Жылдарға арналған



жүктеу 1,21 Mb.
бет2/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,21 Mb.
#22632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

  1. Даярлаудан және қайта даярлаудан өткен онкологиялық қызмет мамандарының саны

Ел ішінде

ДСӘДМ деректері

146

146

Қол жеткізілді

Шет елде

ДСӘДМ деректері

97

107

Қол жеткізілді

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

  1. Әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау және емдеу стандарттарын жетілдіру және енгізу

Әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау мен емдеу стандарттарын жетілдіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 желтоқсандағы № 759 бұйрығымен (ҚР Әділетминінде 2014 жылғы 29 қаңтарда № 9108 болып тіркелді) ҚР халқына, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша медициналық әлеуметтік оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты әзірленіп бекітілді, енгізу 2014 жылдан басталды. Науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған кешенді медициналық қызметтер ретінде медициналық оңалту көрсету тәртібін регламенттейді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығымен Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, көптеген және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезбен (бұдан әрі - КДК\АДК ТБ) науқастарды емдеу схемасы мен режимі жөніндегі нұсқаулық бекітілді.



  1. Зертханалық диагностикалаудың жаңа стандарттарын енгізу

Дүниежүзілік Банк Жобасы шеңберінде зертханалық диагностиканың жаңа стандарттарын енгізу мақсатында халықаралық консультанттар тартылды. Аталған жұмыс шеңберінде зертханалық қызмет жағдайына бағалау жүргізілді, бағалау нәтижелері бойынша ҚР зертханалық қызметін дамытудың ұлттық стратегиялық жоспары, сапа менеджменті жүйесі бойынша нұқсаулық әзірлеу қолға алынды. Бұл жұмыс шеңберінде Ұлттық клиникалық референс-зертхана және 4 сараптамалық зертхана құру жоспарлануда. 2015 жылы жұмыс жалғасады.

  1. Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық салу

Іс-шара мерзімі басталған жоқ.

  1. Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған радиациялық онкологияның 5 өңірлік жоғары технологиялық орталығын құру

Астана, Алматы, Ақтөбе және Семей қалаларындағы жоғары технологиялық радиациялық онкология орталықтарын жарақтандыру үшін 10,4 млрд. теңге сомаға заманауи радиологиялық жабдық (желілік жеделдеткіштер, компьютерлік томогрофтар) сатып алынды.

Қазіргі уақытта, сатып алынған жабдыққа инсталляция жүргізілуде. Аталған орталықтарды іске қосу 2015 жылғы 1-жартыжылдыққа жоспарланған.



  1. Симуляциялық орталықты және 2 ядролық медицина орталығын құру

Онкология және Радиология ҒЗИ базасында онкологиялық қызмет мамандарын заманауи кішіинвазивті хирургиялық емдеу әдістеріне оқыту үшін симуляциялық орталық құру жоспарланған. Осы мақсаттар үшін хирургиялық роботталған жүйе сатып алу жоспарланған, роботталған хирургиялық жүйені орнатуға арналған алаңдар дайындалды.

Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінің базасында ядролық медицина корпусының құрылысы (Семей қаласының ПЭТ-орталығы) аяқталуда. Аталған жобаны іске асыру қаржылық қаражаты қамтамасыз етілген және республикалық бюджет қаражаты шеңберінде жүзеге асырылуда. ШҚО Құрылыс басқармасының атынан ШҚО әкімдігі тапсырыс беруші болып табылады, объектіні тапсыру 2015 жылға жоспарланған.

2015 жылы ҚазОРҒЗИ базасында ПЭТ орталығының ТЭН әзірлеу және сараптау жөніндегі инвестициялық ұсынысқа және және оның 2016-2017 жалдардағы құрылысына ҚР ҰЭМ-ның оң экономикалық қорытындысы бар.


  1. Онкологиядағы қазіргі заманғы технологияларды енгізу

Заманауи технологияларды енгізу жалғасуда. ҚазОРҒЗИ базасында сүт бещін, дауыс протездерін, буындарды эндопротездеу бойынша операциялар жүргізіледі.

Онкологиялық қызметті дамытудың маңызды бағыттарының бірі тиімді дәрілік терапияны жүргізуге мүмкіндік беретін инммунды гистохимиялық зерттеулер жүргізу болып табылады. Құрылған 3 референс-орталықтармен онкологиялық диспансерлердің патоморфологиялық зертханаларында 2014 жылға (алдын ала деректер бойынша) 12,0 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде барлық окнологиялық диспансерлер 2014 жылдан бастап телепатологияға арналған жабдықпен жарақтандырылуда, ол ҚазОРҒЗИ-дан және референс-орталықтардан диагноздарды верификациялау мен емдеу тәсілдерін айқындау бойынша қашықтықтан консультация беруге мүмкіндік береді.



  1. Ел ішінде және шетелде онкологиялық қызмет мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру

005 бюджеттік бағдарлама шеңберінде алдыңғы қатарлы халықаралық медициналық технологияларды игеру үшін 2014 жылы алыс және жақын шет елдердің жетекші клиникаларының базаларында (Чехия Республикасы Мотол университет ауруханасының базасында; Г.Руссия атындағы Институттың базасында, Франция. Риж шығыс клиникалық университет ауруханасы, Н.Н.Александров атындағы онкология және медициналық радиология орталығы, Миниск қаласы, Беларусь және басқалары) онкологиялық қызметтің 107 маманы сүйек кемігінің гематологиясы мен трапнсплантологиясы, омыртқа хирургиясы, бас пен мойын ісіктері кезіндегі кіші инвазивтік хирургия және басқа да өзекті мәселелер бойынша оқытылды.

«Ruđer Medikol Ciklotron d.o.o.» (Загреб, Хорватия) инстиутының базасында Семей қаласының ҚОД 4 инженері арнайы желдетуге қызмет көрсету және радиопрепараттардың өндірісін ұйымдастыру мәселелеріне оқытылды. Семей қаласының ҚОД 5 инженері БИОНТ (Словакия) компаниясыннда радиофармпрепараттардың өндірісін ұйымдастыру және циклотронға қызмет көрсету бойынша оқудан өтті.

Балалар онкогематологиясы мәселелері бойынша, мамандар Германияның Берлин қаласындағы «Шарите» унивесритет клиникасының және Мәскеу қаласындағы базаларында оқыды. Балалар гематологиясы, окнологиясы және иммунологиясы федералды ғылыми-клиникалық орталығын


  1. Халықаралық стандартқа сәйкес онкологиялық аурулармен ауыратын науқас балаларды қазіргі заманға сай диагностика және емдеу әдістерін енгізу

Халықаралық стандарттарға сәйкес онкологиялық аурулары бар балаларды диагностикалау мен емдеу әдістерін енгізу мақсатында онкопатологиясы бар балаларды емдеу республикалық 2 орталықта – Алматы қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК-да және «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да жүзеге асырылады.

Неміс мамандарымен бірге Қазақстанға бейімделген балалардың онкологиялық ауруларын диагностикалау мен емдеудің 14 клиникалық хаттамасы әзірленді және бекітілді, аталған хаттамаларды қаржыландыру үшін 70-тен астам медициналық-экономикалық тариф бекітілді.

Сүйек кемігін аллогенді және аутологиялық трансплантациялау сияқты диагностиканың жаңа әдістері мен терапияның инновациялық әдістері енгізілді.

Химиотерапия мен қолдаушы терапияның қарқынды курсынан кейін балаларға оңалту көмегі «Бурабай» Республикалық балаларды оңалту орталығында және Алматы қаласындағы «Алатау» Республикалық балалар санаторийінде жүргізіледі.

Балалардың онкологиялық және гематологиялық ауруларын ерте диагностикалауды ұйымдастыру үшін 2014 жылы республиканың шалғай өңірлерінен 1,5 мыңнан астам педиатр мен жалпы практика дәрігері оқытылды.


  1. Туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік қолдау шараларын әзірлеу

Барлық өңірлерде туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметітк қолдау шаралары іске асырылуда. Бұл ретте, динамикада туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік қолдау көрсету артқаны байқалады. Мәселен, 2014 жылы көрсетілген мақсаттарға республика бойынша 553,6 мың теңге (2013 жылы – 403,2) бөлінді, әлеуметтік көмекке арналған бюджеттің үлес салмағы туберкулезге қарсы іс-шараларды жалпы қаржыландырудан 2013 жылғы 1,1 %-дан 2014 жылы 1,6 %-ға артқан.

  1. Емі аяқталмаған туберкулезбен ауыратын науқастарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды іздеу және емін жалғастыру тетіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, туберкулезбен ауыратын науқастарды қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерінен босату кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетігі жетілдірілді. ҚАЖ мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын ҚР ІІМ 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен бекітілді, оған сәйкес ҚАЖ медициналық қызметі жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін уақытынан бұрын (1 ай бұрын) және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға күнтізбелік 15 күн бұрын туберкулезге қарсы күресу ұйымдардын босатылатын адамдар туралы хабардар етеді. ҚАЖ мекемесінен босатылғанда адамдар босатылған күннен бастап күнтізбелік уақытынан кейін, 5 күн ішінде диспансерлік есепке тіркелуге тиіс.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 173-бабына сәйкес мекемелерден босатылатын, жазаны өтеу кезеңінде емделудің толық курсынан өтпеген, айналасындағыларға қауіп төндіретін туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастар босатылғаннан кейін сот шешімі бойынша босатылған жеріндегі мамандандырылған туберкулезге қарсы күрес ұйымдарында мәжбүрлі түрде емдеуге тиіс.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілер 2015 жылғы 1 қаңтардан баста қолданысқа енгізілді.


  1. АИТВ жұқтырған науқастардың вирустық жүктемесін анықтау үшін ЖИТС РО референс-зертханаларын тест-жүйелермен қамтамасыз ету

2014ж. АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың вирустық ауыртпалығын анықтау үшін ЖИТС РО референс-зертханасына Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 19 жинақ және Жарандық Қор арқылы 73 жинақ сатып алынды. 3707 зерттеу жүргізілді.

  1. Медициналық жедел жәрдем қызметі стансаларының және стационарлардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру

2013 жылы 022 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде халыққа, оның ішінде шалғай орналасқан елді мекендердің халқына уақтылы медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем қызметіне заманауи медициналық жабдықпен және новигация жүйесімен 140 бірлік жарақтандырылған санитариялық автокөліктің сатып алынды.

  1. Санитариялық авиация қызметінің жұмысын үйлестіру және мониторингілеу

Санитариялық авиация қызметінің жұмысын үйлестіру және мониторингін Республикалық санитариялық авиация орталығы жүзеге асырады, 2014 жылы барлығы 1875 ұшу, 1736 тасымалдау, жергілікті жерлерде 140 операция, 491 консультациялық қызмет жүзеге асырылды.

Барлығы 2367 пациентке, оның ішінде акушериялық-гинекологиялық патологиясы бар 429 әйелге, туа біткен патологиясы бар 390 балаға, балалық шақтағы патологиясы бар 538 балаға, жарақаты бар (оның ішінде ЖКО-дан 183 зардап шеккен), ҚАЖ бар 342 пациентке және өзге аурудары бар 171 пациентке 2393 медициналық қызмет көрсетілді.



1.1.3-міндет. Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

1

2

3

4

5

6

  1. В вирусты жіті гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халық

қа


3,4

0,63

(алдын ала деректер)



Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оң нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. А вирусты жіті гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халық

қа


4,9

4,87

(алдын ала деректер)



Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

  1. А вирустық гепатитке қарсы профилактикалауға жататын халықты вакциналаумен қамту

Есепті кезеңде А вирусты гепатитке қарсы вакцинациялаумен 427,0 мың адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 413,1 мың бала, 15-17 жастағы 1,2 мың жасөспірім, ауру ошағымен байланыстағы 11,5 мың бала қамтылды.

  1. В вирустық гепатитке қарсы профилактикалауға жататын халықты вакциналауме қамту

Есепті кезеңде В вирусты гепатитке қарсы вакцинациялаумен 1 жасқа дейінгі 365,4 бала қамтылды, ол жоспарланғандары санының 99,4 %-ын құрайды.

1.2-мақсат. Ана мен баланы қорғау қызметін жетілдіру

Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары: 010, 011


Нысаналы индикатор


Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі


Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

1

2

3

4

5

6

  1. Ана өлімін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың тірі туғандарға шаққанда

12,4

11,8

(алдын ала деректер)



Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оң нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. Нәресте өлімін төмендету

Стат.

деректер


1000 мың тірі туғандарға шаққанда

11,2

9,83

(алдын ала деректер)



Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. ДДҰ ұсынған, 2008 жылдан бастап енгізілген тірі туу және өлі туу критерийлерін есепке ала отырып, 5 жасқа дейінгі балалардың өлімін төмендету

Стат.

деректер


1 000 тірі туғандарға шаққанда

13,4

12,0
(9 ай алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оң нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



1.2.1-міндет. Ана мен бала денсаулығын нығайту

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

1

2

3

4

5

6

  1. Босандыру мекемелерінде есепке уақтылы тұрған жүкті әйелдердің үлесі

ДСӘДМ деректері

%

75,5

75,5 (алдын ала деректер)

Қол жеткізілді (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

  1. Аборттардың таралу деңгейі

ДСӘДМ деректері

фертильді жастағы 1000 әйел халыққа шаққанда

18,2

18,2

(алдын ала деректер)



Қол жеткізілді (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

  1. Экстракорпоралдық ұрықтандыру циклдарының саны

ДСӘДМ деректері

цикл

600

600


Қол жеткізілді

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

  1. Перинаталдық медициналық көмек көрсетуді өңірлендіру және акушериялық және педиатриялық медициналық көмек көрсету хаттамалары мен стандарттарын дәлелді медицина негізінде енгізу (әзірлеу және тираждау)

Есепті кезеңде дәлелді медицина негізінде босандыру және балалар саласында 77, оның ішінде педиатрия бойынша 55, акушерия мен гинекология бойынша 22 клиникалық хаттама әзірленіп, бекітілді.

2014 жылғы 20 мамырдағы № 275 бұйрықпен Балалардың церебральды сал ауруымен ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жол картасы бекітілді.

«Қазақстан Республикасында 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға педиатриялық көмек көрсету стандартының», «Қазақстан республикасының халқына акушериялық көмек көрсету стандартының» жобалары бекіу сатысында. Бұдан басқа, қазіргі уақытта 42 клиникалық хаттама әзірленді және бекіту сатысында.


  1. Көмек көрсету деңгейіне сәйкес материалдық-техникалық базаны жетілдіру, халықаралық стандарттарға сәйкес балалар және босандыру денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру

Балалар мен босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын заманауи медициналық жабдықтармен нығайту көмек көрсету деңгейімен сәйкес жүзеге асырылады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1-деңгейдегі перзентханаларды медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 61 %,-ды, 2-деңгейде -70 %, 3-деңгейде жарақтандыру 71%-ға жетті.

  1. Тиімді перинаталдық технологиялар және бала жастағы ауруларға ықпалдастыра ем жүргізу бойынша каскадты оқыту

Облыстық балалар және босандыру ұйымдарының жанындағы өңірлік оқу орталықтарының базасында бала жастағы ауруларды ықпалдастыра емдеу (бұдан әрі – БЖАЫЕ), емшек сүтімен қоректендіру, тиімді перинатальдық көмек бойынша 2,4 мың дәрігер және 4,8 мыңнан астам орта медицина қызметі оқытылды.

2014 жылы аналарға арналған «5 жасқа дейінгі баланы дамыту бойына жеке карточка» және мейіргерлерге арналған балаларды тамақтандыру және психомоторлық дамыту бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, сондай-ақ халық үшін 5 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру және психомоторлық дамыту, аурулар кезіндегі қауіпті белгілер бойынша, емшек сүтімен қоректендіру маңыздылығы туралы 6 бейнеролик әзірленді. «Профилактикалық медицина академиясы» ҚБ бірге 5 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру бойынша оқыту фильмі түсірілді.

Республикалық орталықтың базасында ұлттық үйлестірушілерді, денсаулық сақтау менеджерін, медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бақылау қызметінің сарапшылары, жоғары оқу орындарының оқытушыларын қамти отырып, Италиядан халықаралық консультанттың қатысуымен емханалық және стационарлық көмек көрсету сапасын бағалау құралдарын енгізу бойынша 2 тренинг өткізілді.


  1. ЭКҰ циклдерін жүргізудің ұлғаюы бөлігінде ТМККК-ні кеңейту

2014 жылы экстракорпоральды ұрықтандыру циклдарының саны 600 құрады, ЭКҰ-ны өңірлер бойынша бөлуді ҚР ДСМ Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы бекітеді.

ЭКҰ бағдарламанларын жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып, босанулардың және тірі туған балалардың саны 2015 жылғы қазанда нақтыланатын болады. 2015 жылға 750 цикл жүргізу жоспарланған.



  1. Тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ана мен бала өлім-жітімінің әрбір жағдайы бойынша сараптамалар жүргізу

Ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету жөніндегі жүйелі шаралар шеңберінде барлық жағдайларда, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып сараптама жүргізіледі. Сараптама нәтижелері бойынша материалдар басқарушылық шараларын қабылдай отырып, ана, нересте өлімін және қан айналым жүйесі ауруларынан болатын  өлім-жітімді төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі Республикалық штабтың отырыстарында қаралды.

Бұдан басқа, «Медициналық қызметтің сапасын басқару жүйесі» ақпаратық жүйесінде халыққа стационарлық көмек көрсетудің сапасына күн сайын автоматтандырылған сараптама жүргізіледі, нәтижелері бойынша медициналық қызмет көрсету ақаулары анықталған жағдайда, медициналық ұйымдарға емделіп шыққан жағдайларға ақы төлемеу түрінде экономикалық ықпал ету шаралары қолданылады.



  1. Босандыру ұйымдарында акушерлік асқынулардың қиын жағдайларын және ана өлім-жітімінің құпия аудитін жүргізу

Қазақстанда қазіргі ресми аудитпен қатар 2009 жылдан бастап ДДҰ ұсынған ана өлім-жітімін жағдайларының құпия аудитін енгізу жалғасуын тапты. Жыл сайын ана өлімінің барлық жағдайлары қамтылады, 2014 жылы ана өлім-жітімінің жағдайы 100 % қамтылды, 2015 жылдан бастап акушериядағы қиын жағдайлардың құпия аудит Қазақстан Республикасының енгізу жоспарлануда.

Ана өлімінің құпия аудитінің орталық комиссиясы жұмыс істейді. Қарашада ДДҰ Ана өлім-жітімінің бағалау жөніндегі ведомствоаралық бағалау тобы 2011-2013 жылдардың қорытындысы бойынша құпия аудит жөніндегі Қазақстан Республикасының есебіне жоғары оң баға берді.

2014 жылы еліміздің 3 өңірінде (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы) қиын жағдайларға аудит жүргізу бойынша көшпелі 3 тренинг жүргізілді, 77 маман (оның ішінде 7 психолог, 25 акушер-гинеколог, 25 акушер, 10 анестезиолог-реаниматолог, 10 неонатолог) оқытылды. Акушериялық асқынулардың қиын жағдайларына аудит енгізудің сыртқы мониторингісі 7 өңірде (Тараз, Шымкент, Алматы, Өскемен, Семей, Қарағанды, Теміртау және Астана) өткізілді, 13 медицина ұйымдар қамтылды. Мониторинг қорытындысы Шымкент қаласында өткен ББҰ-ның Ұлттық халық саласындағы қорын (ЮНФПА) техникалық қолдаумен «Ана өлім-жітімі жағдайларына құпия аудитті және қиын жағдайлар аудитін енгізу үдерісі» атты республикалық кеңесте айтылды.


  1. Ұрпақты болу денсаулығын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу

Министрлік ЮНИСЕФ-пен және ДДҰ-мен бірлесіп аналарды 5 жасқа дейінгі балаларды күтіп-қарау қағидалары бойынша хабардар ету жөнінде кең ауқымды науқан жүргізеді. Жас ата-аналар үшін «5 жасқа дейінгі баланы дамыту бойынша жеке карточка» шығарылды, онда баланың дамуын бақылау күнделігі және күтіп- қарау жөнінде кеңестер көзделген.

2011 жылдан бастап басым бөлігі ана мен баланың денсаулығын сақтауға бағытталған әлеуметтік жобалар («Дені сау отбасы», «Консультациялық қызу желінің контрацепция, ЖЖБИ/АИТВ профилактикалау мәселелері бойынша қызметі», «Мүмкіндіктері шектеулі әйелдердің денсаулығын сақату», «Ана мен бала», «Отбасы бәрін істей алады») іске асырылуда. Аталған бағытта жұмыс жалғасады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде барлық өңірлерде халық арасында, оның ішінде жастар арасында 2014 жылы 2,2 млн.астам іс-шара, оның ішінде салматты өмір салтын насихаттау, қауіптер мен аурулардың мінез-құлық факторларын профилактикалау бойынша ақпараттық науқандар, айлықтар, онкүндіктер, спорттық-көпшілік іс-шаралар жән т.б. ұйымдастырылды.


2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру


2.1-мақсат. Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары: 001, 002, 011, 018, 019, 020, 021, 022, 023

Нысаналы индикатор


Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі


Есепті

кезең


Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек




1

2

3

4

5

6

  1. Халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттанушылық деңгейі, соның ішінде

ДСӘДМ деректері ЖАО

%

90,5 %

90,7 %


Қол жеткізілді

Қала







92,2 %

92,4

Қол жеткізілді

Ауыл







88,8 %

88,9

Қол жеткізілді

  1. ТМККК шеңберінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

ДСӘДМ деректері

ИДМ ЖАО


%

80 %


80 %

Қол жеткізілді

  1. ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді жеке берушілердің үлесін арттыру

ДСӘДМ деректері

ЖАО


%

29,4

34,3

Қол жеткізілді

2.1.1-міндет. Денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі


Өлшем бірлігі


Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

1

2

3

4

5

6

Медициналық қызметтерді көрсету сапасының мәселелері бойынша халықтың негізді өтініштерінің саны

ДСӘДМ деректері ЖАО

100 мың халыққа шаққанда

3,55

3,2

Қол жеткізілді, өйткені теріс динамика –

оң нәтиже



БҰДЖ жағдайында қаржыландырылатын стационарлық көмекті тұтынудың деңгейі

ДСӘДМ деректері ЖАО

1000 халыққа шаққанда төсек-күн саны

1172

1097,7

Қол жеткізілді, өйткені теріс динамика –

оң нәтиже



МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында (8-ден 20 сағатқа дейін) созылмалы аурулары бар науқастарға шығу санын азайту

ЖАО деректері

%

24

23,8

(алдын ала деректер)



Қол жеткізілді

(түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



МСАК дәрігерлерінің жалпы санынан жалпы практика дәрігерлерінің үлес салмағын арттыру

ЖАО деректері

%

50

38,4

(алдын ала

деректер)


Деңгейіне 76,8 %-ға қол жеткізілді (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады).

Аталған көрсеткіш 2013 жылдың қорытындысы бойынша 35 %-ды, 2012 жылы – 27 % құрады. ДСДМБ 2-кезеңі (2014-2015 жылдар) шеңберінде амбулаториялық деңгейде Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің қағидаттарын енгізу басталды – жалпы практика дәрігерлерінің (ЖПД) функциялары кеңейтілді, МСАК дәрігерлерін уәждеу тетіктері енгізіді. Ең үздік халықаралық практиканы ескере отырып, ЖПД даярлау бағдарламасы қайта қаралды, 2014 жылдан бастап ЖПД жыл сайынғы бітірушілері артты. Көрсетілген шаралар 2014 жылы басталды және ЖПД үлес салмағын 2020 жылға қарай 50 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.



ТМККК бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінен МСАК шығыстарының деңгейін арттыру

ДСӘДМ деректері

%

28

27,5%

98,2 %-ға қол жеткізіліді

Республикалық бюджет қаражатының шеңберінде «медициналық ұйымды еркін таңдау» қағидаты бойынша емдеуге жатқызылған ауыл тұрғындарының үлес салмағы

ДСӘДМ деректері

ЖАО



%

44

45,9

Қол жеткізілді

Денсаулық сақтау ұйымдарының ең төменгі нормативтеріне сәйкес жабдықпен жарақтандыру деңгейін арттыру

ЖАО деректері

%

67,0

67,8

Қол жеткізілді

Қаржылық лизинг жүйесі арқылы сатып алынатын медициналық техниканың санын ұлғайту

ДСӘДМ деректері

бірлік

123

185

Қол жеткізілді

Ауылдық елді мекендерде ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды өткізуді жүзеге асыратын объектілер санын ұлғайту (дәріханалық ұйымдар, МСАК ұйымдары арқылы)

ДСӘДМ деректері

ИДМ ЖАО


бірлік

3300

3300

Қол жеткізілді

Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы ТМККК шеңберінде сатып алынатын жалпы көлемінде отандық дәрілік заттардың үлесі (ақшалай мәнде)

ДСӘДМ деректері

ИДМ ЖАО


%

45%

75%

Қол жеткізілді

Денсаулық сақтау саласында автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

ДСӘДМ деректері


қызметтердің жалпы саны

19

19

Қол жеткізілді

Бірыңғай денсаулық сақтау желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі

ДСӘДМ деректері


%

20

25

Қол жеткізілді

«Электрондық медициналық карталармен» қамтамасыз етілген халықтың үлесі

ДСӘДМ деректері


%

10

12

Қол жеткізілді

Денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерін бірыңғай ықпалдастық тұғырнамасымен ықпалдастыру

ДСӘДМ деректері





0

0

ҚР Президентінің 2013 жылғы №464 8 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 2017 бастап

Медицина қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылық деңгейі

ДСӘДМ деректері





0

0

ҚР Президентінің 2013 жылғы №464 8 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 2017 бастап

100 медициналық қызметкерге есептегенде компьютерлер саны

ДСӘДМ деректері



%

0

0

ҚР Президентінің 2013 жылғы №464 8 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 2017 бастап

Регламенттелген мерзімде көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі

ДСӘМ деректері


%

100

100

Қол жеткізілді

Тәуелсіз сарапшыларды тартумен жүргізілген медициналық қызметтер сараптамаларының үлес салмағы, тексерулердің жалпы санынан

ДСӘДМ деректері


%

33,0

33,0

Қол жеткізілді

ДСӘМ акционерлік қоғамдары, ведомстволық ұйымдары сатып алатын акциялардың саны

ДСӘДМ деректері


ед.

3 263 530

3 263 530

Қол жеткізілді

Кемінде 350 денсаулық сақтау объектісін салу, оның ішінде














Қол жеткізілді

дәрігерлік амбулаториялар

ДСӘдМ деректері


бірлік


100

118

Қол жеткізілді

емханалар

ДСӘДМ деректері


бірлік


7

11

Қол жеткізілді

фельдшерлік-акушерлік пункттер

ДСӘДМ деректері


бірлік


7

7

Қол жеткізілді

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында байқаушы кеңестердің үлесі

ДСӘДМ деректері


%

50 %


50 %

Қол жеткізілді

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің нақтыланған тізбесін енгізу

2014 жылы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 29 қаулысымен ТМККК тізбесі жедел медициналық жәрдем, амбулаториялық-емханалық көмек (МСАК, КДК), стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек, қалпына келтіріп емдеу мен оңалту және паллиативтік көмек пен мейріргерлік күтім бөлігінде барынша нақтыланды.

  1. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру

2009 жылы құрылған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі медициналық ұйымдарын оңтайлы желісін құруды, ТМККК кеңейтуді, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқықтарын, бірыңғай тарифтік саясатты іске асыруды және қаржыландыру көлемдерін кезең кезеңімен теңестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

БҰДЖ жағдайында медициналық көмектің қолжетімділігі науқастар шығынды тәуліктік стационардан ресурс үнемдегіш күндізгі стационарларға ауыстыру есебінен ұлғайды. 2014 жылы 3,4 миллион пациент емделіп шықты (2009 жылы - 2,8 миллион), оның ішінде 32 % немесе 1,1 миллион пациент күндізгі стационарда емделді, ол 5 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Халықаралық жоғары технологияларды енгізе отырып, жыл сайын 50 мыңнан астам қазақстандық шетелге шықпай ел клиникаларында медициналық көмек алады. 2014 жылдың өзінде ғана 200-ден астам ағзаны (жүрек, бүйрек, бауыр) ауыстырып қондыру 1 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл ретте, шамамен 50 % жоғары технологиялық операциялар өңірлік клиникаларда жасалды.

2014 жылдан бастап амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған шығыстар республикалық деңгейде шоғырландырылды, ол аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып, барлық өңірлерге ортақ жан басына шаққандағы кешенді нормативті (ЖКН) енгізуге мүмкіндік берді.



  1. МСАК қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау