Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет73/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113

Өндіріске дайындалу бойынша шығындарға технологиялық құйылатын және ағызылатын төтелдерді бұрғылау, төтелдердің 
магистральдік сыртқы айналымын жер бетіндегі коммуникациялар, жабдықтар және бақылау-өлшеу аппаратурасы, иондық 
алмасу шайыр құны, телімді қалпына келтіру бойынша бағалау шығындар және өндіруге дайындалу бойынша өзге шығын-
дар кіреді. Өндіріске дайындалу бойынша шығындар кен орны немесе өндірістік әдісті қолданып блоктар деңгейінде 
амортизацияланады.Өндірістік әдісі бойынша амортизация мөлшерлемесі расталған қорларға негізделген, олар бар кен 
орындардан (блоктардан) қолданыстағы жабдықтарды және өндіру әдістерін қолдана отырып алынуы мүмкін. Расталған 
қорларды есептеу әрбір жер қойнауын пайдалануға арналған ажырамас бөлігі болып табылатын қорлар туралы есепте-
мелерге негізделген. Қорлар туралы аталған есептемелер құзыретті органмен бекітілген, және жылдар бойынша күтілетін 
өндіру көлемі туралы егжей-тегжей ақпарат ұсынылған, техникалық-экономикалық модельдерге енгізіледі. 2017 жылдан 
бастап Топ қорлар туралы тәуелсіз консультант дайындайтын есептілікті пайдаланады (4 ескерту).
Материалдық емес активтер
(i) Материалдық емес активтерді мойындау және бағалау
Топтың материалдық емес активтерінде, гудвилден басқасында, пайдалы пайдаланудың ақырғы мерзімі бар және, негізін-
де, өндіріс технологиясын енгізу капиталдырылған шығындар, бағдарламалық қамту және лицензиялар мен патенттер 
кіреді. Сатып алынған компьютерлік бағдарламалық қамту және лицензиялар мен патенттер бастапқыда оларды сатып 
алуға және енгізуге шеккен шығындар сомасында мойындалады.
(ii) Материалдық емес активтердің амортизациясы
Материалдық емес активтер оларды пайдалы пайдалану мерзімі ішінде желілік әдіспен амортизацияланады:
Пайдалы пайдалану мерзімі 
Лицензиялар мен патенттер
3 тен 20 жылға дейін
Бағдарламалық қамту
1 ден 14 жылға дейін
Өзгесі
2 ден 15 жылға дейін
Материалдық емес активтер құнсызданған жағдайда, оның баланстық құны сатуға арналған шығындарды есептен шығара 
отырып әділ құны мен оларды пайдаланудың құндылығынан есептен шығарылады.
(iii) Гудвил
Гудвил, құнсызданудан жинақталған шығындарды, ондайлар бар болған жағдайда, есептен шығарып өзіндік құны бойынша 
есептеледі. Гудвилды құнсыздануға тестілеуді, сондай-ақ оның құнсыздануы болатын белгілері бар жағдайларда, Топ кем 
дегенде жылына бір рет жүргізеді. Гудвил генерирлеу бірлігіне немесе, бірігу нәтижесінде синергиядан ұтып алуы мүмкін 
осындай бірлік топтарына жатады. Бұл бірліктер немесе бірліктер тобы гудвилды байқайтын ең төмен деңгейді білдіреді 
және өз мөлшері бойынша операциялық сегменттен аспайды. 
Аталған генерирлеу бірлігімен жүзеге асырылып жатқан қызметті жою кезінде, істеншығып жатқан қызметпен қауымда-
стырылатын гудвил шығып кетуден болған пайда немесе шығындарды айқындау кезіндегі қызметтің баланстық құнына 
кіргізіледі және істен шыққан қызметтің және сақталынған генерирлеуші бірлік бөлігінің салыстырмалы құны негізінде 
бағаланады.
(iv) Зерттеулерге және әзірлеуге кеткен шығындар 
Зерттеулерге арналған шығындар олар туындауына қарай болған шығыстардың құрамында мойындалады. Әзірлеуге кеткен 
шығындар (жаңа және модернизацияланған өнімдерді жобалауға және сынауға байланысты), жоба комерциялық мақсатқа 
сай екенін және технологиялық тұрғыдан іске асырылатынын ескере отырып ойдағыдай іске асырылуы әбден мүмкін 
болған кезде, ал шығындар жеткілікті сенімділік деңгейімен бағаланатын болған кезде материалдық емес активтер ретінде 
мойындалады. Әзірлеуге арналған өзге шығындар олардың туындау шамасы бойынша шығыстарға жатады. Бастапқы кезде 
шығыстарға жатқызылған әзірлеуге арналған шығыстар келесі кезеңдерде капиталдандырылуы мүмкін емес.
Пайдалы пайдаланудың айқындалған мерзімі бар әзірлеулерге арналған капиталдандырылған шығындар, осы әзірле-
улердің мәні болатын коммерциялық өнім өндірісі басталу сәтінен бастап, түскен ақшаны күтілетін алу мерзімі ішінде 
желілік әдіспен амортизацияланады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 171


Жер қойнауын пайдалану құқығы
Жер қойнауын пайдалану құқықтар, қажет болған кезде, амортизацияның және құнсызданудан болған залалдардың 
жинақталған сомасын алып тастап, бастапқы құны бойынша ескеріледі. Жер қойнауы құқығын сатып алу құнына қол қой-
ылатын бонус, коммерциялық тауып алу бонусы, жер қойнауы құқығын сатып алу құны және тарихи капиталдандырылған 
шығындар кіреді. Топ, үкімет лицензия берілгенге дейін лицензияланған аумақтарға қатысты шеккен тарихи шығындарды 
өтеуге міндетті. Аталған тарихи шығындар, лицензияның қолдану мерзімі ішінде өндірілетін төлемдердің келтірілген құ-
нына тең міндеттемелерді тиісінше мойындаумен сатып алынған заттың құны ретінде мойындалады.
Жер қойнауын пайдалану құқықтар, уранды өндіруді бастау сәтінен бастап, расталған қорға сүйеніп, өндірістік әдісі бойын-
ша амортизацияланады. 
Қорлардың есептесуі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қор 
туралы есептемелерге негізделген. Қор туралы аталған есептемелер техникалық-экономикалық модельдерге қосылады, 
олар құзыретті органмен бекітіледі және онда жылдар бойынша күтілетін өндіру көлемі туралы егжей-тегжейлі ақпарат 
ұсынылған. 2017 жылдан бастап Топ қорлар туралы тәуелсіз консультант дайындайтын есептілікті пайдаланады (4 ескерту).
Барлау және бағалау активтері 
Барлау және бағалау активтері, қажет болған кезде, құнсыздануға деген резервті есептен шығарып бастапқы құны бойынша 
көрсетіледі. Топ барлау және бағалау бойынша активтерді сатып алынған активтер сипаттамасына сәйкес материалдық және 
материалдық емес активтерге жіктелінеді. 
Барлау және бағалау активтерге Топ нақты аумақты барлауға арналған заңды құқықтарын алғанынан кейін және барлау 
жұмыстарына жататын геологиялық және геофизикалық зерттеулер, барлау ұңғымаларын бұрғылау және басқа да үстеме 
шығыстар сияқты коммерциялық тұрғыдан ұтымды өндірісті жүзеге асыру мүмкіндігі бекітілгеніне дейін капиталданды-
рылған шығындар кіреді. 
Жер қойнауы құқығын алғанға дейінгі қызмет барлауға дейінгі қызмет деп саналады. Барлау кезеңіне дейінгі қызмет бой-
ынша барлық шығындар оларды шеккенге қарай кезеңнің шығыстарына жатқызылады және мынадай жобалау жұмыстары, 
жобаның техникалық-экономикалық бағалауы және барлауға дейінгі қызметпен байланысты өзге табыс шығыстары сияқты 
шығындар кіреді. Барлау және бағалау кезеңі аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты 
жасасу немесе ұзарту туралы шешім барлау жетістіктеріне және минералдық ресустарды бағалауға және өндіру кезеңіне өту 
(әзірлеу) туралы Топтың шешіміне тәуелді.
Материалдық барлау және бағалау уранды шығару тиімділігін көрсеткеннен кейін өндіріске дайындалу бойынша шығын-
дарға аударылады және , активтері расталған қорға сүйеніп, өндірістік әдіс бойынша амортизацияланады. Экономика 
түрінде дәлелденген жер бетіне көтерілетін қорларды («дәлелденген қорларды» немесе «коммерциялық қорларды») тапқан 
жағдайда барлау және бағалау бойынша материалдық емес активтер жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу шығын-
дары ретінде қайта сипатталынады. Тиісінше, Топ барлау және бағалау бойынша активтерді экономика түрінде дәлелденген 
жер бетіне көтерілетін қорларды («дәлелденген қорларды» немесе «коммерциялық қорларды») тапқан сәтіне дейін аморти-
зацияланбайды.
Топ, активтердің құнсыздануын көрсететін фактілер мен жағдайлар болған кезде, барлау және бағалау бойынша активтерді 
құнсыздану мәніне тексереді. Құнсызданудан болған залал барлау мен бағалау бойынша активтердің баланстық құны оның 
өтелетін сомасынан асатын сомада мойындалады. Өтелетін сома екі мөлшерлемеден ең көбі деп мойындалады: өткізу бой-
ынша шығындарды және пайдаланудағы құнын есептен шығарып, барлау және бағалау бойынша активтердің әділ құны. 
Төмендегі фактілердің немесе міндеттемелердің бірі немесе одан көбінің бар болуы Топ барлау және бағалау бойынша өз 
активтерін құнсыздану мәніне (тізімі жеткілікті болып табылмайды) тексеруге міндетті екенін білдіреді:
•  жақын арада біткен немесе бітетін кезең, ол ішінде Топтың белгіленген телімде барлауды жүргізуге арналған құқығы бар; 
•  белгіленген телімдегі минералдық ресурстарды болашақ барлауға және бағалауға арналған елеулі шығыстар бюджетке 
кіргізілмеген және жоспарда жоқ; 
•  белгіленген телімдегі минералдық ресурстарды барлау және бағалау минералдық ресурстардың коммерциялық тұрғыдан 
ұтымды көлемін анықтауға жеткізген емес, және Топ белгіленген телімдегі осындай қызметті тоқтатуға шешті; 
•  Топтың, белгіленген телімді әзірлеу мүмкіндігіне қарамастан, барлау және бағалау бойынша активтердің баланстық құны, 
мүмкін, нәтижелі әзірлеу немесе іске асырылуы нәтижесінде толық көлемінде өтелмейтіні туралы жеткілікті деректері бар.
3. 
Есептілік саясатының негізгі ережелері 
(жалғасы) 
172 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау