ШАРТ
Астана қ. «___»__________201_ ж.
«ТРАНСТЕЛЕКОМ» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «КӘСІПОРЫН» деп аталатын, ______________________ негізінде әрекет етуші _________________________________________________
___________________________________________________ бірінші тараптан және «Қызметкер» деп аталатын __________________________
________________________________________________, (жеке куәлігі №__________ Әділет Министрлігі _______ж берілген) «Транстелеком» АҚ Орталық аппарат ________________________________________________
лауазымында жұмыс атқаратын екінші жағынан, «Транстелеком» АҚ- ның материалдық – бағалы заттарын сақтау мақсатында төмендегілер туралы шарт жасады:
1. ҚЫЗМЕТКЕР кәсіпорынның сеніп тапсырған материалдық-бағалы заттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін өзіне материалдық жауапкершілікті алады:
оның жауапкершілігіне берілген материалдық құндылықтарды сақтауға немесе басқа да құндылықтарды жоғалып-бұзылудан сақтау үшін шаралар қолдануға;
сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуына қауіп туғызатын түрлі жағдайлар туралы Әкімшілікке уақытылы хабарлауға;
сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың қозғалысымен қалдықтары туралы белгіленген тәртіпте тауар–ақша және де басқа есеп жасауға және жүргізуге;;
сеніп тапсырылған материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу жұмыстарына қатысуға міндетті.
2. КӘСІПОРЫН:
Сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қызметкерге қажетті жағдай жасауға;
Кәсіпорынға келтірген залал үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің материалдық жауапкершілігі туралы қолданыстағы заң актілерімен таныстыруға;
Белгіленген тәртіпте материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге міндетті
3. Егер ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ кінәсінен оған сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмесе, кәсіпорынның жұмысына келтірілген залал және оның орнын толтыру қолданыстағы заңға сәйкес жүргізіледі.
4. Егер шығын қызметкердің кінәсінен болмаған жағдайда, онда қызметкер материалдық жауапкершілікке тартылмайды.
5. Осы шарттың күші КӘСІПОРЫННЫҢ материалдық құндылықтары сеніп тапсырылған ҚЫЗМЕТКЕРМЕН жұмыс істеген уақыттың барлық кезеңінде сақталады.
6. Осы шарт екі данада жасалып, бір данасы ҚЫЗМЕТКЕРДЕ, ал екіншісі КӘСІПОРЫН басшыларында сақталады.
Қызметкер
_____________________
2015-2017 жылдарға жасалған
Ұжымдық шартқа
8 қосымша
Алдын алу мақсатымен сүт немесе өзге құндылығы бірдей тағамдар пайдалануға берілетін зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін мамандықтар тізбесі
Мамандықтар атауы
|
Зиянды химиялық заттардың тізбесі
|
Аккумуляторшы
|
Күкірт қышқылы, сілті
|
Электргаздәнекерлеуші
|
Хлор қосылған сутегі, азот, темір, көміртегі тотығы
|
Кабель-дәнекерлеуші
|
Қорғасын, қалайы қосындысы
|
Қоғамдық дәретханаларды жуып-тазалаумен айналысатын, қызметтік жайларды жуып-тазалаушы
|
Хлор, бутан
|
Ескерту:
Сүт тағамы жұмысшының өндіріспен немесе химиялық заттарды қолданумен байланысты жұмыстарда нақты жұмыс атқарған күндеріндегі ауысым үшін, оның ұзақтығына қарамай 0,5 литрден беріледі.
Негіздеме:
«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 184-б бұйрығы.
2015-2017 жылдарға жасалған
Ұжымдық шартқа
9 қосымша
«Транстелеком» АҚ қызметкерлерін аттестациядан өткізу ережесі
1.Жалпы ережелер
1.1.Осы аттестация өткізу ережесі «Транстелеком» акционерлік қоғамының қызметкерлерін аттестациялаудың тәртібі мен шарттарын анықтайды (бұдан әрі-Қоғам).
1.2. Аттестация төмендегі мақсаттар үшін өткізіледі:
Қызметкерлердің кәсіби дайындығының және жұмыс істеу сапасының деңгейін анықтау;
Қызметкерлердің атқарып отырған қызметке мамандығының сәйкес келуін қамтамасыз ету, персоналды оқыту және дамытуда мұқтаждығын анықтау;
Тікелей басшымен қызметкерлерді жеке және топпен оқыту және дамыту жоспарын құру бойынша ұсынымдар, өзін-өзі дамыту бойынша ұсынымдар;
Персоналды оқыту және ары қарай жоғары қызметке жылжыту үшін кадр резервіне қосу.
1.3. Қоғам басшылығы, жүкті әйелдер, белгілі бір мерзімге дейін ғана қабылданған қызметкерлер аттестациядан өтпейді. Осы Ереже бойынша Қоғам басшылығы Президент, Вице – президент, Атқарушы директор, Атқарушы директор – филиал директоры, Атқарушы директор-филиалдың Басқарушы директоры кіреді.
Қызметкерлер алда болып өткен аттестация күннен бастап Қоғамда Қоғамда үздіксіз жұмыс істеген әр бес жыл сайын аттестациядан өтеді.
Қайта қабылданған (қызметке тағайындалған) қызметкерлер жұмысқа қабылданған күннен бастап бір жылдан кем емес уақытта алғашқы аттестациядан өтеді. Балаға күтім жасауға арналған демалыстан шыққан, 2 немесе одан да көп ай қатарынан уақытша еңбекке жарамсыздық парағында тұрған қызметкерлер жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан кешікпей аттестациядан өтеді.
Қоғамның ұйымдық құрылымының өзгеруіне, қызметкердің лауазымдық міндеттері өзгермей, лауазымының аты қана өзгеруіне байланысты қызметкерді басқа жаққа ауыстырған жағдайда, қызметкерлер жалпы негізде аттестациядан өтеді.
Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде қызметті тұтынушылар – клиенттер тарапынан арыз, шағым түсіру жағдайлары болған жағдайда және басқа да құрылымдық бөлімшелерде, олардың тиімді жұмыстары басқа құрылымдық бөлімшелердегі (бөлім, цех, учаске) қызметкерлердің атқаратын жұмысының сапасына байланысты болған жағдайда, осындай жағдайға қатысы бар қызметкердің аттестациясы қызметкерді он күнтізбелік күн ішінде хабарлаумен мерзімінен бұрын (кезексіз) өткізілуі мүмкін.
1.4. Аттестация төмендені кезеңдерден тұрады:
1) аттестация жүргізуге дайындық;
2) қызметкерлерден тест алу;
3) аттестациялық комиссияның қызметкермен әңгімелесуі;
4) аттестациялық комиссияның шешім шығаруы.
2. аттестация өткізуге дайындықты ұйымдастыру
2.1. Персоналдармен жұмыс жүргізу басқармасы Орталық аппарат қызметкерлерін және Қоғам филиалының мамандарын аттестация өткізу үшін дайындықты ұйымдастырады.
Филиалдың кадр қызметі Қоғам филиалдарында аттестация өткізуге дайындықты ұйымдастырады.
2.2. Аттестация өткізуге дайындық жасау төмендегі іс-шараларды қамтиды:
аттестациядан өтетіндердің қажетті құжаттарын дайындау (аттестациялық парақтың бланкілері, тест бланкілері, бағалау, өзін-өзі бағалау бланкілері);
аттестация өткізудің мерзімін анықтау және кестесңн дайындау;
аттестациялық комиссия құрамы бойынша ұсыныстар енгізу;
аттестация өткізудің мақсаттары және реті туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
құрылымдық бөлімшелерге аттестация өткізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.
2.3. Президент, Вице-президент, Қоғам филиалының директорлары төмендегілер бекітілген бұйрыққа қол қояды:
1) аттестация өткізудің күні көрсетілген аттестациядан өтетін қызметкерлердің тізімдері;
2) аттестациялық комиссияның құрамы;
3) аттестация бағдарламасы;
4) тестілеудің балдық шегі.
2.4.Аттестациядан өтетін қызметкерлер аттестацияға дейінгі екі аптадан кеш емес мерзімде алдағы болатын аттестация туралы хабар алады:
Орталық аппаратта Персоналмен жұмыс істеу басқармасынан;
Филиалдарда – кадр қызметінің қызметкерлерінен.
Аттестациядан өтетін қызметкер аттестация өткізудің мерзімімен, Қазақстан Республикасы нормативті-құқықтық актілердің, Қоғамның нормативті-техникалық актілерінің және жергілікті актілердің тізімімен таныс болуы керек.
1. Аттестациялық комиссия
3.1. Аттестациялық комиссиясы, комиссия төрағасы мен оның орынбасарын қосқанда, 7 мүшеден кем болмайтын құрамнан тұруы қажет.
Аттестациялық комиссияның төрағасына Вице-президент және/немесе орталық аппараттың құрылымды бөлімшелернің басшылары, Қоғам филиалының директорлары тағайындалады. Аттестациялық комиссияның төрағасы болмай қалған жағдайда, оның міндеттерін аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары атқарады. Филиал басшыларын аттестаттау кезінде аттестациялық комиссияның құрамына: Қоғам орталық аппаратының, Қоғам филиалдарының құрылымды бөлімшелерінің басшылары, сонымен қатар кәсіподақ, Қоғам филиалдарының қызметкерлер құрамымен және/немесе кадрлық қызметтермен жұмыс жөніндегі Басқарманың, Қоғам филиалдарының Заң басқармасы және /немесе заңды қызметтердің өкілдері, жетекшілік жасайтын басшылар кіреді. Аттестациялық комиссияның хатшысы Қоғам филиалдарының құрылымды бөлімшелерінің қызметкерлері және/немесе Қоғам филиалдарының әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамының қызметкерлері қатарынан тағайындалады және ол аттестациялық
комиссияның мүшесі бола алмайды.
3.2. Аттестациялық комиссияның мүшелері аттестаттаудан жалпыға бірдей негізде өтеді және өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
Аттестациялық комиссияның отырысы заңды болып саналады, егер оған оның құрамының үштен екі бөлігінен кем емес мүшесі қатысқан болса. Аттестациялық комиссиямен аттестатталушының қортынды бағасы туралы шешім, аттестациялық комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен, ашық дауысқа салу арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, аттестациялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
3.3. Аттестациялық комиссияның шешімі төрағаның және/немесе төраға орынбасарының, қатысушы аттестациялық комиссия мүшелері мен хатшының қолдары қойылған, хаттамамен рәсімделеді.
3.4. Аттестациялық комиссия отырысының дайындығы, аттестатталушы қызметкерлердің өмірбаяндық деректерін аттестациялық параққа толтыру, отырыс хаттамаларын жүргізу, аттестациялық парақтарды рәсімдеу (1 қосымша), Қоғамның құрылымды бөлімшелеріне қажетті құжаттамаларды уақтысында жіберу аттестациялық комиссия хатшысының міндетіне кіреді.
3.5. Қоғамда бірнеше аттестациялық комиссия құрылуы мүмкін. Лауазымдық міндеттерінің ішіне қаржылы-экономикалық міндетінің атқарылуы кіретін, Қоғам филиалының қызметкерлері аттестаттаудан, Қоғам орталық аппаратының қаржылы- эконоикалық блогындығы қызметкерлердің міндетті түрде қатысуымен құрылған, аттестациялық комиссиясында өтеді.
Аттестациялық комиссия төрағасы мен төраға орынбасарының шешімі бойынша аттестациялық комиссия отырысына аттестатталушы қызметкердің басшылары, жетекшілері шақырылуы мүмкін.
4. Аттестация жүргізу
4.1 Қызметкерлер құрамымен жұмыс жөніндегі Басқарма Қоғам филиалдарының орталық аппарат қызметкерлеріне, басшыларына және мамандарына тестілеу жүргізеді. Филиалдардың қызметкерлеріне тестілеуді Қызметкерлер құрамымен жұмыс жөніндегі Басқарманың ұйымдастыру-әдістемелік көмегімен, филиалдардың кадрлық қызметтері жүргізеді.
Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері, Қоғамның нормативті техникалық актілері және жергілікті актілері туралы білімдері бойынша тест сұрақтары, басшыларына дайындалған тесттердің мазмұны мен құпиялығы үшін жауапкершілік жүктелетін, Қоғамның құрылымды бөлімшелерімен дайындалынады. Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері, Қоғамның нормативті техникалық актілері және жұмыс берушінің актілері туралы білімдері бойынша тест сұрақтары қажет болған жағдайда, қызметтері белгіленген заң тәртібінде Қоғаммен сатылынып алынатын мамандырылған ұйымдармен дайындалуы мүмкін. Тестілеу кезінде қызметкерге берілетін тестілік тапсырмадағы тест сұрақтарының саны мен уақыты, аттестациялық комиссияның шешімімен белгіленеді.
4.2. Аттестаттауды жүргізу кезінде, келесі әдіс-тәсілдер қолданылады:
(4 қосымша) тізімде бар, Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері, Қоғамның нормативті техникалық актілері, Қоғамның жергілікті актілері туралы білімдерін тестілеу;
аттестатталушының өзін-өзі бағалау бланкісін толтыру арқылы, өзін –өзі бағалауы
(2 қосымша); аттестатталушы қызметкерді тікелей басшысының бағалауы (3 қосымша).
4.3. Өткізілген тест нәтижелері бойынша қорытынды бағалар аттестациялық комиссияның хатшысымен атестациялау парағына енгізіледі.
Тестілеу компьютерде де, қағаз тасымалдаушысында да өткізіле алады.
Тестіден өту күні аттестациядан өтетін жұмысшылар мен персоналмен жұмыс істеу басқармасы немесе филиалдардың кадрлар қызметінің жұмысшыларды тестілеу нәтижелері жөнінде анықтамаға қол қояды.
4.4. Аттестацияға тиісті жұмысшылардың өзін-өзі бағалау бланкісі, тікелей басшысының бағалауымен аттестациядан өткен жұмысшылардың бланкісі Орталық аппарат және Қоғам филиалдарында басшылар мен мамандарды аттестациялық барысында қолданылады.
4.5. Аттестациядан өтетін жұмысшының тікелей басшысы олардың бағалау бланкісін толтырады. Бағалау бланкісінде атестаттау мерзіміндегі жұмысшының қызметі, жетістіктері мен кәсіби дамуына шолу әділ бағалануы тиіс. Тікелей басшының бағалауы қойылған тиісті бағаны негіздеу үшін жазбаша түсініктемелер мен мысалдарды қажет етеді.
4.6. Аттестациядан өтетін жұмысшылар аттестациялық комиссияның отырысына дейін тікелей басшысының бағалау бланкісіндегі ұсынылған бағасымен және тестілеу үшін жауапты тұлғалардан тестілеу нәтижелерімен таныстырылуы тиіс.
4.7. Аттестациялық комиссияның хатшысы аттестациялық комиссияның отырысының алдында келесі құжаттарды дайындайды:
Тестілеу нәтижелері;
Аттестациядан өтетін жұмысшымен толтырылған өзін-өзі бағалау бланкісі,
Тікелей басшысымен толтырылған бағалау бланкісі;
Атестациялау парағы (2 дана);
Аттестациялық комиссия отырысының хаттамасының блакісі;
Орнатылған тәртіпте бекітілген жұмысшының лауазымдық нұсқамасы.
4.9. 4.10 тармағында көрсетілген Ережелерге сәйкес аттестациялық комиссия қорытынды шығару үшін тестілеу нәтижелеріне қарамастан, сұхбаттасу өткізеді.
4.10. Аттестациялық комиссия тестілеу нәтижелерінің және сұхбаттасу негізінде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
Атқаратын лауазымына сәйкес;
Қайта аттестациялауға жатады;
Атқаратын лауазымына сәйкес емес.
Қайта аттестациялау шешімі жағдайында аттестациялық комиссия жұмысшының біліктілігіне сәйкес басқа бос лауазымға ауыстырылуы жөнінде ұсыныс жасайды.
Комиссиямен атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы шешімді қабылданған жағдайда жұмысшының біліктілігіне сәйкес басқа бос лауазымға ауыстыру жөнінде ұсыныс жасайды немесе ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, жұмыстан босату үшін негіз болады.
Тестілеу нәтижелері және сұхбаттасу бойынша қабылданған шешіммен қатар аттестациялық комиссия жұмысшыға біліктілікті көтеру, сәйкес білімді алу ұсыныстарын ұсына алады, және жұмысшыны кадрлық қорға есепке алуы мүмкін.
4.11. Лауазымға (кәсіпке) сәйкес біліктілік талаптары жұмысшының жұмысқа қабылдағаннан кейін уәкілетті органмен қабылданса немесе өзгертілсе, бірақ жұмысшы тестілеу нәтижесінде қажетті балл жинаса, темір жол немесе байланыс саласында үш жылдан артық жұмыс өтілі болса, аттестациялық комиссия аттестациядан өтетін жұмысшының тестілеу нәтижелері мен сұхбаттасу дың негізінде біліктілікті көтеру немесе сәйкес білімді алу ұсыныстарын жасай отырып атқаратын лауазымына сәйкес шешімін қабылдауға заңды күші бар.
4.12. Қайта аттестациялау аттестациялық комиссияның оны өткізу туралы шешімінен кейін алты ай өткеннен соң осы Қағидада анықталған тәртіпте өтеді.
4.13. Аттестациялық комиссиямен жұмысшыны қайта аттестациялау шешімі қабылданған жағдайда, қайта аттестациядан өткенге дейін жағары лауазымға ауыстырылмайды.
4.14. Аттестациялық комиссия қайта аттестациялау нәтижелері бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды: атқаратын лауазымына сәйкес; атқаратын лауазымына сәйкес емес.
4.15. Аттестациялық комиссияның хатшысы жұмысшылардың аттестациялау парағына хаттаманың нөмірі мен күнін қойын, шешім мен ұсыныстарды енгізеді. Аттестациялық парақтың екі данасы аттестациялық комиссиямен қол қойылады.
Жұмысшылардың аттестациялау парағы мен өзін-өзі бағалау бланкісі, тікелей басшысының бағалауымен аттестациядан өткен жұмысшылардың аттестацияланушының жеке ісінде сақталады.
4.16. Орталық аппарат жұмысшыларының және филиал басшыларын аттестациялау бойынша аттестациялық комиссия отырысының хаттамасы Персоналмен жұмыс бойынша басқармасында сақталады. Филиал жұмысшыларын аттестациялау бойынша аттестациялық комиссия отырысының хаттамасы кадрлар қызметінде сақталады.
4.17. Жұмысшы аттестациялық комиссия шешімінің екі данасына да қол қоюы қажет.
4.18. Аттестациялық комиссияның хатшысымен өткізілген аттестация қорытындысы бойынша аттестациялау парағы, аттестациялық комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі Персоналмен жұмыс бойынша басқармасы мен филиалдардың кадрлар қызметіне ұсынылады.
4.19. Аттестациялық комиссияның жұмысшының белгілі себептермен (құжатпен расталған сырқаттану, еңбек демалысы, іссапар, оқуға немесе т.б. жіберу) отырысқа келмесе, басқа күнге өту жайлы шешім қабылдайды.
4.20. Аттестациялық комиссияның жұмыстарының қорытындысы Персоналмен жұмыс бойынша басқармада жинақталады.
4.21. Жұмысшы аттестация қорытындысы бойынша Қоғаммен қабылданған шешіміне соттық тәртіпте шағым беруіне болады.
Аттестация өткізу ережесіне
1 қосымша
20__ жылғы ________ №_____
АТТЕСТАЦИЯЛАУ ПАРАҒЫ
Аты, жөні, әкесінің аты______________________________________________________
Туған күні________________________________________________________________
Білімі туралы мәліметтері_______________________________________________________
_______________________________ қашан, (қандай оқу орнын бітірді, мамандығы, біліктілігі)
Жалпы жұмыс өтілі________________________________________________
Оның ішінде атқарып отырған лауазымы бойынша ________________________________________
Темір жол, байланыс саласындағы жұмыс өтілі (қажеттісін сыз) __________________________, оның ішінде Қоғамдағы жұмыс өтілі ___________________________________
Аттестация өтетін уақыттағы атқаратын лауазымы және осы лауазымға тағайындалған күні ___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Қорытында бағалар:
Барлық қойылған бағалар _________________, оның ішінде дұрыс жауаптар _______________
Дұрыс жауаптардың пайыздық қатынастары (%): ______________
8. Аттестациядан өтетін қызметкердің кәсіби талаптарға сәйкестігі:
Білімі бойынша - ия, жоқ; жұмыс тәжірибесі бойынша – иә, жоқ (дұрысын сыз).
9. Аттестациялық комиссия шешімі (дұрысын сыз):
а) атқарып отырған лауазымына сәйкес;
б) қайтадан аттестациядан өткізуге жатады;
в) атқарып отырған лауазымына сәйкес емес.
10. . Қайтадан аттестациялық комиссияның шешімі (дұрысын сыз):
а) атқарып отырған лауазымына сәйкес;
б) атқарып отырған лауазымына сәйкес емес.
11. Аттестациялық комиссия ұсынысы:
біліктілігін жетілдіруді қажет етеді - иә, жоқ (дұрысын сыз);
сәйкес білім алуды қажет етеді - иә, жоқ (дұрысын сыз);
жұмысшының біліктілігіне сәйкес басқа бос лауазымға ауыстыру – иә, жоқ (дұрысын сыз);
еңбек шартын бұзу – иә, жоқ (дұрысын сыз).
Аттестациялық комиссияның
төрағасы (қолы)
Аттестациялық комиссия
Төрағасының орынбасары (қолы)
Аттестациялық комиссия
мүшелері (қолы)
Аттестациялық комиссияның хатшысы (қолы)
Аттестация өткен уақыт "_____"______________20__ жыл
Аттестациялық комиссия
Аттестациялық комиссия
кеңесінің № __хаттамасы
№____
Аттестациялық комиссия шешімімен таныстымя
(аттестациядан өтушінің қолы,күні)
Аттестация өткізу ережесіне
2 қосымша
20__ жылғы ________ №_____
Аттестациядан өтетін қызметкерлердің өзін- өзі бағалау бланкісі
Қызметкердің аты- жөні ________________________________________________
Лауазымы___________________________________________________________
Бөлімше_____________________________________________________________
Өзіне-өзі бағалау жасайтын қызметкерге нұсқама. Сізден әр тармақ бойынша Сіздің жеке және іскерлік қасиеттеріңізді 5 баллдық жүйемен бағалауыңызды сұраймыз.
5 –өте жақсы, үнемі;
4 - жақсы, көп жағдайларда, жиі;
3 -орташа, кейде;
2 – ортадан төмен, кейде;
1 – қанағаттанарлықсыз, кейде
Лайықты бағаны таңдаңыз
|
бағалар
|
1. Іскерлік қасиеті
|
|
1. Жұмысқа уақыт пен энергиямды арнауға дайынмын.
2. Жұмыста кәсіпқойлықты көрсете аламын.
3. Тапсырылған тапсырманы нақты және мерзімінде орындаймын.
4. Талапкермін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
2 . Жоспарлау және ұйымдастыру
|
|
1.Жұмысты жете жоспарлаймын
2.Уақытты тиімді пайдаланамын
3. инновациялық шешімдер өңдеуде әріптестеріммен бірге жұмыс істеймін.
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
3. Танымдық қабілеттігі/техникалық тәжірибесі
|
|
1. Өз лауазымымның барлық аспектілерін түсінемін.
2. Шаршағаныма және өзге де өршелендірушілерге қарамастан, ұзақ уақыт орнықты ықыласымды сақтай аламын.
3.Қызметтің бір түрінен екінші түріне жылдам кірісе аламын
4. Уақыттың тапшылығына қарай жылдам әрекет жасай аламын.
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
4. Жеке қасиеттері
|
|
1.Жігерлілік
2.Ақ пейілділік
3.Ілтипатшылдық
4.Міндеттілік
5. Сенімділік
6.Байсалдылық
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
5. Топта жұмыс істеу/қатынасу дағдысы
|
|
1. Әріптестеріммен тиімді іскери қарым-қатынас құра аламын.
2. Өз іс- әрекеттерімді басқа тұлғаның іс- әрекетерімен үйлестіре аламын.
3. Ынтымақтастық және сендіру қолымнан келеді.
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
6. Жұмыс сапасы
|
|
1. Жұмысты қайта жасауға жол бермей, ескертусіз толық орындаймын.
2. Сауатты, кәсіби маман
3. Мәселенің тиімді шешімін таба аламын.
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
7. Ауызша коммуникация дағдылары
|
|
1. Ойымды қысқа, анық және дәлелді жеткіземін
2. Ықыласпен тыңдаймын, анықтаймын, түсіндірілген тапсырманы ұғынамын.
3. Бір уақытта бірнеше құжаттармен жұмыс істей аламын
4. Қажет болған жағдайда, көбінесе тез ұғыну үшін кестелік, графикалық, схема түріндегі материалдарды оңай өңдеймін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
8. Ұйымдастырушылық дағдылары
|
|
1. Соңғы нәтижеге бағытталамын.
2. Ұйымға , іске берілгенмін
3.Кездейсоқ міндеттерді шеше алады және шешуге дайын
4. Өз еңбегін, өзгенің еңбегін бағалай алады
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
1. Басшылық стилі
|
1. Басшы ретінде талапшыл
2. Қол астындағылармен сыпайы және әдепті
3. Ұжымда тәртіпті ұстай біледі
4. Қол астындағылардың шығармашылық белсенділігі мен бастамаларын ынталандырады
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
2 . Міндеттерді жолға қою/олардың орындалуын бақылау
|
1. Маңызды міндеттер қояды және олардың орындалу мерзімдерін анықтайды
2. Міндеттердің орындалу жағдайына тұрақты тексеру жасайды
3. Жұмыста қызметкерлердің нақты мақсаттар қоюын бақылайды
4. Қоғамның даму жоспарымен бөлімнің (ұйым, бөлімшелер т.б.) мақсаттарын қатар қолдануға әрекет жасайды
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
3. Қызметкерлерді уәждемелеу, ынталандыру
|
1. Қызметкерлердің жетістіктерін мойындайды және оларды ынталандырады.
2. Қызметкерлер өз жетістіктерінен көңілдері толу үшін, қол астындағылармен ашық мақтан етеді.
3.Жұмыс үдерісіне жеке қатысуын көрсетеді, оның барлық басты оқиғаларының ортасында болады және жеке қатысады.
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
4. Табыстау дағдылары
|
1. Өкілеттілік пен жауапкершілікті табыстайды
2. Қол астындағыларға жұмыстарында шешім қабылдауға кеңінен мүмкіндік береді
3. Шешім өңдеуде белсенді қатысқан қызметкерлерді ынталандырады
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
5. Қол астындағылардың кәсіби дағдыларын дамыту
|
1. Қызметкерлер алдына жаңа қиын міндеттер
2. Қызметкерлері үлкен табысқа жету үшін, ақпаратпен бөліседі, ұсыныстар мен кеңестер береді.
3.Қызметкерлердің кәсіби өсу мен жетілуге бағытталған әрекеттерін мойындайды және ынталандырады
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
6. Командалық жұмыс дағдылары
|
1.Серіктестерімен іскери және шығармашылық қарым-қатынас орната алады.
2. Әр түрлі адамдармен алуан түрлі жағдайлардағы жұмысқа тез бейімделе алады
3. Мәселені шешуде бірнеше әдістің құндылығын бағалайды және түсіне біледі
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
Аттестация өткізу ережесіне
Достарыңызбен бөлісу: |