1) жалпы ақпарат;
2) бағдарламаның сипаттамасы;
3) зерттеу әдістері және этикалық мәселелер;
4) бағдарламаны жоспарлау және басқару;
5) зерттеушілер тобы;
6) зерттеу ортасы;
7) күтілетін нәтижелер;
8) библиография;
9) қосымшалар.
13. Келесі талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер өтінім берушілерге қайтарылады:
1) ЖТН-ні болмаған өтінімдер;
2) өтінімді ресімдеуі осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер;
3) талап етілген құжаттардың толық емес көлемде ұсынылған өтінімдер;
4) плагиат және өтінім тақырыбының немесе мазмұнының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға бұрын немесе бір уақытта берілген объектілерімен қайталану фактілері анықталған өтінімдер (көрсетілген фактілер болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісіне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс);
5) конкурс қатысушыларында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлігі болмаған өтінімдер;
6) электрондық нұсқасы қағаз нұсқасына сәйкес келмеген өтінімдер;
7) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісі бойынша бұрын алынған шекті бағаның төмен болған немесе ғылыми этиканы бұзу фактілері анықталған өтінімдер;
8) этика мәселелері бойынша орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысы (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін) болмаған өтінімдер;
9) мемлекеттік бюджет қаражатынан бұрын қаржыландырылған немесе қазір қаржыландырылып отырған бағдарламалар бойынша өтінімдер.
4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімді ұсыну тілі
14. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінім мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
5. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары, өзге де мәліметтер мен ерекше талаптар, жеке әріптес тарапынан тең қаржыландыру көлемі мен шарттары
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары қатысуға, оның ішінде қоса атқарушы ретінде қатысуға құқылы.
Қалыптастырылатын мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталуы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жүргізудің бірнеше бағыттарынан тұруы қажет.
Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама нысаналы бағдарлама шеңберінде нақты міндеттерді шешуге бағытталған бірнеше кіші бағдарламаларды қамти алады.
Нысаналы бағдарламаларды кіші бағдарламаларға бөлу шешілетін проблемалардың ауқымы мен күрделілігіне, сондай-ақ нақты нәтижеге қол жеткізе отырып, оларды шешуді ұтымды ұйымдастыру қажеттігілігіне қарай жүзеге асырылады.
Орындаушылар бағдарламада қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес түпкі нәтижесіне қол жеткізуді қамтамасыз етуді зерттеушілердің қабілетіне кепілдік беруі қажет.
Бағдарламаның ғылыми жетекшісінің ғылыми жұмыс өтілінің тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/ғылым кандидаты) немесе философия докторы (PhD) дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі болуы тиіс.
18. Жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен), оның ішінде ұйымның басшылары, осы конкурс шеңберінде бірден аспайтын бағдарламаның ғылыми жетекшісі болуға құқылы, бұл ретте оның басқа бағдарламаларда орындаушы ретінде қатысуға жол берілмейді.
19. Ғылыми жетекшісі болып табылмайтын жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен) осы конкурс шеңберінде бірден аспайтын бағдарламаның орындаушысы болуға құқылы.
20. Зерттеу тобының құрамына шетелдік ғалымдар, сондай-ақ өндірістен инженерлер, коммерцияландыру бойынша мамандар тартылуы мүмкін.
21. Бағдарламаның кемінде 30% орындаушысы 35 жасқа дейінгіні қоса алғанда жас мамандар, оның ішінде PhD докторанттары, магистранттар болуы қажет.
22. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының қорытындылары бойынша ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйымды айқындай алады, ол орындалатын бағдарлама шеңберінде оны іске асыру және орындаушы ұйымдардың қызметін үйлестіруді сүйемелдеуді жүзеге асырады. Бас ұйым үйлестіретін нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға жауапты.
23. Өтінім мәліметтерге қосымша бағдарламаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер бере алады. Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады.
24. Өз ғимараты, қазіргі заманғы аспаптармен және жабдықтармен жабдықталған ғылыми зертханалары және жоғары білікті ғылыми кадрлары бар дербес мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары, жетекші университеттер мен олардың еншілес кәсіпорындары басымдыққа ие болады.
Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі нәтижелері сұралатын қаржы көлеміне сәйкес уағдалы және негізделген болуы тиіс.
Қаржыландыру үшін мақұлданған бағдарламалар Қазақстан Республикасында іске асырылуы тиіс. Бағдарламаның жетекшісі Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет.
Бөлінетін қаржыландыру көлемі сұралатын қаржыға сәйкес анықталады.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражаты ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулерді жүргізуге тікелей байланысты шығындарға, өтінімнің мақсаттары мен міндеттеріне жетуге жұмсалу қажет. Конкурстық өтінімде көрсетілген шығын түрлері осы Конкурсттық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген шығын түрлеріне сәйкес болуы тиіс.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға бөлінген қаражатты тиімсіз және негізсіз пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершілікке жауапты болады.
Бағдарламаны орындаушы-ұйымның жетекшісі бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудан қаражат ұстап қалуға жол бермейді.
Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.
Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты бағдарламаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне береді.
Өтінім беруші заңнамаға сәйкес есеп беруді және есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді.
Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік ұйымдар сатып алған жабдықтар, құралдар және (немесе) мүкәммалдар олардың теңгеріміне тіркеледі.
35. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асырудың қорытындылары бойынша бүкіл кезеңде келесі нәтижелер алынуы тиіс:
1) бағдарламалар бойынша жариялануы тиіс:
жаратылыстану, медициналық, нақты және техникалық ғылымдар саласында:
іргелі зерттеулер үшін: Web of Science немесе Scopus деректер базасымен индекстелетін нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде төрт мақала, сондай-ақ нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда кемінде үш жарияланым;
қолданбалы ғылымдар үшін: Web of Science немесе Scopus деректер базасымен индекстелетін нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде үш мақала, немесе аталған базаларда кемінде екі мақала және кемінде бір қорғау құжаты, немесе аталған базаларда кемінде бір мақала және кемінде екі қорғау құжаты, сондай-ақ нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда кемінде үш жарияланым;
қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринария ғылымдары салаларында – Web of Science немесе Scopus деректер базасымен индекстелетін нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде екі мақала, немесе аталған базаларда кемінде бір мақала және кемінде бір қорғау құжаты, сондай-ақ нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде екі жарияланым, және нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын отандық ғылыми басылымдарда кемінде үш жарияланым;
2) техникалық, жаратылыстану, медициналық ғылымдар саласындағы (патентке қабілетті бағдарламалар бойынша) қолданбалы зерттеулер жобалары бойынша қорғау құжаттары алынуы тиіс;
3) қолданбалы зерттеулердің бағдарламалары бойынша нәтижелерінің практикаға енгізілуі немесе тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаулар өткізілуі керек (мүмкіндігінше);
4) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның бағыты бойынша кемінде бір PhD докторанттың диссертациясы орындалатын болады (мүмкіндігінше).
36. Бағдарламаның жүзеге асырылуы және/немесе аяқталғаннан кейін зерттеулер нәтижелерінің, монография және басқа да ғылыми жұмыстардың басылымы кезінде авторлар нөмірін көрсету арқылы бағдарламалық-нысаналы шеңберінде ұтып алынған бағдарламаға сілтеме жасауға міндетті.
37. Зерттеу тобының мүшелері қажет болған жағдайда жүргізіліп жатқан бағдарлама шеңберінде халықаралық конференцияларға қатысып немесе жетекші шетел ғылыми орталықтарында және ұйымдарында немесе шетел ғылыми зертханаларында шетелдік ғылыми тәжірибеден өте алады.
38. Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген (жарияланымдар, қорғау құжаттары, оның ішінде патенттер, жаңа технологиялар, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, жаңа заттар, материалдар, препараттар, құралдар, жаңа географиялық, геологиялық және басқа карталар, пайдалы қазбалар кен орындарын және жер асты суларының, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа перспективалық алаңдары және/немесе учаскелері) жаңа білім мен шешімдер түрінде ұсынылады
39. Бағдарламанның аннотациясын және сол бойынша есепті (баспа және/немесе электронды түрде) өтінім берушінің және/немесе автордың келісімін сұратусыз жариялау құқығы Орталыққа беріледі.
40. Бағдарлама шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңнамамен белгіленген тәртіппен міндетті түрде Орталықта мемлекеттік есепке алынуы тиіс.
41. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарымен ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру үшін өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін шарт осы Конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
2018-2020 жылдарға арналған Ғылыми,
ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға
арналған конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу өтінімі нысанының талаптары
1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ілеспе хат;
бағдарлама бойынша ұсынылған ақпараттың анықтылығын растау, сондай-ақ ғылыми этика қағидаттарын, оның ішінде ғылыми этиканы бұзу фактілерін (ғылыми деректерді фабрикациялау, зерттеу деректерді бұрмалауға апаратын фальсификациялау, плагиат пен жалған тең авторлық, қайталауы, өзгелердің нәтижелерін иемдену және т.б.) болдырмауды сақтау, бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмағаны туралы арыз. Ғылыми жетекшісінің ғылыми жұмыс өтілінің тәжірибесі кемінде бес жыл болуына кепілдік.
Жоба бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, оның ішінде іске асырылатын жоба шеңберңнде сатып алу және жалға алу жоспарланған құрал-жабдықтарды, материалдар мен мүкәммалдарды ескере отырып, материалдық-техникалық базаның болуы және қолжетімділігіне кепілдік;
3) бағдарламаның қысқаша сипаттамасы;
4) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
5) өтінім берушінің аккредитациядан өткенін растайтын куәлігінің көшірмесі;
6) этика мәселесі бойынша орталық және жергілікті комиссияның мақұлдаған тұжырымының болуы (биомедицина бойынша адамдар мен жануарларға зерттеу жүргізу үшін);
7) бағдарламаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер (жобаны қоса қаржыландыру болған жағдайда). Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады.
2. Ілеспе хат мемлекеттік және орыс тілінде әзірленіп, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлік (жеке тұлға үшін), аккредитация туралы куәлік, этика мәселесі бойынша орталық және жергілікті комиссияның мақұлдаған тұжырымы (биомедицина бойынша адамдар мен жануарларға зерттеу жүргізу үшін), қоса қаржыландыру туралы келісім көшірмелерімен бірге тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтар саны жазылатын қағаз пломбамен бекітіледі, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы конкурсқа қатысушының уәкілетті тұлғасының қолы және мөрдің баспа-таңбасы (бар болған жағдайда) қойылады.
3. Өтінім, ілеспе хат пен қысқаша сипаттаманың мәтіндері нақты тұжырымдалған және келесі параметрлерді есепке ала біріңғай шрифтпен жазылу қажет («Microsoft Word» мәтіндік редакторының нұсқаларын қолдану қажет):
1) сол жақ жиегі – 2,5 см, оң жақ жиегі – 1,5 см, үстіңгі және астыңғы жиегі – 2 см;
2) шрифт – «TimesNewRoman», өлшемі 12 (қосымшада өлшемі кіші шрифт қолданылуы мүмкін, бірақ өлшемі 10-нан кіші емес);
3) жоларалық интервал – бір;
4) азат жол (бірінші жол шегінісі) – 1,25 см;
5) тақырып пен мәтін, мәтін және қол қою арасындағы интервал – жоларалық бір интервал;
6) өтінім және оған қосымшаларының парақтары нөмірленуі керек;
7) өтінімнің электронды нұсқасы мен бағдарламаның қысқаша сипаттамасы MicrosoftWord форматында (*.doc немесе *.docx) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді, осыған қоса өтінімнің атауы бағдарлама тақырыбының алғашқы бес сөзін қолдану арқылы көрсетіледі.
4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған өтінімнің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіннің мазмұны толықтай сәйкес болуы керек.
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі өтінімнің электронды нұсқасы (диск- тасымалдаушыда, сондай-ақ ЖТН алу үшін өтінімді тіркеу кезінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесіне енгізілген нұсқасы), бағдарламаның қысқаша сипаттамасының, сондай-ақ ілеспе хаттың электрондық нұсқасы олардың қағаз нұсқасына сәйкес болуы тиіс. Түпнұсқа құжат ретінде қағаз нұсқасы есептелінеді.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың электронды өтінімі, ілеспе хат және жобаның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі он мегабайттан аспауы керек.
Осы талаптардың 1-тармағына сәйкес дайындалған құжаттама, бөлек тігілетін конкурстық өтінімнен басқа, белгіленген тәртіп бойынша тігіледі; конкурстық өтінім белгіленген тәртіпте бөлек тігіледі.
Қажетті құжаттардың бәрін 2 данадан ұсынылуы қажет. Электрондық тасымалдаушылар арнайы конвертке салынып, тезтігіндеменің ішкі жағынан бекітілуі тиіс.
2018-2020 жылдарға арналған Ғылыми,
ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға
арналған конкурстық құжаттамаға
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |