұрмаланған күйінде беру немесе ішкі 
бақылауды айналып өтетін іс-әрекеттер жатады;
•  тиісті жағдайларға қатысты аудиторлық рәсімдерді жобалау мақсатында аудит үшін маңызы бар ішкі бақылау жүйесіне 
түсінік аламыз, бірақ Топтың ішкі бақылауының тиімділігі туралы пікір білдіру мақсатында емес; 
•  қолданылған есеп саясатының орындылығын, басшылық дайындаған тиісті ақпараттың ашылуы мен бухгалтерлік бағалар-
дың негізділігін бағалаймыз;
•  басшылықтың үздіксіз қызмет туралы жорамалдың қолданылуының орындылығы туралы тұжырым жасаймыз, ал алынған 
аудиторлық дәлелдердің негізінде Топтың үздіксіз қызметін жалғастыру қабілеттілігіне елеулі күмәндар тудыратын оқиғалар 
мен жағдайларға байланысты маңызды белгісіздіктердің бар болуы туралы қорытынды жасаймыз. Егер біздің қорытындыда 
маңызды белгісіздік болған жағдайда, біз өз қорытындымызда шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі тиісті ақпарат-
тың ашылуына назар аудару керекпіз, егер ондай ақпараттың ашылуы орынсыз болған жағдайда, біз өз пікірімізді өзгерту 
154 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


керекпіз. Біздің тұжырымдарымыз аудиторлық қорытындының шығарылу күніне дейінгі жиналған аудиторлық дәлелдерге 
негізделген. Алайда, одан кейін болатын оқиғалар немесе шарттар Топтың қызметінің үздіксіздік қабілеттілігін тоқтатуына 
әкеп соқтыруы мүмкін;
•  жалпы ұсынылуына, құрылымы мен мазмұнына, ақпараттың ашылуына, және де негізінде жатқан операциялар мен оқиға-
ларды осы шоғырландырылған қаржы есептілікте дұрыс ұсынылғанына баға береміз;
•  шоғырландырылған қаржылық есептілік туралы пікірімізді білдіру үшін, Топқа кіретін ұйымдар немесе кәсіпкерлік қызмет-
тердің қаржылық ақпараттарына қатысты жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді алу. Біз Топ аудитінің басқаруына, бақыла-
уына және жүргізілуіне жауаптымыз. Біз өз пікірімізге толықтай жауапкершілік аламыз.
Біз корпоративтік басқаруға жауапты адамдармен өзара ақпараттық қатынастар жасаймыз, оларға өзге ақпараттан бөлек, 
жоспарланған аудиттің көлемі мен мерзімдерін, сондай ақ, аудит нәтижелерінен туындаған маңызды қорытындылар т 
уралы, оның ішінде, аудит барысында айқындалған ішкі бақылаудың маңызды жетіспеушіліктері туралы мәлімет береміз.
Біз сондай-ақ, корпоративтік басқаруға жауапты адамдарға тәуелсіздікке қатысты барлық тиісті этикалық талаптарды ұстанға-
нымыз туралы хабарлаймыз, және аудитордың тәуелсіздігіне ықпал етуіне негізі бар деп санауға болатын барлық өзара 
қарым-қатынастар мен өзге сұрақтар туралы, және қажет болған жағдайда, тиісті сақтық шаралары туралы мәлімдейміз. 
Корпоративтік басқаруға жауапты адамдарға берілген мәліметтердің ішінен, біз ағымдағы кезеңнің шоғырландырылған 
қаржылық есептілік аудиті үшін маңызды болып саналатындарын анықтаймыз және сондықтан олар аудиттің негізгі мәселе-
лері болып есептеледі. Бұл мәселелерді өз қорытындымызда баяндаймыз, келесі жағдайлардан басқа кездерде: жария етуге 
заңды түрде немесе нормативтік актпен тыйым салынғанда, немесе сирек жағдайларда біз бұл ақпараттың біздің қорытын-
дымызда хабарлануының қажет емес жағдайларда, өйткені бұндай ақпаратты хабарлаудың теріс салдары оны хабарлаудың 
қоғамдық маңызы бар пайдасынан асып кетеді.
Тәуелсіз аудитордың жұмысы нәтижесінде берілген аудиторлық есептің тапсырма жетекшісі – Конратбаев Азамат.
Алматы, Қазақстан
2019 жылғы 5 наурыз
Бекітілді:
Дана Инкарбекова
Басқарушы директоры
«ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС
(Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
1999 жылғы 21 қазандағы №0000005 
Бас мемлекеттік лицензиясы)
Қол қойылды:
Азамат Конратбаев 
Аудит партнері
(Шартты бухгалтерлер институты АССА сертификаты 
№00770863 2003 жылдың 8 мамырынан)
Қол қойылды:
Светлана Белокурова
Орындаушы-Аудитор
(Аудитордың Квалификациялық куәлігі 
№00000357 1998 жылдың 21 ақпанынан)
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 155


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау