V бөлім. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету
10. Жұмыс беруші:
10.1. Еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге:
а) «ҚТЖ» ҰК» АҚ санитарлық-сауықтыру шаралары мен еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсартуға бекітілген Қоғам шығындары бюджетіне сәйкес ағымдағы жылға жоспарланған еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қаражатты мақсатты бөлуге және қажет болған жағдайда, оған Қазақстан Республикасының нормативтік және заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес түзетулер енгізуге;
б) еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды бес жылда бір рет аттестациядан өткізуге;
в) қолайсыз еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын жою бойынша шаралар қолдану , сондай-ақ технологиялық процестерде және жұмыс орындарында тәуекелдердің алдын алу бойынша шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті есепке ала отырып алдын-алу жұмыстарын жүргізуге;
г) өндірістік нысандарды аттестациялау нәтижелері бойынша, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайлары бойынша, зияндылық дәрежесіне сәйкес, өтемақылар мен жеңілдіктер ұсынуға. Зиянды химиялық заттармен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерге сүт өнімдерін беруге;
Сүтті химиялық заттарды қолдану немесе өндіріске байланысты жұмыста нақты қанша күн болғанына және оның ұзақтығына қарамастан ауысым бойынша 0,5 литр сүттен беруге; (8 қосымша).
Толықтырулар мен кейбір жұмыс жағдайларына рұқсат беру өндірістік нысандарды аттестациялау нәтижелері бойынша енгізіледі.
10.2. Санитарлық нормаларға сәйкес, жұмыс орындарында еңбек жағдайын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау жағдайына бақылау жасау. Жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайлары қамтамасыз етілмеген жағдайда, қызметкерлерге міндеттемелерін орындауға рұқсат бермеуге;
Әйелдерді және жасы 18-ге толмаған тұлғаларды қауіпті және (немесе) зиянды еңбек (аса зиянды) жағдайларындағы жұмыс пен ауыр жұмыстарға қабылдауды жүргізбеуге;
10.3. Белгіленген нормалар мен мерзімдерге сәйкес қызметкерлерді арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдермен және басқа да жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Қызметкердің келісімі бойынша өзіне берілген арнайы киім мен аяқ киімді жұмыстан босатылғаннан кейін қалдық құнын төлетіп өзінде қалдыруға;
Жеке қорғану құралдары уақытынан бұрын тозған жағдайда, оларды тез арада ауыстыруға.
Қол мен дененің ластануына байланысты жұмыстарда, емдеу-алдын алу заттарын (жуғыш заттар, сабын) беру нормасын белгілеу: 1 адамға айына 500 гр. кем емес, ал мамандар үшін екі айда бір рет 50 гр.иіс сабыннан беруге;
Өзінің негізгі жұмысына қатысты емес, технологиялық, құрылыс-жөндеу жұмыстарын немесе басқа қосалқы жұмыстарды, басқа кәсіпті қоса атқарған жағдайда, осы жұмыстарды орындау үшін нормамен қарастырылған жеке қорғану құралдарын қосымша беруге;
10.4. Берілген арнайы киімдер мен аяқ киімді және басқа да жеке қорғану құралдарын пайдаланбаған тұлғаларды жұмыстан шеттетуге;
10.5. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, қызметкердің өз еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығы мен өміріне келтірілген зиян орнын өтеуге;
10.6. Өндірістік жарақат алған еңбек мүгедегін (МӘС қорытындысы бойынша) жұмысқа орналастыруды, қажет болған жағдайда қайта оқытуды қамтамасыз етуге; 1 және 2 топтағы жұмыс істейтін мүгедектерге қысқартылған жұмыс күнін (аптасына 36 сағаттан көп емес және ауысым ұзақтығы 7 сағаттан көп емес) және ұзақтығы он бес күнтізбелік күннен аз емес қосымша төленетін жыл сайынғы демалыс белгілеуге.
10.7. Уәкілетті органда қайта куәландырудан мүгедектің өткенінен кейін кезекті медициналық-әлеуметтік сараптама өткізген күндері жалақысының сақталуы. Бұл ретте төлем екі жұмыс күнінен кем емес уақытта жүргізілсін.
10.8. Жұмысшыға өндірісте келеңсіз жағдайға түсуінің нәтижесінде толық немесе жартылай еңбекке жарамсыз немесе кәсіби сырқаты бар, немесе жұмысшының қайтыс болған жағдайында, оның жәрдемақысына құқығы бар тұлғаларға біржолғы жәрдемақыны мынадай көлемде төлеу:
жұмысшының бір жылдық еңбек ақысынан он есе – жұмысшы қаза тапқан жағдайда;
бір жылдық еңбек ақысынан бес есе – 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек жұмысшыға;
бір жылдық еңбек ақысынан екі есе - 3-ші топтағы мүгедек жұмысшыға
жылдық еңбек ақы – жұмысшыға мүгедектігі белгіленбеген, еңбекке қабілетін тұрақты түрде жоғалтқандығы анықталған кезде беріледі.
мүгедектік тобы өзгерген кезде бір жолғы жәрдемақыны қайта есептеу көлемі жүргізілмейді.
10.9. Жұмыста бос тұрып қалу жағдайлары болған кезде, қызметкерді басқа жұмыс орнына, күнтізбелік жыл ішіндегі бір айдан артық емес мерзімге бұрынғы жұмыс орны бойынша үштен екі бөлігінен аз емес орташа еңбекақысын сақтай отырып ауыстыруға;
10.10. Кәсіподақ мүшесі болып табылатын зардап шеккен қызметкерге кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкер уәкілетті өкіл болып есептеледі, тек қана зардап шегуші немесе оның туысы басқа адамды уәкілетті өкілі етіп тағайындаған жағдайлардан басқа жағдайларда.
10.11. Жұмыста бос тұрып қалу жағдайлары болған кезде, қызметкерді басқа жұмыс орнына, күнтізбелік жыл ішіндегі бір айдан артық емес мерзімге бұрынғы жұмыс орны бойынша үштен екі бөлігінен аз емес орташа еңбекақысын сақтай отырып ауыстыруға
10.12. Кәсіподақ мүшесі болып табылатын зардап шеккен қызметкерге кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкер уәкілетті өкіл болып есептеледі, тек қана зардап шегуші немесе оның туысы басқа адамды уәкілетті өкілі етіп тағайындаған жағдайлардан басқа жағдайларда
10.13. Жұмыстарының ерекшелігін есепке ала отырып, қайта ұйымдастырылған өндірісте, Қоғамның меншігі болып табылатын арнайы киімдер мен аяқ киімдерді беру нормасын белгілеуге;
10.14. Еңбекті қорғау және енбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуге;
10.15. Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау кезінде, өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгеннен туындаған міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды қамтамасыз етуге;
10.16. Қоғам қызметкерлері арасынан сайланған еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларға еңбекті қорғау жағдайларының сақталуына қоғамдық бақылау жасауды жүзеге асыру үшін, өзінің жұмыс орнындағы орташа еңбекақысын сақтай отырып, айына 8 сағат ұсынуға;
Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша орын алған кемшіліктерді анықтау және оларды жою бойынша қол жеткізген нәтижелері үшін, еңбекті қорғау жөніндегі белсенді қоғамдық инспекторларды, филиалдың бастапқы кәсіподақ комитеті мен әкімшіліктің бірлесе ұсынуы бойынша, лауазымдық еңбекақысынан 50 % дейін ақшалай сыйақымен марапаттау. Ұсынымдар әрбір жартыжылдағы қызмет қорытындысы бойынша жылына екі рет марапаттау туралы шешім қабылдайтын Қоғамның әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясына беріледі.
10.17. Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес еңбек қызметі кезінде қызметкерлерді олардың жұмыс орнын (лауазымы) және негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысын сақтай отырып, мерзімдік міндетті медициналық тексеруден өткізуге. Міндетті медициналық тексеруден өткен уақытына желілік станцияларда тұратын филиалдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын сақтау және олардың іссапар шығындарын (тәуліктік, жол жүру, тұратын жері), тек жаңадан жұмысқа кірген тұлғалардан басқа тұлғаларға төлем жүргізуге міндеттенеді.
VI бөлім. Кепілдіктер мен жеңілдіктер
11. Жұмыс беруші:
11.1. Жасы бойынша зейнетақыға шыққан қызметкерлерге, сондай-ақ І және ІІ топ мүгедектеріне лауазымдық ақы (тарифтік ставка) көлемінде біржолғы жәрдемақы төлеу. Қоғамдағы жұмыс өтіліне байланысты жәрдемақы көлемін ұлғайту және әрбір толық 5 жылдан артық жұмыс істеген жылына жалақысынан немесе айлық тарифтік ставкасынан 2,5% мөлшерінде қосымша ақы төлеу, бірақ соңғы жұмыс жылының орташа айлық жалақысынан артық емес. «Құрметті теміржолшы», «Құрметті байланысшы» белгілерімен марапатталған қызметкерлерге есептелген қосымша жәрдемақы сомасын 25% ұлғайтуға;
11.2. Жұмыс өтіліне қатыссыз және құрылымдық бөлімшелерде есепте тұратын жалпы сырқаты немесе жарақаттану жағдайы бойынша жұмысшыларға 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектік белгіленуімен жұмыстан шығарылған жұмысшылар 2 АЕК көлемінде біржолғы материалдық көмек төлеу (Жұмыс берушінің Ресей Федерациясы аймағында орналасқан филиалдарында рубльмен, АЕК баламасында.
11.3. Қызметкерлерге жерлеу рәсімі қызметіне:
а) қызметкердің жақын туыстары қайтыс болған жағдайда (әкесі, шешесі, күйеуі, әйелі, ұлы, қызы) – 50 айлық есеп көрсеткіші (АЕК) мөлшерінде;
б) егер Қоғам қызметкері қайтыс болғанда, оның жақын бір туысына, ал туыстары мен жақындары болмаған жағдайда, жерлеу рәсімін жүргізген тұлғаға - сексен есе айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде. Егер қайтыс болған адам жалғыз асыраушы болып табылған жағдайда, қосымша бір айлық лауазымдық еңбек ақы мөлшеріндегі соманы бөлу;
в) Қоғам есебінде тұрған жұмыс істемейтін зейнеткер қайтыс болған жағдайда- он бес есе айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге міндеттенеді.
Материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі қоса ұсынылады; егер аталған көмекке құқығы бар отбасы мүшелері Қоғам қызметкерлері болып табылса, көмек тек олардың біріне ғана көрсетіледі.
11.4. Материалдық көмек көрсету:
- жылына үш рет-Көлік және байланыс қызметкерлері күнінде, Қарттар күнінде, Жаңа жыл мерекесіне жұмыс істемейтін зейнеткерлерге 3 АЕК мөлшерінде;
- Қоғам есебінде тұрған ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға- Жеңіс күні қарсаңында 10 АЕК мөлшерінде;
11.5. Қоғамдағы жалпы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес қызметкерлерге өмір сүруіне тікелей маңызы бар ақылы операция жүргізілгенде, емделуге және емдік препараттарды сатып алуға, сонымен қатар, санаторий картасында жазылған медициналық көрсеткіштері бар болған жағдайда, санаторий-курорттық емделуге төленген жолдама үшін материалдық көмек көрсетуге:
- орташа жалақысы 100 000 (жүз) мыңнан төмен болғанда- 35 000 (отыз бес) мың теңге мөлшерінде, ал операция жасағанда және 2 айдан артық ұзақ емделу қажет болғанда 50 дейін АЕК мөлшерінде;
- орташа жалақысы 100 000 (жүз) мыңнан жоғары болғанда- 25 000 (жиырма бес) мың теңге мөлшерінде, ал операция жасағанда және 2 айдан артық ұзақ емделу қажет болғанда 40 АЕК мөлшерінде.
Қызметкер материалдық көмекті алу үшін шығарылған шығынды растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
Материалдық көмекті бөлу осы мақсаттарға қарастырылған Қоғам бюджеті шегінде
ұйымның кәсіподақ комитетінің ұсынымхаты бойынша жүргізіледі.
11.6. Ұйымның бастапқы кәсіподақ комитетінің ұсынуы бойынша қызметкерлердің 7 жас пен 14 жас (қоса алғанда) аралығындағы мектеп жасындағы балалары үшін жазғы сауықтыру демалысын өткізуге осы мақсаттарға қарастырылған Қоғам бюджеті шегінде 1 балаға 35 000 (отыз бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі. Материалдық көмекті бөлу филиалдардың әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия шешімі бойынша жүзеге асырылады. Егер осы материалдық көмекке құқығы бар отбасы мүшелері Қоғам қызметкерлері болып табылса, көмек тек олардың біреуіне ғана көрсетіледі.
11.7. Қызметкерлердің мерейтойлары қарсаңында, әйелдер-50 жас, еркектер-60 жасқа толған қызметкерлерге айлық жалақы мөлшері (тарифтік ставкасы) көлемінде біржолғы көтермелеу жүргізуге;
11.8. Қоғам бюджетінен Балаларды қорғау күнін мерекелеуді ұйымдастыруға (қызметкерлердің 3 жастан 12 жасқа дейінгі балалары үшін) бір балаға бір АЕК есебінен қаражат бөлуге міндеттенеді.
Қоғам бюджетінен балалардың жаңа жылдық ертеңгіліктерін ұйымдастыруға, жаңа жылдық сыйлықтар алуға (қызметкерлердің 12 жасқа дейінгі балалары үшін) 1 балаға жалпы сомасы 2 АЕК кем емес қаражат бөлу. Егер ата-ананың екеуі де Қоғам қызметкерлері болса, балаларға жаңа жылдық сыйлық бір ғана ата-анаға беріледі.
11.9. Жұмысшыға материалдық көмек көрсету:
а) некеге тіркелуге байланысты - берілген өтініш негізінде 20 АЕК көлемінде. Некеге тіркелуге байланысты материалдық көмек көрсету өтінішіне некені тіркеу туралы куәліктің көшірмесі қоса берілуі керек (Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК баламасымен Ресей Федерациясы аймағында орналасқан Жұмыс берушінің филиалдарында рубльмен);
б) ең төменгі жалақының екі есе көлемінде бала туылғанғ баланы асырап алған жағдайда, ал жұмысшыда екі немесе одан да көп бала туылған кезде - берілген өтініш негізінде әрбір балаға ең төменгі жалақыдан үш есе көлемінде (баланың туылуы туралы куәлігінің көшірмесін қоса берумен), егер де осы материалдық көмекке құқығы бар отбасы мүшелері Жұмыс берушінің жұмысшылары болып табылса, материалдық көмек тек біреуіне ғана көрсетіледі (Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК баламасымен Ресей Федерациясы аймағында орналасқан Жұмыс берушінің филиалдарында рубльмен).
а), б) тармақшаларында белгіленген жағдайлар бойынша материалдық көмек көрсетуге ұсынылатын өтініш, оқиғаның болған күнінен бастап 90 күннен кешіктірмей берілуі керек.
11.10. Қоғамдағы еңбек өтілі 10 жылдан кем емес, жасы 70, 80, 90 және 100 келген зейнеткерлерге 7-есе АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету.
11.11. 8-наурыз мерекесі қарсаңында Қоғамның әйел қызметкерлеріне 4(төрт) АЕК мөлшерінде сыйақы төлеуге;
11.12. Қоғам қызметкерлері күтпеген жағдайларға (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т.б) тап болған кезде (оны растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда), кәсіподақ комитетінің қолдаухаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия шешімі бойынша қызметкердің материалдық жағдайы мен келтірілген нақты шығын есебінен 40-тан 100-ге дейін АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсету. Табиғи аппаттар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа жағдайлар нәтижесінде мүлік пен тұрғынжайдан айырылған жағдайда, сома ағымдағы жылға берілген әлеуметтік сипаттағы бюджет шығындарынан асырылмаған жағдайда 200 АЕК дейін арттуы мүмкін. Материалдық көмек алуға берілген өтінішке күтпеген сипаттағы жағдайлардың орын алғандығын растайтын, сәйкесті органдармен берілген құжаттар қоса беріледі.
11.13. Компанияда есепте тұрған ¥лы Отан соғысының ардагерлерше бip ардагерге айына 50 кВт есебінен жылына тұтынылған электр энергиясы мөлшерінде бip жолғы материалдық көмек көрсетуге.
11.14. Материалдық көмек керсетуге;
1 қыркүйекке - оқушы балалары бар қызметкерлерге әр оқушы балаға 2 АЕК есебінен;
мугедектер күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар қызметкерлерге 10 АЕК мөлшерінде.
Егер баланың eкi ата-анасы да Компания кызметкері болып табылатын болса, материалдық көмек тек қана олардың бipeyiнe ғана беріледі.
11.15. Отбасы күніне жыл сайын, Жұмыс беруші бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде, төрт және одан артық баласы бар көп балалы отбасының ата-аналарына 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге.
11.16. Балаларды қорғау күніне жыл сайын Жұмыс беруші бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде жалғыз басты аналарга, және 14 жаска дейінгі баланы тәрбиелеп отырған өзге тұл галарга 10 АЕК мелшершде материалдык кемек керсетуге.
11.17. Көлік қызметкерлері күніне жыл сайын Жұмыс беруші бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде қарттар үйінде тұрып жатқан 10 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге міндеттенеді.
11.18. Жиырма төрт айда бip рет тістерін протездеуге (қымбат металдармен протездеуді қоспаганда) ақы төлеуді жүргізуге:
теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 20 жыл қызметкерлерге жылына 15 (он бес) еселенген АЕК мөлшерінде және орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы филиалдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен;
зейнеткерлікке теміржол көлігі ұйымынан шыққан, сондай-ақ орналасқан жepi Ресей Федерациясы аумағындағы ұйымнан шыққан, теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі; әйелдер - 20 жыл, ерлер - 25 жыл, зейнеткер- теміржолшыларға тиісінше 10 (он) еседен аспайтын АЕК мөлшерінде және Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен төлем жасауга.
11.19. Құрылымдык бөлімшелердің басшылары мен кәсіподак комитеттері ардагерлер кеңестеріне зейнеткер-теміржолшыларды жерлеуді ұйымдастыруға және қажетінше зейнеткерлермен олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша жұмыс істеу үшін автокөлік бөлуде көмек көрсетуді қамтамасыз етуге.
11.20. Жұмыс орындарын (лауазымдарын) және еңбекақыларын сақтай отырып, қызметкерлердің әлеуметтік-мәдени ic-шараларға, Жұмыс беруші өткізетін жастар форумдарына, конференцияларға, тренингтерге және құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуге.
11.21. Әлеуметтік сипаттағы шығыс сметаларына сәйкес, 11.1-11.18 тармақшаларымен қарастырылған бағыттар бойынша қаражат үнемделген жағдайда, қызметкердің материалдық жағдайы есебінен берілген өтінішке сәйкес, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия шешімімен басқа бағыттарға материалдық көмек көрсетуге;
11.22. Жұмысшыға ақылы демалыс ұсынылған кезде, жылына бір рет бір айлық тариф мөлшерінен кем емес көлемінде материалдық көмек көрсету. Қайта қабылданған жұмысшыға немесе баласының туылуына, жас баланы асырап алуына байланысты демалыстан шыққан жұмысшыға демалыстан жұмысқа қабылданған/шыққан күнінен бастап 6 айдан кейін еңбек демалысына материалдық көмек көрсету. Егер де жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бөліп алған жағдайда, демалыстың төленген сомасынан бір жолғы, толық көлемде, бір уақытта төлеу.
Жұмысшының кінәсінен жұмысшының немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылған жағдайда, еңбек қатынастарын бұзған кезден бастап жұмысшы Жұмыс берушіге есептік жылы4 атқарылмаған жұмыс уақытына тепе-тең, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына төленген материалдық көмектің сомасын қайтаруға міндетті.
Қазақстан Республикасы еңбек Кодексінің 52,53 – баптары 1), 2), 4), 17) тармақшалары, 54- баптың 1-тармағы, 1), 3), 4), 5) тармақшалары, 58-баптың 1-тармағы, 59, 60-баптарында көрсетілген негіздемелер бойынша еңбек шартының тоқтатылуы кезінде және жұмысшының зейнетке шығуына байланысты жұмысшының бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған жағдайда материалдық көмектің сомасы қайтарылуға жатпайды.
11.23. Қоғам бюджетінде қаражат болған жағдайда, жалпы білім беретін мектептерде, мектеп-интернаттарда оқитын Қоғам қызметкерлерінің аз қамтылған отбасы балаларына, жетім балаларға мектепке құрал-жабдықтар, киімдер, аяқ киімдер алу үшін қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ ардагерлер, мүгедектер және басқа да әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар санатындағы қоғамдық ұйымдар үндеуі бойынша оларға демеушілік көмек көрсетуге;
11.24. Қан беру және тексерілу кезінде донор болған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтауға.
11.25. Кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша Қоғам қызметкерлерін үкімет пен саланың марапаттауларына ұсынуға;
11.26. Бір жарым жасқа дейінгі жастағы балалары бар әйелдерге, анасы жоқ бір жарым жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған әкелерге балаларды тамақтандыру үшін 3 сағат сайын ұзақтығы отыз минуттан кем емес, ал екі немесе одан да көп балалары болған жағдайда ұзақтығы 1 сағаттан кем емес қосымша төленетін үзіліс беруге;
11.27. Шарттың осы бөлімінде қарастырылған жеңілдіктерге және мемлекеттік мерекені (Наурыз мейрамы), кәсіби мерекені және Жаңа жыл мерекесін өткізу үшін осы мақсаттарға қарастырылған Қоғам бюджеті шегінде бір қызметкерге ағымдағы жылға заңмен белгіленген 1АЕК кем емес көлемінде ақшалай қаражат бөлуге міндеттенеді (10 қосымша). Телекоммуникация компаниялары арасында өткізілетін Тілдер Фестиваліне қатысу үшін осы мақсатқа қарастырылған Қоғам бюджеті шегінде жыл сайын ақшалай қаражат бөлу.
11.28. Жұмыс берушінің материалдық көмекті әр филиалдың бюджеті шегінде көрсету бойынша актісі 11.12, 11.21. -тармақша және 11.5-тармақшадан, оның ішінде операция және ұзақ уақыт ем қажет болған жағдайда көрсету кезінде материалдық көмекті көрсетуден басқа бірінші кәсіподақ ұйымдарымен келісім жасау бойынша филиал басшылары таратады.
11.29. Жұмыс тоқтаған жағдайда жұмысшыныі басқа жұмыс орнына ауыстыру орташа еңбекақысын сақтай отырып, мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау органының талабы бойынша жүзеге асырылады.
11.30. Қоғам бюджетінде қаражат болған жағдайда, Қоғам қызметкерлеріне емдеу мекемелерінде медициналық сақтандыру жүйесі арқылы медициналық қызмет көрсетуді немесе медициналық мекемелермен тікелей Шарт жасасу арқылы қамтамасыз етуді қарастыруға;
11.31. Мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс шараларын ұйымдастыру және өткізуге қарастырылған ақшалай қаражатты Кәсіподақ есеп шотына аударуды жүргізуге міндеттенеді.
11.32. 3, 4, 5-класс станцияларына, озу пункттері мен разъездерге жұмыска келген жас маман - теміржолшыларға орналасу үшін 25 АЕК мөлшерінде, ал орналаскан жері Ресей Федерациясының аумағындағы 3, 4, 5-класс станцияларына, озу пункттері мен разъездерге келгендеріне Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен, материалдық көмек көрсетуге.
11.33. 3, 4, 5-класс станцияларына және бөлу пункттеріне жіберілген жас мамандардың тарифтік ставкаларына (жалақыларына) жұмысының алғашкы екі жылы ішінде 20 пайыздық үстеме ақы төлеуге.
11.34. Желілік станцияларда және бөлу пункттерінде кадрларды бекіту үшін оларды тұргын уймен қамтамасыз ету бойынша шаралар көздеуге.
11.35. Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлердің және олардың балаларының темір жол бейініндегі жоғары және орта арнайы кәсіби білім беру ұйымдарында оқуына қаражат бөлуге.
11.36. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде ҚР заңнамасына сәйкес жүктілікке, бала тууға және жаңа туылған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем сомасын ұстап қалу арқылы орташа еңбекақыны сақтаумен жүктілік және бала туу демалысын, жаңа туылған нәрестені (баланы) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысты төлеу.
11.37. Бір жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша үш ең белсенді жас қызметкерге, 2012-2015 жылдарға арналған «ҚТЖ»ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының Жастар саясаты бағдарламасы шеңберінде өткізілетін іс-шараларға қатысушыларға Жұмыс берушінің бюджетінде бөлінген қаражат шегінде, Жұмыс берушіге Жастар ісі жөніндегі кеңестің Жұмыс берушінің тиісті актісін шығару жолымен қолдаухат жазу бойынша 20 (жиырма) АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек көрсету.
VII бөлім. Кәсіподақ және қызметкерлер міндеттері
12. Кәсіподақ:
12.1. Жұмыс берушіге:
- қызметкерлермен еңбек және технологиялық тәртіптің сақталуына;
- қызметкерлермен еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерінің мүлтіксіз сақталуына;
- осы Шартпен қарастырылған, әлеуметтік қорғау бағдарламасын жүзеге асыруға көмектесуге;
12.2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Шартпен қарастырылған мәселелер бойынша Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға;
12.3. Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізу, Қоғам қызметкерлерінің қатысуымен спорттық іс шараларды ұйымдастыру және жүргізуге;
12.4. Қоғамның әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комиссиясына орталық аппараттың, өндірістік орталықтардың және филиалдардың бастапқы кәсіподақ комитетінің шешімдерін ұсыну және ресімдеу арқылы күтпеген жағдайларға материалдық көмекті бөлуге қатысуға;
12.5. Балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру, Қоғам қызметкерлері арасында осы мақсатқа материалдық көмекті бөлу бойынша жасалған сәйкесті хаттамаларды әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комиссия қарауына ұсынуға;
12.6. Жұмыс берушімен бірлесе отырып, мерекелік және әлеуметтік-мәдени шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге, қызметкерлердің балалары үшін жаңажылдық сыйлықтарды сатып алуға қатысуға;
12.7. Өндірістегі денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Өндірісте орын алған жазатайым жағдайларды тергеуге, олардың алдын алу шараларын әзірлеуге қатысуға;
12.8. Қызметкердің еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты мертігуі немесе басқа денсаулығына келтірілген зиян орнын Жұмыс берушінің уақытылы және толық өтеу мәселелерін шешу бойынша өндірісте жарақат алған қызметкерлер мен қайтыс болған қызметкерлердің жанұяларына құқықтық көмек көрсету және ақысыз кеңес беруге;
12.9. Берілген өкілеттіктер шегінде Кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін және құқықтарын мемлекеттік билік органдарына, Жұмыс беруші алдында, сот және басқа органдарға ұсынуға және қорғауға, сотқа талап арызбен жүгінуге, Кәсіподақ мүшелерінің заңды мүдделеріне және құқықтарына шек қоятын, құқықтық және нормативтік актілеріне қарсылық білдіру туралы прокуратура алдында өтініш беруге;
12.10. Кәсіподақ мүшелеріне ұйымдастырушылық, кеңес беру, құқықтық және материалдық көмек көрсетуге;
12.11. Еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға, еңбек дауларын шешуге ақысыз заңды көмек көрсетуге және даулы мәселелерді келісім комиссиясының қарауына беруге;
12.12. Шарттың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру үшін, Кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына баруға;
12.13. Осы Шарт талаптарын орындау кезінде еңбек дауларына және жұмыстың тоқтатылуына жол бермеуге міндеттенеді.
.
13. Қызметкерлер:
13.1. Еңбек шартымен, лауазымдық нұсқаулығымен, технологиялық процестің орындалу кестесімен, сымды байланыс құрылғыларына техникалық қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықпен, жұмыстарды орындаудың технологиялық картасымен, осы Шартпен және Жұмыс берушінің актілерімен техникалық байланыс құрылғылары жұмыстарының сенімділігін қамтамасыз етуге филиалдардың басшылық құрамының жеке қатысу нормативтерімен негізделген еңбек міндеттерін адал орындауға;
13.2. Еңбек, өндірістік және технологиялық тәртіпті сақтауға;
13.3. Жұмыс барысында Жұмыс берушінің мүліктеріне зиян келтіруге жол бермеуге;
13.4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария бойынша талаптарын орындауға;
13.5. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялардан тұратын мәліметтерді жария етпеуге;
13.6. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, Жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны туралы тікелей басшысына хабарлауға;
13.7. Міндетті зейнеткерлік жарналары есебінен зейнеткерлікпен қамтамасыз ету жөніндегі шарт көшірмесін беру және зейнетақы қорын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына ауыстырған кезде жинақтаушы зейнетақы қорымен міндетті зейнетақы жарналарын есепке ала отырып, зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша шарт жасасқаны туралы Жұмыс берушіні хабардар етуге;
13.8. Өзінің кәсіби біліктілігін жабдықтарды жаңарту және өндірісті дамыту талаптарына сәйкес көтеріп отыруға міндеттенеді.
VIII бөлім. Кәсіподақ қызметінің кепілдемелері
14. Жұмыс беруші Кәсіподақты кәсіби-еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша қызметкерлердің құқығын қорғайтын және мүддесін білдіретін орган ретінде есептейді. Жұмыс беруші Кәсіподақтың осы Шартпен қарастырылған өкілеттілігі шегінде қызметкерлердің мүддесін ұсыну мәселелері бойынша Жұмыс берушінің актілерін келісімдеу жолымен Қоғам қызметін қамтамасыз етуге қатысу құқығын құптайды.
15. Жұмыс беруші:
15.1. Кәсіподақтың құқығын сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіподақ құрылымының қалыпты қызметі үшін қажетті жағдай жасауға;
15.2. Кәсіподақ ұйымдары үшін олардың қызмет барысында пайдалануына қажетті тұрғынжайларды, байланыс құралдарын, жиҺаздарды, техниканы беруге;
15.3. Кәсіподақ мүшелерінің жазбаша өтініші бойынша олардың еңбекақысының мүшелік жарналарын ұстауға және Кәсіподақ шотына аударуға;
15.4. Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын кәсіподақ съездеріне, конференцияларына, кеңестеріне, семинарларына жіберілген және өндірістік жұмыстан босатылмаган делегаттарға, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелеріне купелі вагонда жол журу құжаттарына төлем жасалуын және iccanapмен байланысты шығыстарды өтеуді қамтамасыз етуге.
15.5. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге және еңбекті қоргау жағдайына, оны жақсарту жөніндегі ic-шаралардың орындалуына тексеру жүргізуге қатысушы Кәсіподак өкіліне теміржолдық көлік шығыстарын өтеуге.
15.6. Кәсіподак органдарына сайланбалы лауазымдарға сайланғандықтан өндірістік жұмыстан босатылған қызметкерлерге олардың сайланбалы өкілеттіктері аякталғаннан кейін бұрынғы жұмысын (лауазымын), ал ол болмаған жағдайда - сол немесе, қызметкердің келісімі бойынша, басқа ұйымда соған тең жұмыс (лауазым) беруге;
15.7. Негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподак комитеттерінің төрағалары, кәсіпорын толық таратылған жағдайлардан басқа, жоғары тұрған кәсіподак органының алдын ала келісімінсіз Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығармауға.
15.8. Қосымша ақыларды, үстеме ақыларды, коэффициенттерді, сыйақыларды, сыйлықақыларды есептеу тәртібі мен механизмдерін регламенттейтін Жұмыс берушінің актілерін Кәсіподақпен келісуге.
15.9. Салалық кәсіподақ ұйымдарындағы жұмыс атқарған мерзімі, егер де алдыңдағы теміржол көлігі ұйымдарында еңбек сіңірген жылдары үшін, ай сайынғы үстеме ақыны алуға құқық беретін болса, теміржол көлігінде және байланыс саласында жұмыс атқарғанын еңбек өтілінде ескеру.
15.10. Кәсіподақ ұйымдарының сайланған мүшелері болып табылатын негізгі жұмыстарынан босатылмаған қызметкерлерін әр нақты жағдай бойынша Жұмыс берушінің немесе құрылымдық бөлімшелері басшыларымен жұмыстан босату күні алдын ала келісімделген жағдайда еңбек міндеттерін орындаудан босатуға:
Кәсіподақтың бекітілген Жұмыс жоспарына сәйкес олармен қоғамдық міндеттердің орындалуы (айына 8 сағатқа дейін) үшін;
Кәсіподақ және оның филиалымен шақырылатын конференцияларға, съездерге, сондай-ақ кеңес жұмыстарына делегат ретінде қатысу үшін;
15.11. Шартпен қарастырылған міндеттемелерді Жұмыс берушінің орындауы бойынша қажетті ақпаратты Кәсіподаққа беруге міндеттенеді.
IХ бөлім. Қабылданған міндеттемелерді орындамағаны үшін
тараптар жауапкершілігі
16. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және бұзғаны үшін кінәлі Тарап, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапкершілікте болады.
Х бөлім. Еңбек даулары
17. Тараптар орталық аппарат, өндірістік орталықтар және филиалдардың еңбек ұжымдарында Жұмыс берушінің және қызметкерлердің тең өкілдері ішінен тепе-теңдік негізінде еңбек дауларын қарастыру бойынша келісім комиссиясын құруға ұйғарды. Келісім комиссиясының жұмысы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
XI бөлім. Шарттың орындалуына бақылау жасау
18. Осы Шарттың орындалуына бақылау жасау, Жұмыс беруші және Кәсіподақ өкілдерінен (бұдан әрі -Комиссия) құрылатын комиссиямен жүзеге асырылады. Жұмыс беруші Кәсіподаққа оның жазбаша сауалы бойынша Шартпен қарастырылған міндеттемелерді Жұмыс берушінің орындауы, сондай-ақ әрбір тоқсан қорытындысы бойынша Қоғамның әлеуметтік шығындарына кететін бюджеттің орындалуы бөлігі бойынша қажетті ақпаратты ұсынады.
19. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде пайда болған дауларды реттеу жергілікті орындарда құрылған комиссиямен жүзеге асырылады.
20. 7.24, 7.32, 7.48, 7.61, 11.13, 11.14, 11.15, 11.16, 11.17, 11.18, 11.32, 11.33, 11.34, 11.35 тармақтардың әрекеті Жұмыс берушінің бюджетінде сәйкес шығындарды бекіткеннен кейін күшіне енеді.
21. Комиссия осы Шарттың орындалуы қорытындыларын жылына екі рет қарайды.
22. Шарт талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, комиссия Шартқа қол қойған Тараптарға жазбаша түрде түсініктеме жібереді. Тараптар белгіленген мерзімде өзара кеңес өткізуге және Тараптармен міндетті түрде орындалуға жататын шешімді жазбаша түрде қабылдауға міндетті.
23. Шарт мәтіні әр құрылымдық бөлімшелер назарына Қоғаммен, ал қызметкерлердің назарына Кәсіподақпен жеткізіледі.
24. Жұмыс беруші осы Шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімінде монитроинг үшін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға ұсынуға міндетті.
«Транстелеком»
акционерлік қоғамының
Президенті
______________ Д. Пшембаев
|
«Қазақстан Республикасы темір жолшылар кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі «Транстелеком» АҚ филиалының төрағасы
________________ К. Әбенов
|
|
|
|
|
|
|
2015-2017 жылдарға жасалған
Ұжымдық шартқа
1 қосымша
Нақты еңбек жағдайына және жұмыстарды орындау ұзактығына қарай тарифтік ставкаға (жалақыга) қосымша ақы мөлшері
Нақты еңбек жағдайына және жұмыстарды орындау ұзақтығына байланысты еңбекақы төлеудің минималды стандарттарына негізделген тарифтік ставкаға (жалақыға) қосымша ақы мөлшері бағалау комиссиясының қорытындысының негізінде өндірістік факторлардың зияндылық дәрежесі бойынша балдар сомасы бойьшша белгіленеді:
0,1 балдан 1,0 балға дейін - 5 пайыз мөлшерінде;
1,1 балдан 2,0 балға дейін - 8 пайыз мөлшерінде;
2,1 балдан 3,0 балға дейін - 10 пайыз мөлшерінде;
3,1 балдан 4,0 балға дейін - 12,0 пайыз мөлшерінде;
4,1 балдан 5,0 балға дейін - 14,0 пайыз мөлшерінде;
5,1 балдан 6,0 балға дейін - 16,0 пайыз мөлшерінде;
6,1 балдан 7,0 балға дейін - 18,0 пайыз мөлшерінде;
7,1 балдан 8,0 балға дейін - 20,0 пайыз мөлшерінде;
8,1 балдан 9,0 балға дейін - 22,0 пайыз мөлшерінде;
9,1 балдан 10,0 балға дейін - 24,0 пайыз мөлшерінде;
10 балдан асқанда - 25,0 пайыз мөлшерінде.
Жұмысшылардың бригадирлеріне, көмекшілеріне еңбек жағдайлары бірдей болғанда қосымша ақы осы кәсіптер жұмысшыларына белгіленгендей мөлшерде белгіленеді.
Еңбек жағдайын жақсарту бойынша жұмыс орындарын кейіннен рационализациялау (зиянды өндірістік факторларды азайту) кезінде қосымша ақылар азайтылады немесе алынып тасталады.
2015-2017 жылдарға жасалған
Ұжымдық шартқа
2 қосымша
Қосымша демалыс алуға және қысқартылған жұмыс күніне
құқық беретін зиянды еңбек жағдайындағы
жұмыспен байланысты кәсіптер мен лауазымдар
тізбесі
Кәсіптер мен лауазымдар атауы
|
Ұзақтығы
|
Тізімге сәйкес бөлім және тармақ
|
Еңбек жағдайын сипаттайтын зиянды өндірістік факторлар
|
Қосымша демалыс (күнтізбелік күндермен)
|
Қысқартылған жұмыс күні
(сағатпен)
|
1. Полиэтиленді және полихлорвинилді қабыршықтары бар кабелдерді дәнекерлеумен тікелей байланысты ТОБЖ кабелші-дәнекерлеушісі, ТОБЖ кабелшісі
|
12-і күнге дейін
|
6
|
36 бөлім;
1 тармақ.
|
Аса көп жұмыс істеу, қолайсыз микроклиматтық факторлар
|
2. Телеграф аппаратымен жұмыс істейтін телеграфист
|
12
|
-
|
36 бөлім;
14 тармақ.
|
Шу, еңбек қарбаластығы. Бұлшық еттерінің талуы.
|
3. Телеграфист, телефонист, ЭЕМБ жұмыс істейтін инженер-бағдарламашысы
|
6
|
-
|
46 бөлім;
194 тармақ.
|
Компьютермен жұмыс жүргізу кезінде бейне-терминал экранына үздіксіз қарап отырумен атқарылатын жұмыстар, электрмагниттік сәулелену.
|
4. Қалааралық телефон байланысы, қалааралық телефон станцияларында, сөйлесу пунктерінде, сондай-ақ анықтама, бақылау
үстелдерінде және осы станциялардағы тапсырыс үстелдерінде қалааралық телефон арқылы сөйлесулерді қосу бойынша жұмыстарда тікелей жұмыс істейтін телефонист
|
6
|
6
|
36 бөлім;
16 тармақ.
|
Дауыс аппаратына күш түсу. Компьютермен жұмыс жүргізу кезінде (қосымша) бейне-терминал экранына үздіксіз қарап отырумен атқарылатын жұмыстар, электрмагниттік сәулелену, Бұлшық еттерінің талуы.
|
5. Электрогаздәнекерлеуші (сыртқы жұмыстарда)
|
6
|
-
|
15 бөлім;
14,5 тармақ.
|
Дәнекерлеуші аэрозоль,азот, көміртек тотығы, ультракүлгін сәулелер. Қолайсыз микроклимат.
|
6.
1) 1,5 тоннадан 3 т дейін
2) 3 тонна және одан да жоғары жүк көтергіш автомобильдерінің жүргізушісі
|
6
12
|
-
|
6 бөлім;
207 тармақ.
|
Еңбек қарбаластығы, тербеліс, бензин, пайдаланылған газ
|
7. Тек қана санитарлы бөлмелерді жинайтын, санитарлы- тұрмыстық тұрғынжайларды жинап-тазалаушы
|
6
|
-
|
46 бөлім;
228 тармақ.
|
Залалсыздандыратын заттар, құрамында хлор бар заттар
|
8. Аккумуляторды (қорғасыннан жасалған) зарядтайтын және және жөндейтін аккумуляторшы
|
12
|
-
|
46 бөлім;
2 тармақ.
|
Қойылтылған күкірт қышқылы, оның булануы
|
9. Көшіру және көбейту машиналарының операторы
|
6 күнге дейін
|
-
|
46 бөлім;
115 тармақ.
|
Тонердің ішіндегі зиянды заттар. Сәуле бөлу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |