Жылдарға арналған



жүктеу 2,61 Mb.
бет11/14
Дата21.12.2017
өлшемі2,61 Mb.
#5488
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

ҚР ДСӘДМ-нде пайдаланушылардың іс-қимылдар мониторингтеуді және пайдаланушылардың компьютерлерінде ақпараттық таралуын (e-mail, ICQ, Skype, Mail.ru агент, сыртқы құрылғылар USB/CD) болдырмауды қамтамасыз ететін InfoWatch ақпараттық таралуынан қорғау жүйесі енгізілді.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы пилоттық режимде Министрлікте басып шығаруды басқарудың орталықтандырылған жүйесі енгізілді. Жүйе басып шығару, көшіру, сканирлеу процестерін толық бақылауды, сондай-ақ құқықтарды бөлу, лимиттеу, есепке алу және талдау функцияларын іске асыруды, басып шығару бойынша шығыстарды бақылауды, көпфункциялық құрылғылар арқылы қорғалған басып шығаруды ұсынады.

Министрлік кейбір ақпараттық жүйелерге (денсаулық сақтау блогінің) SSL сертификаттарын (HTTPS хаттамасы арқылы шифрлау) енгізді.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 12 маусымдағы № 477 бұйрық бекітілді.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кейбір мәселелері туралы» Министрдің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 477 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 861 бұйрығы бекітілді.

СТ ҚР ИСО/МЭК 27002-2009 стандартының талаптарына сәйкес:

- электрондық денсаулық сақтау АЖ-де пайдаланушылар мен әкімшілердің іс-қимылын журналға тіркеу;

- жүйелердің, бағдарламалардың және ДҚ әкімшілердің іс-әрекетін қоспалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық жүйелерінің (денсаулық сақтау блогі) бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынау және нормативтік-техникалық құжаттамасын сараптау бойынша оңды нәтиже алынды (2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 020-15 сынақ хаттамасына №1-қосымша, 2015 жылғы 9 қарашадағы № НТД-020-15 нормативтік-техникалық құжаттамасын сараптау хаттамалары)




ӘЕСБАЖ-ды жетілдіру және оны мүдделi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiмен кiрiктiру




АЖ жетілдіру

1. «Е-Собес» ААЖ

- «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар» модулі бойынша 9 жаңа есеп нысаны іске асырылды;

- МӘМ арасында қамқорлыққа алынғандарды ауыстыру механизмі іске асырылды;

- тексерістер және анықталған бұзушылықтар бойынша мәліметтер қосу бөлігінде «МӘМ» модулін жаңғырту өткізілді;

- «МОДҚ-дан ОЖБ туралы ақпарат» модулі әзірленді;

- МӘМ/ҮЕҰ-дан қызмет алушыларды қабылдау/тіркеу бөлігінде журналды жаңғырту өткізілді.

2. «Еңбек нарығы» ААЖ

- «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйелерін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» кіші жүйесімен қосу бойынша жұмыс жүргізілді.

3. «МОДҚ» ААЖ

- МОДҚ-дағы КЕА-дан мүгедектер мәліметі бойынша жаңа есептік нысан іске асырылды;

- мүгедектігі туралы анықтама және медициналық-әлеуметтік сараптама актісі нысандарына өзгерістер енгізілді;

- орындалмаған ОЖБ барлық мүгедектер тізімі бойынша есептік нысан іске асырылды (әлеуметтік бөлік);

- «МОДҚ» ААЖ-нің ЖТМД, ЗТМДҚ, АХАЖ, Е-қамқоршылық мемлекеттік органдарымен ықпалдасуға техникалық талап әзірленді;

4. «Әлеуметтік көмек» ААЖ:

«Өрлеу» жобасы бойынша «Шартты ақшалай көмек» модулі пысықталды:

- 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 ҚРҮҚ-ға сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезеңінде өзгертулер енгізілді;

- жаңа әлеуметтік келісімшарт әзірленді және енгізілді;

- «Шартты ақшалай көмек бойынша бір жолғы төлемдер» механизмі әзірледі және енгізілді;

- шартты ақшалай көмек бойынша 4 жаңа есептік нысан іске асырылды және енгізілді.

5. «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» ААЖ

«Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау» модулі әзірленді.

Тәжірибелік пайдалануға композиттік қызметтер енгізілді:


  1. Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою және жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және жеке оңалту бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалту іс-шаралары қызметін көрсету үшін құжаттарды дайындау, мүгедектік бойынша МӘЖ және АМЖ тағайындау, МӘСҚ-нан еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау.


Зейнетақы мен әлеуметтiк жәрдемақыларды электрондық тағайындаудың және төлеудiң автоматтандырылған жүйесiн кезең-кезеңімен енгiзу

Бүгінгі күні іс макетін қалыптастыру және зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша бизнес-үдеріс «Е-макет» АЖ-де іске асырылуда.




«Байланыс орталығы» ақпараттық-анықтамалық жүйесi арқылы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерi жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету

2015 жыл ішінде 385 402 азамат өтініші келіп түсті, оның ішінде:

  • 1411 телефоны арқылы – 333 163

  • Бос орынның болуы туралы SMS – сұрау-салу – 36 556;

  • е-mail, web–портал арқылы – 15 683.

Халықтың байланыс-орталығының ақпараттық ресурстарына жүгінуі алдыңғы 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 69,8% өсті (+158422 өтініштер заттай мәнінде).

2015 жылдың 12 айына ҚР ДСӘДМ сайтына және блогына келіп түскендерге 58 жауап дайындалды, ЗТМО почтасына келіп түскен 3 хат қабылданды және өңделді. Барлығы: 61 өтініш.

2015 жылғы 1 маусымнан бастап Министрлік ЗТМО және Қазақстан-Ресей медицина университетімен бірге психологиялық көмек көрсету және мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін кеңес беру үшін онлайн қолдау көрсету қызметін ұйымдастырды.

Бірыңғай тегін 1411 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар психологиялық көмек және кеңес алу үшін кезекке тұра алады.



2016 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша Университетке психологиялық көмек және кеңес алу үшін 399 өтінім берілді.





Бизнес-процестерді оңтайландыру, халықтан талап етілетін құжаттардың санын қысқарту және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөнінде іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру.







Электрондық форматта көрсетiлетiн (оның ішінде ішінара автоматтандырылған) мемлекеттiк қызметтердiң үлесiн Министрлiкте көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы санының 70 % дейiн жеткiзу






Конкурстық өтiнiмге сәйкес (болған кезде) ақпараттық коммуникациялық технологиялар жабдықтарын мемлекеттiк сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды IT-қызметтерінде қамтамасыз ету







Министрліктің ақпараттық жүйелеріне арналған «ІТ-аутсорсингті» пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру







Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары көрсететін қызметтердің сапасын арттыру


ДСӘДМ «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» ММ базасында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері, ЗТМО филиалдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері бойынша біліктілігін арттыру

ДСӘДМ «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» ММ базасында ДСӘДМ аумақтық бөлімшелері, ЗТМО филиалдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері бойынша біліктілігін арттыру» жоспар бойынша жүзеге асырылады.




Республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК зейнетақы және әлеуметтік төлем тағайындау процестерін автоматтандыру.

«ДСӘДМ Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК республикалық бюджеттен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді уақытылы қамтамасыз етті. Бұл ретте, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді автоматтандыру үдерісі қамтылды. Ай сайын ЗТМО қажеттіліктері кестесіне сәйкес зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді бұдан әрі зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді алушылардың шотына аудару үшін ЗТМО шотына аударылады (негіздеме ҚРҮҚ № 571, ДСӘДМ № 223,445, 330, 319).




«Республикалық эксперименталды протездеу орталығы» АҚ ұйымдық құрылымын жетілдіру

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Республикалық эксперименталды протездеу орталығы» РМҚК «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық есту бұзылысын түзету орталығы» РМҚК қосу жолы арқылы қайта ұйымдастырылған, жаңадан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығы» жасалды




«Ақпараттық талдау орталығы» РМҚК жұмыспен қамту проблемалары, еңбек заңнамасы және әлеуметтік қорғау бойынша ақпараттық-талдау қызметін көрсету

«АТО» АҚ жұмыспен қамту, еңбек заңнамасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша ақпараттық-талдау қызметті жеткізу ай сайынғы белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.Орталық аппараттың қызметкерлерінің «АТО» АҚ жеткізген есеп арқылы ЖАО-мен жеткізілген жәрдемақы және қызметтер бойынша өзекті есептерді жұмысында қолдану мүмкіндігі бар.




Кадрлық қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын (оның ішінде гендерлік теңдік қағидатын) кадрларды іріктеуде және орналастыруда, қызметтік мансапты басқаруда қатаң сақтау

Министрлікте ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын сақтау және мемлекеттік қызметшілермен Мемлекеттік қызметшілер этикасының қағидаларын сақтауды бақылау бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданатын барлық қызметкерлер аталған қағидалармен танысады, таныстырылғанның қолы қойылған қағидалардың көшірмесі оның жеке ісіне тігіледі. Әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш түсу кезінде міндетті түрде салтанатты жағдайда ант қабылдайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің (бұдан әрі – ҚР МҚІМ) жанынан қалыптастырылған кадрлар резервімен тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы бос лауазымдарға ҚР МҚІМ кадрлар резервінен 13 адам қабылданды (оның ішінде 11 (84,6%) әйел және 2 (15,4%) еркек).

Бос лауазымдарды уақтылы алмастыру бойынша шаралар қабылданады. Жыл басынан бері ҚР МҚІМ келісім бойынша 34 қызметкер (25 (73,5 %) әйел және 9 (26,5 %) еркек) жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Конкурс бойынша 51 адам қабылданды (34 (66,7 %) әйел және 17 (33,3 %) еркек).





Еңбек және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету

Еңбек және орындаушылық тәртібінің жағдайы аппараттық кеңестерде жүйелі түрде қаралады. 2014 жылы еңбек тәртібін бұзған қызметкерлер жоқ. Жүктелген міндеттерді дұрыс орындамағаны үшін 27 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.




Кадр әлеуетiн дамыту:

мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау;

қазақ және шет тілдерді үйрену және пайдалану;

персоналды бағалау әдістері және нысандарын жетілдіру;

еңбек өнімділігін ынталандыру;

кадрларды ротациялау мүмкіндіктерін пайдалану, кадрлар резервін құру, даярлау және пайдалану.



Қызметтің басымды бағыттарының бірі жүйенің мемлекеттік қызметшілерін оқыту болып табылады. Оқытудан 82 қызметкер, қайта даярлаудан 18 қызметкер өтті.

Сонымен қатар, Министрлік қызметкерлерінің құзыреттілігін, құқықтық және кәсіби білім деңгейін арттыру мақсатында басқа мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан лекторларды тарта отырып, аппараттық оқу ай сайын жүргізіледі. Жыл сайын қазақ және ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылады.Мемлекеттік тілге 30 қызметкер, ағылшын тіліне 30 қызметкер оқытылды.

«Өңір-орталық» ротациялау тәртібінде 2 қызметкер қабылданды.

Министрлік қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту, қызметкерлерді саламатты өмір салтына, спортпен жаппай шұғылдануға тарту, корпоративтік рухты нығайту үшін 2015 жылға арналған Спорттық және корпоративтік іс-шараларды өткізу жөніндегі жоспар бекітілді. Ұжымда корпоративтік рухты нығайтатын іс-шаралар, бір қатар спорттық іс-шаралар жүргізілді.

Министрлік мемлекеттік қызметшілерді кепілдендірілген әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануда. Министрлік қызметкерлері медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Астана қаласында тұрғын үйлері жоқ қызметкерлерге «ЗТМО» РМҚК жатақханасынан және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жатақханасынан тұру үшін орындар беріледі.

Қазақстанның бір қатар ЖОО-лармен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен білім беру саласындағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Өндірістік және оқыту практикасынан 15 студент өтті.






Министрлік бөлімшелерінің және ДСӘДМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадрлық саясатын басқару

Комитеттердің аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кадрлар қызметтерімен тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі. 2015 жылғы ақпан-наурыз аралығында ведомстволардың аумақтық органдарының кадр қызметтерінің 40 қызметкері «Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курстары» ММ-нде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.




Материалдық-техникалық қамсыздандыру

Министрлiк, оның бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының үздiксiз қызметiн қамтамасыз ету және әкімшілік шығыстарды оңтайландыру мүддесінде дамыту

2015 жылда Министрліктің орталық аппаратты мен аумақтық органдарының аппараттарын қамтамасыз етуге есептеу және ақпараттық техника, тұрмыстық техника, ұйымдастыру техника және басқа да жабдықтар 1042 бірлік сатып алынған, оның ішінде материалдық-техникалық – 129 дана және метариалдық-техникалық жабдық – 913 дана.

Ведомстволық органдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуге – 1065 бірлік, оның ішінде: республикалық деңгейінде денсаулық сақтау мекемелерінде – 48 бірлік, республикалық деңгейінде әлеуметтік сақтау мекемелерінде – 1017 бірлік.






Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге заңнамада белгіленген талаптарды қамтамасыз ету (сайтта бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарының және тиісті өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы жариялануы; жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жариялау; мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне сәйкес шарттар жасау)

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мемлекеттік сатып алуларды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізеді, жылдық мемлекеттік сатып алу жоспары, мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілген өзгерістер уақтылы жарияланды. Жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарымен қарастырылған бюджет қаражатының жалпы көлемі ҚҚС сомасын есептемегенде 49 652 115,39 мың теңгені құрайды. 2015 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында 527 тармақ қарастырылған, нақты орындалғаны 514 тармақты құрайды. Мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарының орындалған шарттар саны 260 (оның ішінде 2014 жылғы шарттарға 19 қосымша келісім) құрайды, шарттардың уақтылы орындалғаны - мемлекеттік сатып алу жоспарының 248 тармағы.




Қаржылық қамсыздандыру

Министрліктің қызметін қаржылық қамтамасыз етуде алдын ала бақылау шараларын қолдану, қаржылық қызмет қатерлерiн уақтылы анықтау, талдау және бағалау

2015 жылғы 7 шілдедегі аппараттық кеңесінің хаттамалық тапсырмасына орай, бюджеттік қаражатты толық және тиімді игеруіне іс-шаралар өткізілді.

Бюджеттік қаражатты игеруіне ай сайын мониторинг жүргізіледі. (Минстрлік басшылығына, Қаржы Министрлігіне есеп беріледі)






Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларының бюджет қаражатын тиiмдi игеруге, жұмсауға дербес жауапкершiлiгiн күшейту.




Қазақстан Республикасы Қазынашылығының ақпараттық жүйесiн енгiзу есебiнен қаражатты және активтердi басқару

Министрліктің бухгалтерлік қызметі «Қазынашылық-клиент» жүйесі арқылы және «е-Минфин» біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуде.




жүктеу 2,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау