Нысан
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми,
ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған өтінім
1. Жалпы ақпарат
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі – бағдарлама) тақырыбының атауы.
2. Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы.
3. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы.
4. Бағдарламаны бастаудың және аяқтаудың болжанатын күні және оның ұзақтығы..
5. Ғылыми зерттеу саласының атауы (токсикология, оптика, робот техникасы және т.б.).
6. Мемлекетаралық ҒТА рубрикаторының коды (xx.xx.xx; xx.xx.xx;…).
7. Зерттеу түрі (эксперименттік емес іргелі, іргелі эксперименттік, қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар).
8. Бағдарламаны іске асыру орны.
9. Бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзіміне және жылдар бойынша сұралатын қаржыландыру сомасы, мың теңге (іс-шараға бөлінген қаржы сомасынан жоғары емес).
2. Жобаның сипаттамасы
1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]
Бөлімде бағдарламаның негізгі қатысушылары (орындаушы ұйым, бағдарламаның ғылыми жетекшісі), ұйымның және ғылыми жетекшінің біліктілігі туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі.
2. Жобаның мақсаты
Нысаналы бағдарлама іс-шараларын ________________ іске асыру.
3. Жобаның міндеттері [500 сөзден артық емес]
Бұл бөлімде бағдарлама мақсатына қол жеткізудің тәсілі, іске асырудың қысқаша түсініктемесімен алға қойылған міндеттері, күтілетін нәтижелерге және олардың нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асырудың бекітілген күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі сипатталады.
4. Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы және маңыздылығы [2000 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бағдарламаны әзірлеуге арналған ғылыми еңбек, зерттелетін тақырыпқа қатысты әлемде жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге және олардың осы бағдарламамен өзара байланысына міндетті түрде шолу жасай отырып (түпмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке жасалған сілтемелер көрсетілуі керек, олардың толық жазылуы "Библиография" деген 8-бөлімде ұсынылуы тиіс), ғылыми жаңалықтың негіздемесі. Бар болса, алдын ала нәтижелері көрсетіледі;
2) зерттеудің нысаналы бағдарламаның іс-шарасына сәйкестігі, оның тиісті білім беру салаларының трендтерін қамтитын ғылыми және технологиялық қажеттіліктерге шолу жасау арқылы ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызы (қажет болған жағдайда, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделерді қамту);
3) зерттеулердің қандай технологиялық міндетті/мәселені шешуге бағытталғаны, ғылым мен технологияның дамуына алынған нәтижелердің ықпалы және күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер.
Аталған бөлімді сипаттаған кезде мынадай бағыттарға назар аудару ұсынылады:
1) бағдарлама идеяларының қолданыстағы аналогтардан түбегейлі айырмашылығына сипаттама беру қажет;
2) егер зерттеудің идеясы немесе нәтижесі әлемде бар болып, Қазақстанда болмаса, бағдарламаға қаржы салудың неліктен пайдалы екенін негіздеу қажет;
3) егер бағдарламаның түпкі нәтижесі өнім болса, бағдарламаның нысаналы саласында қазіргі уақытта қалыптасқан техника деңгейін отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы деректерді келтіре отырып сипаттау қажет;
4) ғылыми-техникалық бағдарламаға негіз болған технологиялар, бәсекелі және/немесе баламалы технологиялар бойынша ғылыми-техникалық жобалар мен әзірлемелер саласындағы озық топтарды көрсету қажет.
3. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер [1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бағдарламада пайдаланылатын ғылыми әдістерді алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі, таңдалған тәсілдемелер негіздемесі ретінде сипаттау;
2) бағдарламаны іске асырудың сыни нүктелері, балама жолдары;
3) бағдарлама шеңберінде пайдаланылатын ғылыми этика қағидаттары мен нормаларының, яғни басқару, атап айтқанда, жоғары зияткерлік адалдық стандарттарын қолдау және деректердің ойдан шығарылуына және бұрмалануына, плагиатқа, жалған тең авторлыққа, ұжымдық зерттеулерді, басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеулерден алынған деректер мен тұжырымдарды жекелеген қатысушылардың пайдалануына жол бермеу этикалық рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері;
4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді өткізудің егжей-тегжейлі тәртібі және тетігі, жоспарланған зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін сипаттау;
5) зерттеу нәтижелеріне арналған зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету қажет).
4. Бағдарламаны жоспарлау және басқару [1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктіліктерін және бағдарламадағы жұмыс бағыттарын сипаттау;
2) бағдарлама кезеңдерін, алға қойылған міндеттерді, олардың маңыздылығының негіздемесін және бағдарлама мақсатының сәйкестігін, бекітілген мақсатты индикаторлармен және көрсеткіштермен өзара байланысын, Гант диаграммасын (алға қойылған міндеттер* уақыты (аймен)) қамтитын жұмыс жоспары;
Екі жылдық жоба үшін Гант диаграммасының үлгісі:
Күнтізбелік жоспардың мысалы
Күнтізбелік жоспар
№ р/с
|
Кіші
бағдарламаның (бар болған жағдайда), міндеттерінің, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың атауы
|
Ұзақты-ғы
(аймен)
|
Орындалған жұмыстың басталуы мен аяқталуы* (күні/айы/жылы)
|
Бағдарламаны іске асыру жылдары, бағдарламаны іске асырудағы күтілетін нәтижелер (кіші бағдарламалар (бар болған жағдайда), міндеттер мен іс-шаралар аясында)
|
2018
|
2019
|
2020
|
1.
|
Кіші бағдарламаның атауы (бар болған жағдайда)
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
күтілетін нәтижелер
|
күтілетін нәтижелер
|
1.1
|
Міндеттің атауы
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
|
1.1.1
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
|
1.1.2
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
|
1.2.
|
Міндеттің атауы
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
1.2.1
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
1.2.2
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
1.3.
|
Міндеттің атауы
|
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
1.3.1
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
1.3.2
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
2.
|
Кіші бағдарламаның атауы (бар болған жағдайда)
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
күтілетін нәтижелер
|
күтілетін нәтижелер
|
2.1
|
Міндеттің атауы
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
|
2.1.1
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
|
2.1.2
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
|
2.2.
|
Міндеттің атауы
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
2.2.1
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
2.2.2
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
|
2.3
|
Міндеттің атауы
|
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
2.3.1
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
2.3.2
|
Іс-шараның атауы
|
|
|
|
|
күтілетін нәтижелер
|
3) жобаны іске асырудың әр жылы міндетті түрде түсіндірілген бағдарламаның жалпы құнының (мың теңгемен) негіздемесі және шығыстар сметасы. Ағылшын тілінде ресімделген өтінімдерде шығыстар бабы доллардың теңгеге қатынасы бойынша бағамы көрсетіліп, АҚШ долларымен көрсетілуге тиіс (өтінім берілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша). Бағдарламаның бюджетік бағдарламамен байланысты емес өзге шығыстар бабына жұмсауға болмайды. Барлық шығыстар бабының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұралатын соманы білдіреді және «Жалпы ақпарат» деген бөлімнің 9-тармағында мәлімделген сұралатын қаржыландыру сомасына баламалы болуға тиіс.
Бағдарламаға Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджет бойынша бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Жобаны іске асыру барысындағы шығындарға келесі шығындар енгізіле алады:
1) еңбекақы – барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысушы зерттеу тобы мүшелерінің еңбегіне сыйақы;
2) ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарлар, олардың өтеуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген іссапар шығындарын өтеу нормаларынан аспау тиіс;
3) бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер – зерттеулерді орындауға қажетті ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалардың, өзге зертханалардың қызметтері, зерттеулерді орындауға қажетті өзге де ұйымдар көрсететін қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.
Бұл ретте бөгде ұйымдар (үшінші тұлғалар) ретінде тартылған ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайтын өзге де ұйымдар, әдетте, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері болуы қажет.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер жұмыстың орындаушыларын және жұмыстың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері көрсетіле отырып, ұсынылады.
Бөгде ұйымдар (үшінші тұлғалар) көрсететін қызметтерге жұмсалатын шығындар жиынтығы бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемінің 30 (отыз) пайызынан аспауы тиіс;
4) материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізу үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алу (заңды тұлғалар үшін).
Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.
Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер гранттық қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне береді;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – жүзеге асырылатын жобаның ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша жарияланымдарды дайындауға және оларды жариялауға шығындар, жүзеге асырылатын жоба бойынша алынған нәтижелерді патенттеу; аналитикалық материалдарды сатып алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтер үшін шығындар;
7) өтініш беруші жеке тұлға болған жағдайда орынжайды жалға алу;
8) зерттеуді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алу;
9) зерттеуді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы күтуге кеткен пайдалану шығындары.
Шығындар сметасының мысалы
Шығын баптарының атауы
|
2018 жылға шығындар,
мың теңге
|
2019 жылға шығындар,
мың теңге
|
2020 жылға шығындар,
мың теңге
|
Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық мерзіміне шығындар
(мың теңге)
|
Еңбекақы
|
|
|
|
|
Ғылыми іссапарлар
|
|
|
|
|
Бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер
|
|
|
|
|
Материалдар сатып алу
|
|
|
|
|
Жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыздандыруды сатып алу (заңды тұлғалар үшін)
|
|
|
|
|
Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеудің шығындары
|
|
|
|
|
Орынжайды жалға алу (жеке тұлғалар үшін)
|
|
|
|
|
Жабдықтар пен техниканы жалға алу
|
|
|
|
|
Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығындары
|
|
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
|
|
5. Зерттеу тобы [1000 сөзден артық емес]
Бөлім ғылыми жетекші және бағдарламаның негізгі орындаушылары (қоса орындаушылар) туралы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) түйіндеме және ғылыми еңбек (ғылыми жетекшінің және жобаның негізгі орындаушыларының (қоса орындаушыларың) түйіндемесі беріледі және мәлімделген зерттеудің бұрын өткізілген ғылыми зерттеулермен қаншалықты байланысты екендігі сипатталады);
2) бағдарлама тақырыбына қатысты бес негізгі жарияланымдары туралы мәліметтер;
3) қолдағы патенттер және басқа да қорғау құжаттары туралы мәліметтер;
4) негізгі жарияланымдар (10-ға дейін), патенттер, авторлық куәліктер және басқа да қорғау құжаттары;
5) бағдарламадағы жұмыстары мен жұмыс істеу мерзімдерінің сипаттамасы;
6) бағдарламаның ғылыми жетекшісі зерттеу тобының жоспарланып отырған штатының кемінде 70 %-ының (негізгі персонал) жеке деректерін көрсетеді, штаттың басқа 30 %-ы (көмекші персонал) қаржыландыру басталғаннан кейін бағдарламаға тартылады.
6. Зерттеу ортасы [500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
өтініш берушіде бар, зерттеу жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның сипаттамасы (зерттеуді жүргізуге қажетті құрал-жабықтардың, құралдар мен мүкәммалдардың бар болуы, сондай-ақ зерттеулерді жүргізетін ғылыми персоналдың бар болуы);
Өтінім берушінің бар болған материалдық-техникалық базасы сипаттамасының үлгісі
№
р/с
|
Құрал-жабдықтың, құралдар мен
мүкәммалдар түрі
|
Құрал-жабдықты, құрылғыны және мүкәм-малды қолдану мақсаты
|
Моделі және шығарылған жылы
|
Қолда бар
бірліктердің саны
|
Жағдайы (жаңа, жақсы, нашар)
|
Жекеменшік, жалға алынған (кімнен)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
бөгде ұйымда (-дарда) (үшінші тұлғаларда) бар, зерттеулерді жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның сипаттамасы (зерттеуді жүргізуге қажетті құрал-жабықтардың, құралдар мен мүкәммалдардың бар болуы, сондай-ақ зерттеулерді жүргізетін ғылыми персоналдың бар болуы**
Бөгде ұйымда (-дарда) (үшінші тұлғаларда) бар болған, зерттеулерді орындауға қажетті материалдық-техникалық базасы сипаттамасының үлгісі**
№
р/с
|
Бөгде ұйымның
(-дардың) атауы
|
Құрал-жабдықтың, құралдар мен
мүкәммалдар түрі
|
Құрал-жабдықты, құрылғыны және мүкәм-малды қолдану мақсаты
|
Моделі және шығарылған жылы
|
Қолда бар
бірліктердің саны
|
Жағдайы (жаңа, жақсы, нашар)
|
Жекемен-шік, жалға алынған (кімнен)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: ** - бөгде ұйым (-дар) (үшінші тұлғалар) бар болған жағдайда толтырылады
2) түсіндірмелері бар отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымдарының (зертханалардың) пайдаланылуы;
3) отандық және халықаралық негізгі байланыстар, шетелдік ғалымдардың бағдарламаға қатысуы;
4) жас ғалымдардың, PhD-докторанттардың, өндірістен инженерлердің бағдарламаға қатысуы;
5) ұтқырлық негіздемесі: бағдарламаны іске асыру үшін басқа жердегі жұмысқа қатысудың және оның кезеңдерінің ықпалы.
7. Күтілетін нәтижелер [250 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) бағдарламаның нәтижелері нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға, мақсатты индикаторлар мен мақсатты бағдарламаның көрсеткіштеріне қол жеткізуге қалай ықпал ететіні;
2) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;
3) алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы; ұсынылатын өнімді/технологияны нарыққа толыққанды шығару үшін қандай іс-шаралар қажет;
4) алынған нәтижелердің нысаналы тұтынушылары;
5) тәуекелдерден тұратын серпінді нәтижелер алу мүмкіндігі; ғылым мен технологияның дамуына ықпалы;
6) шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру (бағдарлама шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижелерінің болжамды жариялануы бола ма және болжамды қандай журналда жарияланады), әлеуетті пайдаланушылардың, ғалымдар қоғамдастығының және кең жұртшылықтың арасында жұмыс нәтижелерін тарату;
7) патент алу.
8. Библиография
Бөлімде осы өтінімнің «Бағдарламаны сипаттау» деген 2-бөлімінің «Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы» деген 4-тармағына сілтеме жасалған жарияланымдар көрсетіледі.
Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, беттер нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты жазылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |