Жылдарға арналған



жүктеу 1,21 Mb.
бет3/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,21 Mb.
#22632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

МСАК қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық база жетілдірілді, «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 05 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мәселен, МСАК ұйымдарына бекітілген халықтың нақты саны туралы бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық базаны қалыптастыру мақсатында «Бекітілген халық тіркелімі» порталы деген ұғым енгізілді (ҚР ДСМ 2014 жылғы 5 мамырдағы № 230 бұйрығы).


  1. Республикалық бюджеттің деңгейінде амбулаториялық-емханалық көмекке шығыстарды шоғырландыру

Амбулаториялық денсаулық сақтау секторында БҰДЖ-ның екінші кезеңін енгізу үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі –МСАК) рөлін күшейу мақсатында 2014 жылы республикалық деңгейде ТМККК шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған шығыстар шоғырландырылды (жергілікті бюджеттен 120,0 млрд. теңге, республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде – 43,0 млрд. теңге берілді). Жан басына шаққандағы кешенді нормативті теңестіруге республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінді (9,9 млрд.теңге). Денсаулық сақтау бастапқы буын қызметкерлерін индикаторлар негізінде қызметтің түпкілікті нәтижесіне үлес қосқаны үшін ынталандрыуға арналған шығыстар 2 есе өсті (2013 жылы 10,2 млрд. теңге, в 2014 жылы – 20,3 млрд. теңге).

  1. Медициналық қызметтерге ақы төлеу және денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру (орташа қор ұстау, екі компоненттік жан басына шаққандағы норматив, клиникалық-шығын топтары, кешенді жан басына шаққандағы норматив)

2014 жылдан бастап МСАК үшін жан басына шаққандағы кешенді норматив енгізілді, ол тарифті қалыптастыруға және халыққа медициналық көмек көрсетуде арналған шығындарды жоспарлауға бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге, МСАК-ты қаржыландырудағы дисбалансты және халықты ТМККК-мен қамтамасыз етудегі теңсіздікті жоюға, сондай-ақ денсаулық сақтауға жеке секторды тарту және МЖӘ-ні дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді (егер 2013 жылы МСАК-қа жұмсалған орташа шығын 1 адамға айына 169 тенгеден бастап 486 теңгеге дейін құраса, 2014 жылы 832 теңгені құрады).

Ішінара қор ұстауды енгізу МСАК ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыруға, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұтымды тұтынуға ықпал етеді. 2014 жылдың қортындысы бойынша ішінара қор ұстау консультациялық-диагностикалық көмекке негізсіз жұмсалатын шығындарды орташа алғанда 15%-ға қысқартуға мүмкіндік берді, бұл ретте аталған көмектің жиынтық көлемі 16 %-ға артты.

Клиникалық-шығындық топтар бойынша ақы төлеу жүйесін жетілдіру шеңберінде стационарды алмастыратын көмекке ақы төлеу үшін 2014 жылы «Тәуліктік медициналық ұйымдардың күндізгі стационары деңгейінде қызмет көрсету кезінде КШТ тарифтер бойынша ақы төлеуге жататын АХЖ-10 бойынша аурулардың тізбесі» әзірленді, кардиохирургиялық бейінге, босандыру мен неонатологияға арналған КШТ қайта қаралды.


  1. Облыстық деңгейге жоғары технологиялық медициналық қызметтердің трансферті және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мәселелері жөнінде шетелдік клиникалармен әріптестік өзара қарым-қатынасты нығайту

Жоғары технологияларды дамыту мақсатында шет елдік клиникалармен әріптестік жүзеге асырылады. Есепті кезеңде шет елде неврологияның, нейрооңалтудың, онкологияның, кардиологияның және басқалардың өзекті мәселелері бойынша 186 адам оқытылды. Бұдан басқа, 2014 жылдың ішінде алыс және жақын шет ел мемлекеттерінің жетекші клиникаларынан жетекші шетелдік 40 маманды тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастырылды, мастер-кластарда 453 маман оқытылды.

БҰДЖ-ды енгізумен ЖММК қолжетімділігі қамтамасыз етілді, өңірлерде жаңа медициналық технологияларды қаржыландыру мүмкіндігі пайда болды.

Халыққа ЖММК көрсету көлемі соңғы 3 жылда 38 %-ға өсті, бұл өсім кезінде сома 2,3 есеге өсті. Қазіргі уақытта, ЖММК 129 ұйымда (2013 ж. – 137) көрсетіледі, олардың 71-і (55 %) өңірлік, 25-і (19 %) - мемлекеттік емес, 22 (17 %) - республикалық ұйымдар, 11-і (9 %)-онкологиялық диспансер.

2013 жылмен салыстарғанда облыстық медициналық ұйымдардың саны 11%-ға артқаны байқалады, ол МҰ трансфертін оларды облыстық МҰ деңгейінде орталықтандыру кезінде өңірлерде кеңейту үрдісі туралы куәландырады.

ЖММК технологияларының ауқымды трансферті: жүрек-қан тамыры хирургиясы, травматология, хирургия және гинекология бейіндері бойынша байқалады.

Бүгінгі күні ЖММК көрсетуде бәсекелес орта құрылды, оған облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердегі медициналық ұймдар, сондай-ақ жетекші республикалық ұйымдар мен ғылыми орталықтар қатысады. ҒЗИ/ҒО-ның ЖММК жалпы көлеміндегі үлесі қазіргі уақытта орташа алғанда 43,6 % құрайды.

Бұл ретте ЖММК алған ауыл тұрғындарының үлесі 2009 жылғы 9%-дан 2014 жыл 29,5 %-ға дейін өсті.


  1. Мамандандырылған көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, зертханалар мен қан қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайту

2014 жылы қан қызметі үшін 13,1 млн.теңге сомаға 11 бірлік жабдық, оның ішінде Республикалық қан орталығына – 6,8 млн. теңге сомаға 4, Трансфузиология республикалық ғылыми-өндірістік орталығы үшін 6,2 млн.теңге сомаға 7 бірлік жабдық сатып алынды.

Сот-медициналық сараптамасы қызметі үшін 2014 жылы 1,7 млн. теңге сомаға жабдық сатып алынды.

Мамандандырылған және ЖММК көрсететін 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 9 бірлік жабдық сатып алынды. Аталған іс-шараны іске асыру үшін 1,8 млрд. теңге көзделген.


  1. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техникаға аудит жүргізу

2014 жылдан бастап ішкі аудитпен 46 денсаулық сақтау ұйымы қамтылды, олардың ішінде 34-інде жалпы сомасы 1,5 млрд.теңге болатын қолданылмай тұрып қалған 62 бірлік медициналық техника анықалды. Оның ішінде 1,1 млрд.теңге сомасында 26 бірлік жабдық бойынша қолданылмай тұрып қалуды жою жөнінде шаралар қабылданды. 456,9 млн. теңге сома тұратын 36 бірлік бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап Медициналық техниканы басқарудың ақпараттық жүйесі (МТБЖ) енгізілді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 285 бұйрығына сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техникаға ревизия жүргізіледі.

Жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша республикадағы мемлекеттік ұйымдарындағы медициналық техниканың жағдайы туралы толық көрініс алуға болады.


  1. Көп бейінді ауруханалармен басым стационарлық көмек көрсету

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 114 қаулысымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі бекітілді, оған сәйкес әкімдіктер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өңірлердің денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытудың 2015-2025 жылдарға арналған басым жоспары бекітілді.

  1. Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық жабдықты сатып алуы үшін қаржылық лизинг жүйесін жетілдіру


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау